Forwarded from Dauletten
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🌊Тартылып жатқан Каспий теңізі. Биіктіктен түсірілген көрінісі.
Ақтаулық белсенді Азамат Сәрсенбаев Каспий теңізінің тартыла бастаған жағалауын көрсетті. Блогердің айтуынша теңіз тұрғындардың көз алдында ғайып болып бара жатқанын айтады.
Dauletten

Алматылықтар Tanuki, Manana, Dragonfly, Bluecat ресторандарына бойкот жариялауда. Осы ресторандардың иесі - Ресей азаматы Александр Орлов. Ол таяуда сұхбат беріп, "Қазақтар жұмыс істей алмайды. Мен жұмысшыларды сырттан алып келемін" - деген болатын.
Бұл ретте "жұмыс істей алмайтын қазақтардың еліне келіп, қалайша табыс тауып отыр?" деген сұрақ туындайды. Оның ресторандарына басқа елден келген клиенттер бара берсін, ал алматылықтар бармайтын болды
@dalainside

👍21
Ресейлік ресторатор Александр Орлов қазақ халқынан кешірім сұрады. Алдында ол өз телеграм каналында қазақтар жұмыс істей алмайды деп мәлімдеп, комментарийлерде үлкен сынға қалған болатын. Ал кеше алматылықтар оның ресторандарына бойкот жариялады. Орлов Алматыда Tanuki, Manana, Dragonfly, Bluecat ресторандарына иелік етеді.
Орлов қазақ тілінде пост жазды. Оның балалық шағы Қазақстанда өтті. Ол қазір 750 Қазақстан азаматына жұмыс беріп отырғанын айтты

👎28👍16😁3
Сбербанктен кредит алып, соны төлеп жүрсіз бе?
Ертең таңғы сағат 9-дан бастап Сбербанктің клиенттері үшін жағымсыз жаңалықтар пайда болуы мүмкін. Қазір мәселені анықтап, кешке сараптап жазамыз.

👍1
Зеленский мен Джонсон Киев көшелерін аралап, қарапайым халықпен сөйлесіп жүр.
Ал Путин болса бункерде тығылып отыр. Ал осыдан кейін бұл соғыста кімнің жеңетінін байқауға болар.

👍10
Media is too big

🏦🔥 Біздің Сбербанк санкциялар отында
Енді Сбербанкпен есеп айырысу қиындайтын болады. Демек, кредиттерді жабу ауырламақ (басқа банктен аудара алмайсыз, тек терминалына барып төлеу керек болады). Ал Сбербанк арқылы мемлекеттік бағдарламалар (ипотека) бойынша несие алған азаматтар енді несиесін тіпті басқа банктер арқылы төлеуге мәжбүр болады. Ол қандай банктер екендігін келесі аптада Сбербанк өзі айтуы тиіс.
Сбербанктің құлдырауы отандық қаржы саласы үшін тым ауыр соққы болады. Себебі, ол елдегі үлкен үштікке кіретін (Халық, Каспи, Сбербанк) қаржы ұйымы. Кредиттік портфелі 2,7 триллион теңге, яғни осы соманы Сбербанк компаниялар мен жеке адамдарға кредит ретінде берген. Енді рейтинг агенттіктері біздегі Сбербанктің рейтингтерін қайтып алуда.
Ал депозит ұстап отырғандар қатты үрейленбесе де болады. Депозиттерге мемлекет (КФГД арқылы) кепілдік беріп отыр. Бірақ, "бүлінгеннен бүлдіргі алма" дейді. Сондықтан халықтың Сбербанктан келесі аптадан бастап ақырындап кете бастайтынын сезіп отырмыз. Бастысы, ажиотажға жол бермеу керек.

👍22
Бай-манаптардың қолына кісен салынып, тергеуге алынса, қызметте ұзақ отырғандар жұмысынан кетсе оған жанашырлықпен әсте қарауға болмайды.
Өйткені "Қасіретті қаңтарда" бекерге қан төгілген жоқ. @dalainside
https://dalanews.kz/del-qazir/74931-boranbaev-pen-gorbacheva-bolmasa-made

👍12
🌙 Ораза Қазақстан экономикасына қысқа мерзімдік 0,2 пайыз шығын әкелмек. Ал есесіне бақыт коэффицентін одан сайын арттырады деп болжанады
Кафе, асхана мен ресторандар түскі асты сатпағандықтан, табыстың негізгі көзі шағын және орта бизнестен түсетін қалалар экономикалық тұрғыда оразадан көбірек зиян шегеді. Мысалы, Атырау оразаны елемеуі де мүмкін, ал Алматы үшін қасиетті Рамазан айы дәстүрлі түрде экономиканың құлдырайтын уақыты. Сервистік қала болғандықтан, Алматы үшін базар, кафе-ресторан, қонақүй, ойын-сауық кешендерінен түсетін салық өте маңызды. Бұл нысандар ораза кезінде көбіне босап тұрады.
Жалпы, Рамазан айының экономикаға әсерін Дүниежүзілік банк экономистері - Кампанте мен Янагизава-Дротт түбегейлі зерттеген. Олар бекіткен "Діни коэффицент" бойынша, таза мұсылман елдеріне ораза айында экономика 0,7 пайыздық тармаққа құлағаны анықталған.
Қазақстан араб елдері сияқты 100 пайыз исламды ұстанатын ел емес. Шамамен халықтың 30 пайызы дінге берік деп алсақ, онда біздегі экономика құлауының көрсеткішін шамамен 0,2% деп топшылауға болады. Жылдық ішкі жалпы өнімнің бізде 80 триллион теңге екенін ескерсек және оны 12 айға бөлсек, бір айдың экономикалық көлемінің 6,6 триллион теңге екенін көреміз. Одан 0,2 пайыз жоғалтсақ, демек Ораза айының экономикаға 1,3 миллиард теңге шығын әкелетінін болжауға болады.
Қазақстан БҰҰ рейтингі бойынша ТМД-дағы ең бақытты мемлекет. Әлемдік бақыт индексінде 40-шы сатыда орналасқан. Мысалы, ТМД бойынша ең бақытсыз елдер Ресей мен Әзірбайжан, ал әлем бойынша Ауғанстан болып отыр.
Кампанте мен Янагизава-Дротт өз зерттеуінде Ораза айында бақыт деңгейі артатынын тіркеген. Экономистер бұл құбылысты адамның ауыз бекіту мен ауызашарды өзіне жақын, қуаныш сыйлайтын жандардың арасында өткізетінімен байланыстырады. Адам отбасына жақын бола түседі, өзі ғана емес, отбасы мүшелері де өзін бақытты сезінеді екен.
1,3 миллиард теңге ме,әлде Қазақстан азаматтарының бақыты ма? Бақытты ешбір ақшаға сатып алуға болмайтынын білеміз.
Сондықтан, қасиетті Рамазан айының еліміз үшін барлық жағынан да плюстері көп болып тұр.

👍20
🇰🇿 ҚазМұнайГаз өзінің 87 миллиард теңгесін құтқарып қалды!
Ұлттық компания шұғыл түрде санкциядан қиналып жатқан Қазақстандағы Ресей банктерінен өзінің түрлі валютада жатқан салымдарын шешіп, оны отандық банктерге аударып үлгерген. Олар Ресей банктерінде тек 205 миллион теңге қалдырып отыр.
🙈 Сонымен бірге ҚазМұнайГаздың Ресей банктеріне 220 миллиард теңге қарыз екенін де айта кетуіміз керек.

👍5
Forwarded from ADYRNA.KZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ресей депутаттары шындықты айта бастапты.
👍8
Бүгін, 11 сәуірде ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтті
Іс-шараға комиссия мүшелері, оның ішінде Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы, Мәжіліс депутаты Мәлік Құлшар, ғылыми және сараптамалық қоғамдастық өкілдері қатысты.
Комиссия отырысы аясында Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстары әкімдіктерінің жаңадан құрылған Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарына атаулар беру туралы ұсыныстары қаралды. Сондай-ақ, мемлекет меншігіндегі жекелеген нысандарды, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар қалаларындағы көшелерді қайта атау мәселелері қаралды.

⚡️ Біздегі Альфа-Банк сатылатын болды
Қазақстандық Альфа-Банк банкті сату үшін бірқатар инвесторлармен келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы қаржы институты хабарлады.
Банктің ағымдағы жағдайды жақсарту және тұрақтандыру үшін қандай шаралар қабылдап жатқаны туралы банктің басқарушы директоры Андрей Тимченко ресми мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, қазір сату бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Оннан астам инвестор банктің құжаттары мен анықтамаларын зерделеуде, жақын арада мәміле аяқталуы мүмкін.
«Менің ойымша, біз бірнеше күн болмаса, бірнеше апта ішінде келісімге қол жеткізе аламыз», - деп қосты Андрей Тимченко.
@kursivmedia

Астық өңдеушілер ұн қымбаттайды деп дабыл қағуда
Себебі олар өңдейтін бидай тапшы. Кейбір кәсіпорын жабылып қалған. Кейбірінде астық қоры аз. Әрі кетсе 1-2 айға жетеді. Павлодарда диірменшілер жұмысын түгел тоқтатса, Қостанайда 50% ғана ұн шығарып жатыр. Қалғаны бидайсыз отыр. Кәсіпкерлер «Атамекенге» жүгініп, мәселенің ушығып тұрғанын жеткізді.
«Соңғы болып жатқан жағдайларға байланысты, оның ішінде шектеулер, бағаның өсуі, бидай мен шығын материалдардың қымбаттауы бидай өңдеушілерді алаңдатып, ол Ұлттық палатаға жүгінді. Сондықтан бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігін шақырып, жан-жақты қарастырамыз», – деп бастады жиынды Ұлттық палата АӨК департаментінің директоры Ербол Есенеев.
Ресей бидай экспортын тоқтатты. Енді елдегі қымбат астық та жетпей жатыр. Ал, ресми статистикада мұндай көрсеткіш жоқ.
Қазақстанның астық өңдеушілер одағының президенті Евгений Ганның айтуынша, мемлекеттік инспекция көрсеткен деректер мен астықты өңдеушілердің дерегі сәйкес келмейді.

👍6