🔥👎Қытай басшысы әскерді «әскери емес» мақсатқа пайдаланатын жарлыққа қол қойды
Қытай басшысы Си Цзиньпин қарулы күштерді «әскери емес» мақсатта пайдалану жөніндегі жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл қауіп әкеледі, Бейжің «арнайы операция» деген желеумен Тайванға басып кіруі мүмкін деп хабарлайды Radio Free Asia. Жарлық 15 маусымда күшіне енеді.
«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, құжат «ұлттық егемендікті қолдау, аймақтағы тұрақтылық, бейбіт әскери операция жүргізу» секілді алты бөлімнен тұрады.
Бірер күн бұрын Украина президенті Владимир Зеленский «Шангри-Ла диалогы» қауіпсіздік жөніндегі форумда онлайн сөз сөйлеп, Тайвандағы жағдайды қан төгуге әкелмей, дипломатиялық жолмен шешуге шақырған.
Тайван ешқашан Қытай Халықтық Республика құрамына кірген емес. Бірақ Бейжің Тайванды өз аумағының бір бөлігі деп есептейді.
Батыс елдері мен Жапония Қытай Ресейдің Украинаға басып кіру сценарийін қайталауы мүмкін деп есептейді.

DalaNews | Қала мен Дала газеті
Қытай басшысы әскерді «әскери емес» мақсатқа пайдаланатын жарлыққа қол қойды | DalaNews
Қытай басшысы Си Цзиньпин қарулы күштерді «әскери емес» мақсатта пайдалану жөніндегі жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Dalanews.kz. Бұл қауіп әкеледі, Бейжің «арнайы операция» деген желеумен Тайванға басып кіруі мүмкін деп хабарлайды Radio Free Asia. Жарлық…
👍4
👍 Шардараның қарбыздары Ресей мен Моңғолияға кетті
Түркістан облысы, Шардара ауданының диқандары мен кәсіпкерлері қарбыздың биылғы алғашқы түсімін жинап, нарыққа шығарды, – деп хабарлайды Dalanews.kz, Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңға дейін аудан диқандары 5300 тонна бақша өнімін Қазақстан аумағынан бөлек Ресей, Моңғолия және өзге де ТМД елдерінің нарығына экспортқа шығарды.
Сондай-ақ, өз еліміздің өзге өңірлеріне аталмыш бақша өнімін экспорттау қарқынды жалғасуда.
Бүгінде тұтынушылар мен кәсіпкерлер қарбызды егістік алқабының басынан бір келісін 105-110 теңге аралығында сатып алуда. Диқандар алдағы уақытта экспорт көлемі арта түсетінін айтады. Ауданда қарбыз қоры мол.
Айта кетейік, биыл ауданда 8500 гектарға жуық бақша алқабы егіліп, одан 222 мың тоннадан астам өнім жинау күтіліп отыр.

👍12
Forwarded from BAQ.kz
Президент еліміздегі орыс тіліне қатысты:
💬 "Қазақстанда орыс тілінің позициясы кеміді, тарылып бара жатыр, тіпті кеміс тілге айналды деп жүргендер - шындықтан өте алшақ...
Толықтай алғанда, Қазақстанда орыс тілінің позициясы қандай да бір нашарлауға ұшыраған жоқ. Оған сенімдімін.
Сабақ орыс тілінде өтетін мектептердің санына қатысты айтар болсам, олар бұрынғы көлемде қалды. Басқа мәселе және бұл шындық – ол қазақ тілінде білім алуға деген сұраныстың артып келе жатқанында".
@baq_kz

👍28
Forwarded from ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 🇰🇿
🚈 Қазтеміртранс филиалының директоры сыбайлас жемқорлыққа күдікті
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазтеміртранс» АҚ Қостанай филиалының директоры облыс кәсіпкерлерінен жүк вагондарын кедергісіз және жедел бергені үшін жүйелі негізде пара алғаны үшін әшкереленді.
Күдіктіге қатысты сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады.
Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың 19 мамырында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
Осы кездесуде Мемлекет басшысы бизнестің жұмысына заңсыз кедергі жасау мемлекет мүддесіне қарсы бағытталған қылмыс ретінде қаралуға тиіс екенін атап өтіп, басым міндеттердің бірі – бизнеске қысым көрсету факторларын анықтаудың неғұрлым тиімді жүйесін құру екенін айтты.
Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424

👍5🔥1
®Коллажды әріптестеріміз @ulysmedia жасаған
Саясат Нұрбектің министр болып тағайындалуы оның блогерге қарсы сот процессіне деген қоғамдық қызығушылықты арттырады
Саясат Нұрбектің Гүлбану Әбеновамен 5 айдан бері соттасып жүргені туралы @ulysmedia жазады.
Саясат Нұрбек блогердің әлеуметтік желіде жазған посттары үшін үстінен сотқа арыз түсірген. Қоғам белсендісі көптен бері депутаттан Кипрдағы отбасының Қазақстанға оралып, осындағы мектепте білім алуын, жалпыға ортақ емхана қызметін пайдалануын талап етіп келеді.
«Қазір сот процесі жүріп жатыр. Расында да, 2020 жылғы жазбаларыма қатысты бір жарым жылдан кейін ол мені сотқа береді. Алғашында сот бұл істі қабылдамады. Содан кейін олар қайтадан шағым түсірген соң, ақпан айында басқа сот қабылдады. Менің барлық жазбаларым сараптамада», - дейді Гүлбану Әбенова.
Саясат Нұрбек бұған қатысты өз тарапынан ашық пікір жариялаған жоқ. Бірақ оған осы туралы сұрақ әлі қойылмаған да болар. Әрине, зайырлы мемлекет болғандықтан, кез-келген адамның сотқа шағыну құқығы бар.

👍6🤮2
💸 Қазақстанда көп жылдан бері бірінші рет сауда балансының сальдосы жағымды болып отыр
Бұл жақсы жаңалық және оны Сенат депутаттары алдында Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты. Сальдо 2020 жылы 10,3 миллиард доллар болса, ал 2021 жылы ол 20,7 миллиард долларға дейін екі есе артқан. Профициттің өсуі тауарлар экспортының ұлғаюына байланысты.
Ағымдағы шот 2022 жылдың бірінші тоқсанында профицитке шығып, 2,2 млрд долларды құраған. Демек, сауда балансымыз жақсарды. Импорттан көрі, экспортты көп жасаймыз.
Бірақ, медальдің екінші жағы бар. Біздің экспорт пайдалы қазбалар есебінен өсіп отырғаны жасырын емес. Дайын өнімдер, заттар экспорты әлі де ақсап келеді. Бірақ бұл Ұлттық Банктің мандаты емес.
Ғалымжан Пірматов Ұлттық Банктің орта мерзімді перспективада баға тұрақсыздығын қамтамасыз ету үшін тиімді ақша-несие саясатын жалғастыра беретінін депутаттар есіне тағы бір рет салды.
https://t.me/dalainside

👍9
Қайрат Сатыбалды Шығыс Қазақстаннан алтын ұрлап, салафиттерге таратқаны рас па?
Ертең адвокат Бейбітжан Сайлауұлы арнайы баспасөз мәслихатын шақырып, журналистерге біраз құпияның басын ашпақ. Бұл туралы @menmedia брифинг орталығы жариялады.
Брифингке қызығушылық жоғары болатын сияқты. Қайрат Сатыбалды, Болат Назарбаев, Нұрбол Назарбаев, Құндыз Назарбаева, Әнипа Назарбаевалардың көптеген былықтары енді ашыла бастады.

👍3😱2
🇺🇦👍Үш батыр Украинаға пойызбен келіпті. Окупанттардың Украина жерінде не істегенін көзбен көретін болды. Бұдан кейін Путиннің абырой-беделі жайындағы әңгімеге нүкте қойылатын шығар?
Бүгін Украинаға Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Олаф Шольц және Италия премьер-министрі Марио Драги келді. ЕуроОдақтың көшбасшы елдерінің басшылары Киевте Украина президенті Владимир Зеленскиймен маңызды мәселедерді талқыламақшы, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Үш ел басшыларының Украианаға қай уақытта, қалай келетіні қауіпсіздік мақстанда жария етілмеген.
Бүгінде ЕуроОдақ елдері Ресейдің Укрианаға басып кіруін айыптап, оларға қаржылай қолдау көрсетуде. Бұдан басқа Украинаның ЕуроОдаққа мүше болу мәселесі де осы сапар аясында кеңінен талқыланатыны анық.
Бұдан басқа Германияның қару-жарақ жеткізу мәселесі де сөз болуы мүмкін. Осыған дейін Германияның канцлері Олаф Шольц Укрианаға қару-жарақ беруге уәде берегені белгілі. Бірақ оның бәрі сөз күйінде қалғаны жасырын емес.
Кейбір сарапшылар ЕуроОдақтың жетекші үш елінің бір мезетте Укрианаға келуі Ресей президенті Владимир Путинге бағытталған белгі екенін де айтуда. Олар осылайша Кремльге Укрианадағы соғыс ЕуроОдақтың бірлігіне сызат түсірмейтінін көрсеткісі келгендей...
Бірақ 13 мамыр айында Франция президенті Эммануэль Макрон Путиннің беделін сақтау үшін орыстар басып алған жерлерінен бас тартып, ресми Киев келіссөз үстеліне отыруы керек екенін айтқан-ды.
Сол кезде Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба «Украина Путиннің абыройын сақтау үшін келіссөзге бармайтынын, Путинге абырой керек болса өзі сақтап алсын!» деп шорт кескен-ді.
Ал Польшаның Украинадағы елшісі Бартош Цихоцкий «Путин халық алдындағы беделін сақтап қалғысы келсе, Макрон Бранденбург пен Пиренейін берсін!» деп Кулебадан асырып айтып тастағаны есімізде.

👍23
👍🇺🇦Украинаның жеңіске жетуі үшін 40 ел көмек көрсетуде – Блинкен
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украинаны окупанттардан қорғау үшін дүниежүзінің 40 елі көмек көрсетуін жалғастыратынын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
– АҚШ-тан басқа тағы 40 ел Украинаның әскери әлеуетін арттыру үшін қолдау көрсетуде. Осылайша біздер Украинаның майдан даласында жеңіске жетіп, алдағы уақытта келіссөздерде өз талаптарын батыл қоюына жол ашатын боламыз, – деді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Блинкен.
Осылайша Америка Украинаның территориялық тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтауға мүдделі екенін білдірді.
Ресей әскері Киев үшін шайқаста ойсырай жеңіліп, енді Украинаның оңтүстік-шығысын басып алу үшін жанталасып жатқаны белгілі.
Өз кезегінде Блинкен Ресейді әлсірету үшін АҚШ пен өзге елдер ауыр санкциялар салып, экономикалық мүмкіндігін шектеп жатқанын да алға тартты.
Күні кеше ғана АҚШ президенті Джо Байден Украин әскерін қолдау мақсатында құны 1 млрд доллар болатын әскери көмекке қол қойған болатын.
Ал АҚШ-тың Бас штабының басшысы, генерал Марк Милли кеше Брюсселде өткен кездесуде маусымның аяғына дейін Украинаға алыс қашықтағы нысанды жоятын зымыранды кешен (РСЗО) жеткізілетінін алға тартты. Осы қарудың пайдалану үшін Украинаның 60 сарбазы қазір оқу-жаттығудан өтіп жатыр екен.

👍23👏2🔥1
"Жаңа басшылық келгелі күй кете бастады"😥
"Хабар" агенттігінің қызметкерлері еңбекақыны уақытылы ала алмай отыр
"Ұлттық құрылтай деп ұлардай шулап жатыр ғой мына жұрт. Біз болсақ әлі ақшамызды ала алмай жүрміз. Айлықтың өзін ит сүйрегендей тулақтай қылып жұлым-жұлым етіп береді. Бұрын мұндай болмайтын еді. Жаңа басшылық келгелі күй кете бастады. Миллиондап гонорар алып жатсақ бір сәрі. Азғантай ақшамыздың өзін уақытылы бермейді. Басшылыққа талай рет айттық. Бірақ жағдай дұрысталмай тұр." - деп жазады, арна дикторы Дастан Сейілханұлы.
Хабардағы жалақы мәселесі бұған дейін де көтерілген болатын. Бір қызығы, айлық төлей алмайтындай "Хабар" минуста емес. 2021 жылдың аудиттелген есебін күтіп отырмыз. Онда да табыс көрінуі тиіс.
2020 жылы Хабар 1300 қызметкеріне небары 3,2 млрд теңге айлық бөлген. Ол өте аз. Адам санын қысқартып, еңбекақыны өсірмесе - "Хабар" өз қызметкерлерін өзіне қарсы қойып алуы мүмкін.

👍9👎1
Forwarded from ADYRNA.KZ
🇰🇿 Тіл мәселесі бойынша ұстамдылық танытуымыз керек - Тоқаев
«Біздің елде ұлтына, тіліне бола ешбір азаматтың құқы шектелмеуге тиіс. Әйтпесе, қоғамда жанжал тууы мүмкін. Ел ішіне іріткі түскенін қалайтындар осыны тілеп отыр.
Сондықтан, тіл мәселесі бойынша бәріміз ұстамдылық танытуымыз керек деп ойлаймын. Бұл сырт көзге ұлтымыздың өз болашағына деген сенімсіздігі, тіпті, әлсіздігі сияқты көрінеді. Баршамыз тілге құрметімізді құр сөзбен емес, нақты іспен көрсетуіміз керек»,- деді Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы.

🔥8👍1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Президент:
«Тілге байланысты тағы бір маңызды мәселе. Бұл – латын әліпбиіне көшу туралы. Кейбір қоғам өкілдері біз әлі күнге дейін кириллицадан арыла алмай жатырмыз деп, алаңдаушылық білдіруде. Бірақ, ең алдымен, бұл лингвистикалық тұрғыдан өте күрделі мәселе. Осыны жақсы түсінген жөн.
Бұған дейін біз 2 рет латын графикасына көшуге тырыстық. Алайда, соңы сәтті болған жоқ. Сондықтан, бұл мәселеге жан-жақты, терең талдау жасап барып, түбегейлі шешім қабылдаған абзал. Кириллицадан латын әліпбиіне жасанды түрде, тек сәйкес әріптерді өзгерту арқылы көшуге болмайды. Әйтпесе, бұл үлкен қателікке апарып соғады.
Ең бастысы, азаматтар, әсіресе, жастарымыз қазақ тіліндегі барлық сөздердің латын графикасындағы жазылу тәртібін анық білуі керек. Яғни, тілімізге арналған орфографиялық қағидаларды қайта қараған жөн»
t.me/bort_01

👍13
Forwarded from ADYRNA.KZ
⚜️ Қазақ мемлекеті аман тұрғанда, қазақ тілі жасай береді - Тоқаев
«Мемлекеттік рәміздерімізге, ана тілімізге деген құрмет әрқашан жоғары болуға тиіс. Қазақ тіліне қатысты алаңдаушылық елдегі жағдайды дұрыс түсінбегеннен туындап отыр.
Шын мәнінде, бұрынғы ахуал мен қазіргі кезеңді мүлде салыстыруға келмейді. Мемлекеттік тілдің тұғыры күн өткен сайын нығайып келеді. Оған қоса, әлемнің басты ақпарат құралдары қазақша шығып жатыр.
Жақында әйгілі «APPLE» компаниясы қазақ тілін iOS-тың тілдер жүйесіне қосты. Әлемнің 40 тілінде тарайтын «NICKELODEОN» телеарнасы қазақша көрсетіле бастады. Жастардың бастамасымен «NATIONAL GEOGRAPHIC» журналы 6 жылдан бері ана тілімізде жарық көруде. Осындай көптеген жағымды жаңалықтар бар. Сондықтан, қатты алаңдауға негіз жоқ деп ойлаймын. Десек те, осы саладағы жұмысымызды даңғаза жасамай, табандылықпен жүргізуіміз қажет.
Қазақ мемлекеті аман тұрғанда, қазақ тілі жасай береді. Бұған ешқандай күмән болмауы керек»,-деді Ұлттық құрылтайда Тоқаев.

🔥14👍7❤1
«Ультиматуммен еңбек дауы шешілмейді». Жаңаөзен әкімі еңбек дауымен жүргендерге үн қатты
Бүгінгі күні Жаңаөзен қаласындағы 5 мекемеде еңбек дауы жүріп жатыр. Компания өкілдері күні кеше, 15 маусымда қала әкімдігінің алдына жиналып, бейнеүндеу жолдаған болатын.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек даулары белгілі бір тәртіппен жүруі тиіс. Бұл екі тараптың өз ұстанымдарын егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, қарама-қарсы дәлелдерді тыңдай алатын сындарлы диалог жолы.
Алайда, көп жағдайда тараптардың бірі белгіленген тәртіпті елемей, өз мәселелерін ультиматум қою арқылы, заңсыз ереуілдер өткізу арқылы шешкісі келеді. Өкінішке орай, мұндай жағдайға арандатушылардың сөзіне ерген кәсіпорын қызметкерлері барып жатады.
Бұл жағдайда жұмыс беруші ереуілді заңсыз деп тану үшін сотқа жүгінуге және сот оң шешім қабылдаған жағдайда жұмыстан босатуға дейін шаралар қабылдауға құқылы.
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің алдында тұрған жұмысшылардың бұрын еңбек еткен компаниялары бүгінгі күні штаттық режимде жұмыс істеуде.
Жұмыс берушілер келіссөз кезінде қызметкерлеріне барлық заңдарды алға тарта отырып, заңсыз әрекеттер жасамауға шақырған. Алайда түсіндірме жұмыстары нәтижесіз аяқталып, компания басшылығы ұжымның өзге қызметкерлеріне кедергі келтірген азаматтарды сотқа беріп, жұмыстан шығаруға мәжбүр болды.
Сот шешімімен жұмыстан босап қалған жұмысшылар қала әкімдігіне бұрынғы жұмысына қайтаруды талап етіп келді. Алайда, мемлекеттік органдардың жеке компанияларға қандай да бір адамды жұмысқа орналастыру туралы нұсқау беруіне құқығы жоқ.
Біз әріптестерімізбен осы компаниялардың жұмыс берушілерімен және жұмысшыларымен бірнеше рет кездесіп, сөйлестік. Біз мәселені дау-дамайсыз шешуге шақырдық.
Жұмыс беруші қызметкерлеріне әділ болып, еңбек етулеріне қолайлы жағдай жасауға тырысулары қажет. Ал, қызметкер еңбек шартында көрсетілген міндеттемелерді адал орындауға тиіс.
Ереуілге шыққан барлық қызметкерлерге заңсыз әрекеттері үшін жұмыстан шығып қалулары мүмкін екендігі ескертілді. Алайда, мұны түсініп, ереуілге шыққан жұмысшылар ереуілді тоқтатвп, жұмысын қайта бастаудан бас тартты.
Өкінішке орай, көп жағдайда тараптар конструктивті диалогқа келмей, мәселені заңсыз митингілер мен ереуілдер арқылы шешуге ұмтылады. Бұның соңы жақсылыққа әкелмейді.
Жұмыс беруші жұмысшылардың штаты мен қызметкерлердің жалақысын ауадан алып, көбейте алмайды. Бұл нарық заңы. Егер жұмыс берушінің қаржылық жағдайы төмендесе, өндіріс көлемі мүлдем жоғалып, тапсырыс берушінің алдындағы міндеттемелерін орындай алмай қалады. Ол қызметкерлердің жұмыссыз қалуына алып келуі мүмкін.
Қадірлі жерлестер!
Әлемдегі күрделі экономикалық және геосаяси жағдайды ескере отырып, қазіргі уақытта бәрімізге бірлік пен шыдамдылық таныту қажет.
Сондай-ақ, бізге бекітілген алгоритмнен айналып өтіп, мұнай саласына кезексіз жұмысқа орналасуды талап ететін жұмыссыздар санатындағы азаматтар өтініш білдіруде.
Мен оларға бұл жөнінде бір емес бірнеше рет айттым. Тағы қайталап айтамын – кезектен тыс жұмысқа орналасуға болмайды. Өйткені бұл кезекте тұрған басқа кандидаттарға әділетсіздік болады. Сіздің кезегіңіз келгенше, өз кезегіңізді сақтай отырып, жұмыспен қамту орталығы ұсынатын 150 000-нан 200 000 мың теңгеге дейінгі жалақсы бар басқа орындарда жұмыс істей аласыздар.
Мен өз тарапымнан осы процестің ашықтығы мен әділетті боларына кепілдік беремін.
Заңсыз талаптардың соңы бізді ешқандай жақсылыққа апармайды. Біз сиқыршы емеспіз және мұнай саласында мыңдаған жұмыс орыны қысқа мерзімде құра алмаймыз. Бірақ біз қарап отырған жоқпыз. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірлік мемлекеттік бағдарламаларды енгізе отырып, экономиканы әртараптандыруға басымдық беріп жатырмыз.
Баршаңызды қаламызды көркейту үшін жұдырықтай жұмылып, ауызбіршілікте еңбек етуге шақырамын.
Айбек ҚОСУАҚОВ, Жаңаөзен қаласының әкімі.

👍12🔥3
🤦 FINIKO және қазақтар
Қаржылық мониторинг агенттігі FINIKO пирамидасынан ел азаматтарының 2 миллион доллар мен 630 миллион теңге жоғалтқанын айтады.
Шын мәнінде, бұл ақшаның одан бірнеше есе көп екенін айтар едім. Себебі бұл - тек азаматтардың арызы жиналғаннан кейін ресми көрсетілген сома. Полицияға бармай, арызданбай, үйде үнсіз жылап отырған мыңдаған келіншек бар екенін ішім сезеді.
Пирамида жүйесіне 200 жыл толды. Ақшасын алаяқтарға беруге дайын адамдар барда - алаяқтар ешқашан арамыздан кетпейтіні түсінікті. Кеше МММ, бүгін FINIKO, ертең MINIKO деп жалғаса береді.
Біз неге ақшамызды танымайтын адамға беруге дайынбыз?
Алаяқтар адамзат миында нейротрансфиттер бөлініп жатқанда амигдала блокталатынын әбден зерттеп алған. Яғни, табиғатынан сенгіштеу адамға танымайтын адам келіп, "қазір 100 мың теңге бер, ертең 150 мың қылып қайтарып беремін" десе, ол бере салады. Себебі, жоқ жерден 50 мың пайда табу туралы ой келсе, мида неротрансмиттер - дофамин бөлініп, ол адамның барлық қаупі мен қорқынышын блоктап тастайды. Адам бір қуанышты, қызық түсте жүргендей әсерде болады. Сонда 100 адамның ішінен кем дегенде 1 адам осындай тұзаққа ілінеді.
Осы FINIKO жұмыс істеп жатқан кезде ақша сал деп үгіттеуге бірнеше таныс келді. Мен алаяқтардың барлық схемаларын білетіндіктен, оларға бұл пирамида екенін айтып, керісінше алданып қалмауын үгіттедім. Бекер ақша жоғалтасыңдар дедім. Зомби сияқты. Сенбейді. Маған ренжиді. Ақыры, бір таныс көлігінен айрылды (сатып, ақшасын Finikoға салып жіберген), екіншісі пәтер аламын деп жинаған ақшасын желге шашты. Қазір мені көрсе, жанарлары жер шұқып қалатын болған.
FINIKO-ға алданған ақшамды қайтара аламын ба?
Ия, ондай мүмкіндік бар. Тез арада Қаржылық мониторинг агенттігінің арнайы телефонына хабарласыңыз: +7(7172)708478. Арыз жазасыз. Сотталған азаматтардан шығын өндірілетін болады.

👍6