DALA INSIDE
10.8K subscribers
400 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
Forwarded from BAQ.kz
🔻Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді меңгереді БҒМ

Зерттеулер мен талдаулар жүргізгеннен кейін біз бірінші сынып оқушысына бірден 3 тілді меңгеру қиын екенін көрдік. Бұл – тиімсіз. Біз бұл мәселеге қатысты шешім қабылдадық, делінген БҒМ таратқан хабарламасында.

Екінші сыныпта бағдарламаға орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады.

@baq_kz
👍22👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы екінші жеңісі. Бұл жолы Словакия өз үйінде бізге жол берді
👍24
📣 Мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғалары адам саудасына күдікті

Қостанай облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ лауазымды адамдарына қатысты адам саудасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Олар облыстың әлеуметтік мекемелерінің бірінде мемлекеттің қамқорлығында болған әрекетке қабілетсіз азаматшаны Нұр–Сұлтан қаласындағы қарттарға арналған жеке пансионатқа тегін жұмыс күші ретінде пайдалану үшін табыстады деп күдіктелуде.

Күдіктілердің бірі соттың санкциясымен үй қамауына алынды.

Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
👍9
Forwarded from ADYRNA.KZ
😍 Сүйінші, хабар! iPhone смартфонында, яғни жаңа IOS 16-ға қазақ тілі енгізіледі📱🇰🇿

«Операциялық жүйе жаңа тілдермен толықты. Олардың тізіміне қазақ және болгар тілдері енді»,- деп жазды Apple ресми сайты.

Енді қазақстандықтар смартфонның жүйесін мемлекеттік тілге өзгерте алады.

https://t.me/adyrnaportal
👍38
🇰🇿 Мәңгілік өлмейтін статус алды. Қазақ тілі Apple-дің арқасында мықты дамитын болады

Қазақ тілі енді ешқашан өлмейтін болды және барлық дағдарысты еңсеріп шықты. Себебі, әлемдік бизнес процесстерде қазақ тілін елеу, санасу трендтері басталып кетті.

Apple өзінің IOS операциялық жүйесіне қазақ тілін системалық тіл қылып енгізіп отыр. АҚШ ішкі жалпы өнімінің 6 пайызын беріп отырған Apple әлемде Saudi Aramcoдан кейінгі ең қымбат компания. Ал Iphone - ең атаулы смартфон. Қазақ тілінің оған ілінуі - оның болашағына деген халықаралық сенімнің белгісі.

Жалпы, мамыр-маусым айлары қазақ тіліне көптеген жақсы жаңалықтар алып келді. Apple-ді айттық, одан бөлек, Nickelodeon қазақшаға ауысты.

Қазақтілді коммуникация маманы болғандықтан, биылдан бастап тілі қазақшаланбаған көптеген әлемдік ірі бренд, компаниялар тарапынан кеңес сұрау, аудиторияның ерекшеліктерін білуге деген сұраныстар көбейді. Сондықтан, тренд дегенде - мен шынымен де көзбен көріп, қолмен ұстаған нәрсемді айтып отырмын.

Айбар Олжаев, фейсбук
👍36🥰10
Kaspi Bank табысының сыры неде?

Kaspi Bank 2021 жылдың қортындысы бойынша 313,6 млрд теңге таза пайда алды. Банк үшін бұл рекорд десе де болады, себебі өздері үшін жайлы болған 2020 жылы олар 226,5 млрд теңге таза кіріс көрген еді. Былтыр осы көрсеткішті 38 пайызға ұлғайтып отыр. Банк активтерінің көлемі 3,57 триллион теңгеге жетті. Активтері бойынша елдегі Халық банктен кейінгі екінші институт.

Каспи халыққа берген кредиттерден 334 миллиард теңге выручка, ал комиссия мен түрлі қызметтерден 330 миллиард теңге выручка алған. Розница банкі ретінде Kaspi классикалық үлгіде, яғни кредиттер мен комиссиядан пайда табады.

Халық Kaspi-ден алған кредиттерін уақытылы қайтара ма? Ия деуге негіз бар. Себебі проблемалық кредиттер көлемі (стадия 3) 2020 жылғы 74 млрд теңгеден, былтыр 67,7 млрд теңгеге азайған. Халықтың кредит төлеу дисциплинасы жақсарып келеді.

Банктің 21,8% акциясы емін-еркін айналымда. Экосистема ретінде Kaspi.kz 12,7 млрд $ тұрады. Ол ең қымбат отандық компания.

https://t.me/dalainside
👍14
Ғабекеңді тыныш жүргізбейді ау

Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты рейдерлік емес, алаяқтық бабы бойынша арыз тіркелген. Ол туралы, әу бастан осы ақпараттың көзі Михаил Козачков @kozachkow өз телеграмында жазды.

"20-мамырда телеграм-каналымда Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы айтқан болатынмын. Бас прокуратура «Информбюроға» берген Әбдірахымовқа қатысты «рейдерлік» бабы бойынша іс жоқ деген жауабын түсіндіретін кез келді.
Мәселен, 19 мамырда Forbes журналының нұсқасы бойынша ең табысты 50 бизнесмен тізімінде 49-орында тұрған белгілі кәсіпкер Сайдулла Қожабаев құқық қорғау органдарына жүгінді.
Оның түсініктемесінде Әбдірахымов пен Мәсімов бар, жалпы бес адам одан ірі көлемде және заңсыз ақша алғаны айтылған.
Олар не сұрап, ақшаны кәсіпкер не үшін төлегені әлі жұмбақ. Өкіліне хабарластым, кейін кездесеміз деп уәде берді. Бірақ арыз тіркеліп, ЕРДР нөмірі алынып, іс Алматы қалалық полиция департаментіне берілді. Іс 190-баптың 4-бөлігі – аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша тергелуде. Ақпаратты подполковник Әзірбек ресми түрде растады", - деп жазады, Михаил Козачков.

https://t.me/dalainside
👍5
🔒 Назарбаевтың қай қызы/күйеу баласы бірінші сотталуы мүмкін?

1. Қайрат Шәріпбаев - QazaqGaz

"DALA инсайдтың" құқық қорғау органдарындағы сенімді дереккөзі, Қайрат Шәріпбаевқа (Дариға Назарбаеваның күйеуі) қатысты барлық материалдардың шұғыл түрде жиналып жатқанын хабарлады. Тұңғыш Президент туралы заң күшін жойған күннен бастап, Қайрат Шәріпбаевқа сот үкімі шығып, іздеу жарияланатын болады. Шәріпбаевты соттаудың бірінші қадамы QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарушы директоры Ибулла Сердіге іздеу жариялаудан басталды. Негізгі басты нысана Серді емес, Қайрат Шәріпбаев болып отыр.

2. Әлия Назарбаева - РОП операторы

Қазір анықталып жатқан деректер бойынша, РОП операторы жинаған қаржы утилизациямен айналысатын компанияларға бағытталатын. Бірақ сол компаниялар да Әлия Назарбаеваға бағынатын болып шығып, барлық миллиардтар (жылына кем дегенде 600 млрд теңге) айналып, Әлияға қайтып түсіп отырған. Схемалар бойынша құқық қорғау органдарының бұлтыртпас дәйектері бар. Тек қазіргі Тұңғыш Президент туралы заң қылмыстық іс қозғауға мүмкіндік бермей отыр.

3. Димаш Досанов - ҚазТрансОйл

Әлия Назарбаеваның күйеуі. Оның басқару уақытындағы "ҚазТрансОйлдағы" былықтар мен ақша қымқыру фактілері кеңінен ашылып жатыр. Және оны ҚазТрансОйлдың жаңа басшылығы таяуда толық дәйектермен мәлімдейтін болады. Ол да, қазіргі заңның өз күшін жоюын күтіп отыр.

Егер "Халық банк" акцияларының шамамен 30 пайызын мемлекетке қайтарып берсе, үстінен қылмыстық іс қозғалмайтын миллиардер күйеу бала - Тимур Құлыбаев. Оның Ақордамен ара-қатынасы жаман емес. Бірақ оған қойылған талап - заңсыз ішкен-жегенін қайтаруы керек. 1-2 айда Халық Банк тағдыры анықталатын болады.

https://t.me/dalainside
👍22👏3
Freedom Holding қожайыны Тимур Турлов Қазақстан азаматы атанды

Бұл өте мықты жаңалық. Тимур Русланұлы әлемдік деңгейдегі миллиардер және визионер. Осымен - біздің өз Илон Маскіміз пайда болды. Турлов пен Ломтадзе барда, біздің стартап, IT секторлар алға жақсы өрлейтін болады
👍24👎6
Forwarded from ULYS
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Әлеуметтік желіде Nur Otan партиясы төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Байбектің Ыстамбұл әуежайында жүргенде телефонға сыртынан түсірілген видеосы таралуда


https://t.me/ulys1
🤮10👍9
Forwarded from ADYRNA.KZ
⚡️2022 жылдың мамыр айында Қазақстан мен Түркия әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Әскери техника, оның ішінде түрлі маркалы ұшқышсыз ұшақтар шығаратын «Turkish Aerospace» компаниясының бас директоры Өмер Йылдыз Anadolu ақпарат агенттігіне ANKA ұшқышсыз ұшақтарының алғашқы партиясы 20 маусымда Қазақстанға жіберілетінін айтты.

«Реактивті қозғалтқышы бар Кузгун басқаларға қарағанда ауыр. Оның салмағы 100 келіге дейін жетеді. Ол салмағы 60-90 келіге дейінгі оқтұмсықты көтере алады. Оның қатты отынды қозғалтқыш жүйесі бар, әлдеқайда үлкен қашықтықты еңсереді. Айдың соңына дейін АНКА Кузгунмен жабдықталады», - деді ол.
👍13
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍🏻 Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылсын.

2. Мемлекеттік органдар берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқорлары болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органның штат санын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша қайта бөлуді;

2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;»;

«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;» деген жол алып тасталсын.

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 маусым
№ 917
👍8
Forwarded from PARANOIA.KZ (PARANOIA KZ)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мынау енді сойқан. Ресейдегі ең ірі банктің бірі саналатын Газпромбанктің вице-президенті болған Игорь Волобуев “Азат Ресей” легионына қосылып, видеосын жариялады. Ол Путинге қарсы үндеу жасапты. “Азат Ресей” легионы 90 пайызы ресейліктерден тұратын, құрамының басым бөлігі орыс ұлтының өкілдері саналатын легион. Олар Ресей әскеріне қарсы Украинаны қолдап соғысуда, қазір құрамы 1500-2000 адамды құрайды. Легионға Украина жаққа өткен Ресей сарбаздарынан бөлек ірі шенеуніктер де, байлар да кіріп жатыр екен…
🔥37👍19
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың отставкасын талап ету кезінде қала тұрғыны қайтыс болды. Бұл туралы журналист Серікжан Мәулітбай жазады.

Досаев митингке рұқсат бермегендіктен, өз үйлерінің жанында жаңа тұрғын үйдің бой көтеруіне қарсы тұрғындар Гагарин көшесін жапқан.

Тұрғындардың көшеден өзін өткізбегеніне наразы болған қара түсті Ниссан Теана жүргізушісі көліктен шығып, тұрғындармен төбелес бастаған. Сол кезде өзі соққы алып, басымен асфальтке құлап, қайтыс болды.

https://t.me/dalainside
😱10👍5😁1
Алматыда құрылыс компанияларына қарсы жиі митинг ұйымдастыратын белсенді Салтанат Тәшімова жазаға тартылады.

Қазір құқық қорғау органдары оның адам өліміне әкеліп соқтырған рұқсат етілмеген митингті ұйымдастырудағы рөлін тексеріп жатыр.

Ол кем дегенде 15 тәулікке қамалып, ірі айыппұл төлеуі мүмкін. Ал көлік жүргізушісін ұрып, абайсызда өлтіріп қойған митинг қатысушысы қамауға алынды. Ол 8 жылдан 12 жылға дейін сотталады.

https://t.me/dalainside
👍9
Жаңа ЖК-ны құлата жаздады

Алматыда енді салынып біткен 20 қабатты Terracotta (Қазақстрой) тұрғын үй кешенінде 2-ші қабаттағы 3 бөлмелі пәтердегі жұмысшылар (7 пятно, 9 пәтер) жөндеу кезінде монолитті қабырғаны сындыра бастаған. Оны байқап қалған көршілері шу көтере бастады. Ақпарат бойынша, ертең құрылыс компаниясы барып тексермек. Тұрғындар пәтер иесін анықтай алмай отыр.

20 қабатты үйдің екінші қабатында монолитті, тіреуші қабырға бұзылса не болатыны онсыз да түсінікті.

https://t.me/dalainside
👍7
Forwarded from ADYRNA.KZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кеше автотұрақтың жоқтығынан шу шығарған тұрғындар Гагарин көшесін жауып тастаған болатын. Рұқсат етілмеген митингтің салдарынан бір адам көз жұмды. Осы оқиғадан кейін Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахимбетов тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Бұл туралы t.me/kozachkow/5384 телеграмм каналы жазды.
Кездесуге келген Бостандық ауданының әкімі митингке шыққандарға айыппұл салынатынын, тіпті 15 тәулікке жауапқа тартылатынын жеткізді. Сөзін тыңдамай, шулаған тұрғындарға ашуланған ол: "Тыңдамасаңдар кетемін, өздерің шешіп алыңдар", — деді.
Тұрғындар әкімнің сөзіне қарсы шығып, талаптарын айтты. Әзірге нақты қандай шешім шығарылғаны белгісіз.

https://t.me/adyrnaportal
👍13😁1🤔1
ГЧП-ны шыр айналдырған олигархтар. Мемлекет Айдын Рахымбаевпен не істейтін болады?

Есеп комитеті Айдын Рахымбаев мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салып жатқан BINOM мектептері бойынша біршама қаржының талан-таражға салынғанын анықтады. Аудит қортындысы бойынша, барлық жерде ақырғы шығынның инвестициялық ұсыныстан асып кетуі байқалады.

Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша, әу бастағы сома 37,1 миллиард теңге болып бекітілсе, артынан жоба құны 58,1 миллиард теңгеге өсіп шыға келген. Бұл ретте бір қызығы, инвестициялық ұсыныс өзгеріссіз қалған. Демек, Айдын Рахымбаев 58 миллиард теңгенің емес, 37 миллиардтың тең жартысын ғана өз қалтасынан төлеп, "екі жеп, биге шығып кетпек" болған.

"Бұл сомасы 21 038,7 млн теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға әкеліп соқты", - деп жазады, Есеп комитеті.

Өз қалтасынан төлеу бойынша. Бұл жерде де Рахымбаев ештеңені өз қалтасынан төлеп отырған жоқ.

Схема керемет. ГЧП бойынша, бір жобаны 50/50 принципі бойынша кәсіпкер мен мемлекет қаржыландыруы тиіс. Басында, түскен табысты кәсіпкер алып отырады да, өз шығынын жабады. Шығынын жапқаннан кейін, табыс бөлінуі керек.

Схеманың кереметтігі - Рахымбаев өзі салуы тиіс ақшаны "Қарапайым заттар экономикасы" мембағдарламасы арқылы (6-7% жеңіл кредит) мемлекеттің өзінен ала салған. Жарайды делік, бәрібір қайтаруы тиіс қой. Шартқа сәйкес - осы мектептерде бала оқуы үшін мемлекет білім беру тапсырысы аясында операторға (Рахымбаевқа) жылына 92 миллиард теңге төлеп отырады. Сонда Рахымбаев, мемлекеттен алған кредитті мемлекеттік тапсырыс арқылы төлемек.

Бұл ретте, 58 миллиардқа мектеп салу бойынша заказ алған кім? Дәл таптыңыз.

https://t.me/dalainside
👍6😁4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Досым Сәтбаев - балабол ма?

Депутат Айдос Сарым кезіндегі әріптесі (екеуі де саясаттанушы еді) Досым Сәтбаевқа "әр нәрсені тек сынай біледі, өзі ештеңе істемейді' деп шүйлікті.
🤮12👍4
Forwarded from ADYRNA.KZ
🆘Қазақстанда самокаттардың жылдамдығы шектеледі.

Техникалық талаптарды қамтитын электр самокаттарына арналған ұлттық стандарт әзірленді.

Әзірлеушілер электр самокаттарының барлық түрлері үшін ең жоғары конструктивті жылдамдықты енгізуді ұсынды – сағатына 25 км.

Еске сала кетейік, жылдамдықты шектеу себептерінің бірі Қазақстанда самокатшылардың қатысуымен болған апаттардың көбеюі болып отыр.

https://t.me/adyrnaportal
👍10
Forwarded from Үйде жатпа!
☑️Бүгін – Дүниежүзілік қан доноры күні. Үлкен жиындар жиналмайды және салтанатты концерттер өтпейді. Донорлардың арқасында қан резервтері жасалуда. Ол 2005 жылдан бері тойланып келеді. 14 маусым - қан тобын ашқан дәрігер Карл Ландштайнердің (1868–1943) туған күнінің құрметіне таңдалды. Қан тобы медицина саласына серпіліс әкелген еді. Бұл жаңалығы үшін австриялық иммунолог Нобель сыйлығын алған болатын. Биылғы жылы Донор күні «Қан донорлығы – ынтымақ актісі. Донор болыңыздар және өмірді сақтаңыздар»,– деген ұранмен өтіп жатыр.

Оқырмандарымыздың арасында донорлар болса, алғысымызды білдіруге рұқсат етіңіздер!

☑️14-ші маусым – Халықаралық блогерлер күні. Бұл мерекені өткізу идеясы 2004 жылы пайда болған. Бірден 40-тан астам елден 500 адам бірігіп, өздеріне арналған күн қажет деп шешті. Бұл мереке өз блогында әртүрлі тілде жазатын адамдарды жақындастырады және оларға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Бүкіләлемдік желіге қол жеткізе алатын әрбір адам жынысына, ұлтына және жасына қарамастан блогерлер қауымдастығына қосыла алады. Сонымен, 2007 жылы 14-ші маусымда Блогерлер күнінің үш жылдығында өз блогы бар әрбір интернет қолданушы барлық блогерлер арасындағы ынтымақтастық туралы шағын хабарлама жариялады. Бірқатар елдерде осы күні бірнеше жылдан бері блогерлердің «тікелей» кездесулері өтіп келеді.

Әлеуметтік желілерді бақылап отырыңдар, қазақстандық блогерлер мұндай күн бар екенін біле ме екен.

☑️Бүгін бүкіл әлем натуристер күнін тойлайды. Олар - «жалаңаш» өмір салтын ұнататын адамдар. Бұл мерекені ЮНЕСКО-ның жанынан құрылған Халықаралық натуризм федерациясы ұсынған. Нудистер мен натуристер бұл күнді қоғамға осы қозғалыстар мен эксгибиционизм арасындағы түбегейлі айырмашылықты түсіндірудің тамаша сәті деп санайды. Маңызды хабар - нудистер мен натуристтердің мәдениетінде эротикалық реңктер жоқ. Нудистер жайлылыққа ұмтылады, ал натуристер табиғатпен барынша жақындасуға бағытталған қозғалыстың өкілдері болып табылады. Бұл философияның негізі – табиғатпен үйлесімді өмір, өзіңмен, өзіңнің кемелсіздігіңмен және бірегейлігіңмен және басқаларды, өзіңді құрметтеу. Сіз білмесеңіз де, Қазақстанда да нудистік жағажайлар бар.

Бұл қозғалысқа қалай қарайсыз?

☑️Бүгін екітүрлі, бірақ саясатпен байланысқан өте танымал екі адамның туған күні. 1928 жылы 14-ші маусымда Куба революциясының атақты команданты Эрнесто Че Гевара дүниеге келді. Қазіргі әлемде танымалдығы бойынша Чемен бәсекелесе алатын тұлғалар аз. Ол еркіндік жолындағы күрестің символына айналды. Революционер Латын Америкасының көптеген елдерінде әрекет етті. 1967 жылы Боливияда тұтқынға түсіп, ату жазасына ұшырады. АҚШ-тың 45-ші президенті, миллиардер – Дональд Трамп бүгін 76 жасқа толды. Президент болғанға дейін Трамп жылжымайтын мүлік кәсіпкері, сонымен қатар шоумен болды. Трамп 2024 жылы президент сайлауына түсуі мүмкін. Forbes журналы биыл оның байлығын 3 миллиард долларға бағалады.

Эрнесто Че Гевара немесе Дональд Трамп?
👍13💩1