DALA INSIDE
10.8K subscribers
400 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🏦 Қайран, Сбербанк! Қазақтың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз еткен институт жөнінде бірер сөз.

Әңгіме ресейлік емес, өзіміздің отандық Сбербанк жөнінде болмақ. Сбербанктің қазақстандық банк жүйесінен кетуі өте жүректі қынжылтатын оқиға.

Себеп? Бізде жүйеқұраушы, тұрақты банктер көп емес. Сбербанк біздің қаржы жүйесінде алғашқы үштікке кіріп, өз орнын алып тұр еді. Және ең жақсысы - Сбербанк экономикаға кредитті ең көп беретін ұйым еді, сонымен бірге ол қарапайым халыққа арзан ипотека берді, арзан кредиттер таратты.

ROE - 39%. Мұндай нәтижеге былтырғы жыл бойынша ешбір банк жетпеген. Банктің өткен жылғы қаржылық нәтижелерін қарап отырмын. Банк активтері 33%-ға өскен. Көлемі 4,2 трлн теңгеге жетті. Өткен жылы Сбербанктің таза пайдасы екі есе өсіп, рекордтық көрсеткіш - 130 миллиард теңге болды.

Мұның Ресейге еш қатысы жоқ. Сбербанкты керемет деңгейге жеткізген өзіміздің қазақтың жігіттері. Фридом Финанстың да цифровизациясын дамытып, "Цифровая ипотека", "Цифровое страхование" жасаған да қазақ мамандары. Ресей - банк секторында біздің деңгейге жете алмады. Ресейдің Сбербанкі да, Фридом финансы да, біздің қазақстандық Сбербанк пен Фридом финанстың шаңында қалып қойды.

Қазақ Сбербанкін осы деңгейге жеткізген кім? Оның басқарма төрағасы, намысты қазақ жігіті - Елдар Теңізбаев. Елдар - қазіргі уақыттағы ең мықты қазақ банкирі және біз оның потенциалын өз отанымыз үшін қолдану керекпіз. Елдарға АҚШ, Еуропа алпауыт қаржы конгламераттарынан түрлі ұсыныс түседі. Елдарды елімізде алып қалу - отандық қаржы секторы үшін маңызды шаруа дер едім.

https://t.me/dalainside
👍3
Елдар Теңізбаев - ең мықты қазақ банкирі
Forwarded from ADYRNA.KZ
Бакудегі ескерткіш. Оқу-білімге мойын бұрған адамға әлем де бас иеді деген мәндегі ескерткіш. Қалай? Сіздерге ұнады ма?

https://t.me/adyrnaportal
👍15
Достар! Жақсы ұсынысымыз бар. «Үйде жатпа!» арнасында әр жұма сайын киноға тегін билеттер ойнатылады. Бүгін кезекті викторина күні. Арнаға жазылып, сұрақтарға жауап беріп, билеттер, кітаптар, бағалы сыйлықтар ұтып алуға болады.

🔥Ұтыс ойыны шарты арнада бекітілген⤵️
https://t.me/uidezhatpa
🔥4👍1
Forwarded from ADYRNA.KZ
⚡️Тоқаев мемлекеттік рәміздерімізді мазақ еткендер қатаң жазаланатынын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысып, оның халқымыз үшін қашанда ерлік пен елдіктің символы екенін мәлімдеді.
👍30
Forwarded from BAQ.kz
❗️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілегеніне ерекше назар аударды.

Мемлекет басшысы осындай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте әскердегі мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмау үшін өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды тапсырды.

Осындай жағдайға жол берген офицерлер жазаланатын болады.

@baq_kz
👏17
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мекемеаралық комиссия құрылды.

Бас прокурор жетекшілік ететін бұл комиссия Қазақстаннан шетелге заңсыз жылыстатылған қаржыны елге қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізетін болады.

Комиссия жұмысын Мемлекет басшысы өзі бақылайтын болды.
👏25
Aqorda 🇰🇿
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мекемеаралық комиссия құрылды. Бас прокурор жетекшілік ететін бұл комиссия Қазақстаннан шетелге заңсыз жылыстатылған қаржыны елге қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізетін болады. Комиссия жұмысын Мемлекет басшысы…
@dalainside сыртқа кеткен қаржының қайту мүмкіндігін саралайды

Шын айтқанда, мол қаржы қайтады деп үміттенуге мүмкіндік аз. Дубай "Назарбаев кланына" олар әкелген ақшаны ұстап бермейміз деп уәде берген. "Жаңа Қазақстан" басшыларына Дубайдағы капиталдарды қайтару мүмкін емес.

Лондон. Тұманды Альбион клептократияға қарсы саясат жүргізуге мүдделі. Бірақ ол - олигархтардың қаржысы мен мүлкін тәркілесе де, оны бірге ұрланған елге қайтармайды. Осы орайда Қазақстан британ сотына өзінің шын мәнінде олигополиядан кетіп, таза демократиялық жолға түскенін дәлелдеуі тиіс. Ол бір жылдың жұмысы емес. Сонымен бірге, Айдос Сарым секілді депутаттардың әлеуметтік желілерді бақылауға алу бойынша ұсыныстары (абырой болғанда сенаттан өтпей қалды) біздің еліміздің шын мәнінде демократияға бет бұрғанымызға батыс әлемінде күмән туғыза бастады. Жалпы, ондай әрекеттер болашақта Қазақстан экономикасына 2 триллион теңге шығын әкелуі мүмкін.

Сонда Қазақстанға қанша қаржы қайтады? Ол туралы @dalainside ертең біздің сыртқа қашқан капиталымызды зерттеп жүрген саяси қызметкер Серік Медетбековпен тілдеспек. Біз әлі бұл тақырыпқа ораламыз.

https://t.me/dalainside
👍12
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда жәшікке бірнеше бюллетень тастау фактілері тіркелді. Қазір тексеріс басталды
🤬8👎2👍1
Forwarded from BAQ.kz
Әділет вице-министрі Алма Мұқанова:

💬 "Бүгін exit poll нәтижелері белгілі болды. Ол Конституцияға енгізілген өзгерістерді халықтың қолдап отырғанын білдіреді. Біз Конституцияға енгізілетін өзгерістер заңнамаларына түзетулерді енгізуге қатысымыз болды.

Сондықтан exit poll мен Орталық референдум комиссиясының нәтижелері сәйкес келсе, осы өзгерістерді жүзеге асырудың алдында тұрғанымызды білдіреді", - деді Мұқанова

@baq_kz
👍10
Forwarded from ADYRNA.KZ
🗳 Exit poll Қазақстандағы Конституциялық түзетулерге байланысты референдум нәтижесін шығарды

Exit poll нәтижесі:
"Иә" деп 76,7 пайызы;
"Жоқ" деп 23,3 пайызы дауыс берген. 

Экзитпол нәтижесі бойынша, референдумға дауыс бергендер келгендер саны 67,5 пайыз болған. 

https://t.me/adyrnaportal
👏4
Ресейде Renault зауыты "Москвич" болып қайта тіркелді. Әлем алға кетіп бара жатса, Солтүстік көршіміз керісінше артқа кетіп барады
😁21🤮8👍6
Как дела? Не родила...

Козачков үстінен қылмыстық іс қозғалды деген Ғабидолла Әбдірахымов емін-еркін референдумда дауыс берді.

Оның өзі Ордаға берген түсініктемесінде ешқандай қылмыстық істің жоқтығын, ешкім тергеуге шақырмағанын айтқан болатын.

Қазір Шымкенттің экс-әкімі, аты ауысып кеткен "Nur Otan" партиясының бұрынғы хатшысы бизнеспен айналысады. Ол Данат Жуминмен бірігіп, консалтингтік бизнеске келді. Негізгі бағыттары - жобалық басқару, сол бойынша сертификаттау. Мемлекеттік тендерлерге де қатысу ойларында бар.

"Тарихи сәт — Қазақстан 27 жылда алғаш рет конституциялық түзетулерге қатысты халықтық референдумды ұйымдастырды.
Референдум — демократияның маңызды институты екенін ескерсек, енді халықтың талап-тілегі тікелей ескеріліп, орындалмақ. Басты жеңіс — ОСЫ!", - деп қуана жазады, Ғабидолла Әбдірахымов.
👍5
Forwarded from BAQ.kz
🔻Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді меңгереді БҒМ

Зерттеулер мен талдаулар жүргізгеннен кейін біз бірінші сынып оқушысына бірден 3 тілді меңгеру қиын екенін көрдік. Бұл – тиімсіз. Біз бұл мәселеге қатысты шешім қабылдадық, делінген БҒМ таратқан хабарламасында.

Екінші сыныпта бағдарламаға орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады.

@baq_kz
👍22👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы екінші жеңісі. Бұл жолы Словакия өз үйінде бізге жол берді
👍24
📣 Мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғалары адам саудасына күдікті

Қостанай облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ лауазымды адамдарына қатысты адам саудасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Олар облыстың әлеуметтік мекемелерінің бірінде мемлекеттің қамқорлығында болған әрекетке қабілетсіз азаматшаны Нұр–Сұлтан қаласындағы қарттарға арналған жеке пансионатқа тегін жұмыс күші ретінде пайдалану үшін табыстады деп күдіктелуде.

Күдіктілердің бірі соттың санкциясымен үй қамауына алынды.

Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
👍9
Forwarded from ADYRNA.KZ
😍 Сүйінші, хабар! iPhone смартфонында, яғни жаңа IOS 16-ға қазақ тілі енгізіледі📱🇰🇿

«Операциялық жүйе жаңа тілдермен толықты. Олардың тізіміне қазақ және болгар тілдері енді»,- деп жазды Apple ресми сайты.

Енді қазақстандықтар смартфонның жүйесін мемлекеттік тілге өзгерте алады.

https://t.me/adyrnaportal
👍38
🇰🇿 Мәңгілік өлмейтін статус алды. Қазақ тілі Apple-дің арқасында мықты дамитын болады

Қазақ тілі енді ешқашан өлмейтін болды және барлық дағдарысты еңсеріп шықты. Себебі, әлемдік бизнес процесстерде қазақ тілін елеу, санасу трендтері басталып кетті.

Apple өзінің IOS операциялық жүйесіне қазақ тілін системалық тіл қылып енгізіп отыр. АҚШ ішкі жалпы өнімінің 6 пайызын беріп отырған Apple әлемде Saudi Aramcoдан кейінгі ең қымбат компания. Ал Iphone - ең атаулы смартфон. Қазақ тілінің оған ілінуі - оның болашағына деген халықаралық сенімнің белгісі.

Жалпы, мамыр-маусым айлары қазақ тіліне көптеген жақсы жаңалықтар алып келді. Apple-ді айттық, одан бөлек, Nickelodeon қазақшаға ауысты.

Қазақтілді коммуникация маманы болғандықтан, биылдан бастап тілі қазақшаланбаған көптеген әлемдік ірі бренд, компаниялар тарапынан кеңес сұрау, аудиторияның ерекшеліктерін білуге деген сұраныстар көбейді. Сондықтан, тренд дегенде - мен шынымен де көзбен көріп, қолмен ұстаған нәрсемді айтып отырмын.

Айбар Олжаев, фейсбук
👍36🥰10
Kaspi Bank табысының сыры неде?

Kaspi Bank 2021 жылдың қортындысы бойынша 313,6 млрд теңге таза пайда алды. Банк үшін бұл рекорд десе де болады, себебі өздері үшін жайлы болған 2020 жылы олар 226,5 млрд теңге таза кіріс көрген еді. Былтыр осы көрсеткішті 38 пайызға ұлғайтып отыр. Банк активтерінің көлемі 3,57 триллион теңгеге жетті. Активтері бойынша елдегі Халық банктен кейінгі екінші институт.

Каспи халыққа берген кредиттерден 334 миллиард теңге выручка, ал комиссия мен түрлі қызметтерден 330 миллиард теңге выручка алған. Розница банкі ретінде Kaspi классикалық үлгіде, яғни кредиттер мен комиссиядан пайда табады.

Халық Kaspi-ден алған кредиттерін уақытылы қайтара ма? Ия деуге негіз бар. Себебі проблемалық кредиттер көлемі (стадия 3) 2020 жылғы 74 млрд теңгеден, былтыр 67,7 млрд теңгеге азайған. Халықтың кредит төлеу дисциплинасы жақсарып келеді.

Банктің 21,8% акциясы емін-еркін айналымда. Экосистема ретінде Kaspi.kz 12,7 млрд $ тұрады. Ол ең қымбат отандық компания.

https://t.me/dalainside
👍14
Ғабекеңді тыныш жүргізбейді ау

Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты рейдерлік емес, алаяқтық бабы бойынша арыз тіркелген. Ол туралы, әу бастан осы ақпараттың көзі Михаил Козачков @kozachkow өз телеграмында жазды.

"20-мамырда телеграм-каналымда Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы айтқан болатынмын. Бас прокуратура «Информбюроға» берген Әбдірахымовқа қатысты «рейдерлік» бабы бойынша іс жоқ деген жауабын түсіндіретін кез келді.
Мәселен, 19 мамырда Forbes журналының нұсқасы бойынша ең табысты 50 бизнесмен тізімінде 49-орында тұрған белгілі кәсіпкер Сайдулла Қожабаев құқық қорғау органдарына жүгінді.
Оның түсініктемесінде Әбдірахымов пен Мәсімов бар, жалпы бес адам одан ірі көлемде және заңсыз ақша алғаны айтылған.
Олар не сұрап, ақшаны кәсіпкер не үшін төлегені әлі жұмбақ. Өкіліне хабарластым, кейін кездесеміз деп уәде берді. Бірақ арыз тіркеліп, ЕРДР нөмірі алынып, іс Алматы қалалық полиция департаментіне берілді. Іс 190-баптың 4-бөлігі – аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша тергелуде. Ақпаратты подполковник Әзірбек ресми түрде растады", - деп жазады, Михаил Козачков.

https://t.me/dalainside
👍5
🔒 Назарбаевтың қай қызы/күйеу баласы бірінші сотталуы мүмкін?

1. Қайрат Шәріпбаев - QazaqGaz

"DALA инсайдтың" құқық қорғау органдарындағы сенімді дереккөзі, Қайрат Шәріпбаевқа (Дариға Назарбаеваның күйеуі) қатысты барлық материалдардың шұғыл түрде жиналып жатқанын хабарлады. Тұңғыш Президент туралы заң күшін жойған күннен бастап, Қайрат Шәріпбаевқа сот үкімі шығып, іздеу жарияланатын болады. Шәріпбаевты соттаудың бірінші қадамы QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарушы директоры Ибулла Сердіге іздеу жариялаудан басталды. Негізгі басты нысана Серді емес, Қайрат Шәріпбаев болып отыр.

2. Әлия Назарбаева - РОП операторы

Қазір анықталып жатқан деректер бойынша, РОП операторы жинаған қаржы утилизациямен айналысатын компанияларға бағытталатын. Бірақ сол компаниялар да Әлия Назарбаеваға бағынатын болып шығып, барлық миллиардтар (жылына кем дегенде 600 млрд теңге) айналып, Әлияға қайтып түсіп отырған. Схемалар бойынша құқық қорғау органдарының бұлтыртпас дәйектері бар. Тек қазіргі Тұңғыш Президент туралы заң қылмыстық іс қозғауға мүмкіндік бермей отыр.

3. Димаш Досанов - ҚазТрансОйл

Әлия Назарбаеваның күйеуі. Оның басқару уақытындағы "ҚазТрансОйлдағы" былықтар мен ақша қымқыру фактілері кеңінен ашылып жатыр. Және оны ҚазТрансОйлдың жаңа басшылығы таяуда толық дәйектермен мәлімдейтін болады. Ол да, қазіргі заңның өз күшін жоюын күтіп отыр.

Егер "Халық банк" акцияларының шамамен 30 пайызын мемлекетке қайтарып берсе, үстінен қылмыстық іс қозғалмайтын миллиардер күйеу бала - Тимур Құлыбаев. Оның Ақордамен ара-қатынасы жаман емес. Бірақ оған қойылған талап - заңсыз ішкен-жегенін қайтаруы керек. 1-2 айда Халық Банк тағдыры анықталатын болады.

https://t.me/dalainside
👍22👏3