DALA INSIDE
10.8K subscribers
400 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
Forwarded from Dauletten
❗️Солтүстік Қазақстан облысындағы төрт мектепке Үкімет қаулысымен – Әлихан Бөкейхан, Смағұл Сәдуақасов, Ахмет Байтұрсынұлы және Қажымұқан Мұңайтпасов есімдері берілді.👍🏻

Бұған дейін Нұр-Сұлтандағы білім ошақтарына Дінмұхамед Қонаев, Қошке Кемеңгерұлы, Өзбекәлі Жәнібеков, Кемел Ақышев, Фариза Оңғарсынова, Роза Бағланова есімдері берілген еді.

Dauletten
Слования Украинаға С-300 әуе қорғанысы жүйесін берді. Енді Ресей әскери ұшақтары үшін жағдай қиындамақ

@uniannet @dalainside
Доллардың құны түсіп кетті. Не істеу керек? Доллар сатып алған дұрыс па? Әлде доллар тағы түсе ме?

Осы сұрақ бәрімізді мазалап жүргені рас. Әсіресе үйін сатып жіберіп, ақшаны долларға айырбастасам ба екен деп отырған, немесе ірі ақшаны долларда ұстап отырған адамдардың көңілі күпті болып отыр.
Қазір теңгеге 2 фактор дем беруде.
Біріншісі - мұнай бағасы. Brent фьючерстері бүгін биржада барреліне 100 доллар бағамен сатылды. Ол біздің бюджеттің "баррель - 60 доллар" көрсеткішімен қай есептелуіне септесті және есеп балансын жағымды сальдода ұстап отыруға мүмкіндік ашты. Сомалай алсақ, біздің экспортымыздың ақшалай көлемі импорттан асады, сондықтан теңгеге айтарлықтай сырттан қысым жоқ.
Екінші фактор - рубль. Рубль соңғы 5 күнде долларға шаққанда қатты күшейді. Бірақ оның ешқандай нарықтық негізі жоқ және рубль сонысымен өте қауіпті валюта болып отыр.
Рубль неге күшейді? Ресей үкіметі долларды ішкі нарықтан алып тастады. Бір сөзбен айтқанда, рубльдің тез және тұрақты нығаюының негізгі себебі импорттың төмендеуі және шетел валютасын сатып алуға қатаң шектеулер кезінде экспорттың өскенінен болып отыр. Оларда ақпан айының соңынан бастап экспорттаушылардың валюталық түсімнің 80 пайызын сатуға міндеттелді. Осы кезде шетелдік инвесторларды биржадан кетірді де, халықтың қолма-қол доллар сатып алуына тыйым салынды. Нәтижесінде Ресейде валютаға сұраныс жоқ.
Бірақ бұл, қолдан жасалған нарық екенін, көп ұзамай рубльдің құлайтынын сарапшылар біліп отыр. Егер рубль құласа, онда теңге де біршама позициясын жоғалтары анық.
Сондықтан, біз теңгенің қатты күшейе бермей, ақыры 460-480 курсына оралатынына сенімдіміз. Доллар қазір 447 теңге болып тұрса, онда долларды осы кезде сатып алғаннан еш ұтылмайсыз.

@dalainside
👍4
ҚНРДА ресейлік Альфа-банк пен Сбербанктің Қазақстандағы еншілес банктерінің де санкцияға ілінуіне қатысты шұғыл мәлімдеме жасады.

"Бұл екі банктің клиенттеріне АҚШ долларымен төлемдермен және аударымдармен операциялар қолжетімсіз болады. Бұл ретте клиенттер ұлттық валютадағы банкішілік операцияларды қандай да болмасын шектеусіз жүзеге асыра алады.

Атап айтқанда, Альфа-Банкке қатысты енгізілген санкциялар бірқатар уақытша шектеулерге әкелді. Банк жеке және заңды тұлғалар үшін АҚШ долларындағы және еуродағы аударымдарды тоқтата тұрды. Бұдан басқа, жеке және заңды тұлғалар үшін банкоматтар мен POS терминалдардың меншікті желісінен тыс Visa және MasterCard карталарының жұмысы тоқтатыла тұрды. Альфа-Банк уақытша жеке және заңды тұлғалар үшін қолма-қол ақша алуға және аударым жасауға лимиттер енгізді, кредиттер беруді тоқтатты. Альфа-Банкті қоспағанда, басқа банктердің карталарымен заңды тұлғалар үшін POS-терминалдардағы төлемдерді қабылдау тоқтатылды.

Бұл ретте клиенттер банкоматтардан қолма-қол ақша алып, жедел төлем жүйесіне (ЖТЖ-не)  қатысушы банктерге телефон нөмірі бойынша мобильдік қосымшадағы ақшаны теңгемен және тәуліктік лимит шегінде басқа банктерге шот деректемелерін аудара алады. Коммуналдық қызметтер, ұялы байланыс және басқа да қызметтер үшін төлемдер тәуліктік лимит шеңберінде штаттық режимде өтеді.

Жалпы алғанда, Ресейдің еншілес банктері клиенттер алдындағы міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындайды, оның ішінде салымдарға, кредиттерге қызмет көрсету, сондай-ақ ақша қаражатын қабылдау және беру. Бұл банктер депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылады, бұл азаматтар қаражатының сақталуына кепілдік береді." - делінген, мәлімдемеде.

Бізді Альфаға қарағанда Сбербанк көбірек алаңдатады. Ол құласа, қалай зардап шегетінімізді кешке жариялайтын боламыз.

@dalainside
👍31
Forwarded from Dauletten
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🌊Тартылып жатқан Каспий теңізі. Биіктіктен түсірілген көрінісі.

Ақтаулық белсенді Азамат Сәрсенбаев Каспий теңізінің тартыла бастаған жағалауын көрсетті. Блогердің айтуынша теңіз тұрғындардың көз алдында ғайып болып бара жатқанын айтады.

Dauletten
Алматылықтар Tanuki, Manana, Dragonfly, Bluecat ресторандарына бойкот жариялауда. Осы ресторандардың иесі - Ресей азаматы Александр Орлов. Ол таяуда сұхбат беріп, "Қазақтар жұмыс істей алмайды. Мен жұмысшыларды сырттан алып келемін" - деген болатын.
Бұл ретте "жұмыс істей алмайтын қазақтардың еліне келіп, қалайша табыс тауып отыр?" деген сұрақ туындайды. Оның ресторандарына басқа елден келген клиенттер бара берсін, ал алматылықтар бармайтын болды

@dalainside
👍21
Forwarded from BAQ.kz
🇰🇿Жарайсың, Геннадий!

Құттықтаймыз!

@baq_kz
🔥7
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Лучшие моменты боя 🇰🇿Геннадий Головкин - Риота Мурата🇯🇵

t.me/sportilinet
Ресейлік ресторатор Александр Орлов қазақ халқынан кешірім сұрады. Алдында ол өз телеграм каналында қазақтар жұмыс істей алмайды деп мәлімдеп, комментарийлерде үлкен сынға қалған болатын. Ал кеше алматылықтар оның ресторандарына бойкот жариялады. Орлов Алматыда Tanuki, Manana, Dragonfly, Bluecat ресторандарына иелік етеді.
Орлов қазақ тілінде пост жазды. Оның балалық шағы Қазақстанда өтті. Ол қазір 750 Қазақстан азаматына жұмыс беріп отырғанын айтты

@dalainside
👎28👍16😁3
Сбербанктен кредит алып, соны төлеп жүрсіз бе?
Ертең таңғы сағат 9-дан бастап Сбербанктің клиенттері үшін жағымсыз жаңалықтар пайда болуы мүмкін. Қазір мәселені анықтап, кешке сараптап жазамыз.

@dalainside
👍1
Санкциялардың астында қалған Ресейдің Қазақ еліндегі банкі
Зеленский мен Джонсон Киев көшелерін аралап, қарапайым халықпен сөйлесіп жүр.
Ал Путин болса бункерде тығылып отыр. Ал осыдан кейін бұл соғыста кімнің жеңетінін байқауға болар.
👍10
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Зеленский мен Джонсон Киев көшелерін аралап, қарапайым халықпен сөйлесіп жүр.
Ал Путин болса бункерде тығылып отыр. Ал осыдан кейін бұл соғыста кімнің жеңетінін байқауға болар.
👍1
🏦🔥 Біздің Сбербанк санкциялар отында

Енді Сбербанкпен есеп айырысу қиындайтын болады. Демек, кредиттерді жабу ауырламақ (басқа банктен аудара алмайсыз, тек терминалына барып төлеу керек болады). Ал Сбербанк арқылы мемлекеттік бағдарламалар (ипотека) бойынша несие алған азаматтар енді несиесін тіпті басқа банктер арқылы төлеуге мәжбүр болады. Ол қандай банктер екендігін келесі аптада Сбербанк өзі айтуы тиіс.

Сбербанктің құлдырауы отандық қаржы саласы үшін тым ауыр соққы болады. Себебі, ол елдегі үлкен үштікке кіретін (Халық, Каспи, Сбербанк) қаржы ұйымы. Кредиттік портфелі 2,7 триллион теңге, яғни осы соманы Сбербанк компаниялар мен жеке адамдарға кредит ретінде берген. Енді рейтинг агенттіктері біздегі Сбербанктің рейтингтерін қайтып алуда.

Ал депозит ұстап отырғандар қатты үрейленбесе де болады. Депозиттерге мемлекет (КФГД арқылы) кепілдік беріп отыр. Бірақ, "бүлінгеннен бүлдіргі алма" дейді. Сондықтан халықтың Сбербанктан келесі аптадан бастап ақырындап кете бастайтынын сезіп отырмыз. Бастысы, ажиотажға жол бермеу керек.

@dalainside
👍22
Бай-манаптардың қолына кісен салынып, тергеуге алынса, қызметте ұзақ отырғандар жұмысынан кетсе оған жанашырлықпен әсте қарауға болмайды.

Өйткені "Қасіретті қаңтарда" бекерге қан төгілген жоқ. @dalainside

https://dalanews.kz/del-qazir/74931-boranbaev-pen-gorbacheva-bolmasa-made
👍12
🌙 Ораза Қазақстан экономикасына қысқа мерзімдік 0,2 пайыз шығын әкелмек. Ал есесіне бақыт коэффицентін одан сайын арттырады деп болжанады

Кафе, асхана мен ресторандар түскі асты сатпағандықтан, табыстың негізгі көзі шағын және орта бизнестен түсетін қалалар экономикалық тұрғыда оразадан көбірек зиян шегеді. Мысалы, Атырау оразаны елемеуі де мүмкін, ал Алматы үшін қасиетті Рамазан айы дәстүрлі түрде экономиканың құлдырайтын уақыты. Сервистік қала болғандықтан, Алматы үшін базар, кафе-ресторан, қонақүй, ойын-сауық кешендерінен түсетін салық өте маңызды. Бұл нысандар ораза кезінде көбіне босап тұрады.
Жалпы, Рамазан айының экономикаға әсерін Дүниежүзілік банк экономистері - Кампанте мен Янагизава-Дротт түбегейлі зерттеген. Олар бекіткен "Діни коэффицент" бойынша, таза мұсылман елдеріне ораза айында экономика 0,7 пайыздық тармаққа құлағаны анықталған.
Қазақстан араб елдері сияқты 100 пайыз исламды ұстанатын ел емес. Шамамен халықтың 30 пайызы дінге берік деп алсақ, онда біздегі экономика құлауының көрсеткішін шамамен 0,2% деп топшылауға болады. Жылдық ішкі жалпы өнімнің бізде 80 триллион теңге екенін ескерсек және оны 12 айға бөлсек, бір айдың экономикалық көлемінің 6,6 триллион теңге екенін көреміз. Одан 0,2 пайыз жоғалтсақ, демек Ораза айының экономикаға 1,3 миллиард теңге шығын әкелетінін болжауға болады.
Қазақстан БҰҰ рейтингі бойынша ТМД-дағы ең бақытты мемлекет. Әлемдік бақыт индексінде 40-шы сатыда орналасқан. Мысалы, ТМД бойынша ең бақытсыз елдер Ресей мен Әзірбайжан, ал әлем бойынша Ауғанстан болып отыр.

Кампанте мен Янагизава-Дротт өз зерттеуінде Ораза айында бақыт деңгейі артатынын тіркеген. Экономистер бұл құбылысты адамның ауыз бекіту мен ауызашарды өзіне жақын, қуаныш сыйлайтын жандардың арасында өткізетінімен байланыстырады. Адам отбасына жақын бола түседі, өзі ғана емес, отбасы мүшелері де өзін бақытты сезінеді екен.

1,3 миллиард теңге ме,әлде Қазақстан азаматтарының бақыты ма? Бақытты ешбір ақшаға сатып алуға болмайтынын білеміз.

Сондықтан, қасиетті Рамазан айының еліміз үшін барлық жағынан да плюстері көп болып тұр.

@dalainside
👍20
Ауызашар дастарханы
👍16
🇰🇿 ҚазМұнайГаз өзінің 87 миллиард теңгесін құтқарып қалды!

Ұлттық компания шұғыл түрде санкциядан қиналып жатқан Қазақстандағы Ресей банктерінен өзінің түрлі валютада жатқан салымдарын шешіп, оны отандық банктерге аударып үлгерген. Олар Ресей банктерінде тек 205 миллион теңге қалдырып отыр.
🙈 Сонымен бірге ҚазМұнайГаздың Ресей банктеріне 220 миллиард теңге қарыз екенін де айта кетуіміз керек.

@dalainside
👍5