DALA INSIDE
10.8K subscribers
401 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🐄 Мемлекет сауын сиыр болудан бас тартты

Қазақстандағы ірі кәсіпорындарды қаржыландырумен айналысып келген "Қазақстанның даму банкі" акционерлік қоғамы "Бәйтерек" холдингіне қарайды. Банктің капиталы 535 миллиард теңгеден асып отыр. Бұған дейін, оны Назарбаевқа жақын олигархтар сауын сиыр сияқты пайдаланып, өз зауыт-фабрикаларына арзан кредит алып келген болатын. Тіпті көбісінен ақша ұрланып, кәсіпорындар банкротқа ұшырап, ақыр аяғы түкке тұрғысыз залог ретінде мемлекетке қайтып, бюджетті зор шығынға ұшыратқан. Күйіп кеткен жобалармен мемлекет әлі күнге дейін не істерін білмейді, және "Бәйтерек" холдингінің тағы бір еншілес ұйымы - "Қазақстанның инвестициялық қорының" балансында ұстап отыр.

Енді мемлекеттің аузы күйіп, олигархтарға несие бермейтін болды. "Қазақстанның даму банкі" Тимур Құлыбаевқа қатысты жобаларды қаржыландырудан бас тартты. «Almex Petrochemical» ЖШС терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат шығаратын зауыт, ал «QAZSUGAR Co» ЖШС Жамбыл облысында қант қызылшасын өңдейтін зауыт салмақшы болған. Енді Құлыбаевқа өз ақшасын салу керек, не жобалары тоқтамақ.

https://t.me/dalainside
👍14
Бүгін Чемпиондар кубогын кім алады?
Final Results
47%
Ливерпуль
53%
Реал
🚇 30 мамырда Алматыда «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро станциялары ашылады.

Ол туралы Алматы метрополитені хабарлады. Ашылу сағат 10:00-ге жоспарланған. Жаңа бекеттердің арқасында жолаушылар ағыны күніне 40 мың адамнан 86 мың адамға дейін артады деп күтілуде. Сонымен, метро Абай мен Момышұлы көшелерінің қиылысына дейін ұзаратын болды.

https://t.me/dalainside
👍18
💲 Қамауға алынған Арыстанбек Мұхамедиұлы "жымқырылды" деген 140 млн теңгені орнына қоюға дайын

Бұл туралы тергеу барысынан хабары бар @dalainside дереккөзі хабарлады.

Бірақ мемлекет 140 миллион теңгемен қанағаттанғысы келмейді. Тергеу тарапынан Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен енесіне жазылған, туыстарының қатысы бар активтердің толық көлемі, олардың қандай жолмен келгені жіті тексерілуде. Егер мол дүние-мүліктің жемқорлықпен келгені анықталса, олар түгел тәркіленетін болады. Мухамедиұлының ірі мүліктерінің ішінен Елордадағы "Дипломат" (отель, бизнес-орталық), "Шапағат" базары, Алматыдағы "Tulpar resort" кешенін айта аламыз. Тарихы терең "Қазақ энциклопедиясы" да Ұлттық музей басшысына бағынады. Оны мемлекет жекешелендіру аясында 222 миллион теңгеге сатқан болатын. Одан бөлек, Мұхамедиұлының отбасы газ, туризм бизнесімен де айналысады.

@dalainside каналымен тілдескен елордалық пиар мамандар қазір Арыстанбектің имиджін ақпарат айдынында қорғау бойынша ұсыныс пайда болғанын айтады. Ол кампанияны сотқа дейін жүргізу жоспарланған. Белгілі өнер адамдары, суретшілер, музыкант, жазушылардың Арыстанбекті ақтаған пікірлері электронды БАҚ беттерінде, фейсбук аккаунттар мен топтарда, телеграм арналарда жарияланбақ. Пиар кампания қазақ және орыс тілдерінде жүргізілмек.

https://t.me/dalainside
👍13
Арыстанбек Мұхамедиұлы...
📣 Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша 146 миллион теңге сомасында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді.

2022 жылғы 28 мамырда соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тергеу жалғасуда.
Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Forwarded from ADYRNA.KZ
Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан мен Әзірбайжан ойыны алдында жанкүйерлерге үндеу жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  Vesti.kz сайтына сілтеп.

"Құрметті жанкүйерлер!
Қазақстан футбол федерациясы УЕФА Ұлттар лигасында Молдовамен өткен ойында біздің құрамаға көрсеткен қолдауларыңыз үшін жанкүйерлерге алғыс білдіреді.

Осы матчта жанкүйерлердің трибунадан заттарды лақттырғаны және алаңға жүгіріп шыққаны үшін УЕФА тарапынан Қазақстан футбол федерациясына 19 250 еуро көлемінде айыппұл салынды.
Мұндай әрекеттер жалғасатын болса, УЕФА ұлттық құраманың ойындарына одан да қатаң талап қоюы ықтимал.
Мәселен, ұлттық құраманың ойындарына жанкүйерлерді қатыстырмау туралы шешім шығаруы мүмкін. Сол себепті алдағы ойындарында қолдаудың жоғары әрі мәдениетті деңгейін көрсетуге шақырамыз.

Түсіністік танытқан әр жанкүйерге ыстық ықыласымызды білдіріп, ұлттық құраманы әрқашан қолдайды үміттенеміз!", - делінген федерациясынң қалдырған хабарласмасында.
👍8
Назарбаев референдумға баратын болды

Бұл туралы ол саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа берген эксклюзивті сұхбатында айтты.

"Бұл бірқалыпты саяси трансформация және қоғамдағы саяси қайшылықтарды басу үшін жасалды", - деді Назарбаев.

Назарбаев президент Тоқаевты және оның Қазақстанды реформалау мен дамыту бойынша қадамын әрқашан қолдайтынын атап өтті.

https://t.me/dalainside
👍6👎1
Н. Назарбаев - 1991-2019 жылдардағы ҚР Президенті
💩1
🍞 Сәуір айында Ташкенттің инвестициялық тартымдылығы артып, ресейлік IT компанияларды көптеп қабылдаған.

Себеп - өзбек ағайындар саяси әңгіме айтпай, "ойбай, көбейіп кетті" демей, қонақжайлық танытып, мәжбүрлі түрде елінен кеткен орыстардың ақшасын өздеріне бұрып алды.
Ресейден келген бірнеше азаматпен тілдестік. Бәрі демократия, еркіндікті қалайды. Путинге жан-тәнімен қарсы. Империялық пиғылдан ада. Көрші елге басып кіру - нағыз озбырлық деп отыр.
Осы орайда қонақжайлығымызды көрсетуіміз керек. Армяндар, өзбектер, грузиндер сияқты. Бұл жұмсақ күштің бір көрінісі. Мысалы қалталы өзбектер орыстарды үйлеріне шақырып, дастархандарын жайып, палауға тойғызып, оның бәрі ютуб блогтарға шығуда.
Оны көрген орыс бизнесі Ташкент экономикасына ақшаларын апарып жатыр.

https://t.me/dalainside
👍3
Forwarded from ADYRNA.KZ
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
“Әжем де, анам да Қазақстанда тұрды. Өзім Қазақстанда 36 жыл тұрдым. Қазақ тілі бізге түкке де (сыпайылап жазғанымыз ) керек емес. Қазір Арменияда тұрамын. Қазақтар киіз үйде тұрып, әжетханасыз құмғанмен далаға отыратын жабайы еді. Біз арқылы қалыптасты” депті тик-токта Юлия есімді әйел. Бұл - саяси тапсырыс па, әлде өз ойынан айтып жатқан “былшылы” ма?

https://t.me/adyrnaportal
💩16👎9🤬7😱4👍2
Forwarded from Dauletten
​​📲Психологиялық тест: Сіз қандай адамсыз?

🔹Психологтар адамның бет-әлпетінен бастап, жүрген-тұрғанына дейін зерттеп, әр әрекетінен түйін шығарып отыратыны белгілі. Бүгінгі кезек адамның телефонды қалай ұстайтынына байланысты мінезін анықтау.

А) Егер телефонды бір қолға ұстайтын болсаңыз, бұл сіздің сегіз қырлы, быр сырлы жан екеніңізді көрсетеді. Сіз барлығын тап-тұйнақтай етіп жасайсыз. Өзіңізге не ұнайды, не ұнамайды – бірден анықтайсыз.

Аз тыңдап, көп сөйлейсіз. Бірақ ешкімнің көңіліне қаяу түсірмейсіз. Шынайы махаббат пен жалған сезімнің парқын ажырата аласыз. Жан жарыңыз үшін тау қопаруға да дайынсыз.

В) Телефонды екі қолға ұстап, (пернетақтаны) бас бармақпен басатын болсаңыз, ер адамның өзіңізге көңіл бөліп, қамқор болуына мүмкіндік туғызасыз. Денеңізді босаңсытып, қалыпқа келе алмай, еш іске кірісе алмайсыз. Өзіңізге не керегін өзгелерге ашық айтуды үйреніңіз және эмоцияға ерік беріңіз.

С) Телефонды екі қолға ұстап, қос бас бармақпен басып, мәтін теретін болсаңыз, жетістікке күрделі жолмен жетесіз. Ол үшін жаныңызда бағыт-бағдар берер сенімді серігіңіз болуы керек. Сонда ғана өзіңізге сеніп, алға қадам басасыз. Біреу қолдап отырмаса, еш іске мойын бұра алмайсыз. Айналаңыздан қолдау көрмедіңіз екен, бітті. Бәрі кері кетуі мүмкін.

D) Телефонды бір қолға ұстап, сұқ саусақпен мәтін теретін болсаңыз, сізге тыныш та бірқалыпты өмір тән. Өзгелер әлденеге қол жеткізу үшін барлығын құрбан етуге барсыз. Адам көп жиналған жерден бойыңызды аулақ саласыз. Жаныңыз жай табатын тыныш жерде ұзақ уақыт тұрақтайсыз. Махаббатта да солай, тыныш өмірді таңдайсыз. Тек жақындарыңыздың көз жасын көтере алмайсыз. Жаныңызға кім қандай қаяу салса да, бірден кешіре бересіз.

Dauletten
👍9👎1
📣Спорт саласындағы лауазымды тұлғалар тексерушіге пара бергені үшін сотталды

2022 жылдың 27 мамырында Қызылорда облысында Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспановқа қатысты айыптау үкімі шығып, оған 5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осы үкіммен Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің 5 директоры Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикбаев 10-нан 20 миллион теңгеге дейін түрлі айыппұлдарға сотталды.

Жоғарыда аталған барлық тұлғалар облыстың спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 миллион теңге мөлшерінде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
👍4
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына бағыштап Құран оқытты

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоаев елордадағы Хазірет Сұлтан мешітіне барып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап Құран оқытты. Бұдан кейін Президент «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, – деп хабарлайды Борт №1 Телеграмм каналы.
Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық кезінде құрбан болғандардың рухына тағзым етті.
Іс-шараға нәубет жылдары зардап шеккен отандастарымыздың жақындары мен туыстары қатысты.
👍9👎2
Forwarded from BAQ.kz
⚡️Доллардың ресми бағамы (сағат 15:30-дағы мәлімет бойынша) 414,67 теңгені құрады.

@baq_kz
👍8😁1
"DALA инсайд" телеграм арнасы БАҚ ретінде тіркеліп, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан 27.05.2022 күнгі KZ38VPY00049688 Куәлігі берілді
👍27
Forwarded from ADYRNA.KZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алаш арыстарының қазақ тілі туралы айтқан сөздері.

https://t.me/adyrnaportal
🔥12👍8
💸 9 миллиард теңге кімге бұйырады? Қазақстан Қайрат Сатыбалдыға бір тиын төлегісі жоқ.

"Қазақтелеком" АҚ акционерлер жиналысында 2021 жылдың дивидендтерін төлеу бойынша мәселе қаралып, ол түсініксіз нотада аяқталды.

Әу баста "Қазақтелеком" АҚ Директорлар кеңесі әр акцияға 3590 теңге дивиденд төлеуді ұсынған. Акционерлерге 20 миллиард теңге төленуі тиіс еді. Бірақ, 51% акцияға иелік ететін "Самұрық-Қазына" қоры осы ұсынысқа қарсы дауыс берді.

Оның себебі, 2021 жылы Қазақтелекомның 24,46% акциясы Қайрат Сатыбалдының "Skyline Investment" компаниясына тиесілі болды. Мемлекет ол акцияларды тек жақында ғана өз пайдасына жаздырып алды. Акция ұстаушылар реестріне сай, Сатыбалды дивидендтегі өз үлесіне таласып, 20 миллиард теңгенің 9 миллиардын алу мүмкіндігіне ие болар еді.

Мемлекеттің әзірге дивиденд төлемей, аз уақытта компанияның дивидендтік саясаты бойынша кұжатын өзгертіп алуға асыққанын осылай түсіндіруге болады.

https://t.me/dalainside
👍16
Сверху или снизу? Журналистке үстінде ұнаған екен