DALA INSIDE
10.8K subscribers
401 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🏗️ BI Group мәселесін прокуратура қарай бастады

Алматы қаласының прокуратурасы Егізбаев көшесінде орналасқан бұрынға автопарктің орнына тұрғын үй кешенін салуды тоқтатып тастады. Оны BI Group құрамына кіретін LK Astana Realty Plus компаниясы сала бастаған еді.

"Мемлекет бойынша құрылыстың соңғы параметрлері мен көрсеткіштерінің, сондай-ақ халықты әлеуметтік нысандармен қамтамасыз етудің есептеулері бұл аумақтағы ғимараттардың биіктігі 10 қабаттан аспайтынын көрсетті. Маңайдағы балабақшалар мен мектептердің жобалық қуаты тұрғындардың барлығын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

«Құрылыстың әлі басталмағанын ескере отырып, Бостандық ауданының прокуратурасы осы учаскенің аумағын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын есепке алу, сондай-ақ қоғамдық азаматтық талқылаулар жүргізу үшін уәкілетті органға қадағалау актісін енгізді», - деп түсіндірді Алматы прокуратурасы.

Жалпы, қазір жер-жерлерде BI Group құрылыстары тоқтатыла бастады. Оған бір ғана себеп бар - мемлекет осы құрылыс компания басшыларын ұстауға дайындалып жатыр деген сөз.

https://t.me/dalainside
👍13
Айдын Рахымбаев - BI Group басшысы
👍6
Forwarded from ADYRNA.KZ
Бұдан былай елімізде қолданылатын мобильді қосымшалардан қазақ тілінде қызмет көрсету талап етілмек. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Ulysmedia.kz"-ке сілтеме жасап. 
"Бұған бұрын мән бермеуші едік. Тек қана мемлекеттік органдардың сайттарына, порталдарына назар аударып келдік. Оларды мәжбүрлеп, қазақ тіліне аударттық. Бірақ олардың да сапасы төмен екенін білеміз. Қазір жақсартып жатырмыз. Оларға талап қойылды, жұмыс жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді министр Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесуде.
Мусиннің айтуынша, Facebook сынды жекеменшік сервистерден қазақ тілінде жұмыс істеуін талап ете алмайды.  Егер қазақ тілінің жоқтығына байланысты сервисті елде жауып тастаса, тұрғындар наразы болуы мүмкін.
"Бұл – нарық. Сондықтан осы сатыда қазір Америкаға бармай-ақ қояйық, жанымыздағы сервистер – 2ГИС, Яндекс болсын, соларға шығып, осындай талаптарды қойып жатырмыз. "Біздің экономикада жұмыс істегіңіз келсе, онда қазақ тілін енгізесіз" деген талап қоямыз. Сондай ұсыныстарды талқылаудамыз", – деді министр.

https://t.me/adyrnaportal
👍44👏3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎓 Елжан Біртанов ақырғы процесске дайын

Бүгін бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты негізгі сот отырысы басталады. «Бәрі жақсы, көңіл-күй жақсы. Адвокаттарым кездесу соңына дейін ешқандай түсініктеме бермеуімді сұрады. Көңіл-күй жақсы, жекпе-жекке дайынбыз. Келіңіз тыңдаңыз. Сот аяқталған соң түсініктеме береміз», - деді Біртанов, процесс алдында.
"Басыма түскен қиындық пен қайғы біткенде, немесе азайғанда бақытты боламын" деп жүріп, ТІРІ БОЛУДАН КЕШ ҚАЛЫП ҚАЛМАҢЫЗШЫ дейтін қараторғайымыздан айырылып қалдық. Жаныңыз жәннатта шалқысын! Бақұл болыңыз!

Естеріңізге сала кетейік, Торғын Жолдасбекқызы "Араша", "Кеш қалма", "Пана" кітаптарының авторы.

@kitapuzindisi редакциясы марқұмның туған-туысқандарына, отбасына қайғыра көңіл айтады.
👍5😢1
🇷🇺 Референдум және орыс тілі

Биылғы референдумда орыс тілінің Ата Заңдағы статусы дауысқа салынбайды. Соған қарамастан, кей отандастарымыз, бланкіге қаламмен осы мәселеге қатысты талап-тілектерін жазып қалдырмақ.

Азаматтар осы шара билікті халықтың пікірімен санастырып, келесі референдумде аталған мәселе көтеріледі деп сенеді.

Олар бланкке: "Мен, ҚР азаматы __, Ата Заңнан орыс тілі туралы бапты алып тастауға дауыс беремін" деп жазбақ.

https://t.me/dalainside
👍26
👍 «Қонақ үй мен сауна салмақ болған». Назарбаевтың қамаудағы құдасына несие берілмейтін болды

Қазақстан даму банкі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы құдасы, кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі холдингтің қонақ үй кешендері мен SPA-орталықтары жобасын қараудан бас тартты, деп хабарлады Кursiv.media сайты.
2021 жылдан бері ҚДБ займына үміткерлер тізімінде Medeu Park Hotel компаниясы да болған, алайда осы аптада банк бұл жобаны тізімнен алып тастаған. Банк бұның себебін «индикатив анализге қажетті құжаттар тапсырмады» деп түсіндірген.
Кursiv.media мәліметінше, Боранбаев қонақ үй кешені қаражатының үштен екісін Medeu Park Hotel компаниясы арқылы Қазақстан даму банкінен алуды көздеген.
Былтыр Алматыда өткен инвестиция форумында Medeu Park Hotel компаниясының қаржы директоры Арман Рамазанов ҚДБ-тен 10- 12,5 миллиард теңге алуды жоспарлағанын айтқан.
Кursiv.media дерегінше, кеңес заманындағы ескі «Медеу» қонақ үйі сүріліп, оның орнына үш қабатты ғимарат салына бастаған. Ол Medeu Park Hotel 2022 жылғы желтоқсанда ашылады деп жоспарланған. Алайда нысан паспортындағы ақпаратта құрылыс 2024 жылғы наурызда аяқталатыны жазылған.
Боранбаевқа тиесілі тағы бір компания өтінішін Қазақстан даму банкі қабылдамады, деп хабарлады басылым. Бұл компания Бутаковка шатқалында Butakovka Wellness&SPA сауықтыру кешенін салуды көздеген. Құрылысқа 13 миллиард теңге қажет. Қаражаттың бір бөлігін компания Қазақстан даму банкінен алғысы келген, деп жазды Кursiv.media. 👍
👍6
Forwarded from ADYRNA.KZ
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгінде сахнада өздерін ерсі ұстап, боғауыз айтқан ИК тобы әншілерінің қылығы дүйім жұрттың назарына ілікті. Бұл мәселе туралы әнші Нұрлан Албан да өз пікірін ортаға салды.

https://t.me/adyrnaportal
👍6
Арыстанбек Мұхамедиұлы уақытша тергеу изоляторына қамалды
🔥7👍52
📣Антикоррупциялық қызмет тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады

Әлеуметтік желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы облысы бойынша Жол полициясының екі қызметкерін ұстағаны туралы ақпарат таратылуда.

Бұған дейін полиция қызметкерлері мәслихат хатшысын жауапқа тартқаны хабарланған болатын.

Антикоррупциялық қызмет атынан аталған фактілер бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ екенін хабарлаймыз.

Жұртшылықтан жалған ақпарат таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
👍7
📣 Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін айыпталуда

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түлкібас ауданы әкімінің орынбасарына қатысты жеңімпаз деп тануға қолдау көрсеткені және Мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны үшін құрылыс компаниясының директорынан 4 миллион теңге сомасында делдал арқылы пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Күдікті тұлғалар ұсталып, Түркістан қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
👍3
Forwarded from BAQ.kz
Референдумның әр қатысушысы дауыс беру орнын ауыстыруға құқылы

@baq_kz
👍3
🐄 Мемлекет сауын сиыр болудан бас тартты

Қазақстандағы ірі кәсіпорындарды қаржыландырумен айналысып келген "Қазақстанның даму банкі" акционерлік қоғамы "Бәйтерек" холдингіне қарайды. Банктің капиталы 535 миллиард теңгеден асып отыр. Бұған дейін, оны Назарбаевқа жақын олигархтар сауын сиыр сияқты пайдаланып, өз зауыт-фабрикаларына арзан кредит алып келген болатын. Тіпті көбісінен ақша ұрланып, кәсіпорындар банкротқа ұшырап, ақыр аяғы түкке тұрғысыз залог ретінде мемлекетке қайтып, бюджетті зор шығынға ұшыратқан. Күйіп кеткен жобалармен мемлекет әлі күнге дейін не істерін білмейді, және "Бәйтерек" холдингінің тағы бір еншілес ұйымы - "Қазақстанның инвестициялық қорының" балансында ұстап отыр.

Енді мемлекеттің аузы күйіп, олигархтарға несие бермейтін болды. "Қазақстанның даму банкі" Тимур Құлыбаевқа қатысты жобаларды қаржыландырудан бас тартты. «Almex Petrochemical» ЖШС терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат шығаратын зауыт, ал «QAZSUGAR Co» ЖШС Жамбыл облысында қант қызылшасын өңдейтін зауыт салмақшы болған. Енді Құлыбаевқа өз ақшасын салу керек, не жобалары тоқтамақ.

https://t.me/dalainside
👍14
Бүгін Чемпиондар кубогын кім алады?
Final Results
47%
Ливерпуль
53%
Реал
🚇 30 мамырда Алматыда «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро станциялары ашылады.

Ол туралы Алматы метрополитені хабарлады. Ашылу сағат 10:00-ге жоспарланған. Жаңа бекеттердің арқасында жолаушылар ағыны күніне 40 мың адамнан 86 мың адамға дейін артады деп күтілуде. Сонымен, метро Абай мен Момышұлы көшелерінің қиылысына дейін ұзаратын болды.

https://t.me/dalainside
👍18
💲 Қамауға алынған Арыстанбек Мұхамедиұлы "жымқырылды" деген 140 млн теңгені орнына қоюға дайын

Бұл туралы тергеу барысынан хабары бар @dalainside дереккөзі хабарлады.

Бірақ мемлекет 140 миллион теңгемен қанағаттанғысы келмейді. Тергеу тарапынан Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен енесіне жазылған, туыстарының қатысы бар активтердің толық көлемі, олардың қандай жолмен келгені жіті тексерілуде. Егер мол дүние-мүліктің жемқорлықпен келгені анықталса, олар түгел тәркіленетін болады. Мухамедиұлының ірі мүліктерінің ішінен Елордадағы "Дипломат" (отель, бизнес-орталық), "Шапағат" базары, Алматыдағы "Tulpar resort" кешенін айта аламыз. Тарихы терең "Қазақ энциклопедиясы" да Ұлттық музей басшысына бағынады. Оны мемлекет жекешелендіру аясында 222 миллион теңгеге сатқан болатын. Одан бөлек, Мұхамедиұлының отбасы газ, туризм бизнесімен де айналысады.

@dalainside каналымен тілдескен елордалық пиар мамандар қазір Арыстанбектің имиджін ақпарат айдынында қорғау бойынша ұсыныс пайда болғанын айтады. Ол кампанияны сотқа дейін жүргізу жоспарланған. Белгілі өнер адамдары, суретшілер, музыкант, жазушылардың Арыстанбекті ақтаған пікірлері электронды БАҚ беттерінде, фейсбук аккаунттар мен топтарда, телеграм арналарда жарияланбақ. Пиар кампания қазақ және орыс тілдерінде жүргізілмек.

https://t.me/dalainside
👍13
Арыстанбек Мұхамедиұлы...
📣 Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша 146 миллион теңге сомасында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді.

2022 жылғы 28 мамырда соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тергеу жалғасуда.
Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
Forwarded from ADYRNA.KZ
Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан мен Әзірбайжан ойыны алдында жанкүйерлерге үндеу жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  Vesti.kz сайтына сілтеп.

"Құрметті жанкүйерлер!
Қазақстан футбол федерациясы УЕФА Ұлттар лигасында Молдовамен өткен ойында біздің құрамаға көрсеткен қолдауларыңыз үшін жанкүйерлерге алғыс білдіреді.

Осы матчта жанкүйерлердің трибунадан заттарды лақттырғаны және алаңға жүгіріп шыққаны үшін УЕФА тарапынан Қазақстан футбол федерациясына 19 250 еуро көлемінде айыппұл салынды.
Мұндай әрекеттер жалғасатын болса, УЕФА ұлттық құраманың ойындарына одан да қатаң талап қоюы ықтимал.
Мәселен, ұлттық құраманың ойындарына жанкүйерлерді қатыстырмау туралы шешім шығаруы мүмкін. Сол себепті алдағы ойындарында қолдаудың жоғары әрі мәдениетті деңгейін көрсетуге шақырамыз.

Түсіністік танытқан әр жанкүйерге ыстық ықыласымызды білдіріп, ұлттық құраманы әрқашан қолдайды үміттенеміз!", - делінген федерациясынң қалдырған хабарласмасында.
👍8
Назарбаев референдумға баратын болды

Бұл туралы ол саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа берген эксклюзивті сұхбатында айтты.

"Бұл бірқалыпты саяси трансформация және қоғамдағы саяси қайшылықтарды басу үшін жасалды", - деді Назарбаев.

Назарбаев президент Тоқаевты және оның Қазақстанды реформалау мен дамыту бойынша қадамын әрқашан қолдайтынын атап өтті.

https://t.me/dalainside
👍6👎1