«Жас Алаштың» журналистері Шәміл Әбілтайдың «Қаңтар қырғыны» күйін «Үтік басқан» деп өзгертіп берді
Белгілі журналист Жарас Кемелжан «Жас Алаш» газетінің редакциясына жаңа күйімен келген Шәміл Әбілтайдың «Қаңтар қырғыны» деген күйін «Үтік басқан» деп өзгертіп бергендерін әлеуметтік желіде жария етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Редакцияға арнайы келген күйші Шәміл Әбілтай келіпті. «Қаңтар қырғыны» деген күйін шертіп, «Азамат Батырбаевқа арнадым» деді.
Күйді тыңдап болғаннан кейін «Жас Алаш» газетінің жауапты хатшысы Нұрымжан Мауытов:
– Қазақта «Көбік шашқан», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан» деген күйлер бар. Сіздің күйдің аты «Үтік басқан» болсын, – деп ойын ортаға салды.
Бұған Шәміл аға қатты риза болып, орнынан тұрып қолын беріп тұрып рақметін айтты.
Осылайша «Жас Алаштың» редакциясында «Үтік басқан» деген күй қайта туды.
Елімізде орын алған әрбір саяси оқиға күйші Шәміл Әбілтайдың шабытын оятып, жаңа күй шығаруға итермелейтіні білігіл.
Айталық, Шәміл Әбілтай Назарбаев президент болып тұрғанда оған да күй арнаған болатын. Бірақ күйші Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаевқа арнаған күйін өртеп жібергенін айтқан-ды. Сол кезде ол:
– Патша елмен бірге бола ма деген үміт болды, бізде. Мынадай жағдайдан кейін күйдің киесіне қалмайын деп өртеп жібердім. Күй – қазақтың бойтұмары. Бұрын Гете мен Бетховен де Нопалеонға арнап шығарма жазған. Кейін қатты ренжіп, өкінген деседі. Менің де көңіл-күйім осындай, – деген еді.
Күйші әлгі күйдің нотасын өртеп, Назарбаев туралы күйді ойдан шығарып тастағанын тілшілерге айтқан еді.
Есесіне 7 қаңтардағы Тоқаевтың үндеуінен кейін күйші жігерленіп, жаңа күй шығарған-ды.
– «Қаңтар қаһарманы» деген күйім өлгендерге тағзым, тірі қалғандарға рух беру үшін шығарылды. Менен «Шәміл, неше күйің бар?» десе бір ғана күйім бар деуім мүмкін. Ол – «Қаңтар қаһарманы». Қасым-Жомарттың атасына «Тоқай тағдыры» деген күймен құлпытас қойдым. 30-жылдары ашаршылық құрбаны болған ғой. Оның моласы да жоқ. Аштан өлген 4 млн адамның бірі, – деген еді. Енді сол күй «Үтік басқан» болып өзгерді.
👍😁

DalaNews | Қала мен Дала газеті
«Жас Алаштың» журналистері Шәміл Әбілтайдың «Қаңтар қырғыны» күйін «Үтік басқан» деп өзгертіп берді | DalaNews
Белгілі журналист Жарас Кемелжан «Жас Алаш» газетінің редакциясына жаңа күйімен келген Шәміл Әбілтайдың «Қаңтар қырғыны» деген күйін «Үтік басқан» деп өзгертіп бергендерін әлеуметтік желіде жария етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz. Редакцияға арнайы келген…
👍9👎1
👉 Балқаштан басқа амал жоқ
Қазақстанда атом электр станциясы салынса, оны Балқаш көлінің жағасына салу қажет. Себебі, онда дайындалған арнайы орын бар.
Қазақстанда ғалымдар мен қоғам қайраткерлері АЭС құрылысы мүмкіндігін талқылай бастады. Осы мәселені 2040 жылға дейін шешпесек, одан кейін қиын болады.
https://t.me/dalainside

👍4
Forwarded from ADYRNA.KZ
😱 Қазақстандық әзіл-сықақшы Тұрсынбек Қабатов «Абырой» атты жаңа саяси партияны құруды жоспарлап отыр. Қолдайсыздар ма? 😁👇👇👇
👎66😁17👏9👍8💩8
Forwarded from BAQ.kz
👍21😱7
⚡ BI Group басшысы, миллиардер Айдын Рахымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғау мәселесі осы аптаның соңында шешілетін болады
Бұл туралы, жағдаймен таныс @dalainside дереккөзі хабарлады. Оның айтуынша, Антикор мамыр айы бойы 2021 жылы жабылып қалған BI Group-тың ковидті модульді госпитальдар тұрғызу барысындағы қылмыстық ісіндегі материалдарды қайта көтеріп, таныса бастаған. Көп жағдайда, қылмыстық істің фигуранттары өзгертіліп, басты кінәлі басшылары жауапкершіліктен тайқытылып отырғаны анықталды. Оған сол кезде Премьер-Министр болып отырған Асқар Маминның қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.
BI Group қаржылық есептілігін ашық көрсетпейтін, табысы да, выручкасы, обороты да қанша екені белгісіз компания. Холдинг бұқаралық ақпарат құралдарының ресми сауалдарына жауап бермеуді әдетке айналдырған.
Тергеу органдарында жеткілікті материал жиналса да, Айдын Рахымбаев бойынша ақырғы шешімді Ақорда қабылдайды. Оның басты себебі - компания жұмысы тұраласа, құрылысқа ақша құйып қойған үлескерлердің зардап шегетіндігінде болып отыр. Бұл жағдай әлеуметтік кризис туғызуы мүмкін.
BI Group пен оның басшыларының қаржылық операциялары мен аударымдары Қаржы мониторингі агенттігі тарапынан жіті қадағалауға алынған.
Басты тапсырма - Айдын Рахымбаев және оның серіктестері үлескерлердің ақшасын жинап алып, шетелге қашып кетпеуі тиіс. Себебі, бұл кезде мемлекет ауыр қаржылық шығынға ұшырайды. BI Group нысандарын салып бітіру, тіпті ол "Қазақстанның тұрғын үй компаниясы" тарапынан кепілдендірілген жағдайда да, бір күнде бітетін оңай іс емес.
"ҚУАТ" корпорациясының банкроттығынан басталған үлескерлер проблемасын мемлекет 10 жыл бойы 4 миллиард доллар құйып әрең шешкен болатын. Енді ондай проблемаға қайта жолағысы келмейді.

👍8❤1
Forwarded from ADYRNA.KZ
Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, қатысты деген күдікке ілінген депутат, кәсіпкер Қайрат Құдайберген желіде әділдікті талап етіп хат жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Мен өмірде көп ауыр сөз естідім. "Өмірде ештеңеге қол жеткізе алмайсың!" деді мұғалім, маған ешбір сезімсіз: "Сен өту баллын жинамадың..." деді ҰБТ-дағы қабылдау комиссиясының мүшесі, ал маған 2008 жылғы дағдарыста менің банкирім маған: "Сен банкротсың!", деді. "Досың енді арамызда жоқ", - деді маған жақын адамның анасы.
Менің өмірімде мұндай сөздер көп болды. Бірақ тұтқындалғанымның 30-шы күні тергеушілер қолыма кісен салып алып бара жатқанда, баспалдақтың жанында бірер сәт көрген 5 жасар ұлым Қасымханнан естіген сөздер мен үшін ең ауыры болды...
Оның сөзі әлі күнге дейін құлағымда және жүрегімде күннің күркіреуі сияқты естіледі: "Әке, мен сіздің сыртқы түріңізді ұмытып қалдым. Мен сені көптен бері көрмедім..." Осы кезде ішімде бірдеңе жарылып кетті, бірақ сол кезде бір нәрсе күшейе түсті.
Біздің мемлекетімізде орын алатын ең ұят нәрсе, ол кінәсіз адамды түрмеге жабудан басқа, қысым көрсету үшін оның балалары мен әйелімен кездесуіне рұқсат бермеу. Бірақ ол жақтағылардың бәрі ондай емес, арасында абырой ойлайтын адамдар да бар. Бүгін маған керегі тек Әділеттілік!", — деп жазды кәсіпкер өз парақшасында.
Сөзінің сөзінда ол: "2 маусымда ұлым Қасымхан 6 жасқа толады. Алайда мына әділетсіз жүйенің кесірінен оны көруім де, тіпті құттықтауым да екіталай" - деп жазды.

😢14👍6
Forwarded from ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 🇰🇿
Тараз қалалық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді
16.05.2022 жылы Антикоррупциялық қызмет Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаровқа қатысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін 1 млн. теңге сомасында пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
ҚР ҚПК 201-б. тәртібінде өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424

👍1
Forwarded from ULYS
⚡️Утилизациялық алымды артық төлегендердің қаражаты 25 мамырдан бастап қайтарылады
“Жасыл даму” АҚ баспасөз қызметі техникалық жұмыстардың аяқталғанын хабарлайды.
Жеке кабинетке кіру 25 мамырдан бастап ашық болады. «14 мамырдан кейін (қоса алғанда) ескі мөлшерлемелер бойынша өтінім берген жеке және заңды тұлғалар кәдеге жарату алымына артық төленген соманы қайтарып ала алады.
Ол үшін «E-otinish» электрондық платформасы арқылы электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қоя отырып, өтініш беру қажет.
Өтініште төлем тапсырмасын қоса бере отырып, қайтаруды жүзеге асыру үшін өтінімнің нөмірін, шоттың деректемелерін көрсету қажет» делінген хабарламада.
Бұған дейін Үкімет шетелден кіргізілетін көлік құралдары үшін утилизациялық алым мөлшерін 50 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдаған болатын.
Атап айтқанда, жеңіл және жүк көліктер мен ауылшаруашылық техникасы үшін кәдеге утилизациялық алымның базалық мөлшерлемесі 50 айлық есептік көрсеткіштен 25 АЕК-ке дейін қысқартылды.
https://t.me/ulys1
“Жасыл даму” АҚ баспасөз қызметі техникалық жұмыстардың аяқталғанын хабарлайды.
Жеке кабинетке кіру 25 мамырдан бастап ашық болады. «14 мамырдан кейін (қоса алғанда) ескі мөлшерлемелер бойынша өтінім берген жеке және заңды тұлғалар кәдеге жарату алымына артық төленген соманы қайтарып ала алады.
Өтініште төлем тапсырмасын қоса бере отырып, қайтаруды жүзеге асыру үшін өтінімнің нөмірін, шоттың деректемелерін көрсету қажет» делінген хабарламада.
Бұған дейін Үкімет шетелден кіргізілетін көлік құралдары үшін утилизациялық алым мөлшерін 50 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдаған болатын.
Атап айтқанда, жеңіл және жүк көліктер мен ауылшаруашылық техникасы үшін кәдеге утилизациялық алымның базалық мөлшерлемесі 50 айлық есептік көрсеткіштен 25 АЕК-ке дейін қысқартылды.
https://t.me/ulys1
👍9🥰1😁1
🏗️ BI Group мәселесін прокуратура қарай бастады
Алматы қаласының прокуратурасы Егізбаев көшесінде орналасқан бұрынға автопарктің орнына тұрғын үй кешенін салуды тоқтатып тастады. Оны BI Group құрамына кіретін LK Astana Realty Plus компаниясы сала бастаған еді.
"Мемлекет бойынша құрылыстың соңғы параметрлері мен көрсеткіштерінің, сондай-ақ халықты әлеуметтік нысандармен қамтамасыз етудің есептеулері бұл аумақтағы ғимараттардың биіктігі 10 қабаттан аспайтынын көрсетті. Маңайдағы балабақшалар мен мектептердің жобалық қуаты тұрғындардың барлығын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
«Құрылыстың әлі басталмағанын ескере отырып, Бостандық ауданының прокуратурасы осы учаскенің аумағын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын есепке алу, сондай-ақ қоғамдық азаматтық талқылаулар жүргізу үшін уәкілетті органға қадағалау актісін енгізді», - деп түсіндірді Алматы прокуратурасы.
Жалпы, қазір жер-жерлерде BI Group құрылыстары тоқтатыла бастады. Оған бір ғана себеп бар - мемлекет осы құрылыс компания басшыларын ұстауға дайындалып жатыр деген сөз.

👍13
Forwarded from ADYRNA.KZ
Бұдан былай елімізде қолданылатын мобильді қосымшалардан қазақ тілінде қызмет көрсету талап етілмек. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Ulysmedia.kz"-ке сілтеме жасап.
"Бұған бұрын мән бермеуші едік. Тек қана мемлекеттік органдардың сайттарына, порталдарына назар аударып келдік. Оларды мәжбүрлеп, қазақ тіліне аударттық. Бірақ олардың да сапасы төмен екенін білеміз. Қазір жақсартып жатырмыз. Оларға талап қойылды, жұмыс жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді министр Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесуде.
Мусиннің айтуынша, Facebook сынды жекеменшік сервистерден қазақ тілінде жұмыс істеуін талап ете алмайды. Егер қазақ тілінің жоқтығына байланысты сервисті елде жауып тастаса, тұрғындар наразы болуы мүмкін.
"Бұл – нарық. Сондықтан осы сатыда қазір Америкаға бармай-ақ қояйық, жанымыздағы сервистер – 2ГИС, Яндекс болсын, соларға шығып, осындай талаптарды қойып жатырмыз. "Біздің экономикада жұмыс істегіңіз келсе, онда қазақ тілін енгізесіз" деген талап қоямыз. Сондай ұсыныстарды талқылаудамыз", – деді министр.
https://t.me/adyrnaportal

👍44👏3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎓 Елжан Біртанов ақырғы процесске дайын
Бүгін бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты негізгі сот отырысы басталады. «Бәрі жақсы, көңіл-күй жақсы. Адвокаттарым кездесу соңына дейін ешқандай түсініктеме бермеуімді сұрады. Көңіл-күй жақсы, жекпе-жекке дайынбыз. Келіңіз тыңдаңыз. Сот аяқталған соң түсініктеме береміз», - деді Біртанов, процесс алдында.

Forwarded from Кітап үзіндісі
"Басыма түскен қиындық пен қайғы біткенде, немесе азайғанда бақытты боламын" деп жүріп, ТІРІ БОЛУДАН КЕШ ҚАЛЫП ҚАЛМАҢЫЗШЫ дейтін қараторғайымыздан айырылып қалдық. Жаныңыз жәннатта шалқысын! Бақұл болыңыз!
Естеріңізге сала кетейік, Торғын Жолдасбекқызы "Араша", "Кеш қалма", "Пана" кітаптарының авторы.
@kitapuzindisi редакциясы марқұмның туған-туысқандарына, отбасына қайғыра көңіл айтады.

👍5😢1
🇷🇺 Референдум және орыс тілі
Биылғы референдумда орыс тілінің Ата Заңдағы статусы дауысқа салынбайды. Соған қарамастан, кей отандастарымыз, бланкіге қаламмен осы мәселеге қатысты талап-тілектерін жазып қалдырмақ.
Азаматтар осы шара билікті халықтың пікірімен санастырып, келесі референдумде аталған мәселе көтеріледі деп сенеді.
Олар бланкке: "Мен, ҚР азаматы __, Ата Заңнан орыс тілі туралы бапты алып тастауға дауыс беремін" деп жазбақ.

👍26
👍 «Қонақ үй мен сауна салмақ болған». Назарбаевтың қамаудағы құдасына несие берілмейтін болды
Қазақстан даму банкі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы құдасы, кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі холдингтің қонақ үй кешендері мен SPA-орталықтары жобасын қараудан бас тартты, деп хабарлады Кursiv.media сайты.
2021 жылдан бері ҚДБ займына үміткерлер тізімінде Medeu Park Hotel компаниясы да болған, алайда осы аптада банк бұл жобаны тізімнен алып тастаған. Банк бұның себебін «индикатив анализге қажетті құжаттар тапсырмады» деп түсіндірген.
Кursiv.media мәліметінше, Боранбаев қонақ үй кешені қаражатының үштен екісін Medeu Park Hotel компаниясы арқылы Қазақстан даму банкінен алуды көздеген.
Былтыр Алматыда өткен инвестиция форумында Medeu Park Hotel компаниясының қаржы директоры Арман Рамазанов ҚДБ-тен 10- 12,5 миллиард теңге алуды жоспарлағанын айтқан.
Кursiv.media дерегінше, кеңес заманындағы ескі «Медеу» қонақ үйі сүріліп, оның орнына үш қабатты ғимарат салына бастаған. Ол Medeu Park Hotel 2022 жылғы желтоқсанда ашылады деп жоспарланған. Алайда нысан паспортындағы ақпаратта құрылыс 2024 жылғы наурызда аяқталатыны жазылған.
Боранбаевқа тиесілі тағы бір компания өтінішін Қазақстан даму банкі қабылдамады, деп хабарлады басылым. Бұл компания Бутаковка шатқалында Butakovka Wellness&SPA сауықтыру кешенін салуды көздеген. Құрылысқа 13 миллиард теңге қажет. Қаражаттың бір бөлігін компания Қазақстан даму банкінен алғысы келген, деп жазды Кursiv.media. 👍

👍6
Forwarded from ADYRNA.KZ
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгінде сахнада өздерін ерсі ұстап, боғауыз айтқан ИК тобы әншілерінің қылығы дүйім жұрттың назарына ілікті. Бұл мәселе туралы әнші Нұрлан Албан да өз пікірін ортаға салды.
https://t.me/adyrnaportal
https://t.me/adyrnaportal
👍6