DALA INSIDE
10.8K subscribers
401 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🏦 Олигарх Тимур Кұлыбаев Халық банктен айрыла ма?

@dalainside дереккөзі мәліметінше, билік пен олигарх арасында ауыр келіссөздер жүруде. Тимур мен Динара Құлыбаевалар Forbes дерегі бойынша «Алмэкс» холдингі арқылы Халық банкінің 56,39 пайыз акцияларына иелік етеді. Ал «Алмэкс» АҚ 2020 жылдың қортындысы бойынша аудиттелген қаржылық есебінде холдинг Халық банкінің 64,9 пайыз акциясын ұстап отыр деп көрсетілген. «Алмэкс» (демек Халық банк) Құлыбаевтардың ең маңызды активі болып саналады.

Мемлекет неге Халық банкіне қадалып отыр?

Халық банкі мемлекет есебінен проблемасы толық (кем дегенде 2 триллион теңге) шешілген Казкомды небары 2 теңгеге сатып алған болатын. Мемлекет ол көмекті Халық банк акцияларының есебінен қайтарғысы келеді. Егер мемлекет Халық банк акцияларын алса, ол "Байтерек" холдингіне қарасты "Қазына Капитал менеджмент" басқаруына берілуі тиіс.

Халық банкі қанша тұрады және мемлекетке қанша пайыз акциялары өтуі тиіс? Қазір тараптар қызу саудаласып жатыр. Тіпті ол сауда осы жылдың аяғына дейін жүруі мүмкін.

https://t.me/dalainside
👍10
Тимур мен Динара Құлыбаевтар - Қазақстандағы олигархтар тізіміндегі алғашқы бестікте
👍2💩1
«Нығматулиннің ұлы қызметінен кетті». Ол басқарған компания нарықта монополия орнатты


Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиинің ұлы Нұржан Нұрланов «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясының бас директоры қызметінен кетіп, оның орнына Ильдар Шамсутдинов тағайындалды.
Нұржан Нұрланов бұл қызметке 2019 жылдың ақпан айында тағайындалған болатын. Қаңтар оқиғасынан кейін оның әкесі Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы қызметінен кеткен еді.
Содан бері биліктің жалына мықтап жармасқан Нығмаулиндердің ықпалы әлсірей бастаған-ды. Десекте, Нығматулиндер маңайын топтасқан адамдар өз ықпалын жоғалтпау үшін барын салатыны анық.
Осыған дейін Нұржан Нығматулин басқарып келген «ҚазМұнайГаз-Аэро» «Самұрық-Қазына» Ұлттық компаниясының құрамына кіретін көптеген компаниялардың бірі болады.
Аталымыш компания 2014 жылы құрылған болатын. Үкіметтің Қауылысымен «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы ҚР Қорғаныс министрлігіне, ҚР ҰҚК Шекара қызметіне, Ұлттық гвардияға және Төтенше жағдайлар министрлігіне қажетті бензин, дизель отыны, мазут және авиа жанармай жеткізетін бірден-бір компания болып бекітілген-ді.
Яғни, «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы өздерінің өнімін кімдерге сатамыз деп бас ауыртқан емес. Мұнай өңдеу зауыттарынан қажетті жанармайды алып, сатып алушыға еш қиналмай жеткізіп береді.
Мұндай компанияны университетті жаңадан бітірген кез келген адам басқарып кететіні анық. Сондықтан 2014 жылдан бері Нұржан Нығматулин «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясын дамыту үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей еңбек етті деп айтуға келмейді.
Мұндай компаниялар тұрғанда елімізде шағын және орта бизнес еркін дамиды деп айтудың өзі қиын.
Қазіргі таңда әр облыста жанар-жағармай жеткізу ісімен айналысатын шағын компаниялар бар. «ҚазМұнайГаз-Аэро» сынды компаниялар оларды тұншықтырып отырғаны жасырын емес.
Үкіметтің жекелеген компанияның мүддесін қорғап арнайы Қауылы шығарып, күштік құрылымдардың сол компаниядан жанармай сатып алуын міндеттеп қою нарықтың заңдылығына қайшы әрекет.
Сондықтан қандайда бір қызметті монополиялап алған мұндай компанияларды тарқатып, олардың орнына бәсекеге қабілетті кәсіпкерлерді тарту керек.
Бүгінде әр облыста әскери бөлімдер, шекара және төтенше жағдай қызметі жұмыс істеп тұр. Оларға сол өңірдегі шағын компаниялар жанар-жағармай жетікізіп, беретін мүмкіндік болса, өңірлерде кәсіпкерлік пен бәсекелестік жақсы дамитын еді.
Барлық майлы жілікті «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясына ұстата салудан ұтылмасақ, ұтпаймыз. Сондықтан Жаңа Қазақстанда нарықты монополиялап алған мұндай орын болмауы керек.

https://t.me/dalainside
👍17
👍5👎4
😞Бүгін Шымкентте футбол матчы кезінде стадионның шатыры құлады, – деп хабарлайды КазТАГ ақпараттық агенттігі.

Агенттіктің таратқан мәліметінде стадионның шатыры құлаған кезде ешкім зардап шекпеген.
Оқиға Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы стадионда орын алған. Дәл сол сәтті «Ордабасы» мен «Ақсу» футбол командаларының ойыны болып жатқан. Ойын оқыс оқиғадан кейін ойын тоқтатылған.

Шатырдың құлауына күшті жел себепші болған. Сол сәтте желдің соғуы секундына 20 метерге дейін жеткен. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі апаттың салдарын жойып жатыр.
Forwarded from ADYRNA.KZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандағы барлық ұлт өкілдерін біріктіретін - қазақ тілі. Келісесіздер ме?

https://t.me/adyrnaportal
👍73
Forwarded from BAQ.kz
Жеңіс құтты болсын, Қазақ елі!

Жәнібек Әлімханұлы Дэнни Дигнумды екінші раундта нокаутқа түсіріп, Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBO) тұжырымы бойынша орта салмақта regular әлем чемпионы атанды

@baq_kz
👍71👏3
Олжас Сүлейменов те жеке партия құрмақ. Оның саяси партиясы "Қазақстанның халық конгрессі" деп аталады. Ертең түске дейін Олжас Омарұлы журналистерді жинап, болашақ партия туралы баспасөз-мәслихатын өткізеді.
👎8🤔4👍3🤮1
🧪 Қазақстанда сперма қымбаттады

"Былтыр порциясы 25 мың теңге тұратын сперма биыл 70 мың теңгеге қымбаттап кеткен", - деп жазады, Экспресс К.

Бірақ ЭКО жасап жатқан жұптар басқа донордың спермасын емес, өз күйеуінің ұрығын пайдаланғысы келеді. Онымен бірге, ереже бойынша ұрықты тек 18-35 жас аралығындағы, дені сау, зиянды әдеттері жоқ ер азаматтар тапсыра алады.

https://t.me/dalainside
😁13👎2🔥2👍1
😞«Алматы – Өскемен» бағытындағы республикалық маңызы бар жолдың 393 және 395 шақырымын су шайып кеткен.
Екі учаскенің арасында 4 жүк көлігі қалып қалған. Жүргізушілермен байланыс орнатып, азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Аталған аумақта арнайы техника жұмыс жасауда.
"DALA инсайд" аудиториясының 74 пайызы референдумға қатыспақ. Сауалнама қортындысы шықты.
Forwarded from DALA INSIDE
Мемлекеттің тапсырмасымен референдум туралы сауалнамаға 6 орыстілді арна, 1 қазақтілді арна тартылды. Қазақтілді ең ірі арна болғандықтан, "DALA инсайдқа" осы сауалнаманы өткізу тапсырылды.

Сонымен, 5 маусым күні Сіз референдумға қатысасыз ба?
Final Results
74%
Ия
26%
Жоқ
👍19🔥1
🏦 "Отбасы банк" жыл сайын салымшыларға төлейтін 20% премиясына ақшаны Ұлттық қордан алады

Бұл туралы @FINANCEkaz жазады. Бұл жүйе баяғыдан бері істейді. Сондықтан 20% сыйақы - ол банк жасап отырған жақсылық емес. Ол әр қазақстандықтың "Отбасы банкте" депозит ұстап отырған отандастарына "осылар баспаналы болсыншы" деп беріп отырған шапағаты. Ал банктің өз атынан беретіні тек 2% ғана.
Қазір Отбасы банкте 1,7 млн депозит бар. Жыл басында оларға премия төлеу үшін Ұлттық қордан 61,7 миллиард теңге алынды.

Дәл осы жерде, "Отбасы банктің" сол премияны өзі де төлей салатын мүмкіндігі бар екенін айта кету керек. Банк Президент арнайы тапсырма берсе де, мемлекетке таза табысын аудармай, 203 миллиард теңге таза пайданы өзінде ұстап отыр.

https://t.me/dalainside
👍7👎7🤔1
Халық есебінен 203 млрд теңге таза кіріс жинаған банк
💲 4% автонесие: Скляр, автомагнаттар мен сақтандырушылар, банк менеджерлерінің ұлы тойы

4% несие кімге тиімді: халыққа ма, қазан ұстағандарға ма?
Бүгінге күнге дейін 100 миллиард теңгенің шамамен 36 миллиард теңгесіне мақұлдау берілген. Мұндай қарқынмен 100 млрд теңге алдағы 2 аптада толық игеріледі, одан кейін бағдарлама револьверлік қаржыландыруға көшеді. Револьверлік деген не - халық кредит өтеген сомадан ақша жиналып отырады да, сол қаржы қайтадан кредит беруге жіберіледі. Бір сөзбен айтқанда - осы жүйеге кірген 100 миллиард теңге осы ортада айналып жүре бермек.

Әрине, жеңіл несиемен көлік алатын қарапайым халық үшін куаныштымыз. Бірақ, осы 100 миллиард ақшаның негізгі бенефициары, яғни пайда табушысы - автомагнаттар мен сақтандырушы компаниялар. Негізі бұл өте сәтті ойластырылған операция болды.

1. Үкімет бәрібір Әлия Назарбаевадан тәркіленген ақшаны жеңіл несиеге жұмсап, өзіне керемет имидждік қолдау алды. Жақсы атқа ие болды;

2. 100 миллиардқа 10 мың отандық көлік сатылады. Демек, Лаврентьев, Цхайлар өздеріне заказдың сарқылмас қайнар көзін тапты. Ол 100 миллиард айналып жүре беретінін ескерсек, мол пайдаға солар кенелді;

3. КАСКО сататын сақтандырушы компаниялардың құдайы берді. Әр банк өзіне аффирленген, жақын сақтандырушы компаниясын тартып, солар арқылы кредит кезінде КАСКО жасатып жатыр. Жеңіл автокредит деп келген халық есебінен олар да мол пайдаға кенелуде. Осы жартыжылдық қортындысы бойынша біз сақтандырушы компаниялардың қаржылық есебін тексереміз, және сонда біраз рекордтық табыстарын көретініміз айдан анық;

4. Салон, банктегі қарапайым менеджерлер. Олигархтар мен топ-менеджерлері ақша күреп жатқандықтан, олар да өз деңгейінде әр клиенттен тізімге кіргізу, алға жылжыту деген себептермен 50-100 мың теңге болса да, тауып қалуға тырысуда.

Әйтеуір бәрі әрекет жасап жатыр) Ал осы керемет банкеттің счетін кім төлейді? Халық. Себебі Әлия Назарбаеваның "РОП" операторына 100 миллиард теңгені жинап берген де осы халық болатын. Енді сол 100 миллиард теңгені процентпен қарызға алып отырған кім. Дәл таптыңыз - халық. Осыдан кейін, "Қазақстан - ғажайыптар мен мүмкіндіктер елі" дегенге қалай сенбейсіз👏

https://t.me/dalainside
👍13👎6🔥5
Андрей Лаврентьев (Аллюр авто: Шевроле, КИА, JAC, Lada) - Қазақстандағы бақытты адам
Ораз Жандосов Бағдат Мусиннің кеңесшісі қызметіне кірісті

Білікті экономист Ораз Жандосов ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл жайындағы ақпаратты Бағдат Мусин өзінің Фейсбуктағы парақшасында жария етті.

"Қазіргі заманда цифрландыру барлық салаларды қамтыған. Әр саланы саралап, бұл бағыт бойынша қанша дерек цифрлық нұсқада жинақталатынын және қаншасын жүйелеу қажеттігін айқындау керек. Бұл – data driven government-ке көшу жолындағы негізгі талап.
Мысалы, геологиядағы ақпараттың цифрлық нұсқасын алайық. Тонналаған қағаздар сканерленді, бірақ ондағы мағлұматтарды түсіну қиын, сондықтан осы геологиялық деректерді «сөрелер» бойынша реттейтін тиісті база қажет. Мұндай жұмыс әр сала бойынша атқарылып, жіктеліп, өзекті деректер ұсынатын дұрыс процестер құрылуы керек!
Бұл тұрғыда біздің министрлік түрлі экономикалық саладағы қоғам белсенділерімен тығыз жұмыс істеуі тиіс.
Кейде маңызды шешім қабылдау үшін тәжірибелі кісілердің кеңесі қажет боп жатады. Маған кез келген сәтте кеңес беретін аса тәжірибелі, өзім арқа сүйейтін кісілердің бірі – Ораз Әлиұлы Жандосов.
Онымен «Қазпоштада» жұмыс істегенде танысқан болатынмын, ол кезде тәуелсіз директор болатын және Директорлар кеңесінің төрайымы Елена Бахмутовамен бірге маған тәжірибелік тұрғыда көп қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар жасаған еді. Сонда құрылған корпоративтік басқарудың сауатты жүйесін осында, яғни ЦДИАӨМ-де енгізгім келеді.
Сондықтан мен экономика саласының майталманы Ораз Жандосовқа штаттан тыс кеңесші болуға ұсыныс жасадым. Менің ұсынысымды қабыл алғаныңыз үшін алғыс айтамын!"
👍4