DALA INSIDE
10.8K subscribers
401 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
"Мен сол тұстағы Премьер-министрді сотқа бердім", - дейді Болат Әбілов.
🏳‍🌈 Кем дегенде бір Мәжіліс депутаты голубой болуы керек

Қазақстанға тікелей инвестицияларды арттырып, одан ары экономикасын өсіру үшін трансұлттық алпауыт компаниялармен барынша дос болу керек болып тұр. Осы орайда Ақорда мен АҚШ іскери, беделді топтары арасында бірнеше кездесу өткен. Батыс тарапынан қазіргі біз жасап жатқан парламенттік билік құру, президенттің өкілеттілігін қысқарту, демократиялық реформалар туралы қадамдарға өте қызу қолдау бар. ОДКБ кездесуі салқын өткеннен кейін, батыстың жалпы Қазақстанның болашағына деген сенімі күшейе бастады.

Енді тағы бір бейресми талап - гомофобияны қысқартып, ЛГБТ-ға деген мемлекеттік толеранттықты көтеру. Оның бірінші кезеңінде биліктің бір өкілі "ашық гей" деп танылсын, немесе қоғамдағы "ашық гей" не трансгендер депутат болып сайлансын деген бейресми ұсыныстар Ерлан Қаринге жеткізілген.

Қазақстан осы жағынан қиналып отыр. Қай Мәжіліс депутаты камин-аут жасап, өзін голубоймын деп мойындайды? Қазір депутаттармен ақырын жұмыс жасала бастады. Бірақ одан нәтиже шығады деп сену қиын.

Осы орайда, "көт жалағыштар" ЛГБТ деп ресми танылса ғой, шіркін" деген ой кетеді. Онда Қазақстан бірден ЛГБТ толеранттығы керемет елге айналып, барлық жағынан Батыстың өзіне үлгі болар еді. Мәди Ахметов батыс университеттеріне барып, лекция оқыр еді.

Шын мәнінде, қазір егер бір шенеуік жасырын гей болып жүрсе, оған елінің болашақ дамуы үшін камин-аут жасау керек. Және бұл сөз - қалжың емес.

https://t.me/dalainside
🤮10🤬8👍4😁3👎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Алтын орда" емес, "Ел мен жер" деп шешілді.

Болат Назарбаев "Алтын орда" партиясын құру идеясынан бас тартып, Балташ Тұрсынбаевтың "Ел мен жер" қозғалысын партияға айналдыру қажет деп шешті.

Оның алдында Болат Назарбаевтың саяси технологтары қазақтың өткен тарихын, батырлары мен салт-дәстүрін насихаттайтын "Алтын орда" партиясын құру мүмкіндігін қарастырған. Партияның негізгі тірегі шапырашты руының адамдары мен Шамалғандағы жерлестері болуі тиіс еді. Бірақ онда Болат Назарбаевтың араласқаны анық білініп қалатындықтан, дайын "Ел мен жер" қозғалысына қолдау білдіру дұрыс деп шешілді. Қозғалыстың мақсаты да сол "Алтын орда" партиясының идеяларына жақын.

Балташ Тұрсынбаевқа мықты демеушілер келіп, бетіне қан жүгірген сәті. Енді "Ел мен жер" партия бола ма? Оны уақыт көрсетеді

https://t.me/dalainside
👎6👍2
Ресейдегі McDonald`s бизнесін түрмеде отырған олигарх Қайрат Боранбаевтың "СПП" компаниясы сатып алуы мүмкін. Бұл туралы Ресей басылымы The Bell жазады
https://thebell.io/biznes-mcdonalds-v-rossii-dostanetsya-rodstvenniku-nazarbaeva-ili-sibirskomu-neftyaniku
👍2
Forwarded from BAQ.kz
❗️Конституцияға енгізілетін түзетулер туралы жалған ақпарат тарады

Telegram-чаттарда 5 маусымда өтетін республикалық референдум барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасының барлық мүшесінің құқығына қол сұғылмауына кепілдік беретін және азаматтардың салығы есебінен Назарбаев отбасын өмір бойы асырауға мүмкіндік беретін түзетулер қабылданатыны туралы ақпарат тарады.

Бұл - жалған. Әділет министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

💬"Керісінше, Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобасында Тұңғыш Президент мәртебесіне қатысты барлық нормаларды алып тастау ұсынылды", – делінген министрлік жауабында.

@baq_kz
👍10
😥 Блогер Әлібеков: ендігі тағдыры не болады?

Блогер Бейбіт Әлібеков тағы бір блогер/кәсіпкер Қайрат Құдайбергенге қатысы бар қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде танылған. Бұл туралы @dalainside дереккөзі хабарлады. Әлібековтың өзіне ешқандай кінә артылмаған. Қайрат Құдайбергеннің "Қаңтар оқиғасына" байланысты кей бұйымдары, сыйлықтары Әлібековтен дәйекзат ретінде алынған.

Әлібековте Қайраттың сыйлықтары не істеп жүр?

Әлібеков танымал болғандықтан, оны кезінде Қайрат Сатыбалды бастаған салафиттер өз мақсатына пайдаланғысы келгені анық. Бірақ Әлібеков діншіл емес, әрі сақалдылармен ортақ әңгіме, тақырып табылмады. Тек Қайрат Құдайберген сияқты "гламурный", сақалсыз салафиттер ғана, сұхбат құрып, шәйға шақырып тұрды. Сол кезде ескерткіш сыйлықтар, сувенирлер беріп жүрген.

Жалпы, шәйға шақыру, ютубқа сұхбат жасау, бірге футбол ойнаудың діншілердің арбаудағы ең негізгі құралына айналғанын көріп отырмыз. Танымал блогерлер, вайнерлер, әншілер дәл осындай арбауға ұшырап, артынан "иншалла, машалла" деп маңырап кеткен болатын.

КТЛ/БИЛ-дегі "абилердің" арбауы да осы шәйға шақыру арқылы жүзеге асатынын бұған дейін жазған болатынбыз. Бұдан шығатын бір қортынды: бейтаныс біреулер шәйға шақырып жатса, сол шәйді үйден-ақ іше салған дұрыс.

https://t.me/dalainside
👍5
Қылмыстық істе куәгер атанған блогер Бейбіт Әлібеков
Forwarded from Kozachkov offside
Зарегистрировано уголовное дело по статье «Рейдерство» в отношении Карима Масимова и Габидуллы Абдрахимова
@kozachkow
👍5
Ғабидулла Әбдірахымов та "Жаңа Қазақстанның" репрессиясына ілінді
Ғабидолла жақын сағаттарда арнайы мәлімдеме жасамақ!

Рейдерлік әрекет бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс тіркелді деген ақпарат шыққандықтан, Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов фейсбук арқылы жарияланатын мәлімдеме мәтінін дайындай бастады. Онда істің анық-қанығы айтылып, Ғабидолланың істегі статусы бойынша толық мәлімет берілмек.

Ғабидолла ресми түрде жұмыссыз. Бірақ жақында ол мемлекеттік қызмет реформасы туралы өз ойларын білдірген болатын.
😁3👍1
Нам удалось напрямую связаться с Габидуллой Абдрахимовым.

Он опровергает информацию об уголовном деле по «Рейдерству», которая сейчас массово тиражируется во всех Телеграм-каналах.

Эта информация не соответсвует действительности.

https://t.me/samalibrayeva
Ғабидулла Әбдірахымов өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жоққа шығарды.

Біз бұған дейін оның мәлімдеме дайындап жатқанын хабарлаған болатынбыз. Бірақ, ол өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын білмеуі де мүмкін
✔️ Тоқаев, Назарбаев кланының кегі мен резиденция

Назарбаев кланы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан кек алудың алғашқы фазасына кірісті. Ең басты - Тоқаевты да "алтын көрсе жолдан таятын, ішіп-жеуге кет әрі емес" адам қылып көрсету. Оның бірінші фактісі ретінде, Тоқаевқа арнайы резиденция салынып жатыр деген ақпараттардың пайда болып, оның әлемдік БАҚ назарына да бағыттала бастауы. Осы орайда, президент кеңсесіне мәселенің алдын алып, тезірек түсініктеме берген абзал. Себебі, қазір "Путин сарайы" сынды Тоқаевқа қатысы бар деректі фильмнің алғашқы кадрлары түсіріле бастады.

Екінші соққы - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Премьер-Министр болған уақытындағы жекешелендіру процессін саралап, содан түрлі зерттеулер шығару. Ол жұмыс референдум біткеннен кейін басталады.

https://t.me/dalainside
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🙉 Көрсетемін, көрсетпеймін

BI Group қожайыны Айдын Рахымбаевқа тықыр таянды және ол кәдімгідей "мазасыздана" бастады. Әр қимылында алақ-жұлақ етіп, алаңдаушылық байқалады. Оның былайша мазасыздануының үлкен себебі бар.

@negemedia BI Group-тың 1 миллиард теңге салықтан жалтарғанын анықтаған болатын. Бірақ ол да қатты бір үлкен кінә емес.

Рахымбаев ковидке қарсы модульді госпитальдар салу барысында мемлекет қаржысын талан-таражға салды деген күдікпен қозғалған қылмыстық істі "Қаңтар оқиғасына" дейін, Асқар Мамин мен Дариға Назарбаевалардың дәурені жүріп тұрған кезде "крышаларын" іске қосып, жапқызып тастаған болатын. Қазір Антикор тарапынан сол істі қайта көтеру бойынша әңгімелер шыға бастады. Рахымбаевтың ең осал тұсы осы госпитальдар мен BINOM мектептері болып отыр.

Журналист Борейкоға сұхбатқа барып, ақша жарату бойынша Deloitte жасаған есеп қортындысын тек осы жерде көрсетемін, қолға бере алмаймын деп сасқаны да осы сенімсіздіктен туындап отыр. Жақында Асқар Мамин мен Рахымбаевқа қатысты жаңалық болады.
👍111
💲Ұлттық қор 4-5 жылда біте ме?

Егер Ұлттық қор таусылса, біз бюджет жыртығын жамай алмай қаламыз. Сондықтан, қазірден бастап, қорды сақтауға күш салу керек.

Baq.kz ақпаратынша, Ұлттық қор инвестициялық жұмыстан 2020 жылы 4,15 миллиард доллар тапқан. Енді, бұл жерде 2020 жылда теңгенің орташа ресми бағасы долларына 412,95 деңгейінде болғанын ескеру керек. Сонда 1,7 триллион теңгенің бізге таза инвестициялық кірістен келгенін көреміз. Сол жылы мұнайдан Ұлттық қорға небары 1,4 триллион теңге түскен еді.

Қортынды қандай?

Егер Ұлттық қорды дұрыс басқарып, өсетін акцияларды таңдай алып, мықты инвестияциялық саясат жүргізсек, біз мұнай бағасына тәуелділіктен құтыламыз. Тек ол үшін қазіргі жағдайды пайдаланып, Ұлттық қор көлемін кем дегенде 100 миллиард долларға жеткізу керек. Мұнайдың бағасы қымбат болып тұрған қазіргі уақытта оны іске асыру қиын емес. Сонымен бірге, Ұлттық қордан жыл сайын ірі көлемде ақша ала беруді тоқтату қажет. Мысалы, биыл біз қордан 4 триллион теңге аламыз. Бұл 2017, 2020 жылдардың рекордын тағы қайталау деген сөз. Келесі жылы трансфертті қалай болғанда да азайту өте маңызды болып тұр.

Егер 100 миллиард доллар жинап алып, одан жыл сайын кем дегенде 5% кіріс алып отырсақ, бізге проценттен-ақ жылына 5 миллиард доллар түсіп отырады. Тіпті мұнай бітіп қалды немесе одан әлем бас тартты деген күннің өзінде де, Ұлттық қордың негізгі қаржысына тиіспей, сол 5 миллиард доллармен бюджет дефицитін жауып отыруға мүмкіндік бар.

Сондықтан, Үкіметтің мемлекет тағдырына жаны ашыса, Ұлттық қорды барынша сақтау маңызды.

https://t.me/dalainside
👍18
Асқар Мамин - Ұлттық қорды аяусыз жұмсап, әбден құртып тастаған Премьер-министр. Оның кезінде Ұлттық қор 6 миллиард $ жоғалтты
🤔17😱10👎5👍4🥰1🤮1
🏦 Олигарх Тимур Кұлыбаев Халық банктен айрыла ма?

@dalainside дереккөзі мәліметінше, билік пен олигарх арасында ауыр келіссөздер жүруде. Тимур мен Динара Құлыбаевалар Forbes дерегі бойынша «Алмэкс» холдингі арқылы Халық банкінің 56,39 пайыз акцияларына иелік етеді. Ал «Алмэкс» АҚ 2020 жылдың қортындысы бойынша аудиттелген қаржылық есебінде холдинг Халық банкінің 64,9 пайыз акциясын ұстап отыр деп көрсетілген. «Алмэкс» (демек Халық банк) Құлыбаевтардың ең маңызды активі болып саналады.

Мемлекет неге Халық банкіне қадалып отыр?

Халық банкі мемлекет есебінен проблемасы толық (кем дегенде 2 триллион теңге) шешілген Казкомды небары 2 теңгеге сатып алған болатын. Мемлекет ол көмекті Халық банк акцияларының есебінен қайтарғысы келеді. Егер мемлекет Халық банк акцияларын алса, ол "Байтерек" холдингіне қарасты "Қазына Капитал менеджмент" басқаруына берілуі тиіс.

Халық банкі қанша тұрады және мемлекетке қанша пайыз акциялары өтуі тиіс? Қазір тараптар қызу саудаласып жатыр. Тіпті ол сауда осы жылдың аяғына дейін жүруі мүмкін.

https://t.me/dalainside
👍10
Тимур мен Динара Құлыбаевтар - Қазақстандағы олигархтар тізіміндегі алғашқы бестікте
👍2💩1
«Нығматулиннің ұлы қызметінен кетті». Ол басқарған компания нарықта монополия орнатты


Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиинің ұлы Нұржан Нұрланов «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясының бас директоры қызметінен кетіп, оның орнына Ильдар Шамсутдинов тағайындалды.
Нұржан Нұрланов бұл қызметке 2019 жылдың ақпан айында тағайындалған болатын. Қаңтар оқиғасынан кейін оның әкесі Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы қызметінен кеткен еді.
Содан бері биліктің жалына мықтап жармасқан Нығмаулиндердің ықпалы әлсірей бастаған-ды. Десекте, Нығматулиндер маңайын топтасқан адамдар өз ықпалын жоғалтпау үшін барын салатыны анық.
Осыған дейін Нұржан Нығматулин басқарып келген «ҚазМұнайГаз-Аэро» «Самұрық-Қазына» Ұлттық компаниясының құрамына кіретін көптеген компаниялардың бірі болады.
Аталымыш компания 2014 жылы құрылған болатын. Үкіметтің Қауылысымен «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы ҚР Қорғаныс министрлігіне, ҚР ҰҚК Шекара қызметіне, Ұлттық гвардияға және Төтенше жағдайлар министрлігіне қажетті бензин, дизель отыны, мазут және авиа жанармай жеткізетін бірден-бір компания болып бекітілген-ді.
Яғни, «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы өздерінің өнімін кімдерге сатамыз деп бас ауыртқан емес. Мұнай өңдеу зауыттарынан қажетті жанармайды алып, сатып алушыға еш қиналмай жеткізіп береді.
Мұндай компанияны университетті жаңадан бітірген кез келген адам басқарып кететіні анық. Сондықтан 2014 жылдан бері Нұржан Нығматулин «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясын дамыту үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей еңбек етті деп айтуға келмейді.
Мұндай компаниялар тұрғанда елімізде шағын және орта бизнес еркін дамиды деп айтудың өзі қиын.
Қазіргі таңда әр облыста жанар-жағармай жеткізу ісімен айналысатын шағын компаниялар бар. «ҚазМұнайГаз-Аэро» сынды компаниялар оларды тұншықтырып отырғаны жасырын емес.
Үкіметтің жекелеген компанияның мүддесін қорғап арнайы Қауылы шығарып, күштік құрылымдардың сол компаниядан жанармай сатып алуын міндеттеп қою нарықтың заңдылығына қайшы әрекет.
Сондықтан қандайда бір қызметті монополиялап алған мұндай компанияларды тарқатып, олардың орнына бәсекеге қабілетті кәсіпкерлерді тарту керек.
Бүгінде әр облыста әскери бөлімдер, шекара және төтенше жағдай қызметі жұмыс істеп тұр. Оларға сол өңірдегі шағын компаниялар жанар-жағармай жетікізіп, беретін мүмкіндік болса, өңірлерде кәсіпкерлік пен бәсекелестік жақсы дамитын еді.
Барлық майлы жілікті «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясына ұстата салудан ұтылмасақ, ұтпаймыз. Сондықтан Жаңа Қазақстанда нарықты монополиялап алған мұндай орын болмауы керек.

https://t.me/dalainside
👍17
👍5👎4