DALA INSIDE
10.8K subscribers
401 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
Кеосаян мен Симоньян тұратын "Княжье озеро" коттедж қалашығы
Арыстанбектің де дәуірі өтті

Антикор бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының үйінде және ол басқаратын ҚР Ұлттық музейінде тінту жүргізді деп жазады, @kozachkow. Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер музейдің «Алтын адамның әлем мұражайларындағы шеруі» көрмесін өткізуге жұмсаған шығынын тексеруде. Бұл тендерді «Экспонат» ЖШС (директоры – Ұмсын Тобағабылова) 1,3 млрд теңгеге ұтып алып, көрме өткізген болатын. Антикор бұл компанияның Ұлттық музей басшылығымен байланысы бар-жоғын анықтап жатыр. Қазір Арыстанбек Мұхамедиұлының туыстарының дүние-мүлкі де тексерілуде.

https://t.me/dalainside
👍6
Арыстанбек Мұхамедиұлы - бұрынғы Мәдениет министрі, ҚР Ұлттық музей директоры
🤮1
Әлия Назарбаева референдумнан кейін қылмыскер атана ма?

"РОП" операторы қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғаған құзырлы органдар оның басшысы Әлия Назарбаеваға қатысты көптеген бұлтартпас дәйектер жинап қойған. Бірақ Елбасы туралы қазіргі заң Әлияны соттауға мүмкіндік бермей отыр. Егер 5 маусым күні референдум сәтті өтіп, Конституцияға өзгеріс енгізілсе, онда Елбасы туралы заңның күші жойылады.

Сол кезде Назарбаевтың қыздары мен Сара Алпысқызын жауапқа тартудың заңды негізі пайда болады.

https://t.me/dalainside
👍16
Әлия Назарбаева - "РОП" операторының бұрынғы қожайыны, бірінші президенттің үшінші қызы
💩1
Forwarded from ADYRNA.KZ
Қазақстанның бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы президентке үндеу тастады

Ол өзіне қарсы ақшаны заңсыз иемденді деген айыпты жоққа шығарды.

Әңгіме «Феникс» фильмінің түсіріліміне байланысты жемқорлық дауы туралы болып отыр.

Кинорежиссер Талғад Жаныбеков бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.

Бұған дейін БАҚ Арыстанбек Мұхамедиұлының үйінде тінту жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл ақпаратты растаған жоқ.
Арыстанбек Мұхамедиұлының Президентке ашық хаты!

Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. К. Тоқаевқа

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Мен еңбек жолын қазақтың көрнекті ғалымы, академик Ахмет Жұбанов негізін қалаған Мемлекеттік филармониядан бастадым. Бертін келе «Қазақ әуендері» Акционерлік Қоғамын құрып, менеджментке ерекше ден қойдым. Көптеген дарынды жастармен таныстым. Бірлесіп, керемет энтузиазммен жұмыс істедік.

Тоқсаныншы жылдардың соңына қарай әлемдік музыкалық мәдениеттің барлық жанрларын қамтитын, Қазақстанның Президенттік оркестрінің іргесін қаладым. Маған еліміздің ең талантты деген өкілдерін жинауға мүмкіндік берілді. Бұл жұмысты мейлінше абыроймен атқаруға тырыстым. 2006-2007 жылдар - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі, 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқардым. Бұдан кейін Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ректор болып жұмыс істедім.

Өнердің әр саласында адал атқарған қызметім ел басшылығы тарапынан елеусіз қалмаса керек, Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалдым. 2019 жылдың шілдесінен Сіздің Өкіміңізбен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры болып жұмыс жасап келемін.
Ел есінде қалды деген елеулі жұмыстарға тоқтала кетуге рұқсат етіңіз.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясында жас жеткіншектердің өмірге, өнерге деген көзқарастарын жан-жақты қалыптастыру мақсатында өн бойларында ұлттық рухты қалыптастыра отырып, тиісті кәсіптерін толықтай игеруге жағдай жасадық. Студенттер Қазақтың белгілі театр ордаларында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Әсіресе, Өнер тану факультетінің жеткіншектері У.Шекспирдің атақты «Макбет» қойылымын өз отаны Лондонның алқалы театрларында әуелі қазақ, сонан соң ағылшын тілдерінде сахналаған кезде ағылшындық өнер сүйер қауым айрықша ризашылықтарын білдірген еді.

Сондай-ақ, Мемлекеттік Эрмитажда «Алтын адам» көрмесін ұйымдастыруға ат салыстым. 20 күнге деп белгіленген көрмені Эрмитаждың директоры М.Б. Пиотровский өтініш жасап, екі айға созды. Көрмеге келушілер ата-бабаларымыздың ғажайып зергерлігіне таң қалысқан. Бұдан соң осы көрмені АҚШ-тың Вашингтон мен Нью-Йорк аралығындағы бес қаласында ұйымдастырып, Алтын адамның шеруін өткіздік.

Сол секілді Моңғолиядағы «Түркі қағанаты ескерткіштерін зерттеу» ғылыми экспедициясына жетекшілік еттім. «Этноауыл» ұлттық мәдени кешенін құру идеясының, «Ұлыстың Ұлы күні Наурыз – жаңа форматта» тұжырымдамасының авторымын (іргелі-тарихи зерттеулерге негізделген Наурызды атап өтудің замаманауи 8 жолын ұсындым).

Министр лауазымында жүрген кезімде «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «ЭКСПО – 17» шараларын кеңінен ұйымдастыруға ат салыстым, жазғы және қысқы олимпиада делегацияларын басқарып, спорт сайыстарында үлкен жетістіктерге қол жеткіздік.

Опера - музыка өнерінің шыңы десек, оның ішінде шоқтығы биік, маңдайалды туындылар Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібегі», Ахмет Жұбановтың «Абайы», Мұқан Төлебаевтың «Біржан Сарасы» қойылымдарын жаңа форматқа көшірдік. Шет елдерге шығардық.

«Open air» форматында атақты Италия композиторы Джузеппе Вердидің «Аида» операсын Астанада Бейбітшілік пен Келісім сарайы маңында, ал қазақ опера өнерінің інжу-маржаны «Біржан–Сара» операсын Бурабайда Біржанның туып өскен жері Көкшенің ашық аспанында көрермен назарына ұсынылды. Жауһар туындылар ыстық ықыласпен қабылданған-ды.
Қысқасы, мен бар саналы ғұмырымды мемлекет пен халықты біріктіріп отыратын ұлттық идея ісіне бағыттап келемін.
Қазақ киносының тынысын ашып, әлемдік өркениетке батыл бет алуына да үлес қосуға ат салысып келемін.

Тарқатып айтар болсам, Қазақстан тарихында алғашқы «Кинематография туралы» Заңның қабылдануына бар күш-жегерімді жұмсадым. Бұл заң Ұлттық киноөндіріске қолдау көрсетіп, сондай-ақ қазақстандық киноны жаппай прокатта ілгерілетуге ықпал ете бастады. . Аталған Заңға сүйенсек, қазақ тіліндегі фильмдер кинотеатрларда қойылғанда салықтан босатылады.
👍6
Демек, кино прокатымен айналысатын ұйымдар үшін бұдан былай қазақ фильмдерін көрсету өздері үшін экономикалық жағынан тиімді деген сөз.

2018 жылдың қаңтарында АҚШ-қа сапары аясында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев америкалық киноиндустрия қауымдастығының вице-президенті Гейл Маккинен кездескен еді. Голливудтың Қазақстанмен жұмыс істеуге деген қызығушылығы атап өтілді. Бұған дейін мен ірі американдық кинокомпаниялар «Warner Bros. Entertainment, Inc», «Motion picture», «20th Century Fox», «NBC Universal», «The Walt Disney Company», «YMF Enterprises Paramount Pictures Corporation», «HBO West Coast Production», «A+E Studios» және басқа да киноөкілдерімен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылаған едім.
АҚШ-тың ірі кино – және телекомпанияларының басшылары мен өкілдері, атап айтқанда, «NBS Universal», «CEO of Global Policy Initiatives» және бірнеше компаниялар Қазақстанға келіп, біздің техникалық, кадрлық мүмкіндіктерімізге жоғары баға берді және олар үшін аса маңызды, біздің мемлекетіміздің ынтымақтастық үшін геосаяси тұрақтылығы мен сенімділігін атап өткен еді.

Жалпы, "28 панфиловшы", "Композитор" сияқты халықаралық жобалар, "Қазақ хандығы", "Бауыржан Момышұлы", "Әміре", «Құнанбай», «Аманат», «Анаға апарар жол» және тағы басқа ұлттық киноленталар көрерменге жол тартты. Мұның бәрі сөреде шаң баспай, үлкен сұранымға ие болды.
Ғасырлар бойы тоналып келген қасиетті қабірлеріміз бен қорғандарымыз да заң жүзінде нақты қорғауға алынуына ұйытқы болдым.Тарихи-мәдени мұраларымызды қорғау ғана емес, оларды сақтауды да міндеттейтін «Тарихи-мәдени мұралар туралы» заң жобасы дайындалып, ол Парламент Мәжілісінің алғашқы оқылымынан сүрінбей өтті.

«National Geographic», «BBC World news», «Discovery», «Viasat History» сияқты әлемдік жетекші арналармен бірлесіп, тарихи-мәдени мұраны кеңінен насихаттау және көпшілікке тарату мақсатында Қазақстанның киелі объектілері туралы толық метражды тарихи деректі фильмдер циклі эфирге шығарылған. Солардың бір парасы мыналар: «Күлтегін. Жаңа көзқарас», «Қожа Ахмет Ясауи және Айша бибі мавзолейлері», «Көшпенділер жері». Ал 2019 жылы «Ботай», «Тәңірлік күнтізбе», «Ұлы Даланың ежелгі металлургиясы» секілді сериялар іске қосылды.

Құрметті Қасым-Жомарт-Кемелұлы!

Алыстан Алаш десе аттанамын,
Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Болса да әкем қазақ, шешем қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын – деп Міржақып бабамыз айтқандай мен өзімнің бүкіл саналы өмірімді Қазақ Елінің, ұлтымыздың игілігіне жұмсап келемін. Қазақтың АР - НАМЫСЫ, МАҚТАНЫШЫ, ҚАСІРЕТІ – ЖЕЛТОҚСАН десек, Қайрат Рысқұлбеков секілді оның жаужүрек қаһармандары еліміздің келешегі үшін өмірлерін қиды. Менің де бар арманым сол – Қазақстанның жарқын болашағы!
Мұның бәрін мен неге баяндап отырмын? Қай салада жұмыс жасамайын, мен әуелі ұлт мүддесі үшін тер төгіп жүргенімді айтқым келеді. Мемлекет бюджетіне қол салғандарға аяусыз тосқауыл жасап келемін. Әрине, мұндай әрекеттерім кейбір адамдарға ұнасын ба? Кейбір адамдар әлі күнге дейін тірліктеріме тұзақ құрып келеді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын "Феникс" көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғаны белгілі. Нақтылап айтқанда, «Феникс» киножобасы бойынша бюджет қаржысын жымқырды деген күдік келтіріліп, кинорежиссер Талғад Жаныбеков қамауға алынды.

Оған қазақстандық белгілі актер әрі продюсер Тұңғышбай Жаманқұловтың да тікелей қатысы болатын. "Феникс" фильмінің шарты голливуд компаниясы "Aldamisa Entertainmentпен" жасалынды деген сөз жалған болып шыққан еді. Шын мәнінде, "Казахфильм" АҚ "T.K.TURAN UNIVERSAL BUSSINES" ЖШС-пен және ресейлік ООО "Альдамиса РУС" жасанды компаниясымен келісім жасалып, бюджеттен бөлінген 3 млн.доллар қолды болып кете жаздаған.

Сол Т. Жаманқұлов өз қорғаушысының көзінше "Феникс" фильмінің өндірісіне бөлінген бюджет қаражатын жымқырғанын толықтай мойындады. Жаманқұлов қаражаттың қолма-қол ақшаға айналдырылған дерегін де растады және бюджет қаражатының жеке мақсаттарға жұмсалғанын айтты.
👍2
Алайда, аталған өнер өкілдері түрлі айла-шарғыларымен мені қаралауға көшкен болатын.
Продюссер Тұңғышбай Жаманқұлов айыбын бетіне басқаным үшін, мені ата жауындай көріп, күні бүгінге дейін жөн-жосықсыз арызданып келеді. Әрине, «қаһармандар» азуын көрсетуден қайтар емес. Кез-келген ілкімді сәтті пайдаланып, Өзіңіздің атыңызға, басқа да құрылымдарға еш негізі жоқ шатпақ шағымдарын шаршамай жазып келеді. Оның ту сыртында кезінде Дариға Назарбаеваның, Бағлан Майлыбаевтың, Ермек Аманшаевтың тұрғанын және де солардың айдағы екені де белгілі. Әлбетте, қисапсыз тексеру, тергеу амалдары да жүрді. Бірақ, менің ар-ұжданым таза! Жеке басымды қаралаған бірде-бір факт дәлелденбеді.
Кейінгі кезде, енді арыз иелері музейде кеткен бұрыңғы кінәраттарды да маған жапсыра салғысы келеді. Осыған орай, негізсіз тексерулерге тосқауыл болуыңызды сұраймын!

Құрметпен, Арыстанбек Мұхамедиұлы
🤮3👍2
Forwarded from ADYRNA.KZ
❗️Арыстанбек Мұхамедиұлы қол тамырын кесіп, өз-өзіне қол жұмсады.

Ақпаратты нақтылаймыз!!!
👍3
Арыстанбек Мұхамедиұлы өз тамырын кесіп жібергені рас па? DALA инсайд Ішкі істер министрлігіне хабарласып жатыр. Оның баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай ақпаратты жоққа шығарды
Forwarded from BAQ.kz
Ұлттық музей басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Шарттың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрайды.

Тергеу сотының санкциясымен қазіргі уақытта тінту, сондай-ақ куәлардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Іс бойынша түпкілікті шешім қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын орындау нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

@baq_kz
👍1🔥1
Нығматуллиндер "Жаңа Қазақстанға" әдемі қайтып келді

Болат Әбіловтың жаңа партиясына қолдау білдірген "Қарағанды кланы" өзгерген ойын ережесін қабылдап, енді саяси қозғалыс арқылы өз позицияларын ақырындап орнына келтірмек.

Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматуллин саясаттан ың-шыңсыз кетіп қалса да, Қарағанды, әсіресе Балқаш аумағындағы бизнестерін сақтап отыр. Және оның Қайрат Сатыбалды активтері сынды мемлекетке қайтарылуын қаламайды. Тоқаевқа тікелей қарсы келмей, жаңа ойын ережесін, яғни саяси саналуандылық, парламенттік басқару бағытын қабылдап, сол бойынша ойнауға Нұрлан Нығматуллиннің саяси қырағылығы мен тәжірибесі әбден жетеді. Бұл жолда Болат Әбілов арқылы саяси жүріс жасалып отыр.

Әбілов популистік, бірақ тез көтерілетін жолды таңдап отыр. Елдегі ең көп, дауысы зор электорат - қазақтар. Оларға майдай жағатын тақырыптар:

1. Экономикалық одақтан шығу;
2. ОДКБ-дан кету;
3. Самұрық-Қазынаны жауып тастау.

Енді қазақтардың барлығы Болат Әбіловті қолдайтынына еш күмән жоқ. Тиімді политтехнология мен PR жүріс, Нығматуллиннің мол ақшасы "Bizdin Tandau" партиясын барлығы санасатын үлкен күшке айналдырады. Ал Нұрлан Нығматуллин триумфалды түрде, бастысы заңды жолмен саяси олимпке қайтадан аяқ баспақ.

Биылғы саяси кезең 2004-2006 жылдардағыдай (Алтынбек Сәрсенбаев, Ғалымжан Жақиянов, Ораз Жандосов, Заманбек Нұрқаділовтер шайқаған кезең) қызық, романтикаға толы болайын деп тұр.

Қазір Қазақстанда төрт жаңа саяси партияның құжаттары қаралып жатыр. Олар: «Халық дербестігі», «Ел тірегі», «Намыс», «Бәйтерек». Bizdin Tandau осы қатарға бесінші болып қосылды.

Қаржыны Болат Өтемұратов, Александр Клебанов, Тимур Құлыбаев сынды олигархтар құя бастады. Ең қызығы, биыл ел тарихында тұңғыш рет Болат Назарбаевтың да ақшасы саяси қозғалысқа бағытталатын болады. Болат қай партияға көмектеседі, әлде жаңа партия ашқыза ма? Ол жақын күндері айқындалып қалар. Болат Назарбаев қандай лозунг таңдайды? Бұл өте қызық.

Екінші республика бізге ашық саяси жарыстарды қайтарып берді. Президент Тоқаев шын демократияға есік ашты. Саяси технолог, пиар мамандарының беттеріне қан жүгірді. "DALA инсайд" командасын түрлі партиялардың елшілері шәйға шақыра бастады. Қызық күндер әлі алда.

https://t.me/dalainside
👍6
Болат Әбілов - қайта тірілген саяси қайраткер
👎28👍1🤯1🤮1
Кеосаянның кураторы кім?

Қазақстанды нысанаға ал деп кім нұсқау берді? Симонян – Кеосаян тандемінің тасасындағы тапсырыс беруші тағы қандай провокацияны жоспарлайды?

"DALA инсайд" пәле іздеген пропагандистің кураторатын тапты. Кеосаянның қожайынын іздестіруге атсалысқан америкалық әріптестерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Бізге жеткен мәлімет бойынша ерлі-зайыпты Симонян мен Кеосаян Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Алексей Громовқа бағынады. Путиндік пропаганда деп аталатын экожүйенің «жаяу әскеріне» жөн сілтеп, бағыт-бағдар беретін дәл осы – Громов. Кремль кулуарында оны «Куратор» дейді.

Бұлардың өз арасында «аса құпия тақырыптарды» талқылайтын «сары телефон» бар. Ешкімге тиіспей тыныш жатқан Қазақстанға соқтығу туралы бұйрық осы «сары телефоннан» түскен. Тигранның алдындағы мәтін де Громовтың мақұлдауынан өткен.
Көрші-қолаңға күйе жағатын ақпарат Тигран тәрізді пропагандистерге «сары телефон» арқылы жетеді.

Громов кім?
Ол мемқұпия санатындағы мәліметтің сыртқа таралмауын, азат ойлы, тәуелсіз контенттің зомбиланған орыс қоғамына өтіп кетпеуін бақылайтын тұлға. Путинді пір тұтатын ақпараттық саясаттың төбе басында тұр. Кремльге бағынышты БАҚ-тың жұмысын жүйелейтін де сол.
Громов Маргарита Симонян басшылық ететін Russia Today-дың негізін қалаушылардың бірі. Кремльдің пулына кірген Симонянды қолынан жетектеп RT-ға ертіп әкелген де, кейіннен «Россия сегодня» агенттігінің тізгінін ұстатқан да өзі.
Симонян Громовтың сыбайласы. 2013 жылы әйелінен ажырасып, Маргаританың құшағына кірген Тигран Кеосаян да Громовтың сенімді адамдарының сапында. Пропагандаға бөлінген аста-төк ақшаны осы «үштік» бірігіп игереді.

Кремль көсемімен 1988 жылы Прагада танысқан. Алдымен Ельциннің, кейін Путиннің баспасөз хатшысы (Песковке дейін) болды. 2000-шы жылдардың бас кезінде тәуелсіз НТВ арнасына баса-көктеп кіріп, арнаны Путинге тартып әперуге атсалысты.

Медианарыққа бөлінген миллиардтар алдымен Громовтың әмиянына ауады, артынан Сисясян, Кеосаян секілді үгіт-насихатшыларға үлестіріледі. Громовты бейресми «Пропаганда министрі» деп те атайды.
Бізге жеткен мәлімет бойынша Кремль көсеміне қажетті «дайджесті» дайындайтын Громов Кеосаянның аузымен айтылған ала-құла ақпаратты Путиннің алдына алып барған.
Айтпақшы, ілгерідегі «сары телефон» есіңізде ме?
23 жыл бойы Путиннін жанына ұзамай жүрген Громов жаңа техниканың тілін түсінбейді. Әлі күнге дейін кнопкалы телефонды қолданады. Бұл тұрғыда Путин екеуі ұқсас.

Тоқ етерін айтқанда, Қазақстанға жасалған ақпараттың шабуылдың артында Ресейдің Президент әкімшілігі тұр. Громовтың тағы да қандай провокацияға барары белгісіз. Ал Кеосаян болса «сары телефонды» айналсоқтап, АП түсетін қоңырауды күтіп жүр дейді.

https://t.me/dalainside
👍12
Қазақстанға жасалған ақпараттық шабуылдардың кураторы - Алексей Громов
💩1
Фейсбуктағы кейбір модератор қызметкерлер астыртын Путин мен Ресейді қолдап келген. Олардың ФСБ-мен байланысы тексерілуде

Осы модераторлардың бір бөлігі қазақ тілін тексеруге жауапты болған. Украинаны қанға бөктірген Путинге қарсы жиі пікір білдіретін қазақтілді қолданушыларды байқатпай банға тығып отырған.

"Мета" компаниясына жақын дереккөз мәліметінше, қазір осыған қатысты қызметтік зерттеу басталды. Тексеру барысына қазақ тілін жақсы меңгерген тәуелсіз сарапшылар да тартылуы мүмкін.

Әсіресе аватарына Украин туын қойған қазақтілді аккаунттар жіті назарға алынып отырған. Көбісі Украин полкының атын, Степан деген батырын жазғаны үшін, бір президентті жамандағаны үшін бірден банға жіберілген.

Белгілі оппозициялық журналист Ермұрат Бапи де Украинаны қолдағаны үшін банда 1 ай жатып, әрең босаған.

"Армысың, ФБ-ағайын!
Украинаға жақтасқанымыз үшін, бір айлық бұғаудан зорға шықтық)) Бұл желі "мақтабастардың" сөзін көбірек сөйлейтін сияқты ғой... Әйтсе де, Қазақ пен Қазақстанның болашақ тағдыры Украина майданында шешіліп жатқанын ескеріп, алған беттен қайтар ойымыз жоқ. Аман болайық!", - деп жазады, Ермұрат Бапи.

Фейсбук бұл тексерісті ішкі жағдай деп танып, оны сыртқа шығаруға құлықсыз болып отыр. Қазақ тіліне қатысы бар модераторлары жаппай тексерілмек

https://t.me/dalainside
👍22
Facebook және Z: қой терісін жамылғандар
👍1
Мемлекеттің тапсырмасымен референдум туралы сауалнамаға 6 орыстілді арна, 1 қазақтілді арна тартылды. Қазақтілді ең ірі арна болғандықтан, "DALA инсайдқа" осы сауалнаманы өткізу тапсырылды.

Сонымен, 5 маусым күні Сіз референдумға қатысасыз ба?
Final Results
74%
Ия
26%
Жоқ
👍3
DALA INSIDE pinned «Мемлекеттің тапсырмасымен референдум туралы сауалнамаға 6 орыстілді арна, 1 қазақтілді арна тартылды. Қазақтілді ең ірі арна болғандықтан, "DALA инсайдқа" осы сауалнаманы өткізу тапсырылды.

Сонымен, 5 маусым күні Сіз референдумға қатысасыз ба?
»