DALA INSIDE
10.8K subscribers
401 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🐑 Шопан атаның өкілі шаруаларды лақтырып кеткен бе?

Маңғыстау өңірі суы аз, жылда жаз шығысымен шаруалардың мазасы кетеді. Өткен жылы құрғақшылықта қырылған мал мен фермерлер тартқан шығынды бүкіл Қазақстан біледі. Биыл жаңбыр жауса деген ниетпен тасаттық бергенін де көрдік. Біреуге күлкілі шығар, бірақ шаруаларға не "до смеха". Айтпақшы, сол тасаттықтан соң жаңбыр толассыз жауып, тіпті бірер ауылды су басып кетті. Ал былтыр айтпақшы, құрғақшылықтың зардабын тартқан фермерлер өз қалталарынан ақша жинап, жаңбыр жаудыратын құрылғы сатып алмақ болған. Алды да. Бұл бастаманы мұқыл қазақ білетін ауыл шаруашылығының "жанашыры" Алмазбек Садырбаев көтерді білем. Ақшаны Садырбаевтың «Шопан ата» ұйымының Маңғыстаудағы өкілі Әділбек Сағындықов жинады-мыс. Енді алынған құрылғы бар, нәтиже жоқ. Жиналған ақша жоқ, ол ақшаны жинаған Әділбек те жоқ.

Маңғыстаулық фермерлер дабыл қағып жатыр, Әділбекті таба алмай жүр. Мал-мүлкін жинап Ақтөбе жаққа көшіп кетті деген ақпарат бар. Алданған шаруалар әділдік талап етеді. Бір кездері осы Әділбек деген пысықай бірнеше фермерді алдына салып алып, астанаға дейін келіп еді. Министрдің отставкасын талап еткені бар. Фермерлердің мүддесін қорғап жүріп, байғұс шаруаларды лақтырып кеткені қызық болды. Фермерлер, әсіресе Маңғыстаудың шаруалары шекелері шылқып жүрген жоқ. Малы тұрмақ, адамы да тұщы суға жарымай, оның үстіне құрғақшылық болып жатыр.

Солардың сенімімен ойнау үшін неткен жүрек жұтқан адам болу керек?

https://t.me/dalainside
👍3😱2
Әділбек Сағындықовты Маңғыстау шопандары таппай жүр
👍3💩1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түркістандағы апай қатты ыстықтаған сияқты. Енді сіз ол фонтанға барасыз ба?
🏦 Ұлттық Банк инфляцияны мақсатты коридорға қайтара ала ма?

Ұлттық Банк стратегиясында межелі инфляция коридоры 4-6% деп көрсетілген. Қазір инфляция 13,2%. Межелі коридордың жоғарғы планкасынан 2 есе көп. Бұл жағдайда Ұлттық банк үшін қатаң монетарлы саясат ,(жоғары базалық ставка) ұстанудан басқа амал қалмайды.

Бірақ ставканың жоғары болуы инвесторлардың биржадағы облигациялардан кетіп, банк депозиттеріне қайта оралуына түрткі болып отыр. Одан биржадан қарыз алып, түрлі экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыруы тиіс болған әкімдіктер, квазисектор компаниялары қинала бастады.

Балансты қалай қойған дұрыс? Экономикалық өсім бе, әлде төмен инфляция ма? Қазір бұл сұраққа жауап табылмай отыр.
👍3
Forwarded from ADYRNA.KZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Желіде қазақ жастарының автокөлігіне қызыл ту тіккендерге наразылығын білдіріп, қарсы шыққан видео тарады.

Сіздің ойыңыз қандай?

https://t.me/adyrnaportal
👍35
Forwarded from Үйде жатпа!
1️⃣ 16 мамырда банктер жеңілдетілген 4 пайыздық автонесиеге құжат қабылдауды бастайды.🚘 Бұл туралы ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр хабарлады.

Мүмкіндікті жіберіп алмаңдар!✔️

2️⃣ 31 арна әлемдік және отандық ең таңдаулы фильмдерді эфирден көрсететін болады. Киностудиялар қатарында Sony Pictures Entertainment, Walt Disney Company, Metro-Goldwyn-Mayer сынды әлемдік деңгейде танымал кинокомпаниялар бар.

3️⃣ Алматы қаласында бірқатар саябақ ашылады. Саябақтар спорт алаңдарымен, демалыс орындарымен жабдықталады.

Саған Алматыда қандай саябақ ұнайды?
👍5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ресей тұрғындары шын патриот па?

Блогерлердің әскер списогына жазылу туралы пранкында олардың жаппай қашқандығы байқалды.

Диванда жатып, Ресейді жақсы көретіндер шын мәнінде ол үшін соғысуға дайын емес болып шықты
👍21😁7
Forwarded from ADYRNA.KZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Казактар қауымдастығы “Көкшетау ауылының іргетасын біз қаладық” деп крес үлгісіндегі ескерткіш тақта орнатыпты. Шын мәнінде Ресейдің қолшақпары ретінде басқыншылар болып келгенін тарихтан жақсы білеміз.
Мұндай ескерткіш қоюға қалай ғана рұқсат берілген?

https://t.me/adyrnaportal
👎16🤬2💩1
БИЛ/КТЛ: Түпкі мақсат қазақтың болашағын ойлау ма, әлде халықаралық топтың астыртын ойындары ма?

БИЛ-де әр оқушы арбауға (вербовкаға) түсе бермейді. Сондықтан, арбау туралы әңгіме қозғалғанда оқушылар мен ата-аналары "ой, жоқ, ондай болған жоқ, өтірік айтасыздар!" деп өре түрегелуі мүмкін. Олар өз тарапынан 100 пайыз дұрыс айтады, себебі оның баласы шын мәнінде арбауға түскен жоқ. Ол жай, қатардағы, топырлаған мыңның ішінде БИЛ-ді бітіріп шыққан бала. Дұрыс, білім алды, енді ел қатарлы қызмет етіп жатыр, біз ол үшін қуаныштымыз. Солай жүре берсін.

БИЛ-де тек таңдаулы балалар, шын айтқанда мыңнан бірі ғана, болашақта өсу перспективасы айқын болып тұрған жас талант қана "абилердің" назарына ілінеді. Ол өте ұзақ процесс. Алдымен бала "қарындашқа" алынады. Біраз бақыланады. Ол өзінің назарға ілінгенін білмейді.

Арслан Жетпісбай былай деп жазады:
"Араларына интелектуал жігіттерді көптеп тартады. Былайша костюм шалбар киген, көзінде көзілдірік, беті таза қырылған, шашын лакпен жатқызған лексиконында діни сөздер қолданбайтын білімді жігітті көріп дінмен уланған деп ойламайсың. Іші-бауырыңа кіріп тұрады, мінездерін әбден майда жібек қылып алған. Айналдыратындары көбіне студенттер мен кәсіпкерлер. Мысалы сіздің вербовкаңызбен айналысатын нақты бекітілген 1-2 кісі болады, танысып, достасып, футболға шақырып артынан шайға шақырып араларына тартады. Ресейде оқып жүргенде кездестіргем. Қарны аш студенттер шай, тамақтан қалсын ба?! Артынан 1 жылдай аралас-құралас болғасын бірге пәтер жалдап тұрайық, "досымыздың ағасының" пәтері бар тегін, тек тамаққа қосыламыз дегендей әңгімелермен қызықтырады. Сосын ақырындап "досының ағалары" да шайға келе бастайды. Ақырындап ол кісілер уағыздарын жәйлап бастайды. Сөйтіп студенттік 3-4 жылда аброботкадан өткен студенттер араларында жамағаттарында қалады да оларға мамандығына қарай қарамақтарындағы жерлерден немесе стратегиялық маңызды орындардан жұмыс тауып береді. Мұғалімдікке оқығандары жаңағы КТЛ дерге оқушылармен жұмыс істеуге жіберіледі..."

Тек мықты интеллектуал, кейін министр, әкім болатын балалар ғана осындай вербовкаға ілінеді. Және оларға қызметте өсуге барлық мүмкіндіктер жасалады. Олар қызметте өсіп, қазір екі министр, ұлттық компания топ менеджменті, аудан әкімдері деңгейлеріне көтерілді. Жаңа Қазақстан, келе жатқан сайлау оларға тамаша мүмкіндік беріп отыр.

Енді мәселенің екінші жағына келсек. Бізде ештеңенің парқына бара алмайтын, геосаясатты түсінбейтін, біреудің туысы болып бағы ашылған жемқорлар да, астыртын Ресейге жұмыс істеп жүрген жасырын рашистер де жер-жерде басшы болып жүр. Оларға қарағанда, тіпті осы балалардың ел басқарғаны дұрыс па деген ой келеді. Хизмет шын мәнінде "балалар, өз қазағыңды ойлаңдар, ұлттық діл мен санаға, рухқа берік болыңдар" деп үйрете ме, әлде "жамағатпыз, Исламға берікпіз, кейін біздің тікелей тапсырманы ғана орындайсыңдар" деп, Қазақстанды халықаралық синдикаттың ресурстық базасына айналдырғысы келе ме? Міне, басты сұрақ осы.

Негізі сұрақ көп. Жауап аз не тіпті жоқтың қасы. Біздің елімізде кімдердің жүргенін, олардың не ойлап жүргенін, түпкі мақсаты қандай екенін ешкім білмейді. Салафиттер, сопылар, рашистер, қытаистер, хизметшілер, коммунистер, нұршылар, лгбт-шылар, соросшылар, тб. - бәрі өріп жүр. Мидай араласып кеткен.

Қазақтың 3 түпкі анық мақсаты бар:
1. Қазақ елінің қай уақытта болмасын тәуелсіз болуы (өз жері, елі, туы, елтаңбасы, әнұраны, валютасы, заңдары, әскері)
2. Қазақ тілінің, дәстүрінің, ділінің, әдебиеті мен мәдениетінің толық сақталуы әрі дамуы
3. Бейбіт заманда, баршылықта (бай, экономикасы дамыған ел) өмір сүруі.

Осы аталған топтардың (салафиттер, сопылар, рашистер, қытаистер, хизметшілер, коммунистер, нұршылар, лгбт-шылар, соросшылар) қайсысының мақсаты қазақтың мақсатымен сәйкес келеді? Және қайсысы қазаққа жақсылық тілейді?

Сұрақ көп, жауап жоқ...

https://t.me/dalainside
👍18👎2
КТЛ түлегі, министр Бағдат Мусин мен Режеп Тайып Ердоған
👍1
Армян далбаны Кеосаян жақсы тақырып тауып алыпты. Ол - қазақтар. Кремльдің иті үруін қояр емес. Әлде, "ит үреді - керуен көшеді" деп қоя саламыз ба?

https://youtu.be/fauvF2nNFmQ
💩3👍1🤮1
😞Очень глупо называть город Кунаев. Димаш-кала или Динмухамед было бы гораздо лучше и органичнее. Бесит и русифицированное окончание -ев, и то, что казахи никогда не называли своих героев по фамилии. Абай, Сакен, Олжас, Мукагали, Димаш. Назвали же Астану Нурсултаном (не Назарбаевым), даже Тараз был Жамбылом, а не Жабаевым.
Хотел бы напомнить гуинпленам из власти - думать следует желательно головой.
Ербол Жумагул
🔥20👍4
🤜 "Кө.ін айырамыз!"

Мәскеудегі қазақ жастары пропагандист Тигран Кеосаянды жазалауды ойластыра бастады. Кеосаян осымен екінші рет қазақ халқына ауыр сөздер айтып отыр. Бірінші мәлімдемесінен кейін, ҚР Сыртқы істер министрлігі тарапынан "персона нон грата" деп танылып, Қазақстанға кіруіне тиым салынған болатын. Біздегі армян диаспорасы да Тигранның бұл әрекеті дұрыс еместігін айтып, кешірім сұрауын талап еткен. Кешірім сұраудың орнына Кеосаян қазақтарға қайта шүйлікті.

Тигран Кеосаян өзінен өткен пропагандист, келіншегі Маргарита Симоньянмен бірге Мәскеу сыртындағы "Княжье озеро" коттедж қалашығында тұрады. Ол Мәскеуден 25 шақырым жерде орналасқан. Оның үйін табу қиын емес.

Кеосаянды жазалау формасы қандай болу мүмкін? Бастысы, ол қазаққа қарсы айтылған әр сөзі үшін жауап беретінін түсіну керек. Және болашақта ойланып сөйлеуі тиіс.

https://t.me/dalainside
👍41
Кеосаян мен Симоньян тұратын "Княжье озеро" коттедж қалашығы
Арыстанбектің де дәуірі өтті

Антикор бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының үйінде және ол басқаратын ҚР Ұлттық музейінде тінту жүргізді деп жазады, @kozachkow. Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер музейдің «Алтын адамның әлем мұражайларындағы шеруі» көрмесін өткізуге жұмсаған шығынын тексеруде. Бұл тендерді «Экспонат» ЖШС (директоры – Ұмсын Тобағабылова) 1,3 млрд теңгеге ұтып алып, көрме өткізген болатын. Антикор бұл компанияның Ұлттық музей басшылығымен байланысы бар-жоғын анықтап жатыр. Қазір Арыстанбек Мұхамедиұлының туыстарының дүние-мүлкі де тексерілуде.

https://t.me/dalainside
👍6
Арыстанбек Мұхамедиұлы - бұрынғы Мәдениет министрі, ҚР Ұлттық музей директоры
🤮1
Әлия Назарбаева референдумнан кейін қылмыскер атана ма?

"РОП" операторы қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғаған құзырлы органдар оның басшысы Әлия Назарбаеваға қатысты көптеген бұлтартпас дәйектер жинап қойған. Бірақ Елбасы туралы қазіргі заң Әлияны соттауға мүмкіндік бермей отыр. Егер 5 маусым күні референдум сәтті өтіп, Конституцияға өзгеріс енгізілсе, онда Елбасы туралы заңның күші жойылады.

Сол кезде Назарбаевтың қыздары мен Сара Алпысқызын жауапқа тартудың заңды негізі пайда болады.

https://t.me/dalainside
👍16
Әлия Назарбаева - "РОП" операторының бұрынғы қожайыны, бірінші президенттің үшінші қызы
💩1
Forwarded from ADYRNA.KZ
Қазақстанның бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы президентке үндеу тастады

Ол өзіне қарсы ақшаны заңсыз иемденді деген айыпты жоққа шығарды.

Әңгіме «Феникс» фильмінің түсіріліміне байланысты жемқорлық дауы туралы болып отыр.

Кинорежиссер Талғад Жаныбеков бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.

Бұған дейін БАҚ Арыстанбек Мұхамедиұлының үйінде тінту жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл ақпаратты растаған жоқ.
Арыстанбек Мұхамедиұлының Президентке ашық хаты!

Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. К. Тоқаевқа

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Мен еңбек жолын қазақтың көрнекті ғалымы, академик Ахмет Жұбанов негізін қалаған Мемлекеттік филармониядан бастадым. Бертін келе «Қазақ әуендері» Акционерлік Қоғамын құрып, менеджментке ерекше ден қойдым. Көптеген дарынды жастармен таныстым. Бірлесіп, керемет энтузиазммен жұмыс істедік.

Тоқсаныншы жылдардың соңына қарай әлемдік музыкалық мәдениеттің барлық жанрларын қамтитын, Қазақстанның Президенттік оркестрінің іргесін қаладым. Маған еліміздің ең талантты деген өкілдерін жинауға мүмкіндік берілді. Бұл жұмысты мейлінше абыроймен атқаруға тырыстым. 2006-2007 жылдар - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі, 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқардым. Бұдан кейін Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ректор болып жұмыс істедім.

Өнердің әр саласында адал атқарған қызметім ел басшылығы тарапынан елеусіз қалмаса керек, Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалдым. 2019 жылдың шілдесінен Сіздің Өкіміңізбен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры болып жұмыс жасап келемін.
Ел есінде қалды деген елеулі жұмыстарға тоқтала кетуге рұқсат етіңіз.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясында жас жеткіншектердің өмірге, өнерге деген көзқарастарын жан-жақты қалыптастыру мақсатында өн бойларында ұлттық рухты қалыптастыра отырып, тиісті кәсіптерін толықтай игеруге жағдай жасадық. Студенттер Қазақтың белгілі театр ордаларында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Әсіресе, Өнер тану факультетінің жеткіншектері У.Шекспирдің атақты «Макбет» қойылымын өз отаны Лондонның алқалы театрларында әуелі қазақ, сонан соң ағылшын тілдерінде сахналаған кезде ағылшындық өнер сүйер қауым айрықша ризашылықтарын білдірген еді.

Сондай-ақ, Мемлекеттік Эрмитажда «Алтын адам» көрмесін ұйымдастыруға ат салыстым. 20 күнге деп белгіленген көрмені Эрмитаждың директоры М.Б. Пиотровский өтініш жасап, екі айға созды. Көрмеге келушілер ата-бабаларымыздың ғажайып зергерлігіне таң қалысқан. Бұдан соң осы көрмені АҚШ-тың Вашингтон мен Нью-Йорк аралығындағы бес қаласында ұйымдастырып, Алтын адамның шеруін өткіздік.

Сол секілді Моңғолиядағы «Түркі қағанаты ескерткіштерін зерттеу» ғылыми экспедициясына жетекшілік еттім. «Этноауыл» ұлттық мәдени кешенін құру идеясының, «Ұлыстың Ұлы күні Наурыз – жаңа форматта» тұжырымдамасының авторымын (іргелі-тарихи зерттеулерге негізделген Наурызды атап өтудің замаманауи 8 жолын ұсындым).

Министр лауазымында жүрген кезімде «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «ЭКСПО – 17» шараларын кеңінен ұйымдастыруға ат салыстым, жазғы және қысқы олимпиада делегацияларын басқарып, спорт сайыстарында үлкен жетістіктерге қол жеткіздік.

Опера - музыка өнерінің шыңы десек, оның ішінде шоқтығы биік, маңдайалды туындылар Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібегі», Ахмет Жұбановтың «Абайы», Мұқан Төлебаевтың «Біржан Сарасы» қойылымдарын жаңа форматқа көшірдік. Шет елдерге шығардық.

«Open air» форматында атақты Италия композиторы Джузеппе Вердидің «Аида» операсын Астанада Бейбітшілік пен Келісім сарайы маңында, ал қазақ опера өнерінің інжу-маржаны «Біржан–Сара» операсын Бурабайда Біржанның туып өскен жері Көкшенің ашық аспанында көрермен назарына ұсынылды. Жауһар туындылар ыстық ықыласпен қабылданған-ды.
Қысқасы, мен бар саналы ғұмырымды мемлекет пен халықты біріктіріп отыратын ұлттық идея ісіне бағыттап келемін.
Қазақ киносының тынысын ашып, әлемдік өркениетке батыл бет алуына да үлес қосуға ат салысып келемін.

Тарқатып айтар болсам, Қазақстан тарихында алғашқы «Кинематография туралы» Заңның қабылдануына бар күш-жегерімді жұмсадым. Бұл заң Ұлттық киноөндіріске қолдау көрсетіп, сондай-ақ қазақстандық киноны жаппай прокатта ілгерілетуге ықпал ете бастады. . Аталған Заңға сүйенсек, қазақ тіліндегі фильмдер кинотеатрларда қойылғанда салықтан босатылады.
👍6