DALA INSIDE
10.8K subscribers
400 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
Forwarded from ADYRNA.KZ
Польшада халық Ресей елшісі Сергей Андреевке қызыл бояу шашты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға Ресей елшілігі делегациясының Варшавадағы кеңес жауынгерлерінің мемориалдық зиратына гүл шоқтарын қоюы кезінде болды.

Андреев журналистерге берген сұқбатында қатты зардап  шекпегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, елшілік бұл іс-әрекетке қатысты ресми наразылығын білдіреді.
👍21
Токаев прибыл в Турцию.

В ходе двухдневного визита будет обсуждаться стратегия развития двустороннего сотрудничества между государствами.
👍20
Forwarded from BAQ.kz
🇰🇿🇹🇷Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен шағын құрамда келіссөз жүргізді

Мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды кеңейтуге ерекше көңіл бөле отырып, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігінің ауқымды мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар жаһандық және аймақтық күн тәртібіндегі проблемалар қарастырылды.
 
Қазақстан Президенті бауырлас Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін Режеп Тайип Ердоғанға ризашылығын білдірді.

Шағын құрамдағы кездесу соңында Мемлекет басшысы Түркия Президентін елімізге сапармен келуге шақырды.

Режеп Тайип Ердоған өзінің шақыруын қабыл алып, Түркияға сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сонымен қатар Қазақстанға шақыруын ризашылықпен қабыл алып, биыл күзде елімізге келетінін жеткізді.

@baq_kz
👍13👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇷 Президент Тоқаев ресми сапармен Түркияда жүр.

Мемлекет басшысы бауырлас елге Үкімет мүшелерін тегіс ертіп барыпты.

Еліміздің министрлер құрамын Ердоғанға таныстыру сәтінде мынадай қызықты көрініске куә болдық.

Алдымен Абаевтың, артынан Асқар Омаровтың қолын қысқан Ердоған министр Мусинге кезек келгенде аз-кем кідіріп қалды. Түрік лидерінің түсі суық қой. Ердоғанның не дегенін естімеді ме, әлде жете түсінбеді ме, әйтеуір Мусиннің өңі бұзылып сала берді 😁

Түрік президенті Бағдаттың "бала бейнесіне" қарап, осы "тошні" министр ме деп сұраса керек.

Ердоғанның Мусинге тіл қатуы тегін емес. Осы жолғы сапарда негізгі салмақ Цифрландыру министріне түсті.

Екі елдің басшылары цифрландыру саласында әріптестік орнататын маңызды құжатқа қол қойды.

Қорғаныс саласын да Түркиямен бірлесіп дамытамыз. Құжатқа қол қою рәсіміне "өкпелесең көшіп кет" министр Руслан Жақсылықов қатысты.

Тоқаев өз тарапынан Ердоғанды астанаға шақырды. Түрік лидері  елге күзге таман сапарлап келеді.

https://t.me/dalainside
👍33
🏓Ресми шарадан кейін:

Қазақстан мен Түркия президенттері үстел теннисін ойнады.

https://t.me/dalainside
👍2👏1
Forwarded from kaz.exk.kz
Қошанов Мәжілісте міңгірлеп жауап бере алмаған шенеунікті орнына қойды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысына келген Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов депутаттардың сұрақтарына мардымды жауап бере алмады. Бұған шыдай алмаған төменгі палата спикері Ерлан Қошанов сөзге араласты.

https://t.me/kaz_exkkz
👎7👍2
🏦 Сбербанкты "Отбасы банкке" алып беру мәселесі де талқылануда

Сбербанкты "Бәйтерек" холдингі сатып алса, оны өзінің құрамына кіретін "Отбасы банкке" беру мәселесі де ойластырыла бастады. Бірақ оның практикалық жағы екі себеппен оңай болмай тұр:

1. "Отбасы банк" банк деген статустан құтылып, даму институты болып, ҚНРДА-ның бақылауынан кетіп қалу жолында орасан зор еңбек етті. Енді Сбербанкты қосып алса, даму институты болу қиындай түспек. Себебі, Сбер - таза коммерциялық банк, оның портфелімен, провизияларымен даму институты болу мүмкін емес.

2. Портфель мен идеология мәселесі. Отбасы банк таза ипотекалық кредиттер портфелін ұстайды. Сбербанкте түрлі портфель бар - автокредит, ипотека, залогпен/залогсыз кредиттер, тб. "Отбасы банк" тұрғын-үй жинақ жүйесімен жұмыс істесе, Сбер классикалық кредит/депозит, банк/сейф операцияларына негізделген банк. Оларды бір бизнес-процесске біріктіру өте күрделі жұмыс.

Сберді қосып алса, Отбасы банктің нарықтағы үлесі бірден артатыны сөзсіз. Бірақ проблемалары да көбейеді. Сбердің 330 миллиард теңге тартатын сапалы портфелін Халық банк алып кетті. Қалған портфельдің сапасы нашарлау.

"Отбасы банкке" ондай проблема керек пе? Ол жақында белгілі болады.

https://t.me/dalainside
👍5
Қылмыскер деп ресми танылған Сталин мен Берия суреттерін, КСРО туын Алматыдағы 9 мамыр жиынында көтеріп шыққан азаматтарға айыппұл салынатын болады.
Қазір заңгерлер осы мүмкіндікті қарастыра бастады.

https://t.me/dalainside
👍45🤮2
Forwarded from PARANOIA.KZ (PARANOIA KZ)
Тамаша жаңалық. Енді Nickelodeon арнасы қазақ тіліне көшетін болды.

Бұл туралы Айбар Олжаев былай дейді: “Атақты Nickelodeon қазақ тіліне көшетін болды. Оның алдында Paramount қазақтілді аудитория аясын, оның кеңеюі мүмкіндігін ұзақ уақыт зерттеген болатын. Біз де шағын үлес қостық. Ақырында Paramount қазақ тілі позициясының мықты екеніне, оның болашағы еш күмәнсіз екеніне сенді. Paramount ештеңені бекер істемейді.

Бұл біз үшін болашақтағы рөлі үлкен, өте маңызды жаңалық. Никелодеон Балапан арнасына қазақ тілін келешек ұрпаққа сіңіру бойынша үлкен қолдау беретін болады. Тіпті осы бағытта Балапан емес, Никелодеон бірінші рөлге шығуы мүмкін.

Биыл 354 премьералық эпизод қазақша шықпақ. Олардың арасында "Губка Боб Шаршы Шалбар", "Смурфики", "Варварка және тролль", "Элвин мен ала тышқан", "Жұлдызды жол: Протостар" және "Трансформерлер" сияқты танымал анимациялық шоулар, сондай-ақ "Тыс аймақ" және "Рок аралының құпиялары" жаңа телехикаялары бар.

Енді Сізге тек балаңызға теледидардан қазақша Никелодеонды қосу ғана қалды. Қалған жұмыстың барлығын Paramount істеп бермек. Менің бағалауымша, осы қадам балалар арасындағы қазақ тілінің өрісін шамамен 20 пайызға арттыра алады”.
👍32
🎉 MEGA Silk Way Түркия, Грузия және Бурабайға жолдама ойнатты

Мыңнан озған сегіз жеңімпаз Түркия, Грузия мен Бурабайға демалысқа баратын болды. Екі адамға арналған Rixos Borovoe-да өтетін 3 күндік демалыс жолдамасын Әмір Мекен ұтып алды.

– Мен аздап қобалжып тұрмын, өйткені жеңіске жетемін деген ойыма да келмеген еді. Акция туралы маған Under Armour бутигінде айтты, онда мен спорттық костюм сатып алған едім. Мен бірден промостөлге барып купонды толтырдым және жүлде ұтамын дегенге сенбесем де, ұтыс ойынына келуді жөн көрдім. Жолым болғанына қуаныштымын - деді, Әмір.
https://dalanews.kz/news/76493-mega-silk-way-turkiia-gruziia-zhane-burabayga-zholda-2
👍8
Forwarded from ADYRNA.KZ
⚡️Ресейлік ару Димаш үшін тегін ауыстырған

Ресейдің Шахты қаласының тұрғыны Кристина Алексеенко танымал қазақстандық әртіске деген сүйіспеншілігіне байланысты тегін ресми түрде Құдайбергенова деп ауыстырған.

Айтуынша, ата-анасы мен әжесі қайтыс болған кезде оның аман қалуына Димаштың әндері демеу болған.
👍15😁1
🐑 Шопан атаның өкілі шаруаларды лақтырып кеткен бе?

Маңғыстау өңірі суы аз, жылда жаз шығысымен шаруалардың мазасы кетеді. Өткен жылы құрғақшылықта қырылған мал мен фермерлер тартқан шығынды бүкіл Қазақстан біледі. Биыл жаңбыр жауса деген ниетпен тасаттық бергенін де көрдік. Біреуге күлкілі шығар, бірақ шаруаларға не "до смеха". Айтпақшы, сол тасаттықтан соң жаңбыр толассыз жауып, тіпті бірер ауылды су басып кетті. Ал былтыр айтпақшы, құрғақшылықтың зардабын тартқан фермерлер өз қалталарынан ақша жинап, жаңбыр жаудыратын құрылғы сатып алмақ болған. Алды да. Бұл бастаманы мұқыл қазақ білетін ауыл шаруашылығының "жанашыры" Алмазбек Садырбаев көтерді білем. Ақшаны Садырбаевтың «Шопан ата» ұйымының Маңғыстаудағы өкілі Әділбек Сағындықов жинады-мыс. Енді алынған құрылғы бар, нәтиже жоқ. Жиналған ақша жоқ, ол ақшаны жинаған Әділбек те жоқ.

Маңғыстаулық фермерлер дабыл қағып жатыр, Әділбекті таба алмай жүр. Мал-мүлкін жинап Ақтөбе жаққа көшіп кетті деген ақпарат бар. Алданған шаруалар әділдік талап етеді. Бір кездері осы Әділбек деген пысықай бірнеше фермерді алдына салып алып, астанаға дейін келіп еді. Министрдің отставкасын талап еткені бар. Фермерлердің мүддесін қорғап жүріп, байғұс шаруаларды лақтырып кеткені қызық болды. Фермерлер, әсіресе Маңғыстаудың шаруалары шекелері шылқып жүрген жоқ. Малы тұрмақ, адамы да тұщы суға жарымай, оның үстіне құрғақшылық болып жатыр.

Солардың сенімімен ойнау үшін неткен жүрек жұтқан адам болу керек?

https://t.me/dalainside
👍3😱2
Әділбек Сағындықовты Маңғыстау шопандары таппай жүр
👍3💩1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түркістандағы апай қатты ыстықтаған сияқты. Енді сіз ол фонтанға барасыз ба?
🏦 Ұлттық Банк инфляцияны мақсатты коридорға қайтара ала ма?

Ұлттық Банк стратегиясында межелі инфляция коридоры 4-6% деп көрсетілген. Қазір инфляция 13,2%. Межелі коридордың жоғарғы планкасынан 2 есе көп. Бұл жағдайда Ұлттық банк үшін қатаң монетарлы саясат ,(жоғары базалық ставка) ұстанудан басқа амал қалмайды.

Бірақ ставканың жоғары болуы инвесторлардың биржадағы облигациялардан кетіп, банк депозиттеріне қайта оралуына түрткі болып отыр. Одан биржадан қарыз алып, түрлі экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыруы тиіс болған әкімдіктер, квазисектор компаниялары қинала бастады.

Балансты қалай қойған дұрыс? Экономикалық өсім бе, әлде төмен инфляция ма? Қазір бұл сұраққа жауап табылмай отыр.
👍3
Forwarded from ADYRNA.KZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Желіде қазақ жастарының автокөлігіне қызыл ту тіккендерге наразылығын білдіріп, қарсы шыққан видео тарады.

Сіздің ойыңыз қандай?

https://t.me/adyrnaportal
👍35
Forwarded from Үйде жатпа!
1️⃣ 16 мамырда банктер жеңілдетілген 4 пайыздық автонесиеге құжат қабылдауды бастайды.🚘 Бұл туралы ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр хабарлады.

Мүмкіндікті жіберіп алмаңдар!✔️

2️⃣ 31 арна әлемдік және отандық ең таңдаулы фильмдерді эфирден көрсететін болады. Киностудиялар қатарында Sony Pictures Entertainment, Walt Disney Company, Metro-Goldwyn-Mayer сынды әлемдік деңгейде танымал кинокомпаниялар бар.

3️⃣ Алматы қаласында бірқатар саябақ ашылады. Саябақтар спорт алаңдарымен, демалыс орындарымен жабдықталады.

Саған Алматыда қандай саябақ ұнайды?
👍5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ресей тұрғындары шын патриот па?

Блогерлердің әскер списогына жазылу туралы пранкында олардың жаппай қашқандығы байқалды.

Диванда жатып, Ресейді жақсы көретіндер шын мәнінде ол үшін соғысуға дайын емес болып шықты
👍21😁7