DALA INSIDE
10.8K subscribers
400 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
Forwarded from kaz.exk.kz
"Саяси түрде сауатсыз". Шымкент әкімі өзіне сұрақ қойған тұрғынға осылай деді

Шымкент әкімі халықпен кезекті кездесу кезінде өзіне сұрақ қойған тұрғынды масқаралады. Қала басшысы ер кісіні көптің көзінше "сауатсыз" деп сөкті.

https://t.me/kaz_exkkz
👎12👍1
Forwarded from BAQ.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Құрметті отандастар!

Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Отыз күндік оразадан кейін келетін бұл мерекені халқымыз қашанда ерекше сезіммен, зор қуанышпен қарсы алады. Рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын Рамазан айын ұлықтап, бір-біріне ізгі тілектерін арнайды.

Ораза айт әр мұсылманның жүрегіне имандылық нұрын себеді. Жұртты жақсылық жасауға, қанағатшыл, қайырымды және кешірімді болуға үндейді. Біз халқымыздың осындай бірегей қасиеттерінің арқасында бірлігімізді бекемдеп келеміз.

Исламның асыл құндылықтары Жаңа Қазақстанның да руханиятын өркендетуге септігін тигізері сөзсіз.

Айт қабыл болсын!
Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Айттан айтқа аман-есен жете берейік!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!”


@baq_kz
👍2
Forwarded from ADYRNA.KZ
Жезқазған қаласы әкімшілігі тарапынан “Доброцен” сауда үйінде орын алған келеңсіз жағдай бойынша төмендегідей мәлімдеме жасалды:

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!
Бүгін Жезқазған қаласы әкімшілігімен, прокуратура және полициямен «Доброцен» сауда үйінің басшыларымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары дұрыс қабылданып, болған оқиға бойынша өкініш білдіріліп, жақын арада тіл мәселесі бойынша туған кемшіліктерді жоятындығы туралы мәлімдеді.
​Құрметті желі қолданушылары біз көпұлтты мемлекет екенімізді ұмытпауымыз керек. Сондықтан ұлттық, нәсiлдiк, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттерге жол берілмеу қажет.

https://t.me/adyrnaportal
👎22👍2
Forwarded from ADYRNA.KZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Назарбаев Қазақстанның негізін қалаған жоқ, қайта оны құртты. Оның аты Ата Заңда емес, қарғыс астында қалады". Бұл пікірді Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты Серік Әбдірахманов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Негізін қайта керісінше ол құртты. Жайнап тұрған Қазақстан. Тәуелсіз сарапшылар АҚШ-тың ЦРУ-ы, Халықаралық эксперттердің бағасы бойынша Қазақстан 1980 жылдардың аяғында халықтың тұрмыс деңгейі бойынша 30-елдің қатарына кіріп, 28 орынға шықты. Осындай ашық мәліметтер осы желіде бар. Сол себептен 1980-1990 жылдардың аяғымен салыстырсақ, халықтың жағдайы 5 есе нашарлап кетті. Енді осыдан кейін негізін қалады деп айтуға бола ма? Өкінішке қарай, бұл кісінің аты Ата Заңда емес, қарғыс астында қалады. Сондай жағдайға Қазақстанды жеткізді", - деді Серік Әбдірахманов. 
👍26
Forwarded from ADYRNA.KZ
Эстония Парламенті Ресейден өзінің территориясын қайтаруды талап етуі мүмкін. КСРО кезеңінде Эстонияның 5.2% аймағы Ресейдің құрамына өтіп кеткен болатын. Картада ол аймақтар сарымен белгіленген.
👍16
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿📞 🇹🇷 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Түркия көшбасшылары бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтады және бауырлас екі халықтың өсіп-өркендеп, жетістікке жетуіне тілектестік білдірді.

Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мән бере отырып, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін дамытудың перспективаларын талқылады.

Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10-11 мамырда Түркияға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті кеңейтудің маңызды белесі болатынын айтты. Мемлекетіміздің басшысы Анкарадағы келіссөздер осындай деңгейде өтеді деген пікірмен келісті.

Қазақстан Президенті экономикалық, гуманитарлық және мәдени байланыстарды кеңейтуде Түркі мемлекеттері ұйымының рөлі зор екенін атап өтті.

t.me/bort_01
👍8
Жамбыл облысына әскери борышын өтеуге аттанып, бірер күннен кейін қайтыс болған Әлібек Қалбайға ескерткіш орнатылады.

Оның отбасына 500 АЕК көлемінде (шамамен 1 531 500 тг) жәрдемақы берілді. Бұл туралы Қазақстан Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары Серік Боранбаев мәлімдеді.

"Біз ешнәрсені жасырмаймыз. Мерт болған жас cарбаздың ата-анасы мен туыстары арнайы келіп, әскери бөлімнің қызметімен танысты.

Жас сарбаздың отбасына қолдау көрсетіліп жатыр. Атап айтқанда, 500 АЕК көлемінде қаржылай көмек тағайындалды. Сонымен қатар, ескерткіш қоюға 80 АЕК көлемінде қаржы қарастырылды. Одан бөлек, жеке құрамның атынан қаржылай және басқалай да қолдау көрсетілді", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Генерал-майор оқиғаның мән-жайы тергеу жұмыстары аяқталғанда белгілі болатынын айтты және сарбаз өліміне бейжай қарамайтындардың барлығынан сабырлық танытуды сұрады.

https://t.me/nehabarkaz
👍3😢1
Forwarded from KazTAG
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❗️Известный казахстанский журналист Михаил Козачков заявил о возможной слежке сотрудниками антикоррупционной службы
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен:

1. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімшілік орталығы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылынан Ақжар ауылына көшірілді.

2. Шығыс Қазақстан облысының құрамында:
1) Тарбағатай ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Ақсуат ауылында орналасатын Ақсуат ауданы;
2) Көкпекті ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Самар ауылында орналасатын Самар ауданы құрылды.

t.me/bort_01
👍6
Forwarded from BAQ.kz
«Самұрық-Қазына» басшысы елордадағы корпоративтік орталық қызметкерлерінің саны екі есе қысқартылғанын атап өтті.

💬 "Қызметкерлер 248-ден 124 адамға дейін қысқарып отыр. 106 кеңесші  жұмыстан босатылды. «Кеңесшілер» институты ұйымдық құрылымнан толығымен шығарылды.

Қордың барлық шетелдік өкілдігі жабылды. Олар Лондон, Бейжің, Абу-Даби және Мәскеу қалаларында. «Самұрық-Қазына» тобындағы алты компанияның , соның ішінде «ҚазМұнайГаз» пен «QazaqGaz» компаниясының басшылығы ауысты", - деді.

@baq_kz
👍6
Forwarded from kaz.exk.kz
Қайрат Лама-Шариф Петропавлды Абылайхан, Павлодарды Ертіс деп өзгертуді ұсынды

Қазақстанның Мысырдағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама-Шариф әлеуметтік желіде елде қарқын ала бастаған саяси және экономикалық реформалар әрбір елім деген азаматты шабыттандырып отырғанын жазды. Әрі осы тұста орыс тілінен енген кірме сөздерден толық құтылатын кезеңнің келгенін де алға тартып отыр.

https://t.me/kaz_exkkz
👍27👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Орыс әлемін" насихаттап, желіде Қазақстанның солтүстігіндегі бірқатар қалаларды Ресейге беру керек деп жазған Орал тұрғыны Максим Яковченкоға қылмыстық іс қозғалды.

Ұлттар арасында араздық тудырып, Қазақстанның тұтастығына залал келтіретін провокаторлар тиісті жазаларын алуы тиіс!

t.me/qazaqred
🤬12🤮1
#эксклюзив Компания inDriver, которая была основана в Якутии в 2013 году, а в начале 2021-го привлекла инвестиции по оценке $1,23 млрд, перевозит часть сотрудников из России в Казахстан. Об этом Forbes рассказал представитель inDriver. По его словам, релокация происходит «в рамках проекта по развитию региональных хабов». В компании не раскрыли других подробностей.

В середине апреля основатель и гендиректор inDriver Арсен Томский рассказал казахстанскому Forbes, что компания развивает несколько крупных хабов по всему миру: в Латинской Америке, Юго-Восточной Азии, Африке и т.д. По его словам, один из таких хабов будет в Казахстане, потому что это крупнейший для inDriver рынок на территории СНГ. «Сейчас это наиболее оптимальное и стабильное место в регионе», — пояснил Томский. Он добавил, что офис в Казахстане стал первым зарубежным представительством inDriver, открытым еще пять лет назад. Томский также объяснил, почему выбрал Казахстан для релокации сотрудников. По его словам, русский язык является в Казахстане языком «межнационального общения», в стране есть программы поддержки IT-компаний, там «быстроразвивающаяся стабильная экономика», а Алматы — «очень теплый и красивый город».

@forbesglobalrus
👍6
🇷🇺 Путинге хат жазамын деген қазақ әйелі "Мемлекеттік опасыздық жасау" бабымен 15 жылға сотталуы мүмкін

Қазір заңгерлер ондай мүмкіндікті қарастыра бастады. ҚР Қылмыстық Кодексінің 175 бабының 1-тармағы бойынша, Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы бағытталған әрекетті жүргізуге оның өзге де көмек көрсетуінен көрінген қасақана іс-әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген.

Осыдан біраз күн бұрын Елордадағы мектептің бірінде бірнеше әйел орыс сыныбын ашуды талап етіп, бірі ол талапқа қарсы уәж айтқан мектеп директорын "Путинге хат жазамын" деп қорқытқан болатын.

https://t.me/dalainside
👍52
🇰🇿 Назарбаевтың аты ел тарихынан өшетін болды

Мемлекеттік Хатшы Ерлан Қарин жаңа ғана жасаған мәлімдемесі бойынша, Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы Конституциялық Кеңеске жаңа Конституция жобасынан 91-ші "Бірінші Президенттің тарихи ролі жөніндегі" бапты алып тастау жөнінде ұсыныс енгізген. Конституциялық Кеңес бұл уәжбен келісіпті.

Назарбаевты Конституцияда ұлықтауға бүкіл қазақ халқы қарсы шыққан болатын. Себебі, Назарбаев халықты барынша кедейлік шегіне жеткізіп, "Қаңтар оқиғасының" басты себепкері болған еді. Ол 30 жылда Қазақстаннан 300 миллиард доллар сыртқа шығарып алған.

https://t.me/dalainside
👍21
Нұрсұлтан Назарбаев - 1990-2019 жылдардағы ҚР президенті
💩1
🚁🇰🇿«Қазақстанда құрастырылған». Төтенше жағдай қызметіне су жаңа 5 тікұшақ тапсырылды

«2021-2023 жылдарға арналған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру туралы жол картасы» аясында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе паркі жаңа H-145 «Airbus Helicopters» тікұшағымен толықты, – деп хабарлайды Dalanews.kz «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әуе кемелері «Қазавиақұтқару» АҚ Даму бағдарламасы аясында сатып алынды.
Бүгінгі таңда Н145-бұл өз класындағы ең ауыр салмақты тартқыш қозғалтқышты тікұшақ. Тікұшақ ықшамды, модульді салонына 9 жолаушыны отырғызу мүмкіндігі бар, конфигурацияны тез өзгерте алады, сыртқы шуы төмен деңгейде. Сондай-ақ Safran Helicopter Arriel 2Е қуатты қозғалтқыштары мен 4-осьті автопилоты бар Helionix жаңа авиаоникасының арқасында H145 тікұшағы авиациялық тапсырмалардың кең спектрін орындаудағы ең жақсы таңдаулардың бірі болып табылады.
👍8🤔1
👍🚁
👍5
💥🧑‍✈️Ресейде военкоматтарды өртеу оқиғалары қайталануда (видео)

Ресей мен Укариана арасында соғыс оты тұтанғалы бері Ресей қалаларында военкоматты өртеу оқиғалары жиілеген. Күні кеше ғана Ural Mash телегармм каналында Нижневартовск қаласында түн ортасында белгісіз біреулердің әскери комиссарат «Молотов коктейлін» лақтырып, ғимаратты өртеуге әрекеттенген видеосын жариялады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бейтаныс екі адам военкоматқа 8 бөтелке «Молотов коктейлін» лақтырғанын хабарлады. Нәтижесінде ғимарттың бірінші қабатындағы кере берісі отқа оранып, қолдан жасалған өрт салдарынан ешқандай адам зардап шекпеген.
Укриана Президентінің кеңесшісі Алексей Арестович рейсейлік блогер Марк Фейгинге берген сұхбатында соғыстан кейін Ресейде военкоматтарды өртеу оқиғалары жиілегенін хабарлаған-ды.
– Біздің қолымыздағы ақпараттар бойынша Ресейде ондаған военкомат отқа оранғанынан хабардармыз, – деген болатын.
Forwarded from kaz.exk.kz
"Орысша сөйлесең, тіліңді суырамын!" Мөлдір Әуелбекова ұлына қатаң талап қойды

Өнер иесінің айтуынша, Әуелбековтер әулетінде өзге тілде сөйлеуге рұқсат жоқ. Әншінің әкесі ұл-қыздарына қаршайдынан дәл осылай талап қойған көрінеді. Бұдан былай Мөлдір де отбасында қалыптасқан қатаң қағиданы жалғастырмақ ниетте. Тіпті бес жастағы баласына өзіне өзге тілде сөйлеуге тыйым салғанын айтқан.
👍28