DALA INSIDE
10.8K subscribers
400 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🇰🇿 Зәкіржан Кузиев Парламентке келді

Ол Парламент Мәжілісі депутатын сайлауға қатысып, балама сайлауда жеңімпаз атанды. Кузиев 60 пайыздан астам дауыс жинаған. Бұған дейін біз ол Парламент депутаты болады деген ақпаратты хабарлаған едік. Алайда ол біз күткен Сенат емес, Мәжіліске келді.

Зәкіржан Кузиев бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары лауазымында болған еді. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен Зәкіржан Кузиев және Ассамблея төрағасының тағы бір орынбасары Майя Бекбаеваны қызметтерінен босатты. Майя Бекбаеваның қандай қызметке баратыны туралы әзірге ақпарат жоқ.

https://t.me/dalainside
👎3👍1
🏦 Қазақстанда ресейлік Альфа-Банктің аты өшетін болады

Оны сатып алған ЦентрКредит банкі Альфаны толықтай өзіне қосып, Альфа атын алып тастамақ. Осы мәселені талқылау үшін Банк ЦентрКредит директорлар кеңесі мамыр айының 20-сы күні жиналатын болды.

Альфа банктер рейтингінде 11 сатыда, ал ЦентрКредит 7-ші сатыда тұрған еді. Енді ЦентрКредит іріленіп, Форте банктермен таласа бастамақ.

https://t.me/dalainside
🔥10👍3
Аты өшетін Альфа-Банк
🔥111
Алматыда "Бессмертный полк" туралы әңгіме көтеріле бастады

Тимур Құрбанов деген азамат, осы "Бессмертный полк" деген акцияға қанша адам қатысқанын білгісі келіп, Egov.press сайтына петиция жариялаған.

"Қазақстан халқы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды құрметпен еске алады және әрқашан бейбітшілік пен халықтар арасындағы достықты жақтайды. Бұл Петицияның мақсаты – 2022 жылдың 9 мамырында шеру түрінде, «офлайн» форматында «Бессмертный полк» акциясына қатысуға ниет білдірген алматылықтардың саны туралы ақпарат алу", - делінген петицияда.

Қазақстан биыл әскери парад емес, одан оған кететін қаржыны ардагерлерімізге берейік деп шешкен болатын. Нәтижесінде біздің ардагерлер Ресейге қарағанда 17 есе көп премия алды. Есесіне, парадтың өтпеуі ресейлік пропагандист Тигран Кеосоянға ұнамай, ол қазақ халқына ұрсып тастаған болатын.

Қазіргі секундта петицияны аса көп адам қолдай қоймады. "Бессмертный полкты" оффлайн өткізе ме, өткізбей ме - оны Алматы әкімдігі шешетін болады.

https://t.me/dalainside
👍3
Бессмертный полк - Ресей пропагандистерінің араласуымен саяси құралға айналып кеткен шеру
👍7
Forwarded from BAQ.kz
Бас прокуратура қазақстандықтарды ескертті

ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дамбаев қазақстандықтарға үндеу жасап, 1 мамырдағы митингке шақыру заңсыз, ал әкімдіктерде мақұлданғаны туралы ақпарат жалған екенін ескертті.

Бұл күні әкімдіктер елді мекендердің орталық алаңдарында «Қазақстан халқының бірлігі күнін» мерекелеуге арналған мәдени-бұқаралық іс-шараларды ғана өткізуді жоспарлап отыр.

Бас прокуратура азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады.

@baq_kz
👍8
Forwarded from kaz.exk.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Босқа уақыт жоғалту". Оқушыларын билеп қарсы алған мұғалім талқыға түсті

Мектеп мұғалімінің оқушыларымен билеп амандасып, сыныпқа әуен ырғағымен кіргізіп жатқан видеосына көпшілік әртүрлі пікір қалдырды.

https://t.me/kaz_exkkz
👍6
💸 Жемқорлардың көбісі Алматы облысында тұрады

Finprom.kz сарапшыларының есебінше, сыбайлас жемқорлық фактілері бір жылда 26,5 пайызға артқан. Биыл 725 қылмыстық іс тіркелді.

Өңірлерге бөлсек, парақорлық бойынша Алматы облысы чемпион атанды. Мұнда 67 факт тіркелген. Былтырға шаққанда қылмыс саны 2,4 есеге артқан.
Жалпы биыл жемқорлыққа қатысы бар 321 адам анықталып, оның ішінен 241 адам сотталды. Сотқа тартылғандардың дені әкімдік қызметкерлері.

https://t.me/dalainside
👎4👍1
Жемқорлар жәннаты - Жетісу
😁6
🔥 Мемлекет Мамаситаны мамалатуы мүмкін

Қазақстандық блогер Супермамаситадан (Әлия Байтуғаева) "қызыл жіп" сатып алғандар, егер "бала таппасақ, блогердің үстінен шағым түсіреміз" деп, форумдарда жаза бастады.

Супермамасита марафон өткізіп, бала табуға, қызметте өсуге көмектесетін "қызыл жіпті" 4500 теңгеден сатқан болатын. Оны сатып алғандардың 95 пайызы бала тапқысы келетін әйелдер, 5 пайызы қызметте өскісі келетін ер кісілер болған.

Қазіргі ақпарат бойынша 90 мың адам қызыл жіп сатып алған. Онда выручка 405 миллион теңге болады. Бұл ретте Мемлекеттік кірістер департаментінің Супермамаситадан жеке табыс салығы ретінде (10%) 40 миллион теңге өндіріп алуға толық құқығы бар.

Ал кем дегенде 80 мың келіншек енді топырлатып бала таппаса, Мамаситаның үстінен "Алаяқтық" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, бас бостандығынан да, 405 миллион теңгеден де айрылатын болады.

https://t.me/dalainside
👍9
Супермамасита 4500 теңгеге "қызыл жіп" сатуда
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🤜 Ақмоланың армяндары қазақ халқына сес көрсеткен Тигран Кеосаянға қатаң жауап берді

Олар пропагандисттің қазақ халқынан кешірім сұрауын талап етіп отыр. "Тигранның сөзі армян халқын да қатты қорлады" деп отыр, Ақмола облыстық армяндар бірлестігі өкілдері.

https://t.me/dalainside
👍23
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🕊 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Қымбатты отандастар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Мамырдың осы мамыражай мерекесі – еліміздің тұтастығы мен ырыс-ынтымағының символы.
Достық пен өзара түсіністік дәстүрлері халқымыздың сана-сезімінде берік орныққан. Бұл қасиеттер берекелі өмірдің, бейбітшілік пен келісімнің өзегі болып отыр.

Тағдырдың жазуымен кең байтақ қазақ жерінде тоғысқан әр алуан мәдениеттер тұтаса келе ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды.

Біздің мақсатымыз бір, құндылықтарымыз ортақ. Мызғымас бірліктің арқасында қиындықтан қаймықпай, жаһандық сын-қатердің бәрін еңсеріп келеміз.

Бүгінде Жаңа Қазақстанды құру бастамасы бүкіл қоғамды ұйыстыруда. Бұл идея ел азаматтарының жасампаздық қуатынан бастау алады. Мемлекетімізді жан-жақты жаңғыртуға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек.

Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!
Аспанымыз әрдайым ашық болсын
!
👍3
😂 Мемлекеттік хатшы Ерлан Қаринді әзілдеп, жұмсақ жерінен сипайтын жаңа мем тарауда

Ерлан Қариннің өзі де осы қағаздың тұтынушысы болуы мүмкін.

Қазақ халқының көтеніне майдай жаққан "Аппақ қардай" дәретхана қағазын отандық мықты өндірістік компаниялардың бірі және бірегейі - "Карина TRADING» фирмасы шығарады. Отандық өндіруші санитарлық-гигиеналық қағаз өнімдерінің 40-дан аса түрлерін шығарып отыр. Импортпен жақсы бәсекелесе алады.

"Аппақ қардай" қағазының өлшемі: 9,1 см х 23±3, тығыздығы: 2*18-1 г/м².
Өндірістік мінездемесі: Екi қабатты,ақ, сығылған және перфорациялы, втулкада, ылғалға берік, құрамы: 100% целлюлоза, оралған. Бір пакетте 10 рулон бар. Бір рулонның бағасы 84 теңге. Барлық оптомаркет, супермаркет, базарлар мен шағын дүкендерден таба аласыздар.

https://t.me/dalainside
👍10😁1
Forwarded from kaz.exk.kz
"Саяси түрде сауатсыз". Шымкент әкімі өзіне сұрақ қойған тұрғынға осылай деді

Шымкент әкімі халықпен кезекті кездесу кезінде өзіне сұрақ қойған тұрғынды масқаралады. Қала басшысы ер кісіні көптің көзінше "сауатсыз" деп сөкті.

https://t.me/kaz_exkkz
👎12👍1
Forwarded from BAQ.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Құрметті отандастар!

Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Отыз күндік оразадан кейін келетін бұл мерекені халқымыз қашанда ерекше сезіммен, зор қуанышпен қарсы алады. Рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын Рамазан айын ұлықтап, бір-біріне ізгі тілектерін арнайды.

Ораза айт әр мұсылманның жүрегіне имандылық нұрын себеді. Жұртты жақсылық жасауға, қанағатшыл, қайырымды және кешірімді болуға үндейді. Біз халқымыздың осындай бірегей қасиеттерінің арқасында бірлігімізді бекемдеп келеміз.

Исламның асыл құндылықтары Жаңа Қазақстанның да руханиятын өркендетуге септігін тигізері сөзсіз.

Айт қабыл болсын!
Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Айттан айтқа аман-есен жете берейік!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!”


@baq_kz
👍2
Forwarded from ADYRNA.KZ
Жезқазған қаласы әкімшілігі тарапынан “Доброцен” сауда үйінде орын алған келеңсіз жағдай бойынша төмендегідей мәлімдеме жасалды:

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!
Бүгін Жезқазған қаласы әкімшілігімен, прокуратура және полициямен «Доброцен» сауда үйінің басшыларымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары дұрыс қабылданып, болған оқиға бойынша өкініш білдіріліп, жақын арада тіл мәселесі бойынша туған кемшіліктерді жоятындығы туралы мәлімдеді.
​Құрметті желі қолданушылары біз көпұлтты мемлекет екенімізді ұмытпауымыз керек. Сондықтан ұлттық, нәсiлдiк, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттерге жол берілмеу қажет.

https://t.me/adyrnaportal
👎22👍2
Forwarded from ADYRNA.KZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Назарбаев Қазақстанның негізін қалаған жоқ, қайта оны құртты. Оның аты Ата Заңда емес, қарғыс астында қалады". Бұл пікірді Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты Серік Әбдірахманов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Негізін қайта керісінше ол құртты. Жайнап тұрған Қазақстан. Тәуелсіз сарапшылар АҚШ-тың ЦРУ-ы, Халықаралық эксперттердің бағасы бойынша Қазақстан 1980 жылдардың аяғында халықтың тұрмыс деңгейі бойынша 30-елдің қатарына кіріп, 28 орынға шықты. Осындай ашық мәліметтер осы желіде бар. Сол себептен 1980-1990 жылдардың аяғымен салыстырсақ, халықтың жағдайы 5 есе нашарлап кетті. Енді осыдан кейін негізін қалады деп айтуға бола ма? Өкінішке қарай, бұл кісінің аты Ата Заңда емес, қарғыс астында қалады. Сондай жағдайға Қазақстанды жеткізді", - деді Серік Әбдірахманов. 
👍26
Forwarded from ADYRNA.KZ
Эстония Парламенті Ресейден өзінің территориясын қайтаруды талап етуі мүмкін. КСРО кезеңінде Эстонияның 5.2% аймағы Ресейдің құрамына өтіп кеткен болатын. Картада ол аймақтар сарымен белгіленген.
👍16
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿📞 🇹🇷 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Түркия көшбасшылары бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтады және бауырлас екі халықтың өсіп-өркендеп, жетістікке жетуіне тілектестік білдірді.

Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мән бере отырып, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін дамытудың перспективаларын талқылады.

Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10-11 мамырда Түркияға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті кеңейтудің маңызды белесі болатынын айтты. Мемлекетіміздің басшысы Анкарадағы келіссөздер осындай деңгейде өтеді деген пікірмен келісті.

Қазақстан Президенті экономикалық, гуманитарлық және мәдени байланыстарды кеңейтуде Түркі мемлекеттері ұйымының рөлі зор екенін атап өтті.

t.me/bort_01
👍8
Жамбыл облысына әскери борышын өтеуге аттанып, бірер күннен кейін қайтыс болған Әлібек Қалбайға ескерткіш орнатылады.

Оның отбасына 500 АЕК көлемінде (шамамен 1 531 500 тг) жәрдемақы берілді. Бұл туралы Қазақстан Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары Серік Боранбаев мәлімдеді.

"Біз ешнәрсені жасырмаймыз. Мерт болған жас cарбаздың ата-анасы мен туыстары арнайы келіп, әскери бөлімнің қызметімен танысты.

Жас сарбаздың отбасына қолдау көрсетіліп жатыр. Атап айтқанда, 500 АЕК көлемінде қаржылай көмек тағайындалды. Сонымен қатар, ескерткіш қоюға 80 АЕК көлемінде қаржы қарастырылды. Одан бөлек, жеке құрамның атынан қаржылай және басқалай да қолдау көрсетілді", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Генерал-майор оқиғаның мән-жайы тергеу жұмыстары аяқталғанда белгілі болатынын айтты және сарбаз өліміне бейжай қарамайтындардың барлығынан сабырлық танытуды сұрады.

https://t.me/nehabarkaz
👍3😢1