DALA INSIDE
10.8K subscribers
400 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
Forwarded from BAQ.kz
ҚР СІМ Баспасөз хатшысы А.Смадияровтың Т.Кеосаянның сөздеріне қатысты пікір білдірді:

💬 "Ресейлік журналист Тигран Кеосаянның қорлаушы және объективті емес сөздері назар аударады.

Мүмкін, оның мәлімдемесі ресейлік қоғамның белгілі бір бөлігінің және саяси истеблишменттің көзқарастарын көрсететін шығар, бірақ елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі келісімдерге сәйкес келмейді.

Мұндай сөздер тату көршілік қарым-қатынастың атмосферасын уландырады және стратегиялық серіктестіктің қарсыластарының «пайдасына» түседі.

Ол Қазақстанға кіру үшін жағымсыз адамдардың тізіміне енгізіледі деп ойлаймын".

@baq_kz
👍23
Forwarded from ADYRNA.KZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Арман Шораевтың Тигран Кеосаянға жауабы
🔥30👍246
💸 Қазақ халқы Орловты табыстан айырды

Алматылықтардың 20 күнге созылған бойкотынан кейін ресейлік ресторатор Александр Орловтың Қазақстаннан келген выручкасы орта есеппен 40 пайызға төмендеп кеткен. Ол туралы, жағдаймен таныс "DALA инсайд" дереккөзі хабарлады. Орловтың Алматыда Tanuki, Manana, Dragonfly, Bluecat атты 4 рестораны бар. Әсіресе, Manana шығын көріп отыр.

«Бойкот Ораза айымен тап келіп, жығылған үстіне жұдырық болды», - дейді дереккөз.

Александр Орлов өз телеграм каналында «қазақтар жұмыс істей алмайды» деп мәлімдеп, комментарийлерде үлкен сынға қалған болатын. Сәуірдің 10-ы күні алматылықтар оның ресторандарына толық бойкот жариялады. Артынан Александр Орлов таза қазақ тілінде қазақ халқынан кешірім сұрады. Оның балалық шағы Қазақстанда өтіп, қазақтармен етене жақын араласқан еді. Қазір де қазақ халқына бір бүйрегі бұрып тұрады. Ет, қазы, қымыз сынды ұлттық тағамдарды жаны сүйеді. Оның ресторандары 750 Қазақстан азаматына жұмыс беріп отыр.

https://t.me/dalainside
👍15💩1
Алматыда 4 рестораны бар Ресей кәсіпкері Александр Орлов
👎38🤔1
🇰🇿 Қазақстан Халқы Ассамблеясынан босаған Зәкіржан Кузиев депутат атанбақ

Оның Парламент депутаты болуы президенттік квота аясында Ассамблея тарапынан мақұлданатын болады. Бұл туралы "DALA инсайд" дереккөзі хабарлады.

Зәкіржан Кузиев бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары лауазымында болған еді. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен Зәкіржан Кузиев және Ассамблея төрағасының тағы бір орынбасары Майя Бекбаеваны қызметтерінен босатты. Майя Бекбаеваның қандай қызметке баратыны туралы әзірге ақпарат жоқ.

https://t.me/dalainside
👍1👏1
Болашақ депутат Зәкіржан Кузиев
Forwarded from kaz.exk.kz
Алматы облысында ит тоғыз жасар баланы талап тастады

Оқыс оқиға Алматы облысы Жамбыл ауданы, Ақсеңгір ауылында болған. Иесіз ит мектеп оқушысын дүкенге бара жатқанда талап тастаған. Баланың самайы мен көзінің тұсы қатты жарақаттанған.

https://t.me/kaz_exkkz
😱7😢5👍1
Forwarded from BAQ.kz
Асылбек Шәменов Қызылорда қаласының әкімі болып тағайындалды.

@baq_kz
👍4
🇰🇿 Зәкіржан Кузиев Парламентке келді

Ол Парламент Мәжілісі депутатын сайлауға қатысып, балама сайлауда жеңімпаз атанды. Кузиев 60 пайыздан астам дауыс жинаған. Бұған дейін біз ол Парламент депутаты болады деген ақпаратты хабарлаған едік. Алайда ол біз күткен Сенат емес, Мәжіліске келді.

Зәкіржан Кузиев бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары лауазымында болған еді. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен Зәкіржан Кузиев және Ассамблея төрағасының тағы бір орынбасары Майя Бекбаеваны қызметтерінен босатты. Майя Бекбаеваның қандай қызметке баратыны туралы әзірге ақпарат жоқ.

https://t.me/dalainside
👎3👍1
🏦 Қазақстанда ресейлік Альфа-Банктің аты өшетін болады

Оны сатып алған ЦентрКредит банкі Альфаны толықтай өзіне қосып, Альфа атын алып тастамақ. Осы мәселені талқылау үшін Банк ЦентрКредит директорлар кеңесі мамыр айының 20-сы күні жиналатын болды.

Альфа банктер рейтингінде 11 сатыда, ал ЦентрКредит 7-ші сатыда тұрған еді. Енді ЦентрКредит іріленіп, Форте банктермен таласа бастамақ.

https://t.me/dalainside
🔥10👍3
Аты өшетін Альфа-Банк
🔥111
Алматыда "Бессмертный полк" туралы әңгіме көтеріле бастады

Тимур Құрбанов деген азамат, осы "Бессмертный полк" деген акцияға қанша адам қатысқанын білгісі келіп, Egov.press сайтына петиция жариялаған.

"Қазақстан халқы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды құрметпен еске алады және әрқашан бейбітшілік пен халықтар арасындағы достықты жақтайды. Бұл Петицияның мақсаты – 2022 жылдың 9 мамырында шеру түрінде, «офлайн» форматында «Бессмертный полк» акциясына қатысуға ниет білдірген алматылықтардың саны туралы ақпарат алу", - делінген петицияда.

Қазақстан биыл әскери парад емес, одан оған кететін қаржыны ардагерлерімізге берейік деп шешкен болатын. Нәтижесінде біздің ардагерлер Ресейге қарағанда 17 есе көп премия алды. Есесіне, парадтың өтпеуі ресейлік пропагандист Тигран Кеосоянға ұнамай, ол қазақ халқына ұрсып тастаған болатын.

Қазіргі секундта петицияны аса көп адам қолдай қоймады. "Бессмертный полкты" оффлайн өткізе ме, өткізбей ме - оны Алматы әкімдігі шешетін болады.

https://t.me/dalainside
👍3
Бессмертный полк - Ресей пропагандистерінің араласуымен саяси құралға айналып кеткен шеру
👍7
Forwarded from BAQ.kz
Бас прокуратура қазақстандықтарды ескертті

ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дамбаев қазақстандықтарға үндеу жасап, 1 мамырдағы митингке шақыру заңсыз, ал әкімдіктерде мақұлданғаны туралы ақпарат жалған екенін ескертті.

Бұл күні әкімдіктер елді мекендердің орталық алаңдарында «Қазақстан халқының бірлігі күнін» мерекелеуге арналған мәдени-бұқаралық іс-шараларды ғана өткізуді жоспарлап отыр.

Бас прокуратура азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады.

@baq_kz
👍8
Forwarded from kaz.exk.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Босқа уақыт жоғалту". Оқушыларын билеп қарсы алған мұғалім талқыға түсті

Мектеп мұғалімінің оқушыларымен билеп амандасып, сыныпқа әуен ырғағымен кіргізіп жатқан видеосына көпшілік әртүрлі пікір қалдырды.

https://t.me/kaz_exkkz
👍6
💸 Жемқорлардың көбісі Алматы облысында тұрады

Finprom.kz сарапшыларының есебінше, сыбайлас жемқорлық фактілері бір жылда 26,5 пайызға артқан. Биыл 725 қылмыстық іс тіркелді.

Өңірлерге бөлсек, парақорлық бойынша Алматы облысы чемпион атанды. Мұнда 67 факт тіркелген. Былтырға шаққанда қылмыс саны 2,4 есеге артқан.
Жалпы биыл жемқорлыққа қатысы бар 321 адам анықталып, оның ішінен 241 адам сотталды. Сотқа тартылғандардың дені әкімдік қызметкерлері.

https://t.me/dalainside
👎4👍1
Жемқорлар жәннаты - Жетісу
😁6
🔥 Мемлекет Мамаситаны мамалатуы мүмкін

Қазақстандық блогер Супермамаситадан (Әлия Байтуғаева) "қызыл жіп" сатып алғандар, егер "бала таппасақ, блогердің үстінен шағым түсіреміз" деп, форумдарда жаза бастады.

Супермамасита марафон өткізіп, бала табуға, қызметте өсуге көмектесетін "қызыл жіпті" 4500 теңгеден сатқан болатын. Оны сатып алғандардың 95 пайызы бала тапқысы келетін әйелдер, 5 пайызы қызметте өскісі келетін ер кісілер болған.

Қазіргі ақпарат бойынша 90 мың адам қызыл жіп сатып алған. Онда выручка 405 миллион теңге болады. Бұл ретте Мемлекеттік кірістер департаментінің Супермамаситадан жеке табыс салығы ретінде (10%) 40 миллион теңге өндіріп алуға толық құқығы бар.

Ал кем дегенде 80 мың келіншек енді топырлатып бала таппаса, Мамаситаның үстінен "Алаяқтық" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, бас бостандығынан да, 405 миллион теңгеден де айрылатын болады.

https://t.me/dalainside
👍9
Супермамасита 4500 теңгеге "қызыл жіп" сатуда
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🤜 Ақмоланың армяндары қазақ халқына сес көрсеткен Тигран Кеосаянға қатаң жауап берді

Олар пропагандисттің қазақ халқынан кешірім сұрауын талап етіп отыр. "Тигранның сөзі армян халқын да қатты қорлады" деп отыр, Ақмола облыстық армяндар бірлестігі өкілдері.

https://t.me/dalainside
👍23
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🕊 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Қымбатты отандастар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Мамырдың осы мамыражай мерекесі – еліміздің тұтастығы мен ырыс-ынтымағының символы.
Достық пен өзара түсіністік дәстүрлері халқымыздың сана-сезімінде берік орныққан. Бұл қасиеттер берекелі өмірдің, бейбітшілік пен келісімнің өзегі болып отыр.

Тағдырдың жазуымен кең байтақ қазақ жерінде тоғысқан әр алуан мәдениеттер тұтаса келе ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды.

Біздің мақсатымыз бір, құндылықтарымыз ортақ. Мызғымас бірліктің арқасында қиындықтан қаймықпай, жаһандық сын-қатердің бәрін еңсеріп келеміз.

Бүгінде Жаңа Қазақстанды құру бастамасы бүкіл қоғамды ұйыстыруда. Бұл идея ел азаматтарының жасампаздық қуатынан бастау алады. Мемлекетімізді жан-жақты жаңғыртуға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек.

Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!
Аспанымыз әрдайым ашық болсын
!
👍3