🔥🔥🔥 Экспорт па, халық па?
Теңгенің 445-тен төмендеп кеткені де аса жақсы емес
Қазіргі уақытта KASE биржасында USD/KZT бағамы бір АҚШ доллары үшін 444 теңгеге дейін нығаюда. Шын айтсақ, бұл Украинадағы соғыс басталғаннан бергі ең жақсы көрсеткіш. Дәл осы арада бюджет 460 курсы бойынша есептелген болатын. Теңге қатты күшейсе экспорт жылайды, қатты құласа импорт жылайды.
Ал халық ортасында. Негізі 460 ең дұрысы ау.
@dalainside

👍4
Forwarded from BAQ.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтады.
💬 Әуесқой және кәсіпқой бокстағы мансабыңызда өзіңізді бірегей спортшы ретінде таныттыңыз. Деңгейі өте жоғары жарыстарда еліміздің намысын абыроймен қорғадыңыз, сондай-ақ Қазақстандағы және әлемдегі көптеген бокс жанкүйеріне қуаныш, жарқын көңіл күй сыйладыңыз.
Табиғи талантыңыз бен еңбексүйгіштік қасиетіңіз спорт саласында зор жетістіктерге жетуге ықпал етті. Жастарымызға үлгі болдыңыз. Сіздің отандық бокстың дамуына үлкен үлес қоса беретініңізге сенімдімін, – деп жазылған Президенттің құттықтау жеделхатында.
@baq_kz

Forwarded from ADYRNA.KZ
Молдова Георгий лентасы, Z және V белгілерін фашистік символға теңеп, оны қолдануға тыйым салды. Бұл символдарды насихаттаушыларға: жеке тұлғаларға - 9 мың лей ($490), заңды тұлғаларға - 18 мың лей ($980) айыппұл салынады.
Осы біздің әнші-әртістер халықтың атынан сөйлегенді қашан қояды?
Назарбаевтың құдасы Боранбаевқа араша сұрап жетпіс әнші Тоқаевқа хат жазыпты. Ішінде Асанәлі Әшімовтен бастап Роза Рымбаеваға дейін жүр. Өнердің қамқоры еді дейді. Тойға шақырып, тиын-тебен бергенін өнерге қамқорлық деп жүрмесе Боранбаевтың қазақ өнеріне қамқорлық жасағанын естімеппін. Мүмкін мен қателесемін.
Өзінің күйеу баласы Айсұлтан атасы Қайрат Боранбаев пен Тимур Құлыбаевтың қазақтың мұнайы мен газын қалай Ресей асырғанын тәптіштеп жазып еді. Яғни, қазақтың байлығын шетел асырып, сол арқылы қарнын қампайтқандар.
Егер, Боранбаев есепшотындағы 600 миллион долларын мемлекет бюджетіне өткіземін десе мен оның босатылуын Бекболатша (төртаяқтап) қолдаймын. Құрмет орденін берсе де артық емес!
Оңғар Қабден https://www.facebook.com/100008177013860/posts/3276146736001195/

👍16
🗣Freedom Finance сарапшылары валюта бағамы туралы пікір білдірді
🔹Ұлттық валютаның қазір 10 ақпаннан бергі минимум $ 74-тен төмен түскен рубльге ілесіп жүргені байқалады. Рубль бағамы қазір Ресейдің Орталық банкінің қатаң валюталық бақылауымен дамып жатқанын есте ұстаған жөн, сондықтан теңге бағамы теориялық тұрғыдан бейтарап болуы мүмкін.

👍1
Әбдірәлі Бөлебай ағамызбен қоштасып келдік. Елордадағы "Ақмешіт" мешітінде жаназаға жиылған қауымның қарасы көп болды. Мемлекет және қоғам қайраткері Бауыржан Омар, жазушы-сатирик Көпен Әмірбек ағалар сөз алды. Пейілі дархан даладай, көңілі пәк баладай Әбдірәлі ағамыздың аңқылдаған жарқын мінезі, кейінгі толқынға үлгі болар кішіпейілдігі турасында ақтарыла айтты көпшілік.
Көпен аға Әмірбек: «Дүниеге нұрын шашатын екі нәрсе бар: бірі – күн, екіншісі – журналистер» деуші еді. Әбдірәлі жер дүниеге нұрын шашып жүретін адам еді, - деді. Расында да кеңпейіл көкеміздің өмірдегі шынайы, ізгі болмысын шуағын шаша сәулесін төккен күн нұры да айғақтап тұрды-ау бүгін. Қош Ағатай!
Қанат Әуесбай https://www.facebook.com/100003007310117/posts/4770127443097452/

Қазақстандағы банк карталарын алу үшін Ресей азаматтары топырлап кетті ме?
🏦 Путин соғыс бастаған 24 ақпаннан бастап қазақстандық банктерде Ресей мен Беларус азаматтары 11 940 шот ашыпты.
🔹️Жалпы бұл елдердің 162 мың азаматының Қазақстанда шоттары бар.
🔹️Заңды тұлғаларға келсек, жеті ресейлік компания есепшот ашты. Қазақстандық банктерде есепшоттары бар көрші елдің компанияларының жалпы саны 805-ке жетті

🚥 Арба ма, өгіз бе? Қазақстан үшін осы күз барлық мәселенің басын ашып береді
Биыл біз салық (басқа да түсімдер) бәрін қосқанда, 10,1 триллион теңге жинаймыз. Бұл бюджеттің трансфертті есептемегендегі кірісі, яғни нақты өз тапқанымыз. Сонымен бірге 18,8 триллион теңге құртамыз. Бұл бюджеттің шығысы. Сонда 8,7 триллион теңге тапшылық пайда болады. Ол - бюджеттің дефициті деп аталады. Яғни бізге енді 8,7 триллион теңге табу керек. Біз не істейміз?
Жинаған қоры жоқ елдер осы бюджет дефицитін жабу үшін сырттан қарыз алады. Ал бізде жинақталған Ұлттық қор бар. Сондықтан біз бұл ретте баланс ұстаймыз. Биыл біз Ұлттық қордан 4,03 триллион теңге алып, оны бюджетке береміз. Ол трансферт деп аталады. Сонда бюджет дефициті 4,7 триллион теңге болып қысқарды. Енді бізге осы 4,7 триллион теңге табу керек. Енді не істейміз? Бұл 10 миллиард доллар.
Неге шығын артты? Себебі, биыл "Қаңтар оқиғасы" бізді 1 триллион теңгеден астам шығынға батырды. Рубльдің құлауы, Ресейдің күйреуі девальвациялық жағдайды күшейтіп, инфляцияның өсуіне жол ашты.
Қазір жаңалықты қарап отырсаңыз, Қазақстаннан ұрланып, заңсыз сыртқа кеткен капиталдарды қайтару бойынша белсенді жұмыс басталды. Ол тегін емес. Осыдан біраз қаржы түссе, бюджет тапшылығына жаратуға болады. Бірақ әрине, оның дефицит жыртығын жаба алмайтыны түсінікті. Сондықтан Үкімет қалған ақшаны қарыз алу арқылы жабады.
Бізде осы қарыз екіге бөлінеді: сыртқы қарыз және ішкі қарыз. Осы 4 триллионның шамамен 2,5 триллион теңгесін ішкі қарыз түрінде тартамыз. Ол үшін Қаржы министрі Қазақстан қор биржасында теңгелей номиналдағы мемлекеттік құнды қағаздар сатады (облигациялар, МЕКАМ, МЕУКАМ).
Ал қалған 1,5 триллион теңгені біз сыртқы қарыз ретінде таба аламыз. Былтыр біз шамамен 1 триллион теңге қарыз алғанбыз. Биыл одан сәл көбірек қарыз алуымыз мүмкін. Біздің суверенді рейтингіміз жақсы болғандықтан, біз қарызды өте тиімді, жеңіл ставкамен ала аламыз. Мысалы, қазір Ресейге ешкім қарыз бермейді.
Осы жылдың басында біздің мемлекеттік қарызымыз Ішкі жалпы өнімге шаққанда 27,4 пайызды құрады. Біздегі бекітілген параметр бойынша, қарызымыз ІЖӨ-нің 30 пайызынан асып кетпеу керек. Біз ол шектен асқан жоқпыз. Ал ішкі жалпы өнімге келсек, оның көлемі 80,3 триллион теңгені құрайды.
Неге күз өте маңызды? Ресейге салынған санкцияның бізге деген салқынын әлі нақты сезінбедік. Әсері күзге таман біліне бастайды. Егер Новороссийскідегі КТК-ның істен шыққан екі танкерге құю құрылғысы жөнделмесе, онда сәуір айынан кейін мұнай сатуды шектеуге мәжбүр боламыз. Тауар тізбектері де бұзылып жатыр. Біз жаңа транзиттік жолдар таба аламыз ба? Ол да белгісіз. Сондықтан мәселе күзге таман айқындала бастамақ.
Біздің Үкімет үшін 2022 - ең ауыр жылдардың бірі болмақ. Бірақ осы құрамдағы тізгін қаржыгерлердің (Смайылов, Жамаубаев) қолында екені қуантады. Қаржыгерлер бізді осы тығырықтан алып шыға алатын түсінікке ие.
Дәл осы уақытта саяси билікке, әсіресе депутаттық корпусқа әлеуметтік популизмнен ары жүрген дұрыс. "Біз бәріне ақша таратып берейік!", "Кредиттерді кешірейік!" деген лозунгтар пенде ретінде бәрімізге ұнауы мүмкін, бірақ оны орындауға бар қаржысының 70 пайызын онсыз да әлеуметтік салаға (білім беру, денсаулық сақтау, пенсия, айлық пен пособия төлеу) жұмсап отырған бюджеттің ешқандай жағдайы жоқ. Осыны түсіну керек.
Айбар Олжаев https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=970213706971942&id=100019499658791

👍6
Назарбаевтың әпкесі контрабандамен айналысқан ба?
Қаржы мониторингі агенттігі тарапынан контрабандаға қатысты күдікке алынған Group of the Companies TDА тобының директоры, Egov порталының мәліметінше, 41 жастағы Әли Клышпаев болып шыққанын @kozachkow арнасы жазады. Фирма Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында тіркелген. Бірақ ең қызығы Клышпаевтың серіктесінің аты-жөні. Логистикалық қызмет көрсететін компанияның екінші құрылтайшысы – Елбасының әпкесі Назарбаева Әнипа Әбішқызы. Оның компаниясының директоры контрабанда жасады деген күдікке ілінген.
@kozachkow @dalainside

Украинада соғысып жүрген Адайлар.
Қай жерінде, қай облыста жүргені белгісіз. Тек осындай фото ғана бар әзірге. Толық ақпарат болса толықтырып жазамын.
Оңғар Қабден, https://www.facebook.com/100008177013860/posts/3276181745997694/

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Путин Жириновскиймен қоштасты.
Бір түйткіл бар. Жириновский өткенде "Ресей бәрін жеңеді. Жеңбесе мен өле қалайын" деп мәлімдеген. Енді өле қалды.
Осы сөзі "Жириновский қарғысы" ретінде тарихта қалмақ.

Сүйініш Әбділдин «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына басшы болып тағайындалды.
Оны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдад Мусин ұжымның алдында таныстырды. Ол бұған дейін осы ұжымда басшының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді.

Украиндықтардың 91%-ы енді орыстарды бауырлас халық деп санамайды. Сонымен қатар, украиндықтар ресейліктермен достық қарым-қатынасты қалпына келтіру мүмкіндігін өте қиын деп отыр.
@uniannet
@uniannet
Құлайды деген еді, бірақ...
🏘Қазақстанда баспана бағасы күрт өсті.
🔹️Жаңа тұрғын үй наурыз айында ақпанмен салыстырғанда бірден 5,5%-ға артып, шаршы метріне 408,95 мың теңгені құрады.
🔹️Қайталама нарықтағы жылжымайтын мүлік бір айда 4,6%-ға қымбаттап, шаршы метрі 451,3 мың теңгеге жетті.
🔹️Аренда да өсті. Бір айда жалға алу құны 3,5%-ға артып, шаршы метріне 3,5 мың теңгені құрады

Украинадағы Краматорсктағы теміржол вокзалында пойыз күтіп тұрған адамдарға ракета құлап, бірден 30 бейбіт тұрғын қаза тапты. Осы қылмысты кім істеді?
Ресей Украина дейді, Украина Ресей дейді. Бірақ ракета қазір Ресей бақылап тұрған Шахтинсктен ұшқаны белгілі болды. Егер Ресей кінәсі дәлелденсе, онда Путиннің үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
@dalainside @uniannet @nextalive

🚙 Мегаполис әкімі Ерболат Досаев Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл автокөліктер шығаратын отандық зауытта болды. «Астана Моторс» еншілес кәсіпорны қаланың Индустриялық аймағында орналасқан.
Ағымдағы жылы кәсіпорын толық қуатына шығып, жылына 45 мың автокөлік шығаруды жоспарлап отыр. Hyundai Tucson моделінің ұсақ түйінді өндірісі іске қосылды. Енді екі модель – Accent және Tucson – дәнекерлеу және бояу әдісімен шығарылады.
2022 жылы өндірілген автокөліктердің 26%-ын экспортқа жіберу жоспарланып отыр – 10 мыңы – Өзбекстанға, 1,5 мыңы – Беларусь пен Қырғызстанға.
Сапар аясында Astana Group компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов әкімге автокомпоненттер шығаратын болашақ зауыттың жобасын таныстырды.
Сонымен қатар автокөлік шығаратын тағы бір зауыт салу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ шанақ бөлшектерінің қалыптама өндірісін құру туралы халықаралық әріптестермен келіссөздер жүргізілуде. Кәсіпорын өндірістің жергіліктенуін арттыруға ниетті.
https://dalanews.kz/del-qazir/74910-almaty-akimi-erbolat-dosaevqa-avtoko

DalaNews | Қала мен Дала газеті
Алматы әкімі Ерболат Досаевқа автокомпоненттер шығаратын зауыттың жобасы таныстырылды | DalaNews
Мегаполис әкімі Ерболат Досаев Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл автокөліктер шығаратын отандық зауытта болды. «Астана Моторс» еншілес кәсіпорны қаланың Индустриялық аймағында орналасқан. Қазіргі уақытта кәсіпорында 736 қызметкер жұмыс істейді, орташа жалақы…
👍3
Forwarded from Dauletten
❗️Солтүстік Қазақстан облысындағы төрт мектепке Үкімет қаулысымен – Әлихан Бөкейхан, Смағұл Сәдуақасов, Ахмет Байтұрсынұлы және Қажымұқан Мұңайтпасов есімдері берілді.👍🏻
Бұған дейін Нұр-Сұлтандағы білім ошақтарына Дінмұхамед Қонаев, Қошке Кемеңгерұлы, Өзбекәлі Жәнібеков, Кемел Ақышев, Фариза Оңғарсынова, Роза Бағланова есімдері берілген еді.
Dauletten