DALA INSIDE
10.8K subscribers
400 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🖊 Ғалымжан Пірматовтың бүгінгі толық баяндамасы

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының
өкілдері!

Бүгін Ұлттық Банк баспасөз брифингі аясында базалық мөлшерлемеге қатысты шешімдерді жариялау жұмысын қайта жандандырады.
Ұлттық Банк 26 сәуірден бастап +/-1 пайыздық тармақ пайыздық дәлізімен базалық мөлшерлемені 14%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады.
Мұндай шешім экономикадағы проинфляциялық факторлардың айтарлықтай өсуіне байланысты қабылданды. Осы жылдың 1-тоқсанында біз іскерлік белсенділіктің, тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың және экономиканы кредиттеудің өскенін байқадық. Бұл факторлар фискалдық ынталандыру шараларымен бірге ішкі сұранысты да қолдайтын болады.
Мұндай шаралар шектеулі ұсыныс жағдайында бағаның көтерілуіне және импорт пен инфляцияның өсуіне әкеп соғады. Осыған байланысты инфляцияға қарсы ақша-кредит саясатының рөлі қазіргі кезде тұтынушылардың қаражат жинақтау әрекетін қолдау үшін маңызды.
Осындай шаралардың көмегімен біз сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болуына және екі таңбалы көрсеткішке жеткен инфляцияның ретсіз өспеуіне ықпал ете аламыз.
Сондықтан біз үшін базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешім, бірінші кезекте, инфляцияның өсу үрдісіне жол бермеу жолындағы қажетті шара. Өйткені, баға тұрақтылығын қолдау Ұлттық Банктің негізгі міндеті болып табылады.
***
БІРІНШІ – ИНФЛЯЦИЯ ДИНАМИКАСЫ.
Инфляция геосаяси жағдай ушыққан тұста айтарлықтай өсті. Біз геосаяси тәуекелдердің іске асуы, әлемде, сондай-ақ Қазақстанның сауда-серіктес елдерінде бағалардың өсуі және олардың ішкі бағаларға ауысуы аясында инфляциялық қысымның артқанын көріп отырмыз. Мұндай жағдайда жылдық инфляцияның өсуі 12%-ға дейін жеделдейді. Бағаның өсуі барлық салада байқалып отыр.
Бастапқы кезден құбылмалылығы шамалы және тек орта мерзімді кезеңде ғана төмендейтін инфляцияның орнықты құрамдас бөлігінің елеулі түрде өскенін байқаймыз. Мұны 2022 жылғы наурызда базалық инфляцияға берілген әртүрлі бағалаулар айғақтайды.
Инфляцияға қатысты болжамдар жоғары және тұрақсыз болып қалып отыр. Биыл наурызда респонденттер арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы халық сенімінің төмендеп, инфляциялық күтулердің біршама артқанын көрсетті.
***
ЕКІНШІ – ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ІШКІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
Іскерлік белсенділік оң тұтынушылық белсенділік кезінде өседі, ол өз кезегінде бағаларға әсер етеді. Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, Қазақстанда ішкі жалпы өнімнің өсуі 3-4%-дық әлеуетті деңгей кезінде жылдық көрсетуде 4,4% болды.
Бүкіл ел бойынша төтенше жағдай енгізу аясында қаңтарда өсу баяулағаннан кейін ақпаннан бастап экономиканың көптеген салаларында оң үрдіс байқалды.
Базалық мөлшерлеменің қазіргі деңгейі экономиканың өсуіне теріс әсер етпей, керісінше болашақта орнықты өсу үшін қажетті алғышарттар жасайды деп күтеміз.
***
ҮШІНШІ – ИНФЛЯЦИЯНЫҢ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРЫ
Сыртқы секторда инфляцияның жаһандық деңгейде қарқын алуы үздіксіз жалғасып келеді. Оның өсуіне азық-түліктің қымбаттауы айтарлықтай үлес қосады. Биыл наурызда ФАО азық-түлік бағаларының индексі 1990 жылдан бері ең жоғары деңгейге жетті. Өткен жылдың өзінде ол 33,6%-ға өсті. Азық-түліктің әлемдік бағасы 2022 жылы да, 2023 жылы да жоғары деңгейде қалады деп күтілуде.

Рахмет!
👍1
Санкция астында отырған - Сбербанк Қазақстан, ВТБ Қазақстан. (Ал Альфаны ЦентрКредит сатып алды)
Forwarded from kaz.exk.kz
Сергек камераларында жаңа функция іске қосылды

Жаңа "Қорғау Сергек" бағдарламасы іске қосылды. Ол жалған нөмірлі көліктерді анықтайды.

Алматы қаласы ПД мәліметі бойынша, бір тәулікте жауапсыз жүргізушілерге 12 миллион 680 теңге айыппұл салынған.

https://t.me/kaz_exkkz
👍1
Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстан Республикасының 1990-2019 жылдар аралығындағы президенті
🤮1
💸 "Жаңа Қазақстан" басшылары "Назарбаев фонд" жеке қорының активтерін қайтарып алса, онда биыл Ұлттық қордан бюджет дефицитін жабу үшін жұмсалған 4 триллион теңгені орнына қоюға болады

OCCRP деректері бойынша, "Назарбаев фонд" шамамен 8 млрд АҚШ долларына бағаланатын активтерді басқарып отыр. Оның ішінде, Қазақстандағы ең ірі активі - Jusan bank. Одан бөлек, көптеген компаниялар, отельдер, жер телімдері бар.

Jusan bank активтері 1,6 триллион теңгеге бағаланады. Оны мемлекет өзіне алып, инвесторға сатып, бюджетті толтыруға тамаша мүмкіндік бар.

Біздің болжамымыз бойынша, қазір болмаса да, жылдың аяғына таман мемлекет Jusan bank мәселесін түбегейлі қолға алатын болады. Оған дейін, КНРДА мен Қаржылық мониторинг агенттігіне банктен капитал мен активтердің қашып кетпеуін мықтап қадағалау керек.

https://t.me/dalainside
Назарбаевқа тиесілі Jusan bank
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🤌 Көттеріңді қысыңдар, қазақтар!

"Сендер не, Ресей бу болып жоғалып кетеді деп ойлап жүрсіңдер ме? Әлде Марсқа ұшып кетеді дедіңдер ме? Әлде сендер Марсқа көшейін деп жатырсыңдар ма? Украинаға дұрыстап қарап алыңдар. Сендер осылай "хитрожопый" болып жүре беремін десеңдер, оңбай қателесесіңдер. Заман өзгерді. Пойыз кетіп барады. Соңғы вагонға секірмесеңдер шаруаларың бітеді".

Путиннің сойылын соғып жүрген Ресейлік режиссер Тигран Кеосаян қазақтарға кәдімгідей сес көрсетіп, қатты-қатты айтып тастады. Қорқа бастадық)
👎39💩17👍2😁1🤮1
🙉 Ресей пропогандисі, путиншіл режиссер Тигран Кеосаянға 50 жыл бойы Қазақстан аумағына кіруге тиым салынуы мүмкін

Қазір Сыртқы істер министрлігі осы мәселені пысықтай бастады. Тигран Кеосаянның қазақтарға сес көрсеткен видеосы телеграм арнамызда жарияланған болатын. Онда ол қазақтарға қарата: "Сендер не, Ресей бу болып жоғалып кетеді деп ойлап жүрсіңдер ме? Әлде Марсқа ұшып кетеді дедіңдер ме? Әлде сендер Марсқа көшейін деп жатырсыңдар ма? Украинаға дұрыстап қарап алыңдар. Сендер осылай "хитрожопый" болып жүре беремін десеңдер, оңбай қателесесіңдер. Заман өзгерді. Пойыз кетіп барады. Соңғы вагонға секірмесеңдер шаруаларың бітеді", - деп айтқан.

https://t.me/dalainside
👍9
Тигран Кеосаян атақты пропагандист Маргарита Симоньянның күйеуі
👎13💩8🤮1
Forwarded from BAQ.kz
ҚР СІМ Баспасөз хатшысы А.Смадияровтың Т.Кеосаянның сөздеріне қатысты пікір білдірді:

💬 "Ресейлік журналист Тигран Кеосаянның қорлаушы және объективті емес сөздері назар аударады.

Мүмкін, оның мәлімдемесі ресейлік қоғамның белгілі бір бөлігінің және саяси истеблишменттің көзқарастарын көрсететін шығар, бірақ елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі келісімдерге сәйкес келмейді.

Мұндай сөздер тату көршілік қарым-қатынастың атмосферасын уландырады және стратегиялық серіктестіктің қарсыластарының «пайдасына» түседі.

Ол Қазақстанға кіру үшін жағымсыз адамдардың тізіміне енгізіледі деп ойлаймын".

@baq_kz
👍23
Forwarded from ADYRNA.KZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Арман Шораевтың Тигран Кеосаянға жауабы
🔥30👍246
💸 Қазақ халқы Орловты табыстан айырды

Алматылықтардың 20 күнге созылған бойкотынан кейін ресейлік ресторатор Александр Орловтың Қазақстаннан келген выручкасы орта есеппен 40 пайызға төмендеп кеткен. Ол туралы, жағдаймен таныс "DALA инсайд" дереккөзі хабарлады. Орловтың Алматыда Tanuki, Manana, Dragonfly, Bluecat атты 4 рестораны бар. Әсіресе, Manana шығын көріп отыр.

«Бойкот Ораза айымен тап келіп, жығылған үстіне жұдырық болды», - дейді дереккөз.

Александр Орлов өз телеграм каналында «қазақтар жұмыс істей алмайды» деп мәлімдеп, комментарийлерде үлкен сынға қалған болатын. Сәуірдің 10-ы күні алматылықтар оның ресторандарына толық бойкот жариялады. Артынан Александр Орлов таза қазақ тілінде қазақ халқынан кешірім сұрады. Оның балалық шағы Қазақстанда өтіп, қазақтармен етене жақын араласқан еді. Қазір де қазақ халқына бір бүйрегі бұрып тұрады. Ет, қазы, қымыз сынды ұлттық тағамдарды жаны сүйеді. Оның ресторандары 750 Қазақстан азаматына жұмыс беріп отыр.

https://t.me/dalainside
👍15💩1
Алматыда 4 рестораны бар Ресей кәсіпкері Александр Орлов
👎38🤔1
🇰🇿 Қазақстан Халқы Ассамблеясынан босаған Зәкіржан Кузиев депутат атанбақ

Оның Парламент депутаты болуы президенттік квота аясында Ассамблея тарапынан мақұлданатын болады. Бұл туралы "DALA инсайд" дереккөзі хабарлады.

Зәкіржан Кузиев бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары лауазымында болған еді. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен Зәкіржан Кузиев және Ассамблея төрағасының тағы бір орынбасары Майя Бекбаеваны қызметтерінен босатты. Майя Бекбаеваның қандай қызметке баратыны туралы әзірге ақпарат жоқ.

https://t.me/dalainside
👍1👏1
Болашақ депутат Зәкіржан Кузиев
Forwarded from kaz.exk.kz
Алматы облысында ит тоғыз жасар баланы талап тастады

Оқыс оқиға Алматы облысы Жамбыл ауданы, Ақсеңгір ауылында болған. Иесіз ит мектеп оқушысын дүкенге бара жатқанда талап тастаған. Баланың самайы мен көзінің тұсы қатты жарақаттанған.

https://t.me/kaz_exkkz
😱7😢5👍1
Forwarded from BAQ.kz
Асылбек Шәменов Қызылорда қаласының әкімі болып тағайындалды.

@baq_kz
👍4
🇰🇿 Зәкіржан Кузиев Парламентке келді

Ол Парламент Мәжілісі депутатын сайлауға қатысып, балама сайлауда жеңімпаз атанды. Кузиев 60 пайыздан астам дауыс жинаған. Бұған дейін біз ол Парламент депутаты болады деген ақпаратты хабарлаған едік. Алайда ол біз күткен Сенат емес, Мәжіліске келді.

Зәкіржан Кузиев бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары лауазымында болған еді. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен Зәкіржан Кузиев және Ассамблея төрағасының тағы бір орынбасары Майя Бекбаеваны қызметтерінен босатты. Майя Бекбаеваның қандай қызметке баратыны туралы әзірге ақпарат жоқ.

https://t.me/dalainside
👎3👍1
🏦 Қазақстанда ресейлік Альфа-Банктің аты өшетін болады

Оны сатып алған ЦентрКредит банкі Альфаны толықтай өзіне қосып, Альфа атын алып тастамақ. Осы мәселені талқылау үшін Банк ЦентрКредит директорлар кеңесі мамыр айының 20-сы күні жиналатын болды.

Альфа банктер рейтингінде 11 сатыда, ал ЦентрКредит 7-ші сатыда тұрған еді. Енді ЦентрКредит іріленіп, Форте банктермен таласа бастамақ.

https://t.me/dalainside
🔥10👍3
Аты өшетін Альфа-Банк
🔥111
Алматыда "Бессмертный полк" туралы әңгіме көтеріле бастады

Тимур Құрбанов деген азамат, осы "Бессмертный полк" деген акцияға қанша адам қатысқанын білгісі келіп, Egov.press сайтына петиция жариялаған.

"Қазақстан халқы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды құрметпен еске алады және әрқашан бейбітшілік пен халықтар арасындағы достықты жақтайды. Бұл Петицияның мақсаты – 2022 жылдың 9 мамырында шеру түрінде, «офлайн» форматында «Бессмертный полк» акциясына қатысуға ниет білдірген алматылықтардың саны туралы ақпарат алу", - делінген петицияда.

Қазақстан биыл әскери парад емес, одан оған кететін қаржыны ардагерлерімізге берейік деп шешкен болатын. Нәтижесінде біздің ардагерлер Ресейге қарағанда 17 есе көп премия алды. Есесіне, парадтың өтпеуі ресейлік пропагандист Тигран Кеосоянға ұнамай, ол қазақ халқына ұрсып тастаған болатын.

Қазіргі секундта петицияны аса көп адам қолдай қоймады. "Бессмертный полкты" оффлайн өткізе ме, өткізбей ме - оны Алматы әкімдігі шешетін болады.

https://t.me/dalainside
👍3