⚡ Алтын Орда базарына спецназ кіруі мүмкін
Болат Назарбаевтың кезінен қалып қалған неше түрлі ұсақ-ірілі бандиттердің барлығы Алтын Орда базарындағы заңсыз әрекеттерін әлі күнге дейін жалғастыруда. Сонымен бірге, ескі заңсыздықтарға үйреніп қалған, салық төлегісі келмейтін сатушылармен бірге түрлі митингтер мен жаңа "Қаңтар оқиғасын" ұйымдастырудың астыртын жұмыстарын бастаған.
Осы орайда, базардың жаңа заңды қожайынын үркітіп, әсіресе отбасы мүшелеріне қастандық жасаймыз деп қорқытып, базаркомды толық бағындырмақ. Жағдаймен таныс дереккөздің ақпараты бойынша, Болат Назарбаевтың адамдары шетелден осыған дем беріп отыр. Болат Назарбаевтың да Алтын Орда базарынан айрылғысы келмейтіні білінеді.
Құқық қорғау органдарының Алтын Ордаға толық спецназ кіргізу, қоршауға алып, қылмыстық элементтерді тазалау бойынша операция жоспары да бар. Жақын күндері осы бағыт белсенді талқылануы мүмкін.
Алтын Орда толық тазарып, 100 пайыз салық төлесе, онда Алматы облысы бірден донор өңірге айналатын болады.
https://t.me/dalainside

👍10
🤝 «Самұрық-Қазына» АҚ мен Қаржылық мониторинг агенттігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ мен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар Қор мен оның портфельдік компаниялары қызметінің ашықтығын арттыру, сондай-ақ мұнай-газ, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, көлік және телекоммуникация салалары сынды негізгі салалардағы заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ақпарат алмасуға ниетті.
Меморандум шеңберінде Агенттік тарапы Қорға квазимемлекеттік сектордағы құқық бұзушылықтар туралы және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактілері жөнінде ақпарат беруге; анықталған зиян келтіру тәуекелдері туралы ақпаратты Қорға уақтылы жіберуге; Қорға экономикалық және қаржылық құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимыл бойынша әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуге; комплаенс, ішкі аудит және тәуекелдерді басқару функцияларын күшейту үшін бірлесіп жұмыс істеуге ниетті.
Қор өз кезегінде қылмыспен күрес жөніндегі бастамалар мен іс-шараларға белсенді түрде қатысады; Қор тобында анықталған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтар туралы Агенттікке хабарлайды; Агенттіктен тиісті ақпарат алған жағдайда Қор тобына кіретін ұйымдарда тексерулер жүргізеді; Қазақстан Республикасының экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

🤔2
🚝 LRT қазақ халқын әлі күнге дейін сорып келеді
LRT-дан бас тартып, құрылысы баяғыда жабылса да, сотталатындар сотталып, қашатындар қашса да, Нұр-Сұлтан әкімдігіне қарасты "LRT құрылысының дирекциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тыныш қана өз жұмысын істеп отыр. Осындағы 40 адам айына 300 мың теңге жалақы алады. Өткен жылы айлыққа 145 миллион теңге жұмсалыпты. Осы компанияның қашанға дейін жұмыс істейтіні белгісіз?
Және ең басты сұрақ - олар немен айналысып отыр?
LRT - қазақ коррупциясының символы. Бүгінгі күнге дейін LRT жобасынан ұрланған 257 миллион доллар әлі табылмады. Және ол іздестіріліп те жатқан жоқ.
2008 жылы Президент Назарбаев Үкіметке LRT (Жеңіл рельсті көлік) жобасын жүзеге асыруды бастауды тапсырды.
2013 жылы Президент Назарбаев өзі бекіткен LRT жобасын тоқтатып, BRT (Bus Rapid Transit) жобасы бойынша жұмысты бастау туралы бұйрық берді.
2015 жылы Астана әкімі Жақсыбеков пен оның орынбасары Нұрәлі Әлиев Мәсімовтің белсенді қатысуымен Назарбаевты BRT-ден бас тартып, Қытай несиесі арқылы LRT жобасына қайта оралуға көндірді. Қытай банкінен кредит алынып, ол қаржы Астана Банкіне салынды. Сол уақытта Астана Банкі банкрот болып, Қытайдан алынған қаржы жоғалып кетті. Бір қызығы, Астана Банкі Назарбаевтың мәлімдемесінен кейін бірден банкрот болды.
Ал 2019 жылы Президент Тоқаев "Жобаны ұсынған жауапты тұлғалар бақылаушы органдардың сұрақтарына жауап беруі керек деп ойлаймын" деп мәлімдеді.
Бірақ құқық қорғау органдары әлі күнге дейін Жақсыбеков пен Әлиевке ешқандай сұрақ қоймағанын білеміз. Сондықтан LRT коррупция тарихындағы ең қызық, шиеленіскен детективті оқиға ретінде тіркелмек.

👍15
⚡ Бауыржан Байбекке сұрақтар көбейіп келеді
"Алматы спецтехпаркингсервис" басшысы Марат Пірінбеков, "А-parking" басшысы Мұхтар Базарбаев пен олигарх Қайрат Боранбаевті тергеу жұмыстарының нәтижелерінен кейін Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектің үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.
Әкім болып тұрған кезде олигарх Боранбаевтың бизнес мүдделері үшін жер телімдерін заңсыз бөлу, бюджетке төленуі тиіс паркинг төлемдерінен заңсыз үлес алып отыру сынды эпизодтары қазір жіті зерттелуде. Және Байбектің "Қаңтар оқиғасына", әсіресе оны қаржыландыруға қатысы бар-жоқтығы тексеріле бастады.
Алдын-ала есептеулер бойынша, Байбек қазақ халқына 8 млрд теңге шығын әкелген. Бірақ ол ақпарат әлі тексеріліп жатыр. Бауыржан Байбек Қазақстан аумағында жүрген жоқ. Қазіргі ақпарат бойынша, Дубайда тұрады, әрі арагідік Германияға ұшып-келіп жүр.
Байбек алматылықтарға Арбат пен Астана алаңын аббаттандырумен, Атакентке зәулім Тиын (белка) мүсінін қойдырып, Фурманов даңғылын Назарбаевқа ауыстыруымен есте қалды.
Бірақ Байбек өзіне президент қойған басты тапсырма - Алматы экологиясын жақсартуды орындамады. Оның әкім болған кезінде ТЭЦ газға ауысқан жоқ, көлік кептелісі одан бетер өршіп, экология нашарлап кетті.

👍2
⚡ Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматов: Біздегі қазіргі базалық ставка экономиканың өсуін шектемейді
Сонымен қатар, Ұлттық Банк төрағасының пайымдауынша, 14% базалық ставка несиелеу қарқынын төмендетпеу тиіс. Бұл туралы ол жаңа ғана брифингте айтты.
Әрине, Ғалымжан Олжаұлының айтқаны келсе, онда Үкіметтің иығынан өте ауыр жүк түсер еді. Қазіргі болжам бойынша, биыл экономиканың өсуі 2,1 пайызды құрауы тиіс. Рецессия болмайды деп күтіледі. Ендігі доп Әлихан Смайыловта. Ол не дейді екен? Күтеміз.

🖊 Ғалымжан Пірматовтың бүгінгі толық баяндамасы
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының
өкілдері!
Бүгін Ұлттық Банк баспасөз брифингі аясында базалық мөлшерлемеге қатысты шешімдерді жариялау жұмысын қайта жандандырады.
Ұлттық Банк 26 сәуірден бастап +/-1 пайыздық тармақ пайыздық дәлізімен базалық мөлшерлемені 14%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады.
Мұндай шешім экономикадағы проинфляциялық факторлардың айтарлықтай өсуіне байланысты қабылданды. Осы жылдың 1-тоқсанында біз іскерлік белсенділіктің, тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың және экономиканы кредиттеудің өскенін байқадық. Бұл факторлар фискалдық ынталандыру шараларымен бірге ішкі сұранысты да қолдайтын болады.
Мұндай шаралар шектеулі ұсыныс жағдайында бағаның көтерілуіне және импорт пен инфляцияның өсуіне әкеп соғады. Осыған байланысты инфляцияға қарсы ақша-кредит саясатының рөлі қазіргі кезде тұтынушылардың қаражат жинақтау әрекетін қолдау үшін маңызды.
Осындай шаралардың көмегімен біз сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болуына және екі таңбалы көрсеткішке жеткен инфляцияның ретсіз өспеуіне ықпал ете аламыз.
Сондықтан біз үшін базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешім, бірінші кезекте, инфляцияның өсу үрдісіне жол бермеу жолындағы қажетті шара. Өйткені, баға тұрақтылығын қолдау Ұлттық Банктің негізгі міндеті болып табылады.
***
БІРІНШІ – ИНФЛЯЦИЯ ДИНАМИКАСЫ.
Инфляция геосаяси жағдай ушыққан тұста айтарлықтай өсті. Біз геосаяси тәуекелдердің іске асуы, әлемде, сондай-ақ Қазақстанның сауда-серіктес елдерінде бағалардың өсуі және олардың ішкі бағаларға ауысуы аясында инфляциялық қысымның артқанын көріп отырмыз. Мұндай жағдайда жылдық инфляцияның өсуі 12%-ға дейін жеделдейді. Бағаның өсуі барлық салада байқалып отыр.
Бастапқы кезден құбылмалылығы шамалы және тек орта мерзімді кезеңде ғана төмендейтін инфляцияның орнықты құрамдас бөлігінің елеулі түрде өскенін байқаймыз. Мұны 2022 жылғы наурызда базалық инфляцияға берілген әртүрлі бағалаулар айғақтайды.
Инфляцияға қатысты болжамдар жоғары және тұрақсыз болып қалып отыр. Биыл наурызда респонденттер арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы халық сенімінің төмендеп, инфляциялық күтулердің біршама артқанын көрсетті.
***
ЕКІНШІ – ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ІШКІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
Іскерлік белсенділік оң тұтынушылық белсенділік кезінде өседі, ол өз кезегінде бағаларға әсер етеді. Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, Қазақстанда ішкі жалпы өнімнің өсуі 3-4%-дық әлеуетті деңгей кезінде жылдық көрсетуде 4,4% болды.
Бүкіл ел бойынша төтенше жағдай енгізу аясында қаңтарда өсу баяулағаннан кейін ақпаннан бастап экономиканың көптеген салаларында оң үрдіс байқалды.
Базалық мөлшерлеменің қазіргі деңгейі экономиканың өсуіне теріс әсер етпей, керісінше болашақта орнықты өсу үшін қажетті алғышарттар жасайды деп күтеміз.
***
ҮШІНШІ – ИНФЛЯЦИЯНЫҢ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРЫ
Сыртқы секторда инфляцияның жаһандық деңгейде қарқын алуы үздіксіз жалғасып келеді. Оның өсуіне азық-түліктің қымбаттауы айтарлықтай үлес қосады. Биыл наурызда ФАО азық-түлік бағаларының индексі 1990 жылдан бері ең жоғары деңгейге жетті. Өткен жылдың өзінде ол 33,6%-ға өсті. Азық-түліктің әлемдік бағасы 2022 жылы да, 2023 жылы да жоғары деңгейде қалады деп күтілуде.
Рахмет!

👍1
Forwarded from kaz.exk.kz
Сергек камераларында жаңа функция іске қосылды
Жаңа "Қорғау Сергек" бағдарламасы іске қосылды. Ол жалған нөмірлі көліктерді анықтайды.
Алматы қаласы ПД мәліметі бойынша, бір тәулікте жауапсыз жүргізушілерге 12 миллион 680 теңге айыппұл салынған.
https://t.me/kaz_exkkz

💸 "Жаңа Қазақстан" басшылары "Назарбаев фонд" жеке қорының активтерін қайтарып алса, онда биыл Ұлттық қордан бюджет дефицитін жабу үшін жұмсалған 4 триллион теңгені орнына қоюға болады
OCCRP деректері бойынша, "Назарбаев фонд" шамамен 8 млрд АҚШ долларына бағаланатын активтерді басқарып отыр. Оның ішінде, Қазақстандағы ең ірі активі - Jusan bank. Одан бөлек, көптеген компаниялар, отельдер, жер телімдері бар.
Jusan bank активтері 1,6 триллион теңгеге бағаланады. Оны мемлекет өзіне алып, инвесторға сатып, бюджетті толтыруға тамаша мүмкіндік бар.
Біздің болжамымыз бойынша, қазір болмаса да, жылдың аяғына таман мемлекет Jusan bank мәселесін түбегейлі қолға алатын болады. Оған дейін, КНРДА мен Қаржылық мониторинг агенттігіне банктен капитал мен активтердің қашып кетпеуін мықтап қадағалау керек.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🤌 Көттеріңді қысыңдар, қазақтар!
"Сендер не, Ресей бу болып жоғалып кетеді деп ойлап жүрсіңдер ме? Әлде Марсқа ұшып кетеді дедіңдер ме? Әлде сендер Марсқа көшейін деп жатырсыңдар ма? Украинаға дұрыстап қарап алыңдар. Сендер осылай "хитрожопый" болып жүре беремін десеңдер, оңбай қателесесіңдер. Заман өзгерді. Пойыз кетіп барады. Соңғы вагонға секірмесеңдер шаруаларың бітеді".
Путиннің сойылын соғып жүрген Ресейлік режиссер Тигран Кеосаян қазақтарға кәдімгідей сес көрсетіп, қатты-қатты айтып тастады. Қорқа бастадық)

👎39💩17👍2😁1🤮1
🙉 Ресей пропогандисі, путиншіл режиссер Тигран Кеосаянға 50 жыл бойы Қазақстан аумағына кіруге тиым салынуы мүмкін
Қазір Сыртқы істер министрлігі осы мәселені пысықтай бастады. Тигран Кеосаянның қазақтарға сес көрсеткен видеосы телеграм арнамызда жарияланған болатын. Онда ол қазақтарға қарата: "Сендер не, Ресей бу болып жоғалып кетеді деп ойлап жүрсіңдер ме? Әлде Марсқа ұшып кетеді дедіңдер ме? Әлде сендер Марсқа көшейін деп жатырсыңдар ма? Украинаға дұрыстап қарап алыңдар. Сендер осылай "хитрожопый" болып жүре беремін десеңдер, оңбай қателесесіңдер. Заман өзгерді. Пойыз кетіп барады. Соңғы вагонға секірмесеңдер шаруаларың бітеді", - деп айтқан.

👍9
Forwarded from BAQ.kz
ҚР СІМ Баспасөз хатшысы А.Смадияровтың Т.Кеосаянның сөздеріне қатысты пікір білдірді:
💬 "Ресейлік журналист Тигран Кеосаянның қорлаушы және объективті емес сөздері назар аударады.
Мүмкін, оның мәлімдемесі ресейлік қоғамның белгілі бір бөлігінің және саяси истеблишменттің көзқарастарын көрсететін шығар, бірақ елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі келісімдерге сәйкес келмейді.
Мұндай сөздер тату көршілік қарым-қатынастың атмосферасын уландырады және стратегиялық серіктестіктің қарсыластарының «пайдасына» түседі.
Ол Қазақстанға кіру үшін жағымсыз адамдардың тізіміне енгізіледі деп ойлаймын".
@baq_kz

👍23
Forwarded from ADYRNA.KZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Арман Шораевтың Тигран Кеосаянға жауабы
🔥30👍24❤6