DALA INSIDE
11.6K subscribers
400 photos
127 videos
1 file
1.12K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
💫 Kcell Қазақстанда 2026 жылы ең жылдам интернет ұсынған

Интернет қосылымының сапасын талдауға маманданған SpeedGeo платформасы Қазақстандағы байланыс нарығына қатысты жыл сайынғы зерттеу нәтижелерін ұсынды. Рейтинг мобильді интернет жылдамдығына қатысты пайдаланушылар жүргізген өлшемдер негізінде жасалған.

SpeedGeo-ның 2025 жылғы есебіне сәйкес, деректерді жүктеудің орташа жылдамдығы бойынша Kcell көш бастады.

Компания желісінде download speed көрсеткіші 61,1 Мбит/с-қа жетіп, бұл нәтижемен Kcell Қазақстандағы мобильді байланыс операторлары арасында бірінші орынды иеленді.


Зерттеу SpeedGeo (V-SPEED) платформасының краудсорсингтік деректеріне негізделген. Платформа интернет жылдамдығын мобильді қосымша арқылы пайдаланушылардың өздері жасаған өлшемдер арқылы жинайды. Зертханалық жағдайдағы тестілерден айырмашылығы, бұл өлшемдер абоненттердің күнделікті қолдану тәжірибесін көрсетеді. Демек, жылдамдық үйде немесе жұмыс орнында тіркеледі.

Қазақстандағы мобильді интернет сапасын талдау барысында смартфондар мен планшеттер арқылы 59 214 тест жүргізілген. Ал сымды интернет сапасын бағалау үшін Ethernet және Wi-Fi қосылымдары арқылы жасалған 111 807 өлшем пайдаланылған.

SpeedGeo деректерінің үлгі көлемі жүздеген мың немесе миллиондаған өлшемдерді талдайтын ірі халықаралық платформалармен салыстырғанда аздау. Осыған байланысты жарияланған мәліметтерді бүкіл нарықты толық қамтитын әмбебап рейтинг ретінде емес, пайдаланушы тәжірибесіне негізделген краудсорсингтік зерттеу нәтижесі ретінде қарастырған жөн.
👍19👎13🔥3🤯1🤮1
❤️ «Әйел вице-президент» сценарийінде Жанасова мен Еспаеваның кандидатуралары бар

Қазақстанда енгізілуі тиіс вице-президент институтында «әйел вице-президент» сценарийі де қарастырылған дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Оның айтуынша, үміткерлер шорт-тізімінде Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Әсел Жанасова мен Мәжіліс вице-спикері Дәния Еспаева тұр.

«Вице-президенттің мемлекет атынан халықаралық форумдарға қатысып, шетелдік делегациялармен кездесу өткізу функциясына Әсел Жұбанышқызы мен Дәния Мәдиқызы да тура келеді. Ал Парламент, яғни болашақ Құрылтаймен тығыз жұмыс істеуде Дәния Еспаеваның тәжірибесі мол. Бірақ Президент қызметін уақытша атқару қажеттілігі туындап қалса, онда Әсел Жанасованың экономикалық біліктілігі сәл жоғарырақ. Және ол логистикалық стратегияны жақсы меңгерген», - дейді, дереккөз.


Әсел Жанасова жас және энергиясы көп. Ал Дәния Еспаева парламентаризм ісінде мол тәжірибе жинаған. Бұл ретте жас энергия мен мол тәжірибе арасында таңдау жасауға тура келеді.

Бірақ дәл қазір «әйел вице-президент» сценарийі басты вариант болып қарастырылмаған. Дереккөз сөзінше, негізгі шорт-парақта Сенат спикері Мәулен Әшімбаев, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бар. Енді Президенттің алдында күрмеуі қиын дилемма пайда болды.

«Үштіктің бірі вице-президент болса, тең баланс ұстау үшін екінші тұлғаны Құрылтай спикерлігіне, үшінші қайраткерді Үкімет басқаруға жіберу туралы шешім қабылдануы мүмкін», - дейді, дереккөз.


Экономикалық реформалардың негізгі картинасын айқындап алған Қазақстан енді саяси трансформацияны бастап кетті. Ол шамамен 2027 жылы аяқталады деп күтілуде.

https://t.me/dalainside
🤮16😁13👍4😱4👎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥 https://amrkts.club/4qLKpUO — AMARKETS-та шот ашу


DALAINSIDE промокоды арқылы бастапқы депозитті 2 есе арттыруға болады
👍12🤝3🔥2
🚢 Қазақстан Парсы шығанағындағы әскери катерлердің қозғалысын бақылауға көшті

Себебі АҚШ пен Иран арасындағы үлкен эскалация Ормуз бұғазына ауысуы мүмкін. Ол мұнай бағасын автоматты түрде барреліне 120 долларға дейін арттырады. Кеше халықаралық нарықтарда мұнай резервтері туралы жабық кеңестердің өткені белгілі болды. Бұл инвесторлардың бірден фьючерстерді қазіргі бағамен сатып алуға асығуына алып келмек.

Қазір ірі трейдерлер мен хедж-қорлар танкерлердің нақты қозғалысын, сақтандыру тарифтерін және Парсы шығанағы аймағындағы әскери-теңіз патрульдерінің кестесін қатар қарап отыр, дейді, дереккөз.


Басты қауіп бұғаздың толық жабылуы емес, онда жартылай басқарылатын хаостың орнауында болып тұр. Яғни ресми түрде бұғаз ашық болса да, сақтандыру құны күрт өседі, кейбір танкерлер маршрутты айналып өтеді, ал кейбірі жүкті кешіктіреді. Дәл осы сценарий Brent баррелін бірден 120 долларға итермелейді деп күтілуде.

Әрине, Иран бұл ойынды жақсы түсінеді. Тегеран үшін басты мақсат бұғазды жабу емес, оны кез келген сәтте жаба алатынын дәлелдеу. Себебі Иранның өзі экспорттан айырылғысы келмейді. Бірақ Вашингтон мен Тель-Авивке ықпал ете алатын аргументі болуы тиіс. Омандағы кездесуге ең алдымен аймақтағы бірқатар араб елдерінің лидерлері қатты мүдделі болып отырғанына қарағанда, олардың қоймаларындағы мұнайдың Ормузсыз тек қағаз жүзіндегі актив екенін монархтар да түсініп отыр.

Енді осының барлығы Қазақстан үшін нені білдіреді? Мұнай баррелі 120 доллардан асса, экспорттық түсім өседі, бюджет тыныс алады, Ұлттық қорға түсетін доллар көлемі артады. Бірақ бұл әлемдік инфляцияның тағы өршуіне алып келетіні факт. Себебі қымбат мұнай автоматты түрде жанармайды қымбаттатса, логистикаға тәуелді сауда тізбектеріндегі импорттық тауарлардың құны өседі. Ол бізге инфляцияның импорттық каналы арқылы келмек.

Ормуздағы шиеленіс алыстағы соғыс емес, біздің дүкендегі бағаға, халықтың көңіл-күйіне тікелей әсер ететін фактор болып отыр. Астананың Маскаттағы кездесуді жіті бақылайтыны да содан.

https://t.me/dalainside
👍23👎3😁1
🇰🇬 Қырғызстан банктері мен қаржы жүйесі Қазақстанның орнын басуға дайын

Себебі Қазақстанның санкцияда отырған ресейлік қаржы құрылымдарымен тоқтаусыз байланыса беруі қайталама санкциялар туғызуы мүмкін. Дәл сол кезде Қырғызстанның қаржы жүйесі Орталық Азия бойынша Қазақстанның орнын баса алады. Бішкектің белді басылымы 24.kg осылай деп
жазып отыр.

Сұр импорт, санкциялық ВТБ банкінің елде жұмыс істеуі, ресейлік ЦУПИС жүйесінің біздің букмекерлік нарыққа кіріп, Біріңғай есепке алу жүйесін (БЕАЖ) қолға алуы, әлдебір банктің 17 триллион теңгеге трансшекаралық аударымдар жасағанының барлығы елімізді санкция режиміндегі қызыл нүктеге айналдырып отыр. Осы ретте БЕАЖ жүйесінің ешқандай транзакциялық инфрақұрылымы дайын емес екенін, Ұлттық банктің ол бойынша әлі ешқандай жұмыстар бастамағанын айта кету керек.

Қырғызстанда да ұқсас тәуекелдер байқалды. Сұр импорт мәселелері, кедендік статистикадағы айырмашылықтар және ресейлік қаржы/цифрлық шешімдердің кейбір элементтерін енгізу әрекеті болды. Бірақ ел кейбір механизмдерден бас тартып, ұлттық телекоммуникациялық операторды ұлттық бақылауға алу арқылы ақпараттық және қаржылық қауіпсіздікке бағытталған нақты қадамдар жасады. Сондай-ақ, кейбір банктерге салынған санкциялар банктік секторды Еуропа, Ұлыбритания және АҚШ талаптарына - AML/CFT рәсімдерін күшейтуге итермеледі.

Қазір Қырғызстан Қазақстанға қайталама санкция салынса, бірден оның орнын басып, аймақтық жетекші қаржы және логистикалық интеграторға айналуға дайын.
👎21👏5🤯4😁3👍2😡2
🛑 Банк тарифтері: қымбаттамайды, жоспар да жоқ

БАҚ пен әлеуметтік желілерде Kaspi.kz қызмет көрсету шарттарын өзгертеді, яғни картаның жылдық қызметі 10 мың теңге болады деген жалған ақпарат тарады. Белгілі болғандай, іс жүзінде ешқандай қымбаттаған жоқ, жоспарланбаған да, клиенттер үшін ештеңе өзгермейді.

«Банктердің шекті тарифтері» деген не және олардан неге қорқудың қажеті жоқ? Бұл тақырыпты bes.media тілшілері зерттеп шықты.
Қазақстандағы барлық екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) көп жылдан бері «шекті тарифтер» туралы заңдық құжаттарды тұрақты түрде жариялап келеді. Бұл құжаттарда банктер тіпті тегін көрсетілетін қызметтер бойынша да ең жоғары мүмкін болатын мөлшерлемелерді көрсетеді.

«Шекті тариф – бұл баға прейскуранты емес, ең жоғарғы шек. Банктер базалық ережелерді жиі өзгертпеу үшін ондаған жылдарға алдын ала үлкен қор қалдырады. Іс жүзінде нақты комиссиялар, әдетте, көрсетілген ең жоғары мәндерден едәуір төмен болады. Жоғары шекті мәндердің жариялануы қызмет құнының өскенін білдірмейді — бұл заң талаптарын орындау», – деп атап өтеді bes.media.

Кейбір екінші деңгейлі банктерде «шекті тарифтер» заңды тұлғалар үшін 200 млн теңгеге дейін, ал жеке тұлғалар үшін 1 млн теңгеге дейін жетеді.

Мысалы, Банк ЦентрКредит жеке тұлғалардың шотын ашу, жүргізу және жабу үшін 10 млн теңге көлемінде «шекті тариф» көрсеткен. ForteBank шот ашуға – 10 мың теңге, ай сайын жүргізуге – 20 мың теңге, жабуға – 5 мың теңге шекті тариф белгілеген. Freedom Bank алғашқы шотты ашу үшін 1 млн теңге көлемінде шекті тариф көрсеткен. Іс жүзінде мұндай тарифтер ешқайсында жоқ, қолданылмайды.
Kaspi-де «шекті тарифтер» де, нақты тарифтер де кемінде 2017 жылдан бері өзгермеген және 2026 жылы да бұрынғы деңгейінде сақталып қалады.
👍14🤝5😁1
💥 Қазақстан биыл Қарашығанақтан шамамен 3 миллиард доллар өндіріп алуға жақын

Сот шешімі бойынша Қазақстан пайдасына 2-4 миллиард доллар сома аударылуы тиіс еді. DALA INSIDE дереккөзі KPO мен Қазақстан тарапы жүргізіп жатқан келіссөздердің 3 миллиард доллар төңірегіне тоқтағанын айтады. Бұл шамамен 1,5 триллион теңге. Егер осы сома Ұлттық Қорға түсетін болса, ол биыл республикалық бюджет Қордан алуы тиіс 2,77 триллион теңгенің жартысынан астамын жаба алады.

Есіңізде болса, биыл Қазақстан Қарашығанақ бойынша халықаралық арбитражда жеңіске жетті. Даудың мәні қарапайым тілмен айтқанда мынада. Қарашығанақ жобасы өнімді бөлу келісімі арқылы жұмыс істейді. Бұл жүйеде инвестор алдымен “шығын жұмсадым” дейді, сол шығынды өндірілген мұнайдан қайтарып алады, содан кейін ғана мемлекетпен пайданы бөліседі. Егер инвестор шығынды көп көрсетсе мемлекетке тиесілі үлес азаяды. Қазақстанның күдігі де осы болды.

«Қазақстан атынан өкілетті PSA командасы тәуелсіз аудит шақырғанда, консорциум ұсынған кейбір шығындардың біздің тараппен келісілмегені анықталған. Нақты фактілерден Қарашығанақ инвесторлары бұлтара алмады. PSA осы манипуляциялар кесірінен мемлекет үлесінің қысқарғанын дәлелдеп, халықаралық арбитражға шықты. Екі жылға созылған жабық сот процесінде Қазақстан жеңіп шықты», - деп түсіндіреді, дереккөз.


Қазір төленетін өтемақының формасы келісілуде. 3 миллиард доллар Ұлттық Қорға тікелей түсуі де мүмкін, немесе PSA есептері қайта қаралып, бірнеше жыл ішінде мемлекетке көбірек үлес түрінде келуі мүмкін. Бізге бірінші сценарий қолайлы. Ақша бірден Қорға түссе, қор оны тиімді инвестициялап, үстінен пайда әкеліп, қазынаны толтыра алады.

Жалпы, бұл бірінші жеңіс емес. 2012 жылы Қарашығанақ дауы нәтижесінде консорциум Қазмұнайгазға жобаның 10% үлесін сатуға мәжбүр болды. Ал 2020 жылы тағы 1,3 миллиард доллар өтемақы төледі.

Қарашығанақтан бөлек, Қазақстан Қашаған жобасы бойынша NCOC акционерлерінен күкіртті нормадан артық сақтау фактісі бойынша экологиялық айыппұл өндіріп алуы тиіс. Қазір оның сомасы 2,3 триллион теңге айналасында болып тұр. Бірақ бұл дау әлі толық аяқталған жоқ. Кей сот шешімдері оператор пайдасына шықты, кей процестер жалғасуда. Сондықтан 2026 жылы Қашағаннан Ұлттық қорға нақты ақша түсетінін болжау қиын. Себебі апелляция, келісім, қайта есептің барлығы уақыт уақыт алады.

https://t.me/dalainside
👍33👎3😱2😁1
💸 Жоғарғы жақты "тым мықты теңге" мәселесі алаңдата бастады

DALA INSIDE дереккөзінің айтуына қарағанда, ертеңнен бастап осы тақырып бойынша жабық есік жағдайында біршама консультация жүрмек. Доллар бағамының 500 теңгеден төмен болуы республикалық бюджетте биыл бекітілген 540 курсынан шамамен 9 пайызға ауытқып тұр және негізгі салық төлеуші болып табылатын шикізаттық экспортер компаниялардың табысын азайтып, шығынын арттырып, дисбаланс туғызуы мүмкін. Олардың табысы азайса, бюджетке төленетін корпоратив салық көлемі де құлдырап, биылғы 18,8 триллион теңге деп бекітілген салық жинау жоспары орындалмайды.

"Негізі Үкімет салық аптасының бітуін күткен еді. Ол апта өтті. Енді ертең қор биржасындағы котировкаларға қарайды. Теңге курсы құлдырамаса, онда Қаржы министрлігі Ұлттық банктен Жинақтаушы зейнетақы қоры үшін валюта сатып алуды күшейтуді және керісінше алтын бойынша айналау операцияларын уақытша тоқтата тұруды сұрауы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет қор биржасында теңгені көбірек сатып, долларды көбірек алып, теңгені 520 курсына құлатуға тырысып көреді", - дейді, дереккөз.


Наурыз айына 520 курсымен кіру аса маңызды. Себебі, одан кейін I тоқсан аяқталып, 2026 жылғы салық циклы басталады. Осы циклға теңге долларына 500-ден төмен курспен кірсе, экспортер компаниялар мен салық жинайтын Қаржы министрлігінде кәдімгідей проблемалар басталмақ. Ал халықаралық резервке жататын Ұлттық қор бюджетке беруі тиіс 5 миллиард доллардың үстінен жоспардан бөлек қосымша 400-500 миллион доллар жағып жіберейін деп тұр.

Қазақстан - классикалық экспорттық экономика. Мұнай, уран, мыс, ферроқорытпа, астықтың бәрі сыртқа доллармен сатылады. Ал шығындардың басым бөлігі теңгемен төленеді. Егер әлемдік нарықта өнім тоннасына 1000 доллар тұрса, курс 550 болғанда экспорттаушы 550 мың теңге алады, ал курс 500 болса 500 мың теңге ғана түседі. Бір тоннадан 50 мың теңге жоғалтқан кәсіпорын жалақыны көтермейді, жаңа техника алмайды, кейде жұмысшыларды қысқартады. Осылайша қымбат теңге біртіндеп зауыттың тынысын тарылтады.

Бұл құбылысты экономистер "голланд ауруы" деп атайды. Шикізаттан доллар көп келеді, ұлттық валюта күшейеді, ал өңдеу өнеркәсібі бәсекеге қабілетсіз болып қалады. Қазақстан бұл циклді 2006, 2013, 2022 жылдары бастан өткерген болатын. Әр кезеңде теңге күшейгенде импорт көбейіп отырды да, отандық өндіріс кері кетіп жүрді.

Биыл экономиканы 1 триллион теңгемен кредиттеуді бастап кеткен Үкіметке дәл қазір "голланд ауруы" еш қажет емес. Себебі ондай жағдайда бұл жұмыстың барлық эффектісі жойылып кетпек. Дереккөздің сөзінше, енді қымбат теңге мәселесін шешуге бір апта ғана қалып отыр.

https://t.me/dalainside
👎14👍7🤯6🤮3💯1
🛢️💥 Шесхаристі жару үшін Киев Вашингтонның рұқсатын алған

Новороссийск портындағы «ВПУ-2» бойынша инциденттен кейін, Киев Дональд Трамп әкімшілігіне КТК құбырының инфрақұрылымы зардап шекпейді деген гарантия берген, дейді DALA INSIDE дереккөзі. Енді СБУ-ның Қара теңіздегі Новороссийск бағытындағы соққыларының барлығы КТК инфрақұрылымына тимейтіндей етіп жасалуда. Және оның барлығын Сhevron алпауыты арқылы АҚШ тікелей бақылап отыр.

«Олар (СБУ) кеше «Шесхарис» мұнай құю терминалының КТК-ға қатысы жоқ инфрақұрылымын жарды. Және оны алдын-ала Вашингтонға ескерткен. Себебі Шевронның шағымынан кейін Киев тарапы Ақ үйден ультиматум алған болатын. Егер Шевронның Қазақстандағы бизнесіне нұқсан келетін болса, АҚШ Украинаға көзқарасын өзгертуі мүмкін деген сигнал берілді. Киев қазір Пентагон беріп отырған спутниктік барлау ақпаратына толық тәуелді. Президент Зеленский бірден өз қарулы күштеріне КТК-ға тиіспеуді бұйырған және ол бұйрық өз күшін сақтап тұр», - деп хабарлады дереккөз.

КТК-ның экспорттық қуатында өзгеріс жоқтығын Қазақстан тарапы да растады. Бүгін Қазақстанның Энергетика министрлігі дрондар шабуылынан кейін тұтанған өрт қазақстандық мұнай өндіруші кәсіпорындардың өндірістік көрсеткіштеріне әсер етпегенін мәлімдеді. Ол толық шындыққа жанасады.

«Қазақстан мұнайын өндіру мен экспорттау штаттық режимде жалғасып жатыр. Қазақстан мұнайын жеткізуге пайдаланылатын экспорттық инфрақұрылым жұмысына қатысты ешқандай іркіліс тіркелген жоқ. Энергетика министрлігі жағдайды инфрақұрылым операторларымен бірлесіп бақылауда ұстап отыр», — делінген хабарламада.


Кеше Новороссийск портын СБУ дрондары шабуылдап, Қара теңіздегі ең ірі мұнай аударып тиеу нысандарының бірі саналатын «Шесхарис» терминалы өртенді. Осы терминал Ресейдің оңтүстігіндегі мұнай логистикасының негізгі тораптарының бірі саналады. Ал өткен жылдың соңында, Украина камикадзе катер арқылы нысаналы соққы жасап, КТК инфрақұрылымы тізбегіндегі соңғы және маңызды саты - үш ВПУ-дың бірін және ең қуатты, жұмыс жасап тұрған ВПУ-2 құрылғысын жарып жібергені есте. Содан кейін КТК-ның танкерлерге мұнай құю инфрақұрылымында тек екі ВПУ ғана қалды. Оның бірі, ВПУ-3 кішкентай және тоқтамай жұмыс істеген жағдайда жылына 36 миллион тонна ғана мұнайды танкерге құя алады.

Каспий құбыр консорциумы ВПУ-1 және ВПУ-2 құрылғыларын келесы жылы жаңартуды жоспарлап отырған. Бұл құрылғылардың бірі Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Drydocks World Dubai кеме жөндеу зауытынан шығып, Қазақстанға бет алған болатын. Ал екіншісінде буйдың қондырмасының ішіне кабель төсеу және герметизациялау, люк қақпақтарын келтіру мен дәнекерлеу жұмыстары аяқталды. Қазір біз алдырайын деп тұрған осы қондырғыларға абайсыздан Иран ракетасы тиіп кете ме деген қауіптер жоғары болып тұр.

https://t.me/dalainside
👍33🤯2🤮2
💥 Министрлік VS отандық бизнес: кім жеңеді?

Туризм және спорт министрлігінің бастамасымен Қазақстанда спорттық бәс тігулер бойынша барлық төлемдер тоқтатылды. Бұл шешім бизнес қауымдастықтың заңды наразылығын туғызды.

Букмекерлер қауымдастығы осы мәселеге байланысты Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне, Президент Әкімшілігіне, Премьер-Министрге, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және ҚР Әділет министрлігіне ашық хат жолдады. Ашық хат Exclusive.kz сайтында жарияланды.

«Біз Қазақстан спортын қолдаймыз, салық төлейміз және гуманитарлық көмек көрсетеміз. Біз өркениетті әрі ашық реттеу жүйесінің сөзсіз жақтастарымыз. Сондықтан да сала бірнеше рет реттеу және мониторинг құралдарын енгізді. Ал Туризм және спорт министрлігі соңғы екі жылда, керісінше, Қазақстанның реттеу жүйесіне Ресейдің жеке құрылымдары мен ЦУПИС құралдарын енгізуге бар күшін жұмсады. Бұл ретте Ресейдің өзінде мұндай жүйені қолдану спорт саласында дағдарысқа әкелген. Ресейлік спортшылар халықаралық олимпиадалық қозғалыстан шеттетілді, букмекерлер тарапынан спорт федерацияларын қаржыландыру күрт қысқарды, сондай-ақ мемлекет тарапынан спортқа бөлінетін шығындар азайды», — деп жазылған хатта.


Қауымдастықтың айтуынша, 2024 жылдың жазында заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін Туризм және спорт министрлігі олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдамаған. Осыған қарамастан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары реттеу құралдарын Ұлттық банк, Қаржы мониторингі агенттігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, сондай-ақ Ұлттық ақпараттық технологиялар инфрақұрылымы негізінде енгізуді ұсынған. Алайда Туризм және спорт министрлігі қазақстандық мемлекеттік органдар ұсынған құралдарды пайдаланудан бас тартты.

«Ұсынылған барлық шешімдер толық көлемде 2024 жылдың өзінде іске қосылуы мүмкін еді. Туризм және спорт министрлігінің өз өтініші бойынша қазақстандық финтех-компаниялар 2023 жылы-ақ технологиялық шешімдерін ұсынған болатын. Олар 2024 жылы іске қосылып, кейін мемлекеттік органның балансына берілмек еді. Бұл ұсыныс 2023 жылы Қаржы мониторингі агенттігінің, Ұлттық банктің және Туризм және спорт министрлігінің алаңдарында депутаттардың қатысуымен қаралды. 2024 жылы талқылау «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында ведомствоаралық жұмыс тобы шеңберінде жалғасты. Оған Туризм және спорт министрлігі, Цифрлық даму министрлігі, Әділет министрлігі және бірнеше саланың өкілдері қатысты. Талқылау келісудің соңғы кезеңіне жетіп, ұсыныс Әділет министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі тарапынан мақұлданған кезде Туризм және спорт министрлігінің өкілдері ешқандай түсініктеме берместен жұмыс тобынан шығып кетті», — деп келтіріледі хатта.


Нәтижесінде салада заң күшіне енгенімен, оны іске асыратын нақты құралдар болмаған жағдай қалыптасты. Бір қызығы, Туризм және спорт министрлігі мемлекеттік органдар мен бизнес ұсынған шешімдерді енгізуден бас тартты. Осыған байланысты қауымдастық сотқа жүгінді. Сот бұл істі қарап, қауымдастықтың талабын қанағаттандырған болатын.

Алайда Туризм және спорт министрлігі сот шешімін де, мемлекеттік органдардың ұстанымын да елемей, жұмыс істемейтін ресейлік ЦУПИС жүйесін енгізуге табандап отырғандықтан, отандық букмекерлік нарықта төлем коллапсы орын алды.

https://t.me/dalainside
👍14😡6👎1
🙅 Жоғары жақ "әзірге Қайрат Қожамжаровты қатты қудаламайық" деп шешті

DALA INSIDE инсайдерінің айтуынша, жабық кабинеттегі пікір алмасуларда елдегі конституциялық өзгерістер толық орнығып, саяси трансформация аяқталмайынша, Қайрат Қожамжаровтың жүйкесін қоздыра беру кері әсер тигізеді деген ортақ консенсус пайда болды. Оның қолында бар бірнеше компромат биыл жарық көрмегені абзал.

"Қожамжаровтың сенімді серігі Мақсат Дүйсенов Германияның арнайы қызметіне біздің билік тұлғаларына қатысты бірнеше құнды дерек беріп үлгерген. Соның арқасында саяси бостандық алды. Енді немістерде де бізге ықпал ете алатын рычагтар бар сияқты. Осындай құнды деректердің негізгі папкасы Қожамжаровтың қолында екенін біздегілердің барлығы жақсы біледі", - дейді дереккөз.

Бұған дейін "Әділетті Қазақстан" Қайрат Қожамжаровқа оның сенімді серігі, бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновті елге экстрадициялап алып келу арқылы айтарлықтай қысым көрсетпек болған. Алайда, экстрадиция іске аспай қалды да, оның алдында әзірленген "А" жоспары толығымен бұзылды.

Нақты айтсақ, 2025 жылдың қыркүйегінде Мақсат Дүйсеновке Интерпол желісі арқылы халықаралық іздеу жарияланып, көп ұзамай ол Германияда ұсталды. Сол кезде Дүйсенов құқық қорғаушылар арқылы саяси баспана сұрап өтініш берген. 2026 жылдың қаңтарында Германия соты бұрынғы прокурор Мақсат Дүйсеновті бостандыққа шығарды. Сот Дүйсеновке қатысты қудалау саяси себептерге байланысты болуы мүмкін деген қорытындыға келген. Қазіргі уақытта ол бостандықта жүр. Қазақстанның оны экстрадициялау туралы сұранысы ресми түрде кері қайтарылған. Қазақстанда оған 22 миллион доллар көлемінде пара алды, қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастырды және алаяқтық жасады деген айыптар тағылған болатын.

"Дүйсенов білуімше Германияда қалды. Себебі енді Интерпол Германия бойынша екінші экстрадиция запросын қабылдамайды. Ал Дүйсенов басқа елге кетсе, Қазақстан тез арада Интерполға өтінімін қайта беруі мүмкін. Дүйсенов Қожамжаровпен тығыз байланыста және елдегі құқық қорғау органдарының ішкі жаңалықтарын толық біліп отыр", - дейді, дереккөз.


Қожамжаров тарапынан Қазақстан билігіне "мен тыныш жүремін, сендер де тыныш жүріңдер" деген сигнал берілгені анық. Және ол өзінің позициясын Мақсат Дүйсеновтің саяси баспана алуы арқылы жақсы күшейтіп алды. Қазақстанның дәл қазір бұл текетіресті ушықтырмай, ішкі саяси трансформацияны тез өткізіп алуға акцент беруі заңды. Сондықтан тараптар уақытша тайм-аут алып отыр.

https://t.me/dalainside
😁22😱7