DALA INSIDE
10.8K subscribers
400 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
Қазақ халқын сорып жатқан қаржылық пирамида
🔥5😁1
Forwarded from kaz.exk.kz
"Ноғаев мырза, тәулігіне екі сағатқа су берші". Ауыл тұрғындары мұңын шақты

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданының орталығы Ералы ауылының тұрғындары ауыз судан тарығып отыр. Жыл сайын көктем-жаз мауысы басталысымен қарапайым халықтың көретін күні осы екен. Ауыл тұрғындары 4 күннен бері аузы суды жақын маңдағы теміржол станциясынан тасып ішіп отыр.
👍4
🇰🇿🇷🇺 Тоқаев Путиннің парадына қатыса ма?

Украинаның шығысын кертіп алуды көксейтін Кремль көсемі бұл жолғы шараға кімдерді шақырар екен?

DALA инсайд, кімді шақырарын да шамалап отыр, ал сол шақырған қонағы оңайшылықпен келе қояр ма?

Сүйкімі кеткен парадқа қатысу Батыс санкциясына бастар төте жол.

Путиннің сыйлы қонағы болу Мәскеудің сыбайласы атану, одан бұрын бөгде елге басып кірген Кремль агрессиясын - ақтау.

Бір келсе - Лукашенко келеді. Батька Кремль көсемінің басыбайлы құлына айналғанын қор санамайды.

Мәскеудің өзге одақтастары осы шарадан шет қалғанды тілеп отырғандай.

Әлемжелідегі қазақтілді аудитория Тоқаевтың осы рәсімнің қақ төрінде отырғанын қаламайды.

"Парадқа қатысу президенттің кескін-келбетіне кесірін тигізетін фактор" дейді Facebook-тегі Жаңа Qazaqstan тобының оқырмандары.

Тоқаевтың өзі де Ресеймен алыстан сыйласқанды құп көретін сынды.

Мемлекет басшысының түнеукүнгі мақаласын ( The National Interest) тағы бір шолып шыққан DALA инсайд Мәскеуге қатысты риториканың өзгергенін айтады.

Тоқаев осы мақалада:
1. Қазақстанның Батыс пен АҚШ-тан қол үзбесіне акцент береді.

2. Ресей мен Украинаның соғысып жатқанын атап көрсетеді.

3. Украинаға тұмсық тыққан Мәскеудің сұғанақ саясатын қолдамайтынын меңзеп өтеді, әрі Путинге берешек емесін шым-шымдап жеткізеді.

"Кремльді жүз жылдық жалғыздық күтіп тұрғаны" (Сурков) рас болса, Жаңа Қазақстан онымен бірге құзға құлауға міндетті емес.

"Күзге салым қазірдің өзінде қан түкіріп отырған Ресейдің жағдайы мүлде нашарлайды", - дейді шетел сарапшылары.

Ақ Орда Кремльдың қас-қабағынан бұрын қазақ тілді аудиторияның көзқарасымен санасуы тиіс.

Қаңтар оқиғасы қазақтардың оқиғасы екенін ұмытпағайсыз, Президент мырза.

https://t.me/dalainside
👍17
🤮1
🙅 Блогер Ержан Рашев вайнер Мейіржан Төребаевтың кебін киюі мүмкін

Соңғы кездері ол қаупі аса жоғары криптовалюталық инвестицияларды жарнамалай бастады. Және жылына 20-40% табыс уәде беріп отыр.
Бірақ мұндай табыстылықтың толық тәуекелін, тіпті салған ақшаны түгел жоғалту мүмкіндігін ұмытпау керек.
Рәшевке сенген халық ертең қаржыларынан қағылса, оның да үстінен қылмыстық іс қозғалатыны айдан анық.

Жалпы валютадағы 20% пайыздық жылдық кіріс - фундаменталды нарық тұрғысынан мүмкін емес нәрсе. Оған тек феноменалды, әлем мойындаған инвесторлар ғана қол жеткізіп отырған. Омаха оракулы Уоррен Баффет қана 1965 жылдан қазіргі уақытқа дейін жылдық 21% кірістілік көрсетіп отырды. Ал Ержан Рашев - Уоррен Баффет емес.

Соңғы кездері аудиториясы үлкен түрлі блогер, әнші-бишілердің пирамидаларды, алаяқтық схемалар мен қайырымдылық науқандарын жариялап кеткендерін көріп жүрміз. Басты себеп - түрлі алаяқтардың осындай беделді, аудиториясы үлкен адамдарды әдейі іздейтіндігінде. Схема өте қарапайым. Алдымен алаяқ сенімге кіреді, психологиялық тәсілдерді пайдаланып өз идеологиясын сіңіреді. Артынан бірлескен жобаға кіргізіп, сол блогер/әнші арқылы аудиториясынан ақша тарта бастайды.

Қазір қайырымдылық және Ислам атын жамылған алаяқтар кеңінен тарала бастады. Олар блогер/әншіні мынау игі іс, Пайғамбардың салауаты тиеді деп неше түрлі қайырымдылық акцияларын (Африкада құдық қазу, үй салып беру, асарлату тб.) жарнамалауға итермелейді. Ия, үй салынып берілер. Бірақ жиналған қаржының 30-40 пайызын алаяқтар өздеріне қалдырады. Тиімді бизнес пе? Әрине. Бәрі ұтыста. Ұтылатын тек қарапайым халық қана.

https://t.me/dalainside
👍7
Криптовалюталық инвестицияны жарнамалап жүрген блогер - Ержан Рашев
🇺🇦 Михаило Подоляк: «66 күн соғыста орыстың 7 генералы оққа ұшып, 22 мың сарбазы опат болды»

Бүгін Украина халқының Ресеймен соғысып жатқанына тура 60 күн болды. Ержүрек украин сарбаздарының жан аямай күресін жатқанына тура екі ай.

Украина Президенті офисінің кеңесшісі Михаило Подоляк өзінің Телеграм каналында дүниежүзінің екінші армиясымен табандап соғысып жатқан Украинаның әрекетін «үлкен жетістік» деп бағалады, – деп хабарлайды Dalanews.kz. (жалғасы)
👍14
👍🇺🇦❤️
👍23🔥1
"Депутат Қайрат Құдайберген бір айға қамауға алынды": адвокат Мұрат Әмитов

"Сотқа дейінгі тергеу органдарының Қайрат Құдайбергенге қатысты анықтау беруін үш күн күттік. Бүгін тергеу соты күдіктінің әрекетін саралау туралы шешім қабылданғанға дейін бір ай мерзімге қамауға санкция берді. Қайратты айыптайтын айғақтар санкциялық материалға енбеген", - деп мәлімдеді, адвокат.

https://t.me/dalainside
Қайрат Құдайбергеннің "Қаңтар оқиғасына" қатысын сот анықтамақ
Forwarded from ADYRNA.KZ
Макрон айқын басымдықпен сайлауда жеңіске жетті. Төменде француз экзит-поллдарының қортынды нәтижелері:

IPSOS: Макрон — 58,2%, Ле Пен — 41,8%;
IFOP: Макрон — 58%, Ле Пен — 42%;
Elabe: Макрон — 57,6%, Ле Пен — 42,4%.
👍13
Ну а на улицах Туркестанской и Жамбылской областей наблюдается настоящее наводнение.

Люди вынуждены ходить по пояс в воде.

Увы, но дождливая весна в Казахстане выглядит так...

😢

https://t.me/truestorykz
▪️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығында маңғыстаулық сарбаз Әлібек Саламатұлы Қалбайдың қаза болуына байланысты жақындары мен туыстарының орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Президенттің пікірінше, бейбіт күнде әскердегі сарбаз қаза болмауға тиіс. Ата-ана баласын әскерге жібергенде оның қауіпсіздігі үшін алаңдамауы керек. Бұл – мемлекетіміздің мойнына алған міндеті.

Президент осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жауынгердің өліміне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды.

t.me/bort_01
👍8
🇰🇿🇺🇸 Вопросы экономического развития РК обсудили с международными экспертами в США

Министр национальной экономики РК, управляющий Всемирного банка от Казахстана Алибек Куантыров провел ряд встреч с международными финансовыми институтами, официальными структурами США и американским бизнес-сообществом в рамках мероприятий ежегодной весенней сессии Всемирного банка и МВФ.

💸 Министр нацэкономики обсудил с вице-президентом – главным экономистом Группы ВБ Кармен Райнхарт риски, связанные с увеличением глобального долга, ускорением инфляции, а также продовольственный кризис.

🤝 С заместителем министра торговли США Марисой Лаго обсуждены возможности роста экспорта из Казахстана в США более 75 наименований товаров металлургической, химической, инженерной и пищевой промышленности.

👉 Делегация из Казахстана приняла участие в круглом столе с бизнес-сообществом по экономическим реформам при Торговой палате США.

#Казахстан #США #
🏦 Ұлттық Банктің базалық ставканы 14 пайызға көтеруі Үкіметтің көңіл-күйін одан әрі түсіріп жіберді

Себебі, Үкімет үшін басты міндеттің бірі - экономикалық өсім көрсету енді барынша қиындамақ. Қаржы нарығында екінші деңгейлі банктердің проценттік маржасы кемінде 4% екенін ескерсек, енді ең арзан кредиттің номиналды ставкасы 18%, ал тиімді ставкасы 20 пайыздан асып кетері айдан анық. Бұл жағдайда Үкімет ішкі қарыз тарту үшін шығаратын Қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды қағаздары өзінің 10,5% ставкасымен ешбір инвесторға қызық болмай тұр. Демек, не ішкі қарыз алу өте қымбат болады, не тіпті ала алмайды.
Халыққа кредит алу барынша қымбаттап, қиын болады. Осылайша басы артық ақша нарықтан кетіп, инфляция сабасына түсуі тиіс.

Ұлттық банк базалық ставканы өсіруімен инфляцияны бәсеңдетпек. Себебі, ол Ұлттық банктің басты мақсаты. Дәл осы жерден Үкімет пен Ұлттық банктің жолдары қақ айрылады.

Енді Үкімет экономиканы қалай кредиттейді? Бизнестің жол картасын жандандыру үшін ақшаны қайдан алады? Министрлер кабинетінің осы сұраққа басы қата бастады.

Ұлттық банктің де басы қатып отыр. Ол базалық ставканы көтергенімен инфляция түсе ме? Классикалық экономикалық теорияда түсуі керек. Бірақ біздің елде классикалық теориялар жұмыс істемейді. Бізде басқаларға түсініксіз, өзіндік заңдылықтар бар.

https://t.me/dalainside
👍2
Ұлттық банк базалық ставканы 14 пайызға бірақ көтерді
Forwarded from ADYRNA.KZ
Құлекеев ақталды ма?

Жақсыбек Құлекеев кездесуде ауқымды геосаяси дағдарыс кезіндегі ұлттық экономиканы дамыту бойынша ұсыныстарымен бөлісті. Сонымен қатар, мұнайхимия бағытының кейбір салалары қарастырылып, мұнай-газ саласының ғылыми-инжинерлік мүмкіндіктерін кеңінен нығайту да сөз болды.
Белгілі экономист, қоғам қайраткері бұған дейін жазықсыз істі болған еді, бүгінде ақталып шығып, тіпті Президенттің өзі қабылдап отыр. Кейбір бейресми деректер бойынша, Серік Ахметовты да ақтау жұмыстары басталған деседі. Серік Ахметовты Нығматулиндер қасқана қаматқан деген қауесет бар. “Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды”… Не де болса, күтейік

https://t.me/adyrnaportal
👍10
🏗 Шымкенттегі жағдайдың "7-20-25" ипотекасының шарттарына еш қатысы жоқ. "Нұрлы жер" арқылы салынған үйлерге Шымкент әкімдігі конкурс жариялап, содан былық шыққан

Шымкент қаласы әкімдігі іске асырған тұрғын үйді конкурстық бөлуге қатысты «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ ресми мәлімдеме жасады:

«7-70-25» бағдарламасының операторы болып табылатын «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ ипотекалық бағдарлама шарттарында тұрғын үй салу және оны үлестіру бойынша қандай да бір конкурстар өткізу қарастырылмағанын хабарлайды.

Теріс ұғымдар мен түсініктер қалыптаспас үшін, Шымкент қаласында анықталған қателіктер «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының шарттарына еш қатысы жоқтығын мәлімдейміз. Қателіктер жергілікті атқарушы орган жүзеге асырған тұрғын үйді бөлу механизмінде кеткен.

7-20-25 бағдарламасына қатысу шарттары:
∙ Қазақстан Республикасының азаматтығы;
∙ Атында баспананың болмауы;
∙ Басқа ипотекалық тұрғын үй несиелерінің болмауы;
∙ Еңбек не кәсіпкерлік қызметтен түсетін ресми расталған табыс.

Ипотекалық несие шарттары: жылдық сыйақы мөлшерлеме – 7%, алғашқы жарна – үй құнының 20%-ынан бастап, мерзімі - 25 жылға дейін.

https://t.me/dalainside
👍1
Шымкент - Қазақстандағы дау, шу, бәле, проблемалар ең көп шығатын қала
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданына қарасты Бұлақ ауылдық округінің әкімі Болат Бейсенбаев бүгін қой кезекте жүр

▪️ "Бұл қойлар менікі де емес, мен тұрып жатқан үй иесінікі. Бір туысым Көкшетау қаласына көшіп кеткен. Соның малы менің мойнымда. Кезекпен бағамыз".

▪️"Аудандық басшылыққа ескерттім, осындай жағдай барын айттым. Кейбіреулер мені қой кезекке кісі жалдауға шақырады. Оларға "сендер мені олай жемқорлыққа итермелемеңдер, өзім бағамын" деп айттым".

Толығырақ сілтемеде...
👍4
Алтын Орда базарына спецназ кіруі мүмкін

Болат Назарбаевтың кезінен қалып қалған неше түрлі ұсақ-ірілі бандиттердің барлығы Алтын Орда базарындағы заңсыз әрекеттерін әлі күнге дейін жалғастыруда. Сонымен бірге, ескі заңсыздықтарға үйреніп қалған, салық төлегісі келмейтін сатушылармен бірге түрлі митингтер мен жаңа "Қаңтар оқиғасын" ұйымдастырудың астыртын жұмыстарын бастаған.
Осы орайда, базардың жаңа заңды қожайынын үркітіп, әсіресе отбасы мүшелеріне қастандық жасаймыз деп қорқытып, базаркомды толық бағындырмақ. Жағдаймен таныс дереккөздің ақпараты бойынша, Болат Назарбаевтың адамдары шетелден осыған дем беріп отыр. Болат Назарбаевтың да Алтын Орда базарынан айрылғысы келмейтіні білінеді.

Құқық қорғау органдарының Алтын Ордаға толық спецназ кіргізу, қоршауға алып, қылмыстық элементтерді тазалау бойынша операция жоспары да бар. Жақын күндері осы бағыт белсенді талқылануы мүмкін.

Алтын Орда толық тазарып, 100 пайыз салық төлесе, онда Алматы облысы бірден донор өңірге айналатын болады.

https://t.me/dalainside
👍10