🇰🇿🎁 Қазақстан TEMU маркетплейсінің салықтық мониторингін күшейтуді ойластыра бастады
Көршілес Өзбекстан TEMU платформасына толық тиым салғаннан кейін, Астанадағы фискалды билік осы маркетплейстің жұмысын жіті қадағаламақ. Дереккөз сөзінше, қытайлық TEMU қаншалықты толық көлемде әділ салық төлеп отырғаны камералды бақылау арқылы тексерілетін болады.
Қазақстандағы салық реестрінде Temu, Pinduoduo және Alibaba сияқты 101 шетелдік онлайн-сауда платформасы тіркелген. Тіркелген уақытынан бері осы шетелдік платформалар бюджетке 75 миллиард теңге көлемінде қосымша құн салығын төледі. TEMU бұл тізімге 2024 жылы ілінген болатын. Былтыр платформаның қанша салық төлегені туралы әлі ақпарат жоқ.
Қазақстан мен Өзбекстанның салық-кедендік саясатында үлкен айырмашылықтар бар. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың ережесі аясында жұмыс істейді. Егер жеке тұлға ЕАЭО аумағына Қытайдан немесе басқа елден тауарға заказ берсе, ол тауар құны 200 еуродан асса, немесе салмағы 31 келіден артық болса, тауар құнының 15%-ы мөлшерінде кедендік баж төлеуге міндетті.
Жалпы камералды бақылау тек шетелдік платформалар емес, түрлі режимдерді қолданатын еліміздегі ірі құрылыс компанияларына да күшейтілді. Биыл салық жоспары артығымен орындалады деп күтілуде.
Алайда, басты мәселе жиналған қаржының тиімді жұмсалуында болуы тиіс.
https://t.me/dalainside

«TEMU тым агрессивті жарнама жүргізетін болғандықтан, Aliexpress пен Пиндуодо үстемдік етіп келе жатқан нарықтан өз үлесін тез жинап алды. Және көбіне оның тауарлары 200 еуродан аспайтындықтан Еуразиялық Одақтың баж салығына ілінбейді. Бірақ осы TEMU-ге базардағы кәсіпкерлер тарапынан шағымдар көп. Себебі олар сату көлемінен айрылып қаламыз ба деп қорқады. Ал салық реформасын жүргізіп жатқан Үкімет үшін олардың кәсібін дөңгелетіп, салығын төлегені маңызды»,- дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Қазақстандағы салық реестрінде Temu, Pinduoduo және Alibaba сияқты 101 шетелдік онлайн-сауда платформасы тіркелген. Тіркелген уақытынан бері осы шетелдік платформалар бюджетке 75 миллиард теңге көлемінде қосымша құн салығын төледі. TEMU бұл тізімге 2024 жылы ілінген болатын. Былтыр платформаның қанша салық төлегені туралы әлі ақпарат жоқ.
«Онлайн сауда платформалары бюджетке жылына 6-7 миллиард теңге алып келеді. Ең көп салық төлейтіні биологиялық қосындылар мен витаминдер сататын IHerb платформасы. Одан кейін Meta, Google корпорациялары жүреді. TEMU менің ойымша ірі салық төлеушілер қатарына бәрібір кіре алмайды. Ол Тик-Токқа жақын жерде, тізімнің орта тұсында болады», - дейді, дереккөз.
Қазақстан мен Өзбекстанның салық-кедендік саясатында үлкен айырмашылықтар бар. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың ережесі аясында жұмыс істейді. Егер жеке тұлға ЕАЭО аумағына Қытайдан немесе басқа елден тауарға заказ берсе, ол тауар құны 200 еуродан асса, немесе салмағы 31 келіден артық болса, тауар құнының 15%-ы мөлшерінде кедендік баж төлеуге міндетті.
Жалпы камералды бақылау тек шетелдік платформалар емес, түрлі режимдерді қолданатын еліміздегі ірі құрылыс компанияларына да күшейтілді. Биыл салық жоспары артығымен орындалады деп күтілуде.
Алайда, басты мәселе жиналған қаржының тиімді жұмсалуында болуы тиіс.
https://t.me/dalainside
👍33😁6😱1💯1
☠️ Баш на баш: Жириновский ескерткішін Кенесары мылтығына айырбастау идеясы ойластырыла бастады
Егер Ресей Қазақстанға Кенесарының мылтығын қайтаратын болса, Жириновский ескерткішін Алматыдағы өзі оқыған мектеп маңына, не тұрған үйіне тақта ретінде қоюға болар еді. «Кеше біршама қоғам белсендісі бас қосқан шағын бейресми отырыста осындай идея талқыланды», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Неге бас емес, мылтық?
Қазақтың соңғы ханы Кенесарының бас сүйегі нақты қайда жатқанын ешкім білмейді. Ресей 1994 жылдан бері Қазақстан тарапынан бірнеше мәрте жіберілген барлық мемлекетаралық ресми сауалдарға «бізде мұндай бас сүйек жоқ» деген ресми жауап беріп келді. Протокол бойынша біз ресми жоқ нәрсені сұрай алмаймыз.
Ал жалпы оның қайда жатқаны туралы дәлелденбеген қауесеттер көп. Оның ішінде темекі күлсалғышы ретінде Кунсткамера немесе Эрмитажда сақтаулы тұр, Омбы мұражайындағы арнайы қоймада жатыр деген нұсқалар жиі кездеседі. Өкінішке орай, нұсқалардың бір де бірін растайтын құжат та, нақты дерек те жоқ.
Кенесарының мылтығы бойынша әңгіме басқа. 2014 жылы Қазақстан Үкіметі ханның бас сүйегін іздестіруге арналған арнайы жобаны қолға алып, жобаға тарихшы, профессор Хангелді Әбжанов жетекшілік етті. Бірақ бас сүйек табылмады. Тек жоба аясында Омбыдағы тарихи-өлкетану мұражайының арнайы қорында Кенесарының мылтығы сақталып тұрғаны анықталды. Бірақ сол кезде экспедиция мылтықты елге қайтара алмаған еді.
Енді Жириновский факторын пайдаланып, мылтықты саудалап алсақ деген ойлардың туатыны заңды. Мұражайдың мүлкін, тарихи жәдігерлерді ел аумағынан шығаруға қатаң тиым салған Ресейдің арнайы заңы бар. Ол заңды бұзуға мұражай директоры түгіл, Омбы губернаторы да бара алмайды. Сондықтан бұл тек Мишустин сынды премьер-министрлер деңгейінде шешілетін мәселе.
Өткен аптада ресейлік біршама ақпарат құралдары марқұм Владимир Жириновскийге ескерткіш орнатылатыны туралы хабар таратты. ЛДПР партиясының көсеміне арналған ескерткіштер 2026 жылы Ресейдің бірнеше қаласында, сондай-ақ саясаткер туған Алматы қаласында ашылуы мүмкін екені айтылған. Бірақ Алматы қаласы мәдениет басқармасы ондай өтініш түспегенін мәлімдеген еді.

«Кенесары мылтығының құндылығы, әсіресе ұлттық рухқа берер аурасы өте жоғары. Ресей оны осы уақытқа дейін қайтармай келді. Жириновский ескерткішін алға тартып, амалын тауып мылтықты қайтарсақ, жаман болмас еді», - дейді, дереккөз.
Неге бас емес, мылтық?
Қазақтың соңғы ханы Кенесарының бас сүйегі нақты қайда жатқанын ешкім білмейді. Ресей 1994 жылдан бері Қазақстан тарапынан бірнеше мәрте жіберілген барлық мемлекетаралық ресми сауалдарға «бізде мұндай бас сүйек жоқ» деген ресми жауап беріп келді. Протокол бойынша біз ресми жоқ нәрсені сұрай алмаймыз.
Ал жалпы оның қайда жатқаны туралы дәлелденбеген қауесеттер көп. Оның ішінде темекі күлсалғышы ретінде Кунсткамера немесе Эрмитажда сақтаулы тұр, Омбы мұражайындағы арнайы қоймада жатыр деген нұсқалар жиі кездеседі. Өкінішке орай, нұсқалардың бір де бірін растайтын құжат та, нақты дерек те жоқ.
Кенесарының мылтығы бойынша әңгіме басқа. 2014 жылы Қазақстан Үкіметі ханның бас сүйегін іздестіруге арналған арнайы жобаны қолға алып, жобаға тарихшы, профессор Хангелді Әбжанов жетекшілік етті. Бірақ бас сүйек табылмады. Тек жоба аясында Омбыдағы тарихи-өлкетану мұражайының арнайы қорында Кенесарының мылтығы сақталып тұрғаны анықталды. Бірақ сол кезде экспедиция мылтықты елге қайтара алмаған еді.
Енді Жириновский факторын пайдаланып, мылтықты саудалап алсақ деген ойлардың туатыны заңды. Мұражайдың мүлкін, тарихи жәдігерлерді ел аумағынан шығаруға қатаң тиым салған Ресейдің арнайы заңы бар. Ол заңды бұзуға мұражай директоры түгіл, Омбы губернаторы да бара алмайды. Сондықтан бұл тек Мишустин сынды премьер-министрлер деңгейінде шешілетін мәселе.
Өткен аптада ресейлік біршама ақпарат құралдары марқұм Владимир Жириновскийге ескерткіш орнатылатыны туралы хабар таратты. ЛДПР партиясының көсеміне арналған ескерткіштер 2026 жылы Ресейдің бірнеше қаласында, сондай-ақ саясаткер туған Алматы қаласында ашылуы мүмкін екені айтылған. Бірақ Алматы қаласы мәдениет басқармасы ондай өтініш түспегенін мәлімдеген еді.
https://t.me/dalainside
👎81👍16😁5🤯4👏3
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту: білім, денсаулық сақтау, спорт
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында әлеуметтік нысандардың ауқымды құрылысы туралы мәлімдеді. Биыл 500 мың орынға арналған 200 жаңа мектеп ашылады, ал алдағы үш жылда 1300 білім беру мекемесі жаңғыртылады, оның ішінде 900-і ауылдық жерлерде. Барлық мектептер қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталады.
Сонымен қатар, 188 медициналық мекеменің құрылысы жоспарланған. Келесі жылға дейін 32 орталық аудандық аурухана жаңартылады. Қызылорда мен Маңғыстау облыстарындағы нысандардың құрылысы аяқталады. Президент белгіленген мерзімдердің қатаң сақталуын талап етті.
Спорт сүйер қауым үшін де жақсы жаңалық бар. Биыл Астанада Ұлттық спорт университеті, Түркістанда су есу арнасы, Қызылордада футбол стадионы мен басқа да спорт кешендерінің құрылысы аяқталады. Көкшетауда Қазақстанда теңдесі жоқ бірегей спорт кешенінің құрылысы басталады.
Президент бұл жобалар қайтарылған активтердің есебінен жүзеге асып жатқанын айтты.

👍49😁13👏3🔥1
📻 Қазақстандағы Азаттықта бір айға жететін ақша бар. Одан кейін жағдайы белгісіз
Азаттықтың қазақ редакциясы осы наурыз бен сәуір айында бұған дейін келген транш есебінен өмір сүре алады. Бірақ 30 сәуірге дейін жаңа қаржыландыру көзі табылмаса қызметкерлерге жалақы мен кеңсе шығындарын өтеуге қаржы жетпейді. Сәуір айынан бастап Азаттық үшін USAGM грантының транштары тоқтамақ.
Азаттыққа көмек өздері күтіп отырған Чехиядан емес, Германиядан келуі мүмкін. Өткен апта Дойче банкке жақын екі конгламерат менеджерлері осы мәселені жабық есік жағдайында идея ретінде талқылаған. Биылға шамамен 600 миллион еуро беріп, Азаттықтың ең автократиялы нүктелерде істеп жатқан редакцияларын аман алып қалу туралы сөз болды.
Тек неміс конгламераттары жыл сайын 600 миллион еуро беріп отыруға дайын емес. Мәселе радионы биыл құтқарып қалу туралы болып отыр. Ал одан кейінгі тірлікті бизнес емес, Еуроодақ комиссиясы шешуі тиіс.
АҚШ президенті Дональд Трамптың АҚШ-тың Жаһандық медиа агенттігін (USAGM) қысқарту туралы бұйрығынан кейін «Америка дауысы» және «Азаттық радиосы» жабылу қаупіне тап болып отыр. USAGM жұмысына Тиімділікті арттыру департаментін басқаратын миллиардер Илон Масктің әуел бастан бері жұлдызы қарсы еді. Маск бұл агенттікті баяғыда біткен қырғи-қабақ соғыстың сарқыншығы деп есептейді.

"Сәуірде грантсыз отырса да сол айдың жалақысын төлеуге күш жетеді. Жалақыдан бөлек журналистердің іссапары, басқа да техникалық шығындары жеткілікті. Ал мамыр айына запас жоқ. Не қаржы табуы керек, не жабылуға тура келеді", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Азаттыққа көмек өздері күтіп отырған Чехиядан емес, Германиядан келуі мүмкін. Өткен апта Дойче банкке жақын екі конгламерат менеджерлері осы мәселені жабық есік жағдайында идея ретінде талқылаған. Биылға шамамен 600 миллион еуро беріп, Азаттықтың ең автократиялы нүктелерде істеп жатқан редакцияларын аман алып қалу туралы сөз болды.
Тек неміс конгламераттары жыл сайын 600 миллион еуро беріп отыруға дайын емес. Мәселе радионы биыл құтқарып қалу туралы болып отыр. Ал одан кейінгі тірлікті бизнес емес, Еуроодақ комиссиясы шешуі тиіс.
"Азаттықтың қазақ редакциясында қатты паника жоқ. Қызметкерлері мәселені іштей қабылдаған сияқты. Жұмысты тоқтатуға психологиялық тұрғыдан дайын", - дейді дереккөз.
АҚШ президенті Дональд Трамптың АҚШ-тың Жаһандық медиа агенттігін (USAGM) қысқарту туралы бұйрығынан кейін «Америка дауысы» және «Азаттық радиосы» жабылу қаупіне тап болып отыр. USAGM жұмысына Тиімділікті арттыру департаментін басқаратын миллиардер Илон Масктің әуел бастан бері жұлдызы қарсы еді. Маск бұл агенттікті баяғыда біткен қырғи-қабақ соғыстың сарқыншығы деп есептейді.
https://t.me/dalainside
👍25😢11🔥8🤝1
🇰🇿 Премьерлер эволюциясы: Қазақстандағы Үкімет тәуекел менеджментіне қалай келді?
Олжас Бектенов - бюджеттік кризис мәселесімен айналысқан ең алғашқы Премьер-Министр. Бұған дейінгі Үкімет басшылары бюджеттік дефициттің жыл санап ұлғайып келе жатқанын маңызды мәселе деп санамаған болатын. Мұндай позиция мемлекеттік қаржы мәселесінде катастрофалық жағдай туғызып, барлық институттардың өз болашағына алаңдай бастауына алып келді.
Салықтың жиналмауын жабу үшін Ұлттық қор қаржысын шамадан тыс пайдалану әдеті пандемиядан басталды. Және одан кейін тіпті күшейіп кетті. Мысалы, 2024 жылғы республикалық бюджеттің алғашқы нұсқасына сәйкес, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт ретінде 3,6 триллион теңге алу жоспарланған еді. Алайда 2024 жылы трансферт іс жүзінде 5,6 триллион теңгеге дейін өсті. Және онымен тоқтамай, ұлттық компаниялардың акцияларын алып-сату арқылы тағы 500 миллиард теңге тартылды. Сонымен былтыр Ұлттық қордан рекордық қаржы – 6,1 триллион теңге алынған. Бұл қаржы бюджет шығындарының 20 пайызын жапты.
Оның 85 пайызы - жалақы, әлеуметтік төлем, жөндеу сынды күнделікті айналымдағы шығындар. Қалған 15 пайызы ғана дамуға, яғни инфрақұрылымды дамыту, өндіріс ашу, нысандар салуға жұмсалды. Ал сол кезде республикалық және жергілікті бюджеттер салық (КПН, ИПН, НДС, НДПИ) пен басқа да түсімдерден (айыппұл, дивидендтер, мемлекеттік меншікті сату) 21,5 триллион теңге жинады. Оған Ұлттық қордан келген 5,6 триллион теңгені қоссақ, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі 27,1 триллион теңгеге шыққан.
Осы дефицитті Үкімет 7,5 триллион теңге қарыз алу арқылы жапты. 7,5 триллион теңгенің 3,6 триллионы дефицитті жабуға, ал қалған 3,9 триллион теңгесі бұған дейін алынған қарыздарды өтеуге кетіп отыр. Сонда жыл сайын біздің қарызды өтеуге деген шығындарымыз ұлғая бермек. Мысалы, 2024 жылы мемлекеттік қарыз көлемі 31,8 триллион теңгеге жетіп, сол жылы қарыздарды өтеуге 5,9 триллион теңге жұмсалды.
Олжас Бектенов осы проблемаларды қалай шешеді?
Жалпы бұл мәселені шешудің жағымды кейсі, немесе отандық тәжірибесі жоқ. Себебі Бектеновке дейін онымен ешкім айналыспаған болатын. Енді Үкіметтің қосымша құн салығын бюджетті толтырудың негізгі құралына айналдырып, 2026 жылдан бастап салықтың жоспардан аз жиналу мәселесін шешуге қадам басқанын байқаймыз. Және бюджеттік ережені қатаңдату арқылы, Ұлттық қордан алынатын трансферт көлеміне шектеу қоятын болады. Онымен бірге сыртқы қарыздың ішкі жалпы өнімнің белгілі бір үлесінен асып кетпеу мәселесі бұрынғыдан жіті бақыланатын сияқты.
Алғашында Үкімет осы қадамдардың бюджеттік кризисті шешуге жеткілікті, әлде жеткіліксіздігін байқап көреді. Оған кемінде бір жыл керек. Демек, 2026 жылдың аяғында көре аламыз. Егер жеткіліксіз деп танылса, онда ең ауыр артиллерия – бюджеттің шығысын аямай қысқарту сценарийін іске асыратыны анық. Оның өзі жұмсақ және қатаң деп екіге бөлінеді. Жұмсағы - шығыстың жыл сайын өсуін тоқтату. Ал қатаңы – шығыстарды кәдімгідей 3-4 триллион теңгеге кесіп тастау.
Не болса да, Олжас Бектенов өз командасымен ең ауыр реформаны атқарайын деп тұр. Ойдағыдай істеп, елді бюджеттік кризистен алып шығуы үшін оған кемінде 2027 жылдың аяғына дейін өз өкілеттілігін сақтау қажет. Сол жағалау да осындай тұжырымға келіп отырған сияқты.

2024 жылы мемлекеттік бюджет (республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттерді қоса алғанда) 30,7 триллион теңге шығындады.
Оның 85 пайызы - жалақы, әлеуметтік төлем, жөндеу сынды күнделікті айналымдағы шығындар. Қалған 15 пайызы ғана дамуға, яғни инфрақұрылымды дамыту, өндіріс ашу, нысандар салуға жұмсалды. Ал сол кезде республикалық және жергілікті бюджеттер салық (КПН, ИПН, НДС, НДПИ) пен басқа да түсімдерден (айыппұл, дивидендтер, мемлекеттік меншікті сату) 21,5 триллион теңге жинады. Оған Ұлттық қордан келген 5,6 триллион теңгені қоссақ, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі 27,1 триллион теңгеге шыққан.
Сонда кіріс пен шығыс арасындағы дефицит 3,6 триллион теңге болды.
Осы дефицитті Үкімет 7,5 триллион теңге қарыз алу арқылы жапты. 7,5 триллион теңгенің 3,6 триллионы дефицитті жабуға, ал қалған 3,9 триллион теңгесі бұған дейін алынған қарыздарды өтеуге кетіп отыр. Сонда жыл сайын біздің қарызды өтеуге деген шығындарымыз ұлғая бермек. Мысалы, 2024 жылы мемлекеттік қарыз көлемі 31,8 триллион теңгеге жетіп, сол жылы қарыздарды өтеуге 5,9 триллион теңге жұмсалды.
Олжас Бектенов осы проблемаларды қалай шешеді?
Жалпы бұл мәселені шешудің жағымды кейсі, немесе отандық тәжірибесі жоқ. Себебі Бектеновке дейін онымен ешкім айналыспаған болатын. Енді Үкіметтің қосымша құн салығын бюджетті толтырудың негізгі құралына айналдырып, 2026 жылдан бастап салықтың жоспардан аз жиналу мәселесін шешуге қадам басқанын байқаймыз. Және бюджеттік ережені қатаңдату арқылы, Ұлттық қордан алынатын трансферт көлеміне шектеу қоятын болады. Онымен бірге сыртқы қарыздың ішкі жалпы өнімнің белгілі бір үлесінен асып кетпеу мәселесі бұрынғыдан жіті бақыланатын сияқты.
Алғашында Үкімет осы қадамдардың бюджеттік кризисті шешуге жеткілікті, әлде жеткіліксіздігін байқап көреді. Оған кемінде бір жыл керек. Демек, 2026 жылдың аяғында көре аламыз. Егер жеткіліксіз деп танылса, онда ең ауыр артиллерия – бюджеттің шығысын аямай қысқарту сценарийін іске асыратыны анық. Оның өзі жұмсақ және қатаң деп екіге бөлінеді. Жұмсағы - шығыстың жыл сайын өсуін тоқтату. Ал қатаңы – шығыстарды кәдімгідей 3-4 триллион теңгеге кесіп тастау.
Не болса да, Олжас Бектенов өз командасымен ең ауыр реформаны атқарайын деп тұр. Ойдағыдай істеп, елді бюджеттік кризистен алып шығуы үшін оған кемінде 2027 жылдың аяғына дейін өз өкілеттілігін сақтау қажет. Сол жағалау да осындай тұжырымға келіп отырған сияқты.
https://t.me/dalainside
👍53🔥7😱6🤯3😁1💯1
🏦 Ресей Қазақстанның банк саласына қайтып оралуға дайын
Трамп әкімшілігінің көмегімен Ресей қаржы секторы батыс санкцияларынан кезең-кезеңімен құтылмақ. Кеше АҚШ пен Ресей арасындағы Қара теңіздегі атысты тоқтату жөніндегі келісім аясында ресейлік банктердің SWIFT жүйесіне қосылу мәселесі шешілді. Кремль таратқан мәліметке сай, алғашқы болып жүйеге Россельхозбанк қосылмақ.
Осының аясында Сбер өзінің халықаралық нарықта жоғалтып алған позицияларын қалпына келтірмек. Санкция қысымымен Қазақстанда сатып жіберген банкін қайтадан сатып алуға жұмыс істейтін болады. Қазір оның аты Bereke-ге ауысып кеткен Қазақстандағы бұрынғы еншілес банкі Катардың Lesha Bank тобының қолында. Өз кезегінде арабтар Bereke банкінің бағасын өсіріп, өздеріне тиімді шартпен қайта сатуға қарсы емес екендерін білдірді.
Bereke арабтар үшін берекелі болып отыр. 2024 жылы банк кемінде 15 миллиард теңге таза кіріс алып келді. Бірақ Lesha Қазақстандағы банкті мәңгі ұстап отыруға құлықты емес. Жаһандық инвестициялық саясаты аясында пайдасын барынша сығып алып, банктің өзін қымбатқа сатып жіберуді көздейді.
Ал Сбер үшін Қазақстанға оралу тек бизнес емес, геосаясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан тараптардың мүддесі бір бірімен ұштасуда.

"Россельхозбанктен кейін Сбер тобы да SWIFT жүйесіне қосылатын болады. Қазір Сбер өзіне қатысты барлық санкцияларды алып тастау бойынша қадамдарды Кремльмен пысықтап жатыр. Бір сөзбен айтқанда, Ресей өзінің Трамппен жақындығын пайдаланып, Сбер үшін толық жол ашып бермек", - дейді DALA INSIDE дереккөзі.
Осының аясында Сбер өзінің халықаралық нарықта жоғалтып алған позицияларын қалпына келтірмек. Санкция қысымымен Қазақстанда сатып жіберген банкін қайтадан сатып алуға жұмыс істейтін болады. Қазір оның аты Bereke-ге ауысып кеткен Қазақстандағы бұрынғы еншілес банкі Катардың Lesha Bank тобының қолында. Өз кезегінде арабтар Bereke банкінің бағасын өсіріп, өздеріне тиімді шартпен қайта сатуға қарсы емес екендерін білдірді.
"Lesha Берекені Қазақстан Үкіметінен номиналды түрде 65 миллиард теңгеге сатып алған болатын. Енді сатса кемінде 200 миллиард теңгеге сатады. Сбербанкте ондай ақша бар. Ресейліктер тек өздерінің барлық санкциялардан шығуын күтіп отыр. Сондықтан бүгін бе, ертең бе, Сбер қазақ нарығына бәрібір оралады", - дейді дереккөз.
Bereke арабтар үшін берекелі болып отыр. 2024 жылы банк кемінде 15 миллиард теңге таза кіріс алып келді. Бірақ Lesha Қазақстандағы банкті мәңгі ұстап отыруға құлықты емес. Жаһандық инвестициялық саясаты аясында пайдасын барынша сығып алып, банктің өзін қымбатқа сатып жіберуді көздейді.
Ал Сбер үшін Қазақстанға оралу тек бизнес емес, геосаясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан тараптардың мүддесі бір бірімен ұштасуда.
https://t.me/dalainside
👎116👍24😡15🤮6😁1
☢️ Ресей ме, Қытай ма? Тұңғыш АЭС технологиясын таңдауда қызу дебаттар жүруде
Балқаш маңындағы атом электр станциясына қай елдің ядролық реакторын қоямыз деген сұрақ ведомствоаралық комиссияны тығырыққа тірей бастады дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Қытайдың реакторы арзан және тез салынады. Және Қытай юаньмен несие беруге дайын. Алғашқы АЭС-ке өзінің ядролық технологиясын қоюға Ресей де құлшынып отыр. Олардың ВВЭР-1200 реакторы арзан емес. Бірақ Ресей де өз тарапынан қаржыландыру бойынша ұсыныстар білдіргені анық.
Ведомствоаралық комиссияның жұмысын жаңадан құрылған Атом энергетикасы бойынша агенттік үйлестіріп отыр. Бұған дейін комиссия реактор технологиясын ұсынатын төрт ел корпорацияларының ұсыныстарын қараған.
Мұндай компания саны төртеу. Олар CNNC (Қытай, HPR-1000 реакторы), Росатом (Ресей, ВВЭР-1200 реакторы), KHNP (Оңтүстік Корея, APR-1000 және APR-1400 реакторлары), EDF (Франция, EPR1200 реакторы).
Реактор жеткізушілерінің ұсыныстарын мұқият әрі жан-жақты зерттеу жұмысы жалғасатын болады. Қорытынды шешім барлық факторлар ескеріліп, Қазақстан Республикасының мүддесіне сай қабылданады.

"Комиссия сәуірдің аяғына дейін бір шешімге келіп, онысын көпшілікке жариялауы керек. Қазір оның отырыстарында түрлі пікірлер айтылуда. Яғни бірізділік жоқ", - дейді дереккөз.
Ведомствоаралық комиссияның жұмысын жаңадан құрылған Атом энергетикасы бойынша агенттік үйлестіріп отыр. Бұған дейін комиссия реактор технологиясын ұсынатын төрт ел корпорацияларының ұсыныстарын қараған.
Мұндай компания саны төртеу. Олар CNNC (Қытай, HPR-1000 реакторы), Росатом (Ресей, ВВЭР-1200 реакторы), KHNP (Оңтүстік Корея, APR-1000 және APR-1400 реакторлары), EDF (Франция, EPR1200 реакторы).
АЭС-ті халықаралық консорциум салары анық. Бірақ бәрібір бір елдің ядролық технологиясы, реакторы таңдалуы тиіс. Қазіргі әңгіме сонда. Және бұл жарыста біздің дерегімізше Қытай мен Ресей фаворит болып келеді.
Реактор жеткізушілерінің ұсыныстарын мұқият әрі жан-жақты зерттеу жұмысы жалғасатын болады. Қорытынды шешім барлық факторлар ескеріліп, Қазақстан Республикасының мүддесіне сай қабылданады.
https://t.me/dalainside
👍35👎21🔥4😁4👏3😢1
🇸🇦⚔️ Арнайы штаб. Қазақстан радикалдармен күресте Нұрлан имамды пайдаланбақ
Тик-ток пен инстаграмды жаулап алған радикалды ислам идеологиясына қарсы күресте Нұрлан имам сияқты танымал дәстүрлі уағызшыларды пайдалану жоспарланып отыр. Домбыра мен Наурызды харам деу, Қазақстан туына араб қылышын қойып никабпен фотоға түсу сияқты әрекеттердің көбеюі билікті ойландырып тастады.
Қазірден бастап Нұрлан имам мешіт емес, мектептің көбірек қажеттігін, қазақтың салт-дәстүрлері мен ырымдарының харам еместігін кеңінен айта бастады. Бірақ жалғыз имамның күші жеткіліксіз. Сондықтан штаб қажет деп тапса, онда бұл операцияға "Мәңгілік ел" ботофермасы тартылуы мүмкін. Еліміздегі нөмірі екінші ботоферма халықаралық ПРОНТО-мен кәдімгідей күресе алады.
Билік діни мәселені биыл реттеп тастап, қазақтарды бір идеология аясында жұмылдыруға ниетті. Себебі президенттік сайлау жақындап келеді. Осы кезде сыртқы күштер қазақтілді электоратты діни көзқарасы бойынша бөліп жіберіп, өз мақсатына пайдаланып кетуі ғажап емес.
Биылдан бастап әлеуметтік желілерде діни талас пен тартыстың күшейгені байқалады. Бәрін харам деп жатқан исламистерге жауап ретінде ұлтжанды қазақ жастары мұсылмандықтан шығып, өздерін агностик немесе "Тәңірге оралдық" деп жариялауда. Билік үшін осы мәселені ушықтырмай тезірек реттеу қажеттілігі туындады.

"Жақын арада салафизм, вахабизм идеологиясымен ақпараттық кеңістікте күресу бойынша арнайы штаб құрылуы мүмкін. Оған мықты идеологтар, психологтар, PR мамандары, журналистер мен интернетте танымал тұлғалар тартылуы тиіс. Өзара бұл штабқа "анти ПРОНТО" деген кодтық атау қойылды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Қазірден бастап Нұрлан имам мешіт емес, мектептің көбірек қажеттігін, қазақтың салт-дәстүрлері мен ырымдарының харам еместігін кеңінен айта бастады. Бірақ жалғыз имамның күші жеткіліксіз. Сондықтан штаб қажет деп тапса, онда бұл операцияға "Мәңгілік ел" ботофермасы тартылуы мүмкін. Еліміздегі нөмірі екінші ботоферма халықаралық ПРОНТО-мен кәдімгідей күресе алады.
Билік діни мәселені биыл реттеп тастап, қазақтарды бір идеология аясында жұмылдыруға ниетті. Себебі президенттік сайлау жақындап келеді. Осы кезде сыртқы күштер қазақтілді электоратты діни көзқарасы бойынша бөліп жіберіп, өз мақсатына пайдаланып кетуі ғажап емес.
"Штаб құрылатын болса, елде мешіт сала беруді тоқтату мәселесі көтерілетін болады. Сауап жинағысы келген бизнесмендерге ҚМДБ имамдары мектеп пен балабақша салынса, сауаптың көбірек түсетінін түсіндіреді деп ойластырылған. Қазір оның Құран мен хадистердегі теологиялық дәлелі пысықталып жатыр", - дейді дереккөз.
Биылдан бастап әлеуметтік желілерде діни талас пен тартыстың күшейгені байқалады. Бәрін харам деп жатқан исламистерге жауап ретінде ұлтжанды қазақ жастары мұсылмандықтан шығып, өздерін агностик немесе "Тәңірге оралдық" деп жариялауда. Билік үшін осы мәселені ушықтырмай тезірек реттеу қажеттілігі туындады.
https://t.me/dalainside
👍135👏6🔥3🤮2
🤜🇰🇿 ОПЕК жіберген апперкот
Сауд Арабиясы Қазақстанды жазалауға дайындала бастады
ОПЕК+ мұнай бағасының арзандап, квоталық шектеулер бойынша келісімнің сақталмағанына Қазақстанды кінәлі деп тапты. Бізге бір апта уақыт беріліп отыр. 15 сәуір күні жаңа Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов квоталық шектеулерден асып кеткен көлем бойынша компенсациялық график ұсынуы тиіс.
Бір қызығы біздің мұнай өндірісін қалай шектейтініміз белгісіз. Себебі, Қазақстанның ең ірі мұнай өндірушісі «Теңізшевройл» АҚШ алпауыты Chevron корпорациясына қарайды. ТШО мұнай өндірісін ұлғайту үшін Теңіз кешеніне қомақты инвестиция салып, былтырдан бастап жоба аясында көбірек мұнай шығара бастады. Енді оны шектеу технологиялық тұрғыдан мүмкін емес. Сол себепті ТШО бұған дейін Энергетика министрі болған Алмасадам Сатқалиевтің өндірісті шектеу бойынша талаптарын орындаудан бас тартқан еді.
Қазақстан ОПЕК+ отырыстарында белгіленген квоталармен келісіп, «иә» деп бас шұлғып, ешкіммен дауласпай тыныш жүрсе де, іс жүзінде өндірісті шектеу көрсеткішін мүлде орындамады. ОПЕК+ министрлер комитетінің мониторингі өткізетін соңғы отырыста аталған факт бойынша баяндама жасалғанда ұйым төрағасы, Сауд Арабиясының мұнай министрі Абдель Азиз бин Салман өз ашуын жасыра алмаған.
ОПЕК+ квотасына сәйкес Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1,468 миллион баррельден аспауы керек. Қазақстан бұл шектеуді сақтамай келеді. Мысалы, биыл наурыз айында еліміз тәулігіне 2,17 миллион баррель мұнай өндірді. ОПЕК+ бізден 2024 жылдың басынан бері артық өндіріліп қойылған мұнай көлемін енді қалай өтейтінімізді білгісі келеді. Ол үшін Қазақстан бірнеше ай бойы тәулігіне 1 миллион баррель шамасында ғана мұнай шығаруы тиіс. Демек кеніштерден жоғарғы қысыммен атқылап жатқан мұнайды тоқтату қажет. Ал оның салдары біз үшін ауыр болары сөзсіз.
Еліміз картельмен тәжікелескісі келмейді. Есікті тарс жауып шығып кететіндей қуатымыз да жоқ. Және АҚШ президенті Дональд Трамп бастаған әлемдік сауда соғысының салдарынан мұнай бағасы күрт арзандап, бүгін Brent барреліне берілетін фьючерстер 64 долларға дейін құлдырады.
Бұл жағдайда ОПЕК+ квоталарды одан сайын қыса бастауы да ғажап емес. Ондай сценарий орын алса, қазіргі шектеулерді сақтай алмай отырған Қазақстан мүлде ауыр жағдайда қалады.

«Сатқалиевтің Атом энергетикасы бойынша агенттікке сұранып, ауысып кеткені содан. Шеврон өндірісті қысқарту бойынша Сатқалиев ұсыныстарын құлағына да қыстырған жоқ, ал ОПЕК отырыстарында осы үшін қайта-қайта сөз ести беруге намыстанып кетті. Енді жаңа Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің жүйкесі жұқаратын болады. Арабтар дауысын жуандатып, Қазақстанға зілді дауыспен сөйлей бастамақ», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
ОПЕК+ квотасына сәйкес Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1,468 миллион баррельден аспауы керек. Қазақстан бұл шектеуді сақтамай келеді. Мысалы, биыл наурыз айында еліміз тәулігіне 2,17 миллион баррель мұнай өндірді. ОПЕК+ бізден 2024 жылдың басынан бері артық өндіріліп қойылған мұнай көлемін енді қалай өтейтінімізді білгісі келеді. Ол үшін Қазақстан бірнеше ай бойы тәулігіне 1 миллион баррель шамасында ғана мұнай шығаруы тиіс. Демек кеніштерден жоғарғы қысыммен атқылап жатқан мұнайды тоқтату қажет. Ал оның салдары біз үшін ауыр болары сөзсіз.
Еліміз картельмен тәжікелескісі келмейді. Есікті тарс жауып шығып кететіндей қуатымыз да жоқ. Және АҚШ президенті Дональд Трамп бастаған әлемдік сауда соғысының салдарынан мұнай бағасы күрт арзандап, бүгін Brent барреліне берілетін фьючерстер 64 долларға дейін құлдырады.
Бұл жағдайда ОПЕК+ квоталарды одан сайын қыса бастауы да ғажап емес. Ондай сценарий орын алса, қазіргі шектеулерді сақтай алмай отырған Қазақстан мүлде ауыр жағдайда қалады.
https://t.me/dalainside
🤯23👍18👎15😱5😡2😁1💯1
🚀 Марс, саған келіп тұрмыз! Талғар қаласының сайланған әкімі бәрін жыртып жатыр
Енді Президент әкімшілігі оны басқа әкімдерге үлгі ретінде көрсетпек. Және ашылып жатқан Әкімдер мектебіне барып, 1-2 ашық дәріс оқуы да мүмкін.
Шерзат оқиғасынан кейін Талғар қаласында басшылық түгел ауысып, эколог Арыстанбек Әбілхайырұлы әкім болып сайланған болатын. Бұған дейін оның фирмасы Талғарда коммуналды қызмет көрсетіп келді. Талғардың тумасы болғандықтан, әр шұңқыр мен арықты, ағашты жатқа біледі.
Шынымен де, Талғарда халық әкімнің артынан емес, әкімі тұрғындардың артынан қуалап жүр. Проблемасын жазған Марс есімді тұрғынды іздеп, үйіне барып таппай қайтқан видеосы хит болды. Марс әкім барғанда жұмыстан шыға алмай қалған. Тик-ток көмегімен Арыстанбек Әбілхайырұлы күйіп тұрған біршама мәселені шешіп үлгерді.
Ол көлікке отырып алып, күні-түні Талғардың ішін аралап жүреді. Көлік кептелісі көп болмағандықтан, біраз тұрғынға барып үлгереді екен.
Әкімнің тағайындалғаны емес, сайланғаны өте жақсы жұмыс істейтіні анық байқалды. Тағайындалған әкім тек жоғары жақтың көңілін табуға тырысады. Ал сайланған әкімнің басшысы халық. Сондықтан ол халыққа қызмет етеді.

"Әкім Нұрлан имам сияқты тик-ток арқылы Талғар халқының проблемаларын біліп, бірден көлікпен айтылған мекен-жайға барып, мәселені тура сол жерде шеше бастады. Қазір Талғарда тұратын жұрт өз әкімінің тик-тогына жазылып алған. Қоқыс, проблема көрсе бірден тик-тогындағы видеоға комментарий жазып жібереді. Тіпті әкім сол күні жетіп барады. Мұндай әкімді бірінші рет көріп тұрмыз", - дейді, DALA INSIDE телеграмына сол аумақтағы дереккөз.
Шынымен де, Талғарда халық әкімнің артынан емес, әкімі тұрғындардың артынан қуалап жүр. Проблемасын жазған Марс есімді тұрғынды іздеп, үйіне барып таппай қайтқан видеосы хит болды. Марс әкім барғанда жұмыстан шыға алмай қалған. Тик-ток көмегімен Арыстанбек Әбілхайырұлы күйіп тұрған біршама мәселені шешіп үлгерді.
Ол көлікке отырып алып, күні-түні Талғардың ішін аралап жүреді. Көлік кептелісі көп болмағандықтан, біраз тұрғынға барып үлгереді екен.
Әкімнің тағайындалғаны емес, сайланғаны өте жақсы жұмыс істейтіні анық байқалды. Тағайындалған әкім тек жоғары жақтың көңілін табуға тырысады. Ал сайланған әкімнің басшысы халық. Сондықтан ол халыққа қызмет етеді.
https://t.me/dalainside
👍178💯23🔥12
Темірлан Енсебек соттан ең жеңіл жаза тағайындауды сұрады
Соттағы пікірталас барысында Темірлан Енсебектің қорғаушысы Жанар Балғабаева айыпталушыға қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салынуына толық келіспейтінін атап өтті. Алайда мемлекеттік айыптаушының оған бес жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза сұрағанына қуанышты екенін жеткізді.
Адвокат сараптаманың қорытындысымен келіспейтінін айтып, балағат сөздер адамның эмоциясын жеткізетінін мәлімдеді.
Мемлекеттік айыптаушы Дидар Қабаев соттағы пікірталаста жүргізілген сот-психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, Instagram парақшасында жарияланған жазбада өзге этнос өкілдерінің ұлттық намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын белгілер бар екенін атап өтті.
ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бабы 39) тармақшасына сәйкес, 174-баппен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықтар экстремистік қылмыстарға жатады және ҚК 11-бабы 3-бөлігіне сәйкес ауыр қылмыстар санатына кіреді.
Осыған байланысты, тараптардың соттағы пікірталасы барысында мемлекеттік айыптаушы істің қоғамдық қауіптілік деңгейін, айыпталушының жеке басын, құқықбұзушылыққа дейінгі және кейінгі мінез-құлқын, жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, оған 5 жылға бас бостандығын шектеу және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
Өзінің соңғы сөзінде Темірлан Енсебек соттан ең төменгі жаза мен айыппұл тағайындауды өтінді.
– Құрметті сот, осы бап бойынша көзделген ең жеңіл жазаны беруді сұраймын. Сіздің әділетіңізге, рақымыңызға сенемін, қосымша шектеулерсіз ең төменгі жаза тағайындалса екен деймін, – деді Енсебек.

👍32🔥3😢3😁2🤮1
🌾 Ресей енді конкурент емес. Отандық астық экспортерлері қуануда
Ресейде қысқы климат режимі қолайсыз болып, күздік егін жоспарланғандай бітік көтерілмеген. Соның салдарынан, Ресей астық бойынша осыдан екі жыл бұрынғы рекордтарын жаңарта алмайды. Сонда биыл солтүстік көрші болжам бойынша 80 миллион тонна астық өндіріп, оның тең жарьтысын ішкі тұтынуға алып қалады. Демек, ол артылып қалған астығын сатып жүрген нарықтардан кетуі тиіс.
Сәйкесінше, Қазақстан астық экпортынан былтырға қарағанда көбірек кіріс алуы мүмкін. Биыл отандық бидай өндірісі өткен жылдармен бір деңгейде сақталады деп болжануда. Шамамен біз 18,58 миллион тонна астықты орып алуды жоспарлан отырмыз. Оның 10 миллион тоннасы экспортқа, 8,5 миллион тоннасы ішкі нарыққа бағытталуы тиіс.
Бұл проблеманы мемлекет шеше алмай қойды. Басқа мемлекеттерді «бізден бидай алма, ұн ал» деп мәжбүрлей алмағандықтан, былтырдан бастап еліміздегі бірнеше диірмен жұмысын тоқтатты. Ондағы құрылғылар жұмыссыз тұра берсе, шіри бастауы ықтимал.
АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, қазір Қазақстандағы қоймаларда сақталып жатқан бидай қоры 3,45 миллион тоннаны құрайды.

«Соңғы екі жылда ресейлік экспортерлер біздің дәстүрлі нарыққа кіріп, демпинг жасап жүрген болатын. Соның салдарынан фермерлеріміз өздері жоспарлаған пайдадан анағұрлым аз тауып жүрді. Ауғанстан, Иран, Пәкістан, Орталық Азия елдері біз астық сататын нарық болып саналады. Биыл Ресей бұл нарықтарға демпингпен кірмейді деп ойлап отырмыз», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Сәйкесінше, Қазақстан астық экпортынан былтырға қарағанда көбірек кіріс алуы мүмкін. Биыл отандық бидай өндірісі өткен жылдармен бір деңгейде сақталады деп болжануда. Шамамен біз 18,58 миллион тонна астықты орып алуды жоспарлан отырмыз. Оның 10 миллион тоннасы экспортқа, 8,5 миллион тоннасы ішкі нарыққа бағытталуы тиіс.
«Бидай көлемін азайтпасақ та, біздегі ұн шаруашылығы тұралап тұр. Шет мемлекеттер бізден ұн алғысы келмейді. Олар бізден бидайды шикізат ретінде алып, өздері диірменге тартып, баға қосып ұн қылып сатуда», - дейді, дереккөз.
Бұл проблеманы мемлекет шеше алмай қойды. Басқа мемлекеттерді «бізден бидай алма, ұн ал» деп мәжбүрлей алмағандықтан, былтырдан бастап еліміздегі бірнеше диірмен жұмысын тоқтатты. Ондағы құрылғылар жұмыссыз тұра берсе, шіри бастауы ықтимал.
АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, қазір Қазақстандағы қоймаларда сақталып жатқан бидай қоры 3,45 миллион тоннаны құрайды.
https://t.me/dalainside
👍61😁11
☢️🇷🇺 Лавровтың Тоқаевпен келіспей еркінсуі Росатомға бумеранг болып келуі ғажап емес
Росатом басшылығы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірімен келіспегеніне сақтықпен қарап отыр. Себебі, дәл қазір тұңғыш АЭС-тің ядролық технологиясы таңдалып жатқанда, Ресейдегі ресми тұлғалардың Қазақстанға қатысты кез-келген аңдамай сөйлеген сөзі таразы басын Қытай жаққа бұрып жіберуі мүмкін.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық форумдарда бірнеше рет “аумақтық тұтастық принципінің сақталмауы жаңа мемлекеттердің пайда болуына, олардың өзара қақтығыстарға ұрынуына әкеледі” деген тезисін қайталап айтып жүрді. Жақында Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Коммерсантъ» газетіне берген сұхбатында бұл пікірмен келіспейтінін мәлімдеді. Лавровтың сөзінше, Тоқаев үшін «тек аумақтық тұтастық құқығы ғана бар». Бірақ БҰҰ Жарғысында көрсетілген өзге қағидаттар да ескерусіз қалмауы тиіс. Оның бастысы, халықтардың өзін-өзі анықтау құқығы.
Екі саясаткер де дипломат болғандықтан, мұны Ақорда мен Кремль дипломатия мамандарының кәсіби жарыссөзі ретінде қалдырып, ары қарай маздатпайтын сияқты. Бірақ АЭС вендорын таңдау кезінде тек техникалық қауіпсіздік, құрылыс бағасы мен кредит пайызы ғана емес, саяси тәуекелдер де ескеріледі.
Дәл осы кезде мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуға халықаралық құқық нормасынан дәлел іздеп жүрген Ресей мен тұтастық мәселесіне ешқашан шек келтірмейтін Қытай арасындағы баланс соңғысына қарай ауа бастауы мүмкін. Не болса да, Росатомдағылар Лавров өз мәлімдемесін бекер жасады деген ойға келіп отырғаны анық.

«Әрине, Росатом Лавровқа ештеңе дей алмайды. Бірақ корпорацияның ішкі жабық жиылыстарында бұл мәселе де талқыланды», - дейді, дереккөз.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық форумдарда бірнеше рет “аумақтық тұтастық принципінің сақталмауы жаңа мемлекеттердің пайда болуына, олардың өзара қақтығыстарға ұрынуына әкеледі” деген тезисін қайталап айтып жүрді. Жақында Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Коммерсантъ» газетіне берген сұхбатында бұл пікірмен келіспейтінін мәлімдеді. Лавровтың сөзінше, Тоқаев үшін «тек аумақтық тұтастық құқығы ғана бар». Бірақ БҰҰ Жарғысында көрсетілген өзге қағидаттар да ескерусіз қалмауы тиіс. Оның бастысы, халықтардың өзін-өзі анықтау құқығы.
Екі саясаткер де дипломат болғандықтан, мұны Ақорда мен Кремль дипломатия мамандарының кәсіби жарыссөзі ретінде қалдырып, ары қарай маздатпайтын сияқты. Бірақ АЭС вендорын таңдау кезінде тек техникалық қауіпсіздік, құрылыс бағасы мен кредит пайызы ғана емес, саяси тәуекелдер де ескеріледі.
Дәл осы кезде мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуға халықаралық құқық нормасынан дәлел іздеп жүрген Ресей мен тұтастық мәселесіне ешқашан шек келтірмейтін Қытай арасындағы баланс соңғысына қарай ауа бастауы мүмкін. Не болса да, Росатомдағылар Лавров өз мәлімдемесін бекер жасады деген ойға келіп отырғаны анық.
https://t.me/dalainside
👏63👍47😁3
👑 Аспанға ұшқан унция. Қазақстан алтын-валюта стратегиясын қайта қарауы мүмкін
Бүгін әлемдік нарықта маусым айындағы алтын фьючерстерінің бағасы жаңа рекорд орнатып, бір трой унциясы үшін 3388 АҚШ долларынан асты. Мұндай шарықтау «Трампотариф» құбылысымен тікелей байланысты және биржалардағы раллидің қанша уақытқа созылары әлі де белгісіз.
2025 жылдың алғашқы төрт айында алтын бағасы 3000 доллар межесінен асып, сәуірде 3321 долларға, ал маусым фьючерстері 3388 долларға дейін көтерілді. Алтын бағасының небәрі 210 күн ішінде 2500 доллардан 3000 долларға дейін шарықтауы соңғы он жылда алғаш рет тіркеліп отыр. АҚШ пен Қытай арасындағы тірес енді ғана қызып жатқандықтан, алтынның түпкілікті бағасы қандай боларын ешкім болжай алмайды.
Шынымен де, былтыр Қазақстан сыртқы нарықта алтынды ең көп сатқан елдердің үштігіне кірді. Еліміз сол жылы сыртқы нарыққа 10 тонна алтын, ішкі нарыққа 1,7 алтын құймасын сатып жіберген. Ол кездегі әлемдік орташа баға бір унцияға 2500-2700 доллар аралығында болғанын ескерсек, 2600 доллар деп алғанда сыртқа алтын сатудан еліміз 917,1 миллион доллар түсім алғанын байқауға болады.
Дәл қазір Ұлттық Банк 29,14 миллиард доллардың алтынын ұстап отыр. Бұл кемінде 283 тонна таза алтын. Сыртқа қанша алтын сатса да, елдегі алтын-валюта қоры азаймайды. Себебі, еліміздегі алтын өндіретін мекемелер ол алтынды Ұлттық Банкке сатуы тиіс. Биыл олардан Ұлттық Банкке 70 тонна алтын келеді деп күтілуде. Егер жыл бойы алтынның бағасы унциясына 3 мың доллардан жоғары болса, онда Қазақстанның халықаралық жалпы резерві 56 миллиард долларға жете алады.
Бірақ алтын тым қымбаттап кетсе, Қазақстанда да, әлемде де инфляцияның шарықтау қаупі бар. Қазір елдегі экономистерді осы жағдай алаңдатып отыр.

«Бізде Ұлттық Банк бір айдан бері алтынды сыртқы нарыққа да, ішкі нарыққа да сатуын тоқтатты. Монатарлы билік бағаның белгілі бір межеде тұрақтанғанын күтіп отыр. Бұған дейін алтын-валюта резервінде алтынның үлесін 50 пайыздан асырмау бойынша стратегия қабылданып, Ұлттық Банк алтынды төпелеп сатып келген. Қазір бұл стратегия қайта қаралуы мүмкін», - дейді, жағдайды жақсы білетін DALA INSIDE дереккөзі.
Шынымен де, былтыр Қазақстан сыртқы нарықта алтынды ең көп сатқан елдердің үштігіне кірді. Еліміз сол жылы сыртқы нарыққа 10 тонна алтын, ішкі нарыққа 1,7 алтын құймасын сатып жіберген. Ол кездегі әлемдік орташа баға бір унцияға 2500-2700 доллар аралығында болғанын ескерсек, 2600 доллар деп алғанда сыртқа алтын сатудан еліміз 917,1 миллион доллар түсім алғанын байқауға болады.
«Әрине, егер Ұлттық Банк алтынды былтыр емес, биыл белсенді сата бастағанда 10 тоннадан 1,16 миллиард доллар шығаруға болатын еді. Сонда 247 миллион доллар артық пайда көрер еді», - дейді, дереккөз.
Дәл қазір Ұлттық Банк 29,14 миллиард доллардың алтынын ұстап отыр. Бұл кемінде 283 тонна таза алтын. Сыртқа қанша алтын сатса да, елдегі алтын-валюта қоры азаймайды. Себебі, еліміздегі алтын өндіретін мекемелер ол алтынды Ұлттық Банкке сатуы тиіс. Биыл олардан Ұлттық Банкке 70 тонна алтын келеді деп күтілуде. Егер жыл бойы алтынның бағасы унциясына 3 мың доллардан жоғары болса, онда Қазақстанның халықаралық жалпы резерві 56 миллиард долларға жете алады.
Бірақ алтын тым қымбаттап кетсе, Қазақстанда да, әлемде де инфляцияның шарықтау қаупі бар. Қазір елдегі экономистерді осы жағдай алаңдатып отыр.
https://t.me/dalainside
👍34👏6😁1
Неліктен баға осындай: Яндекс Такси командасы сапарларға бағаның белгіленуі туралы фильм ұсынады
«Яндекс Такси технологиясының антологиясы: Неге баға осындай?» фильмінде сервис мамандары қарапайым тілмен сапардың құны неден тұратынын айтып, әлеуметтік желілердегі бағалар туралы ең танымал сұрақтарға жауап қатып, жолда қалай үнемдеуге болатыны туралы кеңес берді. Фильм қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Жобаны Әлішер Елікбаев дыбыстады.
Фильм сапардың құны қалай есептелетінін, оның неліктен және қалай өсетінін, сондай-ақ неге Қазақстанның түрлі қалаларында сапардың құны бірдей қашықтыққа түрлі болатынын түсіндіреді. Сонымен бірге Яндекс Такси қызметкерлері жолаушылар мен жүргізушілердің мүддесі үшін баға мәселесінде сервистің қалай теңгеретіндігімен бөлісіп, өз тәжірибелері мен қателіктері туралы айтады.
Жобада қажет болған кезде арзан бағамен кетуге мүмкіндік беретін сервистің барлық мүмкіндіктері егжей-тегжейлі айтылады.
Фильм нейрондық желілер, ML-модельдер, Яндекс Такси алгоритмдері туралы болады. Әрине, сондай-ақ мұның бәрін ойлап табатын, жасайтын, қателесетін және сервисті жақсартатын адамдар туралы болмақ.
Фильм YouTube арнасында қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.
👉 https://youtu.be/KyeAX6-UPNM

«Жолаушылар сапар алдында сапардың бағасын көреді, бірақ оның неден тұратынын әрдайым біле бермейді. Біз осы фильм арқылы сапардың есептелу формуласы жайында ғана емес, сонымен қатар сервисте қандай технологиялар жұмыс істейтінін және олардың сапарлардың құны мен жайлылығына қалай әсер ететінін түсіндіргіміз келді. Бұған қоса такси бағаның айналасындағы кейбір танымал мифтерді жоққа шығарамыз», - деп түсіндірді Яндекс Такси басшысы Тайыр Байдүйсен.
Жобада қажет болған кезде арзан бағамен кетуге мүмкіндік беретін сервистің барлық мүмкіндіктері егжей-тегжейлі айтылады.
Фильм нейрондық желілер, ML-модельдер, Яндекс Такси алгоритмдері туралы болады. Әрине, сондай-ақ мұның бәрін ойлап табатын, жасайтын, қателесетін және сервисті жақсартатын адамдар туралы болмақ.
Фильм YouTube арнасында қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.
👉 https://youtu.be/KyeAX6-UPNM
YouTube
Яндекс Такси технологиясының антологиясы: Бағасы неге осындай?
Сапардың құны қалай есептеледі, неге Қазақстан бойынша бағалар әртүрлі болуы мүмкін және жоғары сұраныс қайдан пайда болады — бұл сұрақтарға біздің «Яндекс Такси технологиясының антологиясы: Бағасы неге осындай?» фильмінде жауап бердік.
👎13👍5
⚠️ Берденов оқиғасының себебі қарапайым тұрмыстық мәселе
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуыл - мемлекеттік институттарға бизнес тарапынан жасалған қысым емес. Қазір мемлекет осы оқиғаны сан-саққа жүгіртіп, түрлі теориялар сызып жатқан топтардың нарративін бақылап отыр.
Алайда, кейбір танымал тұлғалар бұл оқиғаға қатысты шындықты бұрмалап, оған мүлде басқа мағына беруге тырысуда. Мемлекет пен бизнестің арасына сына қағу қадамдарының не мақсатпен жасалып отырғаны да айқын. Жалпы хаос жағдайында өз мүддесін іске асырғысы келіп отырған топтардың аз еместігі байқалады.

"Қастандықтың себебі тұрмыстық мәселеге келіп тіреледі. Құрылыс болсын, букмекерлер болсын, ешбір лоббидің бұған қатысы жоқтығы анықталды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Алайда, кейбір танымал тұлғалар бұл оқиғаға қатысты шындықты бұрмалап, оған мүлде басқа мағына беруге тырысуда. Мемлекет пен бизнестің арасына сына қағу қадамдарының не мақсатпен жасалып отырғаны да айқын. Жалпы хаос жағдайында өз мүддесін іске асырғысы келіп отырған топтардың аз еместігі байқалады.
https://t.me/dalainside
👍16😱11🤮8😁1
💥 ERG көкпары: Джеймс Кэмерон аяғына дейін көрмек
АҚШ инвесторы Джеймс Кэмерон жақсы ақша ұсынса, Шодиевтер мен Машкевичтер тарапы ERG корпорациясындағы өз үлесін сатуы ғажап емес. Бұған дейін Reuters агенттігі америкалық кәсіпкер Джеймс Кэмеронның Eurasian Resources Group (ERG) компаниясын 5 миллиард долларға сатып алғысы келетіні туралы жаңалық жариялады. Сонда инвестор бүкіл ERG бизнесін 5 миллиард долларға бағалаған.
ERG біз күткендей бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бірақ дереккөздің айтуынша шын мәнінде тараптар арасында бұл әңгіме жүрген және принципиалды позициялар анықталған.
Қазір ERG-ды операциялық режимде басқарып отырған Ибрагимовтер отбасы да өзінің 20,7% акциясын сатуға асықпай оиыр.
Бірақ Шухрат Ибрагимов Қазақстанмен бірлескенді көбірек қалайтынын білдіріп отыр. Егер олар альянс құрса, онда 60,7% дауыспен бәрібір өзіне қажет шешімдерді өткізіп отырмақ. Ал ол Кэмеронның жоспарына кірмеген. Сондықтан ERG-де акционер ауыспайды деген ойдамыз.
Джеймс Уильям Кэмерон АҚШ азаматы, кәсіпкер. Биыл 77 жасқа толды. ERG типтес металлургия алпауыттарының жұмысын жақсы біледі. Ұзақ жылдар бойы ол Petropavlovsk холдингінің директорлар кеңесінде болды.

"Бір сөзбен айтқанда, Кэмерон ERG-ді толық сатып алып, оны сирек кездесетін металдармен айналысатын компанияға айналдырғысы келген. Бірақ ең ірі акционер - Қазақстан Үкіметі өзі ұстап отырған 40% үлесті сатудан бас тартты. Себебі Қазақстан ERG корпорациясын бізде 10 мыңнан астам адамға жұмыс тауып беріп отырған іргелі әлеуметтік ойыншы ретінде пайдаланады. Ал Кэмерон бірден керек емес кәсіпорындарды жауып, адамдарды қысқартып тастар еді", - дейді, дереккөз.
Қазір ERG-ды операциялық режимде басқарып отырған Ибрагимовтер отбасы да өзінің 20,7% акциясын сатуға асықпай оиыр.
"Кэмерон егер қатты кіріссе, Шодиевтің 18,6% пакеті мен марқұм Машкевичтің 20,7% акциясын сатып ала алады. Одан Машкевичтер отбасы 1 миллиард доллар, Шодиевтер 930 миллион доллар алар еді. Бірақ Кэмеронға оның пакеті Қазақстаннан асып түсіп, басты акционер болу маңызды. Сол кезде ғана ол пәрменін жүргізе алады. Ал Машкевич пен Шодиев пакетін қоссақ, 39,3% шығады. Сол үшін Кэмерон Ибрагимовтың кем дегенде 1 пайызын сатып алуы керек", - дейді, дереккөз.
Бірақ Шухрат Ибрагимов Қазақстанмен бірлескенді көбірек қалайтынын білдіріп отыр. Егер олар альянс құрса, онда 60,7% дауыспен бәрібір өзіне қажет шешімдерді өткізіп отырмақ. Ал ол Кэмеронның жоспарына кірмеген. Сондықтан ERG-де акционер ауыспайды деген ойдамыз.
Джеймс Уильям Кэмерон АҚШ азаматы, кәсіпкер. Биыл 77 жасқа толды. ERG типтес металлургия алпауыттарының жұмысын жақсы біледі. Ұзақ жылдар бойы ол Petropavlovsk холдингінің директорлар кеңесінде болды.
https://t.me/dalainside
👍25😱1
🛢️⚔️ Картельмен соғыс. Келесі аптада Қазақстан ОПЕК+ келісімінен кетуі мүмкін
ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың сұхбатындағы «Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясындағы квота мәселесінде өзінің ұлттық мүддесін жоғары қояды» деген мәлімдемеден кейін, ОПЕК картелі Қазақстанның мұнай өндіруді баяулату бойынша Chevron, Agip, Shell, Eni сынды халықаралық алпауыттармен келісе алмағанын түсінді. Осы айдың басында Қазақстанның шектеу квоталарын сақтамағаны біраз әңгімеге ұласқан болатын.
ОПЕК+ қандай шектеу қойса да, Қазақстан мұнай өндірісін квотаға сай шектей алмайды. Себебі бізде ең көп мұнай өндіретін ТШО (Теңіз кешені), NCOC (Қашаған), KPO (Қарашығанақ) бірлескен кәсіпорындары Қазақстанға бағынбайды.
ОПЕК өткен наурыз айына Қазақстанға тәулігіне 1,473 миллион баррель мұнай өндіру квотасын бекіткен болатын. Қазақстан оны сақтай алмай, тәулігіне 1,82 миллион баррель өндірді. Оның алдындағы айларда да квотадан асып кетіп жүрдік. Енді оның барлығын өтемақылық жоспар бойынша ретке келтіру үшін, кейбір кеніштердегі мұнайды мүлде қысып тастауға тура келеді. Ал ол технологиялық жағынан мүмкін емес. Себебі, техногендік апат болып, тіпті ондай кенішті мүлде жауып тастау ықтималдығы жоғары. ОПЕК үшін осынша материалды-техникалық құрбандыққа бару топастық болар еді.
Бір сөзбен айтқанда, келесі аптада Қазақстанның ОПЕК картелімен романы аяқталуы мүмкін. Бірақ одан кейін мұнай фьючерстерінің бағасы тағы да құлдырайды деген қауіп бар. Еліміз соңына дейін дипломатиялық әдістерін қолданып көреді.

«ОПЕК+ келісімінің алдағы мониторингтік отырысы келесі аптада, 5 мамыр күні өтеді. Біршама елдер Қазақстанның квота сақтамағанын алға тартып, қатаң шара қолдануды сұрамақ. Қазақстан үшін келісімнің өзі тарап кетіп, барлық елдер мұнай өндірісін күрт арттырады деген сценарийді жоққа шығармаймыз. Немесе Қазақстанды келісімнен шығарып тастау бойынша шешім дауысқа салынатын болады», - дейді, үкіметке жақын DALA INSIDE дереккөзі.
ОПЕК+ қандай шектеу қойса да, Қазақстан мұнай өндірісін квотаға сай шектей алмайды. Себебі бізде ең көп мұнай өндіретін ТШО (Теңіз кешені), NCOC (Қашаған), KPO (Қарашығанақ) бірлескен кәсіпорындары Қазақстанға бағынбайды.
ОПЕК өткен наурыз айына Қазақстанға тәулігіне 1,473 миллион баррель мұнай өндіру квотасын бекіткен болатын. Қазақстан оны сақтай алмай, тәулігіне 1,82 миллион баррель өндірді. Оның алдындағы айларда да квотадан асып кетіп жүрдік. Енді оның барлығын өтемақылық жоспар бойынша ретке келтіру үшін, кейбір кеніштердегі мұнайды мүлде қысып тастауға тура келеді. Ал ол технологиялық жағынан мүмкін емес. Себебі, техногендік апат болып, тіпті ондай кенішті мүлде жауып тастау ықтималдығы жоғары. ОПЕК үшін осынша материалды-техникалық құрбандыққа бару топастық болар еді.
«ОПЕК+ біздің аяғымызды жіппен байлап отыр деуге болады. Бізге бұл ұйымның пайдасы көп пе, әлде зияны көп пе, осыны әлі анықтай алмадық. Мұнай бағасының тым құлдырап кетпеуіне себеп болып отырғандықтан ғана олармен сыпайы болып келдік. Неше түрлі әдіспен уақыт созып жүргенбіз. Бірақ олар да ақымақ емес. Енді бізге мұндай мүмкіндік бермейді», - дейді, дереккөз.
Бір сөзбен айтқанда, келесі аптада Қазақстанның ОПЕК картелімен романы аяқталуы мүмкін. Бірақ одан кейін мұнай фьючерстерінің бағасы тағы да құлдырайды деген қауіп бар. Еліміз соңына дейін дипломатиялық әдістерін қолданып көреді.
https://t.me/dalainside
👍39
🏦 Турлов VS Өтемұратов: кім бірінші үлгереді?
Kaspi банктің ірі акционері, елдегі нөмірі бірінші олигарх Вячеслав Ким "Jusan bank" қаржы институтын сатып алуға толық мүмкіндік алғаннан кейін, отандық банк саласында акционерлер бәйгесі басталды. ТОП-6 тізіміне кіретін банктер өздерінен кіші банктерді қосып алып, іріленгісі келеді.
Home Credit банкін чехиялық PPF Group қадағалайды. Еуропалық қаржы ұйымы соңғы жылдары ТМД нарығынан біртіндеп кете бастаған. Өткен жылы олар Ресейден толық кетті.
Home Credit банк классикалық үлгіде "біз сатылмаймыз, бұл жалған ақпарат" деген сарында ресми хабар таратып үлгерді. Ондай хабарлар клиенттер мазасызданбау үшін, депозиттер қашпас үшін стандартты түрде жасалады.
Егер Forte Хоум жүйесін сатып алса, активтерін шамамен 5,5 триллион теңгеге жеткізіп, өзінің тұрақты төртінші орнын Freedom банкке бермей сақтап қалар еді.

"Қазір Фридом иесі Тимур Турлов пен Forte банк қожайыны Болат Өтемұратов аясында жарыс бар. Турлов өткенде Еуразиялық банкті сатып ала жаздады. Тек Еуразиялық топ мүшесі Шухрат Ибрагимов мәмілеге қарсы болып, банк сатылмай қалды. Енді Болат Өтемұратов біздегі Home Credit банкінің Чехиядағы қожайындарына жомарт ұсыныс жасап отыр. Әзірге чехтер нақты жауап берген жоқ" - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Home Credit банкін чехиялық PPF Group қадағалайды. Еуропалық қаржы ұйымы соңғы жылдары ТМД нарығынан біртіндеп кете бастаған. Өткен жылы олар Ресейден толық кетті.
"Forte универсалды корпоративті банк болып саналады. Ол тұтынушылық жеке секторға дендеп кірген жоқ. Home Credit банкін сатып алса, онда дамыған, клиенті көп тұтынушылық кредит бизнесіне бірден иелік етпек" - дейді, дереккөз.
Home Credit банк классикалық үлгіде "біз сатылмаймыз, бұл жалған ақпарат" деген сарында ресми хабар таратып үлгерді. Ондай хабарлар клиенттер мазасызданбау үшін, депозиттер қашпас үшін стандартты түрде жасалады.
"Қазіргі әңгіме Чехияның ең бай әйелі Рената Келлнерованың шешіміне қатысты болып тұр. PPF холдингі Ренатаға қарайды. Және холдинг қазір Еуропадан тыс елдердегі активтерді сату стратегиясын ұстануда. Бірақ Home Credit банкін сатуды холдинг басындағы кейбір қаржы директорлары қолдамайды. Себебі Қазақстандағы банк мықты табыс әкелуде. Мысалы, 2024 жылғы таза пайда 40 миллиард теңгеден кем болмауы тиіс" - дейді, дереккөз.
Егер Forte Хоум жүйесін сатып алса, активтерін шамамен 5,5 триллион теңгеге жеткізіп, өзінің тұрақты төртінші орнын Freedom банкке бермей сақтап қалар еді.
https://t.me/dalainside
👍34😁4👏1
Кемел Тоқаев жау шебіне бірінші болып басып кірген
Ресей Қорғаныс министрлігі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі — гвардия сержанты Кемел Тоқаевқа қатысты марапаттау парағын құпиясыздандырып, ашық жариялады. Кемел Тоқаев 1945 жылдың қаңтарында Польшада көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.
Гвардия подполковнигі Афанасий Поваровтың қолы қойылған құжатта былай делінген:

«1945 жылғы 21 қаңтарда Польшадағы Еглевец елді мекенінде немістер түн ішінде біздің позициямызға қарсы шабуыл жасады. Автоматшылар танктерін табандылықпен қорғап, кейін шабуылға шығып, немістерді кейін шегіндірді. Жолдас Тоқаев жау шебіне бірінші болып басып кіріп, автоматымен бес немісті атып өлтірді, ал біреуін жаралап, тұтқынға алды. Тұтқынды ертіп өз бөлімшесіне қайтып келе жатқанда, Тоқаев аяғынан жарықшақты оқ тиіп жараланды. Тоқаев тұтқынды атып тастап, жарасын таңып, ауырсынуға қарамастан өз танкілеріне жетіп үлгерді».
😁92👍73🤮14👎6😡4👏3🤯1😱1
🇰🇿⚠️ Байбек келе ме? Сара Алпысқызының маңына «Ескі Қазақстан» гвардиясы жинала бастады
Қазақстандағы журналистер Қаңтар оқиғасынан кейін шетелге кетіп қалған «Ескі Қазақстан» өкілдерінің Алматыға келіп-кетуін торуылдай бастады. Совмин емханасында жатқан Сара Алпысқызының жағдайын білу үшін бұрынғы истиблишменттің біраз өкілі Алматыға ат басын бұруы тиіс.
Мемлекет те өз тарапынан Сара Алпысқызымен қоштасу рәсімін пысықтауда. Алматы әкімдігіне «тиісті шараларды қазірден бастап қарастыра берсін» деген бейресми хабарлама келген.
Қазір Сара Алпысқызы 84 жаста. DALA INSIDE дереккөзі де Сара Алпысқызының денсаулығы күрт сыр бергенін растап отыр.
Қазақстан халқының Сара Алпысқызына көзқарасы жаман емес. Ол кісі тәуелсіздіктің алғашқы 5-7 жылында ғана тұңғыш президенттің қасында болды. Бизнеске, таққа араласпады. Қайырымдылықпен айналысты. Нұрсұлтан Назарбаевпен 2005-2010 жылдар аралығында ресми ажырасып, артынан өзінің Қонақаева тегіне қайта оралды.
Сара Алпысқызы 1941 жылдың ақпанында Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол Нұрсұлтан Назарбаевпен 1962 жылы отау құрды. Бұл отбасы өмірге Дариға, Динара мен Әлия есімді үш қыз әкеліп, тәрбилеп өсірді.
Дереккөздің айтуынша, Сара Алпысқызы өмірден өткен жағдайда, Үкімет қоштасу рәсіміне мемлекеттік статус беріп, тиісті деңгейде өткізбек. Ол кісіге қазір ел басқарып олтырған көптеген тұлғалардың ілтипаты ерекше. Сара Қонақаева қазіргі таңда экс-президенттің отбасы мүшесі болып саналмайды. Сондықтан оның денсаулық жағдайына қатысты ақпарат мемлекеттік құпия емес.

«Ол кісінің жағдайы соңғы екі жылда қатты нашарлады. Толық медициналық күтім жасалса да, кәріліктің аты кәрілік. Назарбаевқа қатысты түрлі алып-қашпа әңгімелер де жүректі ауыртты. Қаңтар оқиғасы жанға батты. Осының барлығы жинақтала келе ағзаға ауыр салмақ болды», - дейді, дереккөз.

🤯31👍20😁2