DALA INSIDE
10.8K subscribers
401 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🇺🇲✂️ Минус Сорос, минус USAID. Қазақстанда АҚШ грантын жеп жүргендер нансыз отыр

Бір апта бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі федералды гранттар беруді тоқтатып, басқа елдерде жұмыс істейтін қаптаған гуманитарлық, ақпараттық бағдарламаларына аудит жүргізе бастады. Бюджет және басқару басқармасының (OMB) мәліметінше ең алдымен Ақ үй бұл бағдарламалардың Трамп идеологиясымен қаншалықты сәйкес келетінін анықтамақ. Одан кейін сыртқы қаржыландырудағы жемқорлық тексерілуі тиіс. Үшінші елдерге бөлінген миллиардтаған доллар гранттарды үлестіру барысында түрлі жемқорлық орын алды ма деген тергеу жүргізілетін болады.

Кеше қаржыландырусыз қалған USAID өз сайтын жауып тастады. Ондағы бөлім басшылары "әкімшілік отпускке" жіберіле бастаған. Трамп USAID тәуелсіз агенттік емес, Мемлекеттік департаменттің еншілес құрылымы болуы керек деген райда. Оған демократтар қарсы болып отыр. Бірақ Конгрестегі көпшілік республикандықтардың қолында болғандықтан, демократтар Трампқа қарсы дым істей алмайды.

Жыл сайын USAID Джордж бен Алекс Соростың қорларына 50 миллиард доллар бөліп жүрді. Сорос ол ақшаға түрлі өңірлердегі демократия, адам құқығы, билікпен күрес бағыттарына грант бөліп, белсенділерді оқытып келген болатын. Биылға аударылуы тиіс қаржы паузаға қойылғандықтан, гранттардың тағдыры белгісіз болып тұр.

"Қазір Қазақстанда Соростың журналистерді ағылшынша оқыту, жоспардан тыс жүктіліктің алдын алу, жергілікті тендерлерге мониторинг жүргізу бағдарламалары тоқтады. "Оян, Қазақстан" оппозициялық жастар қозғалысы ақшасыз отыр. Олар да көпке бармайды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Бізде медиа, тәуелсіз контент әзірлеу, әлеуметтік медиа жобалар бағытында USAID гранттарының көбін Internews ұйымы игеріп келген болатын. Қазір коммерциалық емес ұйым былтырғы бюджеттен қалған қаржымен отыр. USAID кететін болса, Internews бағдарламалары 60 пайызға дейін қысқаруы мүмкін.

"Азаттық радиолары желісіне транш аудару мәселесі шешілмеді. Олар USAID емес, USAGM (АҚШ Жаһандық медиа агенттігі) арқылы, Конгрес шешімімен қаржыландырылады. Биылғы транш көлемі қысқарады деген қауіп бар. Егер Азаттық радиосының жер-жерлердегі басшылығы "біз миссиямызды орындадық" деген сарында сөйлей бастаса, демек сол елдегі өкілдігі көп ұзамай жабылады деп түсінуіміз керек", - дейді, дереккөз.


Оның айтуынша, Азаттықтың Орталық Азия бойынша блогында биылғы жартыжылдықта өзгерістер бола қоймайды. 2025 жылдың екінші жартысында оптимизация бойынша шешімдер қарастырылуы мүмкін.

Дональд Трамп дәуіріндегі Америка "жаһандық демократия мен еркіндік идеясының бесігі" символынан арылғысы келетінін байқаймыз. Оның орнына Трамп "қуатты, білегі мығым ұлы держава" деген ұстаным беруде. АҚШ енді баяғыдай еркіндік аумағы, бәріне тең мүмкіндік беретін әділетті ел емес, өзіне қарсы тұрғанды жайпайтын, әскери және материалды күші тасып тұрған алып империя.

Трамп өзіне керек емес дүниеге ақша жаратпайтын капиталист тұлға. Оған демократия керек емес болғандықтан, енді Ақ үй демократия деген абстрактылы идеяға доллар шығындамайтыны анық. Бролигарх Илон Маск тізгінін ұстаған Тиімділікті арттыру департаменті (DOGЕ) осы аптада Қаржы министрлігінің транзакцияларын тексеру және тоқтату функциясына қол жеткізді. Қандай шетелдік ұйым қалай қаржыландырылғаны жасанды интеллект көмегімен зерттелетін болады. Илон Маск транзакцияларды күніне 4 миллиард долларға қысқартуға ниетті.

Гүлге су құйса ғана өсетіні сияқты, демократия да доллар құйса ғана өсетін қасиетін байқатқан болатын. Енді доллар жоқ.

https://t.me/dalainside
👍55😁12🤮3😡2🔥1
Bereke Bank Women in Tech Global-дың ресми серіктесі атанды


Bereke Bank Women in Tech Global ұйымымен серіктестік туралы келісімге қол қойды және Осака қаласында (Жапония) өтетін «Women in Tech Global» саммитіне қатысатын қазақстандық делегацияның ресми демеушісі атанды. 60 астам мемлекеттің мамандары бас қосатын саммитке қатысу қазақстандықтардың технология саласындағы жетістіктерін көрсетудің бірегей мүмкіндігі болмақ.

https://dalanews.kz/kz/article/bereke-bank-women-in-tech-global-din-resmy-seriktesi-atandi-1.html

* серіктестік материал
👍21🤮11
💰🏳️‍🌈 Ояну қымбаттаған, ЛГБТ болу да арзан емес

Қазақстандағы USAID шабадандарын жинап, есігін жапқаны белгілі. Қазір осы ұйым бізде не істеді, қандай жобаларды атқарды деген сұрақтарға жауап ізделіп жатыр. Біздегі USAID көбіне өзінің білім қолжетімділігін арттыру мен денсаулық сақтау саласындағы игі жобаларын көбірек көрсетіп, осыны істеп жатырмыз деп жарнамалап келді. Бірақ бұл ұйымның жария қылмай, үнсіз жасаған басқа бағыттағы біршама көлеңкелі жұмыстары да бар.

Телеграм арналарда жарияланып жатқан Қазақстандағы USAID қызметінің нәтижелеріне арналған роликте біздегі митингке шығу, ояну, феминизм пен ЛГБТ құқығын қорғаудың доллармен шаққандағы нақты ақшалай құны көрсетіледі. USAID бұл ролик біздікі деп ресми верификация жасаған жоқ. Онда «Oyan, Qazaqstan» сынды жастардың оппозициялық жобасына 5 миллион доллар, феминистерге 3 миллион доллар, адам құқығын қорғаушыларға 9 миллион доллар қаржы бөлінгені көрсетілген. Жынысын қызға ауыстырған трансгендер жігіттердің қымбат операциялары да қаржыландырылған.

«Қаржы көлеміне байланысты ештеңе айта алмаймын. Ол транзакцияларды тексеру оңай емес. Алайда жалпы еліміздегі көптеген билікке қарсы қозғалыстар, жастардың феминистік және ЛГБТ топтары USAID агенттігімен етене жұмыс істегені жасырын емес. Келесі аптада осы жобаларға қатысты біраз материалдар жарияланатын болады», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Енді АҚШ сырт айналғандықтан Қазақстандағы ЛГБТ қауымдастық Еуропалық Одаққа үміт артып отыр. Дереккөздің айтуынша, кешеден бастап қазақтың белсенді гейлері мен лесбианкалары кәрі құрлықтағы түрлі қорлар мен адам құқығын қорғау жөніндегі ұйымдарға хат жолдай бастады. Онда Феминита мен ЛГБТ хартиясының жұмысы тұралап қалмауы үшін материалды көмек көрсету бойынша өтініш айтылады.

«Біздегі ЛГБТ-ның негізгі тірегі АҚШ еді. Еуропа ондай жұмысқа қатты араласқан жоқ. Және ондағы қорлардың Орталық Азияға қатысты нақты стратегиясы жоқ. Тек Ұлыбритания ғана көмек қолын созуы мүмкін. Бірақ баяғыдай Американың кезіндегідей миллиондаған доллар деген әңгіме болмайды. Еуропа бұл жағына келгенде өте сараң», - дейді, дереккөз.


Қазақстандағы демократия, адам құқықтары, феминизм мен ЛГБТ қозғалыстары тек доллардың күшімен өмір сүріп келгені білініп қалды. Сондықтан бұл нағыз энтузиазм ба, әлде есебі мығым бизнес жоба ма, оны анықтау қиын. Бірнеше дереккөз «келесі аптаны күтіңіздер» деген сигнал берді.

https://t.me/dalainside
👍63👏11😁8😡4🔥2💯1
Yandex Qazaqstan "Digital Almaty 2025" форумында қала бойынша жеткізу нарығының трендтерімен бөлісті

2024 жылы Яндекс Go жеткізу сервисінің қолданушылар саны 25 пайызға артқан. Сервис аясында жаңа қызметтер пайда болды.

Ал Алматыда іске қосылған "Яндекс Go Лавка" сервисі биыл өз дарксторларының санын арттыруды жоспарлап отыр. Қазір осындай үш нысан жұмыс істейді.

Толығырақ 👉 https://dknews.kz/ru/biznes/351510-yandex-qazaqstan-pro-trendy-i-novinki-v-sfere
🤮24😡7👍4👎3😁2
🫨 ЛГБТ басқа амалдарға көшті. USAID вакуумын кім толтырады?

Еуроодақ пен феминистер мен ЛГБТ өкілдері түрлі масштабтағы провокациялар ұйымдастыра бастамақ. Бастысы өздеріне Қазақстанда қысым бар екенін дәлелдеуі тиіс.

"Түрлі жекелей митинг, топтық перформанс, өзін шынжырға байлап тастау, тіпті таныстарына бетін көгертіп ұрғызу сынды былайша айтқандағы "акциялар" жоспарлануда. USAID кеткелі бері феминистер мен ЛГБТ қозғалысы ертеңгі болашағына алаңдай бастады. Бастысы - тез арада жаңа спонсор табу керек", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Алғашқы іс-қимылдар басталып та кетті. Біраз ақпарат құралдарына өзін Назарбаев университетінің студенті ретінде таныстырған Темірлан Баймаш қоғамдық позициясы үшін университет тарапынан қысым көріп жүргенін хабарлады. Ол ЛГБТ құқықтарын қорғаумен айналысатын queer.kz қоғамдық бастамасының жетекшісі болып шықты. Феминистік митингтердің белсенді мүшесі.

Алайда, Назарбаев Университет 2025 жылғы 3 ақпанда ресми мәлімдеме жасап, әкімшілікке қауіп-қатер туралы шағым түспегенін хабарлаған. Ал оқу орнындағы студенттердің сөзінше, Темірлан қазіргі уақытта университеттің белсенді студенті емес, академиялық демалыста болып шықты.

Бұл да өзіне назар аударту акциясы екені анық. Келесі аптада ЛГБТ өкілдері мен феминистер күптеген жерден "қиналып" кетіп, әр түрлі тараптан қысым көре бастаса, оны шетелдік жаңа демеушілердің назарын аударту акциясы деп қабылдаған жөн.

https://t.me/dalainside
👍52👎17🤮11
🇲🇾Малайзияға көшуді ойлап жүрсіз бе?

Әзір Куала-Лүмпірде тұратын танымал продюсер Айсәуле Әбілда сол жақтағы өмірді бастан-аяқ зерттеп, өз тәжірибесімен бөлісетін пайдалы гайд әзірледі!

Қалай көшіп баруға болады?
Виза рәсімдеу жолдары қандай?
Балаңыздың мектебін қалай таңдайсыз?
Оқу орталықтары, жұмыс, қаржы мәселесі қалай шешіледі?
Күнделікті көлік, тамақ, өмір сүру құны қанша?

📱 Бұл гайд сіздің Малайзияға көшуді жоспарлау жолындағы басты көмекшіңіз болмақ! Егер сізге нақты әрі практикалық ақпарат керек болса, осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

Толық ақпарат алу үшін сілтемені басыңыз! ⬇️

https://taplink.cc/oisaule

немесе төмендегі уатсап нөміріне жазуыңызға болады:

https://wa.me/601115551252
👍33💯4👏3
📻✂️ Азаттық: ана жерде қысқару, мына жерде жабылу

Илон Масктың шабуылынан кейін әлемдегі Азаттық радиоларын басқаратын және қаржыландыратын АҚШ-тың USAGM жаһандық медиа агенттігі радиолар желісін оптимизациялау туралы жоспарын дайындай бастады. Ал келесі аптада осы агенттік пен Илон Маск басқаратын тиімділікті арттыру үшін ашылған DOGE департаменті арасында келіссөздер өтпек.

"Орталық-шығыс Еуропадағы, мысалы Румыния, Болгария, Венгрия, Солтүстік Македониядағы Азаттық радиолары толық жабылады. Олар өз миссиясын 20 жыл бұрын орындап тастаған. USAGM басқарушы комиссиясы осындай кулуарлы шешімге келді. Енді протоколмен бекітеді", - дейді, Ақ Үйге жақын DALA INSIDE дереккөзі.


Қалған радиолар бойынша А және Б сценарийлері дайындалды.

"А" сценарийінде Орталық-шығыс Еуропа жабылады, ал қалған елдердегі редакцияларда 50 пайыз қысқарту болады. Орталық аппаратта 40% пайыз қысқарту жүреді. Жылына 1 миллиард доллардан шамамен жартысы үнемделуі тиіс.

"Б" сценарийінде Иран мен Ресейден басқа барлық тәуелсіз мемлекеттердегі Азаттық редакцияларын жабу көзделген. Олар Молдова, Румыния, Болгария, Венгрия, Солтүстік Македония, Косово, Босния Герцоговина, Украина, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Армения, Әзірбайжан, Грузия. Жабардың алдында елшіліктер арқылы осы ел үкіметтеріне "сендерге Азаттық радиосы керек пе?" деген сұрақ қойылатын болады. "Керек емес" деген елдердегі редакция жабылмақ. Сонда Азаттық радиолары Ресей мен Иранға қысым рычагы ретінде, және Кавказ, Қырым, Татарстан, Сібір сынды бодан аймақтарда жұмысын жалғастыруы тиіс. Орталық аппарат 70 пайызға қысқарады. Бұл жылына бөлінетін 1 миллиард доллардың 700 миллионын үнемдемек.

Келесі аптада жабық келіссөздер мемлекеттік хатшы Марко Рубио, Конгрес өкілдері, DOGE және USAGM арасында өтетін болады.

DOGE басшысы Илон Маск кеше «Азаттық» пен «Америка дауысы» радиоларын жабуға шақырып, ол туралы өзінің Х әлеуметтік желісінде жазған болатын. Маск оларды «радикалды солшыл есалаңдар» деп атап, салық төлеушілердің қаражатын ысырап етіп келеді деп айыптады.

«Олар өзімен-өздері сөйлесіп отырған, американдық салық төлеушілердің ақшасынан жылына 1 миллиард доллар жағып отырған радикалды солшыл ессіздер ғана. Жабу керек. Оларды енді ешкім тыңдамайды», - деп жазылған Илон Масктың постында.
Әлем бойынша Азаттық радиосының редакциялары Илон Масктың бұл мәлімдемесіне реакция бермеді. Ал қазақ редакциясының жалпы Илон Маск пен оның идеялары мен қадамдары туралы жазуға құлықсыздығы байқалады.

https://t.me/dalainside
👍45👎7👏3💯3🔥2
🛢️ Шеврон Қазақстанмен келіссөзге тыңғылықты дайындала бастады

Мұнай-газ секторында кезінде жасалып кеткен контракттарды қайта қарау және оны Қазақстан үшін әділ шешу бойынша Мемлекет басшысы өз пікірін білдірген болатын. Біз үшін бітуге жақын қалғаны - Теңіз кеніші бойынша Шеврон корпорациясымен жасалған келісім-шарт. Ол 2033 жылы бітеді. Ал шарт бітуге 5 жыл қалғанда оны ұзарту бойынша барлық сұрақтар шешілуі тиіс.

Әңгіме Теңізшевройлдағы Қазақстан үлесі туралы болатынын Chevron біліп отыр. Қазір ТШО-да Шеврон 50%, ExxonMobil - 25%, Қазақстан - 20% және Лукойл 5% үлеске ие. Қазақстан 2033 жылы ExxonMobil-дан кем түспей өз үлесін тағы 5 пайызға көтеріп, 25% қылғысы келеді. Тек ол кімнің үлесі есебінен жүруі керек?

"Негізі Қазақстан Шевронға "сендер жұмыс істей бересіңдер, уайымдамаңдар" деген месседж берген болатын. Бірақ ол үшін Шеврон да өз тарапынан белгілі бір жеңілдіктерге баруы тиіс. Осы сигнал екі жыл бұрын айтылды. Басында Шеврон өзі емес, ЭксонМобилді танктің астына итергісі келді. Бірақ Эксон оған көнбеді", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Chevron таяуда жаңа қаржылық стратегиясын қабылдаған болатын. Оған сай корпорация Қазақстан, АҚШ және Мексика шығанағында мұнай өндіруді кеңейту арқылы өзінің еркін ақша көлемін (FCF) 6–8 млрд долларға арттыруды жоспарлап отыр. Және кемінде 4-5 миллиард долларға шығындарды қысқартпақ. Осы қысқарту оның пайда әкелмей жатқан активтеріне қатысты жүретін болады.

2033 жылы контрактты жаңарту үшін Шеврон Қазақстанға не ұсынады? 2026-2028 жылдар аралығы осы мәселені шешу кезеңі болмақ. Қазір Шеврон өз ішінде басқарма және акционерлерімен Қазақстанмен арадағы келіссөздердің сценарийі мен модельдерін болжауда.

"Шеврон ТШО-да өз үлесін қысқартатын болса, қалған акционерлердің де дәл осылай істеуін талап етуі ғажап емес. Мысалы, ЭксонМобил 1,5 пайыз, Лукойл 0,5 пайыз акцияларын Қазақстанға берсін, ал біз қалған 3 пайыз акцияларды береміз деген шарт қоюы мүмкін. Себебі, тіпті ТШО ішінде де Шеврон мен ЭксонМобил бәсекелестігі байқалады. ТШО Шевронның басты активі. Сондықтан корпорация үшін өз үлесінің 45 пайызға қысқарып, ал ЭксонМобил үлесі сол қалпы қалғаны психологиялық жағынан ауыр", - дейді дереккөз.


ТШО басшысы Кевин Лайон арада СРП болмағандықтан, Шеврон мен қазақ халқы арасындағы контракт әділ жасалған деген пікірде. ТШО бойынша өнімді бөлу туралы келісім жоқ. 1993 жылы жасалған 40 жылдық "ғасыр контракты" роялти мен салықтар механизмі бойынша әзірленген. Ал Қазақстан тарапы не болса да өз үлесін арттыруға ниетті. Себебі Ұлттық қорды толтыру қиындап барады.

https://t.me/dalainside
👍62😁5🔥1
🫵 Ким болсаң да адам өлмесін. Осы аптада Қазақмыс қожайыны қатаң әңгімеге шақырылмақ

Сол жағалау «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Жомарт» шахтасында 7 адамның қаза тапқанын өте ауыр қабылдады. Себебі, бұл елімізге үлкен трагедия алып келген Лакшми Митталды қайтадан еске түсіріп отыр. Қазақмыстың негізгі акционері, 70 пайыз үлесін иеленіп отырған олигарх Владимир Киммен өте жоғары деңгейде кездесу өткізу жоспарланған. Олигарх шахталардағы қауіпсіздікті күшейтуге қомақты инвестиция салмаса, оның Қазақстанда жұмыс істеуіне қатысты сұрақтар қойылатын болады.

«Вице-премьер Қанат Бозымбаевқа барлық карт-бланш берілді. Ол Қазақстан Үкіметінің атынан сөйлейтін болады. Қазақмыс акционерлері Владимир Ким мен Эдуард Огайдың апатты тергеу кезінде алыс шетелде емес, жақын маңда жүруі талап етілді. Үкімет шахта басшысы сияқты орта деңгейлі менеджерлермен емес, аталған екі акционер мен корпорацияның басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев деңгейінде сөйлесетін болады», - дейді DALA INSIDE дереккөзі.


Дереккөз Владимир Кимге заманның өзгергенін, бұрынғыдай мәселені ақша және таныстықпен жауып жүре алмайтынын қатаң ұғындырып қою бойынша шешім қабылданғанын айтады. Бұл, жеті адамның қазасы бойынша ашылған қылмыстық істе қатардағы менеджерлер емес, Қазақмыс басшылығы фигурант болады дегенді білдіреді.

Соңғы 4 жылда Қазақмыс шахталарында 13 адам өлді. 122 адам түрлі жарақат алды. Негізгі апаттардың барлығы Ұлытау облысындағы көне шахталарда орын алуда. Ондағы қауіпсіздік деңгейінің төмендігі, құрал-жабдықтарға инвестиция бөлінбегендігі айқын байқалды. Бұл тура бұрынғы «АрселорМиттал Теміртау» кейсіне ұқсайды.

Мұндай мәселені шешуде Қазақстан біршама тәжірибе жинап алды. Миттал кетіп, оның орнына қайта жаңарған «Qarmet» шахталарында апаттың алдын-алу үшін жаңа технологиялар қолданылып жатыр. Дегаздандыру құрылғылары талай адам өмірін сақтады. Кезінде Лакшми Миттал мұндай заттарға мүлде ақша бөлмейтін еді.

«Енді адамдар өлетін болса, онда Владимир Ким Лакшми Миттал сияқты елден кетуі мүмкін. «Әділетті Қазақстан» бұдан былай өз азаматтарының өліміне мүлде келіспейді. Кім болса да, қанша салық төлесе де, ең бастысы ел азаматтары аман жүруі тиіс. Осы аптада өкілетті тұлға Кимге аталған позицияны жақсылап түсіндіретін болады», - дейді, дереккөз.


Қазақмыс шахталары мен өндірісі «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің иелігінде. 2023 жылдың қорытындысы бойынша корпорация 110 миллиард теңге таза кіріс алып келді. Былтырғы жылдың алдын-ала есебі бойынша осы жылы акционерлері кемінде 100 миллиард теңгеге қол жеткізе алады.

Қалай болғанда да, Қазақмысқа 80 миллион долларға бизнес-джет алғанша, шахталардағы қарапайым еңбеккерлердің қауіпсіздігіне көңіл бөлуі керек. Мұндай апат тағы қайталанса, корпорация үшін бәрі бір демде өзгеріп кетуі мүмкін.

https://t.me/dalainside
👍118😁8👎2👏2
🛰️ 8 триллион теңге: Қазақстан өндірісті бұрын-соңды болмаған масштабта жаңғыртпақ

Реформа ойдағыдай өтсе, Қазақстанда көп дүние жасалатын болады. Өз тауарымызды тұтына бастағандықтан, болашақта инфляция төмендеуі тиіс.

Үкімет шағын және ірі бизнес, тұрғын үй құрылысы салаларындағы инвестициялық жобаларға 8 триллион теңге бөледі. Ол бюджеттің ақшасы емес. Кепілдік беру механизмі арқылы жекеменшік қаржы институттарында шоғырланған капитал да өндіріске бағытталмақ. Ол кредит пайызы теңгелей 12% шамасында болады. Бұл бизнеске ыңғайлы. Қаражаттың барлығы өңдеу өнеркәсібі салаларына берілмек. Оның ішінде 1,5 триллион теңге тек ауыл шаруашылығындағы жобаларға арналған.

Сонымен қатар, мемлекет IT, логистика, туризм, азық-түлік өндірісі, құрылыс материалдары, машина жасау, жеңіл және химиялық өнеркәсібі салаларындағы инвестицияларға тапсырыс жариялады. Оны алу үшін Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментіне, «Даму» қоры мен «Байтерек» холдингіне хабарласу керек.

Қазақстан көп сын айтылса да, түрлі өндіріс ошақтарын көбейтіп келеді. Халыққа ол көріне бермейді. Себебі қазір көбіне халық тұтынатын тауар емес, басқа өндіріске қажет заттар жасалуда. Өндірістің үшінші циклына жетсек, базар мен дүкендер отандық тұтыну заттарымен толыға бастайды. Ол шамамен 2030 жылдары орын алуы мүмкін.

8 триллион эффектісін қашан көреміз? Оған кемінде 5 жыл қажет. Биылдан бастап енгізілетін салық реформасы отандық өндірушіге барлық жағдай жасайтын болады. Кәсіпкерлер де барынша өндіріске бұрылуы тиіс.

https://t.me/dalainside
👍83😁35👏3
«Болмаған балалық шақ» 27 ақпанда үлкен экранға жол тартпақ

ҚР «Дарын» жастар сыйлығының иегері Ақберен Елгезектің кейінгі жылдары бестселлерге айналған туындысы «Болмаған балалық шақ» шығармасының желісі бойынша түсірілген драмалық фильм.
Шынайы оқиғаға негізделген бұл туынды балалық шағынан ауыр тағдырдың сынағына түскен кейіпкердің өмірін суреттейді. Басты кейіпкер қиындықтар мен әділетсіздікке қарамастан, өз жолын табуға және адамдық қасиеттерін сақтауға тырысады.

Фильмде «Болмаған балалық шақ» шығармасындағы оқиғаларға негізделген сюжеттер көрініс тапқан. Оқиғаның шынайылығы мен кейіпкерлердің терең психологиялық бейнесі көрерменге үлкен әсер сыйлайды.

Фильмнің бас продюсері автордың өзі – Ақберен Елгезек, режиссері – Айдын Сахаман, сценарийін жазған – Ефрат Шәріпов. Кинотуынды 27 ақпаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды. Фильмдегі басты рөлдерді Ерлан Біләл, Берік Айтжанов, Әшім Ахметов пен жас актер Шәкәрім Алмасбек ойнады.
👍106🔥2😁2
🇺🇲🫨🇰🇿 «Елші жоқ. Рубио хабарсыз». Қазақстандағы АҚШ елшілігі не істерін білмей отыр

Биыл Дональд Трамптың инаугурациясы болған 20 қаңтар күні Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм қарсылық ретінде зейнетке шығып, жұмыстан кетіп қалған болатын. Ол 28 жыл бойы дипломат болды. Қазақстанда елші ретінде 2022 жылдың қараша айынан бері қызмет етті.

«Трамп келгелі Астанадағы елшілікте бардак болып жатыр. Жаңадан елші тағайындалған жоқ. Елшіліктегі штатты 10 пайызға қысқарту бойынша тапсырманы орындау керек. Уақытша сенімді өкіл Дебора Робинсонның адамдарды қысқартуға өкілеттілігі бар ма, жоқ па белгісіз. Ол әлі бұл жердегі жағдайды дұрыс білмейді. Жұмыс бір паузада тұрған сияқты. Қызметкерлер де өзін жайсыз сезініп жүр», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың кеңсесінен Қазақстандағы АҚШ елшілігіне ешқандай директива келмеген. Оптимизацияға қатысты техникалық тапсырмалардан басқа, кездесу ұйымдастыру, саяси диалогқа қатысты ешбір бағыт берілмеді. Жаңа елшінің кім болатыны белгісіз.

«Елшілік тіпті осы күзге дейін елшісіз отырса таң қалмаймын», - дейді, дереккөз.


Де-юре елшілікті қазір Қазақстандағы АҚШ миссиясы Уақытша Іс бойынша сенімді өкілді Дебора Робинсон басқарады. Осы қызметке дейін ол Вашингтондағы әскери-саяси мәселелер бюросының Сыртқы саясат жөніндегі кеңесшілер (POLAD) бағдарламасының директоры болды. Астанаға Ташкенттен ауысып келген Дебора әзірге жұмыстың ішкі кухнясына толық кірісіп кете алмады. Дәл осы кезде президент ауысып, АҚШ-тың сыртқы саясаты мен жалпы бағыты үлкен трансформацияға ұшырай бастады. Бұл да Дебораға ауыр тиіп жатқаны түсінікті.

Елші болсақ жоқ. Не істеу керектігін ешкім түсіндіріп те айтпайды. Мұндай жағдай Қазақстандағы АҚШ елшілігінде соңғы 20 жылда болмаған.

https://t.me/dalainside
👍51👎6😱6
🚕 Қазақстанда таксидің өзін-өзі реттеуі және Автомобиль көлігімен тасымалдаушылар палатасының пайда болуы қандай қауіп төндіреді?

Қазақстанда такси нарығын өзгерте алатын заң жобасы қарастырылды. Жаңа заң шеңберінде мүшелік міндетті болатын Автомобиль көлігімен тасымалдаушылар палаталарын құру ұсынылды. Бұл Палаталар тарифтерді белгілеу және жарналар алу құқығына ие болар еді. Өз кезегінде ҚР Көлік министрлігінде оны пилоттық жобадан бастау ұсынылды. Айтпақшы, заң жобасы бірінші оқылымнан кейін көлік министрлігіне қайтарылды.

«Сыбайлас жемқорлықты тергеу бюросы қоры (СЖТБҚ)» телеграм арнасында хабарланғандай, сарапшылар автокөлікпен тасымалдаушылар нарығында өзін өзі реттейтін ұйымның пайда болуы бағаның айтарлықтай өсуіне және саладағы қызметтер сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін деп ескертеді. Нарыққа қатысушылар өз кезегінде ешқандай өзгеріс қажет емес деп санайды, өйткені қазіргі жүйе онсыз да жақсы жұмыс істейді.

Нарық үшін құрудың үлкен тәуекелдері және бағаның сөзсіз өсуі

СЖТБҚ заң жобасы такси мен қоғамдық көлікті негізсіз бір санатқа біріктіретінін, осылайша айқын мүдделер қақтығысын тудыратынын атап өтті. Бұдан басқа автобуспен тасымалдаушыларға берілетін субсидиялар тиімділігі төмен бизнестің табысты бизнесті паразиттей бастауына әкелуі мүмкін, бұл нарықтық экономикаға қайшы келіп, тарифтердің өсуіне әкеледі.

Сонымен қатар, заң жобасы нарық қатысушыларына агрегаторлардың әртүрлі бизнес-модельдерін ескермей, нарықтың басқа қатысушыларына қатысты оларға тән емес бақылау функцияларын жүктейді. Егер InDrive комиссияны алдын-ала алса және қалааралық тасымалдау сегментінде алда болса, ал Яндекс пен Апару сервистерінің өз жұмыстарына көзқарастары басқа.

Сонымен бірге СЖТБҚ барлық агрегаторлардың тасымалдаушылар емес, IT-компаниялар болып табылатынын атап өтті.

Палаталар алатын тасымалдау тарифтерін белгілеу құқығы ҚР Кәсіпкерлік кодексіне мүлдем қайшы келеді. Баға келісімінің қаупі де жоққа шығарылмайды, өйткені Палаталарға тарифтерді белгілеу құқығын беру монополияға қарсы заңнаманы да бұзуы мүмкін.

Сонымен қатар, таксопарктер үшін 1,2 млн теңгеден бастап 9,4 млн теңгеге дейін, ал агрегаторлар үшін 14,1 млн теңгеден бастап 33 млн теңгеге дейін құрайтын міндетті мүшелік жарналар сөзсіз қызметтердің қымбаттауына алып келеді.

Өзін өзі реттейтін ұйымға нарыққа кіру критерийлерін белгілеу құқығын беру басшылықпен келіспейтін қатысушыларды заңды бизнестен тыс қалдыратын теріс пайдаланушылыққа әкеліп соқтыруы мүмкін.

СЖТБҚ сарапшылар мен талдаушылар өзін-өзі реттейтін Автомобиль көлігімен тасымалдаушылар палатасын құру монополиялауға, сондай-ақ тасымалдаушылар мен жүргізушілердің нарықтан жаппай кетуіне әкелуі мүмкін деп санайды.

https://t.me/dalainside
👍17🤮8😱6
🏗️ Екеуіне 16 миллиард: BI Group пен BAZIS-A ауыр келіссөздерге дайындала бастады

Премьер-Министр Олжас Бектенов өткізген жиналыстан кейін, Қаржы министрлігі салықты толық төлемеген компанияларға салықтық берешек туралы ескертулер жіберді.

"BI Group қарызы 12 миллиард теңгеге жуық. BAZIS-те одан үш есе аз. BI Group келесі аптадан бастап әр миллиард теңге үшін соңына дейін дауласып, салық берешегін максималды мүмкін көлемге дейін түсіріп көрмек. Ал BAZIS келісіп отырған сияқты", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Бұл салық берешегі 2022-2023 жылдар бойынша талдау аясында пайда болды. Демек бұдан бөлек, кейін BI Group пен BAZIS-A 2024-2025 жылдар үшін де жауап беретін болады. Онда да алшақтықтар пайда болып, қосымша салық төлейді деп күтілуде.

BI Group беделін қорғау мақсатында әдеттегідей мәлімдеме жасап, барлық ақпарат құралдарына таратты.

"Компания соңғы 10 жылда жыл саи‌ын KPMG және Ernst & Young тәуелсіз халықаралық аудиторлық компанияларының қаржылық есептілік аудитінен өтеді. Біз күмән тудырған компаниялар қатарына BI Group-ты неліктен қосқанын түсінбедік және компания жұмысының ашықтығы мен адалдығын дәлелдеи‌тін барлық қажетті ақпаратты ұсына отырып, ашық диалогқа даи‌ын екенімізді растаи‌мыз", - делінген онда.


BI Group бухгалтерлері мен заңгерлері демалысқа қарамастан қызу тірлікке кіріскені анық. Ірі құрылыс алпауыттарының акционерлері де тамыр-таныстарын, әкімшілік ресурстарын қосып, жан-жаққа жанталасып телефон шалуда.

"Бектенов құрылыс олигархтары үшін жаңа адам. Онымен қаржы топтары тығыз қарым-қатынас орнатпаған. Ескі Қазақстанда болған крышаларында қазір еш ықпал жоқ. Рахымбаев та, Белович те бастан бақ тайып бара жатқанын түсіне бастады", - дейді, дереккөз.



2026 жылы салық реформасы заң жүзіне еніп, арнайы салық режимдер арқылы салықтан жалтару әдістеріне тиым салынса, BI Group сынды алпауыттардың Қазақстанда болашағына қатер төнбек. Олар да ақырындап шетелдегі жобаларын көбейтіп, Қазақстандағы белсенділіктерін азайтып, болашақта отандық нарықтан кетуі мүмкін.

https://t.me/dalainside
👍61😁5😱5
🏭 Қазақ елінің өндірісі өсіп келеді

Болашақта Қазақстан мұнайға деген тәуелділіктен құтыла бастауы мүмкін. Өндірістегі Іскерлік белсенділік индексі (PMI) өткен кезеңмен салыстырғанда өсім көрсетіп отыр. Бұл туралы Freedom зерттеуінің нәтижесінде жазылған.

Ақпанда жаңа тапсырыстар едәуір ұлғайған екен. Өндіріс көлемі, жұмыспен қамту және сатып алу ай бойы өсіп отырды, ал іскери сенім өткен жылдың маусым айынан бері анағұрлым нығая түсті. Әсіресе еліміздегі автопром өзін жақсы жағынан көрсетіп отыр.


Сөйте тұра, өндірістік шығындар инфляциясы екі жылдық ең жоғарғы мәнге жетті және соған сәйкес кәсіпорындар да дайын өнімдер құнын күрт өсірді. PMI ақпанда 52,1 болып, қаңтардағы
51,5 мәнінен жоғарылады және бұл қазақ өңдеу өнерәсібі саласындағы іскери ахуалдың одан әрі жақсара түскенін көрсетеді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, өндірісте бизнес жүргізу ахуалының жақсаруы 12 ай бойы жалғасып келеді. Жаңа тапсырыстардың ауқымы осымен он үшінші ай бойы өсуде.


Еліміздегі кәсіпорындар сұраныс талаптарының жақсарғанын, жаңа келісім-шарттарға қол қойылғанын және жарнаманың ықпалын атап өтті. Жаңа тапсырыстар санының өсуі ақпан айында өндіріс көлемінің артуына түрткі болды.

Өндіріс көлемі артса, онда жаңа жұмыс орындары пайда болады деген сөз. Шикізат емес, қайта өңдеу секторының дамып, экономикада елеулі рөл ойнай бастағаны көңілге қуаныш ұялатады. Қазір жасалған дайын өнімді сату күшейіп, қоймадағы қордың азаюы тіркелуде. Демек, қоймаларды толтыру үшін өндірістік линиялардың жұмыс режимі күшейе түсетін болады.

Жалпы, бұл салаға инвестициялар қажет. Ұлттық қор болсын, зейнетақы қоры болсын, қолда бар ақшаны тек осы өндіріске бағыттасақ, нақты диверсификация жемісін көре аламыз.

https://t.me/dalainside
👍64😁12😱1🤮1
🤝💵 Статилер инвестор ретінде Қазақстанға қайтып оралуы мүмкін

Оған «Жаңа Қазақстан» қарсы емес. Ұзақ жылға созылған дауға нүкте қойылған соңғы келіссөздерде жазбаша болмаса да, ендігі көзқарасымыз жақсы болады деген ауызша «опцион» берілген болатын. Бірақ бұл жолы олар мұнайгаз секторына емес, сирек кездесетін металдар секторына инвестор атануы ықтимал. Немесе барлау саласына да бара алады.

«Мұндай талқылаулар Статилердің кішісі, Габриель Статидің айналасындағы іскерлік ортада жүріп жатыр. Статилердің қайтып келгені Қазақстан үшін имидждік жеңіс болатыны анық. Және Қазақстан өзінің барлау саласына инвесторларды белсенді түрде шақырып жатқанын бәрі біледі. Сондықтан Статилер әзірге идея ретінде қарастырып, одан кейін Қазақстандағы Энергетика министрлігінен нақты жобаларды сұратуы да ғажап емес», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Статилердің тағдыры Қазақстанмен 1999 жылдан бері байланысты. 1999 жылы Анатол Статиге қарасты «Tristan Oil» компаниясы Қазақстанда «Боранқұл», «Толқын» мен «Табыл» кен орындарын игеруге лицензия алып, «Толқыннефтегаз» бен «Қазполмұнай» фирмаларының иесі атанған болатын. Сол жылы молдован инвесторлары Маңғыстау облысында газ өңдеу зауытын тұрғызып, оны сәтті іске қосып, алғашқы табыс алды. Алайда, Молдова президенті Владимир Ворониннің шағыстыруымен «Ескі Қазақстан» билігі Статидің кен орындарын, зауыты мен активтерін тартып алады. Ары қарай бәріміз білетін, ширек ғасырға созылған даулы сот процесі басталды.

Қазақстан осы сотқа мемлекет қалтасынан шамамен 300 миллион доллар жұмсады. Ал Статимен келісімге келуге елімізге жаны ашыған отандық олигарх қалтасынан 230 миллион доллар төледі деген расталмаған ақпарат бар. Не болса да, Статиге қатысты рейдерлік әрекет инвесторлық беделдің бұзылуы мен жарты миллиард доллардың желге ұшуына алып келді.

«Статилер Қазақстандағы кен орындарын барлауға ешбір проблемасыз кіре алады. Тек Габриельде оған жеткілікті көлемде ақша бар ма? Басты мәселе сол», - дейді, дереккөз.


Оның айтуынша Статилердің басында үлкен қарыздар бар. ASCOM тобы оның кейбірін қайта құрылымдай алса, біршама кредиторлармен ауыр жағдайға тіреліп тұр.

Сондықтан доп Статилер жақта. Келемін десе мархабат. Келмейміз десе өздері біледі.

https://t.me/dalainside
👎31👍11
14 наурыз күні Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталады. Биыл мәні терең Наурыз мерекесі ерекше аталып өтеді.

2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы – Наурызнама онкүндігі, сондай-ақ мерекенің жаңа логотипі бекітілді.

«Наурыз» бірыңғай логотипіндегі үш қызғалдақ – уақыттың үш кезеңін, яғни еліміздің кешегі тарихын, қазіргі дамуын және келешек бағдарын бейнелейді.

Тарихи тұрғыдан, Наурызнама – мыңжылдықтардан бастау алатын халқымыздың мәдени мұрасы.

Қазақ мәдениетінде Наурызды тойлау дәстүрі ешқашан бір күнмен шектелмеген. Егер Наурыз Орталық Азияда, Таяу Шығыста, Кавказда, Балқан елдерінде халықаралық деңгейде аталып өтетін мейрам болса, онда Наурызнама – кемінде 8 күнге созылатын Ұлы даланың халықтық мерекесі. Бұл туралы кезінде Абай Құнанбайұлы, белгілі этнограф-ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жазған.

Осылайша, Наурызнама – жасанды жаңашылдық емес, керісінше, көпкүндік мерекелеу арқылы оның қыр-сырын ашып, дәстүрлі сипатын дамытуға бағытталған.

2024 жылы онкүндік аясында елімізде 800-ден астам іс-шара, соның ішінде көрмелер, фестивальдар, әдеби-музыкалық кештер, қайырымдылық акциялары, мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Бірегей мереке әртүрлі жастағы және әлеуметтік топтағы тұрғындарды ұлттық дәстүр төңірегіне біріктіріп, өзара түсіністік пен құрмет атмосферасын қалыптастырады.

Береке мен бірліктің мерекесі Наурыз – өткен мен бүгіннің, Қазақстанның түрлі мәдениеттері мен дәстүрлерінің арасындағы көпір. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтауында оның маңызын ерекше атап өтті.

«Бабаларымыз ежелгі заманнан бері Ұлыс күнін жыл басы ретінде атап өткен. Қазір Әз Наурыз күллі халыққа ортақ жалпыұлттық мерекеге айналды. Оны ұлтына, дініне қарамастан барша жұртымыз ерекше күтеді, бірге атап өтеді», – деді Президент.

Наурызнаманың әрбір күні қоғам өмірінің жекелеген аспектіне арналған. Бұл мерекенің мағынасы мен мәнін тереңдетуге мүмкіндік береді. Жаңару жеке қарым-қатынастардан бастап қоғамдық құндылықтарға дейінгі барлық салаларды қамтуы тиіс.

«Көрісу – Амал мерекесі» (аман-саулық сұрасып, ағайынмен кездесулер және игі тілектер күні), «Қайырымдылық» (қайырымды істер күні), «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» (ұлттық салт-дәстүр мен мәдениет күні), «Шаңырақ» (отбасы күні), «Ұлттық киім» күні, «Жаңару» күні, «Ұлттық спорт» күні, «Ынтымақ» (бірлік пен ынтымақ күні), «Жыл басы» және «Тазару» күні сияқты тақырыптық күндер қазақстандық мәдениет пен құндылықтардың маңызын айшықтайды.

Наурызнама – ел бірлігін нығайтудың маңызды ішкі факторы ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның сыртқы саясаттағы ұстанымын бекітудің маңызды элементі.

Бай тарихы бар, жаңару мен бірліктің символына айналған Наурызнама Рио-де-Жанейро карнавалына, Жапониядағы сакура гүлдеуі мерекесіне, Үндістандағы Холи фестиваліне, Германиядағы Октоберфестке, Испаниядағы Сан-Фермин немесе Томатина фестивальдеріне ұқсас Қазақстанның негізгі туристік бренді бола алады.

Мерекенің онкүндік форматы фестиваль циклін құруға мүмкіндік береді, онда күн сайын туристерге қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық тағамдарын, ойындарын, музыкасын, қолөнері мен заманауи өнерін таныстыратын жаңа қызықты іс-шаралар ұсынуға болады.

Биыл Наурызнама онкүндігі аясында еліміз бойынша халықтың дәстүрлерін, мәдениеті мен тарихын насихаттауға бағытталған 1,5 мыңнан астам іс-шара өткізу жоспарланған.

Атап айтқанда, Астана қаласында «Қамажай» флешмобы, Ақмола облысында креативті индустрия өкілдері мен қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен «Наурыз – Арбат» жобасы, Көкшетауда мыңнан астам әйел қатысатын «Кимешектер шеруі», Ақтөбеде «Ұлттық киім – ұлт бейнесі» атты ұлттық киімдер шеруі, халықтың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын оятуға бағытталған басқа да көптеген ауқымды іс-шаралар өтеді.
👍67💯6🔥5
🇰🇿🎁 Қазақстан TEMU маркетплейсінің салықтық мониторингін күшейтуді ойластыра бастады

Көршілес Өзбекстан TEMU платформасына толық тиым салғаннан кейін, Астанадағы фискалды билік осы маркетплейстің жұмысын жіті қадағаламақ. Дереккөз сөзінше, қытайлық TEMU қаншалықты толық көлемде әділ салық төлеп отырғаны камералды бақылау арқылы тексерілетін болады.

«TEMU тым агрессивті жарнама жүргізетін болғандықтан, Aliexpress пен Пиндуодо үстемдік етіп келе жатқан нарықтан өз үлесін тез жинап алды. Және көбіне оның тауарлары 200 еуродан аспайтындықтан Еуразиялық Одақтың баж салығына ілінбейді. Бірақ осы TEMU-ге базардағы кәсіпкерлер тарапынан шағымдар көп. Себебі олар сату көлемінен айрылып қаламыз ба деп қорқады. Ал салық реформасын жүргізіп жатқан Үкімет үшін олардың кәсібін дөңгелетіп, салығын төлегені маңызды»,- дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Қазақстандағы салық реестрінде Temu, Pinduoduo және Alibaba сияқты 101 шетелдік онлайн-сауда платформасы тіркелген. Тіркелген уақытынан бері осы шетелдік платформалар бюджетке 75 миллиард теңге көлемінде қосымша құн салығын төледі. TEMU бұл тізімге 2024 жылы ілінген болатын. Былтыр платформаның қанша салық төлегені туралы әлі ақпарат жоқ.

«Онлайн сауда платформалары бюджетке жылына 6-7 миллиард теңге алып келеді. Ең көп салық төлейтіні биологиялық қосындылар мен витаминдер сататын IHerb платформасы. Одан кейін Meta, Google корпорациялары жүреді. TEMU менің ойымша ірі салық төлеушілер қатарына бәрібір кіре алмайды. Ол Тик-Токқа жақын жерде, тізімнің орта тұсында болады», - дейді, дереккөз.

Қазақстан мен Өзбекстанның салық-кедендік саясатында үлкен айырмашылықтар бар. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың ережесі аясында жұмыс істейді. Егер жеке тұлға ЕАЭО аумағына Қытайдан немесе басқа елден тауарға заказ берсе, ол тауар құны 200 еуродан асса, немесе салмағы 31 келіден артық болса, тауар құнының 15%-ы мөлшерінде кедендік баж төлеуге міндетті.

Жалпы камералды бақылау тек шетелдік платформалар емес, түрлі режимдерді қолданатын еліміздегі ірі құрылыс компанияларына да күшейтілді. Биыл салық жоспары артығымен орындалады деп күтілуде.

Алайда, басты мәселе жиналған қаржының тиімді жұмсалуында болуы тиіс.

https://t.me/dalainside
👍33😁6😱1💯1
☠️ Баш на баш: Жириновский ескерткішін Кенесары мылтығына айырбастау идеясы ойластырыла бастады

Егер Ресей Қазақстанға Кенесарының мылтығын қайтаратын болса, Жириновский ескерткішін Алматыдағы өзі оқыған мектеп маңына, не тұрған үйіне тақта ретінде қоюға болар еді. «Кеше біршама қоғам белсендісі бас қосқан шағын бейресми отырыста осындай идея талқыланды», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

«Кенесары мылтығының құндылығы, әсіресе ұлттық рухқа берер аурасы өте жоғары. Ресей оны осы уақытқа дейін қайтармай келді. Жириновский ескерткішін алға тартып, амалын тауып мылтықты қайтарсақ, жаман болмас еді», - дейді, дереккөз.


Неге бас емес, мылтық?

Қазақтың соңғы ханы Кенесарының бас сүйегі нақты қайда жатқанын ешкім білмейді. Ресей 1994 жылдан бері Қазақстан тарапынан бірнеше мәрте жіберілген барлық мемлекетаралық ресми сауалдарға «бізде мұндай бас сүйек жоқ» деген ресми жауап беріп келді. Протокол бойынша біз ресми жоқ нәрсені сұрай алмаймыз.

Ал жалпы оның қайда жатқаны туралы дәлелденбеген қауесеттер көп. Оның ішінде темекі күлсалғышы ретінде Кунсткамера немесе Эрмитажда сақтаулы тұр, Омбы мұражайындағы арнайы қоймада жатыр деген нұсқалар жиі кездеседі. Өкінішке орай, нұсқалардың бір де бірін растайтын құжат та, нақты дерек те жоқ.

Кенесарының мылтығы бойынша әңгіме басқа. 2014 жылы Қазақстан Үкіметі ханның бас сүйегін іздестіруге арналған арнайы жобаны қолға алып, жобаға тарихшы, профессор Хангелді Әбжанов жетекшілік етті. Бірақ бас сүйек табылмады. Тек жоба аясында Омбыдағы тарихи-өлкетану мұражайының арнайы қорында Кенесарының мылтығы сақталып тұрғаны анықталды. Бірақ сол кезде экспедиция мылтықты елге қайтара алмаған еді.

Енді Жириновский факторын пайдаланып, мылтықты саудалап алсақ деген ойлардың туатыны заңды. Мұражайдың мүлкін, тарихи жәдігерлерді ел аумағынан шығаруға қатаң тиым салған Ресейдің арнайы заңы бар. Ол заңды бұзуға мұражай директоры түгіл, Омбы губернаторы да бара алмайды. Сондықтан бұл тек Мишустин сынды премьер-министрлер деңгейінде шешілетін мәселе.

Өткен аптада ресейлік біршама ақпарат құралдары марқұм Владимир Жириновскийге ескерткіш орнатылатыны туралы хабар таратты. ЛДПР партиясының көсеміне арналған ескерткіштер 2026 жылы Ресейдің бірнеше қаласында, сондай-ақ саясаткер туған Алматы қаласында ашылуы мүмкін екені айтылған. Бірақ Алматы қаласы мәдениет басқармасы ондай өтініш түспегенін мәлімдеген еді.

https://t.me/dalainside
👎81👍16😁5🤯4👏3
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту: білім, денсаулық сақтау, спорт

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында әлеуметтік нысандардың ауқымды құрылысы туралы мәлімдеді. Биыл 500 мың орынға арналған 200 жаңа мектеп ашылады, ал алдағы үш жылда 1300 білім беру мекемесі жаңғыртылады, оның ішінде 900-і ауылдық жерлерде. Барлық мектептер қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталады.

Сонымен қатар, 188 медициналық мекеменің құрылысы жоспарланған. Келесі жылға дейін 32 орталық аудандық аурухана жаңартылады. Қызылорда мен Маңғыстау облыстарындағы нысандардың құрылысы аяқталады. Президент белгіленген мерзімдердің қатаң сақталуын талап етті.

Спорт сүйер қауым үшін де жақсы жаңалық бар. Биыл Астанада Ұлттық спорт университеті, Түркістанда су есу арнасы, Қызылордада футбол стадионы мен басқа да спорт кешендерінің құрылысы аяқталады. Көкшетауда Қазақстанда теңдесі жоқ бірегей спорт кешенінің құрылысы басталады.

Президент бұл жобалар қайтарылған активтердің есебінен жүзеге асып жатқанын айтты.

https://t.me/dalainside
👍49😁13👏3🔥1
📻 Қазақстандағы Азаттықта бір айға жететін ақша бар. Одан кейін жағдайы белгісіз

Азаттықтың қазақ редакциясы осы наурыз бен сәуір айында бұған дейін келген транш есебінен өмір сүре алады. Бірақ 30 сәуірге дейін жаңа қаржыландыру көзі табылмаса қызметкерлерге жалақы мен кеңсе шығындарын өтеуге қаржы жетпейді. Сәуір айынан бастап Азаттық үшін USAGM грантының транштары тоқтамақ.

"Сәуірде грантсыз отырса да сол айдың жалақысын төлеуге күш жетеді. Жалақыдан бөлек журналистердің іссапары, басқа да техникалық шығындары жеткілікті. Ал мамыр айына запас жоқ. Не қаржы табуы керек, не жабылуға тура келеді", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Азаттыққа көмек өздері күтіп отырған Чехиядан емес, Германиядан келуі мүмкін. Өткен апта Дойче банкке жақын екі конгламерат менеджерлері осы мәселені жабық есік жағдайында идея ретінде талқылаған. Биылға шамамен 600 миллион еуро беріп, Азаттықтың ең автократиялы нүктелерде істеп жатқан редакцияларын аман алып қалу туралы сөз болды.

Тек неміс конгламераттары жыл сайын 600 миллион еуро беріп отыруға дайын емес. Мәселе радионы биыл құтқарып қалу туралы болып отыр. Ал одан кейінгі тірлікті бизнес емес, Еуроодақ комиссиясы шешуі тиіс.

"Азаттықтың қазақ редакциясында қатты паника жоқ. Қызметкерлері мәселені іштей қабылдаған сияқты. Жұмысты тоқтатуға психологиялық тұрғыдан дайын", - дейді дереккөз.


АҚШ президенті Дональд Трамптың АҚШ-тың Жаһандық медиа агенттігін (USAGM) қысқарту туралы бұйрығынан кейін «Америка дауысы» және «Азаттық радиосы» жабылу қаупіне тап болып отыр. USAGM жұмысына Тиімділікті арттыру департаментін басқаратын миллиардер Илон Масктің әуел бастан бері жұлдызы қарсы еді. Маск бұл агенттікті баяғыда біткен қырғи-қабақ соғыстың сарқыншығы деп есептейді.

https://t.me/dalainside
👍25😢11🔥8🤝1