😋 «AMANAT» пен «ADAL» партиясы қосылады
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов бүгін өзінің Фейсбкутағы парақшасында ҚР Президенті, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 26 сәуірде «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII Съезді шақыру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.
– Бүгін «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII Съезді шақыру туралы шешім қабылдады.
Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады.
Съезд барысында «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда, – деді «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында.
https://t.me/dalainside

👍1
Forwarded from Вангог из Казахстана
⚡️⚡️Белгілі саясаттанушы Ербол Еділовтың хабарлауынша, жақын арада BI Group холдингінің басшысы Айдын Рахымбаевқа қатысты сұрақтар туындауы мүмкін. Ол пандемия кезінде инфекциялық ауруханаларды қымбат бағаға салған.
@halyq_kz
@halyq_kz
Forwarded from BAQ.kz
Үкіметте дағдарысқа қарсы қосымша шаралар қаралды.
Қысқаша:
▫️мемлекеттік сатып алу аясынд форс-мажорлық жағдайларға тап болған компанияларды Жосықсыз жеткізушілер тізіліміне енгізбеу тетіктерін пысықтау ұсынылады.
▫️ Ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау үшін сақтандыру сыйақыларын мемлекеттік субсидиялау көлемін ұлғайту ұсынылады.
▫️Елімізде шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингін кеңейту туралы ұсыныс қолдау тапты.
ҚР Премьер-Министрі ұсыныстарды қолдап, оларды жүзеге асыру мәселелерін пысықтауды тапсырды.
@baq_kz

👍2
Forwarded from MEN
– Ел аузында сіздің Дариға Нұрсұлтанқызымен байланысыңыз туралы көп айтылады. Бұған не дейсіз?
– Кезінде өте жақсы араласқанмын. Ол құрған «АСАР» партиясының құрамында да болғанмын. Мен ол уақытта отыздағы жас баламын. Ол кезде мен реформаладың болатынына сендім, үміттендім.
Сіздерге бір қызық оқиғаны баяндайын. Осыдан оншақты жыл бұрын «СКАТ» әуекомпаниясының Көкшетау-Алматы бағытындағы ұшағында апат болып, жерге құлады. Сол күні мен өз кабинетімде жұмыс істеп отырғанмын.
Бір уақытта Дариға Нұрсылтанқызы қоңырау шалып: «Арман, сен амансың ба?», – деп сұрады. «Аманмын», – дедім.
Менің көкшетаулық екенім есіне түсіп, ол кісі мені сол ұшақта болды деп ойлапты. Дариға Нұрсылтанқызының адами қасиеттері өте көп, оны жоққа шығаруға болмайды.
Осы күзде «КТК» арнасынан кеткеніме 8 жыл болады. Сол уақыттан бері ол кісімен араласқан емеспін
(Арман Шораевтың Nege.kz тілшісіне берген сұхбатынан үзінді)

👍10🤮2
Forwarded from kaz.exk.kz
"Аппақ келін" веб-сериалындағы актриса қазақ жігітіне тұрмысқа шығуға дайын
Экспресс К тілшісіне берген сұхбатында 27 жастағы актриса екінші рет тұрмысқа шыққысы келетінін айтты. Фатима осыдан бірнеше жыл бұрын бірінші күйеуімен дәм-тұзы жараспай ажырасып кеткен. Актрисаның сол некеден Эмине есімді қызы бар. Бүгінде оның жасы небәрі алтыда.

🙀 Тиктоктан токарьға дейін
Ресейдің Технониколь компаниясы жұмыссыз орыс блогерлерін зауытқа жұмысқа орналастыру үшін қайта даярлау бағдарламасының басталғанын хабарлады. Олар токарь, фрезеровщик мамандықтарын оқып, зауыттағы станоктарда жұмыс істемек.
Ресей үшін әлеуметтік желілер бір сәтте жабылып, блогерлері миллиондаған аудитория мен табысын жоғалтты. Оларда нақты қанша блогер бар екені туралы ресми статистика жоқ. Бірақ Форбс шамалауынша кем дегенде 8 мың адам осы салада жүрген.
Блогерлер шамамен 80 миллион доллар табыстан айрылды деген есеп бар. Ең басты соққы - шетелдік брендтердің Ресейден кетуі. Блогерлерге негізінен жарнамаға заказ беретіндер де солар болатын. McDonalds, Lays, Pepsi негізгі бюджеттерін блогерлерге бұра бастаған еді.

👍5
Forwarded from Kozachkov offside
Сегодня горячий день. Первая из новостей -ночью водворен в изолятор временного содержания депутат Маслихата Алматы Кайрат Кудайберген. Его обвиняют в организации и участии в массовых беспорядках (части 1 и 2 статьи 272 Уголовного кодекса). Коллеги, не забываем ссылаться. @kozachkow
👍8
⚡ Қайрат Құдайберген не бүлдірді?
Оған алдын-ала ҚР Қылмыстық Кодексінің 272 бабы, 1,2 тармақтары бойынша айып тағылды. Кодекске көз шалсақ:
272-бап. Жаппай тәртiпсiздiк
1. Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру – төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жаппай тәртiпсiздiкке қатысу – үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қайрат Құдайбергеннің "Қаңтар оқиғасында" белсенді жұмыс істегені туралы ақпарат бұған дейін де ашық айтыла бастаған еді. Оның "Дикий Арманмен" жақындығы, ұйымдасқан қылмыстық топпен астыртын байланысы, Қайрат Сатыбалдының біраз тапсырмаларын орындағаны тергеу барысында анықталуы мүмкін. Қанша жылға бас бостандығынан айрылатынын сот шешетін болады.
Ол өз имиджін қайырымдылық шаралары арқылы жасаған болатын. Жиі БАҚ беттеріне шығып, өзінің діни көзқарасын жасырмаған еді. Өзіне миллионер деген статус таңғысы келсе де, білетіндер оның жарытып кәсіпкерлікпен айналыспағанын айтады. Көп уақыты түрлі блогер, сақалды ахилер, бомонд өкілдерімен фотоға түсіп, соны инстаграмға жариялаумен өткен екен.
Қайрат Құдайберген - осымен ұсталған үшінші белгілі Қайрат. Оның алдында Қайрат Сатыбалды, Қайрат Боранбаевтар тергеу изоляторына кеткен болатын.

👍2🤯2
⚡ Кәрім Мәсімовтың бауырына іздеу салынды
Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы, полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты тергеу процессін бастады.
Тергеу Қылмыстық Кодекстің 366-шы бабы бойынша жүруде. Осы факті бойынша оның заңға қарсы әрекеті сырттай дәлелденіп, тергеу соты оны қамауға санкция берді.
Қазіргі уақытта Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды. Оның тұрған жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары басталды. Ол әлі табылған жоқ. Ағасы Кәрім Мәсімов те абақтыда отыр.

👍2👏1
⚡ Батыс Қазақстан облысы әкімі ауысуы мүмкін
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Оралға ұшып барады. Қазір облысты Ғали Есқалиев басқарып отыр.
Ғали Есқалиев БҚО әкімі креслосына 2019 жылдың жазында тағайындалған болатын. Әкім болмай тұрып, БҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Есқалиев Ғали Нәжмеденұлы 1970 жылы дүниеге келген. Батыс Қазақстан аграрлық университетін "экономика" мамандығы бойынша және Халықаралық бизнес академиясын "менеджмент"мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары "Темірбанк" АҚ Орал филиалының директоры, БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің директоры, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Басқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.
Сондай-ақ, бұрын Жамбыл және Ақтөбе облыстары әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Тағайындалғанға дейін Астана қаласы әкімдігінің қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Әкесі Нәжмеден Есқалиев те үлкен мемлекеттік қайраткер болды.

😥 QNET қазақ халқын ауыр жағдайға жетелеп барады
QNET халықаралық қаржы пирамидасының Қазақстандағы өкілдері құрықтала бастады. Оны Қаржы мониторингі агенттігі жүзеге асыруда.
QNET-тің Қазақстан аумағында тіркеуі жоқ, банктік қызмет пен банктік операцияларды жүргізуге не лицензиясы, не рұқсаты жоқ.
Қазір ұсталған QNET өкілі үй қамауына алынды. Шешімді сот шығаратын болады.
QNET деген не? Компанияның бас кеңсесі Малайзияда орналасқан. Ол желілік маркетинг арқылы адамдардың әртүрлі ювелирлік заттарды сатып алуына негізделген. Қосылу үшін алғашқы жарна 30 долларды құрайды. 2020 жылы 211 қазақстандық компанияның үстінен арыз жазған. Жәбірленушілер 220 адамды құрап отыр. Сол уақыттың өзіне компанияның қазақ халқына келтірген шығына 160 млн теңгеге бағаланып еді.
Қазіргі таңда, сарапшылардың ойынша QNET қазақ халқына 2-3 миллиард теңге шығын әкелуі мүмкін. Оның зардабы Finiko масштабынан да асып түседі деп жоспарлануда.

👍4
Forwarded from kaz.exk.kz
"Ноғаев мырза, тәулігіне екі сағатқа су берші". Ауыл тұрғындары мұңын шақты
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданының орталығы Ералы ауылының тұрғындары ауыз судан тарығып отыр. Жыл сайын көктем-жаз мауысы басталысымен қарапайым халықтың көретін күні осы екен. Ауыл тұрғындары 4 күннен бері аузы суды жақын маңдағы теміржол станциясынан тасып ішіп отыр.

🇰🇿⚡🇷🇺 Тоқаев Путиннің парадына қатыса ма?
Украинаның шығысын кертіп алуды көксейтін Кремль көсемі бұл жолғы шараға кімдерді шақырар екен?
DALA инсайд, кімді шақырарын да шамалап отыр, ал сол шақырған қонағы оңайшылықпен келе қояр ма?
Сүйкімі кеткен парадқа қатысу Батыс санкциясына бастар төте жол.
Путиннің сыйлы қонағы болу Мәскеудің сыбайласы атану, одан бұрын бөгде елге басып кірген Кремль агрессиясын - ақтау.
Бір келсе - Лукашенко келеді. Батька Кремль көсемінің басыбайлы құлына айналғанын қор санамайды.
Мәскеудің өзге одақтастары осы шарадан шет қалғанды тілеп отырғандай.
Әлемжелідегі қазақтілді аудитория Тоқаевтың осы рәсімнің қақ төрінде отырғанын қаламайды.
"Парадқа қатысу президенттің кескін-келбетіне кесірін тигізетін фактор" дейді Facebook-тегі Жаңа Qazaqstan тобының оқырмандары.
Тоқаевтың өзі де Ресеймен алыстан сыйласқанды құп көретін сынды.
Мемлекет басшысының түнеукүнгі мақаласын ( The National Interest) тағы бір шолып шыққан DALA инсайд Мәскеуге қатысты риториканың өзгергенін айтады.
Тоқаев осы мақалада:
1. Қазақстанның Батыс пен АҚШ-тан қол үзбесіне акцент береді.
2. Ресей мен Украинаның соғысып жатқанын атап көрсетеді.
3. Украинаға тұмсық тыққан Мәскеудің сұғанақ саясатын қолдамайтынын меңзеп өтеді, әрі Путинге берешек емесін шым-шымдап жеткізеді.
"Кремльді жүз жылдық жалғыздық күтіп тұрғаны" (Сурков) рас болса, Жаңа Қазақстан онымен бірге құзға құлауға міндетті емес.
"Күзге салым қазірдің өзінде қан түкіріп отырған Ресейдің жағдайы мүлде нашарлайды", - дейді шетел сарапшылары.
Ақ Орда Кремльдың қас-қабағынан бұрын қазақ тілді аудиторияның көзқарасымен санасуы тиіс.
Қаңтар оқиғасы қазақтардың оқиғасы екенін ұмытпағайсыз, Президент мырза.

👍17