DALA INSIDE
15.1K subscribers
371 photos
118 videos
1 file
960 links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🥚 Қазақстан "жұмыртқа кризисіне" дайындала бастады

Келесі аптада Үкімет осыған қатысты жабық кеңес өткізуді ойластырып отыр дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Елде жұмыртқа 4 ай бойы қымбаттап келеді. Өткен аптада оның қымбаттауы 0,7 пайыз көрсетіп, әдеттегі баға өсуі нормасынан екі есе асып кетті.

Бұл Ресейдегі жұмыртқа тапшылығының салдары болуы мүмкін. Ресейде қазір жұмыртқа дағдарысы белең алып отыр. Баға қымбаттағандықтан, отандық құс фабрикаларына жұмыртқаны Ресейге экспорттау өте тиімді бола бастады.

Ресей Премьері Михаил Мишустин үшін жетпей жатқан жұмыртқаны Қазақстаннан алдыру оңтайлы вариант болып отырғаны жасырын емес. Бұл ретте қазақтың Әлиханы қиналып қалуы мүмкін. Премьер Смайылов өткен желтоқсанда жылдық инфляция деңгейін 9,3 пайызға түсіріп, президент алдындағы уәдесін толық орындаған болатын. Ол үшін 2024 жылдың басында инфляцияны 9-9,5% коридорында ұстап отыру өте маңызды.

Жұмыртқа инфляция себетіндегі негізгі тауардың бірі. Ол күрт қымбаттаса инфляция деңгейі дереу өсе бастайды.

Қазір елімізде 69 құс фабрикасы бар. Оның 34-і жұмыртқамен айналысады. 2022 жылы Қазақстан 5 миллиард дана тауық жұмыртқасын өндірген болатын. 2023 жылы да шамамен осы көлемді сақтап қалды. Елдегі жұмыртқа ішкі тұтынуды жабуға әрең жетеді. Артық жұмыртқа экспортына біздің фабрикалардың қауқары жоқ.

Қазақтың Әлиханы отандық жұмыртқа нарығын барынша қорғайтын болады. Министрлер кабинетінің басты мақсаты - оның тапшылығын болдырмай, бағаны төмен деңгейде сақтап қалу.

DALA INSIDE жұмыртқа соғысының бел ортасында болады. Бізге жазылып қойыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Төңкерістің түп иесі: Назарбаевты темір тор күтіп тұр ма?..

Ескі Қазақстанның өкілдері Мағауиннің сұхбатын естіген де, елеген де жоқ.

Есесіне, Тоқаевтың "Егеменге" шыққан етектей мақаласы ескі гвардияның тарапынан мұқият синтезделіп, терең анализ жасалуда.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Назарбаев кланы "сұхбаттың салдары қандай болады?" деген сауалдың төңірегінде ойланып толғануда.

Дүйім елді дүрліктірген мақалада Тоқаев Қаңтар оқиғасының тасасында Назарбаевтың жақтастары тұрғанын мойындаған.

Осынау трагедияға триггер болған саяси шешімді кімдер қабылдағанын (Шәріпбаев & Құлыбаев) тұспалдап өткен.

Бекетаев, Байбек, Мәсімов сынды экс-президенттің шабармандары Ақорда мен Кітапханаға алма-кезек кіріп, сөз тасығанын, мұның соңы мемлекеттің шаңырағын шайқалта жаздағанын жасырмай айтқан.

Бұдан туатын логикалық сауал: өзі босатқан орынды өзі тартып алмақ болған әрі мемтөңкеріс жасауға талпынған Назарбаев жауапқа тартылуы мүмкін бе?

Экс-президенттің ет жақындары мен сенімді серіктері түнеукүнгі сұхбаттың перспективасынан, яғни, ұзақ мерзімді қауіп-қатерінен сескенуде.

DALA INSIDE-қа мәлім болғандай желтоқсанның қақ ортасында кенеттен 🇷🇺 Мәскеуге жол жүрген Назарбаев Кремль көсеміне Сатыбалды мен Самат Әбіштің мәселесінен бөлек, "Қаңтар оқиғасы қайталанар болса, Тоқаевқа ара түспеу..." туралы бұйымтайын жеткізген. Пүтін бұл ұсынысты қабыл алды ма, жоқ па ол жағы жұмбақ 💬

DALA INSIDE Назарбаевтан кейін араға апта салып Петерборға аттанған Кемелұлының жүзі жүдеу, көңілі әлденеге алаң екенін аңдаған еді. Сол жолғы жиында Пүтіннен аулақ жүруге тырысқанын да Назарбаев сапарының табымен байланыстырған едік.

Қалай болған күнде ескі Қазақстан есе жібергісі жоқ. Назарбаев жақтастары "Егеменге" шыққан мақалаға жауап дайындап жатыр. Ескі гвардия Қаңтар 2.0 қайталанғанын қалайды.

Ал Жаңа Қазақстанның қолындағы жалғыз көзір - Мәсімовтың саяси эффектісі әлсірей бастады. Халық бәрінің артында тұрған "басты кейіпкерді" сұқ саусағымен көрсетуде.

Әбішұлы? Экс-президент әлі талай дүниені былықтырады. Арнамызды аңдып отырыңыз👇

https://t.me/dalainside
💸 Forbes манипуляциясы. Сатыбалды Байтасовтың духын "сындырды" ма?

Қайрат Сатыбалды қайтарған ақша миллион адам тұратын Шымкенттің бір жылдық бюджетінен асып кетті. Антикор "Қайрат Сатыбалдының 650 миллиард теңгеге бағаланатын активтері қайтарылды" деп мәлімдеген. Қазіргі бағаммен бұл 1,4 миллиард доллар.

Бірақ осыншама байлығы бар Қайрат Сатыбалды неге Форбстың байлар тізімінде болған жоқ? Соңғы рет Сатыбалды бұл тізімде 2018 жылы көрінді және сол кезде оның дәулеті 163 миллион долларға ғана бағаланды.

"Қайрат Сатыбалды 2018 жылы Forbes иелеріне өте түсінікті ескерту жасады. Сатыбалды ескертуінің немен аяқталатынын "Сауат Мыңбаев трагедиясынан" бәріміз көрдік. Рейтинг жасаушылар Сатыбалдыны ашуландырғысы келмеді. Оның талабы бірден орындалды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Осыдан Форбс тізіміне шынымен дәулетті, бірақ оны жария қылғысы келмейтін азаматтардың ілінбейтінін аңғаруға болады. Сондықтан оны объективті тізім деп қарастырудың қажеті жоқ. Барлық ақпарат жария болғанда, бұл тізімде біз аты-жөнін ешқашан естімеген белгісіз тұлғалар да пайда болар еді.

Сатыбалдыға келсек, қайтарылған 1,4 миллиард доллар оның барлық активтері емес. Кезіндегі үзеңгілес азаматтарға да біраз нәрсе жазылып қойған. Және Сатыбалды жазасын өтеп шыққаннан кейін олар бойынша дивидендтер талап ететіні түсінікті.

Қайрат Сатыбалды ісі аясында Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігі («Қылмыстық жолмен алынған кірістер және заңсыз ақшадан түскен пайданы жылыстату») бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бірақ енді тағы бір бап қозғалып отыр. Ол салықтан жалтарды деген күдікке ілінген.

DALA INSIDE мәліметінше "Жаңа Қазақстан" Қайрат Сатыбалдының сотын биылғы наурыздан қалдырмай бастап кетуге ниетті. Негізгі тергеу жұмыстары аяқталды. Қазір Прокуратура мен Сот арасында ішкі консультациялар жүруде.

DALA INSIDE бір көзі осы процестің ішінде болады. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🌅 Асқар Мамин саяси аренаны біржолата тастады

Қазір ол Ыстамбұлда демалып, Истикләл көшесі мен Таксим алаңында көбірек қыдыратын болған. Босфорға қарап, кешкі уақытын ойланумен өткізеді.

"Жаңа Қазақстан" тарапынан әзірге Асқар Маминге сұрақ жоқ. Сондықтан ол шетелге емін-еркін шыға алады. Ал онымен кезінде қызметтес болған көптеген шенеуіктерге Қазақстан аумағын тастауға бейресми тиым салынған. Яғни, шекарадан өткізбейді.

DALA INSIDE Асқар Ұзақбайұлын ұмытпайды. Бізге жазылып алыңыздар.

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛬 Чартер арзан болады: ҚазМұнайГаз 1,6 миллиард теңгенің тендерін түсіндіргісі келді

«ҚазМұнайГаз» АҚ чартерлік рейстерді ұйымдастыру бойынша 1,6 миллиард теңгеге жариялаған конкурсына түсініктеме берді.

Біріншіден, ол 2024-2028 жылдарға, яғни 5 жылға жоспарланған. Тек рейс ұшса ғана ақысы төленіп отырады. Мұнай алпауыты әдеттегі іссапарларына кәдімгі әуе рейсін қолданып жүр. Чартер тек төтенше жағдай туып қалса сұратылады.

Мысалы, 2022 жылдың көктемінде КТК құбырында қазақ мұнайын тасуда проблемалар болғанда ҚазМұнайГаз делегациясы шұғыл түрде Новороссийскіге ұшып кетті. Себебі ол жаққа тікелей рейс жоқ, үш рет ұшақ ауыстыру керек. Немесе жыл сайын жазда тұрақты әуе билеттеріне сұраныс артып, баға шарықтағанда, ҚазМұнайГаз экологиялық жағдайы нашар батыс өңіріндегі жүздеген мұнайшының балаларын лагерге демалуға апарады. Мұндай жағдайда чартерлік рейс қарапайым рейске қарағанда арзан түседі.

Сол 1,6 миллиард теңге бес жылда тіпті игерілмей қалуы мүмкін дейді, ұлттық компания. Аз ұшса, аз төлейді. DALA INSIDE енді ҚМГ рейстерін бақылап отырмақ. Бізге жазылыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM