DALA INSIDE
15.3K subscribers
373 photos
121 videos
1 file
980 links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Тоқаев: "Миттал? Ең жауапсыз инвесторға кез болдық..."

"Болар іс болды, апат орын алды. Материалды, қаржылық тұрғыда толыққанды көмек көрсетеміз.

Апаттан зардап шеккен барлық отбасыға қол ұшын созамыз, олар ешнәрседен тарықпайды. Сіздерге сөз беремін!

Қажет болса, арнайы қор құрамыз. Көпке созбай кәсіпорын басшылығын тегіс ауыстырамыз.

Миттал? Инвестормен жұмысты біржолата тоқтатамыз. Қолдан келгеннің бәрін істейміз. Бұлар кезінде елімізге кіріп алған. Біз ең жауапсыз инвесторға тап болдық...".

https://t.me/dalainside
⚡️ Миттал Қазақстанға "кіру" үшін 100 млн доллар параны кімге берді?...

Бұған дейін саясаткер Болат Әбілев әріптесіміз Борейкоға берген сұхбатында миллиардер Лакшми Митталдың қазақ жеріне қалай және кімнің ықпалымен келгенін айтқан.

«Миттал мырза Қазақстанға Машкевичтің арқасында 1995 жылы күзде келді. Сол жылы Мұхтар Жәкішев екеумізді аустриялық Voestalpine («Фест Альпине») компаниясымен бірге «Қарметкомбинаттан» қуып шықты. Сосын ештеңе істеуге тырысқан да, талпынған да жоқ.

«Қарметкомбинатты» кім басқара алады деген сұрақ туындады. Биліктегілер әуелі ақша салып, кейін жекешелендіріп алу үшін ыңғайлы адам іздеді. Себебі, қылышын сүйретіп қыс келіп қалған. Мұндай алып комбинатты қысқа дайындамаса, тағы болмайды. Кенет, осы кезде Миттал пайда болды. Тіпті, оны Қазақстанға Александр Машкевич ертіп келгені және жоғарыдағылармен жеке таныстырғаны туралы айтылып жатты», – деді Б. Әбілов.

Сондай-ақ, саясаткер 1998 жылы Ұлыбританиядағы ВВС телекомпаниясының өкілі Қазақстанға келіп, өзіне хабарласқанын жеткізген.

«Қарметкомбинатты» екі апта басқарған екенсіз? Біз сізді ол жақтан қандай себепке қатысты қуып шыққанын білеміз...» деген қызық нәрсенің шетін шығарды.

Сөйтсем, Миттал мырза ВВС-ге берген сұхбатында Қазақстанға қалай тап болғанын тәптіштей келе, өзін Машкевич шақырғанын мойындаған. «Қазақстанға «кіру» үшін ақша бердіңіз бе?» деген тікелей сауалға Миттал «Иә, «комиссиондық» негізде 100 млн АҚШ долларын беріп жібердім» деп жауап беріпті» деп тағы бір шындықтың бетін ашты.

Демек, Миттал 100 млн долларды Машкевичке, ал ол мұны жоғарыда отырғандарға үлестірген.

Өкініштісі, «Қарметкомбинаттың» құны кемі 2 млрд долларға бағаланғанымен, Миттал оны бар-жоғы 220 млн долларға сатып алды. Онда да қаржыны бірден емес, комбинаттың өнімнен түскен пайдамен есептесті.

Салыстырмалы түрде айтсақ, Миттал 🇺🇦 Украинадағы дәл осындай зауытқа 5 млрд доллар төлеп қол жеткізген болатын.

DALA INSIDE комбинаттың жаңа қожайыны туралы мәлімет жинауда. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
🕺"Алвида" операциясы сәтті аяқталды. Бір де бір үнді зардап шекпеді

Лакшми Митталдың Қазақстандағы 28 жылдық эпопеясы осымен тәмәм. Осы уақытта Қазақстанда 160 кенші қаза тапса да, Митталдың өз отандастарын жауапкершіліктен құтқарып отыруы өте сәтті болды.

Лакшми Митталдың Назарбаевқа жақындығы оған кезінде құқық қорғау органдарына өз жансызын енгізуге жол ашты. Соның арқасында Миттал Теміртауды басқарған үнді менеджерлерін дер кезінде Лондонға қашыруға мүмкіндік алды. Олар апат туралы хабар жетісімен, Қарағанды әуежайында дайын тұрған ұшаққа отырып ұшып кететін еді.

2006 жылы "АрселорМиттал Теміртауды" үнді менеджері Навал Чоудхари басқарып тұрғанда Ленин атындағы шахтада 41 кенші қаза табады. Чоудхари қашайын деп тұрғанда Миттал Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулинмен телефонмен келісімге келіп, өзі ұшып келеді.

Артынан Чоудхариді Сатиш Тапария ауыстырады. Оның кезінде 2008 жылы Абай шахтасында 30 кенші өледі. Тапарияны қашады да, орнына неміс Паннир, артынан үнділер Махадеван, одан кейін Паранжит Калон келеді. Калон кезінде 10 шахтер қаза тауып, ол да қашады.

Сөйтіп 2020 жылы Теміртауға Биджу Наир бастық болып отырды. Оның кезінде Абай шахтасында 7 адам, Қазақстан кенішінде 5 адам қаза тапты. Былтыр Биджу Наир өзінің қылмыстық іс орбитасына тартылғанына қарамастан қашып кетеді. Биджу қашқаннан кейін, әрі Нығматулин пәрмені кеткендіктен отандық құқық қорғау органдары үнді менеджерлеріне деген риторикаларын қатаңдата бастайды.

Осыны ескеріп, және апаттар көбейіп жатқандықтан, Миттал 2023 жылдың басында Теміртауға басшы қылып жергілікті маман Владимир Яблонскийді қойған. Себебі, үнді менеджерлерін қорғап қалу енді қиын болар еді. Яблонскийдің кезінде Костенко шахтасында 46 кенші көз жұмады. Сонда ең ірі апат үнді басшысы емес, қазақстандық менеджер кезінде орын алған болып шыға келді. Яблонский 100 жыл түрмеде отырса да, Митталдың оған жаны ауырмайды. Себебі Яблонский үнді емес.

160 адам өлсе де, 28 жылда бір де бір үнді менеджері бір күн абақтыда отырмаған. Миттал өз жоспарын ойдағыдай орындап шықты.

Бұл туралы әлі айтамыз. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Бүгін бауырлас елдердің басы қосылады: Тоқаев маңызды мәлімдеме жасауға оқталып отыр...

DALA INSIDE Астанада өтетін Түркі елдерінің 10-шы саммитін тағатсыздана күтуде.

«TURK TIME» деген тақырыпты арқау еткен саммитке бір кіндіктен тараған туысқан ұлттардың басшылары түгел жиналды.

Бізге жеткен мәлімет бойынша Тоқаев бүгінгі жиында батыл мәлімдеме жасайды.

Түркі одағын құруға алғышарт болатын іс-қимылға көшуге, түркітілдес аудиторияны бір жұдырыққа жұмылдыратын өміршең идеяны ойлап табуға үндейді. Жалаң ұран, сылдыр сөзді қойып, «түркі әлемінің» өрісін кеңейтін пайдалы кейс әзірлеу керектігін тілге алға тартады.

Бұ бастама Анкарадан атажұртқа алып-ұшып жеткен Ердоғанның тарапынан қолдау табары сөзсіз. Түркия президенті Түркі мемлекеттерінің жағрафиясын кеңейтіп, ұйым қатарын жаңа мүшелермен толықтыра түсуге мүдделі.

Саммитке Мажарстан мен Түрікменстан бақылаушы ел ретінде қатысады. Ердоған Израиль тақырыбын да айналып өтпесі анық. Бізге болғандай Түрік лидері аталған мәселені самиттің күн тәртібіне шығарғалы отыр.

Бұл туралы айтарымыз көп. Арнамызға жазылып алыңыз 👇

https://t.me/dalainside
🦸 Лакшмидан Тимурға. Жаңа Миттал кім болады?

DALA INSIDE дереккөзі "АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторы ретінде отандық олигархтар - Freedom Holding қожайыны Тимур Турлов пен Назарбаевтың күйеу баласы, Халық банктің мажоритарлы акционері Тимур Құлыбаев қарастырылып отырғанын айтады. Тараптар баға бойынша компромисске келген, дегенмен коммерциялық моменттерді әлі де болса талқылау қажет. Келіссөз осы айдың соңына дейін созылмақ.

Қос тарап та Үкіметпен жарты жыл бойы келіссөз жүргізген. Костенко шахтасындағы соңғы трагедия Лакшми Миттал сұраған сатып алу ақысын күрт кеміткендіктен, зауытты арзанға сатып алудың сәті енді түсіп отыр. Бұған дейін Миттал Қарағанды металлургия зауытын 4 миллиард долларға бағалап келсе, 46 кеншінің ажалынан кейін тәбетін бірден 1,3 миллиард долларға дейін кемітті.

Мұндай ақша Тимур Құлыбаевта бар және ол Халық банктің бірнеше пакет акцияларын сатып, өз капиталын тағы толықтыра алады. Ал Турлов Құлыбаевтай гигант емес, сондықтан зауытты қақшып аламын десе, инвесторлық синдикатталған пул ұйымдастырып, әсіресе Болат Өтемұратовтың капиталын тартуы мүмкін.

Қарағанды зауыты - пайда әкеліп отырған өндіріс ошағы. Тек оған өндірістік қауіпсіздікті күшейту үшін кемі 3 миллиард доллар инвестиция керек. Үкімет жаңа инвесторға - "енді шахталарда адам өлмесін және ешкім жұмыссыз қалмасын" деген өте түсінікті және қарапайым екі талап қойып отыр.

Бұған дейін зауытты ресейлік инвестор сатып алады (соның ішінде Северсталь) деген пыш-пыш әңгіме тараған. DALA INSIDE дереккөзі мұны үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр.

"Орыстар бұл жобаға жоламайды. Миттал? Ақорда онымен сыпайы қоштасып, ың-шыңсыз шығарып салғанды қалайды. Билікке "Стати-2" скандалы керек емес. Британ заңнамасын жақсы білетін Митталмен ерегесер болсақ, ертең Лондонға сүйреп сілікпемізді шығарады. Үнді олигархының заңгерлері шетінен монстр. Халықаралық құқықты бүге-шігесіне дейін меңгерген бұлармен ашық шайқасу қауіпті..", - дейді дереккөз.

P.S. Тұрлов? Материал жарыққа шыға сала Freedom Holding Corp-тың баспасөз қызметі хабарласып, Тұрлов "АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа акционері болуы мүмкін деген инсайдерлік ақпаратты теріске шығарды. Бұл туралы алдағы уақытта егжей-тегжейлі айтамыз. Арнамызды бақылап отырыңыз👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥"Милан» – ПСЖ"  матчынан ₸20 000 дейін қайтару мүмкіндігі


🏆Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің бірінші айналымы өтті. Алда жауап матчтары! Екі апта өте сала, футбол әуесқойлары "Милан" – ПСЖ тартысын тағы да көрмек.

Өткен ойында париждіктер қарсыласын 3-0 есебімен жеңіп, "Миланға" мүмкіндік қалдырмады. Енді "россонерлер" өз алаңында ойнайды, бірақ тіпті "туған жер" факторы да оларды фаворит етпей тұр. Итальяндық клубтың жетістігі 3.24-ке бағаланады, ал ПСЖ жеңісіне 2.2 беріледі.

🔵1xBet компаниясы сіздің осы матчта жеңіске жету мүмкіндігіңізді арттырады! Арнайы дайындалған "Тәуекелсіз ұтыс тігу" акциясы сіздің болжамыңыз сәтсіз болған жағдайда,      20 000 дейін қайтаруға көмектеседі.

🔥 Ойынға ұтыс

Барлық оқиғалардан, сондай-ақ супержүлделер мен фрибеттерден хабардар болыңыз
👊 Ельцинді ұру, Рахатпен соғыс: Назарбаевтың мемуары бестселлер болатыны даусыз

Нұрсұлтан Назарбаев өзі жазып жатқан кітаптың жартысын аяқтады. Бұл жолы Қазақстанның тұңғыш президенті басқа кітаптарына қарағанда ащы шындық жолын таңдады дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Мемуар сыртқы саясат пен ішкі саясат қитұрқыларына арналады. Назарбаев өзін сатып кетті деп санайтындарға да біраз "жылы" лебізін аямаған. Экс "Нұраға" "зиялы" қауымға кітап беттерінен сәлем айтпақ ниетте.

Кітап хронология бойынша келе жатқандықтан, автор әлі "Қаңтар" оқиғасына жете қоймады. Назарбаевтың алғашқы кітаптарының бірі болып табылатын "Без правых и левых" туындысында "Желтоқсан оқиғасын" сипай суреттегендей, бұл жолы да "Қаңтарды" жылы жауып өте ме деген күдік бар. Ал егер ештеңе жасырмай шынайы жазса, Назарбаев версиясындағы "Қаңтарға көзқарас" осы кітаптың ең көп оқылатын тарауы болары сөзсіз.

Әзірге мемуардың нақты атауы анықталмады. "Желтоқсаннан Қаңтарға дейін. Тақтағы 35 жыл" деп атамайтыны түсінікті. Бірақ "Балалық шағымның аспаны" деген түкке тұрғысыз атаулардан көрі, біздің нұсқамыз дұрыс болар еді.

DALA INSIDE бұл кітаптың тағдырына алаңдап отыратын болады. Бізге жазылыңыз, бірге алаңдайық 👇

https://t.me/dalainside
💥 Асталависта Ниязов: Даниал Ахметов "Самұрық-Қазынаны" басқаруға келмек

Қазақтың нөмірі бірінші әл-ауқат қоры Даниал Ахметовтың қолына өтетін болады дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Шығыс Қазақстан облысының экс әкімі, экс Премьер-Министр Астанаға қоныс аударды және оның қолына Самұрықтың қазіргі жағдайы туралы толық есеп салынған қызыл папка берілді.

Даниал Ахметовтың қандай шартпен обоймаға оралғаны белгісіз. Бірақ оның облыс әкімі лауазымынан отставкасы Ақордамен арасын суытқан жоқ еді. Ол әу бастан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен жақсы тіл табысты. 2003-2007 жылдар аралығында Даниал Ахметов үкімет басқарғанда Тоқаев оның қомандасында Сыртқы істер министрі болып қызмет еткені есімізде.

Ахметов ел тарихында бір облысты ең ұзақ билеген рекордсмен әкім. Ол Шығыс Қазақстан облысын үзіліссіз 9 жыл бойы (2014-2023) басқарды. Ал жалпы облыс әкімі ретіндегі өтілі бақандай 17 жыл. Бұл бойынша оған марқұм саяси қайраткер Бердібек Сапарбаевтың рекордына 1 жыл жетпей қалды.

Самұрықты басқарған соңғы авторитет - Ахметжан Есімов болатын. 2021 жылы оны Алмасадам Сатқалиев, ал Сатқалиевті 2023 жылы Нұрлан Жақыпов алмастырды. Жақыповты Ақорда уақытша менеджер ретінде ұстайтыны әу бастан белгілі болған еді. Себебі, Қазақстан экономикасының 60%-ын құрайтын Самұрық-Қазына басшысының дәрежесі Премьер-Министрдей деп есептеледі және оны саяси салмағы ауыр қайраткерлер алып жүреді.

Даниал Ахметовтың аяқталмай қойған карьерасын DALA INSIDE бір көзімен бақылап отыратын болады. Бізге жазылып алыңыз 👇

https://t.me/dalainside
⚡️Испандар ескі Қазақстанның экспанциясына қарсы шықты...

Назарбаев әулетінің Каталониядағы Коста Браво жағалауында іші-сырты үлде мен бүлдеге оранған зәулім вилласы бар.

DALA INSIDE-қа мәлім болғандай аумағы 3000 шаршы метрді алып жатқан хансарайдың 16 жатын бөлмесі бар.

Тек жуынып-шайынуға арналған туәлет пен ваннаның саны 20-ға жуықтайды. Вилладағы кинозалдың өзі 90 шаршы метрден асып жығылады.

Бұған үш сауна, бірнеше жакузи, жаттығу залы, шәй бөлмесі мен массаж залын және қосыңыз.

Оны айтасыз-ау, тіұшаққа арналған алаңның өзі кішігірім стадионмен пара-пар.

Лиорет Де Мар курортындағы Коста-браво жағалауын ен жайлап жатқан Назарбаев әулеті жалпы аумағы 20 гектар жерді шыр айналдыра қоршап алған.

Дәл осы виллада Назарбаевтың ортаншы қызы Динара мен күйеубаласы Тимур қонақ күтеді екен.

DALA INSIDE-тың анықтағанындай әулет ғимаратты 2007 жылы сатып алып, капремонт жасаған. Жергілікті жұрт "Вавилон сарайы" деп атап кеткен вилла содан бері қанатын кеңге жайып, жан-жағындағы территорияны жалмай бастаған.

Жерорта теңізінің жағалауына алып баратын соқпақ жолды тып-типыл етіп, қарамағына қосып алыпты.

Бұрын соңды мұндайды көрмеген испандықтар ескі Қазақстанның экспанциясына қарсы шығуда.

"Esto es el colmo! (шыдамымыз шегіне жетті). Назарбаевтар жағалауға апаратын жолды, дуалмен қоршап тастады. Вилланың жанына жолау мүмкін емес. Іші-сырты толған күзет, 🦮 қабаған иттерді абалатып қойған, бақылау камерасы басқан ізіңді аңдып отырады", - дейді наразы қауым.

Туристердің сүйікті соқпағын сүріп тастаған Назарбаевтар соттан да именіп отырған жоқ. Жаяу жүргіншілердің жолын ашып, қорғанды бұзуды талап еткен Каталония қалалық кеңесінің бұйрығына құлақ асар емес.

DALA INSIDE-қа бұл активтің қандай жолмен келгені қызық. Жоқшылықтан қажыған қазақтың көз жасы жатқан жоқ па? Шетелдегі байлықты қайтару науқанына іліге ме, жоқ па?

Бұл жайлы алдағы уақытта айтамыз. Арнаға тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
🏃 Назарбаев өзі кетерден бір күн бұрын Бишімбаевты босатқан еді

Назарбаев қызметінен кетерден бір күн бұрын Бишімбаевтың ісіне тікелей араласып, оны темір тордан босатуға мұрындық болды, дейді DALA INSIDE дереккөзі.

Себебі, экс Елбасы Бишімбаевтың сотталуына өзін сәл де болса кінәлі санап, "жас баланың өміріне балта шаптым-ау" деп іштей уайым жеген еді. Ол уайымын кейде жақындарымен және Абай Бисембаевпен де бөлісіп отыратын. Сол үшін Антикор бастығы Қайрат Қожамжаровқа іштей суып қалды.

Ақыры өзі отставкаға аттанардан бір ай уақыт бұрын, 2019 жылдың ақпанында ақыры Бишімбаевқа рахымшылық жасалып, жазасы 4 жылға қысқарған.

Жалпы, Бишімбаев Назарбаевтың тұсында атқа қонды. Президент көмекшісі, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» басқарма төрағасы қызметтерін атқарды. Екі рет Ұлттық экономика министрі болды. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «СПК Каспи» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және т.б. директорлар кеңесінде қызмет істеді. Бір сөзбен айтқанда, Бишімбаев Назарбаевтың сүйікті кадрларының бірі болды.

Экс министрдің 2019 жылы босап шығуы заң нормаларына қайшы келмейді, өйткені ол барлық шартты талаптың үдесінен шыққан. Дегенмен Назарбаевтың биліктен кетерде Бишімбаевқа рақымшылық жасауында бір мән көлекейлеп тұрғандай.

Тағы бір айта кетерлігі, қазір елімізде жемқорлық бойынша істі болғандарды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынған. 2021 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салатын заңға қол қойды. Бірақ Қуандық Бишімбаев осы өзгерістерден бұрын бостандыққа шығып алды да, енді тағы бір ауыр қылмысқа қолын малып отыр.

DALA INSIDE карма мәселесіне де біраз үңіледі. Бишімбаев "Байтерек" басшысы мен министр болып тұрған кезде қарапайым қызметкерлерді жұмыстан шығарып, талай көз жасына қалған еді. Көз жасы жібермейтінін уақыт тағы бір рет дәлелдеді. Сол үшін бізге жазылып алыңыз 👇

https://t.me/dalainside
⚡️ Путиннің Қазақстан сапарының сыры неде?

Соңғы апта бойы Астанадан қонақ үзілмеді. Соның ішінде Путиннің келісі қызу талқыға түскені рас.

2024 жылы Ресейде президент бәйгесі басталмақ. DALA INSIDE-қа мәлім болғандай желтоқсанда Мәскеу сайлау күнін ресми жариялайды, ал Путин, алдағы аптаның бірінде сайлауға түсетінін мәлімдейді.

Осы орайда 🇷🇺 Кремльге іргедегі елдермен арасы суып кетпегенін дәлелдеу аса маңызды болмақ. Қазақстан осал ойыншы емес, экономика жөнінен Еуразиялық одақта екінші, ал кіндік Азияда көшбасшы орында тұр.

Сапар мақсаты - (Путин үшін) ұпай жинау. Атап айтқанда, Батыс әлемінде Кремльдің алыс-жақындағы елдермен барыс-келісі күшеюде деген пікір қалыптастыру.

Тоқаев пен Путиннің пікір алмасуы Астана үшін маңызды мәселелер төңірегінде өрбіді. Соның ішінде екі елдің Энергетика министрлігі арасындағы меморандумға назар аудару қажет. Құжат «Көкшетау», «Семей» және «Өскемен» ЖЭО-сының құрылысын қамтығалы отыр.

Екібастұздағы апат елдегі энергоқұрылымның азып-тозып, іріп-шіріп тұрғанын дәлелдеді. Осы бағытта Ресейдің көмегіне жүгінген билік үлкен әлеуметтік конфликтінің алдын-алуға мүдделі екенін аңғартты.

Ресми мәлімдеме бойынша, тараптар атом тақырыбын жабық есік жағдайында талқылаған. "Росатом" Қазақстандағы ядролық медицина орталығының құрылысын жүргізуге құлшынып отырғанын форум аяқталғанда бірақ білдік.

Ресей алпауытының бас директоры Алексей Лихашев пен «Қазатомпром» төрағасы Мейіржан Жүсіповтың Тоқаев пен Путиннің кеңейтілген форматтағы келіссөзіне қатысқаны мәлім болды.  Демек, АЭС туралы сөз қозғалған. Мұндай мәселедегі "үнсіздік режимі" көбіне келіссөздердің шешуші кезеңге өткенін аңғартады.

Путиннің Қазақстанға Макроннан кейін келгенін ескерсек, ресейлік мердігердің атом электр станциясын салу жұмысына қатысу мүмкіндігі сәл болсын жоғары тұрғанын мойындау қажет. Кремль бұл жобаға француздардың қатысуы екіталай деп топшылайды, десе де Макронның ұсынысы "РосАтомды" қобалжытып қойған.

Астана мен Мәскеудің назарына іліккен келесі мәселе - қорғаныс саласы. Ресей тарапынан бұған Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин мен Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералды қызмет директоры Дмитрий Шугаев қатысты.

Тараптар тек ҰҚШҰ-ның күн тәртібімен шектелген жоқ: Қазақстан әскерін модернизациялау мақсатында қару-жарақ жеткізу мәселесін шым-шымдап сөз етуі бек мүмкін. Тоқаев бұған дейінгі Қауіпсіздік кеңесінің отырысын осы мәселеге арнағаны белгілі.

Бірлескен мәлімдемеде Мемлекет басшылары біраз мәселенің шетін қайырған тәрізді: «Екі мемлекеттің қауіпсіздік кеңесі, қорғанысы, құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтері қарым-қатынасын тереңдету» ұсыныстары, «Терроризмге қарсы күресті» күшейту ғана емес, сондай-ақ «Ақшаны заңдастыруға» қарсы іс-қимыл әрекеттерін де қозғаған сыңайлы.

Шетелге заңсыз жылыстаған қаражатты Қазақстанға қайтару актуалды тақырып. Алайда қазіргі жағдайда мұндай «нәзік» мәселені Мәскеуден тыс шешуге болмайтын тәрізді.

Арнамызға тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Құрметті мұнай-газ кешенінің қызметкерлері, әріптестер!

Биыл біз алғаш рет қарашаның үшінші сенбісінде Бұрғышылар күні кәсіби мерекесін атап өтіп отырмыз.

Қойнауы құтты еліміздің жерасты байлығын ашу, қайнар көзін табу — бұрғышылардың еңбегінің арқасында атқарылады. Тұңғиықты тірілтіп, жер бетіне шығатын байлықтың Отанымыздың қазынасына құйылуына жол ашатын Сіздерсіздер!

Қазақ мұнайының тарихында даңқты бұрғышылардың қатарында Ембі өңірінен шыққан еңбек ерлері, барлау экспедицияларының қатысушылары — Сабырғали Зорбаев, Зинел Балгенжиев, Әбілғазы Махутов пен Ақаш Мұхамбаев,  Өзен кенішін алғаш ашқандар — Рахым Серікбаев, Жауғашты Балабатыров, Жаңбырбай Жайлығараев, Болатбай Қарамұрзаев, Ғазиз Әбдіразақов, майталман мұнайшы Нәсіпқали Марабаев, Маңғыстау мұнайын игеруде қажырлы еңбек еткен Қойшыбай Үсенов және басқа да көптеген есімдерді құрметпен атап өткіміз келеді.

Сіздерді Бұрғышылар күні — кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, еңбекте табыс пен жарқын жетістіктер тілеймін.

Ізгі ниетпен,
Мағзұм Мырзағалиев, 
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы
🔥"Словения - Казахстан"  матчынан ₸20 000 дейін қайтару мүмкіндігі

🇰🇿Қазақстан құрамасы тарихи оқиға қарсаңында тұр. Біздің ұлттық командамыздың Еуропа чемпионатының финалдық бөліміне шығуына бір қадам қалды.

Аңызға айналған нәтижеге жету үшін Магомед Адиевтің шәкірттері Словенияға қарсы ойында жеңіске жетуі керек. Иә, біз аутсайдерміз. Бірақ қазақстандық футболшылар бұл іріктеуде бірнеше ауыр ойындарды өз пайдасына шеше білді.

🔵Егер сіз Қазақстан құрамасына сенсеңіз, онда 1xBet компаниясы осы матчта жеңіске жету мүмкіндігіңізді арттырады! Арнайы дайындалған "Тәуекелсіз ұтыс тігу" акциясы сіздің болжамыңыз сәтсіз болған жағдайда. 20 000-ға дейін қайтаруға көмектеседі.


🔥 Ойынға ұтыс

Барлық оқиғалардан, сондай-ақ супержүлделер мен фрибеттерден хабардар болыңыз
💥 Жамаубаев ұйқыдан айрылды. Қазақтың Әлиханында да маза жоқ

Қазақстан Үкіметі жыл соңына таман қатты қинала бастады. Қаржы министрлігі салық жинаудың оптимистік жоспарын орындамағандықтан Ұлттық қордан алынуы тиіс, Парламентпен бекітілген трансферттер бюджет дефицитін жабуға жетпей жатыр.

Сондықтан Үкімет Парламентті айналып өтіп, трансферттерді жыл соңына дейін жеткізу үшін Ұлттық қор мен Қазмұнайгаз акцияларына қатысты махинацияға бару мәжбүр болды. Қазмұнайгаз 1,3 триллион теңгенің акциясын Ұлттық қорға сатты да, сол ақшаны Үкіметке берді. Енді Ұлттық қор өз балансында ҚМГ акцияларын ұзақ ұстап отырмақ. Себебі мұндай көлемді бірден нарыққа шығарса, онда ҚМГ акциялары құлдырап, қор биржасында паника басталар еді. ҚМГ акциялары құлдыраса, онда Ұлттық қор активтері де бірден қысқара бастайды.

Бюджет дефицитін қаржыландыру жыл санап ауыр бола бастаса да, қазақтың Әлиханы - Премьер-Министр Әлихан Смайылов бюджеттің шығыс бөлігін, әсіресе әлеуметтік блокты қысқартуға бара алмай отыр. Келесі жылы Жоғары аудиторлық палата бұған міндетті түрде назар аударары сөзсіз.

Үкімет қиын жағдайда қалды. Экономика өссе де, бюджеттік кризис ушығып барады. Ең қиыны, оның шешімі жоқ. Қазақтың Әлиханы үшін жаңа, креативті жолдар іздеуге тура келеді.

DALA INSIDE қазақтың Әлиханы қабылдап жатқан шешімдерді үнсіз бақылап отыр. Бізге жазылып алыңыздар

https://t.me/dalainside
🌇Семейді дамытудың Бас жоспары әзірленуде – Нұрлан Ұранхаев

Бүгін Астанада қаласындағы Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында🎤 журналистермен кездескен Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру аясында Семей қаласын дамытудың Бас жоспарын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Өңір басшысы журналистермен жүздесуде Семей қаласының төңірегіндегі 32 елді мекенді дербес облысқа біріктіру жұмысы басталып, қызу қолға алынған жеткізді.

– 2023 жылы Семей қаласын абаттандырып, көгалдандыру ісіне 3, 5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бүгінде қаладағы 70 ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталып, 41 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері жөнделіп, 9 тұрғын үйге қабырға суреттері салынды, – деді облыс әкімі.

Нұрлан Ұранхаев журналистер қауымына Семей қаласындағы Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа, төрт жолақты, көпір құрылысы жүріп жатқанын да айтты. Көпір құрылысын 🏗2025 жылы аяқтау жоспарланған.

Аспалы көпірді жапон мамандары тексерген. Айта кетуіміз керек, көпір астында кеңістіктер пайдалануға берілді.

Ал Семей қаласындағы Жамақаев және Мәңгілік ел көшелерінде жаяу жүргіншілер жолы мен қоғамдық орындар жасалып, этноауыл салынуда. Сонымен қатар қалада жер асты өткелдері жөнделіп, жылы аялдамалар орнатылған.

Әкім алдағы жылы Ертіс өзені арқылы жаяу жүргіншілер көпірі мен Бейбітшілік аралына балалар теміржолын салу жоспарда бар екенін жеткізді.