DALA INSIDE
15.7K subscribers
378 photos
120 videos
2 files
929 links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🔥🇷🇺 Ресей дінаралық қақтығыстың алдында тұр

Бір мешіт үшін Кавказ бөлініп кетуі мүмкін. Мәскеуде салынуы тиіс ең үлкен мешіттің құрылысына Косино-Ухтомское ауданының орыс тұрғындары қарсы шығып, құрылысты тоқтатып тастады. Олар бұл жерде православтар үшін қасиетті көл бар екенін алға тартады. Және алып мешіт арғы бетте тұрған шағын шіркеуді көлегейлеп, басып тастауы мүмкін.

Бұл Мәскеу халқының 30 пайызын құрайтын мұсылмандардың да өре түрегелуіне алып келді. Әсіресе Кавказ өкілдері, ММА, UFC жекпе-жекшілері жақтастарын жинай бастаған. Шешенстан президенті Рамзан Қадыров та үн қатып, мешіт құрылысына қарсы жергілікті орыстарды Украинадағы соғысқа жіберу керек деп мәлімдеді.

Екі тарап та принципиалды позиция ұстап отыр. ММА-дағы орыс жекпе-жекшілері мешіт салғызбаймыз десе, Кавказ палуандары мешіттің бой көтеруіне ешкім кедергі бола алмайды деді. Орыстар сол жерге күнде жиналып, кетпей тұр. Мәселеге Ресей президенті Путин араласады деп күтілуде.

Негізі, осындай тұрмыстық даудан басталған дүниелер алып империялардың ыдырауына әкеліп соғады. Кавказға Ресей туынан көрі Ислам туы жақын екені білініп отыр. Олар "Егер дінімізді сыйламаса, Ресей үшін неменеге Украинада қан төгіп жүрміз?" деген сұрақтар қоя бастады.

https://t.me/dalainside
🇰🇿🇨🇳 Қазақстан Еуразиялық одаққа Қытайды кіргізуді ойлана бастады

Қытай биыл импорт бойынша Қазақстанды Ресейден жұлып алмақ. Және Ресей оған ештеңе істей алмайды. "Қорғас" халықаралық сауда әріптестігі орталығына біздің тарап үлкен мән беріп отыр.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қытай Қазақстанның ең ірі импортері атануы ықтимал. Онда Ресей ұзақ жылғы генемондығынан айрылады. Солтүстік федерациядан келетін импорттың құлдырауы өткен жылдың жаз айынан басталған. Ресейде көлік, жиһаз құрастыру күрт азайды. Халықаралық компаниялар кеткеннен кейін ішкі нарықта дефицит бар.

Қазақстан импортындағы Ресей үлесі 2021 жылы 43 пайыз болатын. 2022 жылдың қортындысы бойынша ол 35 пайызға түсті. Биыл жыл бойы осы төмендеу жалғасып келеді, сонда 2023-тің қортындысы бойынша Ресей үлесінің 30 пайыздан түсетіні анық. Ал ұлттық статистикаға қарасақ, 2021-2022 жылдары Қытай өз бізге деген импортын 20 пайыздан 26 пайызға дейін көтерген. «Қорғас» ашылса, ол тағы өседі. Демек Қытай өзінің тарихи титулын қайтарып алмақ.

Қазақстан Қытайдың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуына мүдделі. Ол керемет саяси баланс туғызар еді. Және Кремльдің "одақтың идеясын біз емес, 1994 жылы Назарбаевтың аузымен Қазақстанның өзі айтқан" деп көпшік қоя беретінін пайдаланып, одақты құруші ретінде оның тізгінін Мәскеуден жұлып алып, Бейжіңге бере аламыз. Егер ондай маневр істей алсақ, бізге Одақтан шығудың да қажеті жоқ. Ресей мен Қытай арасындағы оператор атанып, күшейіп алуға болады.

Ал Ресей бізге өз тауарларымызды өткізетін нарық ретінде керек. Қанша дегенмен ол үлкен нарық. 2022 жылдан бастап Қазақстанның Ресейге экспорты кем дегенде 50%-ға өсті. Қазір біздің сыртқы сауда айналымымыз 134,4 миллиард АҚШ долларын құрайды. Біздің сауда профицитті, яғни жағымды баланс бар. Экспортымыз импорттан 34,4 миллиард долларға артық.

Ал төлем балансы бойынша Қазақстан оның есебінің жаңа методикасын қабылдап отыр. Баланс профициті айтарлықтай қысқаратыны анық. Бірақ ол қауіпті емес.

Қасым-Жомарт Тоқаев үшін тарихи сәт туды десе де болады. Ортақ үстелге Бейжіңді тарту бүкіл құрлықтағы қауіпсіздік трансформациясын бастайды. Және оның дирижері Ресей болмайды.

Сол себепті, Кремль Еуразиялық экономикалық одаққа Қытайды кіргізгісі келмей отыр. Егер Қазақстан Армения, Қырғызстанды өз жағына тартса, Ресей мен Беларусьті дауыс басымдығымен жеңіп кететіні анық. Одаққа Қытай келген күні Өзбекстан сол күні қатарға қосылады. Болашақты тіпті бұл одақтан Ресей мен Беларусьті шығарып жіберу мүмкіндігі де жоққа шығарылмаған.

https://t.me/dalainside
🇺🇲 Теңізшевройл құпиясы. Аудиторлар ТШО-ның Қазақстанды алдап, қаржыны заңсыз шетелге шығарып келгенін дәлелдей ала ма?

DALA INSIDE қолына түскен «JANARU» жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының өкілі Бақтыбай Жұмаділдиннің хатына сәйкес, жергілікті қамту саясаты бойынша тендерлерді басымдықпен жергілікті компанияларға беруі тиіс «Теңізшевройл» жұмысшыларды тамақтандыру бойынша 700 миллион долларлық контрактты шетелдіктерге заңсыз беріп келген.

Қазір осы контракттың иесі «Compass Group Қазақстан» фирмасы. Ол 700 миллион долларға Теңіз кенішіндегі жұмысшыларды тамақтандырады. Ал оның 100% акциясы британдық Compass Group International компаниясына тиесілі. Барлық табыс бірден шетелдік акционерге аударылып отыр. Бұдан, отандық компаниялар жұмысшыларды тамақтандыра алмай ма деген сұрақ туындайды.

Осының алдында, «Compass Group Қазақстан» фирмасы ҚазМұнайГаз-Сервис Компас деп аталып, оның 40 пайызы Қазақстан мемлекетіне тиесілі болған. Алайда, 2017 жылы осы үлес 2 миллиард теңгеге сатылды. Бір қызығы, үлесті бағалағанда фирманың ұзақ мерзімді контракттары, оның болашақ табысы ескерілмеген.

ТШО мәселесімен Жоғарғы аудиторлық палата айналысуы тиіс. Себебі, «ҚазМұнайГаз-Сервис Компас» біріккен кәсіпорны бас директорының бұрынғы орынбасары Мұрат Тұрысбековтың айтуынша, осы схема арқылы ТШО-ның қазақстандық үлесінен кем дегенде 30 миллиард теңге сыртқа заңсыз шығарылған.

ТШО бүгін өзінің 30 жылдығын атап өтуде. Оның бергі жағында жетістіктер, көрсеткіштер айтылып, қошеметтелгенімен, ар жағында шетелдіктердің жасап кеткен және жасап жатқан былықтары мен қылмыстары аз емес.

Dalainside бұл туралы әлі де айтады. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
🔥 Мәсімовтың жақтастары жанжал іздеуде: олар Ақорданы БҰҰ-мен қорқытқысы келеді

Мәсімов құрықталған мезетте 🇺🇸 алыс құрлықтағы Аризона штатында оған араша сұраған сайт ашылған. Порталды атышулы америкалық лоббист, Мәсімовтың қорғаушысы - Дэвид Меркель ұдайы жаңартып отырады. "Мұрттыны" жазықсыз жапа шеккен, саяси қуғын-сүргін көрген қайраткер деп сипаттайды, сондықтан сайттың контентін сүзіп жатпай-ақ қоялық. Dalainside соның алдында бұл туралы анық-қанық мәлімет берген.

Сөйткен Меркель тағы бір құйтырқы әрекетке барғанға ұқсайды. Америкалық лоббистің айтуынша БҰҰ-дағы жұмысшы топ Мәсімовке қатысты тергеу амалдарының астыртын, жасырын жүріп жатқанына наразы: Мәсімовтің ет жақындарына іс барысы туралы ақпарат берілмейді, жүздесуге де рұқсат жоқ. Оның жөн-жосықсыз қамауға алынуы адам құқықтарын табанға таптаудың айқын көрінісі.

Сөй деген БҰҰ-дағы Мәсімовтың "жанашырлары" ел билігінен келесідей шара қабылдауды:

"Мұрттыны" сөзбұйдаға салмай, бұғаудан босатуды;

Абақтыда ас-судан тарығып, табанынан сыз өткені үшін қомақты өтемақы төлеуді;

Оны түрмеде шірітпек болғандардың үстінен қылмыстық іс қозғауды талап еткен.


Жаңылыспасақ, бұл былтырғы жылдың қазан айындағы жолдау. Жаңа Қазақстан жұмысшы топқа Ақорданың аяғына шырматылмай, аулақ жүруге кеңес берген. "Мәселені ушықтырмай, нақты фактілерді алдымызға тосыңыздар, талқылауға дайынбыз" деп қысқа қайырған еді СІМ өкілдері.

Меркельдің айтуынша не нәрсенің де мерзімі бар, қазақ билігі БҰҰ-ның үндеуін елеусіз қалдыра алмайды, бұған байланысты сәуірдің 25-іне дейін есеп беруі тиіс.

"Мәсімов? Жәбірленушім күннің көзі түспейтін, бір кісілік камерада отыр. Оның ағайын-туысын "аса құпия" деген желеумен сот процесіне жолатпауда. Қазақ билігі БҰҰ талабына құлақ асып, Мәсімовке бостандық беруге құлықсыз...", - дейді "мұрттының" адвокаты.

DALA INSIDE оның сөзін сөйлеуден аулақ. Қазақтар Мәсімовке әлдеқашан әділ бағасын берген. Ал Жаңа Қазақстан үшін Мәсімовтың қорғаушысы бас ауруға айналатын түрі бар. Меркельдің мәлім еткеніндей АҚШ Мемдепартаментідегі ықпалды тұлғалар ҰҚК-ның экс-төрағасына болысуға әзір. Бұлардың босағасын тоздырған Меркель "мұрттының" үгіт-насихатын үдетіп жатқанға ұқсайды.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
💸 Енді халық кімнің қанша субсидия алғанын ашық көре алады

Қордаланып, проблемаға айналған мәселелерді шешу үшін мінез бен саяси ерік-жігер керек. Кезінде майшелпектен ауыз тиген әлдекімдерге ұнамаса да, Ауыл шаруашылығы министрлігі қатаң реформа бастады. Ол жақын жылдары нақты жемісін береді деп сенеміз. Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарумен қатар, субсидия мәселесіндегі көлеңкелі бизнеске тұсау салынып, мемлекет қолдауын алу, пайдалану мен оны ашық көрсету бағыттарында тәртіп орнайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялауды автоматтандыруда. Қазір Gosagro.kz жүйесі толыққанды жұмыс істей бастады. Оның қандай өзгерістерге әкелетінін Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев өз фейсбугында түсіндіріп жазды.

Біріншіден, егіс алқабының көлемін баяғыдай көзбен өлшеп, бағалай салуға болмайды. Себебі, мысалы, мың гектар деп, соған субсидия алып отырған фермердің шын мәнінде тек 500 гектарды игеріп отырған фактілері көп кездескен. Енді жер аумағы бойынша деректі ғарыштық мониторинг тексеретін болады. "Шаруалар жерлерін дереу ретке келтірулері керек. Жерді игермегендерге осы бастан кірісуіне кеңес беремін", - деп жазады, министр.

Екінші мәселе - электронды шот-фактуралар. Енді электрондық шот-фактурамен өтініш беру үшін оны сатушымен бұғаттау керек. Министрдің түсіндіруінше, осылайша, субсидия алғаннан кейін кері қайтарып алу қаупі толығымен алынып тасталады. Егер бұрын шаруа бір ғана шот-фактурамен мемлекеттік қолдауға бірнеше рет өтініш бере алған болса, енді Gosagro жүйесінде ондай қулық жүрмейді.

"Бұл салада біржола тәртіп орнату қажет! Егер фермердің жерге қатысты мәселелері толық реттелген болса, барлық құжаттары сәйкес келіп тұрса, біріктірілген мәліметтер базасы расталса өтініш беру жағынан ешқандай қиындық болмайды. Бүгінгі күні жаңа жүйе 12 мыңнан астам өтінімді сәтті өңдеп, оларды облыстардың ауыл шаруашылығы басқармасына қарау үшін өтінімдердің ашық тізіліміне енгізді", - деп жазады, министр Қарашөкеев.

Ал халық, журналистер, белсенділер мен сарапшылар мемлекеттік қаржыны кімдер алғанын, қанша алғанын Gosagro.kz порталы арқылы бақылап отыра алады.

https://t.me/dalainside
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥 Диана Тәшімбетоваға қатысты желідегі шу. Байқау және этика

Бүгін бірқатар ресейлік телеграм арналарда "Ғалам аруы Қазақстан - 2022" номинациясы бойынша жеңімпаз Диана Тәшімбетованың ерсілеу видеосы жарияланды. Онда 19 жастағы Диананың жасы үлкен еркекпен аймаласып жатқаны байқалады.

Телеграм арналардағы ақпаратқа сай, Диананың бұл видеосы ол «Мисс Қазақстан - 2022» байқауына қатыспай тұрып, Дубайда түсірілген. Ол екі баласы бар үйленген еркекпен жүрген және өз құрбысының жігітін тартып алған. DALA INSIDE дереккөзі видеодағы ер азаматтың Қазақстанда үлкен бизнестің үлкен иесі екенін растады.

Осыған орай қазақтілді фейсбукта Диана Тәшімбетованы «Ғалам аруы Қазақстан – 2022» титулынан айыру, оның Қазақстан атынан халықаралық байқауларға қатысуына жол бермеу туралы петициялар пайда болды. Бірақ, DALA INSIDE ақпаратынша, «Мисс Қазақстан - 2022» ұйымдастырушы комитеті дер кезінде Диана Тәшімбетованы тәжінен айырған. Бұл – дұрыс қадам болды. Себебі, байқаудың өзіндік этикалық нормалары бар.

Болашақта осындай байқауға үміткер қыздардың тазалығы, өткен өмірі, немен айналысатындығы жіті тексерілмек. Себебі, эскортпен айналысатын қыздар осындай байқауларға үйірсек келеді. Оның нақты материалды себебі бар. Титулы бар қыздар бұл нарықта қымбат бағаланады. Және бай олигархтың ашынасы болуға мүмкіндіктері жоғарылай түседі.

https://t.me/dalainside
PFF холдингінің қожайыны Рената Келлнерова Forbes рейтингіндегі орнын сақтап қалды

Айта кетелік, PFF холдингіне активі 538 миллиард теңгені құрайтын қазақстандық Home Credit Bank та кіреді.

Холдингке иелік ететін Рената Келлнерова кезекті рет Чехиядағы ең дәулетті адамдардың көшін бастады. Оның байлығы 355,9 миллиард чех кроны немесе 16,5 миллиард долларға бағаланған.

Қазақстандық Home Credit Bank - PPF үшін құнды актив, сондықтан холдинг басшылығы ел нарығындағы үлесі мен белсенділігін арттыру туралы шешім қабылдаған. Осы мақсатта олар алдағы екі жылдың бедерінде шағын және орта бизнеске арналған цифрлық банк құруға 20 миллион доллар инвестиция құймақ.

https://t.me/dalainside
💨🔥 "Ескі Қазақстан" Астанадағы митингке қызыға бастады

DALA INSIDE дереккөзі "Ескі Қазақстан" кланының Жаңаөзен тұрғындары Астанада өткізіп жатқан митингті өз мақсатына пайдалану мүмкіндігін ойластырып жатқанын айтты. Кланның кейбір белді өкілдерінде реваншисттік пиғыл әлі де сақталып отыр.

Бірақ "Ескі Қазақстан" қазіргі жағдайда билікті өзіне қайтара алмайтынын біледі. Сондықтан митингті пайдаланып, қазіргі биліктен бірнеше преференция алып алуға шешім қабылдаған. Оның ішінде істі болып жатқан "Отбасыға" жақын тұлғалардың жазасын жеңілдету, келісілген капиталды сыртқа шығару, оның легализациясына бөгет жасамау сынды ұсыныстар бар.

Кеше Астанаға Жаңаөзендегі «БерӘлі Маңғыстау Company» мекемесінің жұмыстан қысқарған 100-ге жуық қызметкері келіп, олар түнімен Энергетика министрлігі ғимаратының алдында қонып шықты.

Бүгін олардың саны 150-ге жуықтады. Мұнайшылар аутсорсинг келісімшартының орнына, үш жылға еңбек шартын жасасып, демалысқа шығуға мүмкіндік беруді талап етіп отыр.

Бұл - орынды талап. Әйтпесе аутсорсинг шартын желеу етіп, батыс өңіріндегі жеке компаниялар жұмысшымен ҚР Еңбек заңы аясында келісім жасамайтын болған. Яғни, заңды демалыс жоқ, оның ақысы төленбейді, кез-келген уақытта компенсация бермей жұмыстан шығара салады. Сол себепті, өңір адамдары өздерінің мемлекет қорғауында екенін сезінбей келеді.

Мұндай ашулы топ "Ескі Қазақстан" кланы үшін өте пайдалы. Олардың энергиясын қажет жаққа бұрып жіберуге болады. Қазір "Ескі Қазақстан" наразы мұнайшылармен қалай сөйлесетінін, кім сөйлесетінін ойластыруда. Бастысы, митингке шыққандар тарап кетпеуі керек.

"Қаңтар" оқиғасы да батыс өңірдің наразылығынан басталғанын ескерсек, Ақорда үшін тәуекел-менеджментін күшейту аса қажет сияқты. Қай кезде де, үлкен өрттің артында кішкентай ұшқын тұратыны белгілі.

https://t.me/dalainside
👏 БАҚ Қызылжар атауына ауыспақ

DALA INSIDE, Электронды кітаптар, Ongar_Online телеграм арналары, Dalanews.kz ақпараттық сайты және бірнеше қазақтілді БАҚ бүгіннен бастап Петропавл қаласын Қызылжар қаласы, ал Солтүстік Қазақстан облысын Қызылжар өңірі деп атайтын болады.

Яғни, Қызылжар атауы барлық мақалалар мен посттарда қолданылмақ.

Жалпы, Петропавл қаласына өзінің тарихи атауы Қызылжарды қайтару туралы бастама 12 жылдан бері белсенді көтеріліп келеді. Алайда, билік мәселені ушықтырып алудан қорыққандықтан "барынша уақыт созу" тактикасын таңдады. Бірақ халықтың өзі қаланы Қызылжар деп атай бастаса, билікке де артынан бұл шешімді ресми қабылдау оңай болады.

Петропавл қаласы 1752 жылы Дәулеткелді, Тұрыпкелді деген ағайынды қазақтардың Қызылжар қонысына бекініс болып қабырғасы қаланды. Сонда, патша үкіметі жіберген орыстар қала салмай тұрып, мұнда қанатты киіз үйлерден тұратын іргелі қоныс болған.

https://t.me/dalainside
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Жаңаөзен vs Жаңа Қазақстанның депутаттары, есеп 1:0

Жаңаөзендегі протестік көңіл-күй сейілмей тұр. Елде әділдік орнатуға серт берген су жаңа депутаттар алғашқы сынақтан өте алмай, жер сүзе құлады.

Жаңаөзеннен Астанаға жеткен 100 қаралы адам кешелі бері Энергетика министрлігінің есігін күзетті. Маңғыстаудан сайланған халық қалаулылары ашу қысқан жұрттың алдынан шығып, арыз-шағымын тыңдауға жүрегі дауаламай тым-тырыс жатып алды.

Бүгін кешкісін наразы қауыммен жүздесуге зорға дегенде Ермұрат Бапи, Мақсат Толықбай және Ринат Зайытов жетті. Бірақ олардың жауабы да солғын шықты.

Бапи "біз ерте келгеннен не өзгерер еді" деп келте қайырды, ал Зайытов болса "мұндай мәселе кабинетте шешіледі" деп маңғаздана сөйледі. Мұрнының астынан күбірлеген Толықбайдың не дегенін сол күйі ұға алмадық.

Жаңаөзендік ереуілшілердің темпераментін тани бермейтін "үш найман" адайлардың алдында дәрменсіздік танытты. Жаңбыршин? Ол төбесін де көрсеткен жоқ.

Айта кетелік, наразылар "ҚазМұнайгаз" бен "Өзенмұнайгазға" қызмет көрсететін "БерӘлі Маңғыстау Company" кәсіпорнында жұмыс істеген. Таяуда олар жұмыстан қысқарып қалған. Себебі "ҚазМұнайГаз" ұйымдастырған тендерде "БерӘлі Маңғыстау Company" жеңіліп, "Кезби" және "Ai-Bis" компаниялары жеңген.

"ҚазМұнайГаз" компаниясы наразыларға Кезби" және "Ai-Bis" компанияларынан жалақыларын сақтап жұмыс ұсынған. Алайда наразылар бұл ұсыныспен келіспей, "тоғыз айдан соң тағы тендер өтіп, тағы да жұмыссыз қаламыз, бізге тұрақты жұмыс керек" деген еді.

Қазақстанда Навальный жоқ, бірақ Жаңаөзен бар.

Әл-әзір ашуға булыққан халыққа "митинг мәдениетін" сақтауды сұрап, нотация оқудың қажеті шамалы.

Халықпен келіссөз жүргізілмесе, "еститін мемлекет" елдің пікірін есепке алмаса "жалақыдан" басталған дау басқа да "тақырыптармен" толығады.

Ақылгөйсу істі насырға шаптырады.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркеліп алыңыз 👇

https://t.me/dalainside
🔥 Путиннің параноясы асқынып барады: Нұртілеу Лавровтың сөзінен тіксініп қалды

Қазақстанның Сыртқы саясат министрі Мұрат Нұртілеу ресми сапармен Ресейде жүргенін білесіздер.

Жаңаөзендегі "жалақы дауының" қалқасында қалған саяси шараны Dalainside дүрбі сап бақылап отыр.

Қазақстандық әріптесін сый-құрметпен қарсы алған Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Ақорданың беталысына алаңдап отырғанын жасырмады.

Соған қарағанда түнеукүнгі Блинкеннің сапары Кремль көсемінің түн ұйқысын төрт бөлсе керек.

"Мәскеу Астананың Батыс елдерімен барыс-келіс орнатқанына әсте қарсы емес, әйтсе де бұндай әріптестіктің терезесі тең болуы керек. Бұдан екі тарап та пайда көруі тиіс", – дейді ақылгөйсіді Лавров.

Ресейлік дипломатияның тілін жетік меңгерген DALA INSIDE мұның астарында Кремльдің көршілерге доқ көрсететін тоңмойын саясаты жатқанын тез-ақ аңғарды.

Лавровтың сыртқы саясаттың "жілігін шағып, майын ішкен" қазақстандық әріптесін Батыс өркениетімен қорқытқаны әрі күлкілі, әрі аянышты көрінді.

Ресейлік дипломаттың айтуынша Ақ үй Ақорданы Мәскеуге қарсы келуге азғырады.

"АҚШ пен Батыс Ресейдің орбитасындағы елдерді бізге қарсы қояр болса, оның зардабы ауыр болады. Мұндай әлімжеттікке мойынұсынып отыра алмаймыз", – дейді Лавров.

Dalainside-қа жеткен мәлімет бойынша Путин идеологтары Қазақстандағы ресейлік контенттің өрісі тарылып жатқанына алаңдаулы. Олар еліміздің орыстанған өңірлерінде ресейлік пропаганданың қанатын кеңге жаюды жоспарлап отыр.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Жаңа Қазақстан Жаңаөзенмен тіл табысты

Астанаға шағым айта келген мұнайшылардың мәселесі шешімін табатын болды.

Жұмыссыз қалғанына қапаланған 100 қаралы адам жоғарыға сөзін өткізіп, талабын тыңдатты.

"Елден келген мұнайшылардың мәселесі бойынша құзырлы органдар және квазимемлекеттік мекемелермен ақпарат алмасып, жұмыс жасадық.

Ортақ жұмыстың нәтижесінде жігіттер босап шықты, олардың сұрақтары келіссөздер арқылы шешілетін болады", - деп жазды бұл жайлы маңғыстаулық депутат Еділ Жаңбыршин.

Осы митингтің басы-қасында жүрген белсенділер Жолмұрат Лұқпан мен Нұрсұлтан Нұрымұлы байыпты, сауатты сөйлеп отыр.

Бұл күн Маңғыстау жұртының мәртебесін өсірді. Жаңаөзен жұрты демократия құндылықтарын, соның ішінде митинг мәдениетін жоғары деңгейде меңгергенін дәлелдеді.

Астанада ұсталған жаңаөзендік мұнайшылардың басым бөлігі ертең ауылына қайтады.

Келіссөзді жалғастыру үшін бесеуі қалады.

Мұнайшылар аутсорсинг келісімшартының орнына, үш жылға еңбек шартын жасасып, демалысқа шығуға мүмкіндік беруді талап етіп отыр.

Бұл - орынды талап. Әйтпесе аутсорсинг шартын желеу етіп, батыс өңіріндегі жеке компаниялар жұмысшымен ҚР Еңбек заңы аясында келісім жасамайтын болған. Яғни, заңды демалыс жоқ, оның ақысы төленбейді, кез-келген уақытта компенсация бермей жұмыстан шығара салады. Сол себепті, өңір адамдары өздерінің мемлекет қорғауында екенін сезінбей келеді.

Dalainside жағдайды назарда ұстайды. Арнаға тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
🏭 МАГАТЭ Қазақстан АЭС салуға дайын деп отыр

Елімізге ақпан айының соңында МАГАТЭ миссиясы өкілдері мен халықаралық сарапшылар келіп кетті. Олар Қазақстанның ядролық-энергетикалық инфрақұрылымы мен әлеуетімен, алғашқы салынатын АЭС құрылысы бойынша жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстарымен танысты.

Ядролық инфрақұрылымды кешенді шолу жөніндегі миссия МАГАТЭ-нің халықаралық сарапшылармен бірлесіп, әртүрлі елдегі озық тәжірибе туралы терең талдау жүргізуіне мүмкіндік береді. Бұл миссия – INIR деп аталады.

Бұл миссия дайындаған кез келген ұсынысты орындау миссияны өткізуге өтініш берген мүше мемлекеттің қалауында болады. Ұлттық ядролық инфрақұрылымды дамытуға ықпал ететін INIR миссиясының нәтижесі кемшіліктерді жою бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлеуге көмектеседі.

Сонымен, ядролық инфрақұрылымға толыққанды кешенді шолу жасаған сарапшылар тобы төрт күндік миссия нәтижесінде Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) ядролық инфрақұрылымды шолу жөніндегі алдыңғы миссиясының ұсынымдарын орындауда едәуір ілгерілеушілік барын жеткізді.

Энергетика министрлігінің айтуынша, INIR миссиясының жұмыс тобы ядролық энергетикалық бағдарламаны үйлестіру, атом электр станциясын қаржыландыруды түсіну, апатқа қарсы жоспарлау және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу бойынша ұсынымдарды Қазақстан толығымен іске асырғанын атап өткен.
https://dalainside.kz/04/manyzdy/12/2023/912/
🇰🇿🇨🇳 Нихау, Хайнань мен паравоз

Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим енгізілмек. Түркиямен арадағы режим сияқты болады. Яғни, олар бізге 30 күнге, біз оларға 30 күнге бара аламыз.

Тиісті келісімге 18-19 мамырда Сиань қаласында Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қол қоюы тиіс.

Туризм, демалыс, емделу, бизнес әріптестік мақсаттарында жүріп-тұруға болады. Тек бұл еңбек етуге рұқсат бар деген сөз емес. Ол үшін квотамен арнайы еңбек визасы керек.

Қытайдан визасыз режимді Қазақстан тарапы көптен бері сұрап жүрген болатын. Себебі, ол біздің экономикамызды кем дегенде 3 триллион теңгеге арттыра алады. Ресейге санкция салынғаннан кейін, Қытай үшін Қазақстаннан баратын транзиттің маңызы өсті. Сондықтан олар бізге де назар аудара бастаған сияқты.

#PR

https://t.me/dalainside
🙅 Мұнай мәселесі: Мұратбай Жұмағалидың көздегені неде?

Жаңаөзендегі дүрбелең және оның сауатты ұйымдастырылуы - осының режиссері кім деген сұраққа жетелейді. Себебі, жұмысшылардың штатқа алу бойынша заңды талабын енді саяси бағытқа бұрмалау әрекеттері басталды. Астанаға барған топ келісімге келсе де, «Өзенмұнайгазға» қарасты БЖБ мекемесінің жұмысшылары наразылық акцияларын жалғастырып, үлкен компанияның жұмысын тұралатып отыр.

Бұл топтың лидері – Мұратбай Жұмағали. Ол жақында өткен сайлауда Мәжіліске өте алмай қалған өкпелі мұнайшы. Мұратбай Жұмағали бастаған топ бүкіл «Өзенмұнайгаз» компаниясын тоқтатуды талап етуге көшті. Ал 150 мың халқы бар қала тұрғындары «Өзенмұнайгаз» компаниясына қарап отыр.

БЖБ мекемесінде наурыз айында бұрғылаушы (5 разряд) – 1 374 781 теңге, құбыр таситын көлікті жүргізуші (5 разряд) – 1 161 478 теңге, жерасты скважина операторы – (4 разряд) 1 228 526 теңге айлықты таза қолына алған. Ондай жұмыстан бас тартып, тоқтату үшін жұмысшыларға үлкен себеп керек.

Құзырлы органдарға Мұратбай Жұмағалиді бақылауға алу, жан-жақты байланысын тексеру аса маңызды. Сырттан ешкім арандатып отырған жоқ па деген сұрақ туындайды.

Қарсы тараптың уәжін де тыңдап, жариялауға ашықпыз.

https://t.me/dalainside
📈 Экономикалық сараптаманың негізгі ордасы - беделді іскерлік басылым "Курсивтің" қазақ редакциясы көптен бері қызмет етіп келеді. Қазақша экономикалық анализ бен болжам, сарапшылар пікірі қызықтырса, телеграм арнаға жазылып қойыңыздар!

👉 https://t.me/qazkursiv
🤜🇷🇺 Росатом шетелде АЭС салу мүмкіндігінен айрылды

Ресей Қазақстандағы АЭС құрылысына үміткерлер қатарынан кетуі мүмкін. Себебі, АҚШ Ресейдің "Росатом" мемлекеттік корпорациясының құрамына кіретін кәсіпорындарға қарсы санкциялар пакетін жариялады. Атап айтқанда, Росатом жобаларын шетелде дамытуға жауапты "Русатом Оверсиз" компаниясына қатысты шектеулер қойылды.

АҚШ Ресей мен басқа да мемлекеттердің 34 жеке және 120-дан астам заңды тұлғаларына қарсы санкция салды. Тиісті тізімді 12 сәуірде АҚШ Қаржы министрлігі жариялады. Оның құрамына, басқалармен қатар, ресейлік "Росатом" мемлекеттік корпорациясының құрылымына кіретін кәсіпорындар кірген.

АҚШ-тың ізін ала Еуроодақ Росатомға санкция салу мүмкіндігін қызу талқылай бастады. Қазір оған тек Венгрия қарсы болуда. Себебі, Росатом Венгриядағы "Пешт" атом электр станциясы құрылысын аяқтауы тиіс. Балтық жағалауы елдері, әсіресе Литва Росатомның тек Венгриядағы қызметін ғана шектемей, қалған жұмысына санкция салу бойынша консультациялар бастап кетті.

Қазақстан өзіндегі ірі жобаны санкция салынған компанияға тапсыра алмайды. Себебі, ол Батыстың алдында санкция режимін бұзды деп есептеледі. Бір жағынан, бұл Тоқаев үшін Кремль диктатынан құтылып кетудің тамаша сылтауы. Егер Ресей АЭС салушылардың шорт парағынан шығып қалса, онда бізде Франция, Оңтүстік Корея мен Қытай компаниялары қалады. Франция мен Қытайдың технологиясы бір - ол EPR-1200. Қазақстан осы технология бойынша АЭС-терге ядролық отын дайындайтын ел болып табылады. Сондықтан отынмен проблема болмайды. Бірақ, АЭС-ті Францияның салуы тым қымбат болып тұр. Ал Қытай өзінде 50 АЭС салуы тиіс. Бізге қолы босамайды. Олар "күтіңдер" деді.

Ең арзаны және ең қауіпсізі - Оңтүстік Корея. Қазақ атомшыларының ойы да осы Оңтүстік Кореяға ауып отыр. Бізді ұстап тұрған бір ғана мәселе – біз Оңтүстік Корея технологиясы бойынша ядролық отын дайындауды әлі игермедік. Бірақ Оңтүстік Корея оның технологиясын бізге беруге дайын екендігін ресми мәлімдеді. Егер шын келіссе, онда Өскемендегі Үлбі металлургия зауытының базасында қазір Қытайға АЭС отынын жасап жатқан "Үлбі-ТВС" сияқты тағы бір зауыт салуға болады.

Қазір Оңтүстік Кореяның АЭС технологиясы үшінші буынды APR-1400 реакторларына негізделген. Бұл қуатты, қауіпсіздігі өте тамаша, жаңа реактор. 1400 МВт қуат береді. Қазақстан үшін таптырмас таңдау. Балқашқа осындай 4 реактор (бір АЭС), Курчатовқа 4 реактор (бір АЭС), Шардараға 2 реактор (бір мини АЭС) қойып, болашақтың бар проблемасын шешіп алуға болады.

APR-1400 (Advanced Power Reactor 1400 MW electrity) — Korea Electric Power Corporation (KEPCO) ядролық корпорациясы әзірлеген қысымды судағы ядролық реактор. Бұл реактор үшінші буынды, яғни жаңа деп саналады. Ол өз уақытында ең қауіпсіз деп танылған OPR-1000 негізінде әзірленген. Қауіпсіз болғандықтан АҚШ пен Еуроодақ оған сертификат беріп, әлемнің кез-келген нүктесінде тұрғызуға рұқсат берді.

Жақын уақытта Қазақстан "ядролық остров" бойынша түпкілікті шешімге келуі тиіс. Қазақ ұлты - атом, ядролық технологияларды жетік меңгерген ұлттардың қатарына жатады. Қазір Қазақстанда үш тәжірибелік атом реакторы жұмыс істеуде. Курчатов қаласындағы "КТМ - Токамак" термоядролық құрылғы болып табылады. Көп елдер магнитты катушкадағы ториалды ядролық камерамызда өз тәжірибелерін өткізіп жүр.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Алысқа ұзамаңыз, арнаға тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
💸 Бәйбектің арам ақшасына жоламаңдар

Қазақстандықтар Германиядағы мәдениет саласындағы қайраткерлерден Бауыржан Бәйбектің демеушілігіне қызықпауды сұрап отыр.

Бұл үндеу Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектің неміс пианисі Эвелинда Тренкнердің бюстін қаржыландыруы туралы ақпаратқа реакция ретінде пайда болған.

Хатта "Біз қазір қашып жүрген қазақстандық жемқор шенеунік Бауыржан Байбектен сіздердің ұйымдарыңызға қайырымдылық ретінде түскен қаржыға алаңдаушылық білдіреміз. Қайырымдылықты тиісті тексерусіз қабылдау ұйымның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін", - деп жазылған.

Неміс пианисінің талантын бағалаған қазақстандықтар экс-әкімнің ҚазМУ мен «Қазақфильмнің» жерлеріне қатысты алаяқтық операциялары, атап айтқанда жерлерді Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа заңсыз бергенін тізіп жазған.

Түптеп келгенде, отандастарымыз немістерден Бәйбек берген ақшаны оның заңды иесі Қазақстан халқына қайтаруды, осыған қатысты мәлімдеме жасауды сұрап отыр.

Dalainside бұл жайтты назарда ұстайды. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside
Өзіміздің дәстүрлі құндылықты сақтап қалу мақсатында құрылған Mass Resistance қозғалысының жетекшісі Артур Шеппердің жарқын сұхбаты шықты. АҚШ-тың өзі дәстүрлі құндылықтың жоғалып бара жатқанына алаңдай бастады. Ал Орталық Азияның жағдайы нешік?

#PR

https://youtu.be/jaVPeAi9qj4
🔥 Тоқаев алдымен Лакшми Митталдың әуселесін байқамақ. Машкевич десертке қалды

Қазақстанның арнайы прокурорлары Люксембургтен ArcelorMittal алпауыты басшыларынан жауап алуды сұрап, запрос жіберді. Бұл туралы Бас Прокуратура хабарлады.

«Арнайы прокурорлар жан-жақты тергеу жүргізу үшін компанияның бас компаниясы ArcelorMittal тіркелген Люксембургтің құзырлы органдарына құқықтық көмек көрсету туралы өтініш жіберді», - деді, Бас Прокуратура өкілі Дархан Дүйсенбай.

Арнайы прокурорлар компанияның негізгі акционерлерінің өз кеніштерінде орын алған апаттар мен оның салдары туралы хабардар ма, жоқ па, соны түсінгісі келеді.

Миллиардер Лакшми Миттал Қарағанды металлургия зауытын өз қолына түсірген 16 жылдан бері Теміртауда қаза тапқандар саны 100-ге жуықтаған. Лакшми Митталға бағынатын әлемдегі барлық болат қорыту зауыттарының ішінен "АрселорМиттал Теміртау" апат саны мен оның құрбандары бойынша алда келеді.

"Жаңа Қазақстанның" Лакшми Митталға сұрағы көп. Назарбаев тақтан тайғалы Миттал да Қазақстанға үмітпен қарауды қойды. Александр Машкевич басқаратын ERG корпорациясы да тура осындай жағдайда отыр.

https://t.me/dalainside
💸🇰🇿 Ұлттық қор өсіп келеді. Бірақ оның жағасына трансферттер жармасуда

​2023 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша Ұлттық қордың көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,16 триллион теңгеге, яғни 4,1%-ке өскен деп жазады, Экономикалық зерттеулер институты.

Қаражаттың ұлғаюы мұнай секторы ұйымдарынан түсетін салық түсімдерінің өсуімен, сондай-ақ республикалық бюджетке трансферттердің төмендеуімен байланысты болды.

Сонда, жыл басындағы екі айда салық түсімдерінің көлемі 1,19 триллион теңгені құраған. Биыл мұнай салығы түсімдері екі есеге өсіп отыр. Сол екі айда Үкімет Ұлттық қордан бюджетке деп 621 миллиард теңге алған. Ал трансферт көлемі 2023 жылға кем дегенде 3 триллион теңге деп жоспарланғандықтан, Ұлттық қорға қысым көбейе түсетіні анық.

Нәтижесінде, 1 тоқсанның қорытындысы бойынша біздің Ұлттық қорда 29,39 триллион теңге жатыр. Қазақстан өз жоспары бойынша 2030 жылға дейін Ұлттық қорға 100 миллиард доллар жинауы керек.

#PR

https://t.me/dalainside