🇰🇿📞🇸🇦 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
✔️Мемлекет басшысы мен Тақ мұрагері сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандыруға ерекше мән бере отырып, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытудың оң перспективаларын атап өтті.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, энергетика, қаржылық қызмет көрсету және туризм сияқты салалардың әлеуеті зор екеніне назар аударды.
📌 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Салман Әл Саудты елімізге сапармен келуге шақырды. Тақ мұрагері шақыруды ілтипатпен қабыл алды.

Akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті —…
👍3
🖥️ «Зерде» ұлттық холдингі не жабылады, не түпкілікті өзгереді
Әзірге оны "Самұрық-Қазына" өткен сценариймен жүргізу ойластыруда. Басшысы Арман Әбдірасыловтың қызметі жіті тексерілмек. Қазірден бастап оның "Astana HUB-тан" табылған былықтарға қатысы бар-жоқтығы зерттеле бастады. Жалпы оның "Зерде" холдингінің басшылығында қалуы екіталай дейді, "DALA инсайд" дереккөздері.
"Зерде" көптен бері Есеп комитетінің назарында еді. Президент оның төрайымын қабылдап, Зердені реформалау жөнінде тапсырма берді. Холдинг жұмысы тиімсіз деп танылып отыр.
https://t.me/dalainside

👍2
Forwarded from ADYRNA.KZ
"Аманат" партиясының 15 сәуірдегі отырысында мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских Руслан Шпекбаевқа қару-жарақ саласына қатысты сұрақ қойды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"Қаңтар оқиғасында біз ҰҚШҰ әскерінен көмек сұрауға мәжбүр болдық. Өздеріңіз айтқандай, бұл оқиға дейін де, кейін де президент бірқатар тапсырмалар берді. Қаңтар оқиғасына дейін Қорғаныс министрлігі ай қарап жүрді ме, сонда? Қорғанысты дамытуға қыруар қанша қаражат кетіп жатыр. Біздің білмейтініміз қаншама? Бұл - бір. Екіншісі, бүгінгі біздің дөңгелек үстел нақты отандық өнеркәсіпке байланысты. Нақты сұрақ қойғым келеді, біз отандық қарулардан не шығарамыз? Құрастыру мәселесінен бөлек, біз не өндіреміз? Ресейде өзіндік "Армата" танкісі бар, Америкада "Абрамс" танкісі шығады. Тіпті кішкентай Израильдің өзі "Узи" қаруын шығарады. Ал бізде қару-жараққа қырғын ақша кетіп жатыр. Ал біз не өндіреміз, не шығарамыз?" деді Геннадий Генадиевич.
Шпекбаев мырза орыс ұлтының қазақ тілінде қойған сұрағына рұқсат сұрап орыс тілінде жауап берді:
"Жалпылай алғанда қорғаныс қару жарақтары туралы айтар болсақ, біздің республикада советтік жүйе әлі де қалды. Яғни, арнайы қару жарақтар шығаратын бөлімдер бар, бірақ елде ұшақ, ракета, танк сынды құралдар сақталған жоқ. Кеңестік одақтан қалғандары ғана. Оларды шығарудың өзіне келер болсақ, бізден шыққан күнде де бәсекеге қабілетті түрде өндіріледі деп айта алмаймын" деп жауап берді генерал Шпекбаев.
https://t.me/adyrnaportal

👍8
Мұнайға байлану және жағырафиялық қақпан
Бабаларымыз әлімсақтан бері осы жерді мекендегенде, әрине олар 21-шы ғасырда ұрпақтары әлемдік мұхитқа шыға алмай, сауда эмбаргосына тап болып қиналарын білген жоқ. Егер білсе, мәселені (мүмкін Иран арқылы) бірдеңе қылып шешер еді.
Қазақстан - жағырафиялық қақпанның классикалық үлгісі. Жеріміз кең-байтақ, тағы басқа деп мақтанғанымызбен, егер практикалық тұрғыда қарасақ, экономикалық өсім үшін бұл өте ыңғайсыз жер екенін мойындау керекпіз. Теңіз порттарынан алыстамыз, бізге қыста қатып қалмау үшін орасан энергия генерациясы керек, көктемгі су тасқыны жыл сайын қаржылық шығын әкеледі, қалалар бір-бірінен алыс болғандықтан логистика қымбат, жаздағы қуаншылық салдарынан дәнді-дақылдар аз жиналады. Қазақстан геосаяси жағдайға түбегейлі байланған ел екенін қазіргі жағдай жақсы көрсетіп берді. Кез-келген көрші ел, әлемдік қауымдастық болсын, біздің қаржылық жағдайымызға оңай ықпал ете алады.
Ресей ашқан соғыс қазірдің өзінде бізге 300 миллиард теңге шығын әкелді. Егер КТК терминалындағы "жөндеу" жұмыстары енді бір айға созылса, онда тағы қосымша 300 миллиард теңге жоғалтуымыз мүмкін. Биыл бюджет дефицитін жабуға Ұлттық қордан 4 триллион теңге алып отырмыз. Сондықтан, биылдан бастап Қордағы қаржының азая бастау процессі басталуы ықтимал. Басты сұрақ - біз оны тоқтата аламыз ба? Дәл қазір осы сұрақтарға ешкім жауап бере алмайды.
Егер Ресеймен барынша келісейік десек, АҚШ-тың дауысы қатаңдап келе жатыр. Жанет Иеллен нақты сигнал берді, оның бізге де қатысты екені түсінікті.
250 жыл бойы жұмыс істеп келген Абылай Хан стратегиясы (соңғы 30 жылда "көпвекторлы" деген атауға ие болғаны бар) енді бізге көмектесе ала ма?
Наурыз айынан бері макроэкономикада риторикалық сұрақтар көбейді. Себебі, бұрын біз иек артатын математикалық модельдерден еш пайда жоқ. Қазір тіпті сандар, есептеулер, статистика да ештеңені болжауға көмектесе алмайды. Аналитиктер үшін "дәрменсіздік" фазасы басталды. Экономиканың саяси шешімдерге тәуелді екенін анық көрдік.
Мұнай нарығында дәл қазір біз Ресей үшін артық бәсекелес болып отырмыз. Оларға мұнай бағасының қымбаттағаны керек. Осы жолда біздің мұнайды нарықтан ығыстыру, болмаса жартылай қысу жалпақ жарияланбаса да, астыртын жүріп жатқаны рас. Ол сонымен бірге, Ресейдің бізге қатысты келіссөздердегі позициясын күшейтеді.
Биыл көп қаржы жоғалтамыз ба? Ия. Нақты қанша? Ешкім білмейді. Келесі жылы ше? Ол да белгісіз.
Демек, биыл біз стагнациядан белгісіздік кезеңіне өттік. Менің ойымша, бұл ең нашар уақыт.
Айбар Олжаевтың фейсбуктағы жазбасы

👍6
Forwarded from ADYRNA.KZ
Алматыда Уәлиханов алаңында утильсборға қарсы митинг басталды. Бұл туралы orda.kz хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
Ұйымдастырушылар сахна алдына көлік орнатты, онда нөмірлік белгілердің орнына вице-премьер министрдің "СКЛЯР"деген тегі жазылған.
100-ге жуық адам жиналған екен
https://t.me/adyrnaportal
Ұйымдастырушылар сахна алдына көлік орнатты, онда нөмірлік белгілердің орнына вице-премьер министрдің "СКЛЯР"деген тегі жазылған.
100-ге жуық адам жиналған екен
https://t.me/adyrnaportal
👍8
Forwarded from ORDA
Митинг подходит к завершению. Звучит патриотичная песня Атамекен!
❗️Фото и видео редакции ORDA.
t.me/orda_kz
❗️Фото и видео редакции ORDA.
t.me/orda_kz
👍4
“Қазақ тілі - Қазақстан халқын біріктіруші идеология” дейді Қазақстандағы Украина елшісі. Меніңше, дұрыс айтады. Ал сіздер ше? Келісесіздер ме?
https://youtu.be/0JpeAd_Kp-w
https://youtu.be/0JpeAd_Kp-w
YouTube
Петр Врублевский: Қазақстан үшін соғыс сабақтары, "Теледидар тоңазытқышты "жеңді"
«Таразы» жобасының бұл жолғы қонағы – Украинаның Қазақстандағы Елшісі Петр Врублевский. Сұхбатты жүргізген — журналист Арман Әубәкір.
Оператор-монтаждаушы - Бауыржан Жаһанұлы. Сұхбат сапар барысында, көлікте жүргізілді.
Петр Врублевский: Уроки войны для…

👍28
⚡ Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевқа үш адам өлтірді деген айып тағылуда.
Нұрболдың өзі жасырынып жүр. Бұл туралы @egovpress арнасы өз дереккөзіне сілтеме жасап, жазады.
Тергеу барысында оның бар қылмысын «Копчик» деген лақап атпен белгілі қылмыстық авторитет Бауыржан Көпжасаров және басқа да ұсталғандардың жайып салғаны айтылады. Нұрбол Назарбаевтың өзі кезінде Алматы облысында Полиция департаменті басшысы орынбасары қызметін атқарған.
Қазір бірнеше ақпарат көздері оның Дубайда жасырынып жүргенін хабарлайды.
☀️ Экс-президент Назарбаевтың әулеті барлығы дерлік Дубай әмірлігіне қоныс аударған. Себебі, Дубай билігі оларға ескі достықты ескеріп, заңдық иммунитет беріп отыр.

👍12
🇰🇿 Жаңа да ескі Қазақстан
Президент Тоқаевтың жақын туыстары басшы бола алмайды деген заң қабылданып жатқанда, "ҚазТрансОйл" ұлттық компаниясының басқармасына Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың туған бауыры Ғазиз Қошанов жайғасқан екен.
👨❤️👨 Ескі Қазақстанды дәл осылай Нұрлан мен Ерлан Нығматуллиндер шайқаған еді.
Жаңа Қазақстанды Ерлан мен Ғазиз Қошановтар шайқамақ.
Айырмашылықты сезіп тұрсыз ба?

🤔7👍3
⚡ Мәскеу парад өткізуден бас тартқан Қазақстаннан жауап күтіп отыр! Кремль өз позициясын Дума депутаты арқылы жеткізіпті.
Депутат Николай Новичков 9 мамырды парадсыз, салютсыз өткізуге болмайды дейді.
"Айғай-шу шығармай түсіндіруге тырысайық. Дипломатияның тәсіліне салып, парад өткізу 9 мамырдың дәстүріне айналғанын Қазақстан билігінің құлағына құялық. Біздің позициямыздан құлағдар болсын.
Егер мұндай шешімнің себебін түсіндіріп, алдымыздан өтсе мәселе жоқ, бұл тақырыпты жылы жаба саламыз. Қанша дегенмен Қазақстанмен достық байланысымыз бар ғой...", - дейді депутат Новичков.
...
Бөгде елдің ішкі ісіне тұмсық тығу күндердің-күні Ресейдің түбіне жетеді.
Украин жерінде 20 мың жауынгерінен айырылған Путин парадқа жетпей тоңқалаң асуы ғажап емес.

👍8🤮8
Forwarded from ADYRNA.KZ
Бауыржан Байбек анасымен бірге меккеге барған екен. Бұл туралы Достық-тревел туристік компаниясы өз парақшасында хабарлапты.
👍9👎3
💯 Миллиардер, Freedom Finance қожайыны Тимур Турлов Ресей азаматтығынан бас тартыпты
Күн көру керек, әрине таң қалмаймыз)
10 жыл Қазақстанда жұмыс істеді, бірақ ол да Қазақстан азаматы бола алмайды. Себебі оффшорда азаматтығы бар. Жаны қыспаққа келгенде ол да жанталасып жатыр….

👍6😁1
😂 Ой, епт! Туиттердегі подписчиктері Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтің әбден ығырын шығарды. Не былай жаз, не түнде жазба, не жоғалып кеттің деп шағымдана беретін болған.
Бозымбаев туиттерін жеке өзі жүргізетін елдегі жалғыз әкім. Негізі туиттерден қайрат кеткелі қай заман. Бозымбаевқа телеграмға ауысқан дұрыс сияқты, ол жерде адам көбірек. Бозымбаев барған жерінде экономикалық өсім көрсететін әкім.
Егер Алматы облысы Жетісу облысынан бөлініп, Бозымбаев Алматы облысында қалса, онда 2024 жылдары облыс дотациялық өңірден донорға айналуы мүмкін.

👍13