🏥 Биылдан бастап Қазақстанда медицина орталықтары жабыла бастамақ
Коммерциялық медицина саласын банкроттық күтіп тұр. Ulagat Consulting Group жүргізген зерттеу 2023 жылы саланың басым бөлігінің банкротқа ұшырау қаупін көрсетеді.
Өйткені, медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі мемлекет тарапынан жеткілікті қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген. 2020-2021 жылдары медорталықтардың жалпы шығынында жалақы үлесі 51-52 пайызға жеткенде, мемлекеттің медицинаға деген шығындары өскен болатын. Мысалы, ГОБМП 36 пайызға, ал ОСМС 42 пайызға өсті.
2022 жылдан бастап мемлекет медицина қызметкерлерінің жалақысын тағы 25%-ға көтеруді талап етіп отыр. Бірақ ГОБМП, ОСМС тарифтерін ұлғайтпады. Сонда жекеменшік медорталықтар айлықты өз қалтасынан 25 пайызға өсіруі тиіс. Бұл ретте олардың жалақыға деген шығындары жалпы шығын үлесінде 67%-ға жетпек.
Ulagat Consulting Group жүргізген сауалнамаға сай, Қазақстандағы жекеменшік медорталықтарының 47 пайызы 2022 жылды шығынмен аяқтаған. Ал 2023 жылы шығынға бататын медициналық орталықтар үлесі 71,5 пайызға жетеді.
Олар жаппай жабыла бастаса, азаматтарды емдейтін жер таппайтын боламыз.
https://t.me/dalainside

👍56😱5🔥4👎3
💥 Путиннің арманы орындалады: Жаңа Қазақстан "газ одағын" құруға қадам жасады...
Qazaq Gaz ұлттық компаниясы "Газпромның" алдына өзі барды.
Біздікілер ресейлік монополиске 🇨🇳 Қытайға жетіп жығылатын жаңа газ құбырының құрылысын жүргізуді ұсынған.
Мәскеу мен Бейжіңнің арасын жалғайтын жаңа транзитті бағыт Қазақстанның аумағын басып өтеді.
Qazaq Gaz осының есебінен еліміздің шығыс өңірін газдандырып алмақ.
"Шығыс Қазақстанның территориясын түгел қамтитын транзиттік бағыт тек осы өңірмен шектеліп қалмай, оған жапсарлас орналасқан аймақтарға да септігін тигізеді. Жобаның кем-кетігі жоқ, екшеліп-текшелді, есеп-қисабы жасалды...", - дейді Qazaq Gaz-дағылар.
Ресейлік компания қазақтардың ұсынысын бірден қабыл алмай, ойланып-толғануға мұрсат сұрапты.
Есесіне ресейлік телеграм-арналар малақайын аспанға атып, алақай жаңалықтыПутиннің кезекті жеңісіне балауда.
"Бұл келісім екі елдің Үкіметі деңгейінде әлдеқашан шешілген. Қазақтардың теріскей пен шығысты өз газымен қамтамасыз ететін қауқары жоқ. Әдеттегідей, біз оларға қол ұшын созамыз...", - дейді ресейлік пропаганда.
Батыс жаңарақта ғана "Газпромның" бірнеше топ -менеджерін санкциялық тізімге енгізді.
Dalainside мұны "газ одағын" құрудың бастамасы деп санайды. Бұл дұрыс па, бұрыс па дегенді оқырманның еркіне қалдырайық.
Айтқандай, бүгін Ресейдің "Дружба" құбыры арқылы қазақ мұнайының алғашқы партиясы 🇩🇪Германияға жөнелтілді.
"ҚазТрансОйл" 20 мың тоннадан асып жығылатын мұнайды "Дружбамен" қуалап әкеп, Польшадағы "Адамов заставасы" қабылдау пунктіне жеткізіп береді.
Ресей бұл транзит үшін тәп-тәуір төлем алады, әрі мұнай құбыры да қаңырап тұрмайды.
Ал, "газ одағының" жай-жапсарын алдағы күндері айтатын боламыз. Арнаға тіркеліп алыңыз👇
https://t.me/dalainside
Qazaq Gaz ұлттық компаниясы "Газпромның" алдына өзі барды.
Біздікілер ресейлік монополиске 🇨🇳 Қытайға жетіп жығылатын жаңа газ құбырының құрылысын жүргізуді ұсынған.
Мәскеу мен Бейжіңнің арасын жалғайтын жаңа транзитті бағыт Қазақстанның аумағын басып өтеді.
Qazaq Gaz осының есебінен еліміздің шығыс өңірін газдандырып алмақ.
"Шығыс Қазақстанның территориясын түгел қамтитын транзиттік бағыт тек осы өңірмен шектеліп қалмай, оған жапсарлас орналасқан аймақтарға да септігін тигізеді. Жобаның кем-кетігі жоқ, екшеліп-текшелді, есеп-қисабы жасалды...", - дейді Qazaq Gaz-дағылар.
Ресейлік компания қазақтардың ұсынысын бірден қабыл алмай, ойланып-толғануға мұрсат сұрапты.
Есесіне ресейлік телеграм-арналар малақайын аспанға атып, алақай жаңалықты
"Бұл келісім екі елдің Үкіметі деңгейінде әлдеқашан шешілген. Қазақтардың теріскей пен шығысты өз газымен қамтамасыз ететін қауқары жоқ. Әдеттегідей, біз оларға қол ұшын созамыз...", - дейді ресейлік пропаганда.
Батыс жаңарақта ғана "Газпромның" бірнеше топ -менеджерін санкциялық тізімге енгізді.
Dalainside мұны "газ одағын" құрудың бастамасы деп санайды. Бұл дұрыс па, бұрыс па дегенді оқырманның еркіне қалдырайық.
Айтқандай, бүгін Ресейдің "Дружба" құбыры арқылы қазақ мұнайының алғашқы партиясы 🇩🇪Германияға жөнелтілді.
"ҚазТрансОйл" 20 мың тоннадан асып жығылатын мұнайды "Дружбамен" қуалап әкеп, Польшадағы "Адамов заставасы" қабылдау пунктіне жеткізіп береді.
Ресей бұл транзит үшін тәп-тәуір төлем алады, әрі мұнай құбыры да қаңырап тұрмайды.
Ал, "газ одағының" жай-жапсарын алдағы күндері айтатын боламыз. Арнаға тіркеліп алыңыз👇
https://t.me/dalainside
👎135👍32😱16😢5🔥3👏1😁1🙏1
🙅 Алматыдағы "Мәдениет" ықшамауданынан жер, үй сатып алу аса қауіпті
Алматыдағы "Мәдениет" ықшамауданындағы барлығы 836 гектар жерді мемлекет толығымен өз қарауына алмақ. Бас жоспар бойынша мұнда "Алматы-3" теміржол бекеті салынбақ. Қазір ондағы 525 үйдің иелері жанталасып жер телімдері мен учаскелерін арзан бағамен сата бастады. Бірақ жаңа қожайындарын үлкен проблема күтіп тұр. Себебі, мемлекеттің заң бойынша бекітілген ставкасы нарықтық бағадан әлдеқайда арзан.
Қала сәулетшілері "Алматы-2" вокзалын сүріп тастап, оның орнына "Мәдениет" ықшамауданында жаңа теміржолы вокзалын салуға шешім қабылдаған. Ол БАКАД-пен байланысатын болады. Сонда "Мәдениет" ықшамауданындағы Байжанов, Жансүгіров, Балқаш, Құрты, Мамыражай көшелеріндегі жерлер мемлекет қарауына өтуі тиіс.
Боралдай кентінен алыс емес "Мәдениет" ықшамауданы баяғыда "Рахат" ауылы деп аталып, Алматы облысы Қарасай ауданының құрамында болған. 2016 жылдардан бері Алматы қаласының "Алатау" ауданына қосылды. Сарапшылар, "енді бұл жерден арзан бағамен жер немесе үй сатып алатын адамдар кейін үлкен проблемаға тап болуы мүмкін" деп ескертіп отыр.

👍52😱12😢4👏1
🇺🇸🇰🇿Блинкен келе жатыр: Жаңа Қазақстан АҚШ-тың ықпалды шенеунігімен ауыр әңгіме өрбітеді...
Ақ үй санкцияға қосылмай, сайғақтап жүрген елдерге салмақ салғалы отыр. Бұдан былай 🇷🇺 Кремльге жылы қабақ танытқан елдермен әңгіме басқаша өрбиді. Dalainside осы туралы талдау жүргізген Bloomberg-тің мақаласын сатып алды.
"Кремльмен алыс-берісті үзе қоймаған елдерге кеңшілік жасайтын заман келмеске кетті. Санкцияға қосылмаудың амалын тауып, сан түрлі сылтау айтып үйренгендер бұдан былай АҚШ-тың қаһарына ұшырайды. Ресеймен арадағы экономикалық байланысты үдетіп, құлқыны ашылған бұларға таңдау жасау туралы талап қойылады", - деп жазады америкалық басылым.
Bloomberg-тың айтуынша американың Қаржы мин-інде істейтін бір топ шенді осы месседжді жеткізу үшін 🇹🇷 Түркия мен 🇦🇪Біріккен Араб әмірлігіне аттанған. Ақ үй идеологтары алдағы күндері Бейжіңнің өкілдерімен жүздесіп, "АҚШ пен Батыс санкциялық соғыстың келесі сатысына көшкенін" хабарлайды.
Dalainside мемхатшы Блинкеннің Орта Азия сапарында экономикалық әріптестіктен бөлек санкция мәселесі сөз болады деп топшылайды. Негізгі ауыртпалық - Астана мен Ташкентке түскелі отыр.
"Мемхатшы аймақтағы есеп-қисапты доллармен жүргізетін компанияларға ақпараттық-түсіндіру дәрісін өткізеді", - дейді Bloomberg бұл орайда.
Түсінгеніміз, АҚШ аймақ басшыларының саяси позициясына сабырмен қараса да, корпоративтік сектордың бейтарап ұстанымын кешірмейді. Аймақтағы қаржы институттары мен компаниялар Ресеймен арадағы коммерцияны кідіртуі немесе кілт үзуі тиіс. Әйтпесе, қолымен істегенді, мойнымен көтереді. Блинкен осыны айтуға келе жатыр. Неге?
"Ақ үй Ресеймен ауылы аралас, қойы қоралас елдердің басқыншы мемлекетке жәрдемдесіп, түрлі тұрмыстық (кіржуғыш, шаңсорғыш т.б) техниканы жеткізіп жатқанын біледі. Ресейдің Қорғаныс министрлігі бұлардың бойындағы чипті жұлып алып, қару-жарақ өндірісіне жұмсауда", - дейді Bloomberg.
❗️ Су жаңа санкция пакетін сүзіп шыққан DALA INSIDE келесідей қызықты мәлімет тапты.
АҚШ Ресей мен Беларуське құны 300 💲- дан асатын смартфондар мен жылыту пештерін, ыдыс-аяқ жуатын мәшіне және принтерлерді тасымалдауға тыйым салыпты. Құны 750💲- дан асатын тоңазытқыштар, желдеткіштер мен кондиционерлер де бұдан былай Ресей нарығына кірмейді. Әңгіме, тағы сол чипке тіреліп тұр.
Айтқандай, Батыстан қол үзгісі келмейтін қаржы институттары мен компаниялар санкцияның жаңа пакетіне сай қарамағындағы Ресей активі туралы мәлімет беруі тиіс.
Бізге жеткен ақпарат бойынша осы сапарда Блинкен Қаңтар трагедиясының егжей-тегжейін сұрап, Ақорданың не себепті ОДКБ көмегіне сүйенгенін білмек ойы бар. Ол бұл сауалға былтырдан бері жауап ала алмай жүр.
"ОДКБ - Ресейдің ашса алақанында, жұмса жұдырығындағы әскери құрылым. Қазақ билігі мұны біле тұра, қауіпті қадамға барды. Біз бұдан секем алып қалдық", - деген еді АҚШ мемхатшысы.
Блинкеннің сапары Кремль пропагандасының жамбасына батуда. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі аймақ елдерін Ауғанстанмен қорқытып отыр. "Блинкеннің кө..еніне көпшік қоймаңыздар, жетегіне ермеңіздер. Олар ауған жерінің тоз-тозын шығарды. Америка әрдайым бір бармағын бүгіп жүреді", - дейді.
📌 C5+1 форматындағы Блинкен бастаған америкалық делегация мен Орта Азия Сыртқы істер министрлерінің кездесуі 28-ші ақпанда өтеді.
Бұл туралы әлі де айтамыз, арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

🔥91👍76😱8🙏4👎1
💥 Сырымбек Тауды сөйлеттік. Танымал кәсіпкер Қаңтар, ҚТЖ және қандастар жайлы айтты...
Respublica партиясының тең төрағасы, белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау Dala экосистемасына қарасты Dalanews тілшісімен тілдесті.
Dalainside осы сұхбаттың lite нұсқасын арна оқырманының назарына ұсынады.
Кәсіпкер сайлаудан шеттелерін күтпеген. Науқанға қатысардан бұрын "Сайлау туралы" заңмен мұқият танысып шыққан.
"Мәжіліске үміткер кез-келген адам ел аумағында 10 жыл тұруы шарт. Қазақстанға келіп, тұрып жатқаныма биыл аттай 17 жыл. Сондықтан сайлаудан шеттетілем деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеді", – дейді Тау.
Respublica-ны құру туралы идея Айдарбек Қожаназаров екеуіне ортақ. Кейін бұларға блогер Бейбіт Әлібеков қосылған.
Таудың айтуынша, Жаңа Қазақстанның саяси кеңістігі Respublica сынды жаңа, тың ұйымға сусап отыр.
"Ақжол? Олар бізге бәсекелес емес. Олар бизнестің мүддесін мүлде қорғаған жоқ, мұны бәрі біледі", – деп сайлаудағы басты бәсекелесін түйреп өтіпті.
Сырымбектің сөзінен аңғарғанымыз, асығы алшысынан түсіп жатса, Respublica мәжілісте бизнестің сөзін сөйлейтін болады.
Сонда қандастардың мүддесі қайда қалды?
"Қандастардың арасынан заң шығарушы органда бір емес, бірнеше депутат болуы керек деп есептеймін. Сыртта жүрген қандастарға "елге көшіңдер" деген екі ауыз сөз жеткіліксіз", – дейді Тау.
Қаңтар оқиғасы Сырымбектей бір топ азаматтың саясатқа келуіне жол ашқан.
❗️ "Анық білетін дүнием – Қасіретті қаңтар өзім секілді жігіттердің саясатпен айналысуын жеделдетті. Қаңтар бізді ортақ мүддеге біріктіріп, күресуімізге негіз болды. Егер бұл оқиға орын алмағанда біріміз ерте, біріміз кеш саясатпен айналысар едік. Бірақ оның әсері бүгінгідей болмас еді".
Кәсіпкер Смайылов үкіметінің қымбатшылық үшін әкімдерді кінәлайтын саясатымен келіспейді.
"Шетелден өндірілетін халыққа қажетті тауарларды елімізге әкімдер әкеліп жатқан жоқ қой.
Қымбатшылық тежеуде теміржол саласындағы жемқорлықты түбегейлі жою керек. 🚂 ҚТЖ жемқорлықтың ұйығына белшеден батқан. Кәсіпкерлер ішкері Қытайдан тауарды шекарамызға дейін оңай, әрі арзан бағада жеткізеді.
Ал еліміздің шетіне келген тауарды қалаларға жеткізуде жең ұшынан жалғасқан 💸 жемқорлық жолыңды кес-кестей береді. Үкімет әкімдерді жазғырғанша, кеден мен теміржолдағы жемқорлыққа көбірек назар аударсын", – дейді Тау.
Respublica-ның тең төрағасы бұдан бөлек соңғы кездері жыпырлап көбейіп кеткен "мотиваторларды" сынға алыпты.
"Олардың дәрісін тыңдар алдында, әлгі адамның бизнесте қандай жетістікке жеткенін саралап алуы керек. Табысқа жетудің "ақылмандар" айтатындай құпиясы жоқ", – дейді кәсіпкер. Толық нұсқасы мына тұста: dalanews
Айтпақшы, арнаға тіркелуді ұмытып барасыз👇

👍103🔥11👏8🙏3
👏 Оптимист экономистер инфляцияны тым ерте жеңіп кеткенге ұқсайды
Айбар Олжаев "Қазақ елі инфляция нәубетін еңсере бастады" деген фейсбук сараптамасында Ұлттық Банктің базалық сценарийі бойынша биылғы жылдық инфляция 9-12 пайыз болуы керек деп жазады. Және оның үш факторын келтіреді.
Бірақ сарапшы базалық сценарийге ғана сүйеніп, басқа факторларды елемегенін, әлде әдейі жасырып қалғанын көріп отырмыз. Мысалы, 2023 жылғы қаңтарда жылдық инфляцияның өсуін жалғастырып, 20,7%-ды құрағанын неге айтпаған?
Оның ішінде қымбаттауы 25,7%-ға дейін жеткен азық-түлік өнімдері проблемасының шешімі де тілге тиек етілмеген. Үкіметтің инфляцияны ауыздықтаудағы рөліне баға берілмеген.
Ия, айлық инфляция төрт ай бойы баяулауын жалғастырды. Бірақ, айлық инфляцияның төмендегеніне қарамастан, ол бәрібір орташа тарихи мәндерден жоғары деңгейде қалыптасып отыр. Бұл жағдайда қалайша "біз инфляцияны жеңдік" деп жар салып жазуға болатынын түсінбедік.
Экономикада бәрібір жоғары инфляциялық орта сақталғанын естен шығармау керек. Бүгінгі күтулер ертең өзгеріп кетуі мүмкін.
Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың сөзі бойынша, биылғы қаңтарда Қазақстанда нақты жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны өткен жылғы төмен база есебінен 5,6%-ды құрады. Тауар өндірісі 2,3%-ға, қызмет көрсету саласы 7,6%-ға өсті. Тұтынушылық кредиттеудің өсуіне, жоғары инфляциялық күтулерге орай азық-түлікке жатпайтын тауарлар саудасының өсуі сақталуда. Бұл азық-түлікке жатпайтын импорттың артуына әкеледі.

👍36😁9🙏3👏1
🚝 LRT: ел бюджетінің жаңа насосы
Астанадағы LRT онсыз да дефициттен көз ашпайтын Қазақстан бюджетін әбден зорықтырмақ.
2023 жылы LRT құрылысын жалғастыруға республикалық бюджеттен 50 миллиард теңге бөлу жоспарланды. Бұл шешім республикалық бюджет комиссиясының отырысында бекітілді. Енді жоба Парламент қарауына ұсынылуы керек, бірақ Мәжіліс құрамы дайын емес. Сондықтан жоба сайлаудан кейін талқыға түседі. Жоспар бойынша осы сәуір айында әкімдікке ақша аударылуы тиіс.
Қазір тұрған LRT бағандарын орнату үшін 475 миллион доллар кетті. Ол Қытайдан қарызға алынған ақша. Мемлекет ай сайын осы кредитті төлеп отыр. Онымен қоймай, LRT-ға өткен жылдың соңында 1 миллиард доллардан астам қаржы бөлінген еді. Енді 580 миллион доллар қажет. Сонда шамамен төлеп жатқан қарыздан бөлек 700 миллиард теңге кетеді. Қаржы осылай 50 миллиард теңге болып жырымдап беріліп отырады. Ал LRT-ның өзі 2024 жылы дайын болуы тиіс.
Шығын мұнымен бітпейді. Себебі LRT кіріс әкелмейтін транспорттық жоба. Оның жүріс-тұрысы: техникасы, вагондары, құрал-саймандары, тоқ, коммуналды шығындар, қызметкерлердің жалақысы - осының барлығын Астана әкімдігі субсидиялап отырады. Жыл сайын кем дегенде 20 миллиард теңге шығын әкеліп отырмақ.
Астана халқына пайдасы бар ма?
Дәл қазіргі жағдайында, яғни бірінші кезеңнің маршрутында дым пайдасы жоқ. Астанада есі дұрыс адам әуежай мен жаңа "Нұрлы жол" вокзалының арасында жүрмейді. Астана тұрғындарына оң жағалау мен сол жағалауды жалғастыратын, одан әрі қарай Қосшы жаққа баратын LRT керек. Себебі, таңғы мен кешкі уақыттарда осы бағытта көлік кептелісінен көз ашу мүмкін емес. Оның бәрі LRT-ның тек екінші кезеңінен бастап жоспарланған. Яғни, егер миллиард долларлап үздіксіз ақша құйған жағдайда, Астана тұрғыны оң жағалаудан сол жағалауға ЛРТмен тек 2030 жылдары ғана бара алады.
Сонымен, қортындысы не болды? 1 триллион теңге жұмсап салған LRT Астананың қарапайым тұрғынына керек емес болып шығады. Одан кейін, ЛРТ астаналықтарға шын қажет болуы үшін (оң жағалау - сол жағалау) тағы 1 триллион теңге жұмсау керек болады.
Сонда бір LRT бүкіл Қазақстан халқының бір жылдық пенсиясымен теңеспек.

😱90👍34👎19😢8😁7👏2
🏭 Электр жабдықтары саласының кәсіпкері Азат Қонысбек: Біз АЭС-тің керек екенін түсініп отырмыз
“Қазақстанның дамуы үшін атом электр стансасын салу керек. Мұндайда тәуелсіздік алғалы бері толыққанды жандандыра алмаған қайта өңдеуші саланы аяғынан тік тұрғызып, экономикамызды диверсификациялауға ақыры қол жеткізе алар едік”, - дейді, электр жабдықтары саудасы саласындағы кәсіпкер Азат Қонысбек.
Оның айтуынша, мемлекет басшысының өзі 2030 жылы Қазақстанда электр энергиясының жетіспеушілігі байқалуына алаңдап отыр. Кәсіпкердің ойынша, осы мәселені қазір шешуіміз қажет.
«Бұл біздің бүкіл халықтың мүддесіне қатысты. Өзіміздің АЭС-іміз болса, онда елімізде технологиялық ірі өндірістер ашылып, бұған дейін құра алмаған қайта өңдеуші саланы дамытып, экономиканы диверсификациялауға ақыры қол жеткізе алар едік», – дейді кәсіпкер.
Қазақстан қазір 4 компаниядан тұратын шорт-парақ жасақтады. Атап айтқанда, Ресейдің Росатом, Қытайдың CNNC, Оңтүстік Кореяның KHNP және Францияның EDF компаниялары. Барлығымен келіссөз бірдей деңгейде жүріп жатыр. Әзірге ешқайсысына да басымдық беріліп отырған жоқ.
Осы компаниялар ұсынатын реакторлардың қуаты шамалас: 1200 – 1400 МВт.
https://dalanews.kz/bas-takyryp/86848-vendor-tangdauda-qatelespeu-kerek-ka

Dalanews | ақпарат агенттігі
Вендор таңдауда қателеспеу керек – кәсіпкер АЭС құрылысы жайлы | Dalanews
"Қазақстанның дамуы үшін атом электр стансасын салу керек. Мұндайда тәуелсіздік алғалы бері толыққанды жандандыра алмаған қайта өңдеуші саланы аяғынан тік тұрғызып, экономикамызды диверсификациялауға ақыры қол жеткізе алар едік". Электр жабдықтары саудасы…
👍44👎23🔥2😱1
💥 Жаңа Қазақстан Назарбаевты тағы бір құзіреттен айырады
Экс-президент жетекшілік ететін "Самұрық-Қазына" қорын басқару жөніндегі кеңес таяу арада тарап тынады.
Кеңес қордың бәсекелік иммунитетін көтеретін әрі дамудың тың әдістерін ұсынатын жұмыспен айналысқан.
Самұрық басшылығы "Кеңес қордың құрылымына кірмеген еді. Назарбаев бастаған қор мүшелері ақыл айтқаны үшін ақы алған жоқ", – дейді.
Ұлттық экономика министрлігі Кеңесті қысқартып тастау үшін қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізгелі отыр.
❗️ Айта кетелік, қорды ұзақ уақыт бойы Назарбаевтың ет жақыны Ахметжан Есімов басқарған болатын. Тоқаев оның тұсындағы "Самұрықты" талай мәрте сын садағына алып, мемхолдингілерден халыққа қайыр болмай тұрғанын айтқан.
“2007-2018 жылдар аралығында мемхолдингілерге 7 трлн теңге бөлінді. Бұл үлкен ақша. Ел оның өтеуін көрді ме? Есеп комитеті бұларды тексере келе біраз шикілік тапты. Мемхолдингілердің жұмыс алгоритмі бір-біріне ұқсас, штат саны ұзынсонар.
Бір ғана “Бәйтеректің” әкімшілік шығыны 54 млрд теңгені құраған, оның 24 млрд-ы жалақыға жұмсалған”– деген-тұғын ТоқаевҚаңтардың алдында.
Бұған бұлқан-талқан болған Есімов экс-президенттің алдына барған.
“2019 жылы қордың таза табысы 1 трлн 256 млрд-ты құрады. 922 млрд теңге көлемінде операциялық табыс таптық. Бұл белгіленген жоспардан 38 пайызға артық. Сіз берген тапсырманы асыра орындадық”, – деп есеп берген еді Ахметжан мырза.
Алайда сол жылғы табыстан ел бюджетіне тек 190 млрд теңге аударғанын айтпай кеткен.
Айтқандай, арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalainside
Экс-президент жетекшілік ететін "Самұрық-Қазына" қорын басқару жөніндегі кеңес таяу арада тарап тынады.
Кеңес қордың бәсекелік иммунитетін көтеретін әрі дамудың тың әдістерін ұсынатын жұмыспен айналысқан.
Самұрық басшылығы "Кеңес қордың құрылымына кірмеген еді. Назарбаев бастаған қор мүшелері ақыл айтқаны үшін ақы алған жоқ", – дейді.
Ұлттық экономика министрлігі Кеңесті қысқартып тастау үшін қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізгелі отыр.
❗️ Айта кетелік, қорды ұзақ уақыт бойы Назарбаевтың ет жақыны Ахметжан Есімов басқарған болатын. Тоқаев оның тұсындағы "Самұрықты" талай мәрте сын садағына алып, мемхолдингілерден халыққа қайыр болмай тұрғанын айтқан.
“2007-2018 жылдар аралығында мемхолдингілерге 7 трлн теңге бөлінді. Бұл үлкен ақша. Ел оның өтеуін көрді ме? Есеп комитеті бұларды тексере келе біраз шикілік тапты. Мемхолдингілердің жұмыс алгоритмі бір-біріне ұқсас, штат саны ұзынсонар.
Бір ғана “Бәйтеректің” әкімшілік шығыны 54 млрд теңгені құраған, оның 24 млрд-ы жалақыға жұмсалған”– деген-тұғын Тоқаев
Бұған бұлқан-талқан болған Есімов экс-президенттің алдына барған.
“2019 жылы қордың таза табысы 1 трлн 256 млрд-ты құрады. 922 млрд теңге көлемінде операциялық табыс таптық. Бұл белгіленген жоспардан 38 пайызға артық. Сіз берген тапсырманы асыра орындадық”, – деп есеп берген еді Ахметжан мырза.
Алайда сол жылғы табыстан ел бюджетіне тек 190 млрд теңге аударғанын айтпай кеткен.
Айтқандай, арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalainside
👍99😱9🔥5👏2🙏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ “Ауыл” партиясының мүшесі Қошановтың алдында “Amanat” жайлы пікір білдірді
Ринат Зайытов, Мақсат Толықбай бастаған "аманаттықтар" Сыр өңірінде жүр. Күріш өңдейтін "Жан Арай" зауытына барған партия мүшелері жұмысшылардың талабын тыңдады.
❗️Ашық әңгіме барысында егін суаратын су тапшылығы, субсидиялау жүйесіндегі және тағы басқа да мәселелер талқыланды.
Кездесуге қатысқан “Ауыл” партиясының мүшесі “Amanat-тың” сайлауалды бағдарламасына оң баға берді.
#әріптестікнегізде

😁33👎18🔥13👍11👏5
💥Перуашев: Бізде байлар және кедейлер бар! Орта таптың орны ойсырап тұр...
"Ақжолдықтар" осы алшақтықты жойып, middle class-тың қалыптасуына күш салмақ.
Ақтөбе облысы, Қобда ауданында жүрген "Ақ жол" демпартиясының төрағасы Азат Перуашев жергілікті тұрғындармен жүздесуде Жаңа Қазақстанға салмақ сала сөйледі.
"Саяси жүйеге түбегейлі өзгеріс қажет. Бұл өзгерістер елдің әл-ауқатын арттыруға тиіс.
"Ақ жолдың" миссиясы – әрбір азаматтың еркін дамуына жағдай жасау, оның құқығы мен бостандығын құрметтеуге, халықтың тұрмыс деңгейі мен өмір сапасын көтеруге бағытталған. Біздің партия Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси өрлеуі үшін қызмет етеді, – деді Перуашев.
Партияның белді мүшесі Қазыбек Иса "Ақ жолдың" Алаш қозғалысының ізбасары екенін, қазақ қоғамын еуропалық жолмен жаңғыртуды, өркениеттің озық жетістіктерімен ұлттық мүдделерді тоғыстыруды мақсат еткенін атап өтті.
Басқосуда партия атынан саяси додаға түсіп жатқан кандидаттар "Ақ жол" партиясының саяси бағдарламасын таныстырып, Мәжілісте атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Бағдарламаның негізгі "6️⃣ қағидатын" атаған ақжолдықтар жемқорлықпен күрес, әлеуметтік әділеттілік, ауылды ипотекалық несиелендіру, ауыл жастарын қолдау және медициналық сақтандыру бойынша жиналғандардың сауалдарына жауап берді.
Бұдан кейін Ақтөбе қаласына ат басын бұрып, осында орналасқан "Атамекен" кәсіпкерлерімен кездесті. Перуашев жиында кәсіпкерлерді толғандырған мәселелерді көтерді.
"Ақ жол" – кәсіпкерлер мен отандық өндірушілердің өкілі. Біз бизнестің мүддесін қорғау үшін жұмыс істейміз.
❗️Бүгінде елдің ең үлкен мәселесі – бай мен кедей арасындағы алшақтық. Бұл мәселені толыққанды орта тапты қалыптастыру арқылы шешуге болады.
Жаңа Қазақстанда бизнестің жұмысына кедергі келтірілмеуі керек. Мақсатымыз – сіздер сияқты өз ісін дамытып, отбасын асырап, жұмыс орындарының ашылуына үлес қосып жүрген азаматтарымызға қолдау көрсету, – деді Азат Перуашев.
Жиынға қатысқан қауым "Ақжолдың" саяси бағдарламасын қолдап, бизнеске қолайлы орта жасауға және әділ салық төлеуге ықпал ететін жаңа заң әзірлеуде ШОБ мүддесін ілгерілетіп отырғаны үшін "Ақ жол" демпартиясына алғыс айтты.
Партия мүшелері Ақтөбе халқын, 19 наурызда "Ақ жол" демпартиясын қолдау үшін сайлау учаскелеріне келуге шақырды.

👍56👎51👏16😱8🔥1🙏1
🇺🇿🇰🇿🇰🇬Өзбек олигархы Орта Азияда Ресейге қарсы коалиция құрады...
Таяу арада аймақта Әлішер Османов қаржыландыратын әрі кураторлық ететін антиресейшіл бизнес-қауымдастық құрылады.
Миллиардер Мәскеу мен Ташкенттің арасына ши жүгіртіп, Шавкат аканың қолтығына су бүркуде.
Dalainside Османовқа шүйлігіп жатқан ресейлік масс-медианың мәліметіне талдау жүргізді.
Ол үшін әңгімені әріден, газ одағынан өрбіту қажет. Интриганың көкесі осы тұста.
Ташкент осы идеямен ауыратын Мәскеуді тәубесіне түсірген сыңайлы. Өткенде Өзбекстанға барған Ресей премьері Мишустин де тауы шағылып қайтқан.
Кремль мұнай-газдан бөлек валюта операциясы мен логистика саласында өзбектерді жіпсіз байлауды жоспарлаған. Бірақ, мұндайфиаскоға ұшырарын күтпесе керек.
❗️Газпромның генпланы бойынша: өзбек жеріндегі 85 газ кеніші мен әлі игерілмеген, қойнауында 1 трлн (!) көгілдір отыны бар 35 кен орны ресейлік монополистің меншігіне өтуі тиіс-тін.
Орыстар көл-көсір байлықты 35 жылға жалға алуды көздеп, алақанды ысқылап отырған.
Ташкент күні кеше екі жеп, биге шыққысы келген орекеңдерге әдемі мат қойды.
"Берсек, біреуімен шектелеміз, табысты тең бөлеміз..." деп қысқа қайырды ӨзбекМұнайГаз.
"Өзбек банктері валюталық есеп-қисап кезінде ресейлік тараптың мүддесін мүлде ескермейді. Ол аздай армиясын 🇪🇺 НАТО стандартына сай бейімдеуде...", - деп байбаламға басуда Кремль пропагандасы.
Бұған өзбек олигархының қатысы қанша?
Османов Ресей резиденті емес. Пенсияға шығып, атажұртына оралғалы 7 жылға жуықтады.
Ә деп соғыс басталғанда 🇺🇸АҚШ-тың Қаржы мин-і Османовқа қарасты компанияларды бұғаудан босатқан.
Ресейлік пропаганданың ұлардай шулап жатқаны да содан. "Уашингтон мен Османов бартер жасасты" дейді.
Санкция құрсауынан босаған өзбек олигархы мұның өтеуі ретінде Ресейге қарсы бунт ұйымдастыруы тиіс.
Кремль идеологтары Ақ үйде "Тәшкен көргендердің" көбейіп кеткеніне алаңдаулы. Мемхатшы Блинкен келерден бұрын Ташкентті оның екі бірдей көмекшісі Елизабет Трудо және Ақ үйдің Орта Азия бойынша кураторы Доналд Лу барлап кеткен.
Dalainside-қа жеткен мәлімет бойынша Ақ үй дипломаттары осы сапарда Османовпен жүздесіп, аймақта антиресейлік бизнес-коалиция құру туралы🤝 ортақ ұйғарымға келген.
Санкциядан аман қалған өзбек олигархы аймақтағы Ресей арынын тежеп, Мәскеуге қарсы риториканы үдетуі тиіс.
Әңгіменің әлқиссасын "газ альянсынан" бастауымыз бекер емес. Өзбек миллиардері Мәскеудің Орта Азия аймағында әлгіндей одақ құруына кедергі келтіреді.
Ақ үй Османовтың түркі кеңістігіндегі ықпалды тұлғаларға сөзі өтеді деп санайды.
Соңғы жылдары өзбек миллиардерінің Ресейдегі инвестбелсенділігі айтарлықтай бәсеңдеген.
Әлішер Османовтың 💰әмияны Ресейдің амбициясын ауыздықтауға жұмыс істесе, бұл әлбетте ақжолтай жаңалық.
Демек, Америка Орта Азиядан күдер үзген жоқ, Батыс альянсы Кремльді өкпе тұсынан тықсырады деп топшылауға болады.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalainside
Таяу арада аймақта Әлішер Османов қаржыландыратын әрі кураторлық ететін антиресейшіл бизнес-қауымдастық құрылады.
Миллиардер Мәскеу мен Ташкенттің арасына ши жүгіртіп, Шавкат аканың қолтығына су бүркуде.
Dalainside Османовқа шүйлігіп жатқан ресейлік масс-медианың мәліметіне талдау жүргізді.
Ол үшін әңгімені әріден, газ одағынан өрбіту қажет. Интриганың көкесі осы тұста.
Ташкент осы идеямен ауыратын Мәскеуді тәубесіне түсірген сыңайлы. Өткенде Өзбекстанға барған Ресей премьері Мишустин де тауы шағылып қайтқан.
Кремль мұнай-газдан бөлек валюта операциясы мен логистика саласында өзбектерді жіпсіз байлауды жоспарлаған. Бірақ, мұндай
❗️Газпромның генпланы бойынша: өзбек жеріндегі 85 газ кеніші мен әлі игерілмеген, қойнауында 1 трлн (!) көгілдір отыны бар 35 кен орны ресейлік монополистің меншігіне өтуі тиіс-тін.
Орыстар көл-көсір байлықты 35 жылға жалға алуды көздеп, алақанды ысқылап отырған.
Ташкент күні кеше екі жеп, биге шыққысы келген орекеңдерге әдемі мат қойды.
"Берсек, біреуімен шектелеміз, табысты тең бөлеміз..." деп қысқа қайырды ӨзбекМұнайГаз.
"Өзбек банктері валюталық есеп-қисап кезінде ресейлік тараптың мүддесін мүлде ескермейді. Ол аздай армиясын 🇪🇺 НАТО стандартына сай бейімдеуде...", - деп байбаламға басуда Кремль пропагандасы.
Бұған өзбек олигархының қатысы қанша?
Османов Ресей резиденті емес. Пенсияға шығып, атажұртына оралғалы 7 жылға жуықтады.
Ә деп соғыс басталғанда 🇺🇸АҚШ-тың Қаржы мин-і Османовқа қарасты компанияларды бұғаудан босатқан.
Ресейлік пропаганданың ұлардай шулап жатқаны да содан. "Уашингтон мен Османов бартер жасасты" дейді.
Санкция құрсауынан босаған өзбек олигархы мұның өтеуі ретінде Ресейге қарсы бунт ұйымдастыруы тиіс.
Кремль идеологтары Ақ үйде "Тәшкен көргендердің" көбейіп кеткеніне алаңдаулы. Мемхатшы Блинкен келерден бұрын Ташкентті оның екі бірдей көмекшісі Елизабет Трудо және Ақ үйдің Орта Азия бойынша кураторы Доналд Лу барлап кеткен.
Dalainside-қа жеткен мәлімет бойынша Ақ үй дипломаттары осы сапарда Османовпен жүздесіп, аймақта антиресейлік бизнес-коалиция құру туралы
Санкциядан аман қалған өзбек олигархы аймақтағы Ресей арынын тежеп, Мәскеуге қарсы риториканы үдетуі тиіс.
Әңгіменің әлқиссасын "газ альянсынан" бастауымыз бекер емес. Өзбек миллиардері Мәскеудің Орта Азия аймағында әлгіндей одақ құруына кедергі келтіреді.
Ақ үй Османовтың түркі кеңістігіндегі ықпалды тұлғаларға сөзі өтеді деп санайды.
Соңғы жылдары өзбек миллиардерінің Ресейдегі инвестбелсенділігі айтарлықтай бәсеңдеген.
Әлішер Османовтың 💰әмияны Ресейдің амбициясын ауыздықтауға жұмыс істесе, бұл әлбетте ақжолтай жаңалық.
Демек, Америка Орта Азиядан күдер үзген жоқ, Батыс альянсы Кремльді өкпе тұсынан тықсырады деп топшылауға болады.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍287🔥21👏5🙏4😁2
💥 Huawei Жаңа Қазақстанға қажетті ІТ кадр дайындайтын академия ашады!
Huawei компаниясы өткен айда екі бірдей маңызды іс-шараға қатысты. Барселонадағы технология көрмесінде Huawei "Үмітке толы интеллектуалды болашақ" концепциясын таныстырды.
Қытай алпауыты 5G-дің теңдессіз мүмкіндіктерін, цифрлық және интеллектуалды трансформацияны қамтамасыз ететін өзінің ең жаңа өнімдері мен шешімдерін ұсынды.
Бұлардың арасында: 📲 Huawei Mate 50 сериясының жаңа модельдері, 🎧 HUAWEI WATCH Buds, ⌚️HUAWEI WATCH GT Cyber секілді инновациялық өнімдер бар.
Компания 5G желісін дамытып қана қоймай, 5.5G желісінің негізін қалауға кірісіп кетті. Бұдан бөлек Huawei және Юнеско цифрлық сауатты арттыру бойынша бірлескен жоспарын жария етті. 2008 жылдан компания талантты адамдардың бағын ашатын бағдарламаны қаржыландыруда.
🧑🏻💻 "Seeds for the Future" бағдарламасы 150-ден астам елде 2,2 миллиондай талантты жастардың танылуына жол ашқан.
Күні кеше Huawei дарынды жастарды қолдауға тағы 150 миллион доллар бөлді. Жоба біздің елді де қамтиды.
Алдағы уақытта Huawei-дің көмегімен Жаңа Қазақстанға қажетті ІТ кадрлар дайындайтын 25 академия ашылады.

👍111👎23🔥12👏5🙏3😁1
⚡ Ардагер энергетик мамандарымыз АЭС-ті күтіп жүр
Отандық энергетика саласына жарты ғұмырын арнаған ардагер энергетик Ахметкәрім Құрманғазин тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанда бір де бір жаңа ГЭС-тің салынбауы, бұрынғы барымызбен ілдебайлап келе жатуымыздың өзі қауіпті екенін айтып, дабыл қағады. Ол, салыстырмалы түрде, мұны басқалар алға ілгерілеп, соны үлгідегі көлік мініп жүргенде сенің астында қақалып-шашалған ескі-құсқы «Запорождың» болуына теңейді. «Артта қалған» деген сөз жай бергі жағы, сол ескірген ГЭС-теріміз қыстағы Екібастұздың жылу жүйелері секілді сыр беріп жүрмесе десеңіз, әрине оның бетін аулақ қылсын», - дейді Ахметкәрім Құрманғазин.
Оның айтуынша, жыл өткен сайын техника, технология қарыштап дамып, күнделікті тұрмыс-тіршілігімізге дендеп еніп жатыр. Адам тұтынысындағы барлық техника энергияны қажет етеді. Оны айтасыз, тіпті энергиямен жылынатын бүтін тұрғын үй кешендері де бар бізде қазір. «Жылы еден» деген де әлдеқашан сәнге айналған. Осының барлығы энергия тұтынысына деген салмақты арттырып жатыр. Бірақ, соған сай энергетика өндірісі кешені бізде мүлде жаңармаған. Салыстырмалы түрде айтсақ, бұл қазір көп менсіне бермейтін ескі «Запорож» көлігімен жүрген секілді ғой.
«Осы сала маманы ретінде мен атом электр стансасы бар елдерге қызыға әрі қызғана қараймын», - дейді ардагер.
Энергетиктің айтуынша, бізге де тездетіп АЭС салу керек. Тоқ жетпей бара жатыр. Ескі-құсқыны жамап, алысқа бара алмаймыз.
https://dalainside.kz/03/manyzdy/06/2023/870/

DALA инсайд
АЭС-і бар елдерге неге қызығамыз? - DALA инсайд
Отандық энергетика саласына жарты ғұмырын арнаған ардагер энергетик Ахметкәрім Құрманғазин дабыл қағып отыр
👍83👎20🙏3🔥2😁2
Forwarded from Кайрат Боранбаев
Российское издание «Московский комсомолец» обратило внимание на судебный процесс над Кайратом Боранбаевым. Автор материала справедливо замечает, что расследование дела стало важным событием и за пределами Казахстана. Это неудивительно, ведь масштаб личности Кайрата Советаевича также шире географических рамок. Боранбаев – не просто крупный предприниматель. Он – меценат и общественный деятель, председатель национального Паралимпийского комитета.
В статье не обошлось без анализа финансовой составляющей. Журналисты соглашаются с доводами защиты, которые не раз звучали в зале заседания: совокупный доход группы компаний QazaqGaz превысил 265 млн долларов, а проверка Счетного комитета Казахстана не нашла в этой сделке нарушений. Несмотря на то что, по сути, в деле нет состава преступления, Боранбаев остается за решеткой с марта прошлого года.
«Либерализация судебной системы пока не стала козырем казахстанской юстиции», – считает МК. Этот тезис подтверждают и громкие акции в поддержку Кайрата Боранбаева. Артисты, спортсмены, бизнесмены из России и Казахстана открыто заявили, что знают главного фигуранта как человека слова, принципиального и смелого.
#медиа

www.mk.ru
Суд да дело
Один из крупнейших бизнесменов и меценатов Казахстана Кайрат Боранбаев был задержан в марте прошлого года. По данным Forbes Казахстан, его обвиняют в хищении 14,5 млрд тенге, которые компания, чьим акционером он является, получила, перепродав газ национальной…
👎53👍21😁3👏1
🏦 "Bereke bank" ақыры береке тапты
АҚШ-тың Қаржы министрлігі Қазақстандағы бұрынғы Сбербанкті санкциялар тізімінен шығарды. Кезінде Сбербанкті Қазақстан Үкіметіне қарасты "Бәйтерек" холдингі сатып алып, атын "Bereke bank" деп ауыстырған болатын.
"Bereke bank" ҚНРДА өткізген AQR тестінен өте алмады. Себебі қазір ол ешбір пруденциалды нормативтерді орындай алмайды. Бір сөзбен айтқанда, ол оңалу процессінде және оның маңызды қадамы - санкциялардан құтылу.
"Бәйтерек" Bereke банкін өзінде ұзақ ұстамайтын сияқты. Санкциялардан шықты, енді балансы тазарғаннан кейін міндетті түрде сатуға қойылады.
Бір сұрақ - осы операциядан мемлекет пайда таба ма? Конда "Бәйтерек" басшысы Қанат Шарлапаевтың іскерлік беделі тұрғаны анық. Үкімет Сбербанкті қаншаға, қандай талаптармен сатып алғанын әлі айтпай отыр. Оны әр азаматтың білуге толық құқы бар.
Себебі Үкімет фискалды қаржыны басқаратындықтан, банкті сатып алуда салық төлеушілердің қаржысы жұмсалғаны анық.

👍100👎6🔥3😱2🙏2
⚡️ Балушкин бірнәрсені бықсытып жүр! Ол Мәсімовті, Мәминді және Склярды жамандады...
Шетелде бой тасалап жүрген 🚘 "Бипек Автоның" атышулы қожайыны Анатолий Балушкин Мәскеудегі соғысқұмар сайттарға мұңын шағыпты.
"АвтоВаз-дың" сыбайласы саналған әрі қазақстандық нарықты орыстың қаңсығына толтырып тастаған Балушкин пенсиядағы экс-президентке де өкпе артқан.
"Назарбаевтың үш бірдей сайлау кампаниясын мен өткеріп бердім. Сайлау штабын қаржыландыруға шытырлатып ақша санап жүрген кез-келген кәсіпкер бара бермейді. 15 жыл бойы осы науқанның шығынын көтеру маған жүктелді. ШҚО-ның дауыс беруге жарайтын тұрғындарын сирағынан сүйретіп, сайлау учаскесіне апардық. Үлкен кісіге дауыс бергендердің үлесін көтердік...", - дейді Балушкин.
Қашқындағы миллиардер өзіне шаң жуытқысы келмей бар кінәні Мәсімовке, Мәминге және Склярға аударуға тырысыпты.
"Мұрттының" қылышынан қан тамып тұрған шақта "Бипек автодан" үлес дәметкенін майын тамызып отырып әңгімелеген екен. Біз барынша сығымдап ұсындық.
❗️ "Мәсімов менісепаратиске айналдырды. Бізді "орыс әлемінің" шпионына балап, іске саяси реңк берген де осы оңбаған.
Мәсімовтың күйеубаласы Азамат Қапенов менің кураторым есебінде жүрді.
Олардың шарты: бизнестің 10%-ын өзіме қалдырып, 90%-ын Кәрімнің қолына ұстатамын.
"Бипектің" активі 650 млн 💲- ға бағаланды. Құрылыс компаниясына иелік еттік. Бұған қоса 700-ге тарта арнайы техникамыз бар-тын. Зауытымыз жұмыс істеп тұрды.
Мәсімовтің әдепкі рэкеттен айырмасы шамалы, оның көкейін тескен ақша еді, пішен ақша...", - дейді Балушкин.
Балушкиннің байлығын басып қалуды көздеген Мәсімов - Мәмин тандемі кәсіпкерді балағаттап, экс-президентке арыз айта барған.
Сөй деген Балушкин өзін ескі Қазақстан өкілдерінің құрбаны ретінде сипаттапты.
"Ілгердегі екеу мені Назарбаевпен шағыстыруға тырысты. Мені сепаристердің санатына қосып, Шығыстағы 🇷🇺 "орыс әлемін" ұлықтайтын аудиторияның көсемі деп таныстырды. "Өңірде Қазақстанды төңкергісі келетін орыс шовинистерін топтастырып жатыр" деген мәлімет берді.
Экс-президент бұған иланып қалды. Соңғы сөзін айтып, мені сабама түсіру туралы бұйрық берген де сол кісі...", - дейді Балушкин.
Dalainside Мәсімовтің сөзін сөйлеуден аулақ, десе де "Балушкин Кремльге жұмыс істейді..." деген "мұрттының" уәжінде логика бар.
Қашқындағы миллиардердің Қазақстаннан сытылып шыққалы тек ресейлік, соның ішінде Кремль маңындағы 🗞масс-медиаға сұхбат беру бекер емес.
Біз білсек, мұндай контент Путин әкімшілігінің келісімімен ғана жүзеге асады.
Кремль Балушкинді ескі де жаңа Қазақстан жамандауға итермеледі деуге негіз бар. Алысқа барудың қажеті жоқ.
Балушкиннен "айырылғалы" АвтоВаз-дың қанаты қиылған.
Lada-ның біздің нарықтағы үлесі 42 пайыздан 2 пайызға дейін құлдыраған. Ресейдің салдыр-гүлдір көлігін өзбектің Chevrolet-і (28 пайыз) басып озған. Балушкин бұған қатты қынжылатынын жасырмайды.
Бұдан өзге "Бипек Автоның" өндірісін конкуренті Андрей Лавреньтев иелік ететін "Аллюр автоға" көшіруге сол тұстағы премьер Мәмин мен оның орынбасары Склярдың ықпал еткенін айтады Балушкин.
"Аллюрге" қатысты тағы біраз компроматпен бөлісіп, Лавреньевтің компаниясы 300 млн доллардың мемкөмегін алғанын, мұншама ақшаның суға сіңіп жоқ болғанын сөз еткен.
Айта кетелік, елде Балушкиннің үстінен іс қозғалған. Оған мемлекетке тиесілі 174 млрд теңгені қалтасына басты деген айып тағылған.
Dalainside-қа Петерборгдағы қаңырап тұрған Hyundai-дің зауытын Нұрлан Смағұлов сатып алды ақпарат жетті. Анық-қанығын алдағы күндері айтамыз.
Арнаға тіркеліп алыңыз👇
https://t.me/dalainside
Шетелде бой тасалап жүрген 🚘 "Бипек Автоның" атышулы қожайыны Анатолий Балушкин Мәскеудегі соғысқұмар сайттарға мұңын шағыпты.
"АвтоВаз-дың" сыбайласы саналған әрі қазақстандық нарықты орыстың қаңсығына толтырып тастаған Балушкин пенсиядағы экс-президентке де өкпе артқан.
"Назарбаевтың үш бірдей сайлау кампаниясын мен өткеріп бердім. Сайлау штабын қаржыландыруға шытырлатып ақша санап жүрген кез-келген кәсіпкер бара бермейді. 15 жыл бойы осы науқанның шығынын көтеру маған жүктелді. ШҚО-ның дауыс беруге жарайтын тұрғындарын сирағынан сүйретіп, сайлау учаскесіне апардық. Үлкен кісіге дауыс бергендердің үлесін көтердік...", - дейді Балушкин.
Қашқындағы миллиардер өзіне шаң жуытқысы келмей бар кінәні Мәсімовке, Мәминге және Склярға аударуға тырысыпты.
"Мұрттының" қылышынан қан тамып тұрған шақта "Бипек автодан" үлес дәметкенін майын тамызып отырып әңгімелеген екен. Біз барынша сығымдап ұсындық.
❗️ "Мәсімов мені
Мәсімовтың күйеубаласы Азамат Қапенов менің кураторым есебінде жүрді.
Олардың шарты: бизнестің 10%-ын өзіме қалдырып, 90%-ын Кәрімнің қолына ұстатамын.
"Бипектің" активі 650 млн 💲- ға бағаланды. Құрылыс компаниясына иелік еттік. Бұған қоса 700-ге тарта арнайы техникамыз бар-тын. Зауытымыз жұмыс істеп тұрды.
Мәсімовтің әдепкі рэкеттен айырмасы шамалы, оның көкейін тескен ақша еді, пішен ақша...", - дейді Балушкин.
Балушкиннің байлығын басып қалуды көздеген Мәсімов - Мәмин тандемі кәсіпкерді балағаттап, экс-президентке арыз айта барған.
Сөй деген Балушкин өзін ескі Қазақстан өкілдерінің құрбаны ретінде сипаттапты.
"Ілгердегі екеу мені Назарбаевпен шағыстыруға тырысты. Мені сепаристердің санатына қосып, Шығыстағы 🇷🇺 "орыс әлемін" ұлықтайтын аудиторияның көсемі деп таныстырды. "Өңірде Қазақстанды төңкергісі келетін орыс шовинистерін топтастырып жатыр" деген мәлімет берді.
Экс-президент бұған иланып қалды. Соңғы сөзін айтып, мені сабама түсіру туралы бұйрық берген де сол кісі...", - дейді Балушкин.
Dalainside Мәсімовтің сөзін сөйлеуден аулақ, десе де "Балушкин Кремльге жұмыс істейді..." деген "мұрттының" уәжінде логика бар.
Қашқындағы миллиардердің Қазақстаннан сытылып шыққалы тек ресейлік, соның ішінде Кремль маңындағы 🗞масс-медиаға сұхбат беру бекер емес.
Біз білсек, мұндай контент Путин әкімшілігінің келісімімен ғана жүзеге асады.
Кремль Балушкинді ескі де жаңа Қазақстан жамандауға итермеледі деуге негіз бар. Алысқа барудың қажеті жоқ.
Балушкиннен "айырылғалы" АвтоВаз-дың қанаты қиылған.
Lada-ның біздің нарықтағы үлесі 42 пайыздан 2 пайызға дейін құлдыраған. Ресейдің салдыр-гүлдір көлігін өзбектің Chevrolet-і (28 пайыз) басып озған. Балушкин бұған қатты қынжылатынын жасырмайды.
Бұдан өзге "Бипек Автоның" өндірісін конкуренті Андрей Лавреньтев иелік ететін "Аллюр автоға" көшіруге сол тұстағы премьер Мәмин мен оның орынбасары Склярдың ықпал еткенін айтады Балушкин.
"Аллюрге" қатысты тағы біраз компроматпен бөлісіп, Лавреньевтің компаниясы 300 млн доллардың мемкөмегін алғанын, мұншама ақшаның суға сіңіп жоқ болғанын сөз еткен.
Айта кетелік, елде Балушкиннің үстінен іс қозғалған. Оған мемлекетке тиесілі 174 млрд теңгені қалтасына басты деген айып тағылған.
Dalainside-қа Петерборгдағы қаңырап тұрған Hyundai-дің зауытын Нұрлан Смағұлов сатып алды ақпарат жетті. Анық-қанығын алдағы күндері айтамыз.
Арнаға тіркеліп алыңыз👇
https://t.me/dalainside
👍105😱20🔥7😁6👎3👏2
🤲 "ҚазТрансОйл"-дың бюджетке берері таусыла бастады
Ұлттық компанияның 2022 жылғы жұмысы алаңдатып отыр. 2021 жылы мұнай тасымалының операторы Қазақстан бюджетіне бар-жоғы 5,1 миллиард теңге төлеген. Алдыңғы жылдармен салыстырсақ, 2021 жылы оның бюджетке 12,3 миллиард теңге әкелгенін көреміз.
Тиісінше, ҚазТрансОйлдың таза табысы күрт құлады. 2022 жылғы таза пайда - 19,8 миллиард теңге. 2021 жылды компания 50,6 миллиард теңге кіріспен аяқтағаны есте.
Бір қызығы, Қазақстан логистикалық тізбекті жаңартып жатқандықтан, мұнай тасымалының өзектілігі жыл сайын артып келеді. Демек, ұлттық компанияның жақсы табысқа шығатын жөні бар еді.
Бірақ, 2023 жылға үміт бар. Ол ақтала ма, оны бірінші жартыжылдық нәтижелерінен байқайтын боламыз.
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы болып табылады. Ол ұзындығы 5373 шақырым магистральдық мұнай құбырлары мен 2105 шақырым су құбырларын бақылайды.

😱47👍19👎6😁2😢2
🔥 "Ақжол" шынайы оппозицияға айналып келеді. Перуашев бір адамға байланған жүйенің кемшілігін айтты...
"Тоқаев? Біз парламенттік республиканы жақтаймыз. Бір адам, тіпті ең дарынды болса да, елдегі барлық мәселені шеше алмайды! Билікті тежеу мен тепе-теңдік сақтауда Мәжіліс пен Мәслихат маңызды рөл атқаруы тиіс. "Ақ жол" дамудың еуропалық жолын, өмір сапасының еуропалық стандартын жақтайды", - деді партия төрағасы.
700-ге жетеқабыл адам жиналған "Ақжолдың" митингісінде Жаңа Қазақстанның қабырғасын қалауға қажетті ұсыныстар айтылды. DALA INSIDE партияның саяси бағдарламасындағы ұтымды тезистерді теріп алды.
1️⃣ Саяси жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру қажет.
Смайылов? Үкіметті сайлауда жеңіске жеткен партия жасақтауы керек. Сонда бұл партия өз Үкіметінің жетістіктері мен кемшіліктеріне де жауапты болады.
"Өткен 30 жылда бізде қаншама дағдарыс, девальвация, әкімдер мен министрлер арасындағы коррупция дауы болды – үкімет ешқашан саяси жауапкершілікті мойнына алып, отставкаға кеткен емес", – деді Перуашев.
2️⃣ Сыртқа кеткен капиталды қайтармай Жаңа Қазақстан орнамайды
"Швейцарияда 82 қазақстандықтың 500 млн доллары сақтаулы жатыр. Олардың аты-жөні кім? Британия үлгісімен "шыққан дерегі белгісіз байлық" туралы заң қабылдауды талап ететін боламыз", – дейді "ақжолдықтар".
3️⃣ Мiddle class немесе орта тапты қалыптастыру
"Ақжолдықтардың" айтуынша Қазақстан байлар мен кедейлерден тұрады. Орта таптың аясы тарылып, жоғалудың алдында тұр.
"Мiddle class-ты қалыптастыру үшін әркімге өз ісін ашып, табысқа жетуге мүмкіндік беру керек", – дейді Перуашев. Жарайды, мұндайды естіп жүрміз. Кәсіп ашу не үшін не керек?
"Арзан несиелер мен әділ салықтар. Бизнеске берілетін несиені 3-4 пайызға дейін төмендетуді талап етіп, талай жыл бойы Ұлттық банкпен күресіп келеміз, күресе де береміз.
12 жыл бойы салалардың табыстылығын ескере отырып, салық мөлшерлемелерін енгізуді талап етіп келеміз. Елімізде ет немесе сүт өнімін өндірушілер де, құрылысшылар мен ірі сауда желілері де бірдей ҚҚС және ҰТС мөлшерлемелерін төлейді.
❗️ Мемлекет мұнай-газ және металл экспорттаушыларға ҚҚС-ты қайтарып берсе, банктер бұл салықты мүлде төлемейді! Яғни, байлар аз, ал күнін әрең көріп жүргендер көп төлейді.
"Ақ жол" барлық шағын бизнесті есеп беруден босатып, патентке көшіруді, жылдық патент айналымын 100 миллион теңгеге жеткізуді талап етеді. Осы арқылы ешбір мембағдарлама қамти алмаған мыңдаған жаңа жұмыс орындарын құруға қол жеткіземіз. Шағын бизнеске мемлекеттің мойнында асылмай, өз отбасын асырап, өзгеге жұмыс беріп жатқаны үшін алғыс айту керек", – дейді Перуашев.
4️⃣ Шетелдік мұнай-газ компанияларының келісімшарттары қайта қаралсын
"Қазақстанның қазба байлығы елге тиесілі" деген ережені негізге алған "ақжолдықтар":
1. Шетелдік мұнай-газ компанияларымен келісім-шарттарды қайта қарауды
2. Олардың пайдасындағы қазақстандық үлесті ұлғайтуды;
3. Қашаған, Қарашығанақ және Теңіз сияқты ірі келісімшарттардың шарттарын ашуды талап етпек.
"Өткен 30 жылда бірде-бір шетелдік инвестор бірде-бір мұнай өңдеу зауытын салған жоқ. Шикізат алпауыттарының экономикаға қосқан үлесі өздері үшін тапқан 💸 миллиардтаған қаржымен шектеліп отыр", – дейді осы тұста Перуашев.
Тоқ етерін айтқанда, Қазақстанда кедейлер болмауы керек. "Ақжолдың" саяси бағдарламасының түп өзегі осы.

👍116😁33👎5🔥5👏4
🙅 Алматылықтар "Пинта" барларына бойкот жариялады
Бар өз концепциясына сай музыканттарға қазақша ән айтуға мүлдем рұқсат бермей отыр.
Қазақстанда бизнес жүргізіп, оның мемлекеттік тіліне тиым салу моральді тұрғыдан қаншалықты орынды деген сұрақ туындайды.
Алматылықтар "Пинтаны" қазақша ән айтуға мәжбүрлей алмайды. Бірақ енді оған бармауға да толық құқылы.
Заң бойынша ресторан, кафе, барларда ас мәзірі, көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде болуы міндетті. Бірақ қазақша ән айтылсын деген талап жоқ. Ия, "Пинта" заңды бұзбады. Бірақ, алматылықтарды ренжіткен сияқты.
Алматы халқы жаппай бойкотты орындаса, "Пинтаның" қаржылық кірісі төмендейтіні анық. Бойкоттың бизнеске әсерін "Choco Family" жақсы сезінді. Тәуелсіз сарапшылар есебінше, 2022 жылдың төртінші тоқсанында оның тоқсандық выручкасы 45%-ға құлдыраған. Бойкоттан Рамиль Мухоряповтың бизнесі шамамен 120 миллион теңге жоғалтты.
"Пинта" дисконттық бизнес түріне жатады. Яғни, бағасы арзан, ал табысты желілік жүйеде, көп бар ашу арқылы табады.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
@dalainside

👍327👏25😱14🔥10🖕3😢2
😡 Қостанай әкімдігіне қазақтың дәстүрін өзгертетін құқықты кім берді?
Қостанайда биылғы Наурыз мерекесінде қайратты қазақ жігіттері қошқар көтеріп күш сынаспайды. Жергілікті жануарларды қорғау ұйымының өкілдері тірі қошқарды көтеріп, күш сынасу хайуанды қорлау деп үкім айтып, шу шығарыпты.
Құмар Ақсақаловтың әкімдігі, бұл ұсынысты құп алып, қазақ жігіттерге қошқар емес, қап көтеріп күш сынасуды ұсынған екен.

😡143👎63👍20😱16🖕14