🔥🪑 Ертең Елбасы туралы заң түпкілікті күшін жояды...
30 жыл тақтан түспей, ел алдындағы қадір-қасиетін жоғалтқан экс-президент үшін ертең "траур".
"Тұңғыш президент - Елбасы" туралы заң күресінге кетіп, түпкілікті күшін жоятын сәтке дейін небәрі 24 сағат қалды.
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысына шақыру жөніндегі жарлыққа қол қойды.
Жиын ертең, сағат 10.00-да өтеді.
Бірлескен отырыста "Тұңғыш президент - Елбасы" туралы заңның күшін біржолата жою мәселесі қаралуы мүмкін.
Бірер күн бұрын Қазақстанның Конституциялық соты бір топ депутаттың өтінішін қарап, "Тұңғыш президент - Елбасы" заңның күшін жойған.
Конституциялық сот бұл шешім "маусымда өткен референдум" мен "қазақтардың қалауын ескеріп шығарылғанын" айтады.
Сот "2022 жылғы 5 маусымдағы референдумды назарға алып, тұңғыш президент – елбасының мәртебесі мен өкілеттігін, оларды Конституциялық заңмен регламенттеу мүмкіндігін, Конституциялық кеңеске өмір бойы мүшелігін, сондай-ақ оның артықшылықтарын – мәртебесінің өзгермеуін, қатарынан 2 реттен артық президент болып сайлану құқығын Ата заңнан сылып алып тастады" дейді.
Конституциялық сот қаулы бірден күшіне енетінін, 🙅♂️шағымдануға жатпайтынын мәлімдеді.
Былтыр желтоқсанда мәжіліс "Тұңғыш президент - Елбасы" туралы Конституциялық заңның күшін жою процесін бастаған. Экс-президент оның семьясы 22 жыл бұрын қабылданған "Елбасы заңының" қызығын көрді .
Заңға сай: Назарбаев пен оның отбасы қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, қамалмайды, мүліктері тәркіленбейді, шектеу қойылмайды.
"Тұңғыш президент" заңында Назарбаев және оның отбасы мүшелерінің 💰 "банктік шоттарының құпиялығына және банк шоттарына тиіспеуге кепілдік берілетіні" жазылған. "Елбасы заңы" Қазақстандағы автократия мен әділетсіздіктің айқын көрінісі еді.
Айтқандай, арнаға тіркелуді ұмытпаңыз 👇
https://t.me/dalainside

Конституциялық сот қаулы бірден күшіне енетінін, 🙅♂️

👍80👏15🤩4👎1
💥🇰🇿 Захарова, бұған не дейсің? Қазақтар енді Киевте киіз үй тігіп жатыр...
Киевтегі Шевченко саябағында аумағы 64 шаршы метрді құрайтын, алып киіз үй әне-міне бой көтереді.
"Мызғымас" киіз үйді орнатуға қазақ кәсіпкерлері қолдау көрсетіпті. Киіз үйдің уығын бекітіп, шаңырағын көтеруге еріктілер де жәрдемдесіп жатыр.
16 керегесі бар (16 қанатты) киіз үй Киев қана емес, күллі 🇺🇦 Украинадағы ең үлкен киіз үй болғалы тұр. Ашылуы осы аптаның сенбісінде, сағат түскі екіге жоспарланған.
Бұл Украин жерінде тігілген осымен екінші киіз үй. Бұған дейін басқыншылардан зардап шеккен Буча қаласында қазақтардың қолдауымен киіз үй тігілген еді.
Оларда Ресей шабуылы кесірінен жылу мен жарықсыз қалған жұрт бой жылытып, жүрек жалғап, байланыс құралын қуаттандыратын арнайы орын жайғасады.
Қазақтар киіз үйге болақылқынып жатқан Ресейдің қас-қабағынан қаймығып отырған жоқ. Алдағы уақытта дәл осындай киіз үйлер - Черкасс, Одесса және Хәрківте орнатылады.
Бұған дейін Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Қазақстанды Бучадағы қазақ үйге байланысты түсініктеме беруді талап еткен. Еліміздің СІМ-өкілі "Ресейге ресми жауап берілмейді" деп кесіп айтқан.
Айтқандай, арнаға тіркелуді ұмытпаңыз 👇
https://t.me/dalainside
Киевтегі Шевченко саябағында аумағы 64 шаршы метрді құрайтын, алып киіз үй әне-міне бой көтереді.
"Мызғымас" киіз үйді орнатуға қазақ кәсіпкерлері қолдау көрсетіпті. Киіз үйдің уығын бекітіп, шаңырағын көтеруге еріктілер де жәрдемдесіп жатыр.
16 керегесі бар (16 қанатты) киіз үй Киев қана емес, күллі 🇺🇦 Украинадағы ең үлкен киіз үй болғалы тұр. Ашылуы осы аптаның сенбісінде, сағат түскі екіге жоспарланған.
Бұл Украин жерінде тігілген осымен екінші киіз үй. Бұған дейін басқыншылардан зардап шеккен Буча қаласында қазақтардың қолдауымен киіз үй тігілген еді.
Оларда Ресей шабуылы кесірінен жылу мен жарықсыз қалған жұрт бой жылытып, жүрек жалғап, байланыс құралын қуаттандыратын арнайы орын жайғасады.
Қазақтар киіз үйге бола
Бұған дейін Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Қазақстанды Бучадағы қазақ үйге байланысты түсініктеме беруді талап еткен. Еліміздің СІМ-өкілі "Ресейге ресми жауап берілмейді" деп кесіп айтқан.
Айтқандай, арнаға тіркелуді ұмытпаңыз 👇
https://t.me/dalainside
👍130👏6🔥3
📊 Базалық ставка 17%-ға жетпейді
Ертең Ұлттық Банк базалық ставка бойынша шешімін жариялауы тиіс. Бірақ оның қазіргі 16,75% деңгейінен өсуі екіталай. Себебі, біз инфляцияның (20,3%) шарықтау шегіне жеттік және инфляция ақырындап төмендей бастайды.
Жоғары базалық ставка кредитті қымбаттатты да, керісінше жинақтау моделі күшейді. Нарықтан басы артық ақша кетіп қалды.
"Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені көтеру циклін аяқтауға жақындады. Оның қазіргі деңгейі жеткілікті жоғары деп бағаланады. Базалық мөлшерлемені ұзақ уақыт бойы бүгінгідей мәндерде сақтау инфляцияны тұрақтандыруға және оны орта мерзімді перспективада біртіндеп төмендетуге мүмкіндік береді. Жаңа проинфляциялық күтпеген өзгерістер болмаған жағдайда ақша-кредит саясатын одан әрі күшейту ықтималдығы төмен деп бағаланады", - деп Ұлттық Банк өзінің былтырғы хабарламасында жазған болатын.
Осы циклдің аяқталғанын көріп отырмыз. Мұндай жағдайда базалық ставканы осы мәнде ұстай тұрған тиімді болады. Оны тез арада түсірудің де қажеті шамалы.
Экономиканы кредиттеу мен базалық ставка арасында тұрақты корреляцияның жоқ екенін байқап отырмыз. Мысалы, макроэкономикалық жағынан 2022 жылды 3,1% өсіммен аяқтадық. Бұл жоғары ставканың экономикалық өсім бойынша Үкіметке қойылған KPI-ға еш кедергі болмағанын көрсетеді. Демек, Үкімет те бір жеңілдеп қалуы тиіс және биыл фискалды саясатын Ұлттық Банктің монетарлы саясатымен көбірек үйлестіруге өзі де ынталы болады дегенді аңғартады.

👍31🔥1👏1
🛤️ Арбайтен, арбайтен. Қазақстанға КТК құбырынсыз өмір жоқ
Келесі жылы Қазақстан Дружба құбыры арқылы Германияға мұнай экспорттайтын болады. Бірақ оның жылдық көлемі 1,5 миллион тонна ғана.
2022 жылы, түрлі қиындықтарға қарамастан Қазақстан КТК арқылы 52,2 миллион тонна мұнай жіберген. Біздің былтырғы жалпы экспорт 64,3 миллион тоннаны құрағандықтан, КТК үлесі 81,2% көрсетті.
Биыл осы үлес одан да көбеймек. Себебі биылдан бастап тек ТШО, NCOC, KPO сынды алыптар ғана емес, өзіміздің шағын Адай петролеум, Толқынмұнайгаз сынды компаниялар да КТК арқылы мұнай айдауға кірісейін деп отыр.

👍59👎7👌3😐3
⚡️♟ Арман Жұмагелдиевтің "кураторы" кім?
Атышулы "Дикий Арманның" ұйымдасқан қылмыстық тобына ҰҚК-ның адамдары қамқорлық жасаған, ал Қаңтар оқиғасына әзірлік 2021 жылғы жазда басталған.
Dalainside сөй деген cаясаткер Жақсыбек Құлекеевтың "Ақорда үшін күрес" атты еңбегіндегі Арманға қатысты тарауды шолып шықты.
Бұған дейін Бас прокурор "Дикий Арманның" ҰҚК -дағы үйлестірушінің басқаруымен әрекет еткенін хабарлаған еді.
Оның "үш әріптегі" кураторы кім? Бұлар неге бүлік шығарды? Түпкі мақсат Тоқаевтың орынтағы ма?
"Арман Жұмагелдиев соңғы 5 жыл бойы Қазақстандағы қылмыс әлеміндегі оқиғаларға жауапты болған, оған ҰҚК-де істейтін кураторлары көмектескен.
Тергеу "Жұмагелдиев ұзақ уақыт Ұлттық қауіпсіздік комитеті 5-ші департамент жетекшісі
Бір абзацта Ысқақов Арманға Қазақстандағы трансұлттық қылмыстық топтардың елдегі қылмыстық жағдайға ықпалын жою үшін серіктес болуға ұсыныс жасаған десе, бір абзацта, Ысқақов "Әділ Қытай", "Айшуақ Жантүгел" қылмыстық топтарын ұстау бойынша іс-шараларды ұйымдастырып, Шпек деген лақап атқа ие Рамазан Ғаббасовты қамауға атсалыса отырып, Дикийді оперативтік іс-шаралардан қорғап отырған делінеді.
Демек, ҰҚК алаңды түрлі ОПГ-дан тазартып, ал Арманның тобын айналып кетіп отырған.
Жұмагелдиев ҰҚК-ның қамқорлығына сүйеніп, аймақтарға өз қарақшыларын қойып, тұтас Қазақстанды Нойс деген лақап аты бар Нұржан Иманалиевке тапсырған. Иманалиев қазір түрік түрмесінде отыр", – деп жазады Құлекеев.
Осы деректерді пайдаланған танымал журналист Михаил Козачков Қаңтарға дайындық 2021-дің жазында басталғанын тілге тиек етеді.
"Дикий Арман" бастаған ОПГ-лар халықты үрейлендіріп,🕺 Тоқаевты кету туралы шешім қабылдауға итермелеу үшін террорлық акт жасауды, артынша қылмыс әлемінің лидерлері мен қоғамға белгілі адамдардан уақытша "Халық кеңесін" құрып, өздерінің адамын президент етуді жоспарлаған.
Осыған байланысты Руслан Ысқақов жаппай тәртіпсіздікке дайын болу үшін Дикий Арманғакүзет фирмасын тіркеп , қару мен шымыр жігіттерді жинауды тапсырған" деп жазады журналист.
📕 Кітапта айтылғандай ҰҚК-дан нұсқау алған Арман Алматыға 17-ші желтоқсан күні келіп, ешкімге білдірмей, өзге ОПГ қатысушыларымен кездескен.
Ал 5-ші қаңтарда Ысқақов Жұмагелдиевке адам жинап, алаңға баруды тапсырады. Арман ол жақта Мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенмен кездесіп, жақтастарының әрекетін ұйымдастыра бастайды.
Жұмагелдиевтің тапаншамен қаруланған адамдары қаладан 30-дан астам адамды ұстап, "Рицт Карлтон" қонақүйінің паркингі мен "Қазақстан" қонақ үйінің банкет залында күштеп ұстаған.
"Тергеу дерегінше, ол адамдарды камераға түсіріп, есірткі тұтынғанын, мародерлік жасап, Әблязов құрған ҚДТ саяси қозғалысының мүшеміз деп айтуға мәжбүрлеген. Артынша кураторы Ысқақовтың нұсқауы бойынша ұсталғандары ҰҚК-ға тапсырған" дейді Құлекеев.
Жұмагелдиевке қатысты тарау мұнымен аяқталмайды.
Dalainside қылмыс әлемінің серкесі туралы тың мәліметтер табуға тырысады.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз.
https://t.me/dalainside
Атышулы "Дикий Арманның" ұйымдасқан қылмыстық тобына ҰҚК-ның адамдары қамқорлық жасаған, ал Қаңтар оқиғасына әзірлік 2021 жылғы жазда басталған.
Dalainside сөй деген cаясаткер Жақсыбек Құлекеевтың "Ақорда үшін күрес" атты еңбегіндегі Арманға қатысты тарауды шолып шықты.
Бұған дейін Бас прокурор "Дикий Арманның" ҰҚК -дағы үйлестірушінің басқаруымен әрекет еткенін хабарлаған еді.
Оның "үш әріптегі" кураторы кім? Бұлар неге бүлік шығарды? Түпкі мақсат Тоқаевтың орынтағы ма?
"Арман Жұмагелдиев соңғы 5 жыл бойы Қазақстандағы қылмыс әлеміндегі оқиғаларға жауапты болған, оған ҰҚК-де істейтін кураторлары көмектескен.
Тергеу "Жұмагелдиев ұзақ уақыт Ұлттық қауіпсіздік комитеті 5-ші департамент жетекшісі
Руслан Ысқақовтың бақылауымен қызметін жалғастырып келді" деген қорытындыға келген. Алайда, кімді-кімді өз мақсатына пайдаланып келгені толық түсінікті емес. Бір абзацта Ысқақов Арманға Қазақстандағы трансұлттық қылмыстық топтардың елдегі қылмыстық жағдайға ықпалын жою үшін серіктес болуға ұсыныс жасаған десе, бір абзацта, Ысқақов "Әділ Қытай", "Айшуақ Жантүгел" қылмыстық топтарын ұстау бойынша іс-шараларды ұйымдастырып, Шпек деген лақап атқа ие Рамазан Ғаббасовты қамауға атсалыса отырып, Дикийді оперативтік іс-шаралардан қорғап отырған делінеді.
Демек, ҰҚК алаңды түрлі ОПГ-дан тазартып, ал Арманның тобын айналып кетіп отырған.
Жұмагелдиев ҰҚК-ның қамқорлығына сүйеніп, аймақтарға өз қарақшыларын қойып, тұтас Қазақстанды Нойс деген лақап аты бар Нұржан Иманалиевке тапсырған. Иманалиев қазір түрік түрмесінде отыр", – деп жазады Құлекеев.
Осы деректерді пайдаланған танымал журналист Михаил Козачков Қаңтарға дайындық 2021-дің жазында басталғанын тілге тиек етеді.
"Дикий Арман" бастаған ОПГ-лар халықты үрейлендіріп,
Осыған байланысты Руслан Ысқақов жаппай тәртіпсіздікке дайын болу үшін Дикий Арманға
📕 Кітапта айтылғандай ҰҚК-дан нұсқау алған Арман Алматыға 17-ші желтоқсан күні келіп, ешкімге білдірмей, өзге ОПГ қатысушыларымен кездескен.
Ал 5-ші қаңтарда Ысқақов Жұмагелдиевке адам жинап, алаңға баруды тапсырады. Арман ол жақта Мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенмен кездесіп, жақтастарының әрекетін ұйымдастыра бастайды.
Жұмагелдиевтің тапаншамен қаруланған адамдары қаладан 30-дан астам адамды ұстап, "Рицт Карлтон" қонақүйінің паркингі мен "Қазақстан" қонақ үйінің банкет залында күштеп ұстаған.
"Тергеу дерегінше, ол адамдарды камераға түсіріп, есірткі тұтынғанын, мародерлік жасап, Әблязов құрған ҚДТ саяси қозғалысының мүшеміз деп айтуға мәжбүрлеген. Артынша кураторы Ысқақовтың нұсқауы бойынша ұсталғандары ҰҚК-ға тапсырған" дейді Құлекеев.
Жұмагелдиевке қатысты тарау мұнымен аяқталмайды.
Dalainside қылмыс әлемінің серкесі туралы тың мәліметтер табуға тырысады.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз.
https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍108😐7🔥5🎉3👎2🙏2❤1😱1
Toyota Camry 80 қазақ жүрегі үшін соғыста оңбай жеңілді
Биыл Тойота Камри 80 моделі премьера ретінде автосалонда көрсетіледі. Ал 2024 жылы Қазақстанға жетпек.
Бірақ оның бізде баяғыдай жаппай сатылуы күмәнді. Себеп: Тойота ай қарап жүргенде корей мен қытай автопромы Қазақстанды толық жаулап алды.
Тіпті жаңа Camry дизайны да корей мен қытай көліктерін қайталайтын сияқты. Мысалы, алды жағы JАС пен Elantra-ға қатты келеді. Арты аумаған Қытайдың Xpeng көлігі.
Camry өзгелер жасаған мода аясынан шыға алмағанын байқатты. Жіңішке диодтар, үлкен ауа жұтқыш, кузовқа тігістіріліп кірілген тұтқа, 2 дисплейі болады. Бірақ мұны бізге КИА, Hyundai, Exeed, Jac маркалары баяғыдан бері көрсетіп қойған болатын.
Қазақстан нарығында жаңа Camry бағасы 22 миллион теңгеден басталатын болады.
Мұндай баға әрине сату көлемін тежейтіні анық. Кезінде Lada-дан кейін сатылым бойынша екінші сатыда жүрген Camry жыл сайын өз позициясын жоғалтып, енді бесінші орынға құлдырады. Абсолютті хит - Шевроле Кобальт. 2022 жылы (қаңтар-қараша) бізде 30 749 Шевроле сатылған. Ал Тойота бар болғаны8593 көлік сата алған.
Бір жағынан бұл адамдардың жаңа көлікті, бірақ арзандауын таңдай бастағанын көрсетеді. Демек, Қазақстанда Camry дәуірі аяқталды деуге толық негіз бар.
https://t.me/dalainside
Биыл Тойота Камри 80 моделі премьера ретінде автосалонда көрсетіледі. Ал 2024 жылы Қазақстанға жетпек.
Бірақ оның бізде баяғыдай жаппай сатылуы күмәнді. Себеп: Тойота ай қарап жүргенде корей мен қытай автопромы Қазақстанды толық жаулап алды.
Тіпті жаңа Camry дизайны да корей мен қытай көліктерін қайталайтын сияқты. Мысалы, алды жағы JАС пен Elantra-ға қатты келеді. Арты аумаған Қытайдың Xpeng көлігі.
Camry өзгелер жасаған мода аясынан шыға алмағанын байқатты. Жіңішке диодтар, үлкен ауа жұтқыш, кузовқа тігістіріліп кірілген тұтқа, 2 дисплейі болады. Бірақ мұны бізге КИА, Hyundai, Exeed, Jac маркалары баяғыдан бері көрсетіп қойған болатын.
Қазақстан нарығында жаңа Camry бағасы 22 миллион теңгеден басталатын болады.
Мұндай баға әрине сату көлемін тежейтіні анық. Кезінде Lada-дан кейін сатылым бойынша екінші сатыда жүрген Camry жыл сайын өз позициясын жоғалтып, енді бесінші орынға құлдырады. Абсолютті хит - Шевроле Кобальт. 2022 жылы (қаңтар-қараша) бізде 30 749 Шевроле сатылған. Ал Тойота бар болғаны
Бір жағынан бұл адамдардың жаңа көлікті, бірақ арзандауын таңдай бастағанын көрсетеді. Демек, Қазақстанда Camry дәуірі аяқталды деуге толық негіз бар.
https://t.me/dalainside
👍76👎6🙏4🥰2
🤙 Қазақстан ішкі нарықтан 4,9 триллион теңге қарыз алғысы келеді
Қаржы министрлігі 2023 жылға арналған мемлекеттік құнды қағаздарды (облигацияларды) шығару жоспарын жариялады. Оған сай 4,89 триллион теңгеге облигациялар орналастыру көзделген. Демек, мемлекет ішкі нарықтан осындай соманы қарызға алғысы келеді.
Бірақ, мемлекеттік құнды қағаздардың барлығы бірдей биржада өте қоймайды. Себебі, нарық ойыншылары көп жағдайда мемлекеттік құнды қағаздардың (МҚҚ) кірістілігін тым төмен деп бағалайды. МҚҚ оларға консервативті, орта мерзімді портфель жасақтау үшін керек. Сондықтан жоспар әдеттегідей 100 пайызға орындалмайтыны анық.
Егер, биылғы бюджет дефициті 3,2 триллион теңге екенін ескерсек, Қаржы министрлігінің 4,9 триллион теңгеге облигация өткіземіз деген жоспары осы 3,2 триллионды жабуға бағытталатыны сөзсіз. Бірақ, ішкі нарықтан қазіргі жағдайда 3,2 триллион теңге тартудың өзі оңай емес.
Биылғы МҚҚ-лар 1 жылдықтан бастап 15 жылға дейінгі облигациялар. Оның ішінде, инвесторларға 420 миллиард теңгеге қысқамерзімді 1 жылдық облигациялар ұсынылмақ.

😐17👍8👎3🥰1
💥 🇯🇵 Путиннен маза кетті! Жапония Ресейге қатысты стратегиясын түбегейлі өзгертті...
Украинаның ұрыс даласындағы алғашқы жетістіктерінен кейін Жапония Сыртқы істер министрлігі «Дипломатияның көгілдір кітабын» шығарды деп жазады Dalainside.
Мұнда талай уақыттан бері даулы мәселеге айналып, Ресейдің уақытша басып алған Итуруп, Кунашир, Хабомай және Шикотан аралдары Жапонияға тиесілі аумақ екені алғаш рет жазылды.
Ресми Кремльдің алаңдаушылығы үдей бастады.
Тіпті, «жапон үкіметі дамудың бейбіт жолын аттап өтіп, қателік жіберіп отыр» деген пікір де білдірді. Осы сәттен бастап Токио мен Мәскеу арасындағы саяси қарым-қатынас іс жүзінде тоқтатылды. Бірақ оған дейін бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэ Путинмен 27 рет кездескенін айта кеткен жөн.
2022 жылдың желтоқсан айының соңында Жапония 3 негізгі қауіпсіздік құжатына түбегейлі түзету енгізді.
Бұл құжаттар – Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, Ұлттық қорғаныс стратегиясы және қорғаныс құрылысының жоспары.
Атап айтқанда, таяу жылдары Жапония қорғаныс шығындарын екі есеге, яғни ЖІӨ-нің 2%-ына дейін көбейтіп, жылына 320 млрд 💰-ға (әлемде АҚШ пен Қытайдан кейінгі үшінші орынға) жеткізуді жоспарлады.
Кюсю және Хокайду аралдарына радиусы 1000 шақырымға жететін гипердыбыстық зымырандар, сондай-ақ басқа да аралдарға радиусы 3000 шақырымға дейінгі зымырандар орналастырылады.
Осылайша, алғаш рет жаудың тойтарысын қайтару үшін алдын ала соққы беруге болатынын да меңзеп отыр. Ол үшін «Ұшқышсыз ұшатын дрондарды орналастыру бағдарламасына» 1 трлн иен бөлмек.
Шын мәнінде, Жапония 2022 жылы бейресми түрде AUKUS (Австралия, Ұлыбритания, АҚШ) үш жақты әскери аймақтық білім альянсына кірген болатын. Бұл оқиға Тынық мұхиты кеңістігін айтарлықтай тепе-теңдікте ұстайды делінді.
Dalainside-тың болжамынша Жапония келесі G-7 саммитіне төрағалық етеді.
Қазірдің өзінде мемлекеттің ұстанымын жеткізген Премьер-министр Фумио Кишида Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді қолдайтынын жария етті.
Сонымен қатар, Жапония үкіметінің басшысы 9-13 қаңтар аралығында Канада, Франция, Италия, Ұлыбритания және АҚШ-қа жасаған стратегиялық саяси сапар барысында бірқатар келісімге, соның ішінде әскери сипаттағы маңызды құжатқа қол қойды.
Бұл тұрғыда ресми Токио 2023 жылды қазіргі заман тарихындағы бетбұрыс жылы деп атап отыр.
Яғни, агрессиясы басым Ресейдің халықаралық-құқықтық тәртіпті бұзуына жол бермеу керектігіне күш салатынын ашық мәлімдеді. Ал бұл кезде путин әкімшілігі Жапониямен арадағы үдеп бара жатқан қақтығысты болдырмауға бар күш-жігерін салуда.
Кремль Токионың халықаралық қадамдарын «АҚШ-тың саяси тапсырысы» деп атағанымен қоймай, ЖапонияныҚытайға қарсы қоюға тырысып әлек.
Ал, ресми Бейжің салқынқандылық сақтап, сабырлылық танытуда.
Себебі, Қытай халық республикасы екі азиялық жолбарыс арасындағы ықтимал қақтығыс Оңтүстік Курил аралдарына қатысты емес, Тайвань дағдарысы аясында болуы мүмкін екенін жақсы біледі.

Кремль Токионың халықаралық қадамдарын «АҚШ-тың саяси тапсырысы» деп атағанымен қоймай, Жапонияны
Ал, ресми Бейжің салқынқандылық сақтап, сабырлылық танытуда.
Себебі, Қытай халық республикасы екі азиялық жолбарыс арасындағы ықтимал қақтығыс Оңтүстік Курил аралдарына қатысты емес, Тайвань дағдарысы аясында болуы мүмкін екенін жақсы біледі.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз.
https://t.me/dalainside
👍81🔥11👏5🥰1😱1
🇮🇹👂 Италия инвесторлары қазақтарды қалай алдап келді?
Енді оның салдары қандай болуы мүмкін?
"ККС-Сичим" қазақ-итальян бірлескен кәсіпорнының қызметкерлері жалақыны 50%-ға көбейтуді талап етіп, митингке шығып отыр. Ал "ККС-Сичим" басшылығы ондай жағдай жоқ дейді. Басты себебі, итальян инвесторлары ойға келгенін істеген.
"ККС-Сичим" – италиялық Sicim мен қазақстандық ҚазКомСервистің бірлескен кәсіпорны. Заң бойынша, Қашаған және Қарашығанақты игеру үшін инвесторларда қазақстандық қамту болуы тиіс. Сондықтан, мықты мұнай кен орындарын алу үшін итальяндықтар осындай бірлескен кәсіпорын құрып алған. Бірақ "ККС-Сичим" оларға тек прокладка ғана.
@nrg_monitor дерегі бойынша, ақша қалай "ККС-Сичим" шотына түседі, бірден итальяндықтар оны Sicim компаниясының Қазақстандағы филиалына аударып тастайды. Сонда филиалдағы қаржы "ККС-Сичим" шотындағы қаржыдан 9 есе асып кеткен. Осы арқылы жұмысшыларға ақша жоқ деп сылтау айта алады. Ия, шынымен де, себебі "ККС-Сичим" шотында ақша жоқ қой.
Ал есесіне, барлық тендерлерге "ККС-Сичимді" қатыстырып, қазақстандық жұмыс орындары бар деп, былтыр Қарашығанақтан 1,5 миллиард доллардың контрактысын алып алды. Оның алдында, бәлендай қаржыны игерді.
Бұған көп жылдар бойы Қазақстан жағы көз жұмып келген. Қазақстан тарапынан заңның орындалуын қадағалауы тиіс "PSA" компаниясы Энергетика министрлігіне жалған есеп беріп отырған.
Нәтижесінде, біздегі Қашаған мен Қарашығанақты игеріп жатқан Италия инвесторлары өздері алып келген ақшаны түрлі махинациялармен қайтадан өздеріне шығарып алып жүрген. Есесіне, инвестиция салдық деп, енді келісім бойынша ондаған жылдар бойы қазақ мұнайынан қомақты үлес алып отырады. Және біз оған ештеңе істей алмаймыз. Себебі, халықаралық арбитраж арқылы Ұлттық қорымызды тартып алуға мүмкіндіктері жетеді.
Айтқандай арнамызға тіркелуді ұмытпаңыз👇

👍56😱19😐15👎7👏1😢1
DALA INSIDE "Электронды кітаптар" телеграм арнасын сатып алды
Осы коммерциялық мәміледен кейін Dalanews экосистемасының қатары толықты. Қазір қазақтілді ірі экосистемаға Dalanews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты, "Дала мен қала" газеті, dalainside.kz корпоративтік сайты, DALA INSIDE, Электронды кітаптар телеграм арналары, Шындықтан қаша алмайсың, Жаңа Qazaqstan, Әрекетке берекет, Әділетті Qazaqstan, Қазақ миссиясы фейсбук топтары кіреді.
"Біз өз даму стратегиямызға сай, эксклюзивті сараптамалық контенттің цифрлік құралдарын кеңейте береміз. Дәл қазір корпоративті сектордағы компаниялардың қазақ тіліне, қазақтілді электронды ақпарат құралдарына деген қызығушылығы артуда. Және біз олар қойған жоғары стандарт бойынша жұмыс істеудеміз", - деді, экосистеманың бас редакторы Думан Бықай.
Аз уақыттың ішінде DALA INSIDE қазақ телеграмының лидеріне айналды. Енді "Электронды кітаптар" арнасын дамыту бойынша стратегия қабылданатын болады.

👍68👏6🤩2👌2
🇰🇿🤦 Қазақстанда өмір сүру қиындап барады. Бұл факт нақты статистикамен дәлелденіп отыр
Picodi.com өткізген зерттеу нәтижесінде Қазақстан ең төменгі айлықтың азық-түлікке жету рейтингінде 67 елдің ішінен 60 орын алған. Бізден тек Армения, Өзбекстан, Нигерия, Вьетнам сынды елдер ғана төмен тұр. Ең үздік көрсеткіш Ұлыбритания, Ирландия мен Австралияда. Яғни, осы елдерде тұрсаңыз, ешқашан аш қалмайсыз.
Қазақстанда ең төменгі айлық 15%-ға өссе, азық-түлік 20 пайызға қымбаттаған. Аналитиктер зерттеу үшін шартты азық-түлік себетін құрып, оны ең төменгі жалақымен салыстырды.
Осы азық-түлік себетінің құны 2023 жылдың басындағы 31 910 теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,6 пайызға артық. Осы сома салықтарды төлегеннен кейін қолда қалатын ең төменгі жалақының 51,9%-ына тең. Өткен жылы бұл көрсеткіш 50,2 пайызды құраған болатын. Демек, Қазақстанда бағаның өсуі ең төменгі жалақының өсуінен де асып түскені белгілі болды.
Нақты қортынды: макроэкономикалық жетістіктерімізге қарамастан (ІЖӨ өсуі, мұнай, тб) Қазақстанда өмір сүру қиындап барады. Яғни, қарапайым адам үшін биыл былтырғыдан жаман, ал келесі жыл биылғыдан да жаман болады деген сөз.

😱40👍13😢9
🙍♂️ Мәди Ахметовпен қимай-қимай қоштасамыз! Жақын күндері Мәжіліс тарайды...
"Жаңа Мәжіліс сайлауы 19 наурызға белгіленді" деп хабарлайды Dalainside дереккөзі. Мұны елден бұрын естіген бірқатар саяси партиялар сайлаудың қамына қауырт кіріскен.
Жаңа Қазақстанға геосаясат пен ішкі ахуалды жетік білетін, жөні түзу заң қабылдап, билік пен халықтың байланысын жақсартуға дәнекер болатын жаңа құрам қажет.
Осы жолғы сайлау Ата заңға енген соңғы өзгерістерге сай өтеді. Бұл жолғы мәжілістің 30 пайызы мажоритарлық жүйемен жасақталмақ: бір сөзбен айтқанда тәуелсіз депутаттарға 30 мандат бұйырып тұр.
Мандаттық тәртіппен сайланған тәуелсіз депутаттар фракция құрса, бұларданAmanat-тың өзі тайсақтайтын болады. Ешбір партияға бағынбайтын, халықтың қалауымен сайланған "мәжілісмендер" заң шығару инициативасына белсенді атсалысса, сіз бен біздің өміріміз жақсы жағына өзгереді деген үміт бар.
12 наурызға дейін екі айға жетер-жетпес уақыт қалды. Жаңа Қазақстан сайлауға түсіп, бағын сынағысы келетін белсенділерге мүмкіндік беріп отыр. "Қолды кеш сермеп..." жүрмеңіздер.
Dalainside елдің бұл жолғы электоралды компанияға қызығушылығы Президент сайлауына қарағанда жоғары болуы тиіс деп топшылайды.
https://t.me/dalainside
"Жаңа Мәжіліс сайлауы 19 наурызға белгіленді" деп хабарлайды Dalainside дереккөзі. Мұны елден бұрын естіген бірқатар саяси партиялар сайлаудың қамына қауырт кіріскен.
Жаңа Қазақстанға геосаясат пен ішкі ахуалды жетік білетін, жөні түзу заң қабылдап, билік пен халықтың байланысын жақсартуға дәнекер болатын жаңа құрам қажет.
Осы жолғы сайлау Ата заңға енген соңғы өзгерістерге сай өтеді. Бұл жолғы мәжілістің 30 пайызы мажоритарлық жүйемен жасақталмақ: бір сөзбен айтқанда тәуелсіз депутаттарға 30 мандат бұйырып тұр.
Мандаттық тәртіппен сайланған тәуелсіз депутаттар фракция құрса, бұлардан
12 наурызға дейін екі айға жетер-жетпес уақыт қалды. Жаңа Қазақстан сайлауға түсіп, бағын сынағысы келетін белсенділерге мүмкіндік беріп отыр. "Қолды кеш сермеп..." жүрмеңіздер.
Dalainside елдің бұл жолғы электоралды компанияға қызығушылығы Президент сайлауына қарағанда жоғары болуы тиіс деп топшылайды.
https://t.me/dalainside
👍54👏10😁6😱3🙏1
🎭 Мәдениет министрлігі медаль тарататын мекемеге айналып кетті
Жоғарғы аудит палатасы Мәдениет министрлігінің төсбелгі 🎖 мен мақтау қағаздарына жұмсайтын шығындарын қысқартуды ұсынды.
Расымен де соңғы жылдары Мәдениет министрлігі той өткізетін агенттікке ұқсап кетті. Кезінде осы саланы атышулы Арыстанбек Мұхамедиұлы басқарған тұста түсініксіз мерекелер пайда болып, той-думаннан көз ашпай қалғанбыз. Енді осының бәрін тоқтату керек.
Бүгінде мереке кезінде төсбелгі мен атақ таратудан аламан жарыс өтіп жатқандай әсерде қаласың.
Несін айтасыз, Назарбаев жүйесі жұрттың назарын басқа тарапқа бұру үшін жасанды мерекелер мен медальдерді ойлап тауып, жұрттың миын атала қылды.
Дәл осы кезеңде облыс пен ауданның «Құрметті азаматы»🎖 деген атақ тойда жыртыс таратылғандай берілетін әдет қалыптасты. Туған жеріне қайырымы жоқ, талай адам«Құрметті азамат» болу үшін әке-көкесін араға салып, қолындағы барын «мәселе шешкіш» көкелерге ойланбастан ұстата салатын күйге түсті.
Осындай көк тиындық құны жоқ төсбелгілер халықтың мінез-құлқын бұзып, атақты алу мен беру қып-қызыл саудаға түсті, төсбелгі тағу жемқорлықтың тамырын тереңге жаюына ықпал етті.
Әйтеуір Жоғарғы аудит палатасы алғашқы болып ес жиыпты. Олар Мәдениет және спорт министрлігінен атақ пен медальға жұмсайтын шығындарын қысқартуды талап етіп отыр. Министрлік медаль мен мақтау қағаздарына, иыққа жабатын шапанға жыл сайын 42,2 млн теңге шығындап келген.
Парламенттен осыған ақша сұрай келген министрлік өкілдері 2023-2025 жылға арналған бюджетінде медаль, диплом мен кубок әзірлеуге мемлекет қазынасынан 126,5 млн теңге алуды көздеген.
Жоғарғы аудит палатасының өкілдері мұншама төсбелгі мен кубоктарды алатын мәдени қызметкерлер мен спортшылардың жоқ екенін алға тартып, бұған тоқтау салғандай болды.
Күні кеше Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалған Асхат Оралов ойлануы керек. Министрлікті атақ пен медаль тарататын органға айналдырмау маңызды.
Айтқандай арнамызға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalainside
Жоғарғы аудит палатасы Мәдениет министрлігінің төсбелгі 🎖 мен мақтау қағаздарына жұмсайтын шығындарын қысқартуды ұсынды.
Расымен де соңғы жылдары Мәдениет министрлігі той өткізетін агенттікке ұқсап кетті. Кезінде осы саланы атышулы Арыстанбек Мұхамедиұлы басқарған тұста түсініксіз мерекелер пайда болып, той-думаннан көз ашпай қалғанбыз. Енді осының бәрін тоқтату керек.
Бүгінде мереке кезінде төсбелгі мен атақ таратудан аламан жарыс өтіп жатқандай әсерде қаласың.
Несін айтасыз, Назарбаев жүйесі жұрттың назарын басқа тарапқа бұру үшін жасанды мерекелер мен медальдерді ойлап тауып, жұрттың миын атала қылды.
Дәл осы кезеңде облыс пен ауданның «Құрметті азаматы»🎖 деген атақ тойда жыртыс таратылғандай берілетін әдет қалыптасты. Туған жеріне қайырымы жоқ, талай адам
Осындай көк тиындық құны жоқ төсбелгілер халықтың мінез-құлқын бұзып, атақты алу мен беру қып-қызыл саудаға түсті, төсбелгі тағу жемқорлықтың тамырын тереңге жаюына ықпал етті.
Әйтеуір Жоғарғы аудит палатасы алғашқы болып ес жиыпты. Олар Мәдениет және спорт министрлігінен атақ пен медальға жұмсайтын шығындарын қысқартуды талап етіп отыр. Министрлік медаль мен мақтау қағаздарына, иыққа жабатын шапанға жыл сайын 42,2 млн теңге шығындап келген.
Парламенттен осыған ақша сұрай келген министрлік өкілдері 2023-2025 жылға арналған бюджетінде медаль, диплом мен кубок әзірлеуге мемлекет қазынасынан 126,5 млн теңге алуды көздеген.
Жоғарғы аудит палатасының өкілдері мұншама төсбелгі мен кубоктарды алатын мәдени қызметкерлер мен спортшылардың жоқ екенін алға тартып, бұған тоқтау салғандай болды.
Күні кеше Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалған Асхат Оралов ойлануы керек. Министрлікті атақ пен медаль тарататын органға айналдырмау маңызды.
Айтқандай арнамызға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalainside
👍67👏11🙏4😁2
🏦💸 Халық банкі Тимур мен Динара Құлыбаеваға 96 миллиард теңге төледі
"Қазақстанның Халық Банкі" АҚ 2021 жылдың қортындысы бойынша дивидендтер төлеуін аяқтап бітті. Банк бұл туралы ресми хабарламаны Қазақстан қор биржасына (KASE) жіберді.
Халық банкі 2021 жылдың табысы есебінен акционерлеріне 138,6 миллиард теңге төледі. Қазір банктің 69,52% үлесі "Алмэкс" холдингі арқылы Тимур мен Динара Құлыбаеваға тиесілі. Ал 28,51 пайызын Лондон қор биржасындағы инвесторлардың атынан The Bank of New York ұстап отыр.
Әр жай акцияға 12,71 теңгеден дивиденд берілді. Жалпы, Халық Банк 2021 жылы 460 миллиард теңге таза табыс алған болатын.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

👎237😱48👍21😢4😁1
⚡ Назарбаев шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді
Оның жүрегіне ота жасалуы мүмкін. Бұл туралы, оның пулында көп жылдар бойы еңбек еткен журналист Александр Аксютиц жазды.
Назарбаев қазір Астанадағы ғылыми кардиохиругия орталығындағы дәрігерлер қолында. Денсаулық сақтау министрлігі одан басқа түсініктеме берген жоқ.
Биыл 6-шы шілдеде Нұрсұлтан Әбішұлының жасы 83-ке келуі тиіс.
Dalainside жағдайды бақылауда ұстайды.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalainside
Оның жүрегіне ота жасалуы мүмкін. Бұл туралы, оның пулында көп жылдар бойы еңбек еткен журналист Александр Аксютиц жазды.
Назарбаев қазір Астанадағы ғылыми кардиохиругия орталығындағы дәрігерлер қолында. Денсаулық сақтау министрлігі одан басқа түсініктеме берген жоқ.
Биыл 6-шы шілдеде Нұрсұлтан Әбішұлының жасы 83-ке келуі тиіс.
Dalainside жағдайды бақылауда ұстайды.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalainside
👍44😢15🙏4👎3😁1
⚡️Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Оның өміріне қауіп жоқ...
Бұл жайлы экс-президенттің баспасөз-хатшысы Айдос Үкібай жазды.
"Ота ойдағыдай өтті. Тұңғыш президенттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір ол дәрігерлердің қадағалауында.
Операция Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында танымал кардиохирург Ю.Пяның жетекшілігімен жасалды", - деді Үкібай көпшілікті сабырға шақырып.
Түнеукүні парламент Назарбаевты қудалаудан қорғайтын иммунитеттен айырған.
Қаңтар трагедиясына жыл толса да экс-президент талайдан бергі үнсіздікті бұзбай, тым-тырыс жатты.
Dalainside Назарбаевты әлі ұзақ жасайды деп болжайды, әрі Жаңа Қазақстандағы жақсы өзгерістерді көріп кетуін тілейді.
Басы аман, дені сау болса биыл 6-шы шілдеде Нұрсұлтан Әбішұлы 83-ке келеді.

👍54👎20🙏3😁2😢2
📜 2023 жылы Қазақстан "Стати ісі" бойынша халықаралық соттарда түпкілікті жеңіліс таппақ
Осымен, 10 жылдық сот процесіне нүкте қойылады. Және ол Қазақстанның масқара жеңілісімен аяқталады. Бір қызығы, еліміз Статиге төлеуі тиіс өтемақыға шамалас соманы сот процесін жүргізуге, яғни қаптаған адвокаттар мен консультанттардың фирмаларына жұмсап қойған. Яғни, Статилер сұраған ақшаны бірден қайтарғанда, Қазақстан екі есе үнемдейтін еді.
Габриэль Стати өз компаниясының statiholding.md сайтында арнайы мәлімдеме жасады.
«Соңғы уақытта ақпараттық кеңістік Стати отбасы мен біздің Ascom Group SA және Terra Raf Trans Trading LTD компанияларының Қазақстан Республикасына қарсы сот процестеріне қатысты жаңалықтарға толы болды. Швецияның апелляциялық соты шешімі бойынша біз Швециядағы Қазақстан Республикасына тиесілі активтерден 76 миллион АҚШ долларын өндіруге бір қадамдай жерде тұрмыз.
2013 жылдың 19 желтоқсанында Стати отбасы Қазақстан Республикасына қарсы сотта жеңіске жетті. Осыған байланысты Стокгольм арбитраждық соты Қазақстанның бізден "Боранқұл" мен "Толқын" кен орындарын тартып алуын заңсыз деп таныды".
Статидің жазуынша, Қазақстан 2013 жылғы 19 желтоқсандағы Шешімнің күшін жоюға барынша әрекет етті. Бірақ Қазақстан сәтсіздікке ұшырады.
Статилер басында Қазақстаннан 4 миллиард доллар талап еткен болатын. Бірақ Швеция соты өтемақы көлемін 76 миллион доллар сомасына анықтады. Енді Статилер ол ақшаны ERG корпорациясының Қазақстанға тиесілі бұғатталып жатқан дивидендінен оңай ала салады. Іс сонымен бітіп, 10 жылдық процесс біздің заңды жеңілісімізбен аяқталмақ.

👍41😱17😢6👎3😁2🙏2👏1
🇰🇿💸 Шетелдік инвесторлар Қазақстаннан 19,7 миллиард доллар пайда көрді
Қазақстан бойынша тікелей шетелдік инвестициядан таза инвесторға түскен кіріс былтыр 19,7 миллиард долларды құраған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3,3 миллиард долларға артық. Яғни, мұнай бағасының өсуімен инвесторлар табысы да артып келеді.
2022 жылы Қазақстан кем дегенде 25 миллиард доллар тікелей инвестиция тарта білді. Бұл соңғы 10 жылдағы абсолютты рекорд.
Біздің ең ірі инвесторымыз - Нидерланды. Амстердамнан бізге 2022 жылы 5 миллиард доллардан астам инвестиция келді. Одан кейін Швейцария, АҚШ, Бельгия, Оңтүстік Корея сынды елдерде Қазақстанға инвестиция салу бойынша қызығушылық басым. Әсіресе, Бельгия мен Оңтүстік Корея соңғы жылдары бізге инвестиция салуын күрт арттырған.
Dalainside инвестицияға қатысты талдау материалдарды көбейткелі отыр. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

👍43😱2👎1👏1😁1
🚗 Шетелдік автокөліктер қалай заңдастырылады?
23 қаңтардан бастап шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталады.
Қандай көліктер заңдастыруға жатады?
Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақтағы автокөліктер
Заңдастыру үшін талап етілетін ережелер
Автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек; Криминалдық есепте болмауы керек; Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс; Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет.
Өтінім беру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
Өтінім беру жолдары
е-gov.kz электронды үкімет порталы арқылы; Екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы; ХҚКО-ның “Өз-өзіне қызмет көрсету секторы” арқылы.
Автокөлікті заңдастыру үшін қажет құжаттар өтінімі
Өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат; көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік; көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат болуы шарт.
Нәтижесі арнайы базаға тіркеледі және көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен SMS жіберіледі. Онда қабылданған шешім нақты жазылады.
Заңдастыруға рұқсат етілсе, мемлекеттік алымдар төлеу қажет
Алғашқы тіркеу үшін – 200 000 теңге; Техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ – 4 313 теңге; Мемлекеттік нөмір – 9 660 теңге.
Одан соң көлік иесі шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжатты ХҚКО мамандарына тапсырады.
Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне ҚР тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмір беріледі.
#ақылынегізде

👍39👏2😢2👎1😁1
🇷🇺🪓 Za наш дом - Казахстан!
"Орыс әлемі" идеологиясын жүргізетін Россотрудничество ұйымы Қазақстанда Ресейді қолдайтын және орыс тілінің ықпалын сақтап қалуға ниетті азаматтардың басын қосып, олардың бастамашыл топ ретінде қозғалыс не партия құру мүмкіндігін ойластыра бастады.
Осы орайда, мандатынан айрылған депутат Азамат Әбілдаевтың кандидатурасы лайық деп танылған. Бірақ бұл мәселені шешу үшін, алдымен Әбілдаевпен келіссөздер өтетін болады. Партияның идеологиялық блогын Ресейден көп жылдан бері грант алып жүрген саясаттанушылар Данияр Әшімбаев пен Марат Шибұтовтар оңай құрып бере алады.
Россотрудничествомен жұмыс істейтін саяси технологтар лидер ретінде міндетті түрде қазақша жақсы сөйлейтін қазақ керек екенін түсінген. Азамат Әбілдаев осы рөлге таптырмайтын кандидат болып тұр. Болашақ партияның нақты атауы бекітілмеді. Әзірге Россотрудничествоға "Za наш дом - Казахстан!" атауы көбірек ұнап отыр.
Бір қызығы, "🔤 a наш дом - Казахстан!" көбіне қазақ аудиториясымен жұмыс істеп, қазақша насихат жүргізетін болады. Себебі, олардың әлеуметтік зерттеуі бойынша бізде Ресей, Путин мен орыс тіліне барынша қарсы осы қазақтілді аудитория болып отыр. Қазақ аудиториясының Ресейге деген қатып қалған жүрегін жібіту үшін бірнеше вирусты дүние ойластырылған. Мысалы, елшінің шапан киіп, Абай өленін оқуы, домбыра шертіп, қазақша ән айтуы, тб.
Бәрі ойдағыдай болса, Россотрудничество Sputnik.kz порталының қазақ редакциясындағы тәжірибелі журналистеріне партияны насихаттайтын ақпараттық материалдар дайындатып, астыртын келіскен қазақтілді инста және tik-tok блогерлермен жұмысты бастап кете алады.
Dalainside жағдайды бақылауда ұстайды, арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalainside
"Орыс әлемі" идеологиясын жүргізетін Россотрудничество ұйымы Қазақстанда Ресейді қолдайтын және орыс тілінің ықпалын сақтап қалуға ниетті азаматтардың басын қосып, олардың бастамашыл топ ретінде қозғалыс не партия құру мүмкіндігін ойластыра бастады.
Осы орайда, мандатынан айрылған депутат Азамат Әбілдаевтың кандидатурасы лайық деп танылған. Бірақ бұл мәселені шешу үшін, алдымен Әбілдаевпен келіссөздер өтетін болады. Партияның идеологиялық блогын Ресейден көп жылдан бері грант алып жүрген саясаттанушылар Данияр Әшімбаев пен Марат Шибұтовтар оңай құрып бере алады.
Россотрудничествомен жұмыс істейтін саяси технологтар лидер ретінде міндетті түрде қазақша жақсы сөйлейтін қазақ керек екенін түсінген. Азамат Әбілдаев осы рөлге таптырмайтын кандидат болып тұр. Болашақ партияның нақты атауы бекітілмеді. Әзірге Россотрудничествоға "Za наш дом - Казахстан!" атауы көбірек ұнап отыр.
Бір қызығы, "

👎147😱51👍28😢3