Forwarded from ULYS
⚡️66 жастағы Иманғали Тасмағамбетов жаңа жұмысына кірісті
Ол бүгіннен бастап Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы қызметіне кірісті. Бұл ұйымды 2026-шы жылға дейін басқарады.
Иманғали Тасмағамбетов 2019 жылы зейнет жасына жетуіне байланысты Қазақстанның Ресейдегі Елшісі қызметінен босаған болатын. Содан бері жұмыссыз жүрді.
https://t.me/ulys1

👎37👍3
Forwarded from PARANOIA.KZ
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды
👎56👍14
🏦 "Самозанятыйларға арналған банк": Solva-да шанс бар ма?
Микроқаржы ұйымы ретінде жұмыс істеп, адамдарға онлайн кредит беріп келген Solva ("ҚазМикроФинанс" ЖШС) енді банкке айналатын болды.
Ол туралы бүгін Solva Қазақстан қор биржасына хабар берді. Банкке айналу бірнеше қадамнан тұрады, оның әрқайсысын Solva үшін ҚНРДА бекітіп берген. Осы жоспарды бұлжытпай орындаса, ҚНРДА Solva-ға алдағы мамыр айында банк лицензиясын беруі тиіс.
Solva - жұмыссыздарға, ресми табыс көрсете алмайтын базардағы саудагерлерге, таксистерге арналған микроқаржы ұйымы болатын. Соларға онлайн кредит беріп келген. Енді банк болса да, осы клиентураны сақтап қалуға ниетті.
Solva банк болса, активтері көлемі жағынан нешінші орында болады?
Олардың алғашқы ТОП6-дан табылуы неғайбыл. Себебі, кезінде Альфа-Банкты сатып алуға ақшалары жетпей, Альфаны ЦентрКредит банкі жұлып әкеткен болатын. Заңды және жеке тұлғалар жинаған депозиттік базасы да жоқ. Салымдарды олар тек бір жылдан кейін тарта алады. Сондықтан тізімнің төменгі жағында жүретін банк болатыны сөзсіз.
Бірақ, былайша алғанда қаржы жүйесіне жаңа банктің қосылуы біздің дамып жатқанымыздың белгісі. Ол өте жақсы нышан.
https://t.me/dalainside

👍22👏1🙏1
⚡️🔥 Жаңа Қазақстан Қаңтар туралы шындықты айтуға әзір...
Ақорда мұндай месседжді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов арқылы жеткізді.
Билік Қаңтардың жарасын жасыра берсе, жұрттың осынау трагедияға қатысты сауалдары алдағы "жеті жыл" бойына толастамасын түсінген сынды.
Бүгін "Қаңтар оқиғасына" тұп-тура бір жыл толды. Қоғамның алабұртқан көңіл-күйін бүгінгі ауыс-түйістер де алдарқата алмады.
"Жұрттың Қаңтар туралы ашық ақпарат алғысы келетінін" айтқан Қошанов: "Бұған мемлекет те мүдделі " дейді.
Мәжіліс төрағасының айтуынша Тоқаев халықтан ештеңені жасырмауы тиіс, қоғам шындыққа көз жеткізуі керек.
Мәселе, ол қандай шындық? Біз күткен ақиқат айтыла ма? Билік алаңға шыққандарды айыптауды доғарып, оларды "бандылар" мен "лаңкестерге" теңеген риторикадан бас тарта ма?
Қошановтың мәлім еткеніндей өткен 365 күнде Қаңтардың себеп-салдарын зерделеген тергеу амалдары жүргізілген. Соның нәтижесін ашық жариялайтын күн туған.
"Осы арқылы қоғамдағы түрлі пікірлер мен қилы қауесеттерге тоқтау саламыз.
2023 жылғы 5 қаңтарда Мәжіліс қабырғасында осыған қатысты арнайы тыңдау өтеді.
Тыңдауда Бас прокурор мен құқық қорғау органдары басшылары есеп береді", – дейді ол.
Жаңа Қазақстан Қаңтар туралы шындықты айтуға әзір ме?..
https://t.me/dalainside
Ақорда мұндай месседжді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов арқылы жеткізді.
Билік Қаңтардың жарасын жасыра берсе, жұрттың осынау трагедияға қатысты сауалдары алдағы "жеті жыл" бойына толастамасын түсінген сынды.
Бүгін "Қаңтар оқиғасына" тұп-тура бір жыл толды. Қоғамның алабұртқан көңіл-күйін бүгінгі ауыс-түйістер де алдарқата алмады.
"Жұрттың Қаңтар туралы ашық ақпарат алғысы келетінін" айтқан Қошанов: "
Мәжіліс төрағасының айтуынша Тоқаев халықтан ештеңені жасырмауы тиіс, қоғам шындыққа көз жеткізуі керек.
Мәселе, ол қандай шындық? Біз күткен ақиқат айтыла ма? Билік алаңға шыққандарды айыптауды доғарып, оларды "бандылар" мен "лаңкестерге" теңеген риторикадан бас тарта ма?
Қошановтың мәлім еткеніндей өткен 365 күнде Қаңтардың себеп-салдарын зерделеген тергеу амалдары жүргізілген. Соның нәтижесін ашық жариялайтын күн туған.
"Осы арқылы қоғамдағы түрлі пікірлер мен қилы қауесеттерге тоқтау саламыз.
2023 жылғы 5 қаңтарда Мәжіліс қабырғасында осыған қатысты арнайы тыңдау өтеді.
Тыңдауда Бас прокурор мен құқық қорғау органдары басшылары есеп береді", – дейді ол.
Жаңа Қазақстан Қаңтар туралы шындықты айтуға әзір ме?..
https://t.me/dalainside
👍59👎4👏4🎉2🙏2
🔥💥 Қаңтар оқиғасы: Бас прокурор баян еткен 7 тезис
Мәжілісте Қаңтар оқиғасы туралы тың мәліметтер айтылып, Бас прокуратура бір жыл бойы жүргізілген тергеу нәтижесін жариялады.
Dalainside Бас прокурор Берік Асыловтың осы оқиғаға қатысты бірқатар тезистерін теріп алып, арна оқырмандарына ұсынды. Сонымен, Мәжілістегі тыңдауда Қаңтар трагедиясына қатысты келесідей ақпарат берілді:
1️⃣ Тоқаев? Елдің жоғарғы басшылығынауыстыру операциясы мұқият жоспарланған. Бұл мемлекеттік төңкеріс әрекеті болды.
2️⃣ Бүкіл 2021 жыл бойы орындаушылар радикалды шараларды қолдану мақсатымен жасырын дайындалған. Қоғамның бірлігі пысықталған сценарийлер бойынша шайқалған.
3️⃣ «Дикий Арман» ҰҚК -дағы үйлестірушінің басқаруымен әрекет еткен.
"Ол тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, халықты бақылауға алып, билікке ультиматум қою үшін "халық кеңесін" құруы тиіс еді. Оған Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты белсене көмектескен, сондай-ақ ұйымдасқан түрде "Қазақстан" қонақүйіне келген қарақшыларды қаруландырған қылмыстық топтың белсенді мүшесі Махатов болды", – дейді Бас прокурор.
4️⃣ Бектанов? Тергеуге сәйкес төтенше жағдай кезінде ол заңсыз бұйрық беріп, әскери стратегиялық нысандарды қорғаусыз қалдырған. Бұрынғы Қорғаныс министрі елде конституциялық тәртіп орнату жөнінде шара қабылдамаған.
5️⃣ Құқық қорғаушылар атыс қаруын ойрандау әрекеттері зорлық фазасына ауысқанда ғана қолданған. Құқық қорғаушылардың көбінде атыс қаруы болмаған.
«Полицияға қылмыскерлерге қарсы оқ ату командасы қажет емес. Заңдардың нақты нормалары бар», – дейді Берік Асылов.
6️⃣ Ұйымдастырушылар арасында жоғары дәрежелі шенділер де, ОПГ мүшелері де болған.
7️⃣ Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ҰҚК қызметкерлері ❗️ МӘСІМОВ-тың бұйрығымен ғимараттарын қараусыз қалдырған. Оның тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысы бойынша ҰҚК ғимараттарын тастап шыққан. Сондай-ақ, басшылықтың пәрменімен Алматы және Жамбыл облыстарының ішкі істер департаменттерінің ғимараттары қараусыз қалдырылған.
Мәжілістегі тыңдауда осындай "отчет" берілді. Жаңа Қазақстанның Қаңтарға қатысты риторикасы өзгерді ме, қалай ойлайсыз?
https://t.me/dalainside
Мәжілісте Қаңтар оқиғасы туралы тың мәліметтер айтылып, Бас прокуратура бір жыл бойы жүргізілген тергеу нәтижесін жариялады.
Dalainside Бас прокурор Берік Асыловтың осы оқиғаға қатысты бірқатар тезистерін теріп алып, арна оқырмандарына ұсынды. Сонымен, Мәжілістегі тыңдауда Қаңтар трагедиясына қатысты келесідей ақпарат берілді:
1️⃣ Тоқаев? Елдің жоғарғы басшылығын
2️⃣ Бүкіл 2021 жыл бойы орындаушылар радикалды шараларды қолдану мақсатымен жасырын дайындалған. Қоғамның бірлігі пысықталған сценарийлер бойынша шайқалған.
3️⃣ «Дикий Арман» ҰҚК -дағы үйлестірушінің басқаруымен әрекет еткен.
"Ол тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, халықты бақылауға алып, билікке ультиматум қою үшін "халық кеңесін" құруы тиіс еді. Оған Алматы қаласы мәслихатының
4️⃣ Бектанов? Тергеуге сәйкес төтенше жағдай кезінде ол заңсыз бұйрық беріп, әскери стратегиялық нысандарды қорғаусыз қалдырған. Бұрынғы Қорғаныс министрі елде конституциялық тәртіп орнату жөнінде шара қабылдамаған.
5️⃣ Құқық қорғаушылар атыс қаруын ойрандау әрекеттері зорлық фазасына ауысқанда ғана қолданған. Құқық қорғаушылардың көбінде атыс қаруы болмаған.
«Полицияға қылмыскерлерге қарсы оқ ату командасы қажет емес. Заңдардың нақты нормалары бар», – дейді Берік Асылов.
6️⃣ Ұйымдастырушылар арасында жоғары дәрежелі шенділер де, ОПГ мүшелері де болған.
7️⃣ Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ҰҚК қызметкерлері ❗️ МӘСІМОВ-тың бұйрығымен ғимараттарын қараусыз қалдырған. Оның тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысы бойынша ҰҚК ғимараттарын тастап шыққан. Сондай-ақ, басшылықтың пәрменімен Алматы және Жамбыл облыстарының ішкі істер департаменттерінің ғимараттары қараусыз қалдырылған.
Мәжілістегі тыңдауда осындай "отчет" берілді. Жаңа Қазақстанның Қаңтарға қатысты риторикасы өзгерді ме, қалай ойлайсыз?
https://t.me/dalainside
👎53👍37🥰2❤1👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❗️⚡️Видеодәлел:
Алдарыңызда - Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев.
Жалы күдірейген Күдебаев Қаңтар кезінде өңір коменданты бола тұра, департамент ғимаратын тастай қашқан.
https://t.me/dalainside
Алдарыңызда - Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев.
Жалы күдірейген Күдебаев Қаңтар кезінде өңір коменданты бола тұра, департамент ғимаратын тастай қашқан.
https://t.me/dalainside
👎20👍3🤩3👌2
🇰🇿🇨🇦 Қазақтар Канадаға ағыла бастайды. Ауқатты елге адам күші керек...
Жаңа Қазақстанның аяқ алысына көңілі толмайтын қазақтардың қарасы көбейіп келеді. Өзгерістен үміт үзе бастаған олар комфортты өмір сүретін орта іздеуде. Ол үшін құрлық асуға да әзір.
Ал, шалғайдағы Канада дейтін бай-бақуатты елге 👷♂️жұмыс күші жетіспеуде. Туу көрсеткіші төмендеп, адами капиталдың потенциалы сарқылу үстінде. Елде 👨🦳 зейнеткерлер саны күрт өскен, ал қолға күрек ұстауға жарайтын адам саны күн өткен сайын кеміп барады.
Мұның алдын-алу үшін ел үкіметі үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап 2025 жылға дейінгі аралықта жыл сайын 500 мың адамды құшақ жая қабылдайтын болады. Осылайша алдағы 3 жылда Канада халқының саны 1,5 млн адамға ұлғаяды.
Көптен бері осы елге қоныс аударуды көздеп жүрген қазақтар мұндай мүмкіндікті мүлт жібергісі келмейді. Жастин Трюдо үкіметі жұмыс істеуге құлшынып тұрған мигранттарды 💵 өкпелетпеуге уәде беріп отыр.
Кореяда табыс тауып, комфорт өмірдің шет-шағасын көрген қазақтар ит арқасы қияндағы Канадаға сапар шегуге әзір. Олар осы елде ұрпақ өрбітіп, біржолата тұрақтап қалуға кет әрі емес.
Тоқаевтың тұсында айтарлықтай өзгеріс боларына күмәнмен қарайтын аудитория өмірінің "жеті жылын" бекер өткергісі келмейді.
Канадада 38 млн-ға жетеқабыл халық тұрады. Жер көлемі жөнінен Ресейге ғана жол беретін мемлекет үшін бұл тым мардымсыз көрсеткіш. Ел экономикасын құлдыратпау үшін Трюдо үкіметіне мигранттар ауадай қажет.
DALA INSIDE алдағы уақытта Канадаға көшудің заңды жолдарын анық-қанық жазады. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalainside
Жаңа Қазақстанның аяқ алысына көңілі толмайтын қазақтардың қарасы көбейіп келеді. Өзгерістен үміт үзе бастаған олар комфортты өмір сүретін орта іздеуде. Ол үшін құрлық асуға да әзір.
Ал, шалғайдағы Канада дейтін бай-бақуатты елге 👷♂️жұмыс күші жетіспеуде. Туу көрсеткіші төмендеп, адами капиталдың потенциалы сарқылу үстінде. Елде 👨🦳 зейнеткерлер саны күрт өскен, ал қолға күрек ұстауға жарайтын адам саны күн өткен сайын кеміп барады.
Мұның алдын-алу үшін ел үкіметі үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап 2025 жылға дейінгі аралықта жыл сайын 500 мың адамды құшақ жая қабылдайтын болады. Осылайша алдағы 3 жылда Канада халқының саны 1,5 млн адамға ұлғаяды.
Көптен бері осы елге қоныс аударуды көздеп жүрген қазақтар мұндай мүмкіндікті мүлт жібергісі келмейді. Жастин Трюдо үкіметі жұмыс істеуге құлшынып тұрған мигранттарды 💵 өкпелетпеуге уәде беріп отыр.
Тоқаевтың тұсында айтарлықтай өзгеріс боларына күмәнмен қарайтын аудитория өмірінің "жеті жылын" бекер өткергісі келмейді.
Канадада 38 млн-ға жетеқабыл халық тұрады. Жер көлемі жөнінен Ресейге ғана жол беретін мемлекет үшін бұл тым мардымсыз көрсеткіш. Ел экономикасын құлдыратпау үшін Трюдо үкіметіне мигранттар ауадай қажет.
DALA INSIDE алдағы уақытта Канадаға көшудің заңды жолдарын анық-қанық жазады. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalainside
👍169❤49👏15👎10🤩4🙏1💯1
☀️ Күншығыстан шыққан күн. Қазақстан Ресейдің уран диктатын Қытаймен теңестірмек
Қытай 15 жылда 150 атом реакторын салады. Оған қажет уран таблеткаларын (арнайы кешенді құрам) Қазақстан беретін болады. Өскемендегі "Үлбі-ТВС" зауыты биылдан бастап Қытайда жұмыс істеп тұрған АЭС-терге таблетка жіберді.
Қытай жыл сайын 6-8 реакторды іске қосуды жоспарлап отыр. Солайша, 2035 жылға қарай Қытайда өндірілетін барлық электр қуатының 10 пайызы АЭС арқылы алынбақ. Қазір ортақ генерациядағы атом энергетикасының үлесі 5%. Бір АЭС стандарт бойынша 2 энергоблоктан (реактор) тұратынын ескерсек, 150 реактор дегеніміз 75 АЭС болады.
Жоспар бойынша, 2 жылдан кейін Қытай АЭС арқылы 70 миллион кВт электр қуатын өндіруі керек. Биыл Қытайда ортақ қуаты 55,78 млн кВт болатын 54 реактор жұмыс істейді. Оған қоса, 23 реактордың құрылысы жүріп жатыр.
Қытай - әлемдегі ең үлкен энергия тұтынушы ел. Ол тоқты пайдалану жағынан АҚШ-тан озып кеткен. Осы электрдің 60 пайызын Қытай көмір жағып, содан алып отыр. Бірақ, көмір қырсығынан экология нашарлап барады.
Қазақстанға бұл не береді?
Қытай "Росатом" сияқты біздегі уран кен орындарын басып алмай, терезесі тең әріптестік орнатқысы келеді. Бізге Қытай өз технологиясы бойынша зауыт салып берді. Ал біз ураннан таблетка жасап, оны Қытайға үздіксіз сатуға уәде бердік. Бұл көптеген жылдарға созылатын экспорттық табыс әкелетін болады.
Ресей қалай істеді? Кремль Мұхтар Жәкішевті соттатып, "Қазатомпром" ұлттық операторы басшылығына Владимир Школьникті отырғызып қойған еді. Школьник бізде уран өндіріп жүрген канадалықтармен келісім-шарттарды бұзып, олардан тартып алған уран рудниктерін "Росатомға" беріп жіберген. Росатом біздің уранды тегін алып, уран рудасын өзінде байытып, Ресейдегі АЭС-тер мен өздері әлем бойынша салған АЭС-терге таблетка сатып отыр. Мұнда жеңіліп отырған тек Қазақстан ғана. Енді Қытай бізге қолдау білдіретін болса, өз рудниктерімізден Росатомды біртіндеп ығыстыра беруге болады.
Қазақстан Ресейге уранды байыту бойынша тәуелді болып отыр. Бізде уран байытатын фабрика жоқ. Технология да жоқ. Қазір "Қазатомпром" уранды Ресейде байытып, оны қайтадан Өскеменге әкеліп, содан таблетка жасайды. Егер Қытай бізге уран байытатын фабрика салып берсе, Ресей диктатынан құтылуға болады. Енді осыған Қытайды көндіру керек.

👍134❤4👏3🙏2
❗️🍔 McDonald’s Қазақстаннан біржола кетті. Путиннің сөзін сөйлегеніміз үшін...
Америкалық аспаз компанияның Қазақстаннан кетуіне қатысты талқылау толастамай тұр.
Бұдан шетелде бой тасалап жүрген саясаткерлер де сырт қалмапты.
Канаданы паналаған "ҚазАтомның" экс-топ менеджері Рүстем Тұрсынбаевтың айтуынша "мұны елдегі еттің сапасымен байланыстыру логикаға сыймайды".
Dalainside сарапшының аргументтерін арна оқырмандарының назарына ұсынады.
"McDonald’s-тың Қазақстандағы дәмханалары осы күнге дейін қажетті ингредиентті теріскей көршіден алдырып келді.
Мак Ресейден теріс айналғанмен, осы компанияға ет тасымалдаған орыстың компаниясы орнында. Медведевке тиесілі Мираторг қажетті шикізатты Қазақстанға қиналмай жеткізер еді. Мәселе етте емес, сапа стандарты сылтау ғана..." – дейді ол.
Ендеше McDonald’s Қазақстанды неге тастап кетті?
Бұған себеп – біздің 🇷🇺 орыспен дос болғанымыз. Путиннің сөзін сөйлегеніміз. Ресейдің сыбайласы атанғанымыз. Күллі әлем бізді солай қабылдайды.
Мак-тың елден кетуінің астарында - репутациялық тәуекелдер жатыр.
Америкалық компания абыройына дақ түсірмеуді көздейді, кету туралы ұйғарымға Қазақстандағы франшизаның қожайыны, экс-президенттің құдасы Боранбаевтың тұтқындалуы да түрткі болған.
Сөй деген Тұрсынбаев "Қазақстанның әлдеқашан санкцияға ұшырағанын әрі шетелдік инвестицияға сусап отырғанын" айтыпты.
"Естеріңізде болар, бұған дейін McDonald’s-тың деңгейіндегі америкалық компания Қазақстанда ет өңдейтін зауыт салмаққа ниеттенген. Әңгіме емеуріннен әріге аспады.
Елдегі инвестклиматты мұқият шолып шыққан 🇺🇸 🇪🇺 Батыс бизнесі Жаңа Қазақстанның заңнамасынан кінәрат тапты.
Елдегі саяси ахуалға талдау жасады, теріскейдегі көршісі түртпектеп отырған елде саяси тұрақтылық орнай қоярына күмәнмен қарады.
Ең бастысы "Ресейдің сыбайласымен" сөз байласудың қауіп-қатері мол боларын түсінді", – дейді ол.
Әлемге әйгілі брендтің Қазақстаннан нарығынан едел-жедел шығып кетуі әсте жақсы үрдіс емес.
Қазақтар бургерсіз қалғанына қынжыла қоймас, біз үшін қыстан 🐎 соғымсыз шығу сынақ.
Мәселенің әлеуметтік сипаты бар: компанияда 2 мың адам еңбек еткен-тін. Оларды қайда жібереміз? Мак-тың аналогын ашуға қазақ кәсіпкерлерінің қайсысы тәуекел етер екен?
Айтпақшы, арнаға тіркелуді ұмытпаңыз.

👍87❤3👎3🔥1💯1
❗️ Дабыл: 6 күннен соң Путин мобилизация жариялайды. "Дезертирлер" Жаңа Қазақстанға лап қояды...
15-ші қаңтарда Ресейде мобилизацияның екінші этапы басталуы мүмкін. Кремль 500 мың "балмұздақты" мұздай қаруландырып, майдан даласына жөнелтуді көздеуде.
Dalainside Путиннің алғашқы мобилизацияны тартыншақтап жасағанын ұмыта қойған жоқ. Кремль көсемі жұрт жаппай алаңға шыға ма деп қауіптенген-тін.
Бірақ орыстар әдеттегідей бас көтермеді. Билікті ататын 💣 HIMARS-ы жоқ, іштей кіжініп жүрген ақыл-есі cау орыстар қарсылық танытудың орнына елден безіп кетті. Осылайша Путин мобилизациясына қолайлы жағдай жасап берді.
Украин барлау қызметінің мәліметінше, мобилизация 2.0 – "Ресей экономикасына табыс әкелетін салаларда" істейтін ер-азаматтарды қамтиды. Яғни, middle class (орта тап) өкілдеріне бағытталады.
Жарлық қатты, бірақ жан тәтті: алдағы күндері біз "орысқашқанның " екінші сериясына куә боламыз.
Украин топырағын ⚰️ тыңайтқанды қаламайтын орыстар Қазақстанның шекарасына қарай шұбырары анық.
Кремль оларға бас ауыртпайды. Бар салмақ бізге түседі.
Жаңа Қазақстан атажұртынан зытайын деп отырған орыстарды қабылдауға (бәлкім, қабылдамауға) дайын ба? Бұл үлкен сұрақ.
Түнеукүнгі мобилизацияда елге 100 мың орыс "басып" кіріп, елдегі әлеуметтік-саяси ахуал күрт ушыққан.
ЦОН-дарда шұбатылған кезек, пәтердің арендасы шарықтап, жастар далада қалған. Ол кезде күн жылы еді...
Қытымыр Қаңтарда тағы 100 мың орысты құшақ жая қарсы алып, бұл қазақтардың ашу-ызасына тиіп, ауылдан келген студенттер қыстың көзі қырауда далада түнер болса, мұның соңы әсте жақсылыққа әкелмейді.
Ол кезде екінші Қаңтар болмаса да, соған ұқсас дүниелер қайталануы әбден мүмкін.
Ақорда идеологтарына Тоқаевтың 7️⃣ жылын аман-есен өткеру үшін мұндай сценарийдің алдын-алу қажет-ақ. Мұндай мүмкіндікті Дариға мен Тимур бастаған ескі биліктің өкілдері де мүлт жібермесі белгілі.
Dalainside мобилизацияның екінші кезеңінде Қазақстанға лап қойғалы отырған орыстарды шекарадан кері қайтаруды ұсынады.
Олардың "Алматыны көрмедік. Аунап-қунап қайтуға келе жатырмыз..." деген алдап-сулауына сенбеген жөн.
Алғашқы мобилизацияда Қазақстанға қашқан орыстар "туристпіз" дегенді алға тартып, 🚧 шекарадан өткен-ді.
Путиннің "спецоперациясын" соғыс деп кесіп айтқан Жаңа Қазақстан соғыстан қашқан туристерді "дезертир" деп танып, радикалды шара қабылдауға дайын болуы тиіс.
Бүйтпесе біздің елге қатысты Симонян мен Соловьевтің провокациясын Путин соғыстан қашқан орыстардың қолымен жүзеге асырады.
Соғыстан қашқандар Троя қақпасына еркін кірген ағаш атқа айналып жүрмесін. Сақ болайық.
Айтпақшы, арнамызға тіркелуді ұмытпаңыз.
https://t.me/dalainside
15-ші қаңтарда Ресейде мобилизацияның екінші этапы басталуы мүмкін. Кремль 500 мың "балмұздақты" мұздай қаруландырып, майдан даласына жөнелтуді көздеуде.
Dalainside Путиннің алғашқы мобилизацияны тартыншақтап жасағанын ұмыта қойған жоқ. Кремль көсемі жұрт жаппай алаңға шыға ма деп қауіптенген-тін.
Бірақ орыстар әдеттегідей бас көтермеді. Билікті ататын 💣 HIMARS-ы жоқ, іштей кіжініп жүрген ақыл-есі cау орыстар қарсылық танытудың орнына елден безіп кетті. Осылайша Путин мобилизациясына қолайлы жағдай жасап берді.
Украин барлау қызметінің мәліметінше, мобилизация 2.0 – "Ресей экономикасына табыс әкелетін салаларда" істейтін ер-азаматтарды қамтиды. Яғни, middle class (орта тап) өкілдеріне бағытталады.
Жарлық қатты, бірақ жан тәтті: алдағы күндері біз "
Украин топырағын ⚰️ тыңайтқанды қаламайтын орыстар Қазақстанның шекарасына қарай шұбырары анық.
Кремль оларға бас ауыртпайды. Бар салмақ бізге түседі.
Жаңа Қазақстан атажұртынан зытайын деп отырған орыстарды қабылдауға (бәлкім, қабылдамауға) дайын ба? Бұл үлкен сұрақ.
Түнеукүнгі мобилизацияда елге 100 мың орыс "басып" кіріп, елдегі әлеуметтік-саяси ахуал күрт ушыққан.
ЦОН-дарда шұбатылған кезек, пәтердің арендасы шарықтап, жастар далада қалған. Ол кезде күн жылы еді...
Қытымыр Қаңтарда тағы 100 мың орысты құшақ жая қарсы алып, бұл қазақтардың ашу-ызасына тиіп, ауылдан келген студенттер қыстың көзі қырауда далада түнер болса, мұның соңы әсте жақсылыққа әкелмейді.
Ол кезде екінші Қаңтар болмаса да, соған ұқсас дүниелер қайталануы әбден мүмкін.
Ақорда идеологтарына Тоқаевтың 7️⃣ жылын аман-есен өткеру үшін мұндай сценарийдің алдын-алу қажет-ақ. Мұндай мүмкіндікті Дариға мен Тимур бастаған ескі биліктің өкілдері де мүлт жібермесі белгілі.
Dalainside мобилизацияның екінші кезеңінде Қазақстанға лап қойғалы отырған орыстарды шекарадан кері қайтаруды ұсынады.
Олардың "Алматыны көрмедік. Аунап-қунап қайтуға келе жатырмыз..." деген алдап-сулауына сенбеген жөн.
Алғашқы мобилизацияда Қазақстанға қашқан орыстар "туристпіз" дегенді алға тартып, 🚧 шекарадан өткен-ді.
Путиннің "спецоперациясын" соғыс деп кесіп айтқан Жаңа Қазақстан соғыстан қашқан туристерді "дезертир" деп танып, радикалды шара қабылдауға дайын болуы тиіс.
Бүйтпесе біздің елге қатысты Симонян мен Соловьевтің провокациясын Путин соғыстан қашқан орыстардың қолымен жүзеге асырады.
Соғыстан қашқандар Троя қақпасына еркін кірген ағаш атқа айналып жүрмесін. Сақ болайық.
Айтпақшы, арнамызға тіркелуді ұмытпаңыз.
https://t.me/dalainside
👍135👏7🎉3🔥2🤩1
📊 Инфляция 20 жылдық рекорд жаңартты
2022 жылы инфляция 20,3% құрады. Бірақ осы белестен кейін төмен құлдырап барады. Ол туралы @jusan_analytics жазады.
Бұл соңғы 20 жылдан астам уақыттан бергі ең жоғары көрсеткіш. Соңғы рет сандардың өсімі жылдық тұрғыда тек 2000 жылдың наурызында ғана жоғары болған еді – 20.6%. Жоғары инфляциямен күрес жолында Қазақстанның Ұлттық Банкі былтыр базалық мөлшерлемені 6 рет көтеруге мәжбүр болды. Сөйтіп ол барлығы 650 базалық пунктке жоғарылады. Соның нәтижесінде базалық мөлшерлеме 2016 жылғы деңгейіне жетті.
"Желтоқсанның қорытындысы бойынша айлық инфляция біздің болжамнан төмен қалыптасып (1.2%), бәсеңдеуін жалғастырды. Бұл үрдіс 2022 жылдың қазанында байқалған еді", - дейді, Jusan аналитиктері.
Теңгенің ресейлік рубльге қатысты 16%-дан астамға нығаюы желтоқсанның қорытындысы бойынша тұтыну тауарларының бірқалыпты қымбаттауына септігін тигізді. Бұл бірқалыпты жағдайды тіпті Жаңа жыл қарсаңында шығындардың өсуі де өзгерте алған жоқ. Біз үшін сервистік инфляцияның серпіні күтпеген жағдай болды. Оның бәсеңдеуіне қарап, жалпы тұтыну бағалары деңгейінің не үшін болжамды көрсеткіштен төмен қалыптасқандығын түсінуге болады.
Дейтұрғанмен, бағалардың өсу қарқынының бәсеңдеуі инфляция төмендеп жатыр дегенді емес, бағалардың бұрғынғыға қарағанда баяу өсіп жатқандығын ғана білдіреді. Қалай болғанда да бұл, бағалардың беті сәл де болса бері қарай бастағанын білдіреді.

👍26🔥1
🔥🚘 Chevrolet Onix vs Lada Granta: Өзбек автопромы орыстың қаңсығын Қазақстан нарығынан тықсырып шығармақ...
Тұран одағын құруға түрткі болатын тағы бір маңызды қадам жасалды. 65 млн адамы бар аймақтың бұдан былай көлік саудасының көркін қыздыратын төл нарығы бар.
Dalainside күні кеше құрылған "Түркі автопромына" қатысты тың мәлімет тапты.
Өткен жылдың соңына таман Қазақстан, Өзбекстан және Әзірбайжанның көлік өндірушілері тізе қосып, жаңа көлік альянсын құрғанын мәлімдеген.
Потенциалы зор, келешекте аясы ұлғая түсетін ұйымның құрылуына өзбектің UzAuto Motors-ы ұйытқы болғанын айта кетуге тиіспіз.
Бұдан былай Қостанайдағы "СарыарқаАвтоПром" орыстың салдыр-күлдір Lada Granta-сы емес, арғы тегі америкалық, алайда бөлшектері Ташкенттен жеткізілетін Chevrolet Onix-ті құрастырады
UzAuto сықпыты салиқалы, салоны кең, комфортты седанның өндірісін биылғы жылдың көктемінде "пісміллә" деп бастап кетпек. Бұл қатарға кейіннен Баку да қосылады.
Өзбектердің амбициясы асып-тасып тұр. Жылына 30 мың "Ониксті" Lego секілді ойнап жүріп құрастырамыз дейді. Қазақстанның арғы-бергі тарихында мұндай көлемдегі көлік бұрын-соңды өндірілген емес. Ал өзбек жерінде Қазақстанның нарығына бейімделген "запчасть" орталығы ашылады.
UzAuto мен Қазақстан Даму банкінің келісімі шеңберінде Қостанайдағы зауытқа алдағы жылдары 570 млн доллар инвестиция құйылады.
Dalainside өзбектің көлік құрастырудағы көшбасшы компаниясы орыстың автопромын отандық нарықтан ығыстырып шығады деп топшылайды.
🇷🇺Орыстар ше? Олар "Ониксті" түсінде ғана көреді.
Арнамызға пікір білдірген АҚШ елшілігінің өкілі өзбек компаниясы мен америкалық 🇺🇸 General Motors-тың арасында ұзақмерзімді стратегиялы келісім жасалғанын айтып берді.
UzAuto-ның төбе басында (директорлар кеңесінде) GM-ның топ-менеджерлері отыр.
"Америкалық концерн UzAuto-ны кіндік Азиямен шектейді. Қазақстанның көмегімен 🚧 санкцияны айналып өтіп, ресейлік нарыққа шығуға жол бермейді", – дейді дереккөз.
Ал біз "Түркі автопромының" кеңістігі ілгерідегі үш елмен шектеліп қалмасына сенімдіміз.
P.S. Ресейліктер қалтаға салмақ салмайтын импортты көліктерге сусап отыр. Теріскей көршімізде Hyundai Solaris-тің өндірісі тоқтаған, есесіне осы көліктің шанағы (кузовы) жетіп артылады. Бұларды Қазақстанға жеткізіп, Hyundai Accent құрастырып шығады да, кейін қайтадан Ресейге кіргізеді екен.
Бұдан кейін көлік бағасы да шарықтап шыға келеді. Ресейге Accent деген атпен кіретін Hyundai көліктері біздегімен салыстырғанда 3-4 млн теңгеге қымбат.
Айтқандай, арнаға тіркелуді ұмытпаңыз.
https://t.me/dalainside
Тұран одағын құруға түрткі болатын тағы бір маңызды қадам жасалды. 65 млн адамы бар аймақтың бұдан былай көлік саудасының көркін қыздыратын төл нарығы бар.
Dalainside күні кеше құрылған "Түркі автопромына" қатысты тың мәлімет тапты.
Өткен жылдың соңына таман Қазақстан, Өзбекстан және Әзірбайжанның көлік өндірушілері тізе қосып, жаңа көлік альянсын құрғанын мәлімдеген.
Потенциалы зор, келешекте аясы ұлғая түсетін ұйымның құрылуына өзбектің UzAuto Motors-ы ұйытқы болғанын айта кетуге тиіспіз.
Бұдан былай Қостанайдағы "СарыарқаАвтоПром" орыстың салдыр-күлдір Lada Granta-сы емес, арғы тегі америкалық, алайда бөлшектері Ташкенттен жеткізілетін Chevrolet Onix-ті құрастырады
UzAuto сықпыты салиқалы, салоны кең, комфортты седанның өндірісін биылғы жылдың көктемінде "пісміллә" деп бастап кетпек. Бұл қатарға кейіннен Баку да қосылады.
Өзбектердің амбициясы асып-тасып тұр. Жылына
UzAuto мен Қазақстан Даму банкінің келісімі шеңберінде Қостанайдағы зауытқа алдағы жылдары 570 млн доллар инвестиция құйылады.
Dalainside өзбектің көлік құрастырудағы көшбасшы компаниясы орыстың автопромын отандық нарықтан ығыстырып шығады деп топшылайды.
🇷🇺Орыстар ше? Олар "Ониксті" түсінде ғана көреді.
Арнамызға пікір білдірген АҚШ елшілігінің өкілі өзбек компаниясы мен америкалық 🇺🇸 General Motors-тың арасында ұзақмерзімді стратегиялы келісім жасалғанын айтып берді.
UzAuto-ның төбе басында (директорлар кеңесінде) GM-ның топ-менеджерлері отыр.
"Америкалық концерн UzAuto-ны кіндік Азиямен шектейді. Қазақстанның көмегімен 🚧 санкцияны айналып өтіп, ресейлік нарыққа шығуға жол бермейді", – дейді дереккөз.
Ал біз "Түркі автопромының" кеңістігі ілгерідегі үш елмен шектеліп қалмасына сенімдіміз.
P.S. Ресейліктер қалтаға салмақ салмайтын импортты көліктерге сусап отыр. Теріскей көршімізде Hyundai Solaris-тің өндірісі тоқтаған, есесіне осы көліктің шанағы (кузовы) жетіп артылады. Бұларды Қазақстанға жеткізіп, Hyundai Accent құрастырып шығады да, кейін қайтадан Ресейге кіргізеді екен.
Бұдан кейін көлік бағасы да шарықтап шыға келеді. Ресейге Accent деген атпен кіретін Hyundai көліктері біздегімен салыстырғанда 3-4 млн теңгеге қымбат.
Айтқандай, арнаға тіркелуді ұмытпаңыз.
https://t.me/dalainside
👍80👏7❤4🥰2🎉2🤩1
🇷🇺📈 По ком звонят колокола? Ресейдің рекордты бюджет дефициті - солтүстіктегі үлкен кризистің сигналы
Бізге елдегі басы артық рубльден арылу жұмыстарын тездеткен жөн. Құнсыздаған Ресей валютасы банк баланстарына аяусыз соққы бере алады.
Ресей 2022 жылдың бюджеттік қортындысын шығарды. Бюджеттік дефицит 3,3 триллион рубльді құраған. Бұл 45 миллиард доллар. Біз үшін бүкіл бір Ұлттық қор десе де болады. Осы дефицитті жабу үшін Ресей өзінің әл-ауқат қорынан қаржы шығындамақ.
Ресей әл-ауқат қорында 10,8 триллион рубль жатқан болатын. Оның 3,3 триллионы өткен жылғы дефицитті жабуға кетсе, қалатыны 7,5 триллион рубль. Ал биылғы дефициттері қандай болмақ? Ол үлкен сұрақ. Тіпті алдағы 2-3 жылда Ресей толық өз резервін құртып тастауы да ғажап емес.
Екінші проблема - рубль бағамы болып тұр. Ресей рубль курсын ұстау үшін юань резервтерін жағуға шешім қабылдады. Оның Орталық Банкі биржада көптен бері интервенция жасамаған еді. Ол резерві қаншаға жетеді?
Резервтер тым көп жағылса, Орталық Банк курсты еркін жібере салуға шешім қабылдауы да мүмкін. Онда рубльдің қатты құлауын көре аламыз.
Арзан рубль бізге инфляцияны түсіруге жақсы мүмкіндік береді. Бастысы, Ресейдің азық-түлікті тоқтамай өндіре бергені керек. Ал рубль - ақша сақтау үшін ең қауіпті валюта деп айтар едім. Рубль болса, соған Ресейден азық-түлік алып алған дұрыс.
Арнайы Dalainside үшін: Айбар Олжаев

👍75🙏1
🔥🪑 Ертең Елбасы туралы заң түпкілікті күшін жояды...
30 жыл тақтан түспей, ел алдындағы қадір-қасиетін жоғалтқан экс-президент үшін ертең "траур".
"Тұңғыш президент - Елбасы" туралы заң күресінге кетіп, түпкілікті күшін жоятын сәтке дейін небәрі 24 сағат қалды.
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысына шақыру жөніндегі жарлыққа қол қойды.
Жиын ертең, сағат 10.00-да өтеді.
Бірлескен отырыста "Тұңғыш президент - Елбасы" туралы заңның күшін біржолата жою мәселесі қаралуы мүмкін.
Бірер күн бұрын Қазақстанның Конституциялық соты бір топ депутаттың өтінішін қарап, "Тұңғыш президент - Елбасы" заңның күшін жойған.
Конституциялық сот бұл шешім "маусымда өткен референдум" мен "қазақтардың қалауын ескеріп шығарылғанын" айтады.
Сот "2022 жылғы 5 маусымдағы референдумды назарға алып, тұңғыш президент – елбасының мәртебесі мен өкілеттігін, оларды Конституциялық заңмен регламенттеу мүмкіндігін, Конституциялық кеңеске өмір бойы мүшелігін, сондай-ақ оның артықшылықтарын – мәртебесінің өзгермеуін, қатарынан 2 реттен артық президент болып сайлану құқығын Ата заңнан сылып алып тастады" дейді.
Конституциялық сот қаулы бірден күшіне енетінін, 🙅♂️шағымдануға жатпайтынын мәлімдеді.
Былтыр желтоқсанда мәжіліс "Тұңғыш президент - Елбасы" туралы Конституциялық заңның күшін жою процесін бастаған. Экс-президент оның семьясы 22 жыл бұрын қабылданған "Елбасы заңының" қызығын көрді .
Заңға сай: Назарбаев пен оның отбасы қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, қамалмайды, мүліктері тәркіленбейді, шектеу қойылмайды.
"Тұңғыш президент" заңында Назарбаев және оның отбасы мүшелерінің 💰 "банктік шоттарының құпиялығына және банк шоттарына тиіспеуге кепілдік берілетіні" жазылған. "Елбасы заңы" Қазақстандағы автократия мен әділетсіздіктің айқын көрінісі еді.
Айтқандай, арнаға тіркелуді ұмытпаңыз 👇

Конституциялық сот қаулы бірден күшіне енетінін, 🙅♂️

👍80👏15🤩4👎1
💥🇰🇿 Захарова, бұған не дейсің? Қазақтар енді Киевте киіз үй тігіп жатыр...
Киевтегі Шевченко саябағында аумағы 64 шаршы метрді құрайтын, алып киіз үй әне-міне бой көтереді.
"Мызғымас" киіз үйді орнатуға қазақ кәсіпкерлері қолдау көрсетіпті. Киіз үйдің уығын бекітіп, шаңырағын көтеруге еріктілер де жәрдемдесіп жатыр.
16 керегесі бар (16 қанатты) киіз үй Киев қана емес, күллі 🇺🇦 Украинадағы ең үлкен киіз үй болғалы тұр. Ашылуы осы аптаның сенбісінде, сағат түскі екіге жоспарланған.
Бұл Украин жерінде тігілген осымен екінші киіз үй. Бұған дейін басқыншылардан зардап шеккен Буча қаласында қазақтардың қолдауымен киіз үй тігілген еді.
Оларда Ресей шабуылы кесірінен жылу мен жарықсыз қалған жұрт бой жылытып, жүрек жалғап, байланыс құралын қуаттандыратын арнайы орын жайғасады.
Қазақтар киіз үйге болақылқынып жатқан Ресейдің қас-қабағынан қаймығып отырған жоқ. Алдағы уақытта дәл осындай киіз үйлер - Черкасс, Одесса және Хәрківте орнатылады.
Бұған дейін Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Қазақстанды Бучадағы қазақ үйге байланысты түсініктеме беруді талап еткен. Еліміздің СІМ-өкілі "Ресейге ресми жауап берілмейді" деп кесіп айтқан.
Айтқандай, арнаға тіркелуді ұмытпаңыз 👇
https://t.me/dalainside
Киевтегі Шевченко саябағында аумағы 64 шаршы метрді құрайтын, алып киіз үй әне-міне бой көтереді.
"Мызғымас" киіз үйді орнатуға қазақ кәсіпкерлері қолдау көрсетіпті. Киіз үйдің уығын бекітіп, шаңырағын көтеруге еріктілер де жәрдемдесіп жатыр.
16 керегесі бар (16 қанатты) киіз үй Киев қана емес, күллі 🇺🇦 Украинадағы ең үлкен киіз үй болғалы тұр. Ашылуы осы аптаның сенбісінде, сағат түскі екіге жоспарланған.
Бұл Украин жерінде тігілген осымен екінші киіз үй. Бұған дейін басқыншылардан зардап шеккен Буча қаласында қазақтардың қолдауымен киіз үй тігілген еді.
Оларда Ресей шабуылы кесірінен жылу мен жарықсыз қалған жұрт бой жылытып, жүрек жалғап, байланыс құралын қуаттандыратын арнайы орын жайғасады.
Қазақтар киіз үйге бола
Бұған дейін Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Қазақстанды Бучадағы қазақ үйге байланысты түсініктеме беруді талап еткен. Еліміздің СІМ-өкілі "Ресейге ресми жауап берілмейді" деп кесіп айтқан.
Айтқандай, арнаға тіркелуді ұмытпаңыз 👇
https://t.me/dalainside
👍130👏6🔥3
📊 Базалық ставка 17%-ға жетпейді
Ертең Ұлттық Банк базалық ставка бойынша шешімін жариялауы тиіс. Бірақ оның қазіргі 16,75% деңгейінен өсуі екіталай. Себебі, біз инфляцияның (20,3%) шарықтау шегіне жеттік және инфляция ақырындап төмендей бастайды.
Жоғары базалық ставка кредитті қымбаттатты да, керісінше жинақтау моделі күшейді. Нарықтан басы артық ақша кетіп қалды.
"Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені көтеру циклін аяқтауға жақындады. Оның қазіргі деңгейі жеткілікті жоғары деп бағаланады. Базалық мөлшерлемені ұзақ уақыт бойы бүгінгідей мәндерде сақтау инфляцияны тұрақтандыруға және оны орта мерзімді перспективада біртіндеп төмендетуге мүмкіндік береді. Жаңа проинфляциялық күтпеген өзгерістер болмаған жағдайда ақша-кредит саясатын одан әрі күшейту ықтималдығы төмен деп бағаланады", - деп Ұлттық Банк өзінің былтырғы хабарламасында жазған болатын.
Осы циклдің аяқталғанын көріп отырмыз. Мұндай жағдайда базалық ставканы осы мәнде ұстай тұрған тиімді болады. Оны тез арада түсірудің де қажеті шамалы.
Экономиканы кредиттеу мен базалық ставка арасында тұрақты корреляцияның жоқ екенін байқап отырмыз. Мысалы, макроэкономикалық жағынан 2022 жылды 3,1% өсіммен аяқтадық. Бұл жоғары ставканың экономикалық өсім бойынша Үкіметке қойылған KPI-ға еш кедергі болмағанын көрсетеді. Демек, Үкімет те бір жеңілдеп қалуы тиіс және биыл фискалды саясатын Ұлттық Банктің монетарлы саясатымен көбірек үйлестіруге өзі де ынталы болады дегенді аңғартады.

👍31🔥1👏1
🛤️ Арбайтен, арбайтен. Қазақстанға КТК құбырынсыз өмір жоқ
Келесі жылы Қазақстан Дружба құбыры арқылы Германияға мұнай экспорттайтын болады. Бірақ оның жылдық көлемі 1,5 миллион тонна ғана.
2022 жылы, түрлі қиындықтарға қарамастан Қазақстан КТК арқылы 52,2 миллион тонна мұнай жіберген. Біздің былтырғы жалпы экспорт 64,3 миллион тоннаны құрағандықтан, КТК үлесі 81,2% көрсетті.
Биыл осы үлес одан да көбеймек. Себебі биылдан бастап тек ТШО, NCOC, KPO сынды алыптар ғана емес, өзіміздің шағын Адай петролеум, Толқынмұнайгаз сынды компаниялар да КТК арқылы мұнай айдауға кірісейін деп отыр.

👍59👎7👌3😐3
⚡️♟ Арман Жұмагелдиевтің "кураторы" кім?
Атышулы "Дикий Арманның" ұйымдасқан қылмыстық тобына ҰҚК-ның адамдары қамқорлық жасаған, ал Қаңтар оқиғасына әзірлік 2021 жылғы жазда басталған.
Dalainside сөй деген cаясаткер Жақсыбек Құлекеевтың "Ақорда үшін күрес" атты еңбегіндегі Арманға қатысты тарауды шолып шықты.
Бұған дейін Бас прокурор "Дикий Арманның" ҰҚК -дағы үйлестірушінің басқаруымен әрекет еткенін хабарлаған еді.
Оның "үш әріптегі" кураторы кім? Бұлар неге бүлік шығарды? Түпкі мақсат Тоқаевтың орынтағы ма?
"Арман Жұмагелдиев соңғы 5 жыл бойы Қазақстандағы қылмыс әлеміндегі оқиғаларға жауапты болған, оған ҰҚК-де істейтін кураторлары көмектескен.
Тергеу "Жұмагелдиев ұзақ уақыт Ұлттық қауіпсіздік комитеті 5-ші департамент жетекшісі
Бір абзацта Ысқақов Арманға Қазақстандағы трансұлттық қылмыстық топтардың елдегі қылмыстық жағдайға ықпалын жою үшін серіктес болуға ұсыныс жасаған десе, бір абзацта, Ысқақов "Әділ Қытай", "Айшуақ Жантүгел" қылмыстық топтарын ұстау бойынша іс-шараларды ұйымдастырып, Шпек деген лақап атқа ие Рамазан Ғаббасовты қамауға атсалыса отырып, Дикийді оперативтік іс-шаралардан қорғап отырған делінеді.
Демек, ҰҚК алаңды түрлі ОПГ-дан тазартып, ал Арманның тобын айналып кетіп отырған.
Жұмагелдиев ҰҚК-ның қамқорлығына сүйеніп, аймақтарға өз қарақшыларын қойып, тұтас Қазақстанды Нойс деген лақап аты бар Нұржан Иманалиевке тапсырған. Иманалиев қазір түрік түрмесінде отыр", – деп жазады Құлекеев.
Осы деректерді пайдаланған танымал журналист Михаил Козачков Қаңтарға дайындық 2021-дің жазында басталғанын тілге тиек етеді.
"Дикий Арман" бастаған ОПГ-лар халықты үрейлендіріп,🕺 Тоқаевты кету туралы шешім қабылдауға итермелеу үшін террорлық акт жасауды, артынша қылмыс әлемінің лидерлері мен қоғамға белгілі адамдардан уақытша "Халық кеңесін" құрып, өздерінің адамын президент етуді жоспарлаған.
Осыған байланысты Руслан Ысқақов жаппай тәртіпсіздікке дайын болу үшін Дикий Арманғакүзет фирмасын тіркеп , қару мен шымыр жігіттерді жинауды тапсырған" деп жазады журналист.
📕 Кітапта айтылғандай ҰҚК-дан нұсқау алған Арман Алматыға 17-ші желтоқсан күні келіп, ешкімге білдірмей, өзге ОПГ қатысушыларымен кездескен.
Ал 5-ші қаңтарда Ысқақов Жұмагелдиевке адам жинап, алаңға баруды тапсырады. Арман ол жақта Мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенмен кездесіп, жақтастарының әрекетін ұйымдастыра бастайды.
Жұмагелдиевтің тапаншамен қаруланған адамдары қаладан 30-дан астам адамды ұстап, "Рицт Карлтон" қонақүйінің паркингі мен "Қазақстан" қонақ үйінің банкет залында күштеп ұстаған.
"Тергеу дерегінше, ол адамдарды камераға түсіріп, есірткі тұтынғанын, мародерлік жасап, Әблязов құрған ҚДТ саяси қозғалысының мүшеміз деп айтуға мәжбүрлеген. Артынша кураторы Ысқақовтың нұсқауы бойынша ұсталғандары ҰҚК-ға тапсырған" дейді Құлекеев.
Жұмагелдиевке қатысты тарау мұнымен аяқталмайды.
Dalainside қылмыс әлемінің серкесі туралы тың мәліметтер табуға тырысады.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз.
https://t.me/dalainside
Атышулы "Дикий Арманның" ұйымдасқан қылмыстық тобына ҰҚК-ның адамдары қамқорлық жасаған, ал Қаңтар оқиғасына әзірлік 2021 жылғы жазда басталған.
Dalainside сөй деген cаясаткер Жақсыбек Құлекеевтың "Ақорда үшін күрес" атты еңбегіндегі Арманға қатысты тарауды шолып шықты.
Бұған дейін Бас прокурор "Дикий Арманның" ҰҚК -дағы үйлестірушінің басқаруымен әрекет еткенін хабарлаған еді.
Оның "үш әріптегі" кураторы кім? Бұлар неге бүлік шығарды? Түпкі мақсат Тоқаевтың орынтағы ма?
"Арман Жұмагелдиев соңғы 5 жыл бойы Қазақстандағы қылмыс әлеміндегі оқиғаларға жауапты болған, оған ҰҚК-де істейтін кураторлары көмектескен.
Тергеу "Жұмагелдиев ұзақ уақыт Ұлттық қауіпсіздік комитеті 5-ші департамент жетекшісі
Руслан Ысқақовтың бақылауымен қызметін жалғастырып келді" деген қорытындыға келген. Алайда, кімді-кімді өз мақсатына пайдаланып келгені толық түсінікті емес. Бір абзацта Ысқақов Арманға Қазақстандағы трансұлттық қылмыстық топтардың елдегі қылмыстық жағдайға ықпалын жою үшін серіктес болуға ұсыныс жасаған десе, бір абзацта, Ысқақов "Әділ Қытай", "Айшуақ Жантүгел" қылмыстық топтарын ұстау бойынша іс-шараларды ұйымдастырып, Шпек деген лақап атқа ие Рамазан Ғаббасовты қамауға атсалыса отырып, Дикийді оперативтік іс-шаралардан қорғап отырған делінеді.
Демек, ҰҚК алаңды түрлі ОПГ-дан тазартып, ал Арманның тобын айналып кетіп отырған.
Жұмагелдиев ҰҚК-ның қамқорлығына сүйеніп, аймақтарға өз қарақшыларын қойып, тұтас Қазақстанды Нойс деген лақап аты бар Нұржан Иманалиевке тапсырған. Иманалиев қазір түрік түрмесінде отыр", – деп жазады Құлекеев.
Осы деректерді пайдаланған танымал журналист Михаил Козачков Қаңтарға дайындық 2021-дің жазында басталғанын тілге тиек етеді.
"Дикий Арман" бастаған ОПГ-лар халықты үрейлендіріп,
Осыған байланысты Руслан Ысқақов жаппай тәртіпсіздікке дайын болу үшін Дикий Арманға
📕 Кітапта айтылғандай ҰҚК-дан нұсқау алған Арман Алматыға 17-ші желтоқсан күні келіп, ешкімге білдірмей, өзге ОПГ қатысушыларымен кездескен.
Ал 5-ші қаңтарда Ысқақов Жұмагелдиевке адам жинап, алаңға баруды тапсырады. Арман ол жақта Мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенмен кездесіп, жақтастарының әрекетін ұйымдастыра бастайды.
Жұмагелдиевтің тапаншамен қаруланған адамдары қаладан 30-дан астам адамды ұстап, "Рицт Карлтон" қонақүйінің паркингі мен "Қазақстан" қонақ үйінің банкет залында күштеп ұстаған.
"Тергеу дерегінше, ол адамдарды камераға түсіріп, есірткі тұтынғанын, мародерлік жасап, Әблязов құрған ҚДТ саяси қозғалысының мүшеміз деп айтуға мәжбүрлеген. Артынша кураторы Ысқақовтың нұсқауы бойынша ұсталғандары ҰҚК-ға тапсырған" дейді Құлекеев.
Жұмагелдиевке қатысты тарау мұнымен аяқталмайды.
Dalainside қылмыс әлемінің серкесі туралы тың мәліметтер табуға тырысады.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз.
https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍108😐7🔥5🎉3👎2🙏2❤1😱1
Toyota Camry 80 қазақ жүрегі үшін соғыста оңбай жеңілді
Биыл Тойота Камри 80 моделі премьера ретінде автосалонда көрсетіледі. Ал 2024 жылы Қазақстанға жетпек.
Бірақ оның бізде баяғыдай жаппай сатылуы күмәнді. Себеп: Тойота ай қарап жүргенде корей мен қытай автопромы Қазақстанды толық жаулап алды.
Тіпті жаңа Camry дизайны да корей мен қытай көліктерін қайталайтын сияқты. Мысалы, алды жағы JАС пен Elantra-ға қатты келеді. Арты аумаған Қытайдың Xpeng көлігі.
Camry өзгелер жасаған мода аясынан шыға алмағанын байқатты. Жіңішке диодтар, үлкен ауа жұтқыш, кузовқа тігістіріліп кірілген тұтқа, 2 дисплейі болады. Бірақ мұны бізге КИА, Hyundai, Exeed, Jac маркалары баяғыдан бері көрсетіп қойған болатын.
Қазақстан нарығында жаңа Camry бағасы 22 миллион теңгеден басталатын болады.
Мұндай баға әрине сату көлемін тежейтіні анық. Кезінде Lada-дан кейін сатылым бойынша екінші сатыда жүрген Camry жыл сайын өз позициясын жоғалтып, енді бесінші орынға құлдырады. Абсолютті хит - Шевроле Кобальт. 2022 жылы (қаңтар-қараша) бізде 30 749 Шевроле сатылған. Ал Тойота бар болғаны8593 көлік сата алған.
Бір жағынан бұл адамдардың жаңа көлікті, бірақ арзандауын таңдай бастағанын көрсетеді. Демек, Қазақстанда Camry дәуірі аяқталды деуге толық негіз бар.
https://t.me/dalainside
Биыл Тойота Камри 80 моделі премьера ретінде автосалонда көрсетіледі. Ал 2024 жылы Қазақстанға жетпек.
Бірақ оның бізде баяғыдай жаппай сатылуы күмәнді. Себеп: Тойота ай қарап жүргенде корей мен қытай автопромы Қазақстанды толық жаулап алды.
Тіпті жаңа Camry дизайны да корей мен қытай көліктерін қайталайтын сияқты. Мысалы, алды жағы JАС пен Elantra-ға қатты келеді. Арты аумаған Қытайдың Xpeng көлігі.
Camry өзгелер жасаған мода аясынан шыға алмағанын байқатты. Жіңішке диодтар, үлкен ауа жұтқыш, кузовқа тігістіріліп кірілген тұтқа, 2 дисплейі болады. Бірақ мұны бізге КИА, Hyundai, Exeed, Jac маркалары баяғыдан бері көрсетіп қойған болатын.
Қазақстан нарығында жаңа Camry бағасы 22 миллион теңгеден басталатын болады.
Мұндай баға әрине сату көлемін тежейтіні анық. Кезінде Lada-дан кейін сатылым бойынша екінші сатыда жүрген Camry жыл сайын өз позициясын жоғалтып, енді бесінші орынға құлдырады. Абсолютті хит - Шевроле Кобальт. 2022 жылы (қаңтар-қараша) бізде 30 749 Шевроле сатылған. Ал Тойота бар болғаны
Бір жағынан бұл адамдардың жаңа көлікті, бірақ арзандауын таңдай бастағанын көрсетеді. Демек, Қазақстанда Camry дәуірі аяқталды деуге толық негіз бар.
https://t.me/dalainside
👍76👎6🙏4🥰2
🤙 Қазақстан ішкі нарықтан 4,9 триллион теңге қарыз алғысы келеді
Қаржы министрлігі 2023 жылға арналған мемлекеттік құнды қағаздарды (облигацияларды) шығару жоспарын жариялады. Оған сай 4,89 триллион теңгеге облигациялар орналастыру көзделген. Демек, мемлекет ішкі нарықтан осындай соманы қарызға алғысы келеді.
Бірақ, мемлекеттік құнды қағаздардың барлығы бірдей биржада өте қоймайды. Себебі, нарық ойыншылары көп жағдайда мемлекеттік құнды қағаздардың (МҚҚ) кірістілігін тым төмен деп бағалайды. МҚҚ оларға консервативті, орта мерзімді портфель жасақтау үшін керек. Сондықтан жоспар әдеттегідей 100 пайызға орындалмайтыны анық.
Егер, биылғы бюджет дефициті 3,2 триллион теңге екенін ескерсек, Қаржы министрлігінің 4,9 триллион теңгеге облигация өткіземіз деген жоспары осы 3,2 триллионды жабуға бағытталатыны сөзсіз. Бірақ, ішкі нарықтан қазіргі жағдайда 3,2 триллион теңге тартудың өзі оңай емес.
Биылғы МҚҚ-лар 1 жылдықтан бастап 15 жылға дейінгі облигациялар. Оның ішінде, инвесторларға 420 миллиард теңгеге қысқамерзімді 1 жылдық облигациялар ұсынылмақ.

😐17👍8👎3🥰1