👷 Адам және реактор. Бізде АЭС-ті білетін адам бар ма?
Қазақстан атом реакторымен жұмыс істей алатын мамандар дайындауды белсенді түрде қолға алды. Түрлі тәжірибелі реакторлардың елімізде бұған дейін де, қазір де жұмыс істеп жатқанын ескерсек, отандық мамандардың атом реакторын басқаруға әлеуеті де, біліктілігі де жетеді.
DALA INSIDE «Қазақстан атом электр станциялары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жаңа ядролық және энергетикалық технологиялар бойынша бас менеджері Асуан Сиябековпен осы тақырып аясында сөйлесті.
Оның сөзінше, елімізде атом саласында жұмыс істейтін адамдардың саны 20 мыңнан асып жығылады. Бірақ олардың барлығы реактор маманы емес.
«Атом дегенде бұл реакторлар ғана емес. Мәселен, Курчатов қаласында Ядролық орталық бар. Бірақ орталықта атом энергетикасымен емес, ғылыммен айналысатын мамандар жұмыс істейді. Алматы қаласында Ядролық Физика институты бар. Мұнда ЖОО-дан кейін білім мен кәсіби білігін шыңдауға үздік мамандар жіберіледі. Өзіңізге мәлім, Қазақстан уран қазба байлағының көлемі бойынша әлемде бірінші орын алады. Оңтүстігімізде де уран кеніші бар. Соның барлығын қоса есептегенде, біздің саламызда бүгінгі таңда 20 мың адам еңбек етіп жатыр», - дейді, Асуан Сиябеков.
Ал АЭС салынып, қолданысқа берілген жағдайда кадр тапшылығы деген мәселе болмайды. Өйткені, алдын-ала есеп бойынша, АЭС құрылысына 7-8 мың адам жұмылдырылса, ал салынып біткен соң онда тұрақты түрде жұмыс істейтін 2 мың адам қажет болады. Ал сол 2 мың адамның ішінде 20 пайызы, демек 300-400-і ғана атом реакторы, ядролық энергетика бойынша жұмысқа тартылады. 2 мың адамның ішінен үздік 300-400 маманды іріктеп алу қиынға соқпайды.
https://dalainside.kz/12/manyzdy/21/2022/802/

DALA инсайд
Отандық атомшылар. Қазақстан өз АЭС-ін өзі жүргізе алады - DALA инсайд
2019 жылдан бері біз реакторларды зерделеп келеміз. Қазіргі таңда Ресейдің Росатомы, Қытайдың CNNC, Оңтүстік Кореяның KHNP және Францияның EDF компаниясы шорт-тізімде
👍22
🇰🇿🇺🇿 Қазақ пен өзбек нақты не істеп жүр?
Қазақстан мен Өзбекстан көрші елдер. Осы екі мемлекеттің қандай ортақ тірліктері бар? Осындай сұрақ жиі туындайды. Ал ақпарат өте аз.
Қазіргі таңда екі ел арасында 38 ортақ жоба бар. Көбісі - өнеркәсіптік кооперация. Оның шеңберінде 11 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Ал жалпы құны 2,2 миллиард доллар.
Осы 38 жобаның 10-ға жуығы жүзеге асырылды. Олардың ішінде Шымкенттегі «Альянс» ТПК тоқыма фабрикасы», Саранда Хово жүк көлікьерін шығаратын «QazTehna» ЖШС пен «UzTruck&BusMotors», Өзбекстанда ашылған Hyundai дилерлік орталықтары, Өзбекстанда автоклавты газдалған бетон жасайтын «ЭКОТОН-ШАРҚ» фирмасы бар.
Қазақ-өзбек жылдық тауар айналымы 5 миллиард доллар. Бұл әлеуеті жоғары екі ел үшін тым аз. Сондықтан оны 10 миллиард долларға көтеру мақсаты тұр. Егер арамызда газ саудасы жүретін болса, ол межеге жетуге болады.
https://t.me/dalainside

👍42👏3🎉2
Forwarded from Kursiv.Media.kz
Жұмыссыз қалсаң да, ақшасыз қалмайсың!
Мемлекет аш қалдырмайды.
Бұлай десе сенбес едім.
Әйтсе де, жұмысынан айырылып, төлем алып отырғандар баршылық екен.
Мемлекеттік сақтандыру қорынан 101 мың адам төлем алып отыр,-дейді.
Ол қандай төлем, оны алу үшін не істеу қажет, толық ақпарат сайтымызда.
Толығырақ Kursiv Media сайтынан оқыңыз: https://kz.kursiv.media/kk/2022-12-23/101-mynggha-zhuyq-adam-maesq-tan-toelem-aldy/

Kursiv Media Kazakhstan
101 мыңға жуық адам МӘСҚ-тан төлем алды — - 23.12.2022 - Kursiv Media Kazakhstan
Жұмысынан айырылуына байланысты
👍7🤩2
💥🔥 Жаңа Қазақстан Құлыбаевтың шұрайлы жерін мемлекетке қайтарды
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары сауда үйін салуды жоспарлаған Алматының шырайлы жері мемлекетке қайтарылады.
Қазір бұл аумаққа жергілікті билікмектеп салуды жоспарлап жатыр.
Азаттық былтыр тамыз айында Назарбаевтың ортаншы қызы Динара мен күйеу баласы Тимур Құлыбаев Алматының элиталы ауданынан Fresh Market сауда үйін салуды жоспарлап жатқанын жазған.
Бұл аумақ Бостандық ауданында Розыбакиев пен Қожабеков көшелерінің қиылысында орналасқан.
"Мега центр" сауда үйінің қарсысында орналасқан 6,6 гектар жер "Достар Констракшн" компаниясына тиесілі.
"Бұл жер кезінде "Казкомерцбанк" банкі өткізген аукцион кезінде сатып алынған. Қазір бұл жер мектеп салу үшін мемлекетке қайтарылды. Жаңа жылдан бастап құрылысын жоспарлаймыз", - деді Алматы қаласы жер қатынастары жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Нұрлан Құлболдинов.
https://t.me/dalainside
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары сауда үйін салуды жоспарлаған Алматының шырайлы жері мемлекетке қайтарылады.
Қазір бұл аумаққа жергілікті билік
Азаттық былтыр тамыз айында Назарбаевтың ортаншы қызы Динара мен күйеу баласы Тимур Құлыбаев Алматының элиталы ауданынан Fresh Market сауда үйін салуды жоспарлап жатқанын жазған.
Бұл аумақ Бостандық ауданында Розыбакиев пен Қожабеков көшелерінің қиылысында орналасқан.
"Мега центр" сауда үйінің қарсысында орналасқан 6,6 гектар жер "Достар Констракшн" компаниясына тиесілі.
"Бұл жер кезінде "Казкомерцбанк" банкі өткізген аукцион кезінде сатып алынған. Қазір бұл жер мектеп салу үшін мемлекетке қайтарылды. Жаңа жылдан бастап құрылысын жоспарлаймыз", - деді Алматы қаласы жер қатынастары жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Нұрлан Құлболдинов.
https://t.me/dalainside
👍68👏5❤2
Forwarded from ULYS
⚡️Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қызметінен кетті
“Әзірше ағартушылық пен шығармашылыққа ден қоймақпын.
Асылы, мемлекеттік қызметтен тыс жүріп те мемлекетке қызмет етуге болады”,-деп жазды Facebook-тегі парақшасына.
https://t.me/ulys1

👍29🤩1
📺 "Хабар" - мемлекеттің қаруы бола ала ма?
"Хабар" агенттігін 2023 жылы "Самұрық-Қазына" қоры арқылы қаржыландыру бойынша Үкімет үкімінің жобасы талқылана бастады. Қаржыландыру параметрлері белгісіз. Себебі НПА-ға үкім жобасының өзі ғана шыққан. Ал көп жағдайда қаржы көлемдері үкімге қосымша құжаттарда жазылады.
Сонда біз қазір екі нәрсені білмейміз:
1. Хабар "Самұрық-Қазынадан" қанша ақша алуы мүмкін?
2. Хабар "Самұрық-Қазынадан" ақша алса, оған 2023 жылы бюджеттен мемлекеттік тапсырма арқылы қаржы беріле ме?
Әр жылдың басында келесі жылдың бюджеті бойынша (үш жылдық бюджет системасымен) Заң жобасы әзірленіп, алдын-ала мақұлданады. Үшінші тоқсанда ол Парламенттің екі палатасынан өтеді де, оған Мемлекет басшысы қол қояды. Ал желтоқсанның онына таман сол бюджетті іске асыру бойынша Үкімет Қаулысы шығады. Дәл сол қаулыда мемлекеттік тапсырма бойынша (Қазақстан арнасы, Хабар, Назарбаев университет, Медицина орталығы, Рухани жаңғыру, т.б.) кімнің қанша ақша алатыны жазылатын. Биыл осы Қаулы екі аптаға кешікті және әлі жарияланбады. Және осы кезде "Хабарды Самұрық-Қазына қаржыландырсын" деген құжат бой көрсетті. Бұл - "Үкімет "Хабарды" мемлекеттік тапсырма тізімінен алып тастады ма?" деген сұрақ туғызады.
Осы жылы Хабар мемлекеттік тапсырмамен 13 миллиард теңге, ал Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі үлестіретін ақпараттық заказ бойынша кем дегенде 5 миллиард теңге алды. Сонда мемлекет қолдауы - 18 миллиард теңгенің үстінде. Хабардың мемлекет төлейтін эфирі - 33 412 сағат. Шамамен, мемлекет әр тәуліктегі 20 сағат эфирдің тек 3 сағатын төлеп отырады, ал эфирдің әр сағаты бюджет үшін 540 мың теңге тұрады. Бұл - күніне 1 жарым миллион теңге.
Әңгіме ақшада емес. Басты проблема - мемлекет Хабардан (жалпы телевизиядан) өзіне не керектігін білмейді. Немесе тапсырманы әлі күнге дейін нақтылай алмай отыр. Рейтинг жоғары болсын, мемлекеттік саясат жүргізілсін деген жалпылама міндеттер бір фокусты таңдап алып, бір нүктеге төпелей ұруға мүмкіндік бермей келеді. Хабарда кәсіби біліктілігі жоғары менеджмент, талантты телевизия мамандары жұмыс істейді. Тек олардың потенциалын тиімді пайдалану туралы мәселе қолға алынбады. Глобалды тұрғыдан алғанда, Хабар өзіне жұмсалатын 18 миллиард теңгеден экономикаға жыл сайын 800 миллиард теңге эффект бере алады және көптеген проблемаларымызды шеше алады.
Қалайша?
Өзіміз көріп жүргендей, біздің мемлекеттік телевизия контенттік тұрғыдан "мультиформат" стандартында жұмыс істеп келеді. Яғни көп жанрды қамтыған, халықтың барлық типіне арналған (балалар, студенттер, үйде отырған әйелдер, экономикалық белсенді адамдар, зейнеткерлер, тб) құрама контент. Мультиформат - саясат, экономика, жаңалықтар, балаларға арналған, әзіл-скетчер, концерттер, шоулар, сериалдар. Сонда, онда барлық тақырып бар және олар эфирді программалау құралдары арқылы аптадағы 140 сағатқа үлестіріліп орналастырылған.
Бірақ, әлемдік телевизияда соңғы жылдары пайда болған "Фокусты формат" өзінің сұрапыл тиімділігін байқатты. Мемлекеттік мәселелерді шешуде тележәшікті қалай пайдалануға болатынын Ресей тәжірибесінен көрдік. Олар 2013 жылдан бері телевизияның бар фокусын бір тақырыпқа - Украинаға аударды. Сол тақырыптың сөлін әбден сорды, халқын зомбилеп, өзінің бауырлас халқын жек көретіндей жағдайға жеткізді. Овертонның барлық кезеңдерінен өткізіп шықты. Осы концепцияны Эрнст пен Добродеев жасаған болатын.
Бізде Құдайға шүкір, сыртқы жау жоқ және ондай жауыздық бағыт керек емес. Фокусты форматтың дайын шешімдерін - дамуға кедергі болып жатқан ең басты ішкі жау - жемқорлыққа қарсы қолдануға болады. Яғни, тәулігіне 20 сағат, 2 жыл бойы эфирден бір нүктеге ұру. 2-3 месседжді кодтау. Кодтау - бір сөзді 5-10 минут сайын қайта-қайта айта беруді білдіреді.
Хабарда таңертең Таңғы шоу - пара алудың адамның денсаулығына зиян екенін айтса, әншілер параға қарсы әндерін орындаса, түсте "Жемқордың жазасы" атты сериал жүрсе, түстен кейін "Адамдар проблемасына жемқорлар кінәлі" тақырыбында 3 сағаттық ток-шоу, кешке "Жемқорлар қазақты әдейі жою үшін жаралған" деген тақырыпта тағы 2 сағаттық ток-шоу, одан кейін "Қазақты қорлаған жемқор"

👍52👎2
сериалы, түнде "Нәрестелердің органдарын жеген жемқорлар" атты псевдодеректі фильм жүретін болса, және олар күн сайын (жаңа кейіпкерлермен) қайталана беретін болса - тура бір жылдан кейін Қазақстанда жемқорлық проблемасы ресми түрде жабылады.
Мемлекет 18 милллиард теңгемен - өмір бойы күресіп келе жатқан проблеманы шешіп, жыл сайын түрлі "антикоррупциялық шараларға" жұмсап келе жатқан 60-70 миллиард теңгені үнемдей алады. Бастысы - ел экономикалық даму жолына түседі.
Телевизияны осындай нақты тапсырмаларға тиімді пайдалануға, жұмсаған әр теңгенің сөлін сығып алуға болады.
Сондықтан, "Хабар" не "Қазақстанның" біреуін мультиформаттан фокусты форматқа ауыстыруымыз керек. Нақты нәтиже беретініне үлкен сенім бар.
Түпнұсқа https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02NeLDhhrxTwMkEYiEc1DVGCopbGsLSzgckGAFmbH2wyn5VdxqHkjbdrLN6XUwSEKNl&id=100019499658791&mibextid=Nif5oz

👍42❤2
🏦 Home Credit – 2022 жылғы цифрлық шешімдер бойынша үздік банк
👉 Asiamoney журналының бағалауы бойынша, Home Credit Bank “2022 жылғы цифрлық шешімдер бойынша Ең үздік банк” деп танылды.
Беделді британдық Euromoney іскерлік журналының Азиядағы бөлімшесі жыл сайын тағайындалатын Asiamoney best Bank Awards халықаралық сыйлығы иегерлерінің есімін жариялады.
“The Best bank for Digital Solutions 2022” – “2022 жылғы цифрлық шешімдер бойынша үздік банкі” номинациясында өзімен аттас мобильді қосымшасы бар Home Credit Bank Kazakhstan жеңімпаз атанды.
Басылым сарапшылары Home Credit Bank өз сервистерін цифрландыруда сапалы серпіліс жасады, банктің барлық өнімдері мен қызметтері оның мобильді қосымшасында қолжетімді екенін баса атап өтті.
https://dalainside.kz/12/munysy-nesy/27/2022/809/

👎32👍4👏1
🇨🇳💴 Ресей өз Ұлттық қорын юаньға көшірді
Ресейдің суверенді қоры - Ұлттық әл-ауқат қоры деп аталады. Онда қазір 188 миллиард доллардың активтері бар. Ресей бүгіннен бастап барлық доллар/еуролық валюта номиналдарын юаньға ауыстыратын болды. Ереже бойынша, 2023 жылы (4-5 күннен кейін) - ұлттық қор түгел юаньда болуы тиіс.
Ресей осы арқылы қолда бар активтерін сақтап қалғысы келеді. Бірақ АҚШ пен Еуропаның диктатынан қашқысы келген олар басыбайлы Қытайға кіріптар болатыны анық. Енді Қытай Ресейдің бар-жиған тергенін блоктап қоюға іс жүзінде мүмкіндік алды. Және бұл ресми Бейжіңнің Мәскеумен кез-келген келіссөзінде ықпал ету құралына айналып шыға келмек.
Ұлттық қор Қазақстанда да бар. Ол толық доллармен номинацияланған. Оның активтерінің қазіргі көлемі 53 миллиард доллар шамасында.

👍40
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥 Мәжіліс Елбасы туралы және оның туыс-туғандарын қудалаудан қорғайтын зиянды заңның күшін жоюға кірісті.
Жаңа Қазақстан жаңа жылдың алғашқы айында экс-президент мен оның ағайындарын ерекше мәртебеден толықтай айырады.
Тұңғыш президент туралы норма кемінде 20 заңға кіріп кеткен. Әділет министрі Қанат Мусин заңның күшін жою неліктен ұзаққа созылғанын осылай түсіндірген.
Назарбаев әулеті иммунитеттен айырылса, экс-президент пен оның семьясы отыз жылдағы былық-шылығы үшін жауапқа тартыла ма? Жұртты осы мәселе толғандырады.

👍115👏19❤5🤩2
📈 K=12,9. Жер сілкінісі Алматыға жақындап келеді
Жылда тіркелетін жер сілкінісі Қытайдан Алматыға жақын келе бастады.
28 желтоқсанда Ұлттық мәліметтер орталығының жедел ақпараты бойынша Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытайдың шекаралас аймағында жер сілкінісі болды. Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 41,93 градус, шығыс бойлық 79,53 градус. Магнитудасы mb=6. Энергетикалық класс K=12,9. Тереңдігі h=6 км. Жер сілкінісі Алматыда 3-4 баллдық күшпен сезілді.
K=12,9 энергетикалық класс - Алматы үшін сигнал болуы тиіс. 2022 жылы жаңартылған Алматы агломерациясының сейсмикалық картасына сәйкес Алматы қаласы 9-10 балдық белдеуде орналасқан. Қалада барлығы 27 тектоникалық жарықтар бар. Үлкен энергетикалық класс Алматының түбінен ұрса, тектоникалық сызаттар шөгіп, қала жердің астына кетіп қалады.
Іле тектоникалық жарығы - Алматы үшін ең қауіптісі. Ол диагоналды жарық. Әл-Фараби даңғылынан басталып, Желтоқсан көшесін бойлап төмен кетеді.
Сайран көлігінің түбінде Солтүстік жерасты сызаты жатыр. Ол Әуезов ауданына үлкен қауіп төндіреді.
9 балдық зілзала болатын болса, Алматыда 300 мыңнан астам тұрғын өледі деген жабық болжам бар. Бірақ зілзаладан кейінгі апаттар: өрт, су тасқыны мен техногенді авариялар тағы да 200 мың адамның өмірін қия алады.

👍29👎17🤩2👏1
📈 Ұлттық қорға 2023 жылы 6 триллион теңге түспек
Ал одан 3,2 триллион теңге алынады. Оның 2,2 триллион теңгесі кепілдендірілген трансферт, ал 1 триллион теңгесі нысаналы трансферттер. Сонда Ұлттық қорда 2,8 триллион теңге плюс ретінде қалады. Ол шамамен 6 миллиард доллар.
Ақша қайдан түседі? 1,8 трлн теңге – мұнай компанияларына салынатын корпоративтік табыс салығы, ал қалғаны табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланудан түсетін ақша.
Қазір Ұлттық қорда 52,3 миллиард доллар бар. 6 миллиард долларға көбейетін болсақ, қор көлемі жыл аяғында 58 миллиард доллардан асуы тиіс.

👍59👌2
❗️🇷🇺 Кремль қазақстандық тик-токерлерге көз тігуі мүмкін. Пропаганда ақпараттық кеңістікті кеңейткісі келеді...
Dalainside-қа жеткен мәлімет бойынша Кремль қазақстандық тик-токерлерге "қызығып" отыр.
Путин идеологтары еліміздегі 10 мыңнан 10 млн-ға дейінгі аудиториясы бар блогерлердің тізімін әзірлеп қойған. Оларға қомақты қаламақы 💸 төлеуге де дайын.
Басты талап - Ресейдің ұнамды образын қалыптастыратын роликтерді көбейту, Батысты балағаттау, украин халқына тіл тигізу.
Ең төменгі гонорар 50 мың теңгеден басталып,250 мың теңгеге дейін жетеді-мыс.
Қазақстандық TikTok кеңістікті пропагандалық контентпен 🚽 толтыруды көздейтін Кремль осы арқылы соғыс басталған сегіз айда абыройдан жұрдай болған Путиннің позициясын күшейткісі келеді.
Ал ресейлік тик-ток кеңістікте 💤 контенттен аяқ алып жүре алмайсыз. Сервистің мәліметі бойынша "россия вперед" және "zанаших" дейтін хэштегтермен белгіленген роликтер соңғы бірнеше айда 2 млрд көрілім жинаған.
Қадыровты ұлықтайтын және ЧВК "Вагнердің" қылмыстарын насихаттайтын роликтердің көрілімі 1 млрд-тан асып жығылған.
Путин пропагандасы Ресеймен шектеліп қалмай, іргелес елдерге де таралуға мүдделі. Осы мақсатта қазақстандық тик-ток аудиторияның тамырын басып көрмек.
Мұндағы оқырманның талғамы мен таңдауынан біршама хабары бар Dalainside Кремль пропагандасының пәрменінен қауіптенеді.
https://t.me/dalainside
Dalainside-қа жеткен мәлімет бойынша Кремль қазақстандық тик-токерлерге "қызығып" отыр.
Путин идеологтары еліміздегі 10 мыңнан 10 млн-ға дейінгі аудиториясы бар блогерлердің тізімін әзірлеп қойған. Оларға қомақты қаламақы 💸 төлеуге де дайын.
Басты талап - Ресейдің ұнамды образын қалыптастыратын роликтерді көбейту, Батысты балағаттау, украин халқына тіл тигізу.
Ең төменгі гонорар 50 мың теңгеден басталып,
Қазақстандық TikTok кеңістікті пропагандалық контентпен 🚽 толтыруды көздейтін Кремль осы арқылы соғыс басталған сегіз айда абыройдан жұрдай болған Путиннің позициясын күшейткісі келеді.
Ал ресейлік тик-ток кеңістікте 💤 контенттен аяқ алып жүре алмайсыз. Сервистің мәліметі бойынша "россия вперед" және "zанаших" дейтін хэштегтермен белгіленген роликтер соңғы бірнеше айда 2 млрд көрілім жинаған.
Қадыровты ұлықтайтын және ЧВК "Вагнердің" қылмыстарын насихаттайтын роликтердің көрілімі 1 млрд-тан асып жығылған.
Путин пропагандасы Ресеймен шектеліп қалмай, іргелес елдерге де таралуға мүдделі. Осы мақсатта қазақстандық тик-ток аудиторияның тамырын басып көрмек.
Мұндағы оқырманның талғамы мен таңдауынан біршама хабары бар Dalainside Кремль пропагандасының пәрменінен қауіптенеді.
https://t.me/dalainside
👎84👍12👏1😱1🙏1😡1
Forwarded from ULYS
⚡️66 жастағы Иманғали Тасмағамбетов жаңа жұмысына кірісті
Ол бүгіннен бастап Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы қызметіне кірісті. Бұл ұйымды 2026-шы жылға дейін басқарады.
Иманғали Тасмағамбетов 2019 жылы зейнет жасына жетуіне байланысты Қазақстанның Ресейдегі Елшісі қызметінен босаған болатын. Содан бері жұмыссыз жүрді.

👎37👍3
Forwarded from PARANOIA.KZ
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды
👎56👍14
🏦 "Самозанятыйларға арналған банк": Solva-да шанс бар ма?
Микроқаржы ұйымы ретінде жұмыс істеп, адамдарға онлайн кредит беріп келген Solva ("ҚазМикроФинанс" ЖШС) енді банкке айналатын болды.
Ол туралы бүгін Solva Қазақстан қор биржасына хабар берді. Банкке айналу бірнеше қадамнан тұрады, оның әрқайсысын Solva үшін ҚНРДА бекітіп берген. Осы жоспарды бұлжытпай орындаса, ҚНРДА Solva-ға алдағы мамыр айында банк лицензиясын беруі тиіс.
Solva - жұмыссыздарға, ресми табыс көрсете алмайтын базардағы саудагерлерге, таксистерге арналған микроқаржы ұйымы болатын. Соларға онлайн кредит беріп келген. Енді банк болса да, осы клиентураны сақтап қалуға ниетті.
Solva банк болса, активтері көлемі жағынан нешінші орында болады?
Олардың алғашқы ТОП6-дан табылуы неғайбыл. Себебі, кезінде Альфа-Банкты сатып алуға ақшалары жетпей, Альфаны ЦентрКредит банкі жұлып әкеткен болатын. Заңды және жеке тұлғалар жинаған депозиттік базасы да жоқ. Салымдарды олар тек бір жылдан кейін тарта алады. Сондықтан тізімнің төменгі жағында жүретін банк болатыны сөзсіз.
Бірақ, былайша алғанда қаржы жүйесіне жаңа банктің қосылуы біздің дамып жатқанымыздың белгісі. Ол өте жақсы нышан.

👍22👏1🙏1
⚡️🔥 Жаңа Қазақстан Қаңтар туралы шындықты айтуға әзір...
Ақорда мұндай месседжді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов арқылы жеткізді.
Билік Қаңтардың жарасын жасыра берсе, жұрттың осынау трагедияға қатысты сауалдары алдағы "жеті жыл" бойына толастамасын түсінген сынды.
Бүгін "Қаңтар оқиғасына" тұп-тура бір жыл толды. Қоғамның алабұртқан көңіл-күйін бүгінгі ауыс-түйістер де алдарқата алмады.
"Жұрттың Қаңтар туралы ашық ақпарат алғысы келетінін" айтқан Қошанов: "Бұған мемлекет те мүдделі " дейді.
Мәжіліс төрағасының айтуынша Тоқаев халықтан ештеңені жасырмауы тиіс, қоғам шындыққа көз жеткізуі керек.
Мәселе, ол қандай шындық? Біз күткен ақиқат айтыла ма? Билік алаңға шыққандарды айыптауды доғарып, оларды "бандылар" мен "лаңкестерге" теңеген риторикадан бас тарта ма?
Қошановтың мәлім еткеніндей өткен 365 күнде Қаңтардың себеп-салдарын зерделеген тергеу амалдары жүргізілген. Соның нәтижесін ашық жариялайтын күн туған.
"Осы арқылы қоғамдағы түрлі пікірлер мен қилы қауесеттерге тоқтау саламыз.
2023 жылғы 5 қаңтарда Мәжіліс қабырғасында осыған қатысты арнайы тыңдау өтеді.
Тыңдауда Бас прокурор мен құқық қорғау органдары басшылары есеп береді", – дейді ол.
Жаңа Қазақстан Қаңтар туралы шындықты айтуға әзір ме?..
https://t.me/dalainside
Ақорда мұндай месседжді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов арқылы жеткізді.
Билік Қаңтардың жарасын жасыра берсе, жұрттың осынау трагедияға қатысты сауалдары алдағы "жеті жыл" бойына толастамасын түсінген сынды.
Бүгін "Қаңтар оқиғасына" тұп-тура бір жыл толды. Қоғамның алабұртқан көңіл-күйін бүгінгі ауыс-түйістер де алдарқата алмады.
"Жұрттың Қаңтар туралы ашық ақпарат алғысы келетінін" айтқан Қошанов: "
Мәжіліс төрағасының айтуынша Тоқаев халықтан ештеңені жасырмауы тиіс, қоғам шындыққа көз жеткізуі керек.
Мәселе, ол қандай шындық? Біз күткен ақиқат айтыла ма? Билік алаңға шыққандарды айыптауды доғарып, оларды "бандылар" мен "лаңкестерге" теңеген риторикадан бас тарта ма?
Қошановтың мәлім еткеніндей өткен 365 күнде Қаңтардың себеп-салдарын зерделеген тергеу амалдары жүргізілген. Соның нәтижесін ашық жариялайтын күн туған.
"Осы арқылы қоғамдағы түрлі пікірлер мен қилы қауесеттерге тоқтау саламыз.
2023 жылғы 5 қаңтарда Мәжіліс қабырғасында осыған қатысты арнайы тыңдау өтеді.
Тыңдауда Бас прокурор мен құқық қорғау органдары басшылары есеп береді", – дейді ол.
Жаңа Қазақстан Қаңтар туралы шындықты айтуға әзір ме?..
https://t.me/dalainside
👍59👎4👏4🎉2🙏2
🔥💥 Қаңтар оқиғасы: Бас прокурор баян еткен 7 тезис
Мәжілісте Қаңтар оқиғасы туралы тың мәліметтер айтылып, Бас прокуратура бір жыл бойы жүргізілген тергеу нәтижесін жариялады.
Dalainside Бас прокурор Берік Асыловтың осы оқиғаға қатысты бірқатар тезистерін теріп алып, арна оқырмандарына ұсынды. Сонымен, Мәжілістегі тыңдауда Қаңтар трагедиясына қатысты келесідей ақпарат берілді:
1️⃣ Тоқаев? Елдің жоғарғы басшылығынауыстыру операциясы мұқият жоспарланған. Бұл мемлекеттік төңкеріс әрекеті болды.
2️⃣ Бүкіл 2021 жыл бойы орындаушылар радикалды шараларды қолдану мақсатымен жасырын дайындалған. Қоғамның бірлігі пысықталған сценарийлер бойынша шайқалған.
3️⃣ «Дикий Арман» ҰҚК -дағы үйлестірушінің басқаруымен әрекет еткен.
"Ол тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, халықты бақылауға алып, билікке ультиматум қою үшін "халық кеңесін" құруы тиіс еді. Оған Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты белсене көмектескен, сондай-ақ ұйымдасқан түрде "Қазақстан" қонақүйіне келген қарақшыларды қаруландырған қылмыстық топтың белсенді мүшесі Махатов болды", – дейді Бас прокурор.
4️⃣ Бектанов? Тергеуге сәйкес төтенше жағдай кезінде ол заңсыз бұйрық беріп, әскери стратегиялық нысандарды қорғаусыз қалдырған. Бұрынғы Қорғаныс министрі елде конституциялық тәртіп орнату жөнінде шара қабылдамаған.
5️⃣ Құқық қорғаушылар атыс қаруын ойрандау әрекеттері зорлық фазасына ауысқанда ғана қолданған. Құқық қорғаушылардың көбінде атыс қаруы болмаған.
«Полицияға қылмыскерлерге қарсы оқ ату командасы қажет емес. Заңдардың нақты нормалары бар», – дейді Берік Асылов.
6️⃣ Ұйымдастырушылар арасында жоғары дәрежелі шенділер де, ОПГ мүшелері де болған.
7️⃣ Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ҰҚК қызметкерлері ❗️ МӘСІМОВ-тың бұйрығымен ғимараттарын қараусыз қалдырған. Оның тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысы бойынша ҰҚК ғимараттарын тастап шыққан. Сондай-ақ, басшылықтың пәрменімен Алматы және Жамбыл облыстарының ішкі істер департаменттерінің ғимараттары қараусыз қалдырылған.
Мәжілістегі тыңдауда осындай "отчет" берілді. Жаңа Қазақстанның Қаңтарға қатысты риторикасы өзгерді ме, қалай ойлайсыз?
https://t.me/dalainside
Мәжілісте Қаңтар оқиғасы туралы тың мәліметтер айтылып, Бас прокуратура бір жыл бойы жүргізілген тергеу нәтижесін жариялады.
Dalainside Бас прокурор Берік Асыловтың осы оқиғаға қатысты бірқатар тезистерін теріп алып, арна оқырмандарына ұсынды. Сонымен, Мәжілістегі тыңдауда Қаңтар трагедиясына қатысты келесідей ақпарат берілді:
1️⃣ Тоқаев? Елдің жоғарғы басшылығын
2️⃣ Бүкіл 2021 жыл бойы орындаушылар радикалды шараларды қолдану мақсатымен жасырын дайындалған. Қоғамның бірлігі пысықталған сценарийлер бойынша шайқалған.
3️⃣ «Дикий Арман» ҰҚК -дағы үйлестірушінің басқаруымен әрекет еткен.
"Ол тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, халықты бақылауға алып, билікке ультиматум қою үшін "халық кеңесін" құруы тиіс еді. Оған Алматы қаласы мәслихатының
4️⃣ Бектанов? Тергеуге сәйкес төтенше жағдай кезінде ол заңсыз бұйрық беріп, әскери стратегиялық нысандарды қорғаусыз қалдырған. Бұрынғы Қорғаныс министрі елде конституциялық тәртіп орнату жөнінде шара қабылдамаған.
5️⃣ Құқық қорғаушылар атыс қаруын ойрандау әрекеттері зорлық фазасына ауысқанда ғана қолданған. Құқық қорғаушылардың көбінде атыс қаруы болмаған.
«Полицияға қылмыскерлерге қарсы оқ ату командасы қажет емес. Заңдардың нақты нормалары бар», – дейді Берік Асылов.
6️⃣ Ұйымдастырушылар арасында жоғары дәрежелі шенділер де, ОПГ мүшелері де болған.
7️⃣ Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ҰҚК қызметкерлері ❗️ МӘСІМОВ-тың бұйрығымен ғимараттарын қараусыз қалдырған. Оның тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысы бойынша ҰҚК ғимараттарын тастап шыққан. Сондай-ақ, басшылықтың пәрменімен Алматы және Жамбыл облыстарының ішкі істер департаменттерінің ғимараттары қараусыз қалдырылған.
Мәжілістегі тыңдауда осындай "отчет" берілді. Жаңа Қазақстанның Қаңтарға қатысты риторикасы өзгерді ме, қалай ойлайсыз?
https://t.me/dalainside
👎53👍37🥰2❤1👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❗️⚡️Видеодәлел:
Алдарыңызда - Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев.
Жалы күдірейген Күдебаев Қаңтар кезінде өңір коменданты бола тұра, департамент ғимаратын тастай қашқан.
https://t.me/dalainside
Алдарыңызда - Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев.
Жалы күдірейген Күдебаев Қаңтар кезінде өңір коменданты бола тұра, департамент ғимаратын тастай қашқан.
https://t.me/dalainside
👎20👍3🤩3👌2
🇰🇿🇨🇦 Қазақтар Канадаға ағыла бастайды. Ауқатты елге адам күші керек...
Жаңа Қазақстанның аяқ алысына көңілі толмайтын қазақтардың қарасы көбейіп келеді. Өзгерістен үміт үзе бастаған олар комфортты өмір сүретін орта іздеуде. Ол үшін құрлық асуға да әзір.
Ал, шалғайдағы Канада дейтін бай-бақуатты елге 👷♂️жұмыс күші жетіспеуде. Туу көрсеткіші төмендеп, адами капиталдың потенциалы сарқылу үстінде. Елде 👨🦳 зейнеткерлер саны күрт өскен, ал қолға күрек ұстауға жарайтын адам саны күн өткен сайын кеміп барады.
Мұның алдын-алу үшін ел үкіметі үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап 2025 жылға дейінгі аралықта жыл сайын 500 мың адамды құшақ жая қабылдайтын болады. Осылайша алдағы 3 жылда Канада халқының саны 1,5 млн адамға ұлғаяды.
Көптен бері осы елге қоныс аударуды көздеп жүрген қазақтар мұндай мүмкіндікті мүлт жібергісі келмейді. Жастин Трюдо үкіметі жұмыс істеуге құлшынып тұрған мигранттарды 💵 өкпелетпеуге уәде беріп отыр.
Кореяда табыс тауып, комфорт өмірдің шет-шағасын көрген қазақтар ит арқасы қияндағы Канадаға сапар шегуге әзір. Олар осы елде ұрпақ өрбітіп, біржолата тұрақтап қалуға кет әрі емес.
Тоқаевтың тұсында айтарлықтай өзгеріс боларына күмәнмен қарайтын аудитория өмірінің "жеті жылын" бекер өткергісі келмейді.
Канадада 38 млн-ға жетеқабыл халық тұрады. Жер көлемі жөнінен Ресейге ғана жол беретін мемлекет үшін бұл тым мардымсыз көрсеткіш. Ел экономикасын құлдыратпау үшін Трюдо үкіметіне мигранттар ауадай қажет.
DALA INSIDE алдағы уақытта Канадаға көшудің заңды жолдарын анық-қанық жазады. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalainside
Жаңа Қазақстанның аяқ алысына көңілі толмайтын қазақтардың қарасы көбейіп келеді. Өзгерістен үміт үзе бастаған олар комфортты өмір сүретін орта іздеуде. Ол үшін құрлық асуға да әзір.
Ал, шалғайдағы Канада дейтін бай-бақуатты елге 👷♂️жұмыс күші жетіспеуде. Туу көрсеткіші төмендеп, адами капиталдың потенциалы сарқылу үстінде. Елде 👨🦳 зейнеткерлер саны күрт өскен, ал қолға күрек ұстауға жарайтын адам саны күн өткен сайын кеміп барады.
Мұның алдын-алу үшін ел үкіметі үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап 2025 жылға дейінгі аралықта жыл сайын 500 мың адамды құшақ жая қабылдайтын болады. Осылайша алдағы 3 жылда Канада халқының саны 1,5 млн адамға ұлғаяды.
Көптен бері осы елге қоныс аударуды көздеп жүрген қазақтар мұндай мүмкіндікті мүлт жібергісі келмейді. Жастин Трюдо үкіметі жұмыс істеуге құлшынып тұрған мигранттарды 💵 өкпелетпеуге уәде беріп отыр.
Тоқаевтың тұсында айтарлықтай өзгеріс боларына күмәнмен қарайтын аудитория өмірінің "жеті жылын" бекер өткергісі келмейді.
Канадада 38 млн-ға жетеқабыл халық тұрады. Жер көлемі жөнінен Ресейге ғана жол беретін мемлекет үшін бұл тым мардымсыз көрсеткіш. Ел экономикасын құлдыратпау үшін Трюдо үкіметіне мигранттар ауадай қажет.
DALA INSIDE алдағы уақытта Канадаға көшудің заңды жолдарын анық-қанық жазады. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalainside
👍169❤49👏15👎10🤩4🙏1💯1