🇨🇵🇰🇷🇷🇺 АЭС-ті қай мемлекет салғаны жөн
Алмаз Әбілдаев: "Бұл мемлекеттік тұрғыдан шешілетін мәселе ғой. Бірақ Түркия неге Ресейді таңдады? Себебі, Жапония мен Франция 42-44 млрд АҚШ долларын сұраған. Ал Ресей 22 млрд долларға салып, оған қоса мамандарды оқытады. Айырмашылық жер мен көктей ғой. Түріктер осының бәрін ескерді. Келесі жылы бір энергоблогы іске қосылады. Бұл АЭС 60 жылға дейін жұмыс істейді екен. Тіпті, 80 жылға дейін энергиямен қамтамасыз ететіні есептелген. Сонда мемлекет 20 жыл қаржысынан құтылса, қалған 40 жыл таза мемлекетке, халыққа жұмыс істейді.
Кейбір компания қағаз бойынша бәрін қатырамыз дейді. Шын мәнінде, тәжірибе жүзінде бір нысан жұмыс істеп тұр ма? Осы жағына көңіл бөлу қажет. Оның үстіне Қазақстан Германия сияқты бай мемлекет емес. Егер тариф бағасын 200-300 теңге қылатын болсаң, жапондарды шақырасың, 60 теңге болсын десең - Ресейді.
Тағы бір нәрсе – Росатом Беларусь мемлекетіне АЭС-ті қалай тез және арзан салып берді? Бұлардың да тәжірибесін зерттеу қажет. ТМД бойынша ең арзан жанармай, энергия көзі бізде екен. Мемлекет бағаны ұстап тұр. Көрші Өзбекстанда АИ-95 жанармайы – 500 теңге, Грузияда – 700, Түркияда – 880 теңге. Бұларда баға құбылмалы. 2025 жылы қаңтардан бастап Еуразиялық одақ аясында бірыңғай энергия кеңестігі күшіне енеді. Ол кезде баға бірдей болады. Сол себептен АЭС салар кезде түріктер сияқты прагматикалық тұрғыдан арзан әрі сапалы жағына мән беру керек шығар.
https://dalainside.kz/12/manyzdy/14/2022/782/

DALA инсайд
Қазақстан энергетика дағдарысынан қалай шығады? - DALA инсайд
АЭС салар кезде түріктер сияқты прагматикалық тұрғыдан арзан әрі сапалы жағына мән беру керек
👎29👍23
Forwarded from PARANOIA.KZ (Alash KZ)
Алматыдағы гүл жеткізу бойынша ең ірі дүкеннің бірі мемлекеттік тілде қызмет көрсетіңіз десе, “сіз аурусыз, сізге емделу керек” деп жауап қатыпты. Артынша инста сторисіне “жағдайды реттедік, енді посттарды қазақша да жазамыз” деп жазба салыпты. Бұларға қазақтың ақшасы жақсы да, тілі жаман ба?! Сәл шағым айтылса, кешірім сұрап шыға келеді, бірақ ішкі көзқарастары өзгермейді-ау.
👏68👍15👎8🤩4🎉2
📺🇷🇺 НТВ, "Россия-1", "Первый канал", РЕН ТВ пропагандистік Ресей арналары Қазақстаннан кетеді
Ресми Астана келесі жұмыс аптасында елімізде НТВ, "Россия-1", "Первый канал", РЕН ТВ сынды төрт ресейлік телеарнаны хабар тарату лицензиясынан айыру бойынша жабық есік жағдайындағы консультациялар өткізбек.
👂 Бұл туралы, DALA INSIDE сенімді дереккөзі хабарлады. Ол талқылауға Президент аппараты, Ұлттық қауіпсіздік органдары, Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ақпарат министрлігі, цифрландыру ведомстваларының өкілдері жиналады.
Оған себеп - Еуроодақ тоғызыншы санкция аясында, аталған телеарналарды лицензиясынан айырып, олардың хабар таратуына тиым салды. Қазақстан бұл пропагандистік телеарналардың жұмысына шектеу қоймаса, де-юре Еуроодақ санкцияларын бұзды деп есептелмек.
Тек мемлекеттік емес, коммерциалық сектор да Ресей телевизиясын шектей алады. Оның алдында "Beeline Қазақстан" өз пакетінен ресейлік арналарды алып тастаған болатын. Бірақ сол кезде оған иелік ететін ресейлік "Вымпелком" компаниясы арқылы, Ресей билігі өз телеарналарын хабар тарату пакетіне күштеп қайтарған еді. Енді "Beeline Қазақстан" Ресейге бағынбайды, тікелей Нидерландылық акционердің қолына өтті. Сондықтан "Beeline Қазақстан" ресейлік арналар сигналын тоқтатса, оған ешкім ештеңе дей алмайды.
Ал мемлекет өз тарапынан OTAU TV, Қазақтелекомның ID Net желілері, сондай-ақ антенналық жүйеден ресейлік телевизияны бір күнде алып тастай алады.
https://t.me/dalainside

👍193👏18🤩12
🚧 КТК мен Қашаған тұралатты. Биыл Қазақстан өзі жоспарлаған мұнай көлемін өндіре алмайды
2022 жылы еліміз 87,5 миллион тонна мұнай өндіруі тиіс еді. Жыл басында Энергетика министрлігі осындай жоспар бекіткен.
🤜 Сәуірде КТК терминалындағы «қызық дауылдарға» байланысты жоспар 85,7 миллион тоннаға дейін кеміген. Енді жыл бітуге екі апта қалғанда Энергетика министрлігі жоспарды 84-85 миллион тоннаға дейін тағы төмендетіп отыр.
Тіпті сол 85 миллион тоннаға жетеміз дегенге де үлкен күмән бар. Ол үшін екі аптада біз 5 миллион тонна мұнай өндіру керекпіз. Ондай рекорд бізде бұған дейін болмаған. Болуы да неғайбыл. Сонда шамамен біз - 84 млн тонна межесін көрсететін сияқтымыз.
2023 жылы біз "90 миллион тонна мұнай" деп жоспар қойыппыз. "Мақтаған қыз бен той" әңгімесі тағы да қайталанбаса жарар еді.

👍26👎3
☀️ Қазақ Назарбаевты ұмытпасын
Жаңа жылдан кейін отандық блогосферада (фейсбук, ютуб, телеграм) Нұрсұлтан Назарбаевтың кезіндегі еңбегін әспеттейтін пиар кампания жүретін болады. Оны кезінде тұңғыш президенттің арқасында байыған отандық олигарх (Форбс тізімінің алғашқы ондығында) қаржыландырмақ. Бұл - "жұрттың бәрі Назарбаевтан теріс айналып жатқанда, мен ондай иттік жасамаймын" деген олигархтың азаматтық позициясы болып отыр.
Пиар кампанияның концепциясы дайын. Ол жаңа жылдан бастап, 6 шілде - Назарбаевтың туған күніне дейін жүрмек.
Негізгі 3 месседж төңірегінде посттар жазылатын болады:
1. Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның негізін қалады;
2. Назарбаев елдің барлық шекарасын заңмен бекітті. Әсіресе Қытайды көндіре білді;
3. Назарбаевтың кезінде ешқандай ірі қақтығыс/трагедия болмады. 30 жыл тыныш өмір сүрдік.
Кампанияның басым бөлігі қазақша болады. Ал оның таргетті жарнамасы украин мамандарына тапсырылды.

👎97👍26👏5
⚡️❗️Қаржы мониторинг агенттігі журналист Михаил Козачковты ұстады
Ол Болат Назарбаевтың "оң қолы" саналған Елдос Қоспаевтың қылмыстық тобына рейдерлікпен айналысуға көмектескен деп күдіктелуде.
Dalainside агенттіктің ресми түсініктемесін сығымдап ұсынды.
Қоспаев бастаған рэкеттер танымал кәсіпкерлердің бизнесін тартып алу алмас бұрын Козачковтың "көмегіне" жүгініп, өз құрбандарына ақпараттық шабуыл жасаған.
Козачков бұл іске органда қызмет істеген досы Бурхан Жансейітовті тартқан.
Соңғысы қылмыстық топтың сойылын соғып, құрбандарын қаралайтын компромат жинаған.
Жансейітов Козачковтың арнасын қылмыстық топтың талабына бейімдеп, журналистің жазбаларының астына ОПГ-ның басқа мүшелерімен бірігіп, нысанаға ілінген кәсіпкердің үстінен негатив пікір ұйымдастырған. Бұған қарсы келген қолданушыларды бұғаттап отырған.
Козачков-Жансейітов тандемінің Қоспаевтан 52 млн теңге сыйақы алғаны дәлелденіпті деп жазады, ҚМА.
Қоспаев жетекшілік ететін ОПГ осы күнге дейін біраз бизнесменді қан қақсатқан.
Атап айтқанда кәсіпкер Әбдіғаппаровтың "Есентай сити" жобасындағы үлесіне ортақтасқан,
тағы бір кәсіпкердің шыны ыдыстар шығаратын зауытын иемденіп алған.
Козачков зауыт иесінің беделін түсіретін бірқатар мақалаларды топырлатқан.
Журналист бұдан бөлек Елдостың інісі Айдос Қоспаевтың жазадан жалтарып кетуіне жәрдемдескен.
Бұдан басқа, Козачковқа және басқа тұлғаларға қатысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді заңсыз жинау және тарату фактілері бойынша қылмыстық іс тергелуде.

👍52👎7👏4
🏭 МАГАТЭ мен Қазақстан. Ядролық қарудан бас тартқан мемлекетке халықаралық ұйымның көзқарасы қандай?
АЭС жобасына келгенде, кез келген мемлекет жеке-дара шешім қабылдай алмайды. Оған қойылатын халықаралық стандарттар мен өзіндік талаптар бар. Оның барлығы сақталмайынша, еш мемлекет АЭС құрылысына өздігінен кірісуге қақы жоқ. Мұндай стандарт пен талаптарды бүгіндері Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік – МАГАТЭ реттейді.
МАГАТЭ-нің Қазақстанға көзқарасы өте жақсы. Себебі, еліміз ядролық сынақ полигонын жапты, жоғары байытылған уран өндірісін жойды және ядролық қарудан бас тартып өзін әлемге паш етті. Қазақстан 1993 жылдан бері МАГАТЭ мүшесі.
Елімізде 2017 жылы МАГАТЭ-нің тікелей бақылауымен жұмыс істейтін аз байытылған уран банкі ашылған. Бұл - атом өнеркәсібіндегі ғаламдық үдерістерден Қазақстанның шеткері еместігінің, ажырамастығының үлкен нышаны. Енді АЭС құрылысын қолға алу жоспары аясында да МАГАТЭ-мен әріптестік одан ары қарай нығая түспек.
"Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС-ның Жоба басқару жөніндегі бас менеджері Әсет Махамбетов елімізде АЭС құрылысы жобасының талқылауы басталған сәттен бастап тура осы мәселеде Қазақстанның МАГАТЭмен тығыз әріптестік қарым-қатынасы бірден қолға алынғанын айтады.
"Қазақстанда Балқаш көлі маңында АЭС салу мәселесі 1997 жылы қаралған болатын. Осы жобаны қарау кезінде АЭС-тің орналасуы бойынша аудан параметрлерінің қолайлылығын МАГАТЭ-нің арнайы миссиясы қарап, растаған. Одан кейін 2016 жылы қазақстандық тараптың шақыруы бойынша МАГАТЭ еліміздің ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу өткізді. Миссия қорытындысы бойынша, МАГАТЭ арнайы есеп дайындады".
https://dalainside.kz/12/manyzdy/19/2022/796/

Қазақстан және МАГАТЭ. Біздің елдің АЭС салуға деген ұмтылысына халықаралық қауымдастық қандай баға береді? - DALA инсайд
АЭС жобасына келгенде, кез келген мемлекет жеке-дара шешім қабылдай алмайды. Оған стандарт пен талаптарды МАГАТЭ қояды
👍18
✍️ Баспасөз бостандығының әлемдік индексі: "Козачков оқиғасынан" кейін Қазақстан Солтүстік Корея бастаған топқа түспек
2022 жылы Қазақстан "Шекарасыз репортерлер" халықаралық ұйымы дайындайтын "сөз бостандығының рейтингінде" 180 елдің ішінде 122-ші сатыда келе жатқан болатын. Біздің көршілеріміз Бенин, Танзания сынды елдер болды.
Бұл - тым нашар көрсеткіш. Мысалы, демократиясы да, экономикасы да дамыған елдердің барлығы жоғарғы орында тұр. Рейтингте Норвегия, Дания, Швеция сынды мемлекеттер көш бастап келеді.
DALA INSIDE дереккөзі мәліметінше, журналист Михаил Козачковтың тұтқындалуынан кейін, "Шекарасыз репортерлер" ұйымы Қазақстанды осы рейтингте бірнеше сатыға бірден төмен түсіру бойынша консультациялар өткізбек. Онда "сөз бостандығы нашар" деген категориядан, еліміз "тым нашар" деген санатқа, яғни Солтүстік Корея мен Түркіменстан бастаған елдер компаниясына ауысатын болады.
Сөз бостандығы индексі - халықаралық методология бойынша елдің инвестициялық климатына тікелей әсер ететін 7 параметрдің біріне жатады. Сондықтан 2023 жылы Қазақстанның инвестициялық климаты нашарлайды деп топшылауға толық негіз бар.
Өткен аптада Қаржылық мониторинг агенттігі құқық қорғау органдарындағы былықтар туралы жазатын журналист Михаил Козачковты тұтқындаған болатын. Бүгін Бас прокуратура осыған қатысты пікір білдірді.
"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Тергеу барысы прокуратураның қадағалауында", - деп жазады, Бас прокуратура.
Адвокаттар Козачковтың үйін тінту кезінде Қаржы мониторингі агенттігі қызметкерлерінің заңды өрескел бұзғанын хабарлаған болатын. Бас прокуратура осы жағдайды тексермек.

👍21👎1👌1
🇰🇿🏭 Қазақстан өзінде салынатын АЭС технологиясын таңдаудың алдында тұр
"Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС-ның Жоба басқару жөніндегі бас менеджері Әсет Махамбетовтың айтуынша АЭС-ті салып беретін компаниялар олардың тілінде «вендор» деп аталады. Әлемде алты вендор ғана бар. Қазақстан сол алты вендордың қазіргі заманғы реакторларының жобалық ұсыныстарымен танысып шықты. Талдай келгенде, мүмкін жобалардың тізімі қысқарып – тек төрт вендор ғана қалды. Олар - корейлік KHNP, қытайлық CNNC, ресейлік «Росатом» және француздардың EDF компаниясы.
Ендігі міндет - осы төртеудің ішінен бір вендорды таңдап алу. Әсет Махамбетовтың айтуынша, қазіргі уақытта отандық мамандар аталған төртеудің тәжірибесін зерделеу үшін сапарлар ұйымдастырылып, нәтижесінде өз қорытындыларын ұсынуда.
👉 «Қысқа тізімдегі ядролық-энергетикалық жабдық өндірушілерінің тәжірибесін зерделеу аясында біздің мамандар биылғы маусым айында Оңтүстік Кореяға, шілдеде Францияға және Түркиядағы «Аккую» атом электр станциясына, ал қыркүйекте Венгриядағы «Пакш» АЭС-не сапар жасады. Әлеуетті ұсыныстар мен халықаралық тәжірибені зерделеу негізінде, әр санаттағы ең жақсы шешімдерді таңдауға мүмкіндік беретін жабдық өндірушілер мен мердігер компаниялардың халықаралық пулын тарту неғұрлым орынды болып табылады. Әлемде АЭС салу бойынша ағымдағы жобаларды іске асыру тәжірибесі бұл тәсіл салынып жатқан станциялардың көпшілігі үшін пайдаланылатынын көрсетеді», - дейді Әсет Махамбетов.
Ал, вендор таңдалғаннан кейінгі жұмыс сатысы – мамандарды әзірлеу. Яғни, қазақтың атомшы мамандары таңдап алынған реактормен жұмыс істеудегі біліктілігі мен білімін жетілдіреді.
https://dalainside.kz/12/jana-qazaqstan/20/2022/799/

Халықаралық консорциум Қазақстанда АЭС-ті қалай салады? - DALA инсайд
АЭС құрылысының жобалық, қаржылық және орналасу аумағы бойынша отандық ғалымдар үлкен жұмыстар атқарып, бірқатар жобаны еңсерген
👎20👍2👏1🤩1
⚡️💥 Димаштың Астанадағы перформансы: әйгілі әнші Путин агрессиясын тоқтатуға шақырды
Астанадағы медиафорумда сөз сөйлеген Димаш Құдайберген соғысқұмарларды сын садағына алды.
Әншінің айтуынша қантөгісті қалайтындар мыңдаған жанды өлімге айдаған.
📺 Халықтың ойын бұрмалап, соғысты жеке амбициясы үшін жүзеге асырып отырған мемлекет басшылары бар.
"5 жарым мың жылда адам баласы 292 жыл ғана тыныштықта өмір сүрген. Бұл өкінішті жайт адамзат санасының бағзы замандардан бері көп өзгермегенін көрсетеді.
Әлі күнге дейін талай елдер соғыс зардабын тартып, экономикасы, руханияты құлдырап жатыр.
Талай жазықсыз жандар сол зұлматтың зардабын шегуде.
Өз амбицияларын жүзеге асыру мақсатында мыңдаған жандарды өлімге айдап, ел мен елдің арасына сызат түсіріп жатқан соғысқұмарлықты қалай тоқтатамыз? Ол үшін не істеуіміз керек?
Адам өмірін адам өлімімен құтқару ешқандай да құтқару емес, ол – сылтау!", – деді әнші.
Орта ғасырдың өлшемімен ойлайтын Кремль Димаштың мәлімдемесін жауапсыз қалдырмасы анық. Ертеңгі күні қазақ әншісіне Ресейге кіругетыйым салынса таң қалмаймыз.
Димаш орыстың сахнасына мұхтаж емес!
https://t.me/dalainside
Астанадағы медиафорумда сөз сөйлеген Димаш Құдайберген соғысқұмарларды сын садағына алды.
Әншінің айтуынша қантөгісті қалайтындар мыңдаған жанды өлімге айдаған.
📺 Халықтың ойын бұрмалап, соғысты жеке амбициясы үшін жүзеге асырып отырған мемлекет басшылары бар.
"5 жарым мың жылда адам баласы 292 жыл ғана тыныштықта өмір сүрген. Бұл өкінішті жайт адамзат санасының бағзы замандардан бері көп өзгермегенін көрсетеді.
Әлі күнге дейін талай елдер соғыс зардабын тартып, экономикасы, руханияты құлдырап жатыр.
Талай жазықсыз жандар сол зұлматтың зардабын шегуде.
Өз амбицияларын жүзеге асыру мақсатында мыңдаған жандарды өлімге айдап, ел мен елдің арасына сызат түсіріп жатқан соғысқұмарлықты қалай тоқтатамыз? Ол үшін не істеуіміз керек?
Адам өмірін адам өлімімен құтқару ешқандай да құтқару емес, ол – сылтау!", – деді әнші.
Орта ғасырдың өлшемімен ойлайтын Кремль Димаштың мәлімдемесін жауапсыз қалдырмасы анық. Ертеңгі күні қазақ әншісіне Ресейге кіруге
Димаш орыстың сахнасына мұхтаж емес!
https://t.me/dalainside
❤114👏32👍21👌2
👷 Адам және реактор. Бізде АЭС-ті білетін адам бар ма?
Қазақстан атом реакторымен жұмыс істей алатын мамандар дайындауды белсенді түрде қолға алды. Түрлі тәжірибелі реакторлардың елімізде бұған дейін де, қазір де жұмыс істеп жатқанын ескерсек, отандық мамандардың атом реакторын басқаруға әлеуеті де, біліктілігі де жетеді.
DALA INSIDE «Қазақстан атом электр станциялары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жаңа ядролық және энергетикалық технологиялар бойынша бас менеджері Асуан Сиябековпен осы тақырып аясында сөйлесті.
Оның сөзінше, елімізде атом саласында жұмыс істейтін адамдардың саны 20 мыңнан асып жығылады. Бірақ олардың барлығы реактор маманы емес.
«Атом дегенде бұл реакторлар ғана емес. Мәселен, Курчатов қаласында Ядролық орталық бар. Бірақ орталықта атом энергетикасымен емес, ғылыммен айналысатын мамандар жұмыс істейді. Алматы қаласында Ядролық Физика институты бар. Мұнда ЖОО-дан кейін білім мен кәсіби білігін шыңдауға үздік мамандар жіберіледі. Өзіңізге мәлім, Қазақстан уран қазба байлағының көлемі бойынша әлемде бірінші орын алады. Оңтүстігімізде де уран кеніші бар. Соның барлығын қоса есептегенде, біздің саламызда бүгінгі таңда 20 мың адам еңбек етіп жатыр», - дейді, Асуан Сиябеков.
Ал АЭС салынып, қолданысқа берілген жағдайда кадр тапшылығы деген мәселе болмайды. Өйткені, алдын-ала есеп бойынша, АЭС құрылысына 7-8 мың адам жұмылдырылса, ал салынып біткен соң онда тұрақты түрде жұмыс істейтін 2 мың адам қажет болады. Ал сол 2 мың адамның ішінде 20 пайызы, демек 300-400-і ғана атом реакторы, ядролық энергетика бойынша жұмысқа тартылады. 2 мың адамның ішінен үздік 300-400 маманды іріктеп алу қиынға соқпайды.
https://dalainside.kz/12/manyzdy/21/2022/802/

Отандық атомшылар. Қазақстан өз АЭС-ін өзі жүргізе алады - DALA инсайд
2019 жылдан бері біз реакторларды зерделеп келеміз. Қазіргі таңда Ресейдің Росатомы, Қытайдың CNNC, Оңтүстік Кореяның KHNP және Францияның EDF компаниясы шорт-тізімде
👍22
🇰🇿🇺🇿 Қазақ пен өзбек нақты не істеп жүр?
Қазақстан мен Өзбекстан көрші елдер. Осы екі мемлекеттің қандай ортақ тірліктері бар? Осындай сұрақ жиі туындайды. Ал ақпарат өте аз.
Қазіргі таңда екі ел арасында 38 ортақ жоба бар. Көбісі - өнеркәсіптік кооперация. Оның шеңберінде 11 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Ал жалпы құны 2,2 миллиард доллар.
Осы 38 жобаның 10-ға жуығы жүзеге асырылды. Олардың ішінде Шымкенттегі «Альянс» ТПК тоқыма фабрикасы», Саранда Хово жүк көлікьерін шығаратын «QazTehna» ЖШС пен «UzTruck&BusMotors», Өзбекстанда ашылған Hyundai дилерлік орталықтары, Өзбекстанда автоклавты газдалған бетон жасайтын «ЭКОТОН-ШАРҚ» фирмасы бар.
Қазақ-өзбек жылдық тауар айналымы 5 миллиард доллар. Бұл әлеуеті жоғары екі ел үшін тым аз. Сондықтан оны 10 миллиард долларға көтеру мақсаты тұр. Егер арамызда газ саудасы жүретін болса, ол межеге жетуге болады.

👍42👏3🎉2
Forwarded from Kursiv.Media.kz
Жұмыссыз қалсаң да, ақшасыз қалмайсың!
Мемлекет аш қалдырмайды.
Бұлай десе сенбес едім.
Әйтсе де, жұмысынан айырылып, төлем алып отырғандар баршылық екен.
Мемлекеттік сақтандыру қорынан 101 мың адам төлем алып отыр,-дейді.
Ол қандай төлем, оны алу үшін не істеу қажет, толық ақпарат сайтымызда.
Толығырақ Kursiv Media сайтынан оқыңыз: https://kz.kursiv.media/kk/2022-12-23/101-mynggha-zhuyq-adam-maesq-tan-toelem-aldy/

Kursiv Media Kazakhstan
101 мыңға жуық адам МӘСҚ-тан төлем алды — - 23.12.2022 - Kursiv Media Kazakhstan
Жұмысынан айырылуына байланысты
👍7🤩2
💥🔥 Жаңа Қазақстан Құлыбаевтың шұрайлы жерін мемлекетке қайтарды
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары сауда үйін салуды жоспарлаған Алматының шырайлы жері мемлекетке қайтарылады.
Қазір бұл аумаққа жергілікті билікмектеп салуды жоспарлап жатыр.
Азаттық былтыр тамыз айында Назарбаевтың ортаншы қызы Динара мен күйеу баласы Тимур Құлыбаев Алматының элиталы ауданынан Fresh Market сауда үйін салуды жоспарлап жатқанын жазған.
Бұл аумақ Бостандық ауданында Розыбакиев пен Қожабеков көшелерінің қиылысында орналасқан.
"Мега центр" сауда үйінің қарсысында орналасқан 6,6 гектар жер "Достар Констракшн" компаниясына тиесілі.
"Бұл жер кезінде "Казкомерцбанк" банкі өткізген аукцион кезінде сатып алынған. Қазір бұл жер мектеп салу үшін мемлекетке қайтарылды. Жаңа жылдан бастап құрылысын жоспарлаймыз", - деді Алматы қаласы жер қатынастары жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Нұрлан Құлболдинов.
https://t.me/dalainside
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары сауда үйін салуды жоспарлаған Алматының шырайлы жері мемлекетке қайтарылады.
Қазір бұл аумаққа жергілікті билік
Азаттық былтыр тамыз айында Назарбаевтың ортаншы қызы Динара мен күйеу баласы Тимур Құлыбаев Алматының элиталы ауданынан Fresh Market сауда үйін салуды жоспарлап жатқанын жазған.
Бұл аумақ Бостандық ауданында Розыбакиев пен Қожабеков көшелерінің қиылысында орналасқан.
"Мега центр" сауда үйінің қарсысында орналасқан 6,6 гектар жер "Достар Констракшн" компаниясына тиесілі.
"Бұл жер кезінде "Казкомерцбанк" банкі өткізген аукцион кезінде сатып алынған. Қазір бұл жер мектеп салу үшін мемлекетке қайтарылды. Жаңа жылдан бастап құрылысын жоспарлаймыз", - деді Алматы қаласы жер қатынастары жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Нұрлан Құлболдинов.
https://t.me/dalainside
👍68👏5❤2
Forwarded from ULYS
⚡️Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қызметінен кетті
“Әзірше ағартушылық пен шығармашылыққа ден қоймақпын.
Асылы, мемлекеттік қызметтен тыс жүріп те мемлекетке қызмет етуге болады”,-деп жазды Facebook-тегі парақшасына.
https://t.me/ulys1

👍29🤩1
📺 "Хабар" - мемлекеттің қаруы бола ала ма?
"Хабар" агенттігін 2023 жылы "Самұрық-Қазына" қоры арқылы қаржыландыру бойынша Үкімет үкімінің жобасы талқылана бастады. Қаржыландыру параметрлері белгісіз. Себебі НПА-ға үкім жобасының өзі ғана шыққан. Ал көп жағдайда қаржы көлемдері үкімге қосымша құжаттарда жазылады.
Сонда біз қазір екі нәрсені білмейміз:
1. Хабар "Самұрық-Қазынадан" қанша ақша алуы мүмкін?
2. Хабар "Самұрық-Қазынадан" ақша алса, оған 2023 жылы бюджеттен мемлекеттік тапсырма арқылы қаржы беріле ме?
Әр жылдың басында келесі жылдың бюджеті бойынша (үш жылдық бюджет системасымен) Заң жобасы әзірленіп, алдын-ала мақұлданады. Үшінші тоқсанда ол Парламенттің екі палатасынан өтеді де, оған Мемлекет басшысы қол қояды. Ал желтоқсанның онына таман сол бюджетті іске асыру бойынша Үкімет Қаулысы шығады. Дәл сол қаулыда мемлекеттік тапсырма бойынша (Қазақстан арнасы, Хабар, Назарбаев университет, Медицина орталығы, Рухани жаңғыру, т.б.) кімнің қанша ақша алатыны жазылатын. Биыл осы Қаулы екі аптаға кешікті және әлі жарияланбады. Және осы кезде "Хабарды Самұрық-Қазына қаржыландырсын" деген құжат бой көрсетті. Бұл - "Үкімет "Хабарды" мемлекеттік тапсырма тізімінен алып тастады ма?" деген сұрақ туғызады.
Осы жылы Хабар мемлекеттік тапсырмамен 13 миллиард теңге, ал Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі үлестіретін ақпараттық заказ бойынша кем дегенде 5 миллиард теңге алды. Сонда мемлекет қолдауы - 18 миллиард теңгенің үстінде. Хабардың мемлекет төлейтін эфирі - 33 412 сағат. Шамамен, мемлекет әр тәуліктегі 20 сағат эфирдің тек 3 сағатын төлеп отырады, ал эфирдің әр сағаты бюджет үшін 540 мың теңге тұрады. Бұл - күніне 1 жарым миллион теңге.
Әңгіме ақшада емес. Басты проблема - мемлекет Хабардан (жалпы телевизиядан) өзіне не керектігін білмейді. Немесе тапсырманы әлі күнге дейін нақтылай алмай отыр. Рейтинг жоғары болсын, мемлекеттік саясат жүргізілсін деген жалпылама міндеттер бір фокусты таңдап алып, бір нүктеге төпелей ұруға мүмкіндік бермей келеді. Хабарда кәсіби біліктілігі жоғары менеджмент, талантты телевизия мамандары жұмыс істейді. Тек олардың потенциалын тиімді пайдалану туралы мәселе қолға алынбады. Глобалды тұрғыдан алғанда, Хабар өзіне жұмсалатын 18 миллиард теңгеден экономикаға жыл сайын 800 миллиард теңге эффект бере алады және көптеген проблемаларымызды шеше алады.
Қалайша?
Өзіміз көріп жүргендей, біздің мемлекеттік телевизия контенттік тұрғыдан "мультиформат" стандартында жұмыс істеп келеді. Яғни көп жанрды қамтыған, халықтың барлық типіне арналған (балалар, студенттер, үйде отырған әйелдер, экономикалық белсенді адамдар, зейнеткерлер, тб) құрама контент. Мультиформат - саясат, экономика, жаңалықтар, балаларға арналған, әзіл-скетчер, концерттер, шоулар, сериалдар. Сонда, онда барлық тақырып бар және олар эфирді программалау құралдары арқылы аптадағы 140 сағатқа үлестіріліп орналастырылған.
Бірақ, әлемдік телевизияда соңғы жылдары пайда болған "Фокусты формат" өзінің сұрапыл тиімділігін байқатты. Мемлекеттік мәселелерді шешуде тележәшікті қалай пайдалануға болатынын Ресей тәжірибесінен көрдік. Олар 2013 жылдан бері телевизияның бар фокусын бір тақырыпқа - Украинаға аударды. Сол тақырыптың сөлін әбден сорды, халқын зомбилеп, өзінің бауырлас халқын жек көретіндей жағдайға жеткізді. Овертонның барлық кезеңдерінен өткізіп шықты. Осы концепцияны Эрнст пен Добродеев жасаған болатын.
Бізде Құдайға шүкір, сыртқы жау жоқ және ондай жауыздық бағыт керек емес. Фокусты форматтың дайын шешімдерін - дамуға кедергі болып жатқан ең басты ішкі жау - жемқорлыққа қарсы қолдануға болады. Яғни, тәулігіне 20 сағат, 2 жыл бойы эфирден бір нүктеге ұру. 2-3 месседжді кодтау. Кодтау - бір сөзді 5-10 минут сайын қайта-қайта айта беруді білдіреді.
Хабарда таңертең Таңғы шоу - пара алудың адамның денсаулығына зиян екенін айтса, әншілер параға қарсы әндерін орындаса, түсте "Жемқордың жазасы" атты сериал жүрсе, түстен кейін "Адамдар проблемасына жемқорлар кінәлі" тақырыбында 3 сағаттық ток-шоу, кешке "Жемқорлар қазақты әдейі жою үшін жаралған" деген тақырыпта тағы 2 сағаттық ток-шоу, одан кейін "Қазақты қорлаған жемқор"

👍52👎2
сериалы, түнде "Нәрестелердің органдарын жеген жемқорлар" атты псевдодеректі фильм жүретін болса, және олар күн сайын (жаңа кейіпкерлермен) қайталана беретін болса - тура бір жылдан кейін Қазақстанда жемқорлық проблемасы ресми түрде жабылады.
Мемлекет 18 милллиард теңгемен - өмір бойы күресіп келе жатқан проблеманы шешіп, жыл сайын түрлі "антикоррупциялық шараларға" жұмсап келе жатқан 60-70 миллиард теңгені үнемдей алады. Бастысы - ел экономикалық даму жолына түседі.
Телевизияны осындай нақты тапсырмаларға тиімді пайдалануға, жұмсаған әр теңгенің сөлін сығып алуға болады.
Сондықтан, "Хабар" не "Қазақстанның" біреуін мультиформаттан фокусты форматқа ауыстыруымыз керек. Нақты нәтиже беретініне үлкен сенім бар.
Түпнұсқа https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02NeLDhhrxTwMkEYiEc1DVGCopbGsLSzgckGAFmbH2wyn5VdxqHkjbdrLN6XUwSEKNl&id=100019499658791&mibextid=Nif5oz

👍42❤2
🏦 Home Credit – 2022 жылғы цифрлық шешімдер бойынша үздік банк
👉 Asiamoney журналының бағалауы бойынша, Home Credit Bank “2022 жылғы цифрлық шешімдер бойынша Ең үздік банк” деп танылды.
Беделді британдық Euromoney іскерлік журналының Азиядағы бөлімшесі жыл сайын тағайындалатын Asiamoney best Bank Awards халықаралық сыйлығы иегерлерінің есімін жариялады.
“The Best bank for Digital Solutions 2022” – “2022 жылғы цифрлық шешімдер бойынша үздік банкі” номинациясында өзімен аттас мобильді қосымшасы бар Home Credit Bank Kazakhstan жеңімпаз атанды.
Басылым сарапшылары Home Credit Bank өз сервистерін цифрландыруда сапалы серпіліс жасады, банктің барлық өнімдері мен қызметтері оның мобильді қосымшасында қолжетімді екенін баса атап өтті.
https://dalainside.kz/12/munysy-nesy/27/2022/809/

👎32👍4👏1
🇨🇳💴 Ресей өз Ұлттық қорын юаньға көшірді
Ресейдің суверенді қоры - Ұлттық әл-ауқат қоры деп аталады. Онда қазір 188 миллиард доллардың активтері бар. Ресей бүгіннен бастап барлық доллар/еуролық валюта номиналдарын юаньға ауыстыратын болды. Ереже бойынша, 2023 жылы (4-5 күннен кейін) - ұлттық қор түгел юаньда болуы тиіс.
Ресей осы арқылы қолда бар активтерін сақтап қалғысы келеді. Бірақ АҚШ пен Еуропаның диктатынан қашқысы келген олар басыбайлы Қытайға кіріптар болатыны анық. Енді Қытай Ресейдің бар-жиған тергенін блоктап қоюға іс жүзінде мүмкіндік алды. Және бұл ресми Бейжіңнің Мәскеумен кез-келген келіссөзінде ықпал ету құралына айналып шыға келмек.
Ұлттық қор Қазақстанда да бар. Ол толық доллармен номинацияланған. Оның активтерінің қазіргі көлемі 53 миллиард доллар шамасында.

👍40