Telegra.ph Қазақстанда бұғатталды. АКМ айтуы бойынша, ресурста экстремисттік тақырыптағы материал табылыпты мыс.
Сайтқа кіріп жарнаманы жабу батырмасын басқанда басқа сайтқа лақтыратын кездері болды ма? Мұндай алдамшы жарнамалар кей сайттарда өте көп. Енді желтоқсан айында шығатын Chrome браузерінің 71 нұсқасы осындай алдамшы жарнамасы бар сайттағы барлық жарнаманы бұғаттайды. Ал сайт жасаушылар өз сайттарын Ad Experience Report деген құрал арқылы тексеріп көре алады.
Келесі жағдайларда жарнама алдамшы деп есептеледі:
- өтірік жабу батырмасы бар жарнама блоктары, батырманы басқан кезде басқа сілтеме немесе мүлдем басқа жарнама ашылуы мүмкін;
- пайдаланушына алдап шертуге мәжбүрлейтін жарнама, мысалы, жарнама кейбір формаларды көшіруі мүмкін, сіз оны толыру керек екен деп байқаусызда шертіп қаласыз;
- бағдарлама орнатуды ұсынатын жарнама блоктары;
- зиянды бағдарламаларды жарнамалайтын блоктар немесе сілтемелер.
Мұндай әдістер көбінесе фишинг шабуыл кезінде пайдаланылады.
https://blog.chromium.org/2018/11/further-protections-from-harmful-ad.html

Chromium Blog
Further protections from harmful ad experiences on the web
Last year, after hearing from Chrome users, we launched a set of user protections against “ abusive experiences ” -- experiences designed ...
Alibaba қоймасы. Роботтардың көптігінен кептелістер болып жатқаны көрініп тұр. Alibaba көптен бері роботтарды кеңінен пайдалануға әрекет жасап жатыр.
https://youtu.be/a1L2IXS9Pc4
https://youtu.be/a1L2IXS9Pc4
@simple_list_bot - қатысушылар тізімін жасауға мүмкіндік беретін #пайдалыбот
Мысалы, футбол ойнауға адам жинап жатырсыз, бот арқылы: "Сенбі күні футболға кім барады?" деген тізім жасап, группаға саласыз. Барғысы келетіндер "join" басып тізімге қосыла алады. Адам санына шектеу де қоя аласыз.
Айтпақшы, бұл бот #өзіміздіңөнім #қазақстандажасалған ;)

Видео және қарапайым қоңырау жасауға арналған Hangouts бағдарламасы жай пайдаланушылар үшін 2020 жылы жабылады. Сервис тек корпоративтік клиенттерге ашық қалады екен.
Google жобалар мазарына тағы бір сервисті қосып жатқаны өкінішті.
https://dev.by/news/google-offs-hangouts-allegedly
Google жобалар мазарына тағы бір сервисті қосып жатқаны өкінішті.
https://dev.by/news/google-offs-hangouts-allegedly
dev.by
СМИ: Google закроет Hangouts для «обычных» пользователей к 2020 году
Разработанный в Google мессенджер Hangouts может перестать существовать для рядовых потребителей уже к 2020 году, пишет 9to5Google со ссылкой на «источники внутри компании».
Тағы да бір #өзіміздіңөнім сериясынан. New Level of Communication компаниясы интерактив статустары бар мессенджердің бета нұсқасын жариялады. Мессенджер Typi Messenger деп аталады және whatsapp, telegram секілді мәтіндік хабар алмасу мүмкіндіктеріне ие. Оған қоса мессенджер сіздің не істеп жатқаныңызды автоматты түрде анықтауға әрекет жасап, достарыңызға көрсетіп тұрады. Ол не үшін керек? Мысалы, кез-келген жағдай сұрасу былай басталады:
- Не істеп жатырсың?
- Машинадамын кейін жазамын / Жай жатырмын / Түскі ас ішіп отырмын т.с.с.
Ал бұл бағдарламада осылай сұрап отыру қажеттілігі жоқ болып қалады. Бета нұсқада статус анықтау алгоритмі әзірше қарапайым, бірақ кейіннен машиналық оқу қосылатыны айдан анық. Орнатып, тексеріп көрсеңіздер болады, компания аты ағылшынша болғанымен Қазақстандық стартап және негізгі орталығы да Қазақстанда.
https://typi.team/m

Furhat Robotics деп аталатын швед компаниясы қызметкерлерді клиенттермен сөйлесу әдістеріне үйрететін арнайы робот жасағанын жариялады.
Роботтың тек кеудесі мен басы ғана бар. Оған әр түрлі парик және маска кигізу арқылы әр түрлі тұлғалар жасауға болады (ер кісі, әйел кісі, бала). Робот болса әр түрлі жағдайларды симуляция жасай алады: сөйлейді, тыңдайды және ең бастысы наразы клиентті көрсете алады. Соған қарап қызметкерлер өздерінің наразы клиенттермен жұмыс жасау тәжірибелерін шыңдай алады.
Бұл робот Қазақстандағы қай ұйымдарға қажет екенін іштей біліп тұрмыз ;)
https://www.youtube.com/watch?v=vqZgIOAW9bo

Flutter 1.0 жарыққа шықты. SDK әр түрлі мобильді платформаларға бағдарлама жазуға мүмкіндік береді. Негізгі бәсекелестері: React Native, Xamarin.
Бәсекелестерінен артықшылығы ретінде жылдамдығы айтылып жатыр. Әдетте кросплатформалы бағдарламалар жылдамдық жағынан баяу болады.
Бағдарламалау тілі Dart. Технология бірінші кезекте Google-нің жаңа Fuchsia операциялық жүйесімен қызық. Өйткені, жаңа операциялық жүйе Flutter-де жазылған бағдарламаларды нативті түрде қолдайтын болады.
https://www.youtube.com/watch?v=REJDzio_h7o

Telegram бір айдан соң инвесторларға TON (Telegram Open Network) блокчейн-платформасын көрсетеді. Платформа Gram криптовалютасына арналған. Компанияның айтуынша Николай Дуров командасы платформаны 90%-ға аяқтапты.
Бұл платформа туралы Павел Дуров былтыр жариялаған болатын. Содан бері мессенджер құнды қағаздарды жабық сату барысында $1,7 млрд инвестиция тартқан.
Бұл платформа туралы Павел Дуров былтыр жариялаған болатын. Содан бері мессенджер құнды қағаздарды жабық сату барысында $1,7 млрд инвестиция тартқан.
Xiaomi өзінің бүктелетін экранды смартфонын көрсетті. Бүктелген күйі телефон экраны онша үлкен емес, бірақ жайылған кезде экран диагоналы 7,3 дюйм (18,5 см) болады. Дисплейдің жиналып не ашылып тұрғанына байланысты бағдарламалар да көрсету режимін өзгертеді.
Samsung компаниясы да бүктелетін телефон көрсеткен болатын. Xiaomi телефонының айырмашылығы экран екі жерінен бүктеледі.
https://www.youtube.com/watch?v=ZIC40lBE8lA
Samsung компаниясы да бүктелетін телефон көрсеткен болатын. Xiaomi телефонының айырмашылығы экран екі жерінен бүктеледі.
https://www.youtube.com/watch?v=ZIC40lBE8lA
YouTube
Xiaomi Folding Screen Phone (Xiaomi Mi Dual Flex,MIX Flex ? )
Xiaomi double folding smartphone is coming! ( more Xiaomi smartphone on Nextbuying https://www.nextbuying.com/xiaomi-c066/ ), After conquering a series of technical problems such as flexible folding screen technology, four-wheel drive folding shaft technology…
Bing іздеу жүйесі Қытайда бұғатталды. Ол Қытайдағы ең соңғы шетелдің ірі іздеу жүйелердің соңғысы еді. Үкімет қойған барлық талаптарды орындағанына қарамай коммунисттік партия бәрібір қуып шықты. Енді бұғатталмаған тек орыс тілді "Яндекс" қана қалып отыр. Bing іздеу жүйесінің қолданылу үлесі 2% ғана еді. Мысалы, Baidu-да ол көрсеткіш 70%. Соған қарамай Қытайлықтарға бір нәрсе ұнамай қалған көрінеді.
Қытайда жалпы Google, Youtube, Twitter, Facebook секілді барлық дерлік ірі сайттар бұғатталған және олардың альтернатив нұсқалары қолданылады.
Қытайда жалпы Google, Youtube, Twitter, Facebook секілді барлық дерлік ірі сайттар бұғатталған және олардың альтернатив нұсқалары қолданылады.
Цюкерберг Whatsapp, Facebook Messenger және Instagram сервистерінің бэкендін біріктіруді көздеп жатыр. Оған қоса барлық бағдарламалар хаттарды шифрлау мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі бар мәліметтерге қарағанда жоба әлі бастапқы сатыда. Жобаны аяқтау осы жылдың соңына немесе 2020 жылға белгіленген. Пайдаланушыларға көрінетін ең басты өзгеріс әр түрлі сервисте отырған пайдаланушылар бір бірімен хат алмаса алуында болуы мүмкін.
Whatsapp және Instagram сервистерін сатып алған кезде Цюкерберг сервистер автономды түрде қалатынан және олардың ішкі қызметіне араласпайтынын айтқан болатын. Одан бері көп нәрсе өзгеріп екі бағдарлама да пайдаланушы саны жағынан өте кеңінен тарап кетті. Енді осындай әрекетпен Марк сервистерін ортақ инфраструктураға біріктермекші болып жатқан көрінеді (Google-нің стилі).

Твиттерді пайдаланушылар саны бізде өте аз. Дегенмен желі батыс елдерінде мәртебесін әлі де жоғалта қоймаған. Небір шенді де атақты адамдар "твиттеп" тұрады. Сондай твиттердің жақсыларын қазақшаға аударып жазып отыратын #пайдалыканал:
@greattweetskz
жазылып алыңыздар, сонда твиттердегі жаңалықтардан да хабардар болып жүресіздер :)
@greattweetskz
жазылып алыңыздар, сонда твиттердегі жаңалықтардан да хабардар болып жүресіздер :)
Forwarded from Kazakh in Cardiff (I was)
⚡️ Мына қысқа кодтың арқасында дәл қазір ВК қолданушыларың парақшасы шетінен тыпырлап взломаться етіліп қалды. "ВК-ның личкасында реклама пайда болыпты" деген жаңалықты өз лентаңызда көрсеңіз, ашып қарамаңыз. Ол - вирус
https://gist.github.com/thetrall/3768f22d0cc4d27085e4a38975a1bd33
https://gist.github.com/thetrall/3768f22d0cc4d27085e4a38975a1bd33
Интернеттің 30 жылдығының құрметіне CERN ғылыми қызметкерлері ең алғашқы браузер WorldWideWeb-тің веб нұсқасын іске қосты. Бұл браузерді интернеттің атасы Тим Бернерс-Ли жасаған болатын.
Браузерде сілтемені ашу үшін тышқанмен екі рет шерту керек. Ал сайтты ашып көрмекші болсаңыз "Document -> Open from full document reference" деп барып сайт адресін енгізіңіз.
https://worldwideweb.cern.ch/

worldwideweb.cern.ch
CERN 2019 WorldWideWeb Rebuild
2019 rebuilding of the original NeXT web browser