Codeo
220 subscribers
70 photos
5 videos
1 file
171 links
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Download Telegram
#Google эксперимент ретінде пайдаланушының салған суретін жақсартатын, жасанды интелект алгоритмдері негізінде жұмыс жасайтын графикалық редакторды іске қосты. #AutoDraw пайдаланушының қандай сурет салғанын тауып, басқа өзінің жетік суретін ұсынады.

Сервис AI Experiments жобасы аясында жасалған. Бұл жобаны 2016 жылдың күзінде Google бастаған болатын.

https://www.autodraw.com/
#Delphi бағдарламалау ортасында Drag&Drop технологиясын код жүзінде іске асыру

Қазіргі кезде бағдарламалардың қолданушы интерфейсін жасау кезінде Drag&Drop технологиясы кенінен қолданылады. Delphi ортасында ондай мүмкіндік бар, бірақ оның кенінен ойластырылмағаны және шикілігі мені осы мақаланы жазуға итермеледі.

https://codeo.kz/blog/delphi/400.html
#Microsoft 11 сәуірден бастап #Vista жүйесін қолдауды тоқтатты. Пайдаланушылар жүйені пайдалана беруіне болады, бірақ олар Microsoft-тан жаңартулар ала алмайды. Яғни, бұл жүйеде жаңадан түзетулер мен қауіпсіздік жаңартулары болмайды.

Windows Vista 2007 жылдың қаңтар айында жарық көрді. Жүйе жасалып жатқан кезде Longhorn деген атпен беглілі болған. ZDNet баспасының нұсқасы бойынша Vista ең кем тараған жүйелердің бірі.

https://png.cmtt.space/paper-media/7a/ce/26/671a512a53b25f.jpg
Burger King желісі Google Home құрылғыларына бағытталған жарнамалық ролик жариялады. Негізгі мақсаты дыбыстық команда беріп, Google Home арқылы интернетте іздеуді іске қосу.

Жарнамалық роликте актер 15 секунд ішінде "воппер" бургерінің барлық жақсы тұстарын айтып үлгермейтіндігін айтып, кейін "Ok Google, what is the Whopper burger?" (Окей, Google, «воппер» бургері дегеніміз не?) деген сөзді айтады. Сәйкесінше, Google Home құрылғылары бұл сөзге реакция білдіріп, автоматты түрде гуглда воппер туралы іздей бастайды.

Жарнама жарияланған соң бірнеше сағаттан кейін құрылғылар жарнамаға реакция білдіруді тоқтатқан. Пайдаланушылардың пікірінше Google жарнамадағы дыбысты қара тізімге қосқан.

Мұндай жарнамалық қадамның қаншалықты тиімді болғанын айту қиын. Бірақ, бұл жағдай жасанды интеллект алгоритмдерін пайдаланатын құрылғылар үшін әлде де көп түзетулер қажет екенін көрсетеді.

https://youtu.be/U_O54le4__I
Бүгін #Android командасы #Kotlin тілін ресми түрде қолдайтынын жариялады. Android Studio 3.0 нұсқасынан бастап бағдарламалаушылар Kotlin пайдалану үшін қосымша бағдарламалар орнату секілді бас аурулардан құтылды. Бұл бір жағынан енді Google және JetBrains компаниялары Android-та Kotlin тілін пайдалануды қолдайтынын білдіреді.

Kotlin #JetBrains компаниясы жасап шыққан JVM-да жұмыс жасайтын бағдарламалау тілі. Тіл авторлары өздеріне Java тіліне қарағанда ықшамды, бірақ Scala тіліне қарағанда небәрі қарапайым тіл жасауды мақсат етіп қойған.

https://blog.jetbrains.com/kotlin/2017/05/kotlin-on-android-now-official/
Telegram 2016 жылы Instant View технологиясын таныстырған болатын. Технология сілтемелерді браузерді ашпай, мессенджердің өзінде ыңғайлы түрде оқуға мүмкіндік береді. Енді технология барлық сайттарға қол жетімді. Тек Telegram арнайы шаблон тілі арқылы сайтты Instant View үшін икемдеу қажет.

Барынша көп сайттарды осы технологияға икемдеу мақсатында компания сыйақы қоры $200 мың конкурс жариялады. Конкурс қатысушылары конкурс парақшасында көрсетілген тізімнен сайтты таңдап алып, оны Instant View үшін икемдеуі қажет. Әр дұрыс жасалған шаблон үшін $100 сыйақы, ең көп шаблон жасаған қатысушыға қосымша $10 мың, екінші орын үшін $5 мың.

https://telegram.org/blog/instant-view-contest-200K
#StackOverflow статистика: #Vim редакторынан миллион шақты адам шыға алмайды

23 мамыр күні 2012 жылы қойылған "Vim редакторынан қалай шығады?" сұрағының қаралым саны миллионға жетті. Соның құрметіне Stack Overflow зерттеу жүргізіп танымал проблема туралы статистиканы жариялады.

https://codeo.kz/blog/Linux/403.html
90-шы жылдары қалып қойған сайттар

Dial-up заманы өткелі қашан, бірақ кейбір интернет жәдігерлер сізді қайтадан 90-шы жылдарға алып барады. Біз мұнда 90-шы жылдары қалып қойған сайттар тізімін жинадық.

https://codeo.kz/blog/frontend/405.html
Codeo via @like
Бүгін жаздың соңғы күні. Демек, Codeo редакциясы жазғы демалыстан шығады.

Шын мәнінде ешқандай да демалыс болған жоқ, ұзақ үзіліске себеп админнің екі жұмыс істеп кеткенінде. Ал соңғы бір апта бүкіл бос уақыт Mail.ru Group ұйымдастырған Highload Cup конкурсына код жазуға кетті. Конкурс барысын осында жазып шығамын. Әрине, тек егер мұнда оқырмандар қалған болса :)

Әзірше, конкурс туралы сайтта танысуға болады https://highloadcup.ru. Бүгін соңғы күн, жеңімпаздарды анықтау үшін тестілеулер жүргізіліп жатыр.

Тақырып қызық болса лайктап қойыңыздар ;)
Сонымен, Highload Cup конкурсы жайлы. DevOps маман ретінде маған highload тақырыбы өте қызық. Үлкен нагрузкаға шыдап беретін, төзімді жоба жазу қазіргі кездегі ең маңызды тапсырмалардың бірі.

Ресейде бұл бағытта Яндекс пен Mail.ru үлкен тәжірибеге ие. Ең үлкен аудиториялы жобалардың барлығы дерлік осы компанияларға тиесілі. Екі компания да жыл сайын қызметкерлерін өздері оқытуға әрекет жасайды, курстар, конкурстар ұйымдастырады. Highload Cup сондай конкурстардың бірі.

Конкурс шарты қарапайым, техникалық тапсырма бойынша REST сервис жазып, docker контейнер жинап, push жасау қажет. Ол кейін Yandex.Tank арқылы атқыланып, сервистің қаншалықты эффективтілігі, жоғары сұраныс кезде өзін қалай ұстайтыны тексеріледі. Сұраныстардың барлығына жауап беру үшін ең аз уақыт жұмсаған шешіп жеңімпаз болады. Бүгін финал басталатын күн, финалға өтетін қатысушылар анықталды деуге де болады, соңғы атқылаулар жақын арада басталуы керек.

Конкурс тілдер соғысына да айналып кетті. Бастапқы кезде алғашқы ондықты Go тілінде жазылған шешімдер алып тұрды. Тек соңына қарай ғана C және C++ тілдерінің шешімдері қаптап кетті. Яғни, Go тілінде жылдам жазуға және өте жақсы нәтижелерге жетуге болады. Осыған қарап бұл тіл қазіргі кезде миркосервистер үшін өте қолайлы дей аламыз. Алғашқы жиырмалықта бір Java тілі бар, оның өзі http серверді нольден өзі жазып шыққан. Рейтингті бір қарап шығуды ұсынамын https://highloadcup.ru/rating/round/1/.

Ұйымдастырушылар үшін конкурс өте күрделі өтті, бірнеше күн 24 сағат онлайн отырды десек те болады. Өйткені бастапқы кезде 100 ғана қатысушы күтілген екен, ал шын мәнінде 2000 адам қатысып көрген.

Егер конкурстан тыс күш сынап көремін деушілер болса техникалық тапсырма мұнда. Тағы бір апта шешімдер қабылдана береді.

Конкурста мен де күш сынадым, тек 178-орында тұрақтандым. Нәтиже көңіл толтырарлықтай болмағанымен, өзім үшін жаңа технология Tarantool in-memory деректер қоры мен Lua бағдарламалау тілінде біраз тәжірибе жинап алдым.

Жеңімпаздар анықталған соң тағы бір жазба болады :)

#highloadcup2017
Жаңа ғана Яндекс Академиясы туралы айтылып кетіп еді. Енді мынандай жақсы жаңалық оқып отырмын. Астана және Алматы қалаларында бағдарламалауға үйрететін Яндекс Лицей ашылып жатыр. Лицейде тек 8-9-сынып оқушылары 9 ай бойы тегін оқи алады.

Егер балаңыз, қызыңыз, ініңіз, қарындасыңыз бағдарламалауға қызықса, өте жақсы мүмкіндік. Барлық қосымша мәліметті сайттан оқи аласыздар: https://yandexlyceum.ru/
#Go тілі туралы аздап мәлімет. Тіл 2007 жылдан бастап жазыла бастаған, 2009 жылы алғашқы нұсқасы шықты. Қазіргі кезде FreeBSD, OpenBSD, Linux, Mac OS X, Windows операциялық жүйелерінде жұмыс жасай алады. Тіл негізінен заманауи көпядролы процессорларда жұмыс жасайтын бағдарламаларды жазу үшін арналған. Сонымен бірге, C тілінің альтернативасы да болады деп күтіледі.

Go тілінде жазылған бағдарламалар объектті кодқа компиляция жасалады және орындалуы үшін виртуалды машинаны қажет етпейді. Мысалы, java үшін jvm виртуалды машинасы қажет. Негізгі қарсыласы ретінде Rust тілін атауға болады, бірақ ол тілдің қолдауы аздап ақсап тұрған секілді. Ал Go тілін Google-нің өзі қолдап отыр.

Бұл тілге назарым Highloadcup-тан соң ауып жүр. Өйткені, сол жерде ғана осы тілде жазылған бағдарламалар эффективтілігі бойынша C немесе C++ тілінде жазылған бағдарламалармен бәсекелесе алатынына дәлел көре алдым.

Бұдан алдын да алғашқы тіл ретінде Python тілін рекомендеп жүретін едім, егер ол тілді жақсылап меңгерсеңіз келесі деңгей ретінде Go тіліне назар аударуға болады.
Жақсы бір канал рекомендегім келіп отыр.

Жасанды интеллект және мәшін лөрнің (Machine learning) жұртшылықтың назары салыстырмалы түрде жақында ауа бастаған салалар. Кей тұстары мейнстримге ұқсап кетеді, сондықтан да болар екінші сортты, тақырыпты түсінбей тұрып жаза беретін мақалалар да көп. Сондай мақалалар ішінде тақырыпты шынайы түсінетін адамның жазғаны бірден ерекшеленіп қалады. Яндекс сервистерінің маркетинг директоры Андрей Себрант сондай кісілердің бірі. Өзінің @techsparks каналында соңғы жаңалықтар мен қызықты мәліметтермен бөлісіп отырады. Әр жаңалық автордың жеке ойы мен пікірі арқылы жеткізіледі. Егер жоғарыдағы тақырыптар қызық болса жазылып қоюды ұсынамын.

Бонус ретінде осы кісінің машина интеллектісі даму барысында бізді жақын болашақта не күтетіні туралы жүргізген мынандай әңгімесі:
https://youtu.be/hEr9nqivoLk?t=50s
Pockemon Go ойыны кімнің есінде? Ұшуы тез болған ойынның ұмытылуы да тез болды. Бірақ толықтырылған виртуалды шындық бағытын бір толқытып тастады.

#Google толықтырылған виртуалды шындық жобаларын жазуды оңайлататын ARCore SDK-сын таныстырды. Платформа қазір превью режимінде, оған қарамай қазірден бағдарламалар жазып бастауға болады.

#ARCore Tango платформасы негізінде жасалған, бірақ кез-келген мобильді құрылғыларда жұмыс жасай алады. Бастапқы кезде олар Pixel және Samsung S8, ал кейін уақыт өте келе құрылғылар саны 100 млнға дейін көбейеді.

Жаңа SDK Java/OpenGL, Unity және Unreal технологияларымен жұмыс жасай алады. Келесі функционалдарды береді:

- қимылды бақылау
- қоршаған ортаны түсіну
- виртуалды объектілерге түсетін жарықты есептеу

Мысал ретінде Google Blocks және Tilt Brush бағдарламаларын жазды. Бағдарламалар кодтарын Github сайтынан таба аласыздар.

https://www.youtube.com/watch?v=ttdPqly4OF8
Почтама Highloadcup жеңімпаздары туралы хабарлама келді. 25 атқылау нәтижесінде орындар былай бөлініпті:

1. Никита Уваров
2. Олег Кузнецов
3. Максим Андреев
4. Иван Тямгин
5. Алексей Дичковский
6. Александр Шумский

Суретте финал алдындағы алғашқы ондық көрсетілген. Мысалы, бірінші орын нәтижесі шамамен 135 секунд. Бұл дегеніміз жалпы 820150 сұраныстың барлығына бар жоғы екі минуттан сәл ғана көп уақыт жұмсалған. Процессоры Intel Xeon x86-64 2 GHz 4 ядро, оперативті жадысы 4 Гб болатын машинада мұндай нәтиже алуды елестетудің өзі қиын. Шамамен 6000 RPS.

Басты ескеретін нәрсе, алғашқы ондықтың барлығы дерлік C және C++ тілінде жазылған, яғни төменгі деңгей. Біреу-міреу ассемблерде жазып қалар деп ойлап едім, ешкім шықпады. Уақыт аздығы әсер еткен болуы керек, әйтпесе ондай тентектер де бар :)
Мына зерттеуге сәйкес 2020 жылы IT саласындағы 500 000 жұмыс орны бос қалады екен. Бұл жұмыс орындарының мамандар санына қарағанда қарқынды өсуінің тікелей салдары.

Бұл сандарға Google алғашқылар қатарынан болып реакция білдіріп жатыр. Ол Bertelsmann компаниясымен бірігіп 75 мың мамандар оқытылуына демеушілік жасап жатыр. Оқыту екі сатыдан тұрады.

Бірінші сатыда Android және веб-бағдарламалаушы мамандығына 30 мыңнан жалпы 60 мың адам таңдап алынады. Әр оқу программасы екіге бөлінген - бастаушылар үшін (20 мың орын) және жалғастырушылар үшін (10 мың орын). Бұл сатының демеушісі Google болады. Бірақ курсқа тек Еуропа, Ресей, Египет, Израиль және Туркия азаматтары ғана қатыса алады. Қатысу үшін өтінішті Udacity платформасында 15 қазанға дейін беруге болады.

Екінші саты осы жылы кейінірек өткізіледі. Бұл сатыда мәліметтер жайлы ғылым үйретіледі. Оны Bertelsmann неміс компаниясы демейді. Бұл сатыда 15 мың адам оқытылады.

Тағы бір ескеретін жағдай жоғарыдағы зерттеу Еуропа елі үшін жүргізілген. Яғни, жұмыс орындары негізінен Еуропада болады. Біздің елде көрініс мүлдем өзгеше болуы мүмкін.