Mastodon.social — Twitter желісінің опенсорс-клоны. 140 символдық шектеу орнына, шектеу 500 символ. Ең бастысы децентрализацияланған. Яғни, кім қаласа өзіне сервистің жеке нодасын көтеріп ала алады.
Қазіргі кезде Mastodon пайдаланушылар саны 41 мыңнан асып кетті. Сервис пайдаланушылары өте тез артып келеді, соған байланысты да уақытша тіркелу жабық. Өйткені серверге ауыртпалық соңғы 48 сағат ішінде 73%-ға артып кеткен.
#Mastodon
https://mastodon.social/about

Mastodon hosted on mastodon.social
The original server operated by the Mastodon gGmbH non-profit
Соңғы кездері жұрт CSS grid деп көп шулап кетті. Өзім "осының әзір керегі жоқ" деп қарамай жүргем, бірақ сіздер маған қарамай мына ойынды ойнау арқылы үйреніп алсаңдар болады. Бұйырса 1-2 жылдан кейін версткаңызда қолдана аласыз :мырс-мырс: http://cssgridgarden.com/
Cssgridgarden
Grid Garden
A game for learning CSS grid layout
#Google эксперимент ретінде пайдаланушының салған суретін жақсартатын, жасанды интелект алгоритмдері негізінде жұмыс жасайтын графикалық редакторды іске қосты. #AutoDraw пайдаланушының қандай сурет салғанын тауып, басқа өзінің жетік суретін ұсынады.
Сервис AI Experiments жобасы аясында жасалған. Бұл жобаны 2016 жылдың күзінде Google бастаған болатын.
https://www.autodraw.com/

#Delphi бағдарламалау ортасында Drag&Drop технологиясын код жүзінде іске асыру
Қазіргі кезде бағдарламалардың қолданушы интерфейсін жасау кезінде Drag&Drop технологиясы кенінен қолданылады. Delphi ортасында ондай мүмкіндік бар, бірақ оның кенінен ойластырылмағаны және шикілігі мені осы мақаланы жазуға итермеледі.
https://codeo.kz/blog/delphi/400.html

codeo.kz
Delphi бағдарламалау ортасында Drag&Drop технологиясын код жүзінде іске асыру / Delphi / Codeo™
Delphi бағдарламалау ортасында Drag&Drop технологиясын код жүзінде іске асыру. Ассалаумағалейкум, құрметті оқырман! Қазіргі кезде бағдарламалардың қолданушы интерфейсін жасау кезінде Drag&Drop технологиясы кенінен қолданылады. Delphi ортасында ондай мүмкіндік…
#Microsoft 11 сәуірден бастап #Vista жүйесін қолдауды тоқтатты. Пайдаланушылар жүйені пайдалана беруіне болады, бірақ олар Microsoft-тан жаңартулар ала алмайды. Яғни, бұл жүйеде жаңадан түзетулер мен қауіпсіздік жаңартулары болмайды.
Windows Vista 2007 жылдың қаңтар айында жарық көрді. Жүйе жасалып жатқан кезде Longhorn деген атпен беглілі болған. ZDNet баспасының нұсқасы бойынша Vista ең кем тараған жүйелердің бірі.
https://png.cmtt.space/paper-media/7a/ce/26/671a512a53b25f.jpg

Burger King желісі Google Home құрылғыларына бағытталған жарнамалық ролик жариялады. Негізгі мақсаты дыбыстық команда беріп, Google Home арқылы интернетте іздеуді іске қосу.
Жарнамалық роликте актер 15 секунд ішінде "воппер" бургерінің барлық жақсы тұстарын айтып үлгермейтіндігін айтып, кейін "Ok Google, what is the Whopper burger?" (Окей, Google, «воппер» бургері дегеніміз не?) деген сөзді айтады. Сәйкесінше, Google Home құрылғылары бұл сөзге реакция білдіріп, автоматты түрде гуглда воппер туралы іздей бастайды.
Жарнама жарияланған соң бірнеше сағаттан кейін құрылғылар жарнамаға реакция білдіруді тоқтатқан. Пайдаланушылардың пікірінше Google жарнамадағы дыбысты қара тізімге қосқан.
Мұндай жарнамалық қадамның қаншалықты тиімді болғанын айту қиын. Бірақ, бұл жағдай жасанды интеллект алгоритмдерін пайдаланатын құрылғылар үшін әлде де көп түзетулер қажет екенін көрсетеді.
https://youtu.be/U_O54le4__I

Бүгін #Android командасы #Kotlin тілін ресми түрде қолдайтынын жариялады. Android Studio 3.0 нұсқасынан бастап бағдарламалаушылар Kotlin пайдалану үшін қосымша бағдарламалар орнату секілді бас аурулардан құтылды. Бұл бір жағынан енді Google және JetBrains компаниялары Android-та Kotlin тілін пайдалануды қолдайтынын білдіреді.
Kotlin #JetBrains компаниясы жасап шыққан JVM-да жұмыс жасайтын бағдарламалау тілі. Тіл авторлары өздеріне Java тіліне қарағанда ықшамды, бірақ Scala тіліне қарағанда небәрі қарапайым тіл жасауды мақсат етіп қойған.
https://blog.jetbrains.com/kotlin/2017/05/kotlin-on-android-now-official/

The JetBrains Blog
Kotlin on Android. Now official | The Kotlin Blog
Today, at the Google I/O keynote, the Android team announced first-class support for Kotlin. We believe this is a great step for Kotlin, and fantastic news for Android developers as well as the rest o
Telegram 2016 жылы Instant View технологиясын таныстырған болатын. Технология сілтемелерді браузерді ашпай, мессенджердің өзінде ыңғайлы түрде оқуға мүмкіндік береді. Енді технология барлық сайттарға қол жетімді. Тек Telegram арнайы шаблон тілі арқылы сайтты Instant View үшін икемдеу қажет.
Барынша көп сайттарды осы технологияға икемдеу мақсатында компания сыйақы қоры $200 мың конкурс жариялады. Конкурс қатысушылары конкурс парақшасында көрсетілген тізімнен сайтты таңдап алып, оны Instant View үшін икемдеуі қажет. Әр дұрыс жасалған шаблон үшін $100 сыйақы, ең көп шаблон жасаған қатысушыға қосымша $10 мың, екінші орын үшін $5 мың.
https://telegram.org/blog/instant-view-contest-200K

Telegram
Instant Views for Everyone & a $200K Contest
Introducing the Instant View Platform and a $200K contest to make the entire internet available in the Instant View format.
#StackOverflow статистика: #Vim редакторынан миллион шақты адам шыға алмайды
23 мамыр күні 2012 жылы қойылған "Vim редакторынан қалай шығады?" сұрағының қаралым саны миллионға жетті. Соның құрметіне Stack Overflow зерттеу жүргізіп танымал проблема туралы статистиканы жариялады.
https://codeo.kz/blog/Linux/403.html

Stack Overflow статистика: vim редакторынан миллион шақты адам шыға алмайды / Linux / Codeo™
Stack Overflow статистика: vim редакторынан миллион шақты адам шыға алмайды. 23 мамыр күні 2012 жылы қойылған "Vim редакторынан қалай шығады?" сұрағының қаралым саны миллионға жетті. Соның құрметіне Stack Overflow зерттеу
90-шы жылдары қалып қойған сайттар
Dial-up заманы өткелі қашан, бірақ кейбір интернет жәдігерлер сізді қайтадан 90-шы жылдарға алып барады. Біз мұнда 90-шы жылдары қалып қойған сайттар тізімін жинадық.
https://codeo.kz/blog/frontend/405.html

90-шы жылдары қалып қойған сайттар / Frontend / Codeo™
90-шы жылдары қалып қойған сайттар. Dial-up заманы өткелі қашан, бірақ кейбір интернет жәдігерлер сізді қайтадан 90-шы жылдарға алып барады. Біз мұнда 90-шы жылдары қалып
#Tiyn - Блокчейндегі қазақ ақшасы
Мен былтыр биткоин туралы мақаланы жазғаннан кейін блокчейн және криптовалюта саласына тереңірек үңілдім. Неше түрлі қызық жобалар бар екен.
https://codeo.kz/blog/ecom/406.html

Tiyn - Блокчейндегі қазақ ақшасы / Электронды коммерция / Codeo™
Tiyn - Блокчейндегі қазақ ақшасы. Мен былтыр биткоин туралы мақаланы жазғаннан кейін блокчейн және криптовалюта саласына тереңірек үңілдім. Неше түрлі қызық жобалар бар екен.
Бүгін жаздың соңғы күні. Демек, Codeo редакциясы жазғы демалыстан шығады.
Шын мәнінде ешқандай да демалыс болған жоқ, ұзақ үзіліске себеп админнің екі жұмыс істеп кеткенінде. Ал соңғы бір апта бүкіл бос уақыт Mail.ru Group ұйымдастырған Highload Cup конкурсына код жазуға кетті. Конкурс барысын осында жазып шығамын. Әрине, тек егер мұнда оқырмандар қалған болса :)
Әзірше, конкурс туралы сайтта танысуға болады https://highloadcup.ru. Бүгін соңғы күн, жеңімпаздарды анықтау үшін тестілеулер жүргізіліп жатыр.
Тақырып қызық болса лайктап қойыңыздар ;)

Сонымен, Highload Cup конкурсы жайлы. DevOps маман ретінде маған highload тақырыбы өте қызық. Үлкен нагрузкаға шыдап беретін, төзімді жоба жазу қазіргі кездегі ең маңызды тапсырмалардың бірі.
Ресейде бұл бағытта Яндекс пен Mail.ru үлкен тәжірибеге ие. Ең үлкен аудиториялы жобалардың барлығы дерлік осы компанияларға тиесілі. Екі компания да жыл сайын қызметкерлерін өздері оқытуға әрекет жасайды, курстар, конкурстар ұйымдастырады. Highload Cup сондай конкурстардың бірі.
Конкурс шарты қарапайым, техникалық тапсырма бойынша REST сервис жазып, docker контейнер жинап, push жасау қажет. Ол кейін Yandex.Tank арқылы атқыланып, сервистің қаншалықты эффективтілігі, жоғары сұраныс кезде өзін қалай ұстайтыны тексеріледі. Сұраныстардың барлығына жауап беру үшін ең аз уақыт жұмсаған шешіп жеңімпаз болады. Бүгін финал басталатын күн, финалға өтетін қатысушылар анықталды деуге де болады, соңғы атқылаулар жақын арада басталуы керек.
Конкурс тілдер соғысына да айналып кетті. Бастапқы кезде алғашқы ондықты Go тілінде жазылған шешімдер алып тұрды. Тек соңына қарай ғана C және C++ тілдерінің шешімдері қаптап кетті. Яғни, Go тілінде жылдам жазуға және өте жақсы нәтижелерге жетуге болады. Осыған қарап бұл тіл қазіргі кезде миркосервистер үшін өте қолайлы дей аламыз. Алғашқы жиырмалықта бір Java тілі бар, оның өзі http серверді нольден өзі жазып шыққан. Рейтингті бір қарап шығуды ұсынамын https://highloadcup.ru/rating/round/1/.
Ұйымдастырушылар үшін конкурс өте күрделі өтті, бірнеше күн 24 сағат онлайн отырды десек те болады. Өйткені бастапқы кезде 100 ғана қатысушы күтілген екен, ал шын мәнінде 2000 адам қатысып көрген.
Егер конкурстан тыс күш сынап көремін деушілер болса техникалық тапсырма мұнда. Тағы бір апта шешімдер қабылдана береді.
Конкурста мен де күш сынадым, тек 178-орында тұрақтандым. Нәтиже көңіл толтырарлықтай болмағанымен, өзім үшін жаңа технология Tarantool in-memory деректер қоры мен Lua бағдарламалау тілінде біраз тәжірибе жинап алдым.
Жеңімпаздар анықталған соң тағы бір жазба болады :)
#highloadcup2017

Жаңа ғана Яндекс Академиясы туралы айтылып кетіп еді. Енді мынандай жақсы жаңалық оқып отырмын. Астана және Алматы қалаларында бағдарламалауға үйрететін Яндекс Лицей ашылып жатыр. Лицейде тек 8-9-сынып оқушылары 9 ай бойы тегін оқи алады.
Егер балаңыз, қызыңыз, ініңіз, қарындасыңыз бағдарламалауға қызықса, өте жақсы мүмкіндік. Барлық қосымша мәліметті сайттан оқи аласыздар: https://yandexlyceum.ru/

Яндекс Лицей
Учим подростков 13–20 лет современным языкам программирования и промышленной разработке
#Go тілі туралы аздап мәлімет. Тіл 2007 жылдан бастап жазыла бастаған, 2009 жылы алғашқы нұсқасы шықты. Қазіргі кезде FreeBSD, OpenBSD, Linux, Mac OS X, Windows операциялық жүйелерінде жұмыс жасай алады. Тіл негізінен заманауи көпядролы процессорларда жұмыс жасайтын бағдарламаларды жазу үшін арналған. Сонымен бірге, C тілінің альтернативасы да болады деп күтіледі.
Go тілінде жазылған бағдарламалар объектті кодқа компиляция жасалады және орындалуы үшін виртуалды машинаны қажет етпейді. Мысалы, java үшін jvm виртуалды машинасы қажет. Негізгі қарсыласы ретінде Rust тілін атауға болады, бірақ ол тілдің қолдауы аздап ақсап тұрған секілді. Ал Go тілін Google-нің өзі қолдап отыр.
Бұл тілге назарым Highloadcup-тан соң ауып жүр. Өйткені, сол жерде ғана осы тілде жазылған бағдарламалар эффективтілігі бойынша C немесе C++ тілінде жазылған бағдарламалармен бәсекелесе алатынына дәлел көре алдым.
Бұдан алдын да алғашқы тіл ретінде Python тілін рекомендеп жүретін едім, егер ол тілді жақсылап меңгерсеңіз келесі деңгей ретінде Go тіліне назар аударуға болады.

Жақсы бір канал рекомендегім келіп отыр.
Жасанды интеллект және мәшін лөрнің (Machine learning) жұртшылықтың назары салыстырмалы түрде жақында ауа бастаған салалар. Кей тұстары мейнстримге ұқсап кетеді, сондықтан да болар екінші сортты, тақырыпты түсінбей тұрып жаза беретін мақалалар да көп. Сондай мақалалар ішінде тақырыпты шынайы түсінетін адамның жазғаны бірден ерекшеленіп қалады. Яндекс сервистерінің маркетинг директоры Андрей Себрант сондай кісілердің бірі. Өзінің @techsparks каналында соңғы жаңалықтар мен қызықты мәліметтермен бөлісіп отырады. Әр жаңалық автордың жеке ойы мен пікірі арқылы жеткізіледі. Егер жоғарыдағы тақырыптар қызық болса жазылып қоюды ұсынамын.
Бонус ретінде осы кісінің машина интеллектісі даму барысында бізді жақын болашақта не күтетіні туралы жүргізген мынандай әңгімесі:
https://youtu.be/hEr9nqivoLk?t=50s

YouTube
Андрей Себрант, «Яндекс» - Как не остаться без будущего
«Люди соревнуются друг с другом, будто забыв о том, что они никогда не обыграют программу»
https://vc.ru/p/sebrant-talk
Лекция директора по маркетингу сервисов «Яндекса» Андрея Себранта об отраслях, которые обречены на забвение в ближайшем будущем.
Источник:…

Pockemon Go ойыны кімнің есінде? Ұшуы тез болған ойынның ұмытылуы да тез болды. Бірақ толықтырылған виртуалды шындық бағытын бір толқытып тастады.
#Google толықтырылған виртуалды шындық жобаларын жазуды оңайлататын ARCore SDK-сын таныстырды. Платформа қазір превью режимінде, оған қарамай қазірден бағдарламалар жазып бастауға болады.
#ARCore Tango платформасы негізінде жасалған, бірақ кез-келген мобильді құрылғыларда жұмыс жасай алады. Бастапқы кезде олар Pixel және Samsung S8, ал кейін уақыт өте келе құрылғылар саны 100 млнға дейін көбейеді.
Жаңа SDK Java/OpenGL, Unity және Unreal технологияларымен жұмыс жасай алады. Келесі функционалдарды береді:
- қимылды бақылау
- қоршаған ортаны түсіну
- виртуалды объектілерге түсетін жарықты есептеу
Мысал ретінде Google Blocks және Tilt Brush бағдарламаларын жазды. Бағдарламалар кодтарын Github сайтынан таба аласыздар.
https://www.youtube.com/watch?v=ttdPqly4OF8

Android Developers Blog
ARCore: Augmented reality at Android scale
The latest Android and Google Play news and tips for app and game developers.