Codeo
220 subscribers
70 photos
5 videos
1 file
171 links
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Download Telegram
Интернет пайдаланушылары арасында #Android жүйесі #Windows жүйесін басып озды. #StatCounter компаниясы жасаған зерттеу бойынша 37,93% пайдаланушылар интернетке Android жүйесі арқылы қосылған, ал Windows пайдаланушылары 37,91%. Бұл тағы бір рет мобильді пайдаланушылар санының артып келе жатқанының көрсеткіші.

https://goo.gl/WyYUXX
#Microsoft #CodePlex open-source бағдарламалар репозиторийын өшіретінін жариялады. Барлық пайдаланушыларға #GitHub-қа өту ұсынылып жатыр.

2006 жылы іске қосылған бұл сайт, open-source әлеміндегі жаңа қадам болатын. Өйткені, ол жерде кез-келген бағдарламашы жобасының репозиториін ашып, басқалармен бөлісе алатын еді. Бірақ, Microsoft айтуы бойынша жоба ақырындап ақырына жақындап келеді. Соңғы 30 күн ішінде 350 жобаға ғана коммит жасалған. Қазіргі кезде, GitHub open-source жобалар үшін де факто орынға айналып, осы бағыттағы ең басты ойыншы екенін де дәлелдеді.

GitHub немесе басқа жерге ауысу үшін пайдаланушыларға толығымен жағдай жасалған. Уақыт та жеткілікті, сайт осы 15 желтоқсан күні өшіріледі.

https://goo.gl/8UKVRz
Google мобильді сайт жасаушыларын сертификациялау бағдарламасын іске қосты. Экзамен сұрақтары неліктен мобильді сайттар маңызды, мобильді сайт жылдамдығын қалай арттыруға болады, жетік UX дизайн және прогрессивті веб бағдарламалар деген секілді тақырыптарды қамтиды.

https://techcrunch.com/2017/04/03/google-launches-new-certification-program-for-mobile-site-developers/
Mastodon.social — Twitter желісінің опенсорс-клоны. 140 символдық шектеу орнына, шектеу 500 символ. Ең бастысы децентрализацияланған. Яғни, кім қаласа өзіне сервистің жеке нодасын көтеріп ала алады.

Қазіргі кезде Mastodon пайдаланушылар саны 41 мыңнан асып кетті. Сервис пайдаланушылары өте тез артып келеді, соған байланысты да уақытша тіркелу жабық. Өйткені серверге ауыртпалық соңғы 48 сағат ішінде 73%-ға артып кеткен.

#Mastodon

https://mastodon.social/about
Соңғы кездері жұрт CSS grid деп көп шулап кетті. Өзім "осының әзір керегі жоқ" деп қарамай жүргем, бірақ сіздер маған қарамай мына ойынды ойнау арқылы үйреніп алсаңдар болады. Бұйырса 1-2 жылдан кейін версткаңызда қолдана аласыз :мырс-мырс: http://cssgridgarden.com/
#Google эксперимент ретінде пайдаланушының салған суретін жақсартатын, жасанды интелект алгоритмдері негізінде жұмыс жасайтын графикалық редакторды іске қосты. #AutoDraw пайдаланушының қандай сурет салғанын тауып, басқа өзінің жетік суретін ұсынады.

Сервис AI Experiments жобасы аясында жасалған. Бұл жобаны 2016 жылдың күзінде Google бастаған болатын.

https://www.autodraw.com/
#Delphi бағдарламалау ортасында Drag&Drop технологиясын код жүзінде іске асыру

Қазіргі кезде бағдарламалардың қолданушы интерфейсін жасау кезінде Drag&Drop технологиясы кенінен қолданылады. Delphi ортасында ондай мүмкіндік бар, бірақ оның кенінен ойластырылмағаны және шикілігі мені осы мақаланы жазуға итермеледі.

https://codeo.kz/blog/delphi/400.html
#Microsoft 11 сәуірден бастап #Vista жүйесін қолдауды тоқтатты. Пайдаланушылар жүйені пайдалана беруіне болады, бірақ олар Microsoft-тан жаңартулар ала алмайды. Яғни, бұл жүйеде жаңадан түзетулер мен қауіпсіздік жаңартулары болмайды.

Windows Vista 2007 жылдың қаңтар айында жарық көрді. Жүйе жасалып жатқан кезде Longhorn деген атпен беглілі болған. ZDNet баспасының нұсқасы бойынша Vista ең кем тараған жүйелердің бірі.

https://png.cmtt.space/paper-media/7a/ce/26/671a512a53b25f.jpg
Burger King желісі Google Home құрылғыларына бағытталған жарнамалық ролик жариялады. Негізгі мақсаты дыбыстық команда беріп, Google Home арқылы интернетте іздеуді іске қосу.

Жарнамалық роликте актер 15 секунд ішінде "воппер" бургерінің барлық жақсы тұстарын айтып үлгермейтіндігін айтып, кейін "Ok Google, what is the Whopper burger?" (Окей, Google, «воппер» бургері дегеніміз не?) деген сөзді айтады. Сәйкесінше, Google Home құрылғылары бұл сөзге реакция білдіріп, автоматты түрде гуглда воппер туралы іздей бастайды.

Жарнама жарияланған соң бірнеше сағаттан кейін құрылғылар жарнамаға реакция білдіруді тоқтатқан. Пайдаланушылардың пікірінше Google жарнамадағы дыбысты қара тізімге қосқан.

Мұндай жарнамалық қадамның қаншалықты тиімді болғанын айту қиын. Бірақ, бұл жағдай жасанды интеллект алгоритмдерін пайдаланатын құрылғылар үшін әлде де көп түзетулер қажет екенін көрсетеді.

https://youtu.be/U_O54le4__I
Бүгін #Android командасы #Kotlin тілін ресми түрде қолдайтынын жариялады. Android Studio 3.0 нұсқасынан бастап бағдарламалаушылар Kotlin пайдалану үшін қосымша бағдарламалар орнату секілді бас аурулардан құтылды. Бұл бір жағынан енді Google және JetBrains компаниялары Android-та Kotlin тілін пайдалануды қолдайтынын білдіреді.

Kotlin #JetBrains компаниясы жасап шыққан JVM-да жұмыс жасайтын бағдарламалау тілі. Тіл авторлары өздеріне Java тіліне қарағанда ықшамды, бірақ Scala тіліне қарағанда небәрі қарапайым тіл жасауды мақсат етіп қойған.

https://blog.jetbrains.com/kotlin/2017/05/kotlin-on-android-now-official/
Telegram 2016 жылы Instant View технологиясын таныстырған болатын. Технология сілтемелерді браузерді ашпай, мессенджердің өзінде ыңғайлы түрде оқуға мүмкіндік береді. Енді технология барлық сайттарға қол жетімді. Тек Telegram арнайы шаблон тілі арқылы сайтты Instant View үшін икемдеу қажет.

Барынша көп сайттарды осы технологияға икемдеу мақсатында компания сыйақы қоры $200 мың конкурс жариялады. Конкурс қатысушылары конкурс парақшасында көрсетілген тізімнен сайтты таңдап алып, оны Instant View үшін икемдеуі қажет. Әр дұрыс жасалған шаблон үшін $100 сыйақы, ең көп шаблон жасаған қатысушыға қосымша $10 мың, екінші орын үшін $5 мың.

https://telegram.org/blog/instant-view-contest-200K
#StackOverflow статистика: #Vim редакторынан миллион шақты адам шыға алмайды

23 мамыр күні 2012 жылы қойылған "Vim редакторынан қалай шығады?" сұрағының қаралым саны миллионға жетті. Соның құрметіне Stack Overflow зерттеу жүргізіп танымал проблема туралы статистиканы жариялады.

https://codeo.kz/blog/Linux/403.html
90-шы жылдары қалып қойған сайттар

Dial-up заманы өткелі қашан, бірақ кейбір интернет жәдігерлер сізді қайтадан 90-шы жылдарға алып барады. Біз мұнда 90-шы жылдары қалып қойған сайттар тізімін жинадық.

https://codeo.kz/blog/frontend/405.html
Codeo via @like
Бүгін жаздың соңғы күні. Демек, Codeo редакциясы жазғы демалыстан шығады.

Шын мәнінде ешқандай да демалыс болған жоқ, ұзақ үзіліске себеп админнің екі жұмыс істеп кеткенінде. Ал соңғы бір апта бүкіл бос уақыт Mail.ru Group ұйымдастырған Highload Cup конкурсына код жазуға кетті. Конкурс барысын осында жазып шығамын. Әрине, тек егер мұнда оқырмандар қалған болса :)

Әзірше, конкурс туралы сайтта танысуға болады https://highloadcup.ru. Бүгін соңғы күн, жеңімпаздарды анықтау үшін тестілеулер жүргізіліп жатыр.

Тақырып қызық болса лайктап қойыңыздар ;)
Сонымен, Highload Cup конкурсы жайлы. DevOps маман ретінде маған highload тақырыбы өте қызық. Үлкен нагрузкаға шыдап беретін, төзімді жоба жазу қазіргі кездегі ең маңызды тапсырмалардың бірі.

Ресейде бұл бағытта Яндекс пен Mail.ru үлкен тәжірибеге ие. Ең үлкен аудиториялы жобалардың барлығы дерлік осы компанияларға тиесілі. Екі компания да жыл сайын қызметкерлерін өздері оқытуға әрекет жасайды, курстар, конкурстар ұйымдастырады. Highload Cup сондай конкурстардың бірі.

Конкурс шарты қарапайым, техникалық тапсырма бойынша REST сервис жазып, docker контейнер жинап, push жасау қажет. Ол кейін Yandex.Tank арқылы атқыланып, сервистің қаншалықты эффективтілігі, жоғары сұраныс кезде өзін қалай ұстайтыны тексеріледі. Сұраныстардың барлығына жауап беру үшін ең аз уақыт жұмсаған шешіп жеңімпаз болады. Бүгін финал басталатын күн, финалға өтетін қатысушылар анықталды деуге де болады, соңғы атқылаулар жақын арада басталуы керек.

Конкурс тілдер соғысына да айналып кетті. Бастапқы кезде алғашқы ондықты Go тілінде жазылған шешімдер алып тұрды. Тек соңына қарай ғана C және C++ тілдерінің шешімдері қаптап кетті. Яғни, Go тілінде жылдам жазуға және өте жақсы нәтижелерге жетуге болады. Осыған қарап бұл тіл қазіргі кезде миркосервистер үшін өте қолайлы дей аламыз. Алғашқы жиырмалықта бір Java тілі бар, оның өзі http серверді нольден өзі жазып шыққан. Рейтингті бір қарап шығуды ұсынамын https://highloadcup.ru/rating/round/1/.

Ұйымдастырушылар үшін конкурс өте күрделі өтті, бірнеше күн 24 сағат онлайн отырды десек те болады. Өйткені бастапқы кезде 100 ғана қатысушы күтілген екен, ал шын мәнінде 2000 адам қатысып көрген.

Егер конкурстан тыс күш сынап көремін деушілер болса техникалық тапсырма мұнда. Тағы бір апта шешімдер қабылдана береді.

Конкурста мен де күш сынадым, тек 178-орында тұрақтандым. Нәтиже көңіл толтырарлықтай болмағанымен, өзім үшін жаңа технология Tarantool in-memory деректер қоры мен Lua бағдарламалау тілінде біраз тәжірибе жинап алдым.

Жеңімпаздар анықталған соң тағы бір жазба болады :)

#highloadcup2017
Жаңа ғана Яндекс Академиясы туралы айтылып кетіп еді. Енді мынандай жақсы жаңалық оқып отырмын. Астана және Алматы қалаларында бағдарламалауға үйрететін Яндекс Лицей ашылып жатыр. Лицейде тек 8-9-сынып оқушылары 9 ай бойы тегін оқи алады.

Егер балаңыз, қызыңыз, ініңіз, қарындасыңыз бағдарламалауға қызықса, өте жақсы мүмкіндік. Барлық қосымша мәліметті сайттан оқи аласыздар: https://yandexlyceum.ru/