Codeo
220 subscribers
70 photos
5 videos
1 file
171 links
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Download Telegram
Сайт жасақтауда көптілдік көп қажеттілік етеді, әсересе біздің Қазақстанда. Сол көптілдік қасиетін сайтқа еңгізу жолдарыда көп. Осы мақалада Yii2 framework жасалған сайттың тілін қалай өзгертуге болатынын айтып өтпекшімін.

http://codeo.kz/blog/PHP/391.html
#Twitter құлдырауынан тағы бір жаңалық, компанияның қоластындағы #Fabric компаниясын #Google сатып алды. Fabric мобильді бағдарламалаушыларға құрал-жабдық жасаумен айналысады. Жасаған нәрселерінің ішінде #Crashlytics, #Answers, #Digits, #FastLane секілді құралдарды атап өтуге болады. Қазіргі кезде Fabric 2.5 миллион құрылғы мен 580 мың бағдарламалаушыға қызмет көрсетуде. Fabric компаниясы үшін шын мәнінде ештеңе өзгермейді. Google компанияны дәл қазіргі бағытта дамытуға ықпалды екенін атап өтті.


Бұған дейін Twitter Vine видесервисін жауып, 9% қызметкерлерін қысқартқан болатын. Компания барынша шығындарды азайтуға тырысуда.

https://techcrunch.com/2017/01/18/google-twitter-fabric/
Яндекс пернетақта қазақ тілін қосты. Пернетақтаның артықшылығы қазақ әріптері жеке батырмаларда.

https://play.google.com/store/apps/details?id=ru.yandex.androidkeyboard
Google Android жүйесі нұсқаларының үлестерін көрсетті.

Android 7 Nougat нұсқасында құрылғылардың өте аз бөлігі 1,2% ғана жұмыс істейді. Құрылғылардың көп бөлігі әлі KitKat және одан жоғары нұсқаларда
Facebook ақыры "ұнамайды" батырмасын іске қосуды тестілеп жатыр. Бірақ, әрине, сіз күткен жерде емес. Тек қана жеке хаттарда. Енді жеке хаттарға, мақалаларға секілді әр түрлі emojii арқылы реакция білдіруге болады. Сол emojii-лардың ішінде "ұнамайды" батырмасы бар.

https://goo.gl/G0GDRK
#Google қауіпсіздік ақауын тапқандар үшін берілетін сыйақыны 50%-ға көтерді ал #Microsoft болса сыйақысын екі еселеді. Яғни, егер енді Microsoft өнімдерінен ақау тапсаңыз $15,000 орнына $30,000, ал Google өнімдерінен тапсаңыз $20,000 орнына $31,337 сыйақы аласыз.

Қауіпсіздік ақаулары үшін сыйақы төлеу соңғы жылдары ірі компанияларда өте кеңінен қолданылуда. Сәйкесінше мұндай науқандарға қатысатын хакерлер мен ізенімпаздардың саны да жылдан жылға артып келеді. Бірақ, әрине, кез-келген ақауға берілетін баға жоғарыдағыдай емес, әр ақау категорияға жатқызылып, қауіптілік деңгейіне қарай сыйақы беріледі.

https://goo.gl/9iwOrC
#Mozilla компаниясы #Firefox браузерінің 52-нұсқасын шығарды. Ең басты өзгеріс #WebAssembly бағдарламалау тілін қолдауы.

#WebAssembly (wasm) — төмен деңгейлі бағдарламалау тілі, соңғы онжылдықтағы веб-платформалардағы ең басты инновация болуы мүмкін. Бұл көптен бері JavaScript-ке жетпей жүрген нәрсе.

http://codeo.kz/blog/firefox/398.html
test.gif
20.2 MB
#Telegram мессенджерінің жаңа нұсқасында қоңырау шалу мүмкіндігі пайда болды. Құпия чаттарда да қоңырау шалуға мүмкіндік бар және трафик қорғалған болады.
Интернет пайдаланушылары арасында #Android жүйесі #Windows жүйесін басып озды. #StatCounter компаниясы жасаған зерттеу бойынша 37,93% пайдаланушылар интернетке Android жүйесі арқылы қосылған, ал Windows пайдаланушылары 37,91%. Бұл тағы бір рет мобильді пайдаланушылар санының артып келе жатқанының көрсеткіші.

https://goo.gl/WyYUXX
#Microsoft #CodePlex open-source бағдарламалар репозиторийын өшіретінін жариялады. Барлық пайдаланушыларға #GitHub-қа өту ұсынылып жатыр.

2006 жылы іске қосылған бұл сайт, open-source әлеміндегі жаңа қадам болатын. Өйткені, ол жерде кез-келген бағдарламашы жобасының репозиториін ашып, басқалармен бөлісе алатын еді. Бірақ, Microsoft айтуы бойынша жоба ақырындап ақырына жақындап келеді. Соңғы 30 күн ішінде 350 жобаға ғана коммит жасалған. Қазіргі кезде, GitHub open-source жобалар үшін де факто орынға айналып, осы бағыттағы ең басты ойыншы екенін де дәлелдеді.

GitHub немесе басқа жерге ауысу үшін пайдаланушыларға толығымен жағдай жасалған. Уақыт та жеткілікті, сайт осы 15 желтоқсан күні өшіріледі.

https://goo.gl/8UKVRz
Google мобильді сайт жасаушыларын сертификациялау бағдарламасын іске қосты. Экзамен сұрақтары неліктен мобильді сайттар маңызды, мобильді сайт жылдамдығын қалай арттыруға болады, жетік UX дизайн және прогрессивті веб бағдарламалар деген секілді тақырыптарды қамтиды.

https://techcrunch.com/2017/04/03/google-launches-new-certification-program-for-mobile-site-developers/
Mastodon.social — Twitter желісінің опенсорс-клоны. 140 символдық шектеу орнына, шектеу 500 символ. Ең бастысы децентрализацияланған. Яғни, кім қаласа өзіне сервистің жеке нодасын көтеріп ала алады.

Қазіргі кезде Mastodon пайдаланушылар саны 41 мыңнан асып кетті. Сервис пайдаланушылары өте тез артып келеді, соған байланысты да уақытша тіркелу жабық. Өйткені серверге ауыртпалық соңғы 48 сағат ішінде 73%-ға артып кеткен.

#Mastodon

https://mastodon.social/about
Соңғы кездері жұрт CSS grid деп көп шулап кетті. Өзім "осының әзір керегі жоқ" деп қарамай жүргем, бірақ сіздер маған қарамай мына ойынды ойнау арқылы үйреніп алсаңдар болады. Бұйырса 1-2 жылдан кейін версткаңызда қолдана аласыз :мырс-мырс: http://cssgridgarden.com/
#Google эксперимент ретінде пайдаланушының салған суретін жақсартатын, жасанды интелект алгоритмдері негізінде жұмыс жасайтын графикалық редакторды іске қосты. #AutoDraw пайдаланушының қандай сурет салғанын тауып, басқа өзінің жетік суретін ұсынады.

Сервис AI Experiments жобасы аясында жасалған. Бұл жобаны 2016 жылдың күзінде Google бастаған болатын.

https://www.autodraw.com/
#Delphi бағдарламалау ортасында Drag&Drop технологиясын код жүзінде іске асыру

Қазіргі кезде бағдарламалардың қолданушы интерфейсін жасау кезінде Drag&Drop технологиясы кенінен қолданылады. Delphi ортасында ондай мүмкіндік бар, бірақ оның кенінен ойластырылмағаны және шикілігі мені осы мақаланы жазуға итермеледі.

https://codeo.kz/blog/delphi/400.html
#Microsoft 11 сәуірден бастап #Vista жүйесін қолдауды тоқтатты. Пайдаланушылар жүйені пайдалана беруіне болады, бірақ олар Microsoft-тан жаңартулар ала алмайды. Яғни, бұл жүйеде жаңадан түзетулер мен қауіпсіздік жаңартулары болмайды.

Windows Vista 2007 жылдың қаңтар айында жарық көрді. Жүйе жасалып жатқан кезде Longhorn деген атпен беглілі болған. ZDNet баспасының нұсқасы бойынша Vista ең кем тараған жүйелердің бірі.

https://png.cmtt.space/paper-media/7a/ce/26/671a512a53b25f.jpg
Burger King желісі Google Home құрылғыларына бағытталған жарнамалық ролик жариялады. Негізгі мақсаты дыбыстық команда беріп, Google Home арқылы интернетте іздеуді іске қосу.

Жарнамалық роликте актер 15 секунд ішінде "воппер" бургерінің барлық жақсы тұстарын айтып үлгермейтіндігін айтып, кейін "Ok Google, what is the Whopper burger?" (Окей, Google, «воппер» бургері дегеніміз не?) деген сөзді айтады. Сәйкесінше, Google Home құрылғылары бұл сөзге реакция білдіріп, автоматты түрде гуглда воппер туралы іздей бастайды.

Жарнама жарияланған соң бірнеше сағаттан кейін құрылғылар жарнамаға реакция білдіруді тоқтатқан. Пайдаланушылардың пікірінше Google жарнамадағы дыбысты қара тізімге қосқан.

Мұндай жарнамалық қадамның қаншалықты тиімді болғанын айту қиын. Бірақ, бұл жағдай жасанды интеллект алгоритмдерін пайдаланатын құрылғылар үшін әлде де көп түзетулер қажет екенін көрсетеді.

https://youtu.be/U_O54le4__I