Codeo
220 subscribers
70 photos
5 videos
1 file
171 links
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Download Telegram
Channel created
Channel photo updated
Channel name was changed to «Codeo»
Каналдың алғашқы постын, каналдың ашылуына түрткі болған, telegra.ph ресурсы туралы жаңалықтан бастамақпын. Телеграмның қосылған жаңа мүмкіндіктері ешкімді бей-жай қалдырмайды деген үміттемін ;)
Егер де канал туралы ұсыныстар, ескертулер, пікірлеріңіз болса, менің жекеме жаза аласыздар @skythet.

http://telegra.ph/%D2%9A%D0%B0%D1%80%D1%81%D1%8B-%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%A3%D1%8B%D0%B7%D0%B4%D0%B0%D1%80-telegraph-11-23-2
Қытайдың ірі туроператоры Ctrip, авиобилеттер іздеуге арналған Skyscanner іздеу жүйесін сатып алып жатыр, бағасы $1,7 млрд. 2001 жылы негізі салынған Skysсanner, ең ірі билет іздеу жүйелерінің бірі. Оны ай сайын 60 млн адам пайдаланады екен. Осы сатып алу нәтижесінде Ctrip әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік алады, ал Skysсanner жаңа иесінің технологияларын пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
https://vc.ru/n/ctrip-skyscanner-deal?from=rss
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
5 желтоқсан күні Boston Dynamics негізін салушысы және техникалық директоры Марк Райберт жасап жатқан жаңа роботтары туралы TechCrunch Disrupt іс-шарасында айтып беретін болады.
Ubuntu жүйесінің келесі нұсқаларын шығару жоспары жарияланды. «Zesty Zapus» деп аталатын 17.04 нұсқасын 13 сәуір күні шығару жоспарлануда. Бірінші Alpha 1 нұсқасы 29 қыркүйек күні, Beta 1 нұсқасы 23 ақпан, Release Candidate нұсқасы 6 сәуір күні шығарылады. Және егер барлығы жоспар бойынша жүрсе толыққанды нұсқа жоғарыда аталғанындай 13 сәуір күні шығарылады.

#Ubuntu #ZestyZapus
Samsung компаниясында үлкен өзгерістер болуы мүмкін. Компанияның ауқымды акциясына ие Ли отбасысының мұрагері Samsung Electronics бөлімін екіге бөлуді ұсынды. Яғни, мобильдік өнімдер шығаратын бөлімді жеке құрылымға шығару.

Қазіргі кезде Samsung Electronics LCD панельдер, DVD плеерлер, ұялы телефондар, компьютерлер мен телефондарға арналған жад модульдерін шығарумен айналысады. Әрине, ең үлкен пайданы ұялы телефон шығаратын бөлімдер табады.

Ал екі бөлікке бөлу Ли отбасысының ұялы телефонды шығарудағы билігін күшейте түседі, компанияның акциялық құны көтеріледі.

http://venturebeat.com/2016/11/27/samsung-electronics-reportedly-considering-splitting-up-business/
"ВКонтакте" 25 қарашадан бастап аудиожарнамаларды тексеруді бастады. Әлеуметтік желі алғашында аудиожарнаманы тек кейбір пайдаланушыларда тексермек. Сондықтан, аудиожарнаманы қазір әлеуметтік желіде кездестіріп қалу ықтималдығы өте төмен. Жарнамалық аудиоролик музыка біткен соң ойналады. Ондай жарнамаларды кімдер бере алатындығы және жарнамаларды тек нақты композицияларға байлау мүмкіндігі болатыны не болмайтыны туралы мәліметтер жоқ.

Тестілеу тек веб нұсқада жүргізіліп жатыр. Жарнаманың барлық пайдаланушылар үшін қашан іске қосылатыны әлі айтылған жоқ.

Қазан айында әлеуметтік желінің пайдаланушысы музыка плеерінің кодында жарнамаға арналған код тапқанын жариялаған болатын. Кейіннен ол мәлімет расталып, енді толыққанды іске қосылуға әрекеттер жасалынып жатыр. Сол кезде зерттеушілер МТС, McDonald's, Adidas және тағы да басқа брендтердің жарнамаларын тыңдай алған болатын.

Дереккөз: https://vc.ru/n/vk-audioads-start?from=rss

#vkontakte #вконтакте
Microsoft өзінің Шайендегі мәлімет-орталығы жел энергиясын пайдалануға ауысатынын хабарлады

Қазіргі кезде көптеген телекоммуникациялық компаниялар альтернативті энергия көздерін пайдалануға әрекет жасауда. Бұл жолы Microsoft өзінің Шайендегі (АҚШ, Вайоминг штаты) мәлімет-орталығын желэлектростанциясынан алынатын энергияны пайдалануға ауыстыруға шешім қабылдады.

http://codeo.kz/blog/microsoft/386.html
Facebook өзінің месенджерінің негізінде Instant Games платформасын іске қосып жатыр. Қазірдің өзінде 17 ойын бар: Pac-Man, Galaga, Space Invaders, Arkanoid, Everwing, Words With Friends және тағы басқалар. Ойындар HTML5 көмегімен жазылады. Ойындар мессенджердің веб нұсқасында да мобильді нұсқада да қолжетімді болмақ.

https://www.youtube.com/watch?v=WKQYMCLitV0
30 қараша - Халықаралық ақпарат қорғау күні.

Бүл күн жайдан жай таңдап алынбаған. 1988 жылы осы күні ең алғашқы кибершабуыл жасалған. Корнель университетінің (АҚШ) студенті Роберт Моррис (Robert Morris) жазған желілік құрттар осы күні ARPANET желісінің 6 мың торабын жұмыс істемейтіндей күйге әкелген болатын. Кейінірек бұл вирус "Моррис құрты" деген атау алды. Ал пайдаланушылар болса алғаш рет ақпараттарды қорғау туралы шындап ойлана бастады. Ақпаратты қорғаудың маңыздылығына назар аудару үшін есептеу техникасы ассоцияциясы (Association for Computing Machinery) Халықаралық ақпарат қорғау күнін белгіледі.

(иллюстрация securitylab.ru сайтынан алынды)
#YouTube Ресейдегі жұмысын тоқтатуы мүмкін

Егер Ресей мемлекеттік думасы онлайн-кинотеатрлар қызметін шектейтін заңды қабылдайтын болса YouTube Ресейден кетуіне тура келеді. Заң негізінен онлайн-кинотеатрларға бағытталғанымен, заң аясына YouTube-да кіріп кетеді. YouTube-да әуесқой және проффессионалдық видеоларды салу мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде оларды бір-бірінен бөлу мүмкін емес. Сондықтан да YouTube Ресейде қалуы үшін өзгерістер енгізуі керек болады. Бірақ, YouTube қандай қадамға баратыны белгісіз, яғни, мүлдем Ресейдегі қызметін тоқтатуы мүмкін.

http://www.securitylab.ru/news/484602.php