Codeo
220 subscribers
70 photos
5 videos
1 file
171 links
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Download Telegram
GoPro $650 млн қаржыны үнемдеу мақсатында 200 жұмыс орнын босатады. Серіктестермен жұмыс жасап әр-түрлі қызықты контент түсіретін бөлімдердің барлықтары жабылады, өндіріс қысқартылып жұмысшылардың 15% босатылады. GoPro әкімшілігінің есептеуінше мұндай қадамдар компанияның 2017 жылды табыспен аяқтауына мүмкіндік береді.

Компания 2016 жылдың үшінші тоқсанын $104 млн шығынмен аяқтады (https://vc.ru/n/gopro-3q16), мысалы, 2015 жылы үшінші тоқсанын $18,8 млн пайдамен аяқтаған болатын. Онымен қоса қарашада сатуға шығарылған Karma дрондарын 16 күн өткен соң кері қайтарып (https://vc.ru/n/gopro-karma-recall) алды.

http://investor.gopro.com/press-releases/press-release-details/2016/Solid-Holiday-Demand-In-The-US-For-GoPro-HERO5/default.aspx
Amazon мәліметтер-орталықтарынан "бұлттарға" ақпарат таситын жүк көліктерін таныстырды. Сөйлем қаншалықты күлкілі көрінгенімен, ол шындық. AWS Snowmobile деп ат қойылған жоба бойынша мәлімет-орталықтары арасында 100 петабайт мәлімет таси алатын жүк көліктері шығарылмақ. Мәліметтер көліктің қорғалған кузовында (ұзындығы 13 метр, биіктігі 3 метр) сақталады. Көлік мәлімет-орталығына жаңа қатқыл диск ретінде қосылып, секундына бір терабит жылдамдықпен мәлімет көшіре алады.

Бір көліктің жұмыс жасауы үшін 350 кВт қуат керек. Қажет жағдайда, Amazon генераторлар және күзетшілермен қамтамасыз ете алады. Тапсырыс беруші бірден бірнеше көлік шақыра алады. Компания, жаңа қызмет кеңінен қолданылады деп күтуде, өйткені көптеген компаниялар Amazon Web Services бұлттарына өтуге ниет білдірген. Қызмет ақысы әлі айтылған жоқ, Amazon әр жағдайды жекелей бағалайтын көрінеді.

https://youtu.be/8vQmTZTq7nw
"ВКонтакте" өзінің мессенджерін бета-тестілеуді бастады. Әзірше клиенттері тек macOS және Windows жүйелері үшін бар. Қашан толығымен іске қосылатыны белгісіз: https://vk.com/messenger
Nokia 2017 жылы смартфондар нарығына Android-та жұмыс істейтін құрылғылармен қайта оралады. Ресми сайтта 2017 жылы таныстырылатын смартфондарға арнайы бөлім де ашылған http://www.nokia.com/en_int/phones. Құрылғыларды шығарумен HMD Global айналысады. Осы компания Microsoft-тан телефон шығаратын бөлім мен брендке құқықты сатып алған болатын.
https://vc.ru/n/nokia-android-smartphone-2017?from=rss
Trbble - алдымен музыканың ең жақсы жерін тыңдауға ұсынатын сервис. Сервис көмегімен музыканың кез-келген бөлігін ұнады деп көрсетіп оны бөлісуге болады.
https://goo.gl/946YxG
Алтыншы желтоқсаннан бастап Oculus Rift виртуалды шындық бас киіміне арналған Oculus Touch геймпадтары сатуға шығарылады. Бағасы - 200 доллар. Геймпадтар пайдаланушы қолының қимылдауын бақылауға арналған. Ол өз кезегінде виртуалды шындықта ойнау мүмкіндіктерін арттырады.

Сатудың басталуына байланысты компания геймпадты пайдаланып ойналған ойындар туралы видеороликтер шығарды:
https://youtu.be/yJWzngJ_DjE
Apple карталарын дрондар арқылы толықтырмақ. Apple карталары қазірдің өзінде жеткілікті дәрежеде сапалы, тек дрондар арқылы көптеген объектілердің орналасуы нақтыланады. Корпорация дрондарды пайдалану үшін АҚШ-тың азаматтық авиацияны басқару ұйымынан рұқсат алып үлгерген. Карталарды нақтылауда DJI, Aibotix және тағы да басқа компаниялардың дрондары пайдаланылады.
https://geektimes.ru/post/283304/
Бағдарламалау тілдері тарихы: Delphi - жай бағдарламалау тілі ғана емес

Delphi дегенде бірінші кезекте Borland фирмасы жасаған Object Pascal тілінің негізінде бағдарламалар жазатын орта елестейді. Ол тіл Turbo Pascal тілінің мұрагері, ал Turbo Pascal болса 1970 жылы Никлаус Вирт шығарған Pascal тілінен бастау алады.

#Delphi #TurboPascal #Pascal #Lazarus

http://codeo.kz/blog/delphi/388.html
Google компаниясы Chrome браузерінің жаңа нұсқасын шығарды. Бұл нұсқада оперативті жадты үнемді пайдалануға көп жұмыс жасалып, ендігі кезде жад пайдаланылуы 30%-ға қысқарған.

Мысалы, ауа-райы болжамдарының сайты Weather.com браузерде алдын 340 Мб жад пайдаланса, енді 250 Мб пайдаланады. Reddit.com сайтының басты беті 160 Мб-тан 110 Мб-қа дейін қысқарған.

https://geektimes.ru/post/283336/
Microsoft, Twitter, Facebook және Youtube бірігіп террористтік контент мәліметтер қорын құрмақшы. Ірі желілердің пікірінше бұл террористтік әрекетке пропаганда жасау контенттерінің тез арада интернеттен жойылуына септігін тигізеді.

http://www.theverge.com/platform/amp/2016/12/5/13849570/facebook-microsoft-twitter-google-terrorist-content-database
"Веб-стандарттар" продкастын білмейтіндер аз шығар, сонда-да, білмейтіндеріңіз болса, таныстыра кетейін. Фронт-эндке арналған подкаст. Соңғы аптада фронт-энд тақырыбында жарияланған жаңалықтар мен мақалаларды талқыланады. Әр дүйсенбі сайын шығып отырады. Мынау соңғы, 45-ші шығарылымы.
https://soundcloud.com/web-standards/episode-45
The Web, Worldwide – әр елдің интернет пайдалануы жөнінде қызықты статистикалар. Қолданушылар саны, қолжетімділігі, бағасы, жылдамдығы және т.б.
https://www.webworldwide.io/country/kazakhstan
Амазон компаниясы кеше Сиэтлда жаңа типтегі Amazon GO дүкенін ашты. Қарапайым дүкендерден ерекшелігі, ешқандай да касса және сатушылар жоқ. Барлық сиқыр дүкенге кірерде басталады, пайдаланушы Amazon бағдарламасын пайдалана отырып дүкенге кірерде авторизация жасайды (штрих код арқылы), одан кейін бағдарлама пайдаланушы дүкеннен не алғанын бақылап, шығар кезде Amazon әмианыңыздан ақша алып қалады. Сатып алушы қандай тауарлар алғандығы RFID-таңбалар және видеокамералар арқылы бақыланып отырады. Яғни, кіресіз, тауарды аласыз және шығасыз, ешқандай сатушы, касса, кезекке тұру жоқ.

Қазірше магазин бета-тестілеу режимінде және тек қана Amazon қызметкерлері үшін ғана жұмыс жасайды.

#Amazon #AmazonGO

https://youtu.be/NrmMk1Myrxc
Тағы бір подкастты таныстыра кетейік.
RadioJS – JavaScript және оның айналасындағы тақырыптарды, жаңалықтарды жеткізуге, талқылауға арналған. Шығу жиілігі, кейде ай сайын шығады, кейде екі-үш айлап шықпай қалады. Қысқасы, қарсы алыңыздар, су жаңа RadioJS #43 шығарылымы
https://radiojs.ru/2016/12/radiojs-43/
Танымал фотохостинг #Flickr 2016 жылдың статистикасымен бөлісті. Жүктелген суреттердің жартысынан көбі #iPhone телефонына түсірілген. Ең кең тараған камералар тізімінде #Apple сегізінші орында.
#Adblock неміс компаниясы Spiegel Online түсірген шағым бойынша басталған сотта жеңіп шықты. Демек adblock және соған ұқсас бағдарламалар жұмысын еш тосқауылсыз жалғастыра бермек.
Инстаграмда бүгіннен бастап тікелей эфир жасау мүмкіндігі іске қосылады. Бастапқыда тек АҚШ азаматтары үшін қолжетімді болатын мүмкіндік, осы аптада барлық пайдаланулар үшін де қосылуы керек.

http://mashable.com/2016/12/12/instagram-live-video-available.amp