Codeo
221 subscribers
70 photos
5 videos
1 file
171 links
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Download Telegram
Осыдан он жыл бұрын Google Chrome браузері жарық көрген еді. Компания блогында браузер туралы мақала 39 беттен тұратын комикспен бірге шығарылған. Ол жерде браузерге деген жаңа көзқарас деген тақырыпта әңгіме жүргізілген.

Браузер адамдар Internet Explorer-ден қашып Firefox-қа өтіп жатқан кезде шығарылды және аз уақыт ішінде көпшіліктің көзіне түсті, қазіргі кезде ең кең тараған браузерлердің бірі.

https://googleblog.blogspot.com/2008/09/fresh-take-on-browser.html
Facebook Азияда дата-центр құру үшін $1 млрд қаржы жұмсамақ. Құрылыс жұмыстарын 2022 жылға аяқтау көзделген. Объект Сингапурда Google соғып жатқан дата-центр қасында тұрғызылады, ал ауданы 170 мың квадрат метр болады.

Әлеуметтік желінің мұндай датацентрлері АҚШ, Ирландия, Дания және Швеция елдерінде бар.
Бүгін жылдың 256 күні. 2-нің сегіз дәрежесіне сәйкес келетін бұл күн "программисттер күні" деп аталады.

Құтты болсын, кодерлер!
GitHub өз блогында Open Source қозғалысын дамытуды мақсат етіп алған кезекті Hacktoberfest шарасына анонс жариялады. Бесінші рет өткізілетін бұл шара Open Source әлеміне жаңа адамдарды шақыруға арналған. Шара шарты бойынша белгіленген уақытта (1-31 қазан) алғаш болып 5 сәтті pull request жасаған 50 мың адам арнайы футболкалармен марапатталады.

Өткен жылы бұл шараға 119 елден 30 мыңдай адам қатысқан. Олар барлығы 250 мыңдай pull request жасаған.

Open Source-мен жаңадан танысып жатқандар үшін GitHub-тың арнайы нұсқаулығы бар (бірнеше күнде codeo-да аудармасы жарияланады)
https://opensource.guide/how-to-contribute/
_______
pull request - жобаға өзгерту енгізуге сұраныс. Көбінесе open source жобаларда қолданылады.
Қазақстанда барлық анонимді төлемдер мен киви-әмиандарға тиым салынуы мүмкін. Мәжілістегі шенділердің айтуы бойынша бұндай қадам есірткі таралуына тосқауыл қою үшін жасалады. Қасымов мырзаның айтуынша анонимді төлемдер есірткімен күрес жолында ең үлкен тосқауыл дейді:

"Олар [есірткі сатушылар] Телеграм арқылы есірткіні қай жерге тастайтынын жазып, кейін таратып жүреді. Егер біз оны анықтасақ та ешқашан сатушыны ұстай алмаймыз, тек қана сатып алушыны ғана. Бұл толыққанды күрес емес"

http://www.zakon.kz/4938866-anonimnye-platezhi-v-kazahstane-mogut.html
Google 20 жаста!

Қазір гугл 190 елде бар және 150 тілді қолдайды. Атаулы күнге байланысты компания гуглда ең көп сұралатын сұрақтар туралы видеоролик жасапты:
https://youtu.be/k0ic0yzAkcw
Кенет Яндекс өзінің бәсекелесін мерейтойымен құттықтады.

Яндекс негізі гуглдан бір жас үлкен және 2003 жылы гугл оны $130 млн-ға сатып алуға әрекет те жасап көрген.
Sublime Text редакторының авторлары Sublime Merge деп аталатын Git клиентін таныстырды. Интерфейсі Sublime ұқсайтын жаңа құрал коммит жасауға, тармақтарды біріктіруге, өзгертулерді қарауға мүмкіндік береді.

https://www.sublimemerge.com/
Илон Маск Тесла директорлар кеңесі төрағасы лауазымынан кетеді. Бірақ CEO болып қала береді. Бұған басты себеп 7 тамыз күнгі Масктың твиті. Ол твитта Маск компанияның барлық акцияларын сатып алып жекешелендіре алатынын жариялаған болатын, оған ақша беретін инвестор да дайын деген еді. Осыдан соң Тесла акциялар бағасы бірден жоғарылап кетті. Енді SEC деп аталатын ұйым Маскты акция бағаларын көтеру үшін әдейі айла жасады деп айыптып, сотқа шағымданды.

Маск 45 күннің ішінде төрағалықтан кетеді және үш жыл ішінде бұл орынға үміткер бола алмайды. Сонымен қатар айыппұл ретінде $20 млн төлейді.
Гуглдың 20 жылдығы аясында Stackoverflow сайтының 10 жылдығы елеусіз қалып қойыпты. Егер программисттің оң қолы гугл болса сол қолы Stackoverflow.

https://www.youtube.com/watch?v=QwS1r1mc888
"We are shutting down Google+ for consumers."

Google компаниясы жартылай тірі Google+ әлеуметтік желісін жабатынын жариялады. Сервис тек корпоратив клиенттерге ғана қолжетімді болады. Пайдаланушылардың мәліметтерін алып кетуге 10 ай уақыт бар.

Әлеуметтік желі ешқалай кең таралмаған еді. Тек 10% пайдаланушылар ғана желіден 5 секундтан көп уақыт өткізеді екен. Ал соңғы кездегі қауіпсіздік инциденті барлық сұрақтарға нүкте қойған көрінеді.
Google өзінің Chromebook ноутбугін HBO телеканалымен біріге отырып жарнамалады. Жарнамалық роликте атақты "Тақтар ойыны" сериалының зұлым кейіпкерлері Chromebook-тағы бағдарламаларды пайдалана отырып болашақ жорықтарына презентация дайындайды. Осындай әдіспен Chromebook-та орнатылған Evernote, Adobe Photoshop Lightroom CC, Google Sheets және Google Slides бағдарламаларын пайдалану ыңғайлы екені көрсетілген.

https://www.youtube.com/watch?v=-nwNnAFlcYk
"Өтірік эпидемиясы"

Қазіргі кезде ватсап, инстаграм секілді желілерде өтірік мәліметтер таралуын ролик авторы Арман Сапиолда осылай атапты. Роликте мәліметтерді оңды-солды тарата бермей алдымен кішігірім фактчекинг жасау керектігі айтылған, көптеген мысалдар да келтірілген. Егер ватсапта пайдалы нәрсемен бөліскіңіз келсе, осы видеомен оңды-солды бөлісіңіз :)

https://www.youtube.com/watch?v=Liy7uiUF7SY
OpenSource әлемінің бір алыбы RedHat компаниясы IBM тарапынан сатып алынады. Сатып алу құны $34 млрд болып, IBM тарихындағы ең ірі сатып алу болмақ. Корпорация директоры Джин Рометтидің айтуы бойынша бұл IBM компаниясының гибридті бұлттық технологиялар нарығында лидер болуына септігін тигізбек.

RedHat барлық өнімдерін ашық код негізінде жасайтын комерциялық компания және OpenSource үшін үлесі көп. Сондықтан да бұл жаңалық RedHat фанаттарын ойландырып қойды. Көпшілік пікір білдірушілер бұрынғы Oracle компаниясының Sun компаниясын сатып алғанын еске алып жатыр.

https://www.businessinsider.com/ibm-is-reportedly-nearing-a-deal-to-acquire-redhat-the-software-company-valued-at-20-billion-2018-10
IBM мен RedHat туралы жаңалықта "гибридті бұлттық технологиялар" деген термин қолданылды. Біз мақалаларымызда осы секілді ағылшыншадан немесе орысшадан аударылған терминдер қолданып отырамыз. Бүгіннен бастап осындай терминдерге #анықтама хештегімен түсіндірмелер жарияланып отырады. Егер сізді қандай да бір термин қызықтырса ол туралы канал админіне жазуларыңызға болады.

Гибридті бұлттық технологияны айтпас бұрын "бұлттық технологиялар" не екенін айта кеткен дұрыс болар:

Бұлттық технологиялар - компьютерлік ресурстар пайдаланушыға онлайн сервис ретінде берілетін технологиялар. Ең басты артықшылығы - клиент инфраструктураға бас ауыртпайда. Жалпақ тілмен айтсақ, жалға берілетін, үлкен дата-центрдің құрамында болатын компьютерлер. Клиент компьютерді (ресурсты) жалға алады да, қашықтықтан қосылу арқылы қажетіне пайдалана береді. Әдетте мұндай сервистерде ақы сағат бойынша алынады. Яғни, тек кей кезде керек ресурстар үшін өте ыңғайлы.

Гибридті бұлттық технологиялар - ресурстардың бір бөлігі клиенттің өзінде болып, бір бөлік ресурстар бұлттық сервистерден алынады. Бұлттық технологиялар ыңғайлы болғанымен, кейбір компанияларға мәліметтерге қол жеткізуге жылдамдық маңызды немесе қауіпсіздік мәселесі үшін де олар кей мәліметтерді өз ресурстарында ұстайды. Ал қажет болып жатқан ресурстарды бұлттық сервистер арқылы пайдаланады, көбінесе компанияның жеке және бұлттық ресурстары бір жабық желіге біріктіріледі.

#анықтама
#SpotMini - төрт аяқты автономды көмекші робот. Жаппай өндіріс 2019 жылы басталады. Робот - жеткізіп беру, қарауылдық, үй шаруышалығында адамға көмектесу қызметтерін атқара алады. Қызметін атқаруға үстіндегі "қол" көмектеседі (иә, ол басы емес).
Telegra.ph Қазақстанда бұғатталды. АКМ айтуы бойынша, ресурста экстремисттік тақырыптағы материал табылыпты мыс.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сайтқа кіріп жарнаманы жабу батырмасын басқанда басқа сайтқа лақтыратын кездері болды ма? Мұндай алдамшы жарнамалар кей сайттарда өте көп. Енді желтоқсан айында шығатын Chrome браузерінің 71 нұсқасы осындай алдамшы жарнамасы бар сайттағы барлық жарнаманы бұғаттайды. Ал сайт жасаушылар өз сайттарын Ad Experience Report деген құрал арқылы тексеріп көре алады.

Келесі жағдайларда жарнама алдамшы деп есептеледі:
- өтірік жабу батырмасы бар жарнама блоктары, батырманы басқан кезде басқа сілтеме немесе мүлдем басқа жарнама ашылуы мүмкін;
- пайдаланушына алдап шертуге мәжбүрлейтін жарнама, мысалы, жарнама кейбір формаларды көшіруі мүмкін, сіз оны толыру керек екен деп байқаусызда шертіп қаласыз;
- бағдарлама орнатуды ұсынатын жарнама блоктары;
- зиянды бағдарламаларды жарнамалайтын блоктар немесе сілтемелер.

Мұндай әдістер көбінесе фишинг шабуыл кезінде пайдаланылады.

https://blog.chromium.org/2018/11/further-protections-from-harmful-ad.html