Codeo
220 subscribers
70 photos
5 videos
1 file
171 links
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Download Telegram
Codeo pinned «DNS ақауларына байланысты (менің пайымдауымша) кей қолданушыларда мына прокси істемей тұрған көрінеді. Егер солай болса мына сілтемені қосып алыңыз: https://t.me/proxy?server=mtproto5.codeo.kz&port=9443&secret=06e11cbe76fa1fddb49ad9fb6c775336»
YouTube барлық канал иелеріне өткізіп жіберуге болмайтын жарнама қосу мүмкіндігін берді. Алдын мұндай мүмкіндік тек санаулы және таңдаулы ғана серіктестер үшін арналған болатын. Қазір YouTube Partners бағдарламасының қатысушыларының барлығы жаңа мүмкіндікті пайдалана алады. Осылайша Google өзінің жарнамадан түсетін табысын едәуір арттырып алғысы келетін көрінеді. Ескі жарнама беру тәсілінде 5 секундтан соң жарнаманы өткізіп жібере алатын едіңіз (Skip Ad) енді жарнаманы толық қарауға мәжбүр боласыз. Бірақ канал иелері жаңа жарнама форматын өшіре алады.

https://www.youtube.com/watch?v=bH4twWUw2OI
Жапония алдағы он жыл ішінде ұшатын көліктерді қолданысқа енгізбекші. Ол үшін 21 компания және ұйымдармен байланыс орнатылады екен. Олардың қатарындағы ең ірілері: Uber, Boeing, Airbus, Cartivator және Japan Airlines.

Жапония үкіметі ұшатын көліктердің кең тарауына ең басты проблемалардың бірі - көлік қозғалысын реттеу мәселелерін шешумен айналыспақ.

https://hi-news.ru/auto/yaponiya-obedinyaetsya-s-uber-boeing-i-airbus-dlya-sozdaniya-letayushhix-avtomobilej-v-techenie-desyati-let.html
Google "цифрлық этикет" тақырыбын дамытып келеді. Енді YouTube қосымшасында видеороликтерді қарауға кеткен уақытыңыз есептеліп отырады, ара-арасында үзіліс жасауды кеңес беріп тұрады. Және де баптаулар бөлімінде "тыныштық сағаты" баптауы пайда болды, яғни, көрсетілген уақыт аралығында сізге жаңа видеолар туралы ескертпелер келмейді.
"Яндекс.Видео"-ға Ресейде бұғатталу қауіпі төніп тұр. Шыж-быждың басында, әдеттекідей, Роскомнадзор. Ұйым Яндекстен көптеген телеканал видеоларына сілтемені өшіруді талап етіп жатыр. Ал Яндекс бұл талаптың негізсіз екенін, Роскомнадзор ондай талаптарды сайт иелеріне қою керек деп бүгін жариялаған болатын. Енді іздеу жүйесі дөкейдің талабын орындамаса 30 тамыз күні кешке бұғатталып басталуы әбден мүмкін.
Осыдан он жыл бұрын Google Chrome браузері жарық көрген еді. Компания блогында браузер туралы мақала 39 беттен тұратын комикспен бірге шығарылған. Ол жерде браузерге деген жаңа көзқарас деген тақырыпта әңгіме жүргізілген.

Браузер адамдар Internet Explorer-ден қашып Firefox-қа өтіп жатқан кезде шығарылды және аз уақыт ішінде көпшіліктің көзіне түсті, қазіргі кезде ең кең тараған браузерлердің бірі.

https://googleblog.blogspot.com/2008/09/fresh-take-on-browser.html
Facebook Азияда дата-центр құру үшін $1 млрд қаржы жұмсамақ. Құрылыс жұмыстарын 2022 жылға аяқтау көзделген. Объект Сингапурда Google соғып жатқан дата-центр қасында тұрғызылады, ал ауданы 170 мың квадрат метр болады.

Әлеуметтік желінің мұндай датацентрлері АҚШ, Ирландия, Дания және Швеция елдерінде бар.
Бүгін жылдың 256 күні. 2-нің сегіз дәрежесіне сәйкес келетін бұл күн "программисттер күні" деп аталады.

Құтты болсын, кодерлер!
GitHub өз блогында Open Source қозғалысын дамытуды мақсат етіп алған кезекті Hacktoberfest шарасына анонс жариялады. Бесінші рет өткізілетін бұл шара Open Source әлеміне жаңа адамдарды шақыруға арналған. Шара шарты бойынша белгіленген уақытта (1-31 қазан) алғаш болып 5 сәтті pull request жасаған 50 мың адам арнайы футболкалармен марапатталады.

Өткен жылы бұл шараға 119 елден 30 мыңдай адам қатысқан. Олар барлығы 250 мыңдай pull request жасаған.

Open Source-мен жаңадан танысып жатқандар үшін GitHub-тың арнайы нұсқаулығы бар (бірнеше күнде codeo-да аудармасы жарияланады)
https://opensource.guide/how-to-contribute/
_______
pull request - жобаға өзгерту енгізуге сұраныс. Көбінесе open source жобаларда қолданылады.
Қазақстанда барлық анонимді төлемдер мен киви-әмиандарға тиым салынуы мүмкін. Мәжілістегі шенділердің айтуы бойынша бұндай қадам есірткі таралуына тосқауыл қою үшін жасалады. Қасымов мырзаның айтуынша анонимді төлемдер есірткімен күрес жолында ең үлкен тосқауыл дейді:

"Олар [есірткі сатушылар] Телеграм арқылы есірткіні қай жерге тастайтынын жазып, кейін таратып жүреді. Егер біз оны анықтасақ та ешқашан сатушыны ұстай алмаймыз, тек қана сатып алушыны ғана. Бұл толыққанды күрес емес"

http://www.zakon.kz/4938866-anonimnye-platezhi-v-kazahstane-mogut.html
Google 20 жаста!

Қазір гугл 190 елде бар және 150 тілді қолдайды. Атаулы күнге байланысты компания гуглда ең көп сұралатын сұрақтар туралы видеоролик жасапты:
https://youtu.be/k0ic0yzAkcw
Кенет Яндекс өзінің бәсекелесін мерейтойымен құттықтады.

Яндекс негізі гуглдан бір жас үлкен және 2003 жылы гугл оны $130 млн-ға сатып алуға әрекет те жасап көрген.
Sublime Text редакторының авторлары Sublime Merge деп аталатын Git клиентін таныстырды. Интерфейсі Sublime ұқсайтын жаңа құрал коммит жасауға, тармақтарды біріктіруге, өзгертулерді қарауға мүмкіндік береді.

https://www.sublimemerge.com/
Илон Маск Тесла директорлар кеңесі төрағасы лауазымынан кетеді. Бірақ CEO болып қала береді. Бұған басты себеп 7 тамыз күнгі Масктың твиті. Ол твитта Маск компанияның барлық акцияларын сатып алып жекешелендіре алатынын жариялаған болатын, оған ақша беретін инвестор да дайын деген еді. Осыдан соң Тесла акциялар бағасы бірден жоғарылап кетті. Енді SEC деп аталатын ұйым Маскты акция бағаларын көтеру үшін әдейі айла жасады деп айыптып, сотқа шағымданды.

Маск 45 күннің ішінде төрағалықтан кетеді және үш жыл ішінде бұл орынға үміткер бола алмайды. Сонымен қатар айыппұл ретінде $20 млн төлейді.
Гуглдың 20 жылдығы аясында Stackoverflow сайтының 10 жылдығы елеусіз қалып қойыпты. Егер программисттің оң қолы гугл болса сол қолы Stackoverflow.

https://www.youtube.com/watch?v=QwS1r1mc888
"We are shutting down Google+ for consumers."

Google компаниясы жартылай тірі Google+ әлеуметтік желісін жабатынын жариялады. Сервис тек корпоратив клиенттерге ғана қолжетімді болады. Пайдаланушылардың мәліметтерін алып кетуге 10 ай уақыт бар.

Әлеуметтік желі ешқалай кең таралмаған еді. Тек 10% пайдаланушылар ғана желіден 5 секундтан көп уақыт өткізеді екен. Ал соңғы кездегі қауіпсіздік инциденті барлық сұрақтарға нүкте қойған көрінеді.
Google өзінің Chromebook ноутбугін HBO телеканалымен біріге отырып жарнамалады. Жарнамалық роликте атақты "Тақтар ойыны" сериалының зұлым кейіпкерлері Chromebook-тағы бағдарламаларды пайдалана отырып болашақ жорықтарына презентация дайындайды. Осындай әдіспен Chromebook-та орнатылған Evernote, Adobe Photoshop Lightroom CC, Google Sheets және Google Slides бағдарламаларын пайдалану ыңғайлы екені көрсетілген.

https://www.youtube.com/watch?v=-nwNnAFlcYk
"Өтірік эпидемиясы"

Қазіргі кезде ватсап, инстаграм секілді желілерде өтірік мәліметтер таралуын ролик авторы Арман Сапиолда осылай атапты. Роликте мәліметтерді оңды-солды тарата бермей алдымен кішігірім фактчекинг жасау керектігі айтылған, көптеген мысалдар да келтірілген. Егер ватсапта пайдалы нәрсемен бөліскіңіз келсе, осы видеомен оңды-солды бөлісіңіз :)

https://www.youtube.com/watch?v=Liy7uiUF7SY