Codeo
220 subscribers
70 photos
5 videos
1 file
171 links
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Download Telegram
"Однаклассники" әлеуметтік желісі 100 адамға дейінгі топтық видеоқоңырау жасау мүмкіндігін іске қосты. Алғашқы екі адам арасындағы байланыс тікелей, серверсіз орнатылады. Ал одан соң әркім өз жағынан видеоқоңырауға адамдар қоса алады. Адамдар көбейген сайын арнайы ЖИ (жасанды интеллект) байланысты серверге ауыстыра бастайды.

Жаңа мүмкіндік iOS және Android жүйелерінде қолжетімді.
"Лабаротория Касперского" спам мен фишингтік хаттар тарататын алаяқтар әрекетін зерттеген есебін жариялады. Айтуларынша осы жылдың екінші тоқсандығында әлемдегі спам хаттар үлесі 50%-ға жеткен. Яғни, әлемдегі жіберілетін email хаттардың жартысы дерлік спам. Мұндай қоқысты негізгі таратушылар Қытай (14,36%), АҚШ (12,11%) және Германия (11,12%).
⚡️ Достар, бізде тағы бір жаңа прокси:
https://t.me/proxy?server=mtproto3.codeo.kz&port=9443&secret=06e11cbe76fa1fddb49ad9fb6c775336

Тек бұл жолы алдыңғы екі прокси өшіріледі. Пайдаланушылар саны көбеюіне байланысты жаңа серверге көшіп жатырмыз. Егер сіз қазір mtproto.codeo.kz:9443 немесе mtproto.codeo.kz:443 проксилерінің біріне қосылған болсаңыз жаңа серверге қосылып алыңыз.

Ескі проксилер 24 сағаттан соң өшіріледі.
Codeo pinned «⚡️ Достар, бізде тағы бір жаңа прокси: https://t.me/proxy?server=mtproto3.codeo.kz&port=9443&secret=06e11cbe76fa1fddb49ad9fb6c775336 Тек бұл жолы алдыңғы екі прокси өшіріледі. Пайдаланушылар саны көбеюіне байланысты жаңа серверге көшіп жатырмыз. Егер сіз…»
Google компаниясы Android Pie 9 операциялық жүйесінің жеңілдетілген түрін шығарды. Go edition деп аталатын бұл жүйе бағасы 30 доллардан басталатын, қуаты және жады аз құрылғыларға арналған. Мысалы, Nokia N1, Doogee X50, Micromax Bharat Go телефондары сондай құрылғыларға жатады.

Android Go орынды азырақ қажет етеді, өйткені ондай құрылғыларда бос орын өте аз болады. Егер кәдімгі Android 8 Гб орыннан тек 2,5 Гб қана бос қалдырса, Go Edition нұсқасында 5,5 Гб орын бос қалады.

Оған қоса операциялық жүйеде гуглдың танымал қосымшаларының жеңілдетілген нұсқалары орнатылған: YouTube Go, Google Go, Maps Go, Files Go, Assistant Go, Android Messages.

https://www.blog.google/products/android/android-9-pie-go-edition-new-features-and-more-options-fall/
Android Go Edition орнатылатын құрылғылар
ЦАРКА еліміздегі нағыз ақпараттық қауіпсіздікпен айналысатын кемдеген ұйымдардың бірі. Өткен аптада олар "Документолог" құжат айналымы бағдарламасында қауіпті қаіпсіздік ақауы табылғандығы және ақауды пайдаланып кез-келген құжаттарды көре алу мүмкіндігі барлығын жариялаған болатын (қазіргі кезде жарияланым барлық жерде өзгертілген немесе өшірілген). Аталған жүйе еліміздің алдыңғы қатарлы жүйесі болғандықтан, ЦАРКА келесі компаниялардың ақпараттары қауіп астында қалғанын айтқан: "Самрук Казына, Самрук Энерго, Казатомпром, Холдинг Зерде, НИТ, Правительство для граждан, КаспийМунайГаз, Холдинг Байтерек, НАТР, Фонд Даму, НПП Атамекен, Жилстройсбербанк, Казахстанская ипотечная компания, Фонд Болашак, Фондовая биржа KASE, Казконтент, Холдинг Казагро, Экибастузская ГРЭС, Мойнакская ГЭС, Шардаринская ГЭС, Институт онкологии и радиологии, СПИД Центр и другие". Тізімді қарап отырып ақаудың қаншалықты қауіпті екенін түсінуге болады.

Кейіннен, бұл іс аздап резонанстық көрініс ала бастағанда ЦАРКА өз парақшасында Документологпен келісімсөздер жүргізіліп жатқанын айтып, ескі постты өшіріп тастады. Ал бүгін екі компания бірлесе отырып арадағы пайда болған келеңсіздіктерді жойғанын және оның ішінде ЦАРКА ақпарат тарату әдісіне байланысты Документолог компаниясынан кешірім сұрағанын жариялады. Ал ақау болса тез арада жөнделіп, енді жүйеге аудит іс-шаралары жүргізіліп жатыр екен.
Жақында Google бүкіл әлем бойынша жаңа Google One бұлттық қоймасын іске қосады (Google Drive секілді). Қазір жаңа сервис тек АҚШ-та ғана іске қосылған.

Google One тарифтері:
100 Гб - айына $1,99;
200 Гб - айына $2,99;
2 Тб - айыны $9,9.

Бұдан үлкен 10, 20 және 30 Тб тарифтер өзгеріссіз қалады. Егер бұған дейін Google Drive сервисінде ақылы орын сатып алған болсаңыз Google One қосылғанда автоматты түрде жаңа сервиске ауыстырылады.

Сервистің іске қосылғанын білу үшін https://one.google.com/getupdates сайтына жазылып қоюға болады.
Mozilla бағдарламалаушылары жасаған Fuzzify.me браузер қосымшасы жарнаманың таргетинг механизмі қалай жұмыс жасайтынын түсінуге көмектесе алады. Қосымшаның "Неге маған осы жарнама көрсетілді" бөлімінде сізге жарнаманың не үшін көрсетілгені туралы түсініктеме көрсетіледі. Бірақ, қосымша дұрыс жұмыс жасай алуы үшін жарнама бұғаттағыштарын (AdBlock) өшіруіңіз қажет.

Қосымша Chrome және Firefox браузерлерінде жұмыс жасай алады.
Бүгін OpenAI және нағыз кәсіби ойыншылар күштерін Dota 2 ойынында сынайды. Бұл туралы ресми мәлімет dota.com сайтында көрсетілген. OpenAI үш күнде үш ойын өткізеді. Бірінші ойын бүгін кешке Астана уақытымен 21:30 - 22:00 шамасында басталады. Ойын барысын Twitch сервисінде орысша және ағылшынша трансляция арқылы бақылай аласыз.

OpenAI боты бір жыл алдын 1x1 solo mid mirror SF қарсыластығында Даниил Ишутинді жеңген еді, ал бірнеше апта бұрын "солянка құрамасын" тізе бүктірген.
OpenAI - Сан-Франциско қаласында орналасқан, коммерциялық емес, жасанды интеллектпен айналысатын компания. Компанияның негізгі мақсаты - ашық, достық сарынды (адамзат цивилизациясына зияны келмейтін) жасанды интеллект жасап шығу. Негізігін салушылардың бірі Илон Маск.

жоғарыдағы постқа қосымша ретінде
IT қазірде табыс көзі жақсы мамандық ретінде көп жастардың назарын аударып келеді. Мына сұхбатта осы туралы азын-аулақ сөз жүріпті. Ата-аналарға да ынта болмаса баланы бекерге күштеу қажет еместігі туралы аздап ескерту де айтылған. Өйткені IT жалқауларды жақтырмайтын мамандық, енді біліміңді шыңдадым дегенде технология жаңарып үлгереді.

https://kz.otyrar.kz/2018/08/programmalau-balany-bauludy%D2%A3-%D2%9Byr-syry/
Астана тұрғындары үшін #пайдалыбот @astrabus_bot.

Бот арқылы автобустардың маршрут схемаларын көруге, Asrta Plat терминалдарының адрестерін, Astrabus контактілерін қарай аласыз. Ең бастысы жаңа автобус маршруттарына дауыс беріп, автобустағы жағдайлар туралы видео (фото) жіберіп немесе басқа да мәселелер бойынша арнайы ұсыныстар жібере аласыз. Яғни, қаладағы қоғамдық көліктің дамуына аздап болсын үлес қосуға мүмкіндік бар.
Codeo pinned «DNS ақауларына байланысты (менің пайымдауымша) кей қолданушыларда мына прокси істемей тұрған көрінеді. Егер солай болса мына сілтемені қосып алыңыз: https://t.me/proxy?server=mtproto5.codeo.kz&port=9443&secret=06e11cbe76fa1fddb49ad9fb6c775336»
YouTube барлық канал иелеріне өткізіп жіберуге болмайтын жарнама қосу мүмкіндігін берді. Алдын мұндай мүмкіндік тек санаулы және таңдаулы ғана серіктестер үшін арналған болатын. Қазір YouTube Partners бағдарламасының қатысушыларының барлығы жаңа мүмкіндікті пайдалана алады. Осылайша Google өзінің жарнамадан түсетін табысын едәуір арттырып алғысы келетін көрінеді. Ескі жарнама беру тәсілінде 5 секундтан соң жарнаманы өткізіп жібере алатын едіңіз (Skip Ad) енді жарнаманы толық қарауға мәжбүр боласыз. Бірақ канал иелері жаңа жарнама форматын өшіре алады.

https://www.youtube.com/watch?v=bH4twWUw2OI
Жапония алдағы он жыл ішінде ұшатын көліктерді қолданысқа енгізбекші. Ол үшін 21 компания және ұйымдармен байланыс орнатылады екен. Олардың қатарындағы ең ірілері: Uber, Boeing, Airbus, Cartivator және Japan Airlines.

Жапония үкіметі ұшатын көліктердің кең тарауына ең басты проблемалардың бірі - көлік қозғалысын реттеу мәселелерін шешумен айналыспақ.

https://hi-news.ru/auto/yaponiya-obedinyaetsya-s-uber-boeing-i-airbus-dlya-sozdaniya-letayushhix-avtomobilej-v-techenie-desyati-let.html
Google "цифрлық этикет" тақырыбын дамытып келеді. Енді YouTube қосымшасында видеороликтерді қарауға кеткен уақытыңыз есептеліп отырады, ара-арасында үзіліс жасауды кеңес беріп тұрады. Және де баптаулар бөлімінде "тыныштық сағаты" баптауы пайда болды, яғни, көрсетілген уақыт аралығында сізге жаңа видеолар туралы ескертпелер келмейді.
"Яндекс.Видео"-ға Ресейде бұғатталу қауіпі төніп тұр. Шыж-быждың басында, әдеттекідей, Роскомнадзор. Ұйым Яндекстен көптеген телеканал видеоларына сілтемені өшіруді талап етіп жатыр. Ал Яндекс бұл талаптың негізсіз екенін, Роскомнадзор ондай талаптарды сайт иелеріне қою керек деп бүгін жариялаған болатын. Енді іздеу жүйесі дөкейдің талабын орындамаса 30 тамыз күні кешке бұғатталып басталуы әбден мүмкін.