Codeo
220 subscribers
70 photos
5 videos
1 file
171 links
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Download Telegram
Екінші кварталға қаржылық есеп беруден соң Facebook акциялар құны 20%-ға құлады. Екі сағат ішінде әлеуметтік желі $123 млрд жоғалтты, Цукерберг байлығы да $17 млрдқа азайған. Барлығына себеп Facebook осы тоқсандықта $13,3 пайда табады деп күтілген еді, ал шын мәнінде пайда $13,2 болыпты.
Маңғыстауда қазақ тіліндегі компьютерлік курстар.

Айына 35 мың теңгеден. Бос орын қалған курстар:
- Компьютерлік бағадарламалау - 6 айлық курс
- Мобильді қосымшаларды бағдарламалау - 6 айлық курс
- Веб бағдарламалау - 6 айлық курс
- Интерьер дизайн, CAD/3D - 3 айлық курс
- Графикалық дизайн - 4 айлық курс

Тіркелу формасы.

Толығырақ: https://www.facebook.com/umirbek.ok/posts/1633685436761180
Уатсапта енді топтық видеоқоңырау жасау мүмкіндігі бар. Бір қоңырауға 4 адамға дейін қатыса алады. Адамдарды қосу үшін видеоқоңырау экранындағы оң жақ үстіңгі бұрыштағы батырманы басу керек.

Барлық қоңыраулар шифрлаумен (қандай ұсқынсыз сөз) қорғалған.
Mail.Group холдингі Амиго браузерін жапты. Енді браузер жаңартылмайды. Холдинг браузердің сәтсіз шыққанын мойындады.
@ImageUploadBot - суреттер сақтауға мүмкіндік беретін #пайдалыбот . Ботқа суретті жібересіз, ол сізге сілтеме береді. Сайттардағы мақалаларда немесе телеграм каналдарындағы мақалалар үшін қолдануға ыңғайлы.
Смартфон жеткізіп беру саны бойынша Apple үшінші орынға (41,3 млн) түсіп қалды. Екінші орынға Huawei шықты (54,2 млн). Ал бірінші орында бұрынғыдай Samsung - 71,5 млн.
⚡️ Whatsapp компаниялардан бизнес және сервис хаттар үшін ақша алатын болады (жарнамалар). Әр хат үшін тұрақты ақы алынады: 0.5 центтен 9 цент аралығында (мемлекетке байланысты).

Facebook мессенджерді сатып алғаннан бастап монетизациялау әдісін қарастырған еді. Міне енді алғашқы қадамдар басталды.

Бұған қоса енді Instagram және Facebook қосымшаларда пайдаланушы қанша уақыт жұмсап жатқаны туралы статистика көрсетіледі.
Forwarded from Telegram|kz
​​Атышулы GetContact бағдарламасының ЦАРКА PUBLIC CHAT админы @b4tr жариялаған Telegram Bot түріндегі баламасы https://t.me/get_kontakt_bot.
Қазір тестілеу кезеңінде, аптаның соңына дейін қолжетімді
Соңғы кездері капитализациясы $1 трлнға жететін корпорация қайсы болатыны туралы көп сөз болған еді. Мәрені Apple алды

Тарихта алғаш рет капитализациясы $1 трлнға жеткен - Apple
👏👏👏
@SkeddyBot - көп нәрселерді ұмытпай уақытында ескертіп есіңізге сала алатын #пайдалыбот . Ботқа мәтін жазып уақытын белгілесеңіз бот сізге сол уақытта жазған хатыңызды қайта жібереді. Ал веб интерфейсінен күн сайын немесе кейбір күндері ғана қайталанатын күрделі ескертпелер жасай аласыз. Мысалы, пост авторы белгілі бір кітапты күн сайын оқуға ескертпе қойып қойған.
Google Drive пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетті. Осылайша гуглдың миллиардтық өнімдер саны тағы біреуге көбейді: Gmail, Chrome, Google Maps, Youtube, Google Play, Android.

Өткен жылғы конференцияда Google Drive сервисінде 2 триллион файл және 800 млн белсенді пайдаланушылар бар екендігі туралы айтылған болатын. Бір жыл ішінде миллиардтық межеге жетіп үлгерді.
Жақында Starbucks-та кофені криптовалюта арқылы сатып ала аласыз. Ол үшін арнайы Bakkt деп аталатын жүйе жасалып жатыр. Сатып алу кезінде криптовалюта бірден долларға айналдырылады. Мамандардың айтуынша бұл қадам криптовалюта нарығына жағымды әсер етуі мүмкін.

https://kod.ru/starbucks-crypto-pay-bakkt/
Android операциялық жүйесінің 9-шы нұсқасы шықты. "Pie" деп аталатын бұл жүйе қазірше тек Pixel құрылғыларында қолжетімді.
Үнді бағдарламалаушысы Анимеш Карневар мәтін арқылы суреттелген адамның бетін салып бере алатын бағдарлама жазды. Кодты GitHub сайтында көре аласыз.
Ресейден тағы бір қызық жаңалық. «Центр исследований легитимности и политического протеста» деп аталатын ұйым телеграмдағы username (яғни @ белгісінен кейінгі атыңыз) арқылы адамның телефонын, аты-жөнін анықтай алатын сервис жасағанын жариялады. Олар оны "Криптоскан" деп атап, ФСБ-ға бермекші екен. Толық мәлімет әлде де жоқ, бірақ ұйымның айтуынша олар телеграм API ақауы арқылы сондай нәтижеге қол жеткізіпті.

Мұнда бірнеше түсініксіз жайт бар, егер ұйым оны ФСБ-ға бермекші болса неге көпшілікке жария еткені және телефон номер арқылы қандай үлкен нәтижеге қол жеткізгісі келгендіктері. Шын мәнінде ешқандай ақау болмай жай ғана ұйым басқа да дереккөздерден мәлімет жинаған болуы да мүмкін. Онда жиі username өзгерту олардың көздегеніне соққы болады.

Telegram айтуынша телефон номеріңіз тек контактіде бар адамдарға ғана көрінеді және күнделікті пайдалану кезінде өзіміз де оған көз жеткізіп жүрміз.
Microsoft өзінің су астындағы датацентрін кез-келген адам видеотранслация арқылы бақылай алатын мүмкіндік жасады. Трансляцияны https://natick.research.microsoft.com/ сайтынан (live cameras бөлімі) бақылай аласыз.

Естеріңізде болса Microsoft су астына датацентр орнату арқылы суыту мүмкіндіктерін тексеріп көріп жатыр, яғни теңіз суы табиғи кондиционер қызметін атқарады. Теория жүзінде мұндай әдіс энергияны едәуір үнемдеуге көмектесуі қажет. Ал практика жүзінде қалай болатыны енді ғана белгілі болады.
"Однаклассники" әлеуметтік желісі 100 адамға дейінгі топтық видеоқоңырау жасау мүмкіндігін іске қосты. Алғашқы екі адам арасындағы байланыс тікелей, серверсіз орнатылады. Ал одан соң әркім өз жағынан видеоқоңырауға адамдар қоса алады. Адамдар көбейген сайын арнайы ЖИ (жасанды интеллект) байланысты серверге ауыстыра бастайды.

Жаңа мүмкіндік iOS және Android жүйелерінде қолжетімді.
"Лабаротория Касперского" спам мен фишингтік хаттар тарататын алаяқтар әрекетін зерттеген есебін жариялады. Айтуларынша осы жылдың екінші тоқсандығында әлемдегі спам хаттар үлесі 50%-ға жеткен. Яғни, әлемдегі жіберілетін email хаттардың жартысы дерлік спам. Мұндай қоқысты негізгі таратушылар Қытай (14,36%), АҚШ (12,11%) және Германия (11,12%).
⚡️ Достар, бізде тағы бір жаңа прокси:
https://t.me/proxy?server=mtproto3.codeo.kz&port=9443&secret=06e11cbe76fa1fddb49ad9fb6c775336

Тек бұл жолы алдыңғы екі прокси өшіріледі. Пайдаланушылар саны көбеюіне байланысты жаңа серверге көшіп жатырмыз. Егер сіз қазір mtproto.codeo.kz:9443 немесе mtproto.codeo.kz:443 проксилерінің біріне қосылған болсаңыз жаңа серверге қосылып алыңыз.

Ескі проксилер 24 сағаттан соң өшіріледі.