Codeo
220 subscribers
70 photos
5 videos
1 file
171 links
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Download Telegram
Беларусь Республикасында ИТ рота жасақталып жатыр. ИТ мамандарды әскерге шақыру осы жылдың қараша айынан басталады екен.
Бұл кісі Джефф Безос, Amazon компаниясының негізін қалаушы. Ол жақында Forbes тізіміндегі байлығы $150 млрдтан асқан ең алғашқы адам атанды. Соңғы тоғыз айда $50 млрд долларға байыған.
Ал қазір $150 млрд алып келген бизнес былай басталған болатын...
Бүгіннен бастап #пайдалыбот айдарын бастаймыз. Аптасына екі боттан таныстырып отырамыз.

Ең бірінші болып тізімде - @EgovKzBot. Бот мүмкіншіліктері:
- Мекенжай анықтамасын алу;
- Медициналық ұйымдарға тіркелу;
- Сотты болғаны/болмағаны туралы анықтама алу;
және тағы да басқа қызметтер бар. Ең бастысы анықтамалардың барлығын телефон номері арқылы ала аласыз. Иә, ешқандй ЭЦҚ-сыз. Бір реттік құпия сөзбен. Өте ыңғайлы.

#телеграмбот #пайдалыбот
Жасанды интеллект туралы халықаралық конференцияда 160 компания өкілдері қару жасамау туралы келісімге қол қойды. Қол қойғандардың ішінде DeepMind компаниясының негізін қалағандар Демис Хассабис, Шейн Легг, Мустафа Сулейман және Tesla, Space X компанияларының басшысы Илон Маск бар. Мұндай келісімге келуге қоғамда ЖИ негізінде жасалатын қаруларға теріс көзқарас қалыптаса бастағаны болған. Мысалы, Google қазірдің өзінде Пентагон үшін ЖИ орнатылған дрондар жасаумен, Amazon адам түрін тани алатын технологияларды жасаумен, ал Microsoft АҚШ-тың кеден қызметіне бағдарламалық жабдықтар жасаумен айналысып жатыр.

Бірақ, келісімді көпшілік сақтай бермейтінін барлығымыз білеміз...
⚡️⚡️⚡️ Еурокомиссия Google компаниясына $5 млрд айыппұл салды

Комиссияның анықтауы бойынша Google смартфон шығарушылардан тек Google қосымшалары (браузер, гугл поиск) алдын ала орнатылып тұруын талап еткен. Бұл жағдайды Еурокомиссия мобильді операциялық жүйелер нарығындағы басымдығын теріс пайдалану деп тауыпты.

http://vc.ru/42121
Slack жұмыс процесстерін автоматизациялауға мүмкіндік беретін Missions бағдарламасын сатып алды. Бағдарлама Slack үшін жаңа функцияларды қосуды жылдамдатуға көмектеспек. Мысалы, оның көмегімен пайдаланушы бір батырма арқылы жұмыс іздеушінің резюмесін қабылдауы немесе кері қайтаруы мүмкін. Бұл Slack-тың үшінші құралды сатып алуы.

Қазіргі кезде Slack мессенджерінде 1,5 мың бот және қосымшалар, айына 8 млн белсенді пайдаланушылары бар.
Денис Тен... R.I.P.
Google Атлант мұхитының түбінен кабель өткізбекші. Бұл кабель АҚШ-тың шығыс бөлігіндегі кластерлерді Еуропамен жалғайтын болады. Суретте көрінгеніндей кабель жер астынан өткізіліп тек мұхиттың түбіне жетерде ғана жердің үстіне жатқызылады. Бұл жоба Google коммуникация инфраструктурасын кеңейтеді және компания осындай кеңейтілуге мұқтаж. Кейбір есептеулерге сәйкес интернет трафиктің 25% Google арқылы екен.
Инстаграм жазылушыларды өшіру мүмкіндігін тексеріп жатыр. Алдын мұндай мүмкіндікке тек аккаунты жабықтар ғана ие еді. Енді парақшаны өшірмей-ақ жазылушыларды тазалап алу мүмкін болады.
#inDriver такси сервисі штаб квартирасын Якутиядан Нью-Йоркқа ауыстыруды жоспарлап жатыр. Негізгі мақсаттары АҚШ және Канада нарығына шығу. АҚШ-қа компанияның басқару өкілдері ауысады, ал программисттер және маркетологтар Якутия мен Мәскеуде қала бермек. Сервистің АҚШ-та қашан іске қосылатыны белгісіз, бірақ Нью-Йорктағы такси және лимузин жөніндегі комиссия сервиске лицензия берген. АҚШ-та сервистің негізгі бәсекелестері #Uber және #Lyft.
Тағы бір #пайдалыбот @KazPostBot.

Мүмкіндіктері:
- посылканың қайда жүргеніне қарап отыру;
- жол ережесін бұзғандағы айыппұлдарды біліп отыруға жазылу (егер айыппұл төлеуіңіз керек болса сізге хабарлама келеді);
- казпочтадағы валюта курсын біліп отыру;
- және казпочтадағы өзгерістер туралы жаңалықтар.
Embarcadero компаниясы #Delphi және C++ Builder бағдарламаларының Community Edition (тегін) нұсқасын ұсынды. Бұл нұсқа өзіне жұмыс жасайтын программисттерге, студенттерге, стартап және коммерциялық емес ұйымдарға арналған. Тегін қолдану талаптары:
- сіз өзіңізге жұмыс жасайтын программистсіз және жылына Delphi немесе C++ Builder арқылы жасалған бағдарлама сатудан 5000 доллардан аз пайда табасыз;
- сіздің компанияңыз табысы жылына 5000 доллардан аспайтын кішігірім компания (5 адамға дейін).
#ДелфиТірі
GitLab өз серверлерін Azure платформасынан Google Cloud-қа ауыстыруды жоспарлап жатыр. Ауысу бойынша жұмыстар жақын арада басталады. Негізгі себеп ретінде Google Cloud жетік дәрежеде kubernetus-ті қолдайтынын, ал Gitlab болашақ жоспарлары кубернетуспен байланысты екенін атап жатыр.

https://habr.com/post/417761/
@AndyRobot - ағылшын тілін үйрену үшін #пайдалыбот. Ботпен хат жазысуға болады, жазған сұрақтарыңызға жауап беріп, кей сөздердің толығырақ түсініктемесін жібере алады. Соңғы өзгерістерге сәйкес енді аудиожазба арқылы да жауап беру мүмкіндігіне ие.
Fuchsia OS гугл жасап жатқан жаңа операциялық жүйе. Басында тек IoT құрылғыларға арналған деп жарияланған операциялық жүйе Android-ты ауыстыруы мүмкін. Бұл Linux-қа негізделмеген мүлдем басқа жүйе. Бірақ қазірше ол туралы мәліметтер аз, интерфейс суреттері де жақында ғана пайда болды. Android киллер болуы мүмкін жүйе жақын арада оны ауыстыра алмайтыны түсінікті. Бірақ келесі онжылдықта операциялық жүйе нарығына енуі әбден мүмкін.
#пайдалыбот #жарнама

Әлеуметтік желіде "А точкасынан Б точкасына жол жүретін кім бар" деген іздеу посттарын көріп қаламыз. Алыс жермен зат алмасу әрқашанда әрбіріміздің қажеттілігіміз ғой. Бірақ почта тым баяу, ал курьерлік жеткізу кейде қымбат, кейде ол да баяу. Сол проблеманы шешуге әрекет жасайтын @QPostBot деген бот жасалып жатыр. А точкасын таңдайсыз, Б точкасын таңдайсыз, күтесіз. Ал зат тасушылар ақша да табуы мүмкін.

Автордың айтуынша қазірше бот 80-90% дайын екен. Жақын арады бітіремін дейді. Сәттілік!

Бот инструкциясы: http://telegra.ph/Instrukciya-po-botu-07-19
Боттың өзі: @QPostBot
Uber арқылы жол жүру саны 10 млрдтан асып түсті. Оның АҚШ-тағы басты бәсекелесі Lyft-та бұл көрсеткіш 500 млн.
Кітап оқырмандарына және кітап іздегендерге #пайдалыбот: @Qamba_bot. Қазақ тілді кітаптарды іздеуге арналған, флибуста секілді. Тек іздеген кезде кітап аты немесе авторын нақты көрсетуге тура келеді. Дегенмен, кітапты жүктеп алуға өте ыңғайлы.