Codeo
220 subscribers
70 photos
5 videos
1 file
171 links
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Download Telegram
10 жыл алдын Apple компаниясы App Store қосымшалар дүкенін іске қосты. Осы уақыт арасында дүкеннен қосымшалар 170 млрд рет жүктеп алынған және $130 млрд ақша жұмсалған

rbc.ru/business/02/07/2018/5b39
MTProto proxy іске қосылғанына 20 күндей болды. Статистикаға қарасақ проксиді тек Қазақстандықтар ғана пайдаланбайтын көрінеді :)

Проксиге сілтеме, тарата отырыңыздар:
tg://proxy?server=mtproto2.codeo.kz&port=443&secret=f4521cef20860da00f11450df1b53f31
Бүгін Яндекс пароль сақталатын гугл документтерді индексация жасай бастады деген жаңалық шықты. Қысқа уақыттың ішінде яндекс жағдайды жөндеп қойды. Негізі мұнда яндекстің де гуглдың да еш кінәсі жоқ. Олар тек robots.txt арқылы шектеу қойылмаған барлық сілтемелерді индексациялайды. Демек паролі бар, сілтеме арқылы доступ ашылған документтердің сілтемесі түсініксіз жағдаймен яндекстің аузына ілініп кеткен.

Қысқасы, гугл доктарда құпия нәрсе сақтағанда сақ болу керек, ең құрығанда ондай документтерге сілтеме арқылы доступ ашудың мүлдем қажеті жоқ. Одан дұрысы гугл док пароль секілді құпия мәлімет сақтайтын орын емес екенін есте ұстау.
Интернет атасы саналатын Винтон Серф IPv4 туралы айтып беріп жатыр. Интернеттің ең басты бағандарының бірі болатын IPv4-те барлығы 4 млрдтан сәл көп адрес бола алады. Ал ол адрестердің барлығы 2011 жылы-ақ бөлініп алынып таусылып қалған. Неге бұлай болғанын Винтон Серф "IPv4 жай ғана эксперимент болатын, оның қолданылу аясы лабороториядан тысқа шықпауы керек еді" деп түсіндіреді. Интернет енді дүниеге келіп жатқанда компьютерлер құны миллиондар тұратын, кондиционер қойылған жабық бөлмеге орнатылған үлкен құрылғылар болған. Уақыт өте құрылғылар кішірейіп кеңірек тарайтынын білгенімен, мұншалық жылдам және кең таралуын ешкім ойлап та көрмеген.

Бұл мәселені шешу үшін IPv6 жасалды, ондағы адрестер саны 340 недэллион (340 триллион триллион триллион). Бірақ жаңа протоколдың ендірілуі өте баяу жүріп жатыр. Гуглдың статистика бойынша қазір 20% құрылғылар ғана жаңа протоколда жұмыс істеуге дайын. Одан бөлек бұл протоколға бағдарламалар да өтуі керек.

https://www.computerworld.com.au/article/643174/father-internet-vint-cerf-ipv4-never-production-version/
Samsung Үндістанда жарияланған инвесторларды шақыру бағдарламасында жеңіп шығып, әлемде ең ірі телефондар жинайтын завод салатын болады. Завод Нью-Дели маңында салынады және жылына 120 млн құрылғы шығара алады. Басым көпшілік құрылғылар бағасы 100 доллардан кем бюджетті құрылғылар болады. Онымен қоса Samsung Galaxy S9 секілді кейбір флагман телефондар да шығарылады.

Үндістан өте үлкен нарық, халық саны 1,3 млрд болғанымен қазіргі кезде шамамен 400 млн халықта ғана смартфон бар. Оған қоса Үндістан үкіметі сырттан келетін телефондар үшін 20% салық төлетпекші. Бұл қадам қазіргі кезде кең тараған Қытай телефондары үшін соққы болмақ. Ал Samsung осы үстемақыдан құтылады.
Бүгін Яндекс компаниясының алғашқы құрылғысы Яндекс.Станцияның сатылуы басталды.
Forwarded from Яндекс
Сегодня в 10:00 стартовали продажи Яндекс.Станции — домашней мультимедиа-платформы с голосовым помощником Алисой. Очередь начала собираться в 7 утра. А самые первые покупатели были здесь уже в 5:20!
Уганда мемлекетінде мессенджерлер мен әлеуметтік желілерге салық ендірілді. Заңның іріткісі болған 73 жастағы мемлекет президенті Йоверти Кагута Мусевени әлеуметтік желілерде көп өтірік пен өсек тарайды, демек халық сол өтірік пен өсектің қызығын көру үшін қосымша ақы төлеуі керек деп есептейді екен. Салықты мобильді операторлар жинайтын болады. Салық құны да көп емес 200 уаганда шиллингі (~100 теңге). Салық Facebook, Twitter, WhatsApp, Hangouts, YouTube, Skype, Yahoo Messenger бағдарламаларының кез-келгенін ашқан үшін алынады.

Халық болса жаппай VPN пайдалана бастады. Енді мемлекет БАҚ арқылы VPN пайдалану салық төлеуден де қымбатқа түседі деген ойды алға тартып жатыр.
Forwarded from Telegram|kz
​​Telegram клиенттері Google Play және App Store көмегінсіз жаңара алады

Осындай жаңалықты Telegram Info каналы Telegram Translations қызметіне сілтеме жасап жариялады (скриншот тіркеледі).

Енді Telegram жаңартулары танымал платформаларда қолжетімсіз болудан сақталады. Осы фича іске асырылған жағдайда Telegramды бұғаттау бұрынғыдан да нәтижесіз болмақ.
WhatsApp өтірік ақпараттарды тану бойынша нұсқаулықтарды ірі деген үнді газеттерінің бетінде басып шығарды. Бұл әрекетке жалған ақпараттың арқасында адамдарға шабуылдар көбейді деген әңгіме түрткі болған. Қысқаша уатсаптың кеңестері мыналар (шамамен):

1. Хаттың қайта бағытталғанына (forward/пересылка) назар аударыңыз, егер қайта бағытталған болса және оны кім жазғанына сенімсіз болсаңыз хатты ары қарай таратудан алдын жақсылап ойланып көріңіз
2. Егер хат сізді ашуландырса немесе қорқыныш сезімін пайда қылса, хатты тарату туралы тағы да ойланып көріңіз
3. Сенуге қиын мәліметтер көбінесе өтірік, сондықтан ақпаратты тағы бір рет тексеріп алыңыз
4. Фейк хаттар көбінесе қате жазылады
5. Хаттағы суреттерді мұқият тексеріңіз. Сурет және видеоға сену оңай, бірақ ол да шебер өңделген болып шығуы мүмкін
6. Және сілтемелерді де тексеріңіз, егер сілтемедегі сөздерде қате немесе біртүрлі символдар болса сақ болған жөн
7. Басқа да дереккөздерді тексеріңіз, мәлімет басқа да жерлерде жарияланғанын тексеріп көріңіз
8. Егер хаттың қайдан пайда болғанына сенімсіз болсаңыз, таратпаған дұрыс болар
9. Уатсапта блоктау және топтан шығу функциялары арқылы нені көріп нені көрмеуді реттей аласыз, осыларды пайдалану арқылы өзіңіздің не көретініңізді реттеңіз
10. Хаттың неше рет қайта келгеніне назар аудармаңыз, хаттың өте көп қайта жіберілуі оны шындыққа айналдырмайды. Фейк жаңалықтар көбінесе солай қайта-қайта өте көп жіберіледі.

Осы аптаның ішінде уатсап осындай нұсқаулықтарды ағылшын, хинди және басқа да тілдерде басып шығаруды жоспарлап жатыр.

Месенджердің Үндістандағы аудиториясы 200 млн. Соңғы кездері адамдардың жоғалуына қатысты талқылаулар нәтижесінде жазықсыз адамдарға шабуыл көбейіп кеткен. Соңғы үш айда кем дегенде 17 адам сондау шабуылдан мерт болған.
Яндекс компаниясы "Яндекс.Телефон" смартфонын шығаруға рұқсат алды. Жақын арада Ресейлік смартфон көріп қалуымыз ықтимал. Қазірше компания ешқандай ресми мәлімдеме жасамады
Каналымызға енді жазылып жатқандарға ескертпе. Бізде тегін MTProto proxy бар. Бір сағатта телеграм бұғатталады, қосып дайын отырыңыздар ;)

Прокси қосу үшін сілтемені басыңыз: tg://proxy?server=mtproto2.codeo.kz&port=443&secret=f4521cef20860da00f11450df1b53f31
Германия соты алғаш рет facebook парақшасын мұра ретінде туыстарына қалдыруға болады деген шешім шығарды. Дүниеден көз жұмған қызының чаттағы хаттарын оқи алмаған ата-анасы көп жылдар бойы сергелденге салынған екен. Ал Facebook болса өзінің ережелеріне сүйеніп аккаунтты туыстарына беруден бас тартып келген. Енді сот парақшаны кәдімгі күнделік немесе жеке заттар секілді мұраға қалдыруға болады деген шешім шығарды.

Бұл практика басқа да мемлекеттерге тарауы ықтимал. Қазір фейсбук ережесі бойынша дүниеден өткен адамның парақшасын тек қана толықтай өшіруге немесе естеліктер жазатын мемориал етіп қоюға ғана болады.

Дереккөз.
YouTube фейк жаңалықтармен күресу үшін $25 млн жұмсамақшы. Қаржы жұмыс тобын құруға және медиаэксперттерді шақыруға жұмсалады. Маңызды өзгерістердің бірі жаңалық роликтары дереккөздердің көрсетілуіне міндеттеліп, тексеріліп отырады. Мысалы, роликтің қасында Wikipedia, Encyclopedia Britannica секілді танымал дереккөздерден мәліметтер көрсетілетін болады.
Соңғы алты жылда ПК нарығында (дербес компьютер нарығы) алғаш рет өсім байқалды. Бұл өсім көптеген корпорациялардың Windows 10-ға жаппай ауысуымен түсіндіріліпті. Яғни, алда нарықта бәрібір төмен түсу күтілуде. Соңғы жылдары ноутбук нарығына қарама-қарсы ПК нарығы үздіксіз төмен түсіп келеді.
Скайпта видео және аудио қоңырауларды жазып алу мүмкіндігі пайда болады. Жазу жүргізіліп жатқандығы туралы барлық конференция мүшелеріне ескертпе жіберіледі. Ал мәліметтерді кез-келген құрылғыдан жүктеп алу мүмкіншілігі бар. Бұл 15 жылда скайптағы ең ірі өзгерістердің бірі болса керек. Жаңа функцияны пайдаланушылар осы айдың соңынан бастап қолдана алады.
Беларусь Республикасында ИТ рота жасақталып жатыр. ИТ мамандарды әскерге шақыру осы жылдың қараша айынан басталады екен.
Бұл кісі Джефф Безос, Amazon компаниясының негізін қалаушы. Ол жақында Forbes тізіміндегі байлығы $150 млрдтан асқан ең алғашқы адам атанды. Соңғы тоғыз айда $50 млрд долларға байыған.
Ал қазір $150 млрд алып келген бизнес былай басталған болатын...
Бүгіннен бастап #пайдалыбот айдарын бастаймыз. Аптасына екі боттан таныстырып отырамыз.

Ең бірінші болып тізімде - @EgovKzBot. Бот мүмкіншіліктері:
- Мекенжай анықтамасын алу;
- Медициналық ұйымдарға тіркелу;
- Сотты болғаны/болмағаны туралы анықтама алу;
және тағы да басқа қызметтер бар. Ең бастысы анықтамалардың барлығын телефон номері арқылы ала аласыз. Иә, ешқандй ЭЦҚ-сыз. Бір реттік құпия сөзбен. Өте ыңғайлы.

#телеграмбот #пайдалыбот