Oracle компаниясы Apache қауымдастығына NetBeans бағдарламасының 1.5 млн қатар коды бар архивті тапсырды. Енді Apache инкубаторы өздерінің күшімен NetBeans 9.0 нұсқасын шығармақшы.
Oracle 2016 жылдың қыркүйегінде NetBeans дамытуын тоқтатқан болатын. Енді жоба open source қауымдастықтардың күшімен дамитын болады.
Oracle 2016 жылдың қыркүйегінде NetBeans дамытуын тоқтатқан болатын. Енді жоба open source қауымдастықтардың күшімен дамитын болады.
Facebook әлеуметтік желіде өткізген уақытыңызды есептейтін функцияны тексеріп жатыр. "Фейсбуктағы сіздің уақытыңыз" деп аталатын жаңа функция арқылы пайдаланушылар әлеуметтік желіде күніне және аптасына қанша уақыт жұмсап жатқанын біле алады. Уақытқа шектеу де қоюға болады, егер белгіленген шектеуден ұзақ отырсаңыз фейсбук сізге белгіленген уақыттан көп отырып қойдыңыз деп ескертпе жібереді.
"Вконтакте" VKPay төлем жүйесін іске қосты. Жаңа жүйені барлық парақша иелері қолдана алады. Жақында "сатып алу" батырма қою мүмкіндігі де пайда болатын көрінеді.
Шектеулерден айына максимум 1 млн теңге (200 мың рубль) ақша алып шығуға болады, ал бір транзакцияға шектеу 320 мың теңге (60 мың рубль).
Шектеулерден айына максимум 1 млн теңге (200 мың рубль) ақша алып шығуға болады, ал бір транзакцияға шектеу 320 мың теңге (60 мың рубль).
Телеграмның жаңа нұсқасында келесі мүмкіндіктер пайда болды:
- қателесіп жіберген суретті ауыстыру: енді егер суретті қателесіп жіберсеңіз, өшіріп, қайта жіберіп отырудың орнына суретті ауыстыра салуға болады
- аудио және видеоны екі есе жылдамдату
- чат және каналдар үшін "барлығын оқыдым" немесе "оқымадым" деп белгілеу мүмкіндігі
- "визиттік карточкамен" бөлісу
және тек Android үшін ғана:
- "сілтеме құру" мүмкіндігі, енді ұзыннан ұзақ URL-ді белгілі бір текстпен жасыруға болады, мысалы: былай
- хат жіберуді болдырмай қою (серверге кетпей тұрып)

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Андройдта тағы бір жаңалық, егер чат аватаркасын басып тұрсаңыз чат превью ретінде ашылады. Ал оқылмаған хаттар счетчигі азаймайды.
Android үшін инстаграмның жеңілдетілген нұсқасы пайда болды. Приложение бар жоғы 32 МБ ал ашылған кезде 573 КБ жадыны алады (керемет №1!). Соған қарамай суреттер салуға, stories қарауға, фильтрлерді пайдалануға болады. Тек видео сала алмайcыз және direct хаттар жаза алмайсыз. Ең бастысы жарнама жоқ (керемет №2!).
Whatsapp мессенджері телеграмдағы каналдардың аналогын іске қосты. Жаңа функция группада жаза алатын адамдарға шектеу қоя алады. Яғни, тек админ ғана жаза алатын етіп реттеуге болады. Каналтектес болғанымен әлде де телеграм каналдарына алыс екені көрініп тұр. Мысалы, каналға жазылғандар бір-бірінің телефон номерін көре алады. Ал каналға жазған кезде хаттар сіздің жеке атыңыздан кетеді. Яғни, қарапайым группадан айырмашылығы шамалы.
@tlgkz каналында tgstat.com Қазақстан каналдарын жеке көрсете бастағанын жазған болатын. Бірақ codeo каналын іздеуден таппай, ақыры жалпы іздеу арқылы өзбек каналдарының ішінен тауып алдым o_O. Бұрын қосқан адам қате көрсеткен көрінеді, немесе автопарсинг нәтижесі. Канал иесі мен екенін көрсетіп, канал тілі мен гео мәліметті туралап қойдым.
10 жыл алдын Apple компаниясы App Store қосымшалар дүкенін іске қосты. Осы уақыт арасында дүкеннен қосымшалар 170 млрд рет жүктеп алынған және $130 млрд ақша жұмсалған
rbc.ru/business/02/07/2018/5b39
rbc.ru/business/02/07/2018/5b39
MTProto proxy іске қосылғанына 20 күндей болды. Статистикаға қарасақ проксиді тек Қазақстандықтар ғана пайдаланбайтын көрінеді :)
Проксиге сілтеме, тарата отырыңыздар:
tg://proxy?server=mtproto2.codeo.kz&port=443&secret=f4521cef20860da00f11450df1b53f31
Проксиге сілтеме, тарата отырыңыздар:
tg://proxy?server=mtproto2.codeo.kz&port=443&secret=f4521cef20860da00f11450df1b53f31
Бүгін Яндекс пароль сақталатын гугл документтерді индексация жасай бастады деген жаңалық шықты. Қысқа уақыттың ішінде яндекс жағдайды жөндеп қойды. Негізі мұнда яндекстің де гуглдың да еш кінәсі жоқ. Олар тек robots.txt арқылы шектеу қойылмаған барлық сілтемелерді индексациялайды. Демек паролі бар, сілтеме арқылы доступ ашылған документтердің сілтемесі түсініксіз жағдаймен яндекстің аузына ілініп кеткен.
Қысқасы, гугл доктарда құпия нәрсе сақтағанда сақ болу керек, ең құрығанда ондай документтерге сілтеме арқылы доступ ашудың мүлдем қажеті жоқ. Одан дұрысы гугл док пароль секілді құпия мәлімет сақтайтын орын емес екенін есте ұстау.

Интернет атасы саналатын Винтон Серф IPv4 туралы айтып беріп жатыр. Интернеттің ең басты бағандарының бірі болатын IPv4-те барлығы 4 млрдтан сәл көп адрес бола алады. Ал ол адрестердің барлығы 2011 жылы-ақ бөлініп алынып таусылып қалған. Неге бұлай болғанын Винтон Серф "IPv4 жай ғана эксперимент болатын, оның қолданылу аясы лабороториядан тысқа шықпауы керек еді" деп түсіндіреді. Интернет енді дүниеге келіп жатқанда компьютерлер құны миллиондар тұратын, кондиционер қойылған жабық бөлмеге орнатылған үлкен құрылғылар болған. Уақыт өте құрылғылар кішірейіп кеңірек тарайтынын білгенімен, мұншалық жылдам және кең таралуын ешкім ойлап та көрмеген.
Бұл мәселені шешу үшін IPv6 жасалды, ондағы адрестер саны 340 недэллион (340 триллион триллион триллион). Бірақ жаңа протоколдың ендірілуі өте баяу жүріп жатыр. Гуглдың статистика бойынша қазір 20% құрылғылар ғана жаңа протоколда жұмыс істеуге дайын. Одан бөлек бұл протоколға бағдарламалар да өтуі керек.
https://www.computerworld.com.au/article/643174/father-internet-vint-cerf-ipv4-never-production-version/

Computerworld
Father of the Internet Vint Cerf: IPv4 was never the ‘production version’
Back in the ’70s, researchers in the US Department of Defence’s internetworking program needed to decide how much address space computers on “this Internet thing” were going to need. Vint Cerf – considered one of the ‘fathers of the Internet’ along with TCP/IP…
Samsung Үндістанда жарияланған инвесторларды шақыру бағдарламасында жеңіп шығып, әлемде ең ірі телефондар жинайтын завод салатын болады. Завод Нью-Дели маңында салынады және жылына 120 млн құрылғы шығара алады. Басым көпшілік құрылғылар бағасы 100 доллардан кем бюджетті құрылғылар болады. Онымен қоса Samsung Galaxy S9 секілді кейбір флагман телефондар да шығарылады.
Үндістан өте үлкен нарық, халық саны 1,3 млрд болғанымен қазіргі кезде шамамен 400 млн халықта ғана смартфон бар. Оған қоса Үндістан үкіметі сырттан келетін телефондар үшін 20% салық төлетпекші. Бұл қадам қазіргі кезде кең тараған Қытай телефондары үшін соққы болмақ. Ал Samsung осы үстемақыдан құтылады.

Rozetked.me
Samsung откроет крупнейший в мире завод по сборке телефонов
Он расположится в Индии и сможет выпускать до 120 млн устройств в год.
Бүгін Яндекс компаниясының алғашқы құрылғысы Яндекс.Станцияның сатылуы басталды.