Codeo
221 subscribers
70 photos
5 videos
1 file
171 links
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Download Telegram
​​"Вконтакте" краудфандингке арналған "Цели" сервисін іске қосты. Енді группаларда, қауымдастықтарда жаңа өнімдердің жасалуына қаржылай демеушілік жасауға болады. Мысалы, жаңа музыка альбомы немесе жаңа компьютер ойынына, подкасттарға.

Қаржыны өткізу "Яндекс.Деньги" арқылы немесе CloudPayments платформасы арқылы жүргізіледі.
⚡️⚡️⚡️ Майкрософт компаниясы Github-ты $7,5 млрд-қа сатып алды. Сатья Наделланың айтуынша гитхаб бұрынғыдай барлық бағдарламалаушылар үшін ашық күйінде қалмақ, ал компанияның негізгі мақсаты ашық кодты жобаларды дамыту.
Opensource маған келмесе мен opensource-қа барамын! © Microsoft
Apple WWDC 2018 басталды. Ресми сайттан трансляция:
http://apple.com/apple-events/june-2018/

Apple Worldwide Developers Conference (WWDC) - Apple платформасында жұмыс жасайтын бағдарламалаушыларға арналған жыл сайын өтетін конференция. Жылда АҚШ-та, Калифорния қаласында өткізіледі.
Apple WWDC 2018 туралы қысқаша:

- Жаңа iOS 12: бапталатын Memoji персонаждары және Animojii қосылған; бүкіл жүйенің жұмыс істеуі жақсартылған: енді камера 70% жылдамырақ жұмыс жасайды.

- Apple MacOS және iOS жүйелерінің бірігуіне толыққанды қарсы; FaceTime-да 32 адам қосуға болады.

- Жаңа MacOS енді "Мохаве" деп аталады: оған қараңғы тема қосылған, ал Сафарида толықтырылған шындық (дополненная реальность) кіріктірілген; AppStore жаңартылған.

- Apple Watch жаттығудың басы мен соңын анықтауды үйренді; подкасттар тыңдау мен дауыспен басқару мүмкіндігі қосылған;

- Жаңа операциялық жүйелер күзде шығады, бірақ бета нұсқалары қазір де қолжетімді.

- Биыл ешқандай да жаңа құрылғы таныстырылмады.
​​Мынандай каналға жолығып қалдым: @tlgkz. Телеграм туралы хактар, кеңестер жазылады. Орыс және қазақ тілінде жүргізіледі.

Каналдың сайты да бар http://tlgrm.kz, ол жерде Қазақстандағы каналдардың рейтингі жүргізіледі. Ұпайды есептеу туралы каналдан оқуға болады. Бірақ әлі бета нұсқада.
Google шілдеде #gmail-дың жаңа нұсқасын іске қосады. Жаңа почта сервисінде келесідей өзгерістер бар:

- Хатты жасырын (қауіпсіз) режимде жіберу: хатты оқи алу уақытын шектеу; қайта жіберуге жол бермеу (пересылка); хатты код арқылы ғана оқуға рұқсат беру.

- Офлайн режимде жұмыс: интернет жоқ кезде хаттарды оқу, жіберу, өшіру. Интернет қосылған кезде барлық өзгерістер автоматты түрде сервермен синхронизацияланады.

- Жауап берген немесе өзіңіз жауап күтетін хаттар туралы ескертпелер. Бұл функцияны өшіріп қоюға болады.

- Хатқа жауап беру кезінде автоматты жауаптар тізімі ұсынылуы мүмкін.

- Гуглдың басқа да сервистерін почтадан шықпай-ақ ашуға болады.

- Хаттарды кейінге қалдыру мүмкіндігі: хаттарды уақытша жасыра тұруға мүмкіндік береді, белгілі бір уақыт біткен соң жасырылған хат тізімнің жоғары жағында қайта пайда болады.
​​Asus тачпадтың орнында сенсорлы экран орнатылған ноутбук таныстырды. Screen Pad деп аталатын бұл экран арқылы курсорды басқарып қана қоймай кейбір бағдарламаларды ашып қолдануға болады. Мысалы, калькуляторды, музыка плейерін. Режимдерді F6 кнопкасы арқылы ауыстыруға болады. Asus бағдарламаларды ScreenPad-та қолдануға адаптация жасайтын құралдар беруге және сервистердің тізімін жариялап отыруға уәде беріп отыр.

Бұл жаңа экран Zenbook Pro ноутбугында пайда болмақ.
​​Инстаграмда ұзақтығы 1 сағатқа дейінгі видеоларды жүктеу мүмкіндігі пайда болуы мүмкін. Осылайша Facebook инстаграмды ютубқа жақындата түспекші көрінеді. Бірақ компания басшылары әлі нақты шешім шығармаған (өзгеріп қалуы мүмкін).
Google салат эмодзиынан жұмыртқаны алып тастапты. Жай салатты барынша вегандар асы етіп көрсету үшін 😊
​​Қытайдың ZTE компаниясы Американың нарығына қайта оралу үшін $1 млрд айыппұл төлейді. Алдын Солтүстік Корея және Иранмен жасырын сауда жүргізіп, арадағы келісімді бұзды деген айыптаумен америкалық өндірушілердің тауар жеткізуі тоқтатылған болатын. Ал компанияның 30% құрылғылары америкалық Qualcomm және Intel компоненттерін пайдаланады.
​​Жақында телеграмда аккаунтты толығымен жою мүмкіндігі пайда болады. Ол туралы 1.3.4 нұсқасына жаңартылған Desktop бағдарламаның кодында жазылған. Аккаунт өшіруден алдын барлық мәліметіңізді жүктеп алу мүмкіндігі де 23 маусымға дейін қосылып, жарияланатыны жазылған.
​​Yahoo Messenger 17 шілдеде жұмысын тоқтатады. Компания мессенджер пайдаланушыларын жаңа эксперимент жоба Squirrel-ге өтулерін сұрап жатыр. Және пайдаланушылар барлық мәліметтерін жүктеп те ала алады.

Мессенджер ең алғашқылардың бірі болуына қарамай Facebook және Whatsapp жағынан бәсекеге төтеп бере алмаған көрінеді.
​​⚡️⚡️⚡️
Біз тағы бір жылдам MTProto прокси серверді іске қосып жатырмыз. Бұл прокси алдыңғыдан 3-4 есе жылдам. Жақсы интернет жағдайында пинг 100-150 ms арасында. Ескі прокси жұмыс істеуін тоқтатпайды.

⚡️⚡️⚡️
Запускаем второй, более быстрый MTProto прокси сервер. Новый сервер 3-4 раза быстрее чем старый.

tg://proxy?server=mtproto2.codeo.kz&port=443&secret=f4521cef20860da00f11450df1b53f31
Codeo pinned «​​⚡️⚡️⚡️ Біз тағы бір жылдам MTProto прокси серверді іске қосып жатырмыз. Бұл прокси алдыңғыдан 3-4 есе жылдам. Жақсы интернет жағдайында пинг 100-150 ms арасында. Ескі прокси жұмыс істеуін тоқтатпайды. ⚡️⚡️⚡️ Запускаем второй, более быстрый MTProto прокси…»
Инстаграм тағы да ауырып қалды. Әлемнің түпкір түпкірінде әлеуметтік желі дұрыс істемей тұрғаны айтылып жатыр.
​​Павел Дуров Қазақстан журналисттері кеңесі сыйлығына ие болды. Ол "Интернет-жоба" номинациясы бойынша жеңіске жеткен. Сыйлық цензураға және мемлекеттің еркін хат алмасуға араласуына қарсы тұрудағы жетістіктер үшін берілген.

Естеріңізге сала кетсек сәуір айынан бері Роскомнадзор Телеграм месенджерін бұғаттауға әрекет жасап келеді. Ал мессенджер бұғаттаумен сәтті күресіп жатыр. Қазақстанда да мессенджер бірнеше рет бұғатталған болатын және кешкісін қысқа уақытқа бұғатталу жалғасып келеді (әлі де ресми ешқандай түсініктеме жоқ).
​​Инстаграмның IGTV деп аталатын "ютуб киллер" қосқанын білетін боларсыздар. Тек оның ежелгі "зұлымдықты" оятуы, яғни вертикал видеолар түсіруді дәріптеуі пост авторына аса ұнап тұрған жоқ. Сізге ше? IGTV ұнады ма?
👍 - зың ғой
👎 - ұнамады
😑 - ондай нәрселермен жұмысым жоқ
Oracle компаниясы Apache қауымдастығына NetBeans бағдарламасының 1.5 млн қатар коды бар архивті тапсырды. Енді Apache инкубаторы өздерінің күшімен NetBeans 9.0 нұсқасын шығармақшы.

Oracle 2016 жылдың қыркүйегінде NetBeans дамытуын тоқтатқан болатын. Енді жоба open source қауымдастықтардың күшімен дамитын болады.