Codeo
221 subscribers
70 photos
5 videos
1 file
171 links
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Download Telegram
#Flickr фотосервисін көпшілік біле бермейтін SmugMug компаниясы сатып алды. Сатып алу келісімшарты әлі жарияланбаған. SmugMug компаниясы да аттас кәсіби суретшілер сурет алмасатын сервис жасайды, сервистің тегін нұсқасы жоқ, барлық акаунттар ақылы.

Компания жетекшілерінің айтуынша Flickr жеке сервис ретінде жұмыс істеуін жалғастыра береді және дамуға қажет қаржымен қамтамасыз етіледі.
Тікелей эфирде #YaC2018 басталып жатыр. Бұл конференцияда әдеттегідей технологиялардың күнделікті өмірде қолданылулары туралы көп айтылатын болады.
https://events.yandex.ru/events/yac/29-may-2018/

Тікелей эфир: https://www.youtube.com/watch?v=KoY6-iF1uno
Конференцияда Yandex және Sony бірігіп жасап жатқан XPERIA Ear Duo құлаққабы таныстырылып жатыр. Құрылғы Яндекстің Алисасын қолдайтын алғашқы құрылғы ретінде таныстырылды.
Ал міне Алиса кіріктірілген екінші құрылғы - "Яндекс Станция" мультимедиалық платформасы. Құрылғының сырт келбетін Гуглдың колонкаларына ұқсатуға болады.
Яндекс.Станция 50 Вт дыбыс бере алады. Тыңдау мүмкіндіктері де жоғары деңгейде, яғни шу кезінде сөйлесеңіз де Алиса есіте алады. Қазір музыканы ыңғайлы тыңдау мүмкіндіктері бар екен (өткізіп жіберу, пауза, т.с.с). Ал музыкалар Яндекс.Музыкадан алынады.
Калифорния штаты Лагуна-Бич қаласында автопилот режимінде келе жатқан Tesla автомобилі полиция машинасымен соқтығысты. Tesla жүргізушісі ғана аздап жарақат алған ал полиция машинасында ешкім болмаған
Күніге сағат 21:00-ге жақын кейбір әлеуметтік желілердің өшуі туралы Дәурен Абаев пікір білдірді.
Forwarded from Azattyq - Азаттық
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Вопрос Абаеву: Почему некоторые социальные сети и сайты недоступны в Казахстане по несколько часов по вечерам?
Мысалы, қазір 10-15 минут ішінде телеграм істен шығып қалады (40-50 минутқа). VPN сайлай беріңіздер.
Кодеодан MTProto прокси

Күніге кешке Телеграм өшіп қалатынынан мезі болдыңыз ба? Онда біздің прокси серверімізді пайдаланыңыз. Оны мына сілтеме арқылы баптап ала аласыздар: tg://proxy?server=139.59.35.170&port=9443&secret=d30ab83fb2bdeaa5bfe4729cf39d4071

Ал бұл не сервер екенін толығырақ білгіңіз келсе, кодеода мақала жарияладық: https://codeo.kz/blog/Codeo/421.html

Қысқаша айтатын болсақ: кеше телеграм командасы бұғаттауды айналып өтуге мүмкіндік беретін прокси серверін жариялады. Кез-келген адам іске қосып басқа пайдаланушыларға қосылуға мүмкіндік бере алады. Және оның барлығы қауіпсіз, қарапайым прокси немесе ВПН-ге қарағанда жылдам жұмыс жасайды.
Codeo pinned «Кодеодан MTProto прокси Күніге кешке Телеграм өшіп қалатынынан мезі болдыңыз ба? Онда біздің прокси серверімізді пайдаланыңыз. Оны мына сілтеме арқылы баптап ала аласыздар: tg://proxy?server=139.59.35.170&port=9443&secret=d30ab83fb2bdeaa5bfe4729cf39d4071…»
Егер сілтеме бойынша өтіп дұрыс баптаған болсаңыз, мынадай белгі пайда болады
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
TIME журналы жаңа санының мұқабасы үшін 958 дронды ұшырды. Дрондар әуеде журналдың атын жазу үшін пайдаланылды
Apple Телеграмның соңғы жаңартылуына рұқсат беріпті. Бұл туралы өз каналында Дуров қуана хабарлады. Демек енді iOS пайдаланушылары да телеграмды жаңартып, MTProto проксиін пайдалана алады.

Прокси:
tg://proxy?server=139.59.35.170&port=9443&secret=d30ab83fb2bdeaa5bfe4729cf39d4071
​​"Вконтакте" краудфандингке арналған "Цели" сервисін іске қосты. Енді группаларда, қауымдастықтарда жаңа өнімдердің жасалуына қаржылай демеушілік жасауға болады. Мысалы, жаңа музыка альбомы немесе жаңа компьютер ойынына, подкасттарға.

Қаржыны өткізу "Яндекс.Деньги" арқылы немесе CloudPayments платформасы арқылы жүргізіледі.
⚡️⚡️⚡️ Майкрософт компаниясы Github-ты $7,5 млрд-қа сатып алды. Сатья Наделланың айтуынша гитхаб бұрынғыдай барлық бағдарламалаушылар үшін ашық күйінде қалмақ, ал компанияның негізгі мақсаты ашық кодты жобаларды дамыту.
Opensource маған келмесе мен opensource-қа барамын! © Microsoft
Apple WWDC 2018 басталды. Ресми сайттан трансляция:
http://apple.com/apple-events/june-2018/

Apple Worldwide Developers Conference (WWDC) - Apple платформасында жұмыс жасайтын бағдарламалаушыларға арналған жыл сайын өтетін конференция. Жылда АҚШ-та, Калифорния қаласында өткізіледі.
Apple WWDC 2018 туралы қысқаша:

- Жаңа iOS 12: бапталатын Memoji персонаждары және Animojii қосылған; бүкіл жүйенің жұмыс істеуі жақсартылған: енді камера 70% жылдамырақ жұмыс жасайды.

- Apple MacOS және iOS жүйелерінің бірігуіне толыққанды қарсы; FaceTime-да 32 адам қосуға болады.

- Жаңа MacOS енді "Мохаве" деп аталады: оған қараңғы тема қосылған, ал Сафарида толықтырылған шындық (дополненная реальность) кіріктірілген; AppStore жаңартылған.

- Apple Watch жаттығудың басы мен соңын анықтауды үйренді; подкасттар тыңдау мен дауыспен басқару мүмкіндігі қосылған;

- Жаңа операциялық жүйелер күзде шығады, бірақ бета нұсқалары қазір де қолжетімді.

- Биыл ешқандай да жаңа құрылғы таныстырылмады.
​​Мынандай каналға жолығып қалдым: @tlgkz. Телеграм туралы хактар, кеңестер жазылады. Орыс және қазақ тілінде жүргізіледі.

Каналдың сайты да бар http://tlgrm.kz, ол жерде Қазақстандағы каналдардың рейтингі жүргізіледі. Ұпайды есептеу туралы каналдан оқуға болады. Бірақ әлі бета нұсқада.
Google шілдеде #gmail-дың жаңа нұсқасын іске қосады. Жаңа почта сервисінде келесідей өзгерістер бар:

- Хатты жасырын (қауіпсіз) режимде жіберу: хатты оқи алу уақытын шектеу; қайта жіберуге жол бермеу (пересылка); хатты код арқылы ғана оқуға рұқсат беру.

- Офлайн режимде жұмыс: интернет жоқ кезде хаттарды оқу, жіберу, өшіру. Интернет қосылған кезде барлық өзгерістер автоматты түрде сервермен синхронизацияланады.

- Жауап берген немесе өзіңіз жауап күтетін хаттар туралы ескертпелер. Бұл функцияны өшіріп қоюға болады.

- Хатқа жауап беру кезінде автоматты жауаптар тізімі ұсынылуы мүмкін.

- Гуглдың басқа да сервистерін почтадан шықпай-ақ ашуға болады.

- Хаттарды кейінге қалдыру мүмкіндігі: хаттарды уақытша жасыра тұруға мүмкіндік береді, белгілі бір уақыт біткен соң жасырылған хат тізімнің жоғары жағында қайта пайда болады.