Codeo
221 subscribers
70 photos
5 videos
1 file
171 links
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Download Telegram
Алдыңғы Татарстан туралы хабар фейк екен. Біреудің қалжыңы. Кешірім сұраймын.
Дуров Вконтакте желісінде Телеграм ешқандай қосымша заттарсыз бұғаттауды айналып өту мүмкіндіктерін іске қосады деп жариялады. 100% болмаса да бұғаттауға қарамай жұмыс жасай беруіне көмектеседі.
Енді Роскомнадзор мен Телеграм арасында мысық тышқан ойыны басталады. Телеграм Роскомнадзор бұғаттау тізімінде жоқ IP адрестерді қосумен, ал Роскомнадзор сол IP адрестерді тауып, бұғаттаумен болады. Сұрақ кім бірінші шаршап, берілетінінде. Әйткенде де мессенджердегі жиі үзілістер Телеграмның Ресейдегі пайдаланушылар санын түсіріп жіберетіндігі анық. Ал бұл оқиғадан Қазақстан қоланушыларына пайда, сол телеграмның кіріктірілген бұғаттауды айналып өту жүйесі болайын деп тұр.
❗️Басталды. Телеграм домендері Роскомнадзор реестріне ендірілді. Енді осы тізім бойынша провайдерлер бұғаттауды бастайды
Ресейде Дуров, батыста Марк Цюкерберг. 80 млн шақты фейсбук пайдаланушыларының мәліметі бөгде қолдарға тиіп, саяси анализ жасауға қолданылған. Яғни, Америкадағы президент сайлауына тікелей қатысы бар деген күдік бар. Сондықтан да болса керек бұл жолғы мәліметтер (бірінші рет емес және тек қана фейсбукте ғана емес) жайылып кетуі ерекше шулы болды. Шулы болғаны сонша Марк конгрестің алдында екі күн қатарынан 5 сағаттан сенаторлардың сұрағына жауап берді.

Қазірше Марктың жауабынан белгілі болған нәрселер:
1. Фейсбуктың ақылы нұсқасы пайда болуы мүмкін
2. Фейсбук осы жылдан бастап "трольдармен" күресті бастайды. Яғни, фейк жаңалықтар мен боттардан құтылу жолдарын іздейді
3. Әлеуметтік желіде терроризммен күресуге 200 шақты адам жұмыс жасайды, олардың саны жақын арада өсуі мүмкін

Басқа көп сұрақтар "дилетант", яғни, әлеуметтік желі мен интернет құрылымын онша түсіне бермейтін адамдардың сұрағы екені көрініп тұр. Бірақ, осы адамдар мемлекет деңгейінде заң шығаруы керек. Проблема сол баяғы ұрпақтар қайшылығына да тірелген сияқты.

#facebook
https://bit.ly/2Hlsf9W
Кешелі бері телеграм туралы көп айтып кеттік. Сол кезде бірнеше адам ол Ресейдегі жағдай ғой, бізге не қатысы бар деген еді. Дегенмен, кеше түнде Қазақстандағы пайдаланушыларда телеграм істемей қалып қайта қосылды. Не үшін екені түсініксіз. Ресейде еш болмаса бұғатталған ресурстардың реестрі бар. Өтірік болса да сот процессі жүргізіліп барып жабылады. Бізде ол да жоқ. Сондықтан төмендегі сілтемелерді басу арқылы телеграмға прокси баптап қоя аласыздар. Белгілі бір дәрежеде көмектеседі (Қазақстан проксилерді де блоктап бастағанша):

@socks5_bot
http://12345.opentg.us
http://Socks5.one
​​Samsung компаниясы интернетке қосылмайтын смартфон шығарды. Оқушылар және қарттарға арналған телефонның 8 мегапиксел негізгі және 5 мегапиксель алыңғы камерасы бар. Радио, оффлайн аудармашы, калькулятор, күнтізбе секілді бағдарламалар орнатылған. Телефон WI-FI желісіне қосыла алмайды және мобильді желі арқылы ешқандай мәлімет алмаса алмайды. Тек қана sms және телефон соғу.

Әзірше компания смартфонды Кореядан басқа елдерге сату ниеттері бар жоғын айтқан жоқ.
"Ұлттық", "біздің" деп жасалған жобаларға күмәнмен қараған дұрыс. Тек жергілікті жерде ғана пайдаланушы тапқысы келгендер көбінесе сапалы дүние жасай алмай жатады. Дәл сол секілді Қырымда жасалған өздерінің мессенджерлері (телеграмның альтернативасы ретінде) бар жоғы бірнеше минутта бұзылған. Ең қызығы бұзу үшін көп білім қажет емес, кішігірім скриптпен пайдаланушыға жіберілген кодты циклда теріп көре салсаң болды.

https://kod.ru/chitatiel-tj-protiestiroval-ghosudarstviennyi-miessiendzhier-iz-kryma-i-s-lioghkostiu-vzlomal-akkaunt/
Ресей интернеті есінен ауысып жатыр. Роскомнадзор Ресейді бүгін интернеттен үзіп тастауға бел буған көрінеді. Телеграм бұғаттауды айналып өту мақсатында прокси ретінде Амазон серверлерін пайдалана бастағандықтан Роскомнадзор Амазон адрестерін топ-тобымен блоктап жатыр. Қазірдің өзінде миллиондаған IP адрестер блокталған.

Егер Амазонда өте көптеген сервистер жұмыс жасайтындығын ескерсек Ресей тұрғындары тек Телеграм емес басқа да сервистерді аша алмай қалуы мүмкін.
Міне болашақ соғысы. Екі жақ та DDoS шабуылдармен алмасып жатыр. Кеше күшті DDoS шабуыл нәтижесінде Роскомнадзор сайты құлаған еді. Енді бүгін блоктауды айналуға мүмкіндікті беретін көптеген прокси сервистар DDoS шабуылға ұшырап жатыр. Бірақ ешкім ешкімді жариялы түрде кінәлап жатқан жоқ.

#telegram #роскомнадзор
​​Let's Encrypt сайттарға ssl сертификат беруші ретінде 52.21% үлеспен әлемде бірінші орында. Жобаның басты мақсаты интернетті барынша қауіпсіз етіп, https (ssl) протоколы кеңінен тарауына ықпал жасау болатын. Мына жаңалыққа қарасақ жоба өз мақсатына жақындап келеді.
Қазақстанда bitbucket.org ресурсы ашылмай тұр деген шағымдар келіп жатыр. Осы ресурсты ашып көріп ашылса батырмасын, ашылмаса батырмасын бассаңыз:
Ертең сағат 20:00-де Астана қаласында "Fail Up Night: Откровения стартапов" деп аталатын тәжірибе алмасу кеші өтеді. Кеш спикерлері өздерінің жасаған қателіктері туралы айтып береді. Кіру тегін
#Flickr фотосервисін көпшілік біле бермейтін SmugMug компаниясы сатып алды. Сатып алу келісімшарты әлі жарияланбаған. SmugMug компаниясы да аттас кәсіби суретшілер сурет алмасатын сервис жасайды, сервистің тегін нұсқасы жоқ, барлық акаунттар ақылы.

Компания жетекшілерінің айтуынша Flickr жеке сервис ретінде жұмыс істеуін жалғастыра береді және дамуға қажет қаржымен қамтамасыз етіледі.
Тікелей эфирде #YaC2018 басталып жатыр. Бұл конференцияда әдеттегідей технологиялардың күнделікті өмірде қолданылулары туралы көп айтылатын болады.
https://events.yandex.ru/events/yac/29-may-2018/

Тікелей эфир: https://www.youtube.com/watch?v=KoY6-iF1uno
Конференцияда Yandex және Sony бірігіп жасап жатқан XPERIA Ear Duo құлаққабы таныстырылып жатыр. Құрылғы Яндекстің Алисасын қолдайтын алғашқы құрылғы ретінде таныстырылды.
Ал міне Алиса кіріктірілген екінші құрылғы - "Яндекс Станция" мультимедиалық платформасы. Құрылғының сырт келбетін Гуглдың колонкаларына ұқсатуға болады.
Яндекс.Станция 50 Вт дыбыс бере алады. Тыңдау мүмкіндіктері де жоғары деңгейде, яғни шу кезінде сөйлесеңіз де Алиса есіте алады. Қазір музыканы ыңғайлы тыңдау мүмкіндіктері бар екен (өткізіп жіберу, пауза, т.с.с). Ал музыкалар Яндекс.Музыкадан алынады.
Калифорния штаты Лагуна-Бич қаласында автопилот режимінде келе жатқан Tesla автомобилі полиция машинасымен соқтығысты. Tesla жүргізушісі ғана аздап жарақат алған ал полиция машинасында ешкім болмаған
Күніге сағат 21:00-ге жақын кейбір әлеуметтік желілердің өшуі туралы Дәурен Абаев пікір білдірді.